Нұр шашқан ай! Қазақстан мұсылмандары



жүктеу 388.51 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі388.51 Kb.
  1   2   3   4

Рамазан

 -

 

нұр шашқан ай!

Қазақстан мұсылмандары 

Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти



ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ

ҚАзАҚСТАн мұСЫЛмАнДАРЫ 

ДІни БАСҚАРмАСЫнЫң САРАпТАу 

комиССияСЫ мАҚұЛДАғАн

ББК 86.38

Д 33

Дербісәлі әбсаттар қажы

Д 33  Рамазан - нұр шашқан ай, - Алматы: 

 

«Көкжиек-Б» баспасы, 2008. - 52 бет



ISBN 9965-809-38-0

Бұл  шағын  кітапша  халыққа  қасиетті 

рамазан  айында  ораза  ұстаудың  мән-

мағынасы мен ретін үйретуге негізделген.

Ораза жайлы кең мәліметтерді қамтитын 

кітапша қалың жұртшылыққа арналған.

ББК 86.38

ISBN 9965-809-38-0

© «Көкжиек» баспасы, 2008


Р

амазан  –  сағына  күтіп,  қимай  қоштасатын,  Құран 

Кәрімнің  асыл  аяттары  түсе  бастаған  мұсылман 

жұртшылығының қасиетті айы.  

Рамазан – өзінің ішкі жан-дүниесімен сыр бөлісіп, пенденің 

шын  ықыласпен    тәубаға  келу  айы.  Бұл  айда  Аллаһтың 

рақымынан үміт ете отырып ауыз бекітіп, құлшылық жасаған 

адамның  тәубесі  қабыл  болып,  жапырақтары  төгілген  күзгі 

ағаштай күнәларынан арылады. 

Бұл  айдағы  ауызашар  мен  сәресінің  берекесі  тіптен 

айтып  жеткізгісіз.  Адам  жанына  сергектік  сыйлап,  жүрегін 

жылылыққа  бөлейтін  бұл  қасиетті  кезең  кісіні  барша  нашар 

қылықтардан:  кісімсуден,  даңдайсудан,  тәкаппарлықтан 

алшақтатады.  Барынша  кішіпейілдікке  баулиды.  Күллі 

жаратылыс  атаулының  ішінде  адам  баласының  ең  ардақты 

екендігіне  баршамыздың  көзімізді  жеткізіп,  соған  шүкір  ете 

білуге үйретеді. Мүмин кісі бұл айда күнәлардан бойын аулақ 

ұстап, жақсылықты көбірек жасауға ұмтылады. Өйткені,  бұл – 

тамұқ есіктері жабылып, жұмақ есіктерінің айқара ашылатын, 

шайтан  атаулының  ауыздықталатын  айы.  Бар  ынтасымен 

ауыз  бекітіп,  жан  дүниесін  айнадай  жарқыратып  ұстаған 

адамды  қанша  азғырғанмен  дегенін  істете  алмай  бұл  айда 

шайтанның дымы құриды. Себебі, ораза мүминді барша күнә 

атаулыдан сақтайды. 

Таңның  атысы  кештің  батысына  дейін  нәр  татпай  ғана 

қоймай, мұнымен қоса түрлі жамандықтардан бойын тыя білу 

–  нәпсіні  тәрбиелеуде  үлкен  мектеп  екені  даусыз.  Ал  күні 

Кіріспе


ББК 86.38

Д 33


Дербісәлі әбсаттар қажы

Д 33  Рамазан - нұр шашқан ай, - Алматы: 

 

«Көкжиек-Б» баспасы, 2008. - 52 бет



ISBN 9965-809-38-0

Бұл  шағын  кітапша  халыққа  қасиетті 

рамазан  айында  ораза  ұстаудың  мән-

мағынасы мен ретін үйретуге негізделген.

Ораза жайлы кең мәліметтерді қамтитын 

кітапша қалың жұртшылыққа арналған.

ББК 86.38

ISBN 9965-809-38-0

© «Көкжиек» баспасы, 2008

3


бойғы нәпсімен арпалысқан күрестің есесіне кешке сізді мол 

сауап, ерекше ләззатты сәттердің күтіп тұруы өз алдына бір 

ғанибет. 

Баса  айта  кетер  тағы  бір  жайт,  жаратушы  Жаббар  Ие 

ешқашан да пенделерінің оразасы мен құлшылығына мұқтаж 

емес, қайта пенделер өздерін жаман қылықтардан арылтуда 

әрі о екі дүниеде де жақсылыққа кенелуде құлшылық жасауға 

көбірек мұқтаж.

Ораза  бір  жағынан  адамның  өз-өзіне  есеп  беруі  іспетті. 

Ол – иләһи сырларды түйсінудің құтты кеңістігі. Рамазанның 

аспаны  қай  кезде  де  берекелі  ақ  нөсерін  төгуге  дайын 

рақым  бұлттарына  толы.  Оның  сұлу  тамшылары  кенезесі 

кепкендердің таңдайын жібітіп, шөлін басады.  

Рамазан  –  жығылғанды  демеп,  жылағанды  жұбататын, 

мұң-мұқтаждардың  қабағын  кірбіңнен  арылтатын  шынайы 

жанашырлықтың  айы.  Бұл  айда  жақсылық  көрген  жетім-

жесірлердің  жүзі  жадырап,  ғаріп-міскіндердің  арқа-басы  бір 

кеңейіп қалады. Жыл сайын Рамазан айын қуана қарсы алып, 

айналамызға  нұр  шұғыласын  шашқан  қасиетті  кештердің, 

құлақ  құрышын  қандыратын  азанның,  сәресідегі  тәттіліктің, 

ауызашардағы  ләззатты,  тарауих  намазына  деген  ынтаны 

көрген балалар да бұл айдың ерекшелігін сезеді. Олар үшін 

әрбір Рамазан айы ұмытылмас балалықтың бал сезімдерімен 

есте қалады. 

Рамазан – өзінің әлсіз, әлжуаз екенін мойындап, құлшылық 

арқылы қуат алғысы келетін әрі бойындағы «тау тасынан кем 

емес»  сансыз  мінін  жоюға  тырысқан  рухани  науқас  құлдың 

дертін емдейтін мейірімді дәрігер іспетті. 

Рамазан  айы  күн  шапағындай  әр  тарапқа  шуағын  төге 

отырып, адамды ізгілік пен қайырымдылық әлеміне шақырып, 

бауырмашылдықпен өмір сүруге үндейді. Әр жылғы оразасын 

үзбей  ұстап,  бір  ай  тақуалықтың  мектебінен  өтіп,  ғұмырына 

мән  сыйлаған  Жаратқанның  адал  құлдарын  ақыретте  күтіп 

тұрған сый қаншалықты зор десеңізші!

Ендеше,  барлықтарыңызды  қасиетті  Рамазан  айының 

келуімен  құттықтап,  ниеттеріңіз  қабыл  болсын  демекпіз. 

Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін! Аллаһ 

Тағала барлығымызға сауаптан жазғай!




Ораза деген 

не?


А

раб  тіліндегі  «саум»  (ораза) 

сөзінің 

мағынасы 

«бір 

нәрседен  алшақ  тұру,  адамның  өзін 



тізгіндей  білуі  және  жол  бермеу» 

деген 


мағыналарды 

білдіреді. 

Оразаның 

терминдік 

мағынасы 

–  арнайы  ниет  ете  отырып  таңның 

атысынан  кештің  батысына  дейін 

ішіп-жеуден,  нәпсі  қалауларынан 

тыйылу.  Ораза  құлшылығы  Мәдина 

кезеңінде,  хижраның  екінші  жылы 

мұсылмандарға парыз етіп бекітілген.

Оразаның парыз 

етілуінің құрандағы 

дәлелдері

Ораза ұстау – Құран Кәрімде және 

Пайғамбарымыздың (саллаһу алайхи 

уә сәллам) хадис шәріптерінде нақты 

бекітілген бес парыздың бірі. Құранда: 

«ей, иман келтіргендер! сендерден 

бұрынғыларға  парыз  етілгендей 

тақуалыққа жетулерің үшін ораза 

ұстау сендерге де парыз етілді»,



 

делінген.  Тағы бір аятта: «сендердің 



араларыңда  кімде-кім  рамазан 

айының  туғанын  көрсе,  сол  күні 

ораза  ұстасын.  сырқат  немесе 



  Бақара, 183



«Ей, иман 

келтіргендд

дер! Сендерден 

бұрынғыларға 

парыз етілгендд

дей тақуалыққа 

жетулерің үшін 

ораза ұстау сендд

дерге де парыз 

етілді»

Бақара сүресі.

5


жолаушылар  ораза  айында  ұстай  алмаған  күндерін 

басқа күндері ұстасын»



 – деп көрсетілген.  



ора за ның уақы ты: Таң ның атуы нан күн нің ба туына дейін-

гі  аралық.  Ол  Құранда  былай  білдірілген:  «таңнан,  қара 



жіптен  ақ  жіп  (қараңғылықтан  сәуле)  ажыратылғанға 

дейін  ішіңдер,  жеңдер,  сосын  оразаны  кешке  дейін 

ұстаңдар»



.

сүннеттегі дәлелдері

Пайғамбарымыз  (саллаһу  алайхи  уә  сәллам)  оразаның 

парыз  етілуіне  байланысты:  «Ислам  мына  бес  нәрсеге 

негізделген: Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екеніне және Мұ-

хам мед тің Аллаһ тың құ лы әрі Ел ші сі еке ні не куә лік ету, намаз 



оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және шамасы 

келгендердің қажылыққа баруы»,



 – деген. Тағы бір хадисінде 

Пай ғам ба ры мыз  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм):  «Жа ңа  ту-

ған айды көр ген кез де ора за ұс таң дар, екін ші жа ңа ту ған айды 

көр ген кез де ора за ла рың ды тоқ та тың дар. Егер ас пан бұл тты 

бол са, Шағ бан айын отыз ға то лық ты рың дар»,

5

 – деген. 



басқа діндердегі ораза

Оразаның басқа діндерде де кездесуі жоғарыда келтірілген 

Құран  аятының  ақиқаттығын  растай  түседі.  Аятта:  «ей, 

иман  келтіргендер!  сендерден  бұрынғыларға  парыз 

етілгендей тақуалыққа жетуде ораза сендерге де парыз 

етілді»  делінген.  Діндер  тарихына  көз  жіберсек,  исламға 

дейінгі діндерде де оразаға ұқсас құлшылық түрінің болғанын 

байқаймыз.  Мысалы,  кельттердің  ораза  ұстағандығы,  көне 

мексикалықтардың,  перулықтардың,  вавилондықтардың 

және  ассириялықтардың  оразаға  ерекше  мән  бергендіктері 

айтылады.  Сонымен  қатар  июдаизм  мен  христиандықта, 

индуизм, брахманизм, жаинизм және т.б. діндерде де уақыты, 

мақсаты  мен  формасы  жағынан  әр  түрлі  болса  да  ауыз 

бекітудің құлшылық ретінде орындалғанын көреміз. Яғни, бұл 

2

  Бақара, 185



3

  Бақара, 187



  Бухари, Иман 1; Муслим, Иман 20; Тирмизи, Иман 3



5

  Бухари, Саум,5; Муслим, Сиям, 4

6


Жаратушы  парыз  қылып  міндеттеген 

оразаның – адам баласын тақуалыққа, 

кемелдікке  жеткізіп,  рухани  әлемнің 

сырларын бойлауға бастайтын ерекше 

құлшылық екендігінің дәлелі. 

Пайғамбарымыздың оразаны 

түсіндіруі

Құлшылықтың  пайдалары  мен  ерекшеліктерін  жан-жақты 

түсіндірген  Ардақты  пайғамбарымыз  (саллаһу  алайхи  уә 

сәллам) үмбетін де соны орындауға ынталандырған. 

Әбу  Һұрайра  риуаят  еткен  бір  хадисте  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Аллаһ Тағаланың 

былай деп бұйырғанын жеткізген: 

«Адам  баласының  барлық  амалы  өзі  үшін 

жазылады.  Алайда  оразаның  жөні  бөлек. 

Оның  қарымын  тек  Мен  беремін.  Өйткені  ол 

тек  менің  разылығым  үшін  ішіп-жеуден  бас 

тартты. Ораза ұстаған адамның екі қуанышты 

сәті бар: біреуі ауызашар уақыты, екіншісі Аллаһ 

Тағаламен қауышар сәті. Ораза ұстаған адамның 

аузынан шыққан иіс Мен үшін жұпар иісті мисктен 

артық»



Аллаһтың  разылығы  үшін  аштықтың  тауқыметін 

тартып бұл дүниеде қиналған адам о дүниеде шексіз 

рақымға бөленбек.  

Мына  бір  хадисте  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу 

аләйһи  уәсәлләм):  «Әр  нәрсенің  өз  зекеті  бар. 



Тәннің  зекеті  –  ораза  ұстау.  Ораза  –  сабырдың 

жартысы»



  –  деу  арқылы  құлшылық  жасауда 

сабырлы  болуға  шақырады.  Ораза  бір  жағы  күнә 

жасамауда  сабырлы  болуға,  екінші  жағы  ғибадат 

жасауда шыдамдылыққа тәрбиелейді.

  Оразаның  теңдессіз  құлшылық  екендігі  жайлы 

Әбу Үмәма (р.а.) былай дейді:

6

   Бухари, Саум,2; Муслим, Сиям, 152



7

   Ибн Маже, Сиям 44

7


«Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған 

«Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. 

Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең 

келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады»



Оразаның  сауабына  байланысты  басқа  хадистерінде 

Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм):  «Кімде-

кімді  ораза  ішіп-жеуден  тыйса,  Аллаһ  Тағала  оған  Жұмақ 

жемістерінен  жегізіп,  Жұмақ  бұлақтарынан  ішкізеді»



,    

«Жұмақта «Раййан» деп аталатын есік бар, ол есіктен тек 

ораза  ұстағандар  ғана  кіре  алады»,

10

  –  деу  арқылы  ораза 

ұстаушылардың  Жәннатта  арнайы  құрметке  бөленетінін 

сүйіншілеп жеткізген.  

Ардақты  елші  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  басқа  да 

хадистерінде:  «Ораза  ұстаған  жанның  жегені  адал  болса, 

ақыретте есепке тартылмайды»

11



«Ораза  ұстағанның  ұйқысы  –  ғибадат,  үндемегені 

–  (Аллаһқа  айтылған)  мадақ!  Жақсылықтары  мен 

ғибадаттарына еселеп сауап жазылады. Оның дұғасы қабыл 

етіліп, күнәлары кешіріледі»;

 «Рамазан айына жете тұрып, Аллаһ Тағаланың рақымы 

мен  кешірімінен  мақұрым  қалған  адамның  жағдайы  қандай 

өкінішті»

12

 – деп, мұсылмандарды рақым нұры төгілген бұл 

айдың берекетінен мақұрым қалмауға шақырған. 

Сүйікті  Пайғамбарымыздың  тағы  бір  хадисінде  кім  бұл 

дүниеде ораза ұстаса, ақыратте ол адамға ұстаған оразасының 

кешірім тілеп шапағат ететіні айтылған: 



«Ораза  –  ауыз  бекіткен  жанға  Қиямет  күні  шапағат 

етеді.  Сол  күні  ораза  Хақ  Тағалаға  «Уа,  Раббым!  Мен  оны 

күндізгі  барша  ішіп-жеу,  ләззат  атаулыдан  тыйдым.  Сол 

себепті,  оған  деген  шапағатымды  қабыл  ала  гөр!»  деп 

тілек  тілейді.  Аллаһ  Тағала  оразаның  бұл  тілегін  қабыл 

алып, оның шапағат етуіне рұқсат етеді»

13

.



8

  Нәсаи, Сиям, 43

9

  Әл-Хунди, Кәнзул-Ұммал, 3/328



10

  Ибни Мәжа, Сиям, 1



   әл-Хунди, Кәнзул-Ұммал, 3/328



12

  Тирмизи, Даауат, 100

13

  әл-Мұнзири, әт-Тарғиб, 2/84



8

Ораза туралы ұлы кісілердің 

айтқандары:

«Жеті нәрседен жақсылық күтпеңіз: ықылас-

сыз  оқылған  намаздан,  нашар  қылықтардан 

тыйылып  ұстамаған  оразадан,  селқос  оқыған 

Құраннан,  күнәларды  тыймаған  ғибадаттан, 

қайырымы  жоқ  байлықтан,  адал  емес  амал 

достықтан, ықыласпен жасалмаған дұғадан»   

Хазірет Әли

«Өмір  бойы  ораза  ұстап,  түндерімді 

ғибадатпен 

өткізсем 

де, 

байлығымды 

оңды-солды  дін  жолында  таратсам  да 

егер  Аллаһқа  бағынған  құлдарды  жақсы 

көріп,  бағынбағандарын  жек  көрмесем,  бұл 

істегендерімнің ешқайсысының пайдасын көре 

алмаймын»

Абдуллаһ ибн Омар

«Ғибадат  егер  құс  болса,  оның  қос  қанаты 

ораза мен намаз болары күмәнсіз» 

Яхия ибн Муаз

«Мүмин сыбызғы тәрізді, іші бос болса ғана 

дыбысы жақсы шығады»

Әбу Талиб и Мәкки

«Ораза ауызды бекіту арқылы жүрек көзінің 

ашылуына  көп  көмегін  тигізеді.  Рух  көзін  ашу 

дененің қуатын бәсеңдету арқылы жүзеге аса--

ды.  Жүрек  көзі  соқыр  жандарды  ешқандай 

құлшылық нұрландыра алмайды». 

Жәлаладдин Руми (Мәулана) 

«Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған 

«Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. 

Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең 

келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады»



Оразаның  сауабына  байланысты  басқа  хадистерінде 

Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм):  «Кімде-

кімді  ораза  ішіп-жеуден  тыйса,  Аллаһ  Тағала  оған  Жұмақ 

жемістерінен  жегізіп,  Жұмақ  бұлақтарынан  ішкізеді»



,    

«Жұмақта «Раййан» деп аталатын есік бар, ол есіктен тек 

ораза  ұстағандар  ғана  кіре  алады»,

10

  –  деу  арқылы  ораза 

ұстаушылардың  Жәннатта  арнайы  құрметке  бөленетінін 

сүйіншілеп жеткізген.  

Ардақты  елші  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  басқа  да 

хадистерінде:  «Ораза  ұстаған  жанның  жегені  адал  болса, 

ақыретте есепке тартылмайды»

11



«Ораза  ұстағанның  ұйқысы  –  ғибадат,  үндемегені 

–  (Аллаһқа  айтылған)  мадақ!  Жақсылықтары  мен 

ғибадаттарына еселеп сауап жазылады. Оның дұғасы қабыл 

етіліп, күнәлары кешіріледі»;

 «Рамазан айына жете тұрып, Аллаһ Тағаланың рақымы 

мен  кешірімінен  мақұрым  қалған  адамның  жағдайы  қандай 

өкінішті»

12

 – деп, мұсылмандарды рақым нұры төгілген бұл 

айдың берекетінен мақұрым қалмауға шақырған. 

Сүйікті  Пайғамбарымыздың  тағы  бір  хадисінде  кім  бұл 

дүниеде ораза ұстаса, ақыратте ол адамға ұстаған оразасының 

кешірім тілеп шапағат ететіні айтылған: 



«Ораза  –  ауыз  бекіткен  жанға  Қиямет  күні  шапағат 

етеді.  Сол  күні  ораза  Хақ  Тағалаға  «Уа,  Раббым!  Мен  оны 

күндізгі  барша  ішіп-жеу,  ләззат  атаулыдан  тыйдым.  Сол 

себепті,  оған  деген  шапағатымды  қабыл  ала  гөр!»  деп 

тілек  тілейді.  Аллаһ  Тағала  оразаның  бұл  тілегін  қабыл 

алып, оның шапағат етуіне рұқсат етеді»

13

.



8

  Нәсаи, Сиям, 43

9

  Әл-Хунди, Кәнзул-Ұммал, 3/328



10

  Ибни Мәжа, Сиям, 1



   әл-Хунди, Кәнзул-Ұммал, 3/328



12

  Тирмизи, Даауат, 100

13

  әл-Мұнзири, әт-Тарғиб, 2/84



9

Оразаны не үшін 

ұстаймыз?

О

разаның  жеке  адамға 

да,  қоғам  үшін  де 

пайдасы  көп.  Алайда,  кез-

келген 

ғибадат 


тәрізді 

мұсылман 

адам 

ниетін 


таза  ұстап,  оразаны  Аллаһ 

Тағаланың бұйырғаны үшін ғана ұстайды. Хазірет Әли (р.а.) 

бұл жөнінде: «Пайдаға бола жасалған ғибадат – саудагердің 

ғибадаты. Үреймен жасалған құлшылық – құлдың ғибадаты. 

Аллаһ Тағаланың жақсылықтарына шүкіршілік ету мақсатында 

орындалған  құлшылық  –  нағыз  ерікті  адамның  ғибадаты»



 

деген  екен.  Иә,  құлшылықтың  бұл  түрінің  Жаратушының 



әмірі  екендігін  жете  түсініп,  кіршіксіз  адал  ниетпен  ұсталған 

оразаның адам баласына тигізер пайдасы мол.



сәресіге тұрмай-ақ ораза ұстауға бола ма? 

Сәресі – таң әлі атпай тұрып түннің соңғы мезгілінде ішілетін 

ас.  Аллаһтың  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  бір 

хадисінде сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар 

үшін  періштелердің  дұға  ететінін:  «Сәресіде  берекет  бар. 

Бір жұтым су ішсең де оны үзбе. Өйткені Аллаһ Тағала мен 

періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді»

15

 – деп 



білдірген.  

Cәресі  –  ең  берекелі  уақыт.  Ол  –  дұға,  намаз  оқып, 

Құран  қабыл  болатын  сәт.  Бұған  қоса  сәресі  асын  ішу  күні 

бойы  ұстайтын  оразаның  қиындығын  жеңілдетіп,  басқа  да 

құлшылықтарды  орындауға  күш  береді.  Сәресінің  уақытын 

кешіктіріңкіреп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда 

жеген абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) 

бұл мәселеге қатысты: «Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешік-



   Али әл-Қари, Мирқатул-мафатих, 2\135



15

 

 



Ахмад б. Ханбал, Муснад, 3/12, 32,44,99

10


терген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта»,

16

 – деген. 



Аштыққа шыдау кей кісілер үшін қиынға соғатынын ескерсек, 

ауыз  ашуға  асығып,  ауыз  бекітуге  асықпауға  болатынын  

білдіруі  үмбетіне  деген  Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу 

аләйһи  уәсәлләм)  мейірімділігінен  туғанын  аңғарамыз. 

Сәресіні  таң  намазына  дейін  кешіктіру  таң  намазын  жіберіп 

алмауға жасалған сақтық екені де белгілі. 



Оразаның дұрыс орындалу шарттары

1.  Хайыз  бен  нифастан  таза  болу:  Хайыз  бен  нифас 

(етеккір,  бала  босанған  әйелдің  жатырынан  қан  келу  кезі) 

жағдайындағы  әйелдер  уақыты  өткеннен  кейін  оразаның 

қазасын өтейді. Адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде 

болуы, ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ, мүмкіндігіне қарай 

ауыз бекітпес бұрын ғұсыл алу – абзал.

2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бір 

адам  түн  жарымында  ертеңгі  күннің  ораза  екенін  біліп,  бұл 

айда ораза ұстайтынын жүрегімен сезсе немесе сәреге тұрса, 

бұл ісі ораза ұстауға ниет саналады.

Барлық  оразаға  түнде  немесе  таң  уақыты  кірмей  тұрып 

ниет ету –  абзал. Рамазан оразасына ниет етерде әрбір күніне 

жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі, әрқайсысы өз алдына жеке 

ғибадат. Бұл –  ғалымдардың басым көпшілігінің пікірі.

16

  Әбу Дауд, Саум, 21; Ахмад б. Ханбал, Муснад, 2/450



Оразаның ниеті:

«Аллаһ разылығы үшін  таңнан күн батқанға дейін 

мүбарак  рамазан  айының  оразасын  ұстауға  ниет 

еттім» деп әр күн үшін арнайы ниет ету керек.




Ораза ұстағандар үшін ұнамды 

(мұстахап) нәрселер

Ауыз бекіткен кісілердің төмендегі істерді жасауы мұстахап 

(жөн іс) .

1.  Бір  жұтым  су  ішсе  де  сәресіге  тұру.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  бұл  тұрғыда:  «Сәресіге 

тұрыңдар.  Өйткені,  сәресінің  тамағында  берекет  бар».

1

 

Басқа  бір  хадисінде:  «Сәресі  тамағы  –  берекет.  Бір 



жұтым су да болса,  оны тастамаңдар. Өйткені, сәресіде 

тамақтанғандарға  Аллаһ  рақым  етіп,  оларға  періштелер 

кешірім тілейді»,

18

 – дейді.



Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру – мұстахап. 

Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  «Үмбетім 



ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан 

жақсылықта»,

1

 - деген.

2. Ақшам намазынан бұрын ауыз ашу. Намазда адамның 

көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу – 

мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен қатар, 

ауызды  құрма немесе  сумен  ашу  –  сүннет.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) осылай ашқан.

3.  Аузы  берік  жандармен  бірге  ауыз  ашу  және  жоқ-

жітіктерге  қарасып,  кедейлерге  қол  ұшын  беру  –  мұстахап. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) былай дейді: 

«Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі 

– ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы 

берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді″

20

.

17

  Бухари, Саум, 20



18

  Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 44

19

  Бухари, Саум, 45



20

  Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48

12


4. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан (етеккір) 

тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ, аузы 

берік күйде жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай 

кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. 

Әйелдің  хайыз  яки нифас  мерзімі    түнде  аяқталып,  оразаға 

ниет етсе және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы 

жарамды. Бірақ алғашқы мүмкіндікте ғұсыл алғаны жөн.

5. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен 

орынсыз  іс-қимылдардан  бойын  аулақ  ұстап  байсалдылық 

танытуы  –  мұстахап.  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи 

уәсәлләм) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған әрекет 

етуді  қоймаған  адамның  ішіп-жеуді  ғана  доғаруы  Аллаһқа 

қажет емес″

21

.  Басқа бір  хадисінде: «Небір ораза ұстағандар 

бар. Олардың оразасында құр шөлдеу мен аштықтан басқа 

ешқандай  пайда  жоқ.  Небір  түнде  тұрып,  нәпіл  ғибадат 

еткендер  бар.  Бірақ,  онысымен  ұйқысыздықтан  басқа 

ешқандай  табыс  таппайды»,

22

  –  деген.  Сонымен  қатар 



Рамазанда  «Мен  оразамын»  деу  –  сүннет.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) былай дейді: «Кімде-кім аузы 



берік  болса,  жаман  сөз  сөйлемесін.  Дауыс  көтеріп,  айқай 

шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі 

келсе оған: «Мен оразамын» десін.

23

6. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, 

ғылыммен,  Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. 

Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  Рамазанда 

«Жәбірейіл  екеуі  бір-біріне  кезекпе-кезек  Құран  оқытып, 

тыңдасатын»

2

.

21

  Ахмед ибн Ханбәл, VІ, 34



22

  Ибн Мажә, Сиям, 21

23

  Бухари, Саум, 2



24

  Бухари, Бәдул-Уахи, 5



«Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында 

құр шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайда 

жоқ. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер 

бар. Бірақ, онысымен ұйқысыздықтан басқа 

ешқандай табыс таппайды»

Хадис

13


7. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа 

(мешітте  болып,  құлшылыққа  берілу)  кіру  –  сүннет. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)  Рамазанның 

ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын

25

.

аузы берік кісіге мәкрүһ және мәкрүһ емес 



нәрселер

1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау – мәкрүһ 

(тыйым  салынады).  Бұл  оразаның  бұзылуына  себеп  болуы 

мүмкін. Бірақ, көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін қадағалау 

үшін,  тамақтың  дәмін  көріп,  түкіріп  тастауға  болады.  Дәмін 

татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.

2.  Дәрет  алған  кезде  аузына,  мұрнына  суды  көп  тарту 

– мәкрүһ.

3. Шайналып тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау – мәкрүһ. 

Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.

4. Аузы берік адам әлсіреп өзін сақтай алмайтындай болса, 

қан  алдыруы  –  мәкрүһ.  Егер  көтере  алса,  мәкрүһ  емес.  Ең 

жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.

5.  Рамазанда  қатты  ыстықтап  салқындау  үшін  ауыз  бен 

мұрынды сулау және суық сумен жуыну – Әбу Юсуф бойынша 

мәкрүһ емес. Өйткені, мұндай уақытта адамға жеңілдік туады. 

Фәтуа осы үкімге берілген.

6.  Өзіне  сене  алмаған  аузы  берік  адамның  әйелін  сүюі 

–  мәкрүһ.  Өзіне  сенсе,  мәкрүһ  емес.  Хадисте  Пайғамбары-

мыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  зайыбын  сүйгені 

және әзілдегені жайлы айтылады

26

.



7. Аузы берік жанның гүл мен әтір секілділерді  иіскеуі және 

сүрме жағуы – мәкрүһ емес.



Ораза бұзылғанда қазасы ғана өтелетін  

жағдайлар

Қателесіп,  бір  нәрсе  ішіп-жеу  оразаны  бұзады.  Яғни  бір 

адам  ораза  екенін  біле  тұрып,  қателесіп  бір  нәрсе  ішіп-

жесе, оразасы бұзылады. Мысалы, дәрет алып жатқан кезде 

25

  Муслим, Итиқад, 8



26

  Ибну Мажә, Сиям, 19




байқаусызда тамағына су кетіп қалса, қарды аузына салып, 

ол тамағынан өтсе, оразасы бұзылады. Қазасы өтеледі. Егер 

де ораза екенін ұмытып істесе, ораза бұзылмайды. 

Ұмытып  бір  нәрсе  ішіп-жеу  немесе  ұмытып  ерлі-

зайыптылардың бір-біріне жақындауымен ораза бұзылмайды. 

Өзінің  ораза  екенін  білмей  бір  нәрсе  жеген  адамның  есіне 

ораза екендігін салмау –  мәкрүһ. Егер өте әлсіз, кәрі біреу 

болса, есіне салмау абзал. Сол секілді өздігінен іштен келген 

ауыз  толмаған  құсық  өздігінен  қайта  кері  қайтса,  ораза 

бұзылмайды. Алайда, өздігінен жұтылмай оны жұтса, ораза 

бұзылады. Және аузы берік адам өз қалауымен ауыз толтырып 

құсса, ораза бұзылады. Өйткені, бұл дәретті бұзумен қатар, 

аз немесе көбі ішке қайта  кетеді. Бұның қазасы керек. Яғни, 

мейлі аз, мейлі көп, әдейі ішке құсық жұтылған кезде ораза 

бұзылады. 

Ауыз  толы  құсық  қақырық  болса,  Әбу  Ханифа  мен  Имам 

Мұхаммед  бойынша,  оразаға  ешқандай  зиян  тигізбейді.  

Жоғарыдағы  мәселелерге  мына  хадис  дәлел:  «Аузы  берік 



адам құсқысы келіп, өзіне ие бола алмаса, оған қазасын өтеу 

міндетті емес. Өз қалауымен құсатын болса, оразасын қаза 

етсін».

27

Жеуге  жарамайтын  нәрселердің  тамақтан  өтуі  оразаны 



бұзбайды.  Мысалы,  ауаға  жайылған  түтін,  шаң  оразаны 

бұзбайды.  Көз  бен  құлаққа  сұйық  дәрі  тамызса,  ораза 

бұзылмайды.  Ал,  мұрынға  тамызылса,  бұзылады.  Қазасы 

өтеледі. 



Ине салдыру оразаны бұза ма?

Ине  ектірудің  оразаны  бұзып-бұзбауына  байланысты 

кейінгі Ханафи ғұламалары арасында екі түрлі үкім бар. Бұл 

үкімдер  Әбу  Ханифа  және  оның  шәкірттері:  Әбу  Юсуф  пен 

Мұхаммедтің денеге кірген  пышақ секілді т.б. қатты заттардың 

қалдырған  дене  жарақатына  дәрі  май  жағудың  оразаны 

бұзып-бұзбайтындығы  төңірегіндегі  фәтуларын  негізге 

ала отырып  анықталған. Айталық, 

27

  Әбу Дәуд, Саум, 33; Тирмизи, Саум, 24



15

А) Әбу Ханифаның «терең жараға жағылған дәрілік майдың 

оразаны бұзатындығы» жайлы пікірін негізге алған ғалымдар, 

ине  арқылы  тамырмен  денеге  бір  нәрсенің  тарайтындығын 

алға  тартып,  ораза  бұзылады  деген.  Қоректік  жағы  дау 

тудырғанмен, қабылданған ондай заттың денені күшейтетіндігі 

белгілі. 

Ендеше, дәрі мейлі ауызбен ішілсе де, инемен қабылданса 

да,  кәффаратты  қажет  етпейді,  бірақ  оразаны  бұзады  және 

қазасы өтеледі. Дәрі ішкен я болмаса ине ектірген адам не сол 

күні ораза ұстамауы, не дәрі мен инені сәресі мен ауызашар 

уақыттарына қалдырғаны жөн. 

Ә)  Ал  Әбу  Ханифаның  шәкірттері  Әбу  Юсуф  пен 

Мұхаммедтің  «терең  жараға  жағылған  дәрілік  май  оразаны 

бұзбайды» деген пікірін негізге алған ғалымдар, ине ектірудің 

оразаны  бұзбайтындығын  айтқан.  Өйткені,  азық  табиғи 

жолмен бармағандықтан, ол қоректің қарынға не миға жетуі 

аса  маңызды  емес.  Сол  себепті,  бұндай  жағдайда  ораза 

бұзылмайды.  1948  жылы  Әзхар  университетінің  Фәтуа 

Комиссиясы  табиғи  ойықтардан  денеге  өткен  нәрсенің 

оразаны бұзбайтындығы жөнінде фәтуа берген. Өйткені, бұл 

емдік

 

тәсілінің  ауызға  дәрі  салып  жұтуға  ұқсамайтындығы 



анық.  Сондай-ақ,  демікпе  не  тыныс  жүйелерінде  ақауы 

барлар да ауызға дәрі шашыратса, ол өкпеден өтіп, асқазанға 

жетпейтіндіктен  оразаны  бұзбайтындығы  алға  тартылған. 

Кейбір аурулардан қорғану мақсатында ине ектіру де оразаны 

бұзбайды.  Өйткені,  бұндай  жағдайда  денеге  қорек  алу 

көзделмейді  делінуде.  Бірақ,  қоректену  мақсатында  денеге 

қуат  беретін  арнайы  гемоглобин  секілді  нәрселерді  ине 

арқылы қабылдау оразаны бұзады.

16


Жоғарыдағы  қай  пікірді  таңдаса  да,  ұстанса  да  негізгі 

жауапкершілік  таңдаушыға  тән.  Негізі,  дініміз  сырқаттанған 

немесе  ем  қабылдап  жүрген  кісілердің  ораза  ұстамауына 

рұқсат еткен. Сондықтан емдікке дәрі ішіп не ине қабылдап 

жүрген адамның жақсы емделіп, болашақта құлшылықтарын 

үлкен ықыласпен атқаруы мақсатында Рамазан кезінде ораза 

ұстамауына болады. Бұл – өздері шешетін мәселе.

  Ал,  ауырса  да  көпшілікпен  бірге  ораза  ұстап,  Рамазан 

айының қасиетінен құр қалғысы келмеген кісі екінші топтағы 

фиқһ  ғалымдарының  пікіріне  сүйеніп,  ораза  кезінде  ине 

қабылдай беруіне болады.

28

Оразаны не бұзбайды? 

1. Ұмытып ішіп-жеу не білмей жыныстық қатынаста болу. 

Ұмытып істелген бұл істер оразаны бұзбайды. Ұмытқан адам 

есіне  түскен  кезде  дереу  тоқтатуы  керек.  Ал  егер  ішкен  я 

жеген кісі күш-қуаты жоқ әлсіз не жасы үлкен кәрі адам болса, 

онда    ол  кісіге  тоқтау  айтпаған  жөн.  Өйткені    Аллаһ  Тағала 

әлсіз  кісілерге  мейірімділік  жасап,  ораза  екенін  ұмыттырып, 

ішкізіп-жегізуде.  Ал  ұмытып  ішіп-жеген  адам  егер  қайратты, 

жас азамат болса оған ораза екенін ескерткен дұрыс.

2. Ұйқыдан жүніп болып ояну. 

3. Әйелін  сүю  немесе  денесіне  қолын  тигізуі.  Мұндай 

жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды. 

4. Әйеліне  қолын  тигізбесе  де  оған  қараудан  немесе 

шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса.

5. Түнде  жүніп  болып,  ғұсыл  алуды  сәресі  уақытынан 

кейінге қалдыру

6. Аузына келген  қақырықты жұту

7. Түкірік  немесе  мұрынды  тарту  арқылы  бір  нәрсенің 

тамаққа кетуі 

8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу 

9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың 

ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, оразаға 

зиян  бермейді.  Бірақ  бұларды  әдейі  ішіне  тартса,  ораза 

бұзылады.

10. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан 

28

  М.Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, Б. 270.



17

кішкене  болса,  оны  жұту  оразаны  бұзбайды.  Ал  ноқат 

көлемінен үлкен болса ораза бұзылады.

11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе  оның  ішке қайта кетуі 

оразаны бұзбайды. 

12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру  

13. Көзге, құлаққа дәрі тамызу 

14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. 

Бірақ  пастасы  ішке  кетіп  қалса  бұзылады.  Ең  абзалы  таң 

намазы кірмей тұрып тістерді жуу.

15.  Тіс  жұлдыру  оразаға  кедергі  жасамайды.  Бірақ 

жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.

16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. 

Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет. 

17. Жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су 

жұтып қою қаупі болғандықтан түспегені абзал.

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы..

.

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру –  

уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен 

ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар  оразаның 

орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Немесе 

пітірді  ақшалай  береді.  Құранда  Аллаһ  Тағала:  «Ораза 



ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын 

төлесін»,

29

– дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: 



«Аят – кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». 

Дегенмен кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы 

келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «аллаһ адамға көтере 

алмайтын жүкті бермейді»

30



Сол  секілді  жазылмайтын  науқасқа  да  пітірдің  уәжіп 

болғаны жайлы ислам ғалымдары арасында ауызбірлік бар. 

Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Аят дәлел:



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал