НұСҚаулар нұр-Сұлтан 2020 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Үдерістің немесе құбылыстардың жүруін болжау және ғылыми тұрғыда



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет11/57
Дата07.11.2022
өлшемі2.47 Mb.
#23454
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
PISA Жаратылыстану ғылыми сауаттылыкты калыптастыру
3. Үдерістің немесе құбылыстардың жүруін болжау және ғылыми тұрғыда 
негіздеу.
Осы дағдыны бағалауға арналған тапсырмаларда (құбылыстың немесе үдерістің ме-
ханизмін (немесе себептерін) түсіну негізінде) оқиғалардың одан әрі дамуын дәлелдеу 
ұсынылады. 
Оқу мақсаты: «8.1.3.6 аурулардың алдын алуындағы вакцинацияның рөлін бағалау». 


14
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Сұрақ мысалы 
1796 жылы Эдвард Дженнер сиыр шешегі ауруының екпесін (прививка) туыстас та-
биғи шешек ауруына қарсы антиденелер алу үшін қолданды. 
Табиғи шешек ауруы екпесімен салыстырғанда, сиыр шешегі ауруы екпесінің жанама 
әсері аз болды және екпені алған адам ауруды басқаларға жұқтырмады. Бұл әдіс вак-
цинация деп аталды.
Не себепті балалар мен қарттарға тұмауға қарсы екпе егу ерекше ұсынылады? Се-
бептердің біреуін атап көрсетіңдер.
Қазіргі кезде вакцинация мәселесі қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы ең көп 
талқыланатын дау-дамайлардың бірі болып табылады. Оқу бағдарламасында оқушылар-
дың осы сұрақ бойынша сыни ойлау дағдылары 8-сыныптағы оқу мақсаты арқылы да-
мытылады және сұрақтың ғылыми құрылымына басты назар аударылады. Осы сұраққа 
жауап беру кезінде болжаулар мен ұсыныстардың негіздемесі статистикалық ғылыми де-
ректерге, аурулардың әлемдік статистикалық көрсеткіштеріне негізделуі керек. Оқушы-
лардың медиасауаттылығы мен ақпараттарды өңдей алу дағдылары дамиды.
4. Техникалық құрылғылар немесе технологиялардың жұмыс жасау қағидатын 
түсіндіру. 
Тапсырмалардағы осы дағдыны бағалау үшін сипатталған техникалық құрылғылар-
дың немесе технологиялардың жұмысы қандай ғылыми білімге негізделгенін түсіндіру 
ұсынылады.
Оқу мақсаты: «9.3.1.4 табиғаттағы азот пен көміртек айналымының сызбасын құрас-
тыру»
Сұрақ мысалы 
Заманауи автомобиль маркаларының көпшілігі катализдік түрлендіргішпен (кон-
вертер) жабдықталған. Олар бөлініп шығатын газдардың адамға және қоршаған орта-
ға зиянын біршама азайтады. Бөлініп шығатын зиянды газдардың 90%-дайы шамалы 
зиянды газдарға айналады. Төменде түрлендіргіштерге түсетін және одан шығатын 
кейбір газдар келтірілген.

жүктеу 2.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет