Нұрлы жол, нұрлы бақыт болашаққа, Көреген Елбасымыз тұрған шақта



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/8
Дата11.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

Нұрлы жол, нұрлы бақыт болашаққа, 

Көреген Елбасымыз тұрған шақта. 

Кездескен қиындықтан шығу үшін, 

Білімді сіңірейік жас ұрпаққа. 

Барша  халыққа аян,  әлем жаңа  сын-қатерлермен бетпе-бет келіп  отыр.  Әлемдік 

экономика  әлі  де  қаржы-экономикалық  дағдарыс  салдарынан  айыға  қойған  жоқ. 

Экономикалық өсім баяулауда. Мемлекет басшысы сезіп отырғандай, таяу жылдар 

жаһандық  сынақтардың  уақыты  болмақ.  Ыждағаттылықпен  теріс  үрдістердің 

алдын  алу  үшін  ықтимал  шаралар  қарастырылуда.  Қазақстанның  «Нұрлы  жол» 

Жаңа экономикалық саясаты туралы хабардар болдық. Ел мүддесі үшін мұнай мен 

шикі  зат  өнімдерінің  бағасын  төмендетпеуге  және  де  ысырап  етпеуге  күш 

салатынын  айтып  өтті.  Мемлекет  тарапынан  бөлінген  қаражаттың  орнымен 

жұмсалғанына  тоқталды. Біріншіден.  Шағын және  орта  бизнесті, т.б. жеңілдікпен 

несиелеу  көзделді,  оған  қаржы  бөлу  қарастырылды.  Екіншіден.  Банк  секторын 

сауықтыруды  және  несие  қорын  капиталдандыруды  қамтамасыз  етуді  тапсырды. 

Үшіншіден.  Жаңа  инвестициялар  тарту  үшін  тиісті  жағдайларды  жақсарту 

көзделді.  Төртіншіден.  ЭКСПО  -  2017  кешені  құрылысын  жалғастыруды 

несиелеуге  қосымша  қаржы  бөлуді  тапсырды.  ЭКСПО  -  2017  бүкіл  қазақ  үшін 

мақтанышқа айналатын игі бастама болмақ. Бесіншіден. ЭКСПО - 2017 қарсаңында 

Астананың  көлік  инфрақұрылымын  жақсартуды  атап  өтті.  Бұл  жоспар  орасан 

қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты және бірлік пен ұйымшылдықты керек 

етеді. Қазіргі қайнаған тіршіліктің бастауы, ол - жол. Өмір жолында кездескен сан-

алуан  қиындықты  ынтымақпен  жеңе  білейік.  Астана  -  тоғыз  жолдың  тоғысқан 

торабы.  Елорда  жасампаздықтың  рухы,  еліміздің  алтын  діңгегіне  айналарына 

сенеміз. 

Осылайша  алысты  жақын  ету  биылғы  Жолдаудың  басты  мақсаты  болып 

саналады. Елбасы өз сөзінде былай деп көрсетті: «Мен құрған комиссия қаржының 

тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Барлық 

әкімдерге  жүктелетін  жауапкершілік  ауыр  болмақ.  «Нұр  Отан»  осы  жұмысқа 

белсене  араласады  және  барлық  деңгейлерде  қатаң  партиялық  бақылау  орнатуы 

тиіс.  Нұр-отандықтардың  Жолдаудың  орындалуындағы  атқарар  жұмысы  ұшан-

теңіз, олар көтерер жүк жеңіл емес екені айқын. Өйткені халық көңілінен шыққан 

«Нұр Отан» қашанда алғы шепте болуы тиіс қой. Біздің білім беру мен денсаулық 

сақтауға арналған бағдарламалар жалғасын табады».  

Ең бастысы – игі істер болашақ ұрпақ пен жалынды жастардың байлығы болып 

қалады.  Біздің  халық  Нұр  Отанның  қамқорлығын,  мәңгілік  елдің  иесі  екенін, 

бейбіт, тыныш атқан күннің бәрі бақыт сыйлайтынын жақсы сезінеді. Ең бастысы 

ел  шеті  тыныш,  халық  бай-қуатты  болғай.  Біз  Жалпыұлттық  идеямыз  –  Мәңгілік 

Елді  басты  бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміз  дамуының  сара  жолын  Нұрлы  жолға 

айналдырдық.  Бірлік  пен  қажырлы  еңбекті  қажет  ететін,  келешегі  кемел  Нұрлы 

жолда ынтымағы жарасып, аянбай тер төгуіміз қажет.  

Мәңгілік  Ел  –  елдің  біріктіруші  күші,  ешқашан  таусылмас  қуат  көзі.  Ол  – 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясының  ғана  емес,  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан 

мемлекетінің  мызғымас  идеялық  тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизм 

дегеніміздің  өзі  –  Мәңгілік  ел!  Ол  –  барша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы 

құндылығы.  Өткен  тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та, 

гүлденген келешекке  сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 

Отанды сүю – бабаларымыздан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің 

қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп 

табыстау  деген  сөз.  Біз  тұрақтылықты  бағалай  білгеннің  арқасында  бүгінгідей 

табысқа жеттік. Бұл орайда білім ордаларының атқарар жұмысы айтарлықтай. Жас 

ұрпақты білім нәрімен сусындатып, көзі ашық, көкірегі ояу қоғамның мүшесі ету – 

ұстаздар  алдындағы  үлкен  бір  биік  белес.  Тарихи  белестер  жаңа  қазақстандық 

патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Ел бірлігі – біздің барша 

табыстарымызыдың негізгі кілті. 



 

Злиха Ахметова

№42 «Ақ ниет» гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімі 

 

№2 



Жалпы 

орта  білім  беретін 

мектебінде 

Елбасымыздың 

Жолдауы        ата-

аналар  жиналысы 

мен  мектеп  ұжымы 

және 

оқушылар 

арасында  ынтамен 

талқыланды.  Әрбір 

тыңдаушы  әлемдік 

дағдарыстың 

әсеріне  қарамастан, 

Елбасымыздың 

білім  саласын  одан  әрі  дамытуды  нақты 

тапсырмалармен қөрсетіп бергендігін сезінді. 

Елбасының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар 

жол»  деген  Жолдауын  орталық  телеарна  арқылы 

тыңдап,  ондағы  қойылған  тың  міндеттерді, 

алаңдаушылықты  шынайы  көңіліммен  сезіндім. 

Әсіресе,  мұғалім  ретінде  менің  ризашылығымды 

туғызғаны  Жолдаудың  алтыншы  міндеті  болды. 

Мұнда  Елбасы  әлеуметтік  инфрақұрылымды 

дамытудағы апатты мектептер мен үш ауысымды 

оқыту  порблемаларын  шешуді  көрсеткен.  Мұнда 

Елбасы:  «Үш  жылдық  бюджетте  қарастырылған 

қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге 

мүмкіндік 

бермейді. 

Сондықтан, 

Үкіметке 

қосымша  70  миллиард  теңге  бағыттауды 

тапсырамын»,  -  деп  атап  көрсетіп  отыр.  Осы 

тараудан  балабақшаның  да  жетіспеушілігін 

түбегейлі  қысқарту  міндеті  қойылған.  Сөз  жоқ, 

Елбасының  бұл  тапсырмалары  ұстаздардың 

көңіліндегі аландаушылықты дөп басты. 

Білім  беру  саласында  жаңалықтар  көп.  Өзім 

жұмыс істейтін мектепте балалардың толыққанды 

білім  алуына  барынша  барлық  жағдай  жасалған. 

Білім  беру  саласы  қайткенде  де  әлеуметтік 

бәсекеден  кешеуілдеп  қалмауы  тиіс.  Терең 

білімсіз  дамыған  30  елдің  қатарына  қосыла 

алмасымызды  Елбасы  жақсы  түсініп,  осы 

бағыттардың,  міндеттердің  орындалуын  ұдайы 

назардан  түсірмей  келеді.  Басқалар  да  сол 

үрдістен  табыла  берсе  екен  деген  тілекпен 

ұстаздар  қауымын  Жолдаудағы  тапсырмалардың 

орындалуына өз үлестерін қосуға шақырамын. 



 

Зәмзәгүл Ғабдулова, 

№2 ЖББОМ қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі,  

Ақсай қаласы 

 

 



 №1 (17) 

газет 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

      қосымшасы, 

                                                                                                                       

16 қаңтар,    

          

 

 

 

 

 

    2015 жыл 

     

 

 Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым  

 

 



 

 

 



16 қаңтар, 2015 ж.                   Жайық ұстазы                                         2            

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Білім  беру  реформасы 

табысының  басты  өлшемі  -  тиісті  білім  мен  білік  алған 

еліміздің  кез-келген  азаматы  әлемнің  кез-келген  елінде 

қажетке  жарайтын  маман  болатындай  деңгейге  көтерілу 

болып  табылады.  Біз   елімізде  әлемдік  стандарттар 

деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметіне  қол  жеткізуге 

тиіспіз  »-  деп  атап  көрсетіп,  білім  саласына  жауапты  да 

ауқымды  жұмыстар  жүктеді.  Осы  талапты  орындауда 

ағылшын тілі пәнінің алатын орны ерекше деп ойлаймын.  



Болашақ 

маманның 

кәсіби 

құзіреттілігін 

қалыптастырудағы  мақсатым:  Болашақ  маманның  кәсіби 

және  коммуникативтік  құзіреттілігін  интерактивті  әдістерді 

қолдану арқылы теориялық тұрғыдан қалыптастыру.  

Міндетім:  Білім  беру  саласында  компютерлік  техниканы, 

интернет,  компютерлік  желіні  пайдалану  арқылы  білім 

сапасын көтеру.  

Оқытушы  қоғам  талабына  сай  өзін-өзі  үздіксіз  тәрбиелеп 

отыратын,  ортамен,  адамдармен,  оқушылармен  қарым-

қатынасқа  тез  түсе  алатын,  ұйымдастырушылық  қабілеті 

жоғары, тәжірибесі мол қасиеттерді жинақтағанда ғана оның 

бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби 

құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті 

дамытуды, 

педагогикалық 

инновацияларды 

дұрыс 

қабылдауды,  күнделікті  өзгеріп  жататын  педагогикалық 



ортаға тез бейімделуді қажет етеді. 

Маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  арнайы,  әлеуметтік 

және  тұлғалық  түрлеріне  ерекше  мән  беріледі.  Арнайы  -  

өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа 

білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін 

бағалау,  біліктілігінің  болуы.  Әлеуметтік  –  тіл  туралы 

білімінің, 

коммуникативті 

мәдениетінің, 

басқамен 

ынтымақтастыққа  қабілеттілігінің,  өзінің  іс-әрекетінің 

нәтижесіне,  қоршаған  ортаға  дайындығының  болуы. 



Тұлғалық  –  өзін-өзі  тану  бойынша  біліктілік,  дағдысын 

жетілдіруге,  кәсіби  іс-әрекетінің  дамуына  дайындығының 

болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген 

маманның 

іс-әрекеті 

күшейтіледі, 

екіншіден, 

білім 


парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға 

маманның  дайындығын  қалыптастырудың,  ойлаудың 

әдіснамасын  дамытудың  қажеттілігін  көрсетеді,  үшіншіден, 

ізгілікті  және  әлемдік  интегративті  үрдістер  тенденциясы 

алдымен 

көпмәдениетті 

тұлғаны 

қалыптастырудың 

қажеттілігін айқындайды. 

Сабақ  -  оқытушы  еңбегінің  негізгі  бөлігі.  Жан-жақты 

дамыған,  саяси  сауатты,  терең  теориялық  біліммен 

қаруланған, 

адамдармен 

қарым-қатынас 

мәдениетін 

меңгерген  оқытушы әр  сабақ  сайын  оқушының  пәнге 

қызығуына  жол  ашатындай  іс-әрекеттерді  таңдап  алып, 

 шығармашылықпен  жұмыс  жүргізуге  баулып  отыруы 

қажет.  Сонда  ғана  оқушылар  жеке  тұлға  болып 

қалыптасады. 

Мен  сіздерге  «Акушер  ісі  -  11»  тобында  өткен  «Біз 

анатомияны оқимыз» атты ашық сабағымда қолданған сыни 

тұрғыдан  ойлау  стратегиясының  кейбір  элементтерін 

көрсетемін.   

Сабақтың  тақырыбы:  «Біз  анатомияны  оқимыз.  Сан 



есімдер» 

Сабақ  анатомия,  физиология,  латын  тілі,  мейіркеш  ісі 

пәндерімен байланысады. 

 

 

 



Менің  ашық  сабақта  алға  қойған  мақсатым  :  болашақ 

маманның тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін 

дамытумен  қатар  ой-өрісін,  дүниетанымын  қалыптастыру. 

Сабақ 


түсіндірген 

кезде 


берілетін 

теориялық 

мағлұматтардың  көлемі  мен  аясының  оқушының    игеруіне 

қолайлы,  тақырып  терминінің  дәл,  анық  болуын,  өткен 

тақырыппен байланыстылығын ескеремін. Жаңа материалды 

түсіндіруде,  білім  мен  дағдыларды  бекітуде  түйінді 

пікірлерді 

анықтама 

ретінде 

ұсынып, 


жалпы 

ой 


қорытындысын  шығарып  отырамын.  Оқушылардың  алған 

теориялық  білімін  іс  жүзінде  пайдалана  білуге  үйрету 

мақсатында  мынадай  көптеген  әдістермен  ұштастырып 

отырамын.  Оған   мысал  ретінде  өткізген  ашық  сабағымды  

«Миға шабуыл» әдісімен белсенді тақтаны қолдана отырып 

өткен тақырыптарды қайталаудан бастадым. Алдымен сұрақ 

қойдым, оқушылар жауап беріп, өздерінің жауабын тексеріп 

отырды.  Жаңа  тақырыпты  түсіндірер  алдында  «Анатомия 

және физиология» бейнефильмін тындады. 

«Қызығушылықты  ояту»  әдісі  арқылы  жаңа  мәтінді 

меңгерттім.  Бұл  бөлімде  оқушылар  аудио  жазбадан  мәтінді 

тындап,  слайдтар  арқылы  меңгерді.  Бұл  арқылы  сабақты 

анатомия, физиология пәндерімен байланыстырдым.   



«Мағынаны  тану»  әдісі  бойынша  оқушыларға  дене 

күтіміне  байланысты  үйге  тапсырмалар  беріліп  тексерілді. 

Бұл  бөлімді  мейірбике  ісімен  байланыстырдым.    «Ой 

толғаныс»  әдісі  бойынша  оқушылар  өтілген  жаңа  мәтінді 

меңгеру мақсатында белсенді тақтада бірнеше тапсырмалар 

орындады. 



Ойтолғаныс әдісі -The  method of thinking.   

Find  the  missing  words:  

The breathe with the …  

The ear… three parts: the … ear, the …ear and the ...ear.  

The tongue is in the …  

The legs are … extremities, the arms are … extremities.  

The scull contains the …  

 

The forehead is one of the parts of the …  



The … connects the head with the …  

The spleen is in the …  

The framework of the bones is called the …  

The shoulder connects the … with the …  

The skin covers the …  

«Топта  талқылау»  әдісі  бойынша  оқушылар  екі  топқа 

бөлініп,  жұмбақтар  мен  сөзжұмбақ    шешті,  дене  мүшелері 

мен  ішкі  ағзаларды  латын  тілінде  айтты.  Сабақ  латын 

тілімен байланысты. 

Let’s guess some riddles. 

I have four legs, but I can’t walk.  

Two brothers but they don’t see each other.  

One face, two hands. It goes, yet stands.  

Two mothers have five sons with one name.  

Оқушының кәсіби мамандық игеруде білім алуымен бірге 

өз  білімін  жетілдіру,  үнемі  ізденіспен,  шығармашылықпен 

айналыса  отырып,  кез-келген  қиын  жағдайларда  шешім 

қабылдай  білетін,  қойылған  мақсатқа  жете  білетін  тұлға 

қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады.  

 

Г.Ғабдуллина, 

Батыс Қазақстан медицина колледжінің 

«Кәсіби шет тілі» пәні оқытушысы 

 

 



 

16 қаңтар, 2015 ж.                     Жайық ұстазы                                   3         

 

«Ұстаздың  биігі  ойлана  қарасаң,  биіктей  береді, 



үңіле  қарасаң,  тереңдей  береді,  қол  созсаң,  қарсы 

алдыңда,  айналсаң,  артыңда  тұрғандай»  -  деп  Сократ 

айтқандай,  егеменді  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  отыз 

мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен ұмтылу 

саясаты  қоғамымыздың  барлық  саласында  түбегейлі 

өзгерістер  енгізіп,  баршамызға  жаңа  талаптар  қойылып 

отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде 

білім  беру  мақсатына  орай  білім  мазмұнына  жаңаша 

қарау  -  басты  міндеттердің  бірі.  Қазіргі  кезде  білім 

берудің  жаңа  жүйесінің  жасалуы,  білім  мазмұны  мен 

әдіс-тәсілдерінің  жаңаруы  бәсекелестікке  қабілеті  мол, 

шығармашылық  бағытта  еңбектенетін,  ой  қабілетімен 

ерекшеленетін  азаматты  тәрбиелеуді  көздейді.  Сапалы 

білім  –  ел  болашағын  айқындайтын  басты  көрсеткіш 

болып  табылады.  Бүгін  мектеп  партасында  отырған 

бүлдіршіндер  -  ертең  ел  тағдырын  шешетін  азаматтар. 

Олардың  сапалы  білім  алуын  бүгін  қамтамасыз  ету  - 

мұғалімнің басты міндеті. 

«Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім, 

мінез  деген  қасиеттерімен  озады»,  -  деп  Абай  атамыз 

айтқандай,  озық  ойлы  білімдар  адамдар  заманның, 

қоғамның  дамуына,  өзгеруіне  үлесін  қосып  келеді. 

Осындай  қоғамдық  әлеуметтік  мәдени  өзгерістер, 

дамулар  мектептің  оқыту  процесіне  әсер  ететіні  сөзсіз. 

Оқитын  пән  қаншалықты  жаңа,  бағалы  болса  да, 

мұғалімнің  шеберлігі  қандай  жоғары  болсын,  мұғалім 

оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім 

ойдағыдай нәтиже бермейді. 

Жаңа  технологияның  басты  мақсаттарының  бірі  – 

баланы  оқыта  отырып,  ой  еркіндігін,  белсенділігін, 

ізденімпаздығын  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім 

қабылдауға дағдыландыру. 

Міне,  біз  бүгін  танысып  отырған  «Білім  берудегі 

Кембридж  тәсілдерінің  теориялық  негіздері»  осы 

жоғарыда  айтылған  ұстанымға  бағытталған.  Яғни, 

мұндағы  бала  өзі  ізденуші,  бір-біріне  үйретуші,  ал 

мұғалім  –  бағыт  беруші.  Бұл  тәсілдің  басқа 

технологиялардан  ерекшелігі  7  модуль  арқылы  іске 

асады. 


«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің 

айнасы»,  -  деп  А.Сухомлинский  айтқандай,  осы  жеті 

модульдің  ішінде  өзімнің  пәніме  тиімдісі,  баланың 

қызығушылығын  оятары,  білімін  жетілдірері  қайсысы 

екен  деп  көп  ойлағаным  рас.  Саралай  келе,  әр  сабақта 

бір  немесе  бірнеше  модульді  бірден  қолдануға 

болатынын  анықтадым.  Әр  мұғалім  өз  сабағының  – 

көшбасшысы.  Көшті  қалай  бастап  алып  жүрем  десе  де  

өз  еркі.  Ал  көшті  дұрыс  бағыттай  білу  өз  шеберлігіне 

байланысты. 

Бағдарлама  3  деңгейден  тұрады.  Оқыту  мен 

үйретудің мәні мынау болып табылады: 

1. Кызығушылығын ояту –жаңа сабақты түсіндіру 

кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін мен жаңа 

білімді  ұштастырудан  тұрады.  Білім  беру  мен  білім 

алудағы  жаңа  тәсілдер  арқылы  оқытуда  оқушылар 

бұрынғыдай  тек  тыңдап  және  көшіріп  қана  қоймай, 

белсенді әрекеттер атқарады. 

 

 

 



 

Ол  белсенді  әрекеттерге  ойлау,  сөйлеу,  талқылау, 

пікірлесу, жазу жатады.  Жаңа тәсілдер арқылы оқытуда 

білім  дайын  берілмейді,  ол  тек  белсенді  әрекеттер 

арқылы  ғана  игеріледі,  оқушылар  қарым-қатынаста 

болып,  онымен  бірлесе  әрекет  жасау,  диалог  жүргізу 

көзделеді.  Сабақта  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз 

ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асады. 



2.  Мағынаны  тану  -  жаңа  сабақты  бекіту  процесі. 

Бұл  кезеңде  оқушы  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып 

бойынша  жұмыс    жасайды,  тапсырмалар  орындайды. 

Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім 

табу  үшін  топқа  сұрақ  қояды  және  басқаларды  сұраққа  

тартады. 



3. Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы 

кезде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, қандай 

жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл 

жерде  оқушылар  эссе  жазады,  өз  ойларын  қағаз  бетіне 

түсіріп,  түйгендерін  анықтайды.  Бұл  модульдің  нәтижесі 

көп. Атап айтар болсам, ой-пікірін еркін айту, бір-бірінің 

сабақ  барысында  қателіктерін  айту,  жақсы  қасиеттерін 

үйрену,  сабақ,  білім  естерінде  көп  уақытқа  сақталады, 

сабақ  барысында  өзі  талдайды,  бір-біріне  талап,  өтініш, 

тілектерін  білдіре  алады.  Бұл  модульдің  тағы  бір 

ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. 

Балаларды  ұжымдық  оқытудың  төмендегідей 

пайдасы бар: 

Оқушылар  оқу  және  тәрбие  үрдісінде  ғылымға  сусап 

тұрады.  Өз  білімдерін  мақтан  тұтып,  досының  білімін 

қызғанады.  Намыс  пен  мақтаныш  тәрбиеленушіні 

өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді. 

Оқушылар  кездескенде  үнемі  сөйлеседі,  сонымен 

білгірлігін  және  шешендігін  дамытады.  Егер  балалардың 

біреуі  жақсы  сөз  естісе  және  оны  құрбыларына  айтса, 

онда  балалардың  естері  дамиды  және  өзін-өзі  оқыту 

жүреді. 


Ұжымдық  оқытудың  келесі  қоғамдық  пайдасы 

оқушылар  өзара  достасады,  бір-бірін  сыйлауға  үйренеді, 

өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер 

туралы  пікір  айтысады.  Топқа  бөліп  оқытқанда, 

оқушылардың  талпынысы  артады,  әр  оқушы  өзін  жеке 

тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. 

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы 

мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді»  -  деп  неміс 

педагогі  А.Дистервег  айтып  өткендей,  бүгінгі  таң 

мұғалімдері  жақсы  мұғалім  атану  үшін  түрлі  әдістерді 

пайдалану  арқылы  бала  білімін    ұштауда.  Мұғалім 

оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп 

білімдерін  тексеруі  тиіс.  Мұғалім  әр  баланың  білім 

дәрежесі  қаншалықты  екенін  саралап  алғаннан  кейін, 

оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті. 

 

Светлана АКИМЕНКО

Дарьинск ЖББОМ, ІІІ деңгей бойынша 

сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Зеленов ауданы 

 

 



16 қаңтар, 2015 ж.                     Жайық ұстазы                                   4            

 

 



 

 

Цели: проверка знаний и умений учащихся в условиях сложных по 

сравнению  с  этапом  обучения;  развитие  сообразительности,  чувства 

слова; воспитание интереса к теории и практике языка, культуре речи. 

Оборудование: Раздаточный материал, компьютерная презентация  

Ход мероприятия: Орг.момент. 

Добрый день, дорогие друзья! Сегодня мы с вами собрались на игре 

«Лингвистический марафон», поэтому  девизом  игры является девиз 

Олимпийских игр: «Быстрее, выше, сильнее!».  

Знакомство  с  условиями  игры.    В  марафоне  участвуют  4  команды 

(8-9кл.). Представление членов жюри. 

1  тур  Приветствие.  2  тур  «Спортивная  разминка».   «Назови  одним 

словом».   

№1.  1.  Мячик  в  корзину  забросить  хочу,  к  ней,  обводя  игроков,  я 

лечу. Мячик веду, ударяя об пол. Как называют игру?    (Баскетбол) 

2. Что стремится установить спортсмен? (Рекорд) 

3. Встреча двух спортивных команд в игре. (Матч) 

4.  Заслон,  который  игроки  выстраивают,  чтобы  защитить  ворота. 

(Стенка.) 

5.  Мои  новые  подружки.  И  блестящи,  и  легки.  И  на  льду  со  мной 

резвятся. И мороза не боятся. (Коньки) 

№2. 1. В поле между двух ворот. 

 Мяч ногами бьет народ. 

 Цель-забить в ворота гол. Назови игру! (Футбол) 

2. Судья на ринге. (Рефери)  3.  Это, дети, не турист. В гору лезет -  

(альпинист) 

4. Конечный пункт дистанции при таком состязании, обозначаемый 

линией или другими знаками. (Финиш)  

5. 


 Какая 

страна  считается  родиной  футбола?  (Англия) 

№3. Он не зритель, не игрок. У него во рту свисток. 

С ним не буду спорить я, потому что он - …!  (Судья) 

2.  Две  новые,  кленовые.  Подошвы  двухметровые.  В  них  поставил 

две ноги. И по большим снегам беги. (Лыжи) 

3. Сооружение для проведения спортивных состязаний. (Стадион) 

4. Мышка бегает по льду.  Попаду, не попаду? (Шайба) 

5.   Занятие  с  целью  совершенствования  каких-либо  навыков, 

умений (Тренировка) №4.1. Он в игре незаменим, мы гоняемся за ним.   

(Мяч)  2.  Открытый  или  находящийся  в  закрытом  помещении 

искусственный водоем для плавания, прыжков в воду и т.п.  (Бассейн) 

3.  Лыжная  гонка  со  стрельбой.  (Биатлон)  4.  Крепко  натянута  сетка. 

Рядом  стоит  вратарь.  Что  же  это  за  место.  Куда  направлен  удар? 

(Ворота) 

5.  Спортивный  снаряд,  состоящий  из  металлического  стержня 

(грифа)  длиною  около  2  м  и  надеваемых  на  его  концы  дисков 

различного веса. (Штанга) 

Тур 3 «Старт»   Интереснейший из туров. 

Наш весёлый «кластер». Отвечайте на вопросы.  

Приглашаем всех на стартПодобрать ассоциации к слову «спорт». 

Тур 4  «Биатлон» «Очень трудно быть, не спорьте, 

Самым метким в этом спорте. 

Просто мчаться по лыжне, 

То под силу даже мне. 

Сам попробуй бегать день, 

А потом попасть в мишень.  

Лежа навзничь, из винтовки,  

Тут нельзя без тренировки! 

А мишень тебе не слон. 

Спорт зовётся … (Биатлон) 

Произнесите звуки! в  обратном  порядке.  Напишите  слова,  которые 

получились:  Например,  дог  (код),  кот  (ток),  араб  (пара),  ноль  (лён), 

ель  (лей)  раб  (пар),  краб  (парк),  яр  (рай),  кот(ток),  пыж  (шип),  горб 

(прок), кот (ток), араб (пара), яр (рай), муж (шум), торг (крот), короб 

(порок), ноль (лён), лещ (щель), араб (пара). 

Конкурс болельщиков. 

Слово жюри. Тур 5 «Лыжная гонка» 

В течение 1минуты я буду задавать вопросы команде, вы быстро на 

них отвечаете. Если вы не знаете ответ на вопрос, говорите «Дальше». 

Задание: подберите синоним к фразеологизмам. 

Вставлять  палки  в  колеса  –  мешать.  Водить  за  нос  –  обманывать. 

Немало «воды утекло»  - прошло много времени. О ком мы говорим - 

«сквозь огонь и сквозь воду пройдет» -  о смелом человеке. «Воды в 

рот набрал» - молчать. Сесть в калошу (потерпеть неудачу, оказаться 

в  смешном,  неловком  положении).  Лить  крокодиловы  слезы 

(лицемерить, притворяться).  



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал