Нұрсұлтан назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті



жүктеу 1.02 Mb.

бет1/12
Дата10.09.2017
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№15 (1377)

13 – 19 сәуір

2017 жыл


1 9 9 0   ж ы л ғ ы 

н а у р ы з д ы ң   2 2 - с i н е н 

б а с т а п   ш ы ғ а д ы

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

НАМЫС НАЙЗАҒАЙЫ: БАСПАСӨЗ – 2017



Бүгінгі санда:

Абылайдың хаты

Жастық шаққа оралу

Қазақ күресі

5-бет

9-бет

11-бет

«Ана тілі» газеті – ұлт басылымы. 

Газетіміздің осындай мәртебесі бар. 

Мұның  зі басылымның ұлтжан ды-

лығын, елжандылығын аңғартса керек. 

Қазақ тілі – қазақтың басты бай-

лығы. Тіл қарым-қатынас құралы 

дейтін болсақ, оның қолданылмайтын 

жері кемде-кем. Ол тарихпен де, мәде-

ниетпен де, әдебиетпен де, ғылым-

біліммен де, жалпы барлық сала-

мен тығыз байланысты. Демек, ұлт 

газетінің к теретін тақырыптары 

 ау қым ды. Бір с збен айтқанда, олар 

елдік мәселелер. 

Олай болса, қадірлі оқырман, ел, 

ұлт мүддесін к здейтін «Ана тіліне» 

жазылыңыз! Газетке жазылу жыл бойы 

жүр гі зіледі. Басылымға әр айдың 15-іне 

дейін жазылсаңыз, газетті келесі айдан 

бастап алып тұратын боласыз.

С з додасына Шығыс Қазақстан, 

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, 

Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыс-

тары мен Астана қаласынан 20 ақын 

қатысты. Бір күн бойы «Баласағұн» 

сарайында к рермен мен тыңдарманын 

ерекше думанға б леген айтыстың 

бас жүлдесін жамбылдық жас ақын 

Дархан  бдіманап иеленді. Ол қар сы-

ласынан оқ бойы озық шығып, Тараз 

топырағында жас таланттардың  сіп 

келе жатқанын дәлелдеді.

Жүлделі бірінші орын қызыл-

ор далық Мұхтар Ниязов пен Жам-

был облысының дүлдүлі Нұрлыбек 

Құрмановқа бұйырды. Ал екінші 

орынға Шығыс Қазақстан облысының 

ақыны Рүстем Қайыртайұлы мен жам-

былдық ақын Алтынкүл Қасымбекова 

лайық деп танылды. Үшінші орынды  

Айбек Қалиев пен Нұрмат Мансұров 

зара б лісті. Жыр додасына қатысқан 

барша айтыскер ақындар ақшалай 

сыйлыққа ие болды.

Мұрат ЖАҚСЫЛЫҚОВ

ҚАЗПОШТА

Индекс


Мерзімі

Аймақ/қала

Аудан/ауыл

Жеке жазылушылар үшін

65367

6 айға


1748,16

1859,94


8 айға

2330,88


3479,92

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 айға


3202,56

3314,34


8 айға

4270,08


4419,12

«Ана тілі» жансерігіңізге айналсын!

«АНА ТІЛІ» КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

АЙТЫС

Мақа ла да  з ұ л т ына ү ш бірдей 



нер ордасын сый лаған Гүл ж иһан 

Ға л и қ ы з ы н ы ң  қ ұ л п ы т а сы  қ ұ л а п 

жатқаны,  зі тұрған үйдегі тақтай-

шан ы ң жо ға л ы п кет кен і, есі м і не 

к шеге, не  зі ашқан  нер ордаларының 

біріне берілмегені баяндалған. Сана-

лы ғұмырын қазақ  неріне арнаған 

а я у л ы  ж а н н ы ң  ар т ы н д а  перз ен т і 

қалмағаны аздай (ұлы мен қызы ер-

терек қайтыс болған), есімінің мүлде 

елеусіз қалғанын естіп елдің түкпір-

түкпірінен талай жанашыр шәкірттері, 

к зін к рген жандар хабарласқан еді. 

Бүрмелі к йлектеріне дейін  зі тігіп, 

бозбалалардан Біржан сал мен Ақан 

сері жасап, жастарды бұрынғының 

ғажап жоралғысымен Жазушылар 

одағына бастап апарып, үлкендердің 

батасын  алғызған. Сол  зі «Гүлдер» деп 

атын қойған ансамбльде де Гүлжиһан 

Ғалиеваның есімі ұмытылған еді. 

Ал Д.Қонаевқа айтып жүріп ашқан 

цирк ше? Қазақ циркі үшін ол жеті 

қат жердің астындағыны табуға бар-

ГҮЛЖИҺАН ЕСІМІ 

ұмытылмайды

«ТУҒАН ЖЕР – ТАЛ БЕСІГІМ» 

Сегіз жыл бұрын сегізінші наурыздың қарсаңында ұлт газеті «Ана тілінде» «Жоғалған 

жұлдыздар» айдарымен журналист Динара Ізтілеудің қазақтан шыққан тұңғыш 

көркемсөз шебері, кəсіби жүргізуші, Қазақстанның Халық əртісі Гүлжиһан Ғалиева 

туралы зерттеу мақаласы жарияланған еді. Қазақ елінде ең алғаш эстрада студиясын 

ашып (қазіргі Ж.Елебеков атындағы цирк-эстрада колледжі), əйгілі «Гүлдер» ансамблін 

құрған, қазақ циркінің негізін қалаған ұлы тұлғаның қабірі қараусыз, есімі елеусіз 

қалғаны жайында жазылған мақала көптің есінде шығар.

Тараз қаласындағы «Баласағұн» 

орталық концерт залында 

 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 

аясында «Нұр Отан» партиясы 

Жамбыл облыстық филиалы жəне 

облыстық мəдениет басқармасының 

ұйымдастыруымен «Туған жер – тал 

бесігім» атты республикалық ақындар 

айтысы өтті.

тын. Талай айшылық жерлерден нағыз 

ауыздығымен алысқан арғымақтарды, 

цирк үшін жаралған сәйгүліктерді 

алдырған. Қазақ жастарын цирк  неріне 

арнайы оқытқан. Цирк бағдарламасына 

«К кпар», «Қыз қуу», «Теңге алу» секілді 

ұлт тық ойындарды енгізген, тіпті қа-

зақтың саятшылық дәстүрі цирктен тыс 

қалмаған. Маңғыстаудың маң басқан 

түйелері, алтайдың ақиығы, қырдың 

қызыл түлкілері, бәрі-бәрі болды. 

Гүлжиһан қай істі қолға алмасын, оның 

қазақылығына қатты к ңіл б летін. 

Мәселен, цирк-эстрада студиясы деп 

ашқанмен, мақсаты – қазақ  нерін 

сақтап қалу, домбыраны алып қалу еді. 

Цирк те солай. «Гүлжиһан Ғалиеваның 

ендігі арманы – жас ұжымды жаңа 

отауға шығару еді. Дінмұхамед Ахметұлы 

республикаға танымал сәулетшілер мен 

құрылысшыларды шақырып салдырған 

киіз үй тектес цирк үйінің құрылысы 

екі жылда аяқталды. Бүгінде ол оңтүстік 

астананың сәулетті сарайларының 

біріне айналды. Алайда осынау ат шап-

тырым аумақты алып жатқан ақ үйде 

апамыздың атын еске түсірер айғақ 

жоқтың қасы... Егер қара тасқа тіл 

бітер болса, Қазақ циркінің Гүлжиһан 

Ғалиеваның маңдай терімен қаланған 

әр тасы оның есімін атап күңіренер ме 

еді...» деп келетін жолдар к пшіліктің 

әлі жадында шығар.

Осы мақала газетімізде жарық 

к рген соң Гүлжиһан Ғалиеваның қабірі 

қалыпқа келтіріліп, ең қуаныштысы – 

к ше берілген еді. Енді, міне, туғанына 

100 жыл толған тұста Алматыдағы цирк 

ғимаратында Г.Ғалиеваның  мірінен 

сыр шертетін құндылықтарға толы жеке 

к рмесі  ткізіліп, үкілі б ркі бар сұлу 

бейнелі мүсін қойылды. Бұған да шүкір. 

Цирктің негізгі к рермені – балалар де-

сек, бұдан былай бүгінгі ұрпақ Гүлжиһан 

Ғалиеваның кім екенін біліп жүретін 

болды. «Ана тілі» газеті тағы бір асылын 

тарих қойнауынан аршып алуға атсалы-

сты деген осы емес пе?! 

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

КЕЛЕСІ НӨМІРДЕН ОҚИТЫНДАРЫҢЫЗ:

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ



БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ШЕШЕ КӨРГЕН –

 ТОН ПІШЕР

КІРІСПЕ

Е л і м і з   ж а ң а   т а р и х и   к е з е ң г е   а я қ 

 басты. Мен жыл басындағы халыққа 

Жол дауымда Қазақстанның үшінші 

жаң ғыруы басталғанын жарияладым. 

Осы  лайша, біз қайта түлеудің айрықша 

маңыз   ды екі процесі – саяси реформа мен 

эко но ми  калық  жаңғыруды  қолға  алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз 

белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің 

қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру 

процесінің де нақты мақ сат-міндеттері, 

басым дықтары мен оған жет кізетін жол-

дары бар. Мен к здеген жұмыс тары-

мыздың бәрі дер уақытында және барынша 

тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, 

ойлағанымыз орындалу үшін мұның  зі 

жеткіліксіз. 

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз 

ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын 

жаңғырып оты руы тиіс. Бұл саяси және 

экономикалық  жаң ғыру ларды  то лық-

тырып қана қоймай, олардың  зегіне 

айналады. 

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын 

жұмыс емес. 

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта 

бірнеше ауқымды іс атқардық. 

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдар ла-

масы ая сында Қазақстан аумағындағы 

тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысан-

дарды жаңғырттық. 

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» 

бағ дар  ламасы арқылы әлемнің ең белді 

архивтерінен т л тарихымызға қатысты 

құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. 

Енді осының бәрінен де ауқымды және 

іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. 

Мен еліміз мықты, әрі жауапкер шілігі 

жоғары Бір тұтас Ұлт болу үшін бола-

шаққа қа лай қадам баса тынымыз және 

бұқаралық сана  ны қалай  згер тетініміз 

туралы к зқарас тарым ды ортаға салуды 

ж н к рдім.



І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ 

ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ 

Күллі жер жүзі біздің к з алдымызда 

згеруде.  лемде бағыты әлі бұлыңғыр, 

жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап 

згеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-

сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден 

сіңіп қалған таптаурын қағидалардан 

арыл масақ, к ш басындағы елдермен 

тереземіз ді теңеп, иық түйістіру мүмкін 

емес.  згеру үшін  зімізді мықтап қолға 

алып, заман ағымына икемделу арқылы 

жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға 

сіңіруіміз керек. 

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру 

үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай 

келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты 

кемшілігі – олардың  здеріне ғана тән 

қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар 

мен  ркениеттердің ерекшеліктерін ескер-

мей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. 

жептәуір жаңғырған қоғамның  зінің та-

мыры тарихының тереңінен бас тау алатын 

рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты 

шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай 

білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр 

жаңғырыққа айналуы оп-оңай. 

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп 

бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, 

яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға 

бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері 

тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді 

де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға 

болмайтыны айдан анық. 

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи 

тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден 

қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан 

сүрінбей  ткен озық дәстүрлерді табысты 

жаңғырудың маңызды алғышарттарына 

айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің 

ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, 

ол адасуға бастайды. 

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық 

Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір 

қа зақ стан дықтың  санасын  жаңғыртудың 

бір неше бағы тын атап  тер едім. 

1. Б СЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ 

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас 

халық тың  зі бәсекелік қабілетін арттырса 

ғана та быс қа жетуге мүмкіндік алады. 

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың 

аймақтық немесе жаһандық нарықта 

бағасы, я болмаса сапасы ж нінен  зге-

лер ден ұтымды дүние ұсы на алуы. Бұл ма-

териалдық  нім ғана емес, соны мен бірге, 

білім, қызмет, зияткерлік  нім немесе 

сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. 

Болашақта ұлттың табысты болуы оның 

табиғи байлығымен емес, адамдарының 

бәсекелік  қа бі летімен  айқындалады. 

Сондықтан, әрбір қазақ стандық, сол 

арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты 

қа сиет терге ие болуы керек. Мысалы, 

ком пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін 

білу, мә дени ашықтық сияқты фактор-

лар әркімнің алға басуына с зсіз қажетті 

алғышарттардың сана тында.

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», 

«Үш тілде білім беру», «Мәдени және 

кон   фес сияаралық  келісім»  сияқты  бағдар-

ламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақ-

стандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына 

даярлаудың қамы. 

2. ПРАГМАТИЗМ

Қанымызға сіңген к птеген дағдылар 

мен таптаурын болған қасаң қағидаларды 

згерт пейінше, біздің толыққанды жаңғы-

руымыз мүмкін емес. Т л тарихымызға, 

бабаларымыздың  мір салтына бір сәт 

үңіліп к рсек, шынайы прагматизмнің та-

лай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің 

табиғатын к здің қарашығын дай сақтап, 

оның байлығын үнемді, әрі орынды жұм-

сайтын теңдесі жоқ экологиялық  мір 

салтын ұстанып келді. 

Тек  ткен ғасырдың ортасында, небәрі 

бірнеше жыл ішінде миллиондаған гек-

тар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым 

замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа 

жалғасып келген ұлттық прагматизм са-

наулы жылда адам танымастай  згеріп, ас 

та т к ысырапшылдыққа ұласты. Соның 

кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері 

ш бінің басы тұлпарлардың тұяғымен 

ғана тапталған даланың барлық құнары 

құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шыға-

тын мыңдаған гектар миялы жер ле ріміз 

эко ло гиялық апат аймақтарына, Арал 

теңі зі аңқасы кепкен қу медиен ш лге 

айналды. 

Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы 

қараудың ащы мысалы. 

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас 

болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамыры-

мызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді 

қайта түлетуіміз керек. 

Прагматизм –  зіңнің ұлттық және 

жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді 

пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды 

жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астам-

шы лыққа, даңғойлық пен кердеңдікке 

жол бермеу деген с з. Қазіргі қоғамда шы-

найы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-

салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, 

қанағатшылдық пен қарапайымдылық, 

үнемшілдік пен орынды пайдалану 

к ргенділікті к рсетеді. 



Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, 

саламатты  мір салтын ұстануға, кәсіби 

тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып

осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану 

– мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. 

Бұл – заманауи әлемдегі бір ден-бір табы-

сты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір 

межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде 

ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді 

құрдымға бастайтын популистік идеоло-

гиялар пайда болады. 

(Жалғасы 2-бетте)

са наның түрлі полюстерін қиыннан қиыс-

ты рып, жарастыра алатын құдіретімен 

маңыз ды. Бұл – тарлан тарихтың, жасам-

паз бүгінгі күн мен жар қын болашақтың 

к кжиек терін  үйле сімді  сабақтастыратын 

ұлт жадының тұғыр намасы. 

Мен халқымның тағылымы мол тарихы 

мен ықылым заманнан арқауы үзіл меген 

ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы  ркен-

деудің берік діңі ете оты рып, әрбір қада-

мын нық басуын, бола шаққа сенім мен бет 

алуын қалаймын. 


2

№15 (1377)

13 – 19 сәуір

2017 жыл


АНА ТІЛІ

ЕЛБАСЫ ЖƏНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

(Басы 1-бетте)

кінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың 

ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға 

шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысал-

дар аз емес.  ткен ғасырдың басты үш идео логиясы 

– коммунизм, фашизм және либерализм біздің к з 

алдымызда күйреді. 

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске 

кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті к з 

тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да 

нақты мақсатқа жетуін к здейтін осындай бағдарлар 

ғана дамудың к гіне темірқазық бола алады. Ең ба-

стысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын 

мұқият ескеруге тиіс. 

Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу 

онжылдықтардың ұраны болуға жарайды. 

3. ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ 

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның  зі ұлттық 

сананың кемелденуін білдіреді. 

Оның екі қыры бар. 



Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің к кжиегін 

кеңейту. 

Екіншіден, ұлттық болмыстың  зегін сақтай оты-

рып, оның бірқатар сипаттарын  згерту. 

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле рі нің 

қандай қатері болуы мүмкін? 

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі-



сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре тінде 

қарастыруда болып отыр. Алайда,  мірдің  зі бұл 

пайымның түбірімен қате екенін к рсетіп берді. Іс 

жүзінде әрбір  ңір мен әрбір мемлекет  зінің дербес 



даму үлгісін қалыптастыруда

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыка-



мыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір с збен айт-

қанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Абайдың даналығы,  уезовтің ғұламалығы, 

Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй лері, 

ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар 

біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. 

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының  зі мей-

лін ше к нерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын 

кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді 

білдіреді.

 Мысалы, жершілдікті алайық.  рине, туған 

жердің тарихын білген және оны мақтан еткен 

дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені –  зіңнің 

біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте 

болмайды. 

Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос-

қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға ланатын 

меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл 



жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты 

к термейді. 

 Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр-

ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен 

жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ стан дық -

тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, 

байыбына барғанын қалаймын. 



Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет 

сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.



 Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына 

кедергі болатын  ткеннің кертартпа тұстарынан бас 

тарту керек. 

4. БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ 

 Білімді, к зі ашық, к кірегі ояу болуға ұмтылу – 

біздің қанымызда бар қасиет. 



Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасал-

ды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң дайалды 

университеттерінде оқытып, дайын дадық. Бұл 

жұмыс  ткен ғасырдың тоқсаныншы жыл дарының 

басында қолға алынған «Болашақ» бағдар ламасынан 

басталды. Елімізде  те жоғары деңгей дегі бірқатар 

университеттер ашылды, зият керлік мектептер жүйесі 

қалыптасты. Басқа да к птеген іс тындырылды. 

 Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор тақ 

болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп  тері 

бар. Технологиялық революцияның беталы  сына 

қарасақ, таяу онжылдық уақыт та қазір гі кәсіптердің 

жартысы жойылып кетеді. 

Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды 

ешбір дәуірде мұншама жедел  згермеген. 

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айнала-

тын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ-

дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл  згер туге 

қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. 

 Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге б лі нетін 



бюджет шығыстарының үлесі ж нінен әлем дегі ең ал-

дыңғы қатарлы елдердің санаты на қосылып отырмыз. 

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы 

білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас тары-

мыз басымдық беретін межелердің қатар ында 

білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, 

құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын 

ұлт қана табысқа жетеді. 

5. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ 

ЕМЕС, ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ 

Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау ма ғын 

астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын дағы 

оқиғаға 100 жыл толады. 



Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі ніс терге толы 

болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт   тар ға мейлінше 

әсер етіп, бүкіл болмысын  згерт ті. 

рбір жұрт тарихтан  зінше тағылым алады, бұл 

– әркімнің  з еркіндегі шаруа. 

Біреуге  зіңнің к зқарасыңды еріксіз таңуға 

ешқашан болмайды. 

Бізге тарих туралы  здерінің субъективті пайымда-

рын тықпалауға да еш кім нің қақысы жоқ. 

ткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то лы, 



зобалаң да зұлмат ғасыр болды. 

Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заман-

нан жалғасып келе жатқан  зімізге ғана тән жолы 

біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге 

жат үлгісі еріксіз таңылды. 



Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо-

графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір 

ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.

 Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр-

дымға кете жаздады. 

Т ртіншіден, еліміздің к птеген  ңірлері эко ло-

гиялық апат аймақтарына айналды. 

рине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.

  ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де 



берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және  нді-

рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин-

теллигенцияның қалыптасуын осыған жат қызуға 

болады. 


Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 

Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң ғы руы еді. 

Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. 

Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның фор-

масы мен мазмұны түбегейлі  згерді. 

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи-

қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың  р кен деуіне 



мүмкіндік беретініне к зімізді жеткізді. Бұдан сабақ 

ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына 

түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір 

қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына 

айналуға тиіс. 

Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида 

ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. 

 Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп 

қана қоймай,  зіміз күнде к ріп жүрген қазіргі 

құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына 

қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. 

Бүгінде революциялар  ңін  згертіп, ұлттық, діни, 

мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі 

де, түптеп келгенде, қант гіспен, эко номикалық 

күйреумен аяқталатынын к ріп отырмыз. 

Сондықтан,  әлемдегі оқиғаларды ой елегінен 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал