Нұрсұлтан Назарбаев Тарих толқынында



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/8
Дата28.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Нұрсұлтан Назарбаев
Тарих толқынында
Оглавление
ҰЛТТЫҚ КЕЛБЕТТІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ - ҰЛЫ ТҮРКІ ЕЛІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ
МƏДЕНИ КЕЛЕШЕГІ
АЛАШ МҰРАСЫ ЖƏНЕ ОСЫ ЗАМАН
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ТУРАЛЫ
ТОТАЛИТАРЛЫҚ ТƏРТІП ПЕН ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМДАР
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТƏУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ЖƏНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ТАРИХТЫҢ ШЕҢБЕРЛЕРІ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ЗЕРДЕ
Шіліңгір шілденің куні шыжыган кезде сайын даланың сары жонына
біткен  қылтанақ  атаулы  ыстықтан  қуырылып,  жан  тəсілім  тапсырғандай
болар-  болмас  сытыр  естіледі.  Тіршілік  атаулы  көлеңкеге  ығысып,  кешкі
шақтың сабат салқынын сарыла кутеді...
Тынысты тындырған осындай сəтте қаңқайған қуздың иығын кенет
дала  буркітінің  сулбасы  шалады.  Көз  қарықтырар  көк  жузіне  амалсыз
қадала қарайсың, жаңағы жалғыз сулба зеңгір кеңістікке сіңіп бара жатады.
Осынау  тəкаппар  туз  қыраны  дəл  осы  сəтте  тек  қана  өз  құзырындағы  жер
мен көктің хикметін байыппен барлап, ауа ағынын қақыратқан қалпы əлде-
қайда ұзай береді. Қазіргі қимылы көрер көзге байыпты көрінгенімен, əрбір
қанат қағысы оны жебедей жуйткітеді...
Көк  жузін  жалғыз  жайлаған  қырандардың  талайы  уақыт  пен
кеңістікке  сіңіп  жоқ  болған.  Алайда,  осынау  ұшу  үшін  жаралған  қыран-
қияқ  ғасырды  ғасырға  жалғап  қанатымен  қанағат  табуын  тоқтатқан  емес:
Оның  марғау  жанары  адам  баласының  қуаныш-қайғысына  айғақ  болатын
небір құдіреттер мен қасіреттерді шолып баққан. Бір кездері сəн- салтанаты
келіскен  қалалардың  қаңқасы  ғана  қалған  арса-арса  қабырғалары  да,  екі
мың жыл бойында байтақ Евразияны табындырған салт атты сарбаздардың
кундік жерге созылған қаһарлы легі де, мамыражай куй кешкен жайлаулар
да,  сахара  сал-серілерінің  қоңырау  унді  əндері  де,  сонан  соң  Тəңірдің  өзі
жаратқандай далалықтардың еңбек пен зейнетке, жеңіс пен жеңіліске толы
өмірлері де — бəрі-бəрі уақыт пен кеңістік туңғиығынан тізіле көрінгендей.
* * *
Кездейсоқтық  болмау  керек,  Қазақстанның  аспан  тустес  туының
бетінде  алтынға  айналған  буркіт  қанат  керген.  Осынау  тəуекелі  келіскен
2

мазмунды  да  мағыналы  нысанның  өн  бойында  табиғат  та,  тіршілік  те,
тарих та тоғысып жатыр. Қазақтар тарих толқынында...
Егер  саясаткерлер  тек  бугінмен  ғана  беттесер  болса,  онда  олардың
тағдыры  анағурлым  жеңілдеу  болар  еді.  Əрекет  устіндегі  саясаткерлер,
мейлі  куйретуші  немесе  көркейтуші  болсын,  олардың  драмаға  толы  тірлігі
қайткен кунде де тарихтың толқындарымен шендесіп жатады. Мұны саяси
театр актерінің өзі сезіне ме, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Гəп басқада
—  гəп  жаңағы  тарих  толқындарымен  шендестіріп  жататын  күштің  таза
практикалық немесе өткінші істерді бірде айқындап, енді бірде көлеңкелеп
жататынында болса керек.
Менің  тарихқа  ден  қоюымның  сыр-себебі  де  бугінгі  куннің
оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін.
Бұлайша  пайымдау  көп  ұлтты  қоғамда  айрықша  мəн-  мағына
арқалайды.  Мұндайда  өздігінен  тілге  оралатын,  бірақ  айқын  бейнелі  ойға
дес  беруге  болады.  Біз  барлығымыз  ушін  құқы  мен  мумкіндігі  тең  көп
ұлтты  мемлекет  құрұдамыз.  Бұл  ретте,  Конституцияның  кепіліретінде,  ел
Президенті  Қазақстанның  барлық  халықтарының  алдында,  130  ұлт  пен
ұлыстар өкілдерінің баршасының алдында жауапкершілік арқалайды.
Сонымен бірге мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлкетігінің ғұмыр-
шежіресін ірге көтерген кезден бастағаннын өзінде, казақтың бес ғасырлық
тол  тарихын  білуге  тиіспін.  Бұған  қоса  букіл  туркі  халықтарының  тарихи
бесігі  —  Туркі  қағанатын  естен  шығаруға  болмайды,  ал  бұл  дегеніңіз,
осыдан аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең...
Тек  осы  XX  ғасырдың  аясында  ғана  Алтайдағы  көптеген  туркі
халықтарының  жойылып  кеткені  сияқты,  қазақ  ұлтының  да  жойылмауы
ушін,  керісінше  өзінің  толымды  тарихына  сай  көркейіп,  басқа  да
халықтардың  əлемдік  қауымдастығынан  лайықты  орнын  алу  ушін
Президент тікелей өзі жауап береді.
Алдағы
міндет
ұлт
мəдениетінің
ұлы
тұлғасын
кезеңдік
бурылыстарда тарих сахнасына “шығара ” білуде болса керек. Мұндайда əрі
кең,  əрі  журдек  “бугінгі  куннің  даңғылымен  ”  жүру  ушін  байырғы  тəсіл
жарамсыз болмақ.
Былайша  айтқанда,  өткенге  мойын  бұрамын  деп  болашағыңнан
айырылып  қалуың  кəдік.  Бір  толғамға  жеңіл  көрінгенмен,  бұл  сияқты
қоскіндік ойдың ұшығына шығу да оңай емес.
Тарихқа  терең  тусінікпен  ден  қоймай  турып,  мундай  қоскіндік
ойдың жосығын бажайлауға да болмайды.
Міне,  сол  себептен  де  өткеннің  кейбір  іргелі  тағылымдарына  ден
3

қоюға тура келді.
Қарапайым  да  мəңгілік  сұрақтар  —  біз  кімбіз  жəне  бізді  тарихтың
бірде кезең, бірде жазаң жолы қайда алып барады?
Əрбір  халықтың  басында  болар  мұндай  сұраққа  жеріне  жеткізе
жауап беру, бəлкім, жасаған жалғыздың өзінің ғана қолынан келер. Осынау
жойдасыз ауыр міндетті арқалаған тарихшының немесе жазушының келер
ұрпақ алдында балаң қиялшыл болып көрінуі де бек мүмкін.
Олай  болса,  мұндай  шамшыл  іске  саясаткердің  білек  артуы  қалай?
Былайша  айтқанда,  бұл  жерде  “Гекубаның  қасіреті  сөз  бе  екен?”.  Рас,
бұралаңы  мол  шаруа,  бірақ  қажет  екеніне  де  шубə  жоқ.  Тарихқа
археологиялық  зерттеулердің  пəні  тұрғысынан  қарамай,  бүгінгі  өмірді
танудың  тəсілі  тұрғысынан  қарағанда  “саясат  ”  деген  кінəмшіл  урдіс
əрқашан алдыңнан шығып отырады.
Үшінші
мыңжылдыққа
санаулы
кундер
қалғанда
біздің
болмысымыздың  ең  көкейтесті  сұрақтары  —  ұлттық  үндестігіміздің  мəн-
маңызы неде, қазіргі Қазақстан ушін мəдениетке қатысты улгінің қандайы
қонымды,  біздің  ұлттық  санамыздың  арқауы  неде,  қазіргідей  жедел
құбылатын  заманда  “МЕН”  дегізерлік  ұлттық  қасиеттерді  қалай  сақтап
қалуға  болады  —  міне,  мұның  бəрі  де  нақтылы  өмірмен  беттескен
саясаттың  сұрақтары.  Ал  оның  жауабы  бугінгі  өмірмен  ғана  астасып
жатқан  жоқ,  тұнығы  мен  туманы  қабаттасқан  тарихтың  тұңғиығымен  де
тамырласып жатыр...
Евразияның  кіндігіндегі  ең  соңғы  көшпелілер  құрылығының
тағдыры, ұлттық сана мен байырғы қорғандар құпиясы, тоталитаризм мен
ұлы  əмірші  Бейбарыс,  қазіргі  Қазақстанның  диаспоралары  мен  орта
ғасырдағы  Үндістан,  ұлттық  тұтастану  мен  “Алаш”  —  міне,  осылардың
бəрі  де  біздің  басымыздан  өтіп  жатқан  бугінгі  күрделі  өмірімізге  күш
дарытумен бірге ұлы халқымыздың тарихымен де тамырласып кеткен...
ҰЛТТЫҚ КЕЛБЕТТІ
ҰЛЫҚТАЙЫҚ
Жүректің туріп кұлағын,
Ойланып тагы карашы.
кімсің сен, кайда тұрағың,
Енді кайда барасың?
4

Омар Һайям
“Ұлтты  жобалап-жоспарлайтын”  балаң  уақыт  артта  қалды.  Мəселе
тарихтың  жиырмасыншы  ғасырында  тоталитарлы  мемлекеттің  мұнымен
кінəлі  болуында  ғана  емес,  сонымен  бірге  іргелі  деректерді  түсінетін
мезгілдің  жеткенінде  де  болу  керек.  Ұлт  дегеніміз  жанды  организм,  оның
даму  барысы  əлеуметтік-биологиялық  жəне  мəдени  мүмкіндіктермен
шектеліп  отырады.  Ұлтты  саңырауқұлақша  қаулатып  өсірудің  пайдасы
жоқ,  олай  ету  мүмкін  де  емес.  Оның  үстіне,  əрбір  ұлттың  кереметтігі  сол,
əдеттегі  қалыптасқан  мүмкіндіктерден  мойын  оздырып  отыруға  бейім
болады.  Демек,  біреудің  тойып  секіргені  келесі  біреудің  тоңып  секіруіне
себепші  болады  дегендей  қалыптасқан  үрдіс  бойынша  ұлттың  табиғи
секемшілдігін жасырып-жабатын да əдет бар.
Алайда,  ұлт  мəселесіне  қатысты  жалпы  үрдісті  танып-түсіну,  сөз
жоқ,  қажет.  Мұнсыз  мемлекеттік  дамудың  жалпы  логикасын  бажайлау
мүмкін емес.
* * *
Осы орайда мəдени стратегия мəселелеріне бұл кітапта неге көбірек
ден  қойылатыны  айқындала  түседі.  Түптеп  келгенде  ұлттық-мемлекеттік
саясаттың базалық негізі өзін-өзі тану мəселесі болып шығады.
Мойындауға  тура  келеді,  бір  жағынан  ішкі  əртектілік,  келесі
жағынан  сырткы  мəдени  ықпал  қазақ  ұлтының  мəдени  біртұтастығын
көңілдегідей етуге дес бермей отырғаны рас.
Мұндайда  əрекетсіздік  бел  алса,  онда  тарихтың  тегеуріні  біздің  тоз-
тозымызды  шығарады.  Себебі  қазақ  ұлтының  ішіндегі  əртекті  “мəдени
аралдардың” өзінше толкып, басқа тартылыс орталыктарына қарай ойысуы
табиғи  құбылысқа  айналмақ.  Бұл  проблеманың  мəн-маңызын  елемеуге
болмайды,  дегенмен  де  бұл  мəселені  мəдени  таным  тұрғысынан  парықтау
менің міндетіме жатпайды. Оны менен гөрі кəнігі мамандар жеріне жеткізіп
атқара  жатар,  мен  өз  тарапымнан  саясаткер  ретінде  пайымдағандарымды
ортаға салуды жөн көріп отырмын.
* * *
Біз  жағымды  немесе  жағымсыз  ықпалдарына  қарамастан,  əртекті
мəдениет  тасқынында  өзімізді  құлықсыз  тұтынушы  ретінде  сезінеміз.  Бұл
жерде  мейлінше  кең  ауқымда  жүріп  жатқан  ақиқат  ахуалға  қатысты  да
осыны айтуға болады. Алайда, осынау кең ауқымды ақиқаттан басқа біздің
өзіміздің ұлттық мақсат-мүддеміз де бар ғой. Саясаткер үшін бұл мейлінше
5

мəнді  айырмашылықтар.  Сонда  қайсысы  мəндірек—ахуалдың  ағымында
кету ме немесе өзіміздің қасиетті де стратегиялық мақсат-мүддемізді нысана
ету ме?
Өкінішке  қарай,  мəселенің  бұлайша  қойылуы  дұрыс  емес  жəне  бұл
мəселе  тек  Қазақстанда  ғана  емес,  басқа  да  көптеген  біліктілер  тарапынан
осылай  сараланып  жүр.  Мұндай  сұрактар,  əдетте  “сан-сыраған  санадан”
бастау  алады.  Бұл  ретте  қазақтың  қазіргі  ұлттық  санасының  жай-күйін
қайдағы  бір  ақиқат  ахуал  деген  алыпқашпа  қауесетпен  шендестіріп,  сол
ұлттық  сананы  ішкі  жəне  сыртқы  күштердің  қыспағында  қалдыру  үрдісі
байқалады.  Сөйтіп  ілгері  дамуға  тұғыр  болатын  ұлттық  сананың
ұстанымды ерекшеліктері қаперден тыс қалып жүр.
Ұлттық  санадағы  бұл  сияқты  орнықсыздық  пен  тұрақсыздық
нақтылы  əрекет  үстіндегі  саясаткерлерді  біраз  мəселелермен  беттестіреді.
Бұл орайда, бері қойғанда елеулі-елеулі үш проблема төбе көрсетеді.
Біріншіден, ұлттың стратегиялық мүддесі үшін ахуалдарды өрбітудің
қандай сценарийі сай келеді? Екіншіден, нақтылы тарихи үрдістің өзегінде
ілгері  даму  үшін  тағы  да  қандай  жолдар  бар?  Үшіншіден,  қалаған  жолдың
жүзеге асуының нақтылы мүмкіндігі қандай?
Демек,  жөнімен  қойылар  сұрақтың  қисыны  басқаша  болса  керек:
“Кез келген ақиқат ахуалға орай қазақтың ұлттық біртектестігін əрі сақтай
білуге,  əрі  дамытып  отыруға  қалай  қол  жеткізуге  болады?”.  Рас,  бұл
мейлінше  ауқымды  міндет.  Алайда,  мəселенің  түйіні  “тарих  тегеурінінің”
қыспағындағы  ұлт  пен  мемлекет  туралы  болып  отырғанда,  қойылар
сұрақтың да шек-шекарасын айқындап алу қажет. Себебі, бұл мəселе жеңіл-
желпі  қарауды  немесе  қателесуді  көтермейді.  Олай  болса,  қойылар  сұрақ
пен  жауапкершілік  тепе-тең  түсіп  жатуы  керек.  Бұрынғылар  айтқандай:
“Родос осы жер болса, сол жерден секір”.
* * *
Бүгінгі  қазақ  гуманизмі  үшін  ұлттық  біртектестік  пен  уақытгың
тегеурінді  талабы  шендескен  аралыктағы  мейлінше  күрделі  өрістен  жол
тауып  шығудан  артык  мəнді  мəселе  жоқ.  Бұл  саяси  ғана  емес,  сонымен
бірге  ғылыми  да  проблема.  Сондықтан  да  ғалымдардан  асырып  ой  өрбіту
саясаткер үшін абырой əпере қоятын іс емес. Мен бұл орайда мандай тіреп
отырған  мəселені  шығармашылык  мəтін  үлгісінде  емес,  нақтылы  əрекетке
көшу тұрғысында ғана сөз етіп, кейбір проблемалардың сұлбасын көлденең
тартып көрмекшімін.
Бүгінгі  дүние  дидарынан  қазақ  ұлтының  өзіндік  орнын  сезіну
6

ахуалы  таза  эклектикалық  қалпымен  көзге  ұрады.  Бірден  мейлінше
ауқымды теорияға құлаш ұрып, əлемдік үрдіс аясынан казақы біртектестікті
іздестіру мүддесі байқалады.
Қазір
постиндустриялық
қоғам,
өркениеттердің
тоғысуы,
либерализмнің  жетістіктері,  неоконсерватизм  сияқты  мейлінше  ауқымды
өзгерістер  не  тарихи,  не  географиялық  тосқауыл  көрместен  қазақ  ұлтына
телінуде.  Тап  бір,  бүгінгі  танда  біз  үшін  неоконсерватизмнен  мəндірек
проблема  қалмаған  сияқты!  Былайша  айтқанда,  қазақ  ұлтына  қатысты
проблемалардың аясы талғамсыз кеңейіп бара жатқаны байқалады.
Келесі  бір  əлдеқайда  кеңірек  етек  алған  ахуал  ретінде  əспеттелген,
бірақ  ескірген  идеологиясы-  мақпен  қазақ  тарихын  тұйықтай  бастаған
талпыныстарды  айтуға  болады.  Қазақ  проблемасын,  əсіресе  қазақтың
этностығын  көшпелілер  қоғамындағы  қалыптар  мен  кұндылықтар
тұрғысынан саралау қазақ ұлтына қатысты проблемалардың өрісін тарылту
болып  шығар  еді.  Егер  шартты  түрде  болса  да,  бүгінгі  күннің  өктемдігін
сілкіп
тастағанның
өзінде
қазақ
ұлтының
ешуақытта
өзімен-өзі
шектелмегенін  көреміз.  Тағдыр  мен  Тəңірдің  құзырында  болған  қазақтар
алуан  түрлі  ықпалға  құшағын  аша  отырып,  өзінің  ұлтгық  қасиетін  сақтай
білген, ол қасиеті əсте көшпелілікпен, болмаса дəстүршілдікпен шектелген
емес.  Дəстүршілдікті  күйттеушілер  тарихтың  құйтырқылығын  ескере
бермейді,  дəстүрге  балап  жүрген  қасиеттеріміздің  талайы  бір  кездері
жағымсыз жаңалықтар болған...
* * *
Егер  “ақиқаттың  аясында”  болғымыз  келсе,  онда  қазақтың  өткені
мен бүгіні туралы тым жалпақшешейліктің де, тым томағатұйықтықтың да
қажеті жоқ.
Бұл  жерде  бері  қойғанда,  мынадай  мəселе  қаперде  болу  керек.  Ең
алдымен,  төл  тарихтың  тіні  деген  мəселе.  Бүгінгі  танда  ұлтгық  тарих  сөз
болғанда—дəстүрлі  көшпелілер  қоғамы,  Ресей  империясының  аясында
болған  кезең,  кеңестік  кезең,  ең  соңында  казақ  ұлтының  тəуелсіздік
жағдайындағы кезең деп саралау əуезе болған.
Өкінішке  қарай,  қарапайым  қағидалар  шындықпен  ұдайы  сəйкес
келе  бермейді  ғой.  Шынымен-ак  біздің  дəстүрлі  тарихымыздың  саяр  жері
тек қана көшпелілік болғаны ма?! Бүгінгі танда бұл мəселеге орай қойылар
сұрақгар  аз  емес.  Қазақстан  жерінің  байырғы  кезеңінде  де,  казак  ұлтының
төл этногенезі төбе көрсете бастағаннан бергі кезеңінде де қалалық жүйесі
дамыған  елді  мекендердің  болуы  біржақты  байлам  жасауды  көтермейді.
Оның  үстіне,  тұтас  алаптарды  қамтыған  отырықшылықтың  сан  ғасырлық
7

дəстүрі бар екені белгілі. Ең соңында, осыдан ондаған жыл бұрын айтылып
келгендей,  көшпеліліктің  өзі  де  біржақты  парықталмайды  ғой.  Сондықтан
қазақ тарихының осынау ең бір этникалық ұзақ ғұмырын бажайлағанда біз
қаптаған  қасаң  қалыптардан  бас  тарта  отырып,  ұлттың  бүгінгі  тұлғасына
дəстүрлі қазақ қоғамының қандай ерекшеліктері “ізін калдырып” отыр жəне
сол  сан  ғасырлық  əсер-  ықпалдың  ерекшелігі  неде  деген  мəселені
шындыққа сай сезінуіміз керек.
Сонымен  бірге  отаршылдық  пен  кеңестік  деп  аталатын  кезеңдегі
қазақ  ұлтының  тіршілігіне  қатысты  мəселелер  де  түбегейлі  қайта  танып-
түсінуді  қажет  етеді.  Мəселенің  мəні,  тек  патшалық  Ресей  ғана
халықтардың  түрмесі  болып  қойған  жоқ  еді,  сонымен  бірге  КСРО-ның  да
жұмақ болып жарытқаны шамалы деп келетін балаң тұжырымды көлденең
тартып,  белгілі  шындықты  сарната  беруде  болмаса  керек.  Гəп  басқада  —
ұлттық  тарихқа  қатысты  аталмыш  екі  кезеңінің  де  тек-тамырының
ұқсастығында.  Енді  міне  қоғамдық  құрылыстың  өзгеруі  бұрыннан  бар
үрдісті  одан  сайын  ұшықтыра  түсіп,  ұлттық  мəдениет  пен  ұлттық  жүйені
шайқалтар тоталитарлы аласапыранға ұласуда.
Асылы,  қазақ  ұлтының  экоəлеуметгік  жүйемен  біте  қайнасқан
тіршілігін  түсіну  үшін  империялық  жəне  кеңестік  отаршылдықтың
айырмашылығына  ден  қоюдан  гөрі,  олардың  түбірлі  ұқсастығын  танып-
түсінген мəндірек болар.
Рас,  ғасыр  басында  Ақпан  төңкерісінен  кейін  бір  толас  сəт  болған,
сол  кезде  Қазақстан  үшін  метрополиямен  арақатынасын  түбегейлі
өзгертуге болатындай тарихи мүмкіндік төбе көрсеткен. Бірақ бұл кезеңнің
Қазан төңкерісімен тəмəмдалғаны белгілі. Бұл кезендердің алдыңғысын да,
соңғысын  да  əспеттеудің  қажеті  жоқ.  Мұның  екеуі  де  қазақ  жерін  əскери,
шаруашылық жəне мəдени əрекеттер аркылы бағындыруды нысана етті.
Он
тоғызыншы
ғасырда
белгіленген
үрдістердің
біразы
жиырмасыншы ғасырда өзінің логикалық межесіне жетгі.
Біздің  ұлттық  тарихымызды  парықтауда,  əрине,  зерттеушілердің
ыңғайына  жəне  əдістемелік  қисынға  қарай  бұрыннан  қалыптасқан  үлгі
негіз  болмақ.  Алайда,  əртүрлі  тетіктер  мен  тарихи  ахуалдарға  қарамастан,
қазақ этностығының тағдырын жан-жақты танып-түсіну үшін отаршылдық
кезеңге  біртұтас  құбылыс  ретінде  ден  қою  керек.  Əсіресе,  жақын
кезендерде  “жадымызға  түскен  тарихи  іздер”  айрықша  мəнді  жəне  ондай
іздер;  мінез-құлыққа,  өмір  құбылыстарының  мəн-мағынасын  парықтауға,
соның ішінде қазақтық дүние-танымға тікелей ықпал етеді.
Ақырында  ұлттық  тарихтың  соңғы  он  жыл  дəлірек  айтқанда,
8

ғасырлар  бойы  мемлекеттігіміздің  тарихқа  кеткен  есесіне  өтеу  болі  соңғы
жеті жыл, міне, бұл кезеңнің өзіндік іі логикасы бар, қазірдің өзінде ұлттық
сан;  өшпестей  болып  түскен  өзіндік  ізі  бар.  Бұл  кезең:  кұқықтық,
экономикалық  жəне  саяси  жаңалықтарға  қоса,  ұлт  психологиясына
түбегейлі  өзгерістер  енгізіп,  тарихтағы  орнын  танып-білу  сезімін
орнықтырды.  Əзірше  осынау  психологйялық  өзгерістердің  рөлі  өз
деңгейінде  парықтала  қойған  жоқ.  Сонымен  бірге  бұл  кезеңде  тек  қана
шапағат  нұры  шалқыды  десек  те,  көңілдің  қалауын  шындыққа  телігендік
болып шығар еді.
Дегенмен  тұтастай  алғанда  психологиялық  ұмтылыстардың  бағыт-
бағдары  түзу  екенінде  шəк  жоқ—қазақтар  психологиялық  орнықты
сеніммен  өздерін  əлемдік  тарихтың  дербес  жəне  азат  субъектісі  ретінде
сезіне алатын болды. Тарихи болашағына деген ғасырлар бойғы үмітсіздік
ұлттық  мінез-құлықты  күйретіп,  қадір-қасиетін  шайды,  қазақ  халқының
небір  данышпан  перзенттері  мен  көсемдері  тарихтың  қарғыс  атқан
тұзағында  тұншықты,  ұлттың  амандығы  үшін  олар  тарихтың  тəлкегіне
көнуге  мəжбүр  болды.  Жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы  он  жылында  ғана
қазақтар еңсесін тіктеп, арман болған азаттығымен қауышты...
* * *
Келесі  бір  реалистік  ұмтылыстардың  қисыны  қазақ  даласына  деген
мəдени  ықпалдардың  жай-  жапсарын  дəл  пайымдауға  саяды.  Екі  ғасыр
бойғы  мəдени  “ішірткі”  Дала  мен  былайғы  дүниенің  мəдени  сұхбатын
мазакқа
айналдырды.
Былайша
айтқанда,
қазақтар
қайдағы
бір
жартыаралдың  тұрғындары  сияқты,  ол  аралдың  оңтүстігін,  шы-  ғысын
жəне  оңтүстік-батысын  мəдениеттен  мақұрым  мұхит  қоршағандай  күй
кешті.  Ал  сол  даланың  барша  мəдени  дамуының  тарихы  солтүстіктен
оңтүстікке  қарай  бірте-бірте  лықсыған  мəдени  жаңалықтардың  тарихы
сияқты қабылданды.
Мұндай  құйтырқылықтың  жай-жапсары  əлемдік  өреге  əлдекашан
мəлім болған, кез келген өркениетгі ғалым мен саясаткер үшін ондай ойға
бойсұнатындар  таза  ақымақ  болып  көрінеді.  Алайда,  Қазақстанға  қатысты
бұл  сияқты  “мəдениеттанушылықтың”  əлі  де  болса  төбе  көрсетуі  жиі
байқалады  жəне  бір  таңғаларлығы  сол,  олар  жергілікті  саясаттанушылар
болып отыр. Кейде бұдан да өткен соракы сұңқылды естуге болады, ондай
сұңқылдар — енді бəрі де кұрыды, бұрынғы метрополияның мəдениетінен
кіндік үзген соң күніміз қараң дегенге саяды.
Ешқандай жасырып-жабары жоқ, орыстың ұлы мəдениетіне қатысты
жəне  оның  қазақтарға  деген  шапағаты  жөнінде  менің  ниетім  белгілі.
9

Сонымен  бірге  күні  кеше  ғана  орыс  əдебиетінің  ұлылығы  туралы  сере
шығатын  монографиялар  жазып,  енді  бүгін  солтүстікке  карап  топырақ
шашатындардың  да  нəуетек  ниеттерін  колдамаймын.  Мұндай  екі  жүзділер
əрекеті қолда өске мəңгүрттерге қарағанда көбірек жерінтеді.
Сөздің  сарыны  басқада.  Ондай  сөз  Оңтүстік  пен  Шығыс,  Солтүстік
пен Батыс арасындағы жолайырықта қазақ даласы мен қазақ қалаларының
ұлы  мəдениеттерге  дəнекерлік  еткені  туралы  болса  керек.  Əлімсақтан  бері
—  Бабырдан  Бейбарысқа  дейін,  Елетміштен  Шоқанға  дейін  —  солай  еді
ғой.  Қазақ  мəдениеті  біздің  түркі  бабаларымыздың  мəдениеті  сияқты,
қандай  əсер-ықпалды  бастан  кешірсе  де  томаға-тұйықтыққа  берілмегеі
ұдайы  синкретті  болып  отырған.  Содан  да  болар  рухани  бастаулардың
“ұлттық  алаңы”  қашащ  сан-сала  мүмкіндіктерге  жол  ашқан,  ал  əпербақан
ұрдажықтардың  қалауы  немесе  отандық  сұңқыл  дақтардың  субъективті
талғамдары əсте оң іске мұрындық болған емес.
Əскери  технологиядан  бастап  тұрғын  үйді  жсақтау  тəсіліне  дейін,
экологиялық  ортаны  игеруден  бастап  үй  түлігін  өсіруге  дейін,
металлургияның
ғажайып
технологиясынан
бастап
əдеби
шығармашылықтың  ұлы  туындыларына  дейін  —  қаза  жері  евразиялық
ауқымдағы  мейлінше  кесек  мəдни  жаңалықтардың  мекені  екенін  тым
болмас жалпы дерек деңгейінде білмеу сауатсыздықты ең бір сирек айғағы
болса керек. Мұның бəрі де əртекті халықтармен жəне өркениеттермен əрі
алуан  түрлі,  əрі  ұзақ  уақыт  бойы  байланыс  жасау  арқылы  ғана  мүмкін
болатын  құндылықтар.  Ортағасырлық  Қазақстанның  шанды  жолдарымен
Йассауи  мектебінің  мистиктері  де,  парсының  тек  қана  дүние  қуумен
шектелмеген  сары  сақал  көпестері  де,  тендесі  жоқ  махаббат  лирикаларын
жазған  Сағди  мен  Руми  де,  Шыңғыс-ханның  қаһарлы  жауынгерлері  де,
Аспан  асты  империясының  əкімдері  де...  бəрі-бəрі  қаннен-қаперсіз
мəңгілікке бет алған...
Бұл  дала  қаншама  мəдени  ықпалды  қорытып,  өзі  де  қаншама
құндылықтарды дүниеге келтірді екен — бұл жаңалық пен жаңғыртуға ден
қойдыртатын сұрақ. Дегенмен басы ашық бір шындық — .қазақ даласының
мəдениеті  мейлінше  терең  дəстүрі  бар  аса  күрделі  жəне  көп  қыртысты
құбылыс.  Тек  осы  тəсілмен  ғана  мəдениет  саласында  «қазақтық»  дегенді
тап  басып  танұға  болады.  Мұның  өзі-ұлттық  қам-карекеттің  аса  мəнді
өрістерінің бірі болуға тиіс.
Ұлттың  болашағына,  оның  өзіндік  «МЕН»  дегізерлік  қасиеттерін
сақтау  мүмкіндіктеріне  сеніммен  қарау  –  жай  əншейін  кезекті  қиялдың
жемісі емес. Мұндай сенімнің бізде орынықты негізі бас кезіне дейін небір
10

қыспақ
пен
құбылтуларға
қарамастан,
дəстүрлі
өмір
салттың
“тұмшаланған” халде болуы аса тегеурінді этномəдени сананың сақталуына
себепші
болды.
Бейнелеп


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал