Нологиялық институты ұжымы ғылыми-практикалық конференция өткізіп, марқұмның ғылыми-ағар



жүктеу 84.46 Kb.

Дата29.04.2017
өлшемі84.46 Kb.

Жиырмасыншы ғасыр басында-

ғы әлемдік ауқымда асқындаған

ұлт-азаттық қозғалысына атсалыса

алатындай саяси күштер Қазақ-

станнан да табылады. Ахмет Бай-

түрсынов, Әлихан Бөкейханов,

Әлімхан Ермеков, Міржақып Ду-

латов, Жақып Ақбаев, Мұстафа

Шоқаев, Халел және Жанша Дос-

мұханбетовтер, Мұхамбетжан Ты-

нышбаев сынды алаш азаматтары

өз заманындағы өлемдік ұлт-азат-

тық қозғалысы көсемдерінің қай-

қайсысымен болса да иықтас тұра

алды, — деп айтты Казақстан Рес-

публикасының Мемлекеттік хат-

шысы, халқымыздың бүгінгі ке-

мел ойшылдарының бірі Әбіш

Кекілбаев ағамыз.

Аталған көсемдерді үнемі кең

марапаттау, өзімізден кейінгі со-

ңғы буындар санасына ұялату ісі

ғасырлар тоғысындағы ұлы

өзгерісгердің нақ ортасында жүрген

біздердің борышымыз. Осыған орай

тәуелсіздік пен егемендіктің алға-

шқы жылдарында жерлесіміз,

қазақтың тұңғыш профессоры, ма-

тематик, алты алаштың ардағы-

ның бірі Әлімхан Әбеуұлы Ерме-

ковтың 100 жаскд толу мерейтой-

ына орай Жезқазған тау-кен тех-

нологиялық институты ұжымы

ғылыми-практикалық конференция

өткізіп, марқұмның ғылыми-ағар-

тушылық және саяси-әлеуметтік

еңбектерін еске алған едік.

Тәуелсіздіктің 10 жылдығы қар-

саңында Жезқазған университеті

ғылыми кеңесінің шешімімен «Жо-

ғары математика» кафедрасы «Ә.

Ә. Ермеков атындағы жоғары ма-

тематика» кафедрасы болып аталды

және оған арнайы бөлме бөлініп,

жабдықталу үстінде.

Қазақ халқының бір тума аза-

маттарының бірі — тұңғыш инже-

нер-математик, ғұлама қандасымыз

Әлімхан Әбеуұлы Ермековты калай

еске алмасқа? Жалынды ақын

Сұлтанмахмұт Торайғыров кезінде

Әлімхан (Әли) ағамызға жыр ар-

наған екен.

Орыстың белгілі саяхатшысы Г.

Н. Потанин Ә. Ермековты алғаш

(Жалғасы бар).

рет көргенде таңдайын қағып, таң

қалып «Я вижу второго Чокана»

— деп ағынан жарылған екен. Міне,

осындай ірі тұлғалар жайында

деректерді толық біле бермейміз.

Көпшілік маңызды деректер кешегі

куғын-сүргін заманында толығынан

сақталмаған.

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891

жылы бұрынғы Жезқазған облы-

сы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай

совхозы, Бөріктас деген жерде

дүниеге келген Әкесі Әбеу халқы-

на қадірлі, озық ойлы, орысша

сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялы-

лардың бірі, 1911 жылы кайтыс бол-

ған. Шешесі 1898 жылы дүние са-

лады.


1899-1905 жылдары Қарқаралы-

дағы қалалық училищені тәмәмда-

ған Әли ағамыз сол кезде саяси

қуғында жүрген журналист В. Д.

Соболевпен танысып, орыс тілін

тереңірек меңгеріп, онымен Семейге

бірге аттанады. Осындағы ерлер

гимназиясын 1912 жылы алтын ме-

дальмен бітіріп шығады.

Сол жылы Томск технология ин-

ститутының тау-кен факультетіне

конкурссыз кабылданады. Әли аға-

мыз студенттік кезеңін былай еске

алған екен: «Сол жылдары Томскіде

орыстың озық ойлы тамаша адам-

дары тұратын еді. Мен солармен

таныса бастадым. Орыстың белгілі

саяхатшысы, Шоқан Уәлихановтың

досы Григорий Николаевич Пота-

нинмен, сол арқылы орыстың жа-

зушысы В. Я. Шишиковпен, В. М.

пәнінен сабақ береді.

Совет өкіметінің алғашқы жыл-

дары талант дарыны ағыл-тегіл кең,

не бір жүйрік өткір де жасымайтын

жігерлі адамдарды үйіп-төгіп бере

салған жомарт кезең болды ғой.

Ғасырлар бойы тұнып кеп қаптаса

кайнап, іште бұлқынған алапат күш

Октябрьдің куатты қолы көзін ашуы-

ақ мұң екен, арнасынан аса лықы-

ған өзендей тасып жүре берген.

Халық қайнарынан бастау алып,

күрес көрігінде шыңдалған не бір

сарбаз азаматтар елі үшін атқан

оқтан да, бет қаратпас оттан да

тайсалмай қызмет етті. Бостандық,

Тұңғыш қазақ математигі, профессор

Әлімхан ЕРМЕКОВ жайлы сөз

Бахметьевпен, революционер марк-

сист-философ Дволейский, револю-

ционер Бауэрмен танысып, олар-

дың жасырын үйірмелеріне қатыса

бастадым. Бірде Григорий Никола-

евич Потанинді, қарындасы биолог

ғалым және суретші Клара Утки-

наны туған ауылым Қызыларайға

ертіп келдім.

Потанин ауылға келісімен Аяп-

берген деген ертекші, әңгімешіл

қартпен достасып алып, күндіз-түні

соның жанынан шықпай қойды».

(«Білім және еңбек», 1967 ж., 6, 13-

бет).


Алаш партиясының басшысы бол-

ған Әлихан Бөкейхановтың кадет

партиясы Орталық Комитетінің

мүшесі балуы сөзсіз әсерін тигізген.

Әли ағамыз 1919 жылдары Қырғыз

(Қазақ) өлкесін басқаратын әскери

революциялық комитетке мүше бола

жүріп, қосымша Семейдегі педаго-

гикалық курстарда математика

еркіндік, әділет жолында аянып

қалған жерлері болған жоқ. Әлімхан

Әбеуұлы да осынау ұлы толқынға

араласып, бел ортасында жүрді.

Осылайша қоғамдық-саяси,

әлеуметтік борышын атқара жүріп,

1921 жылы Қарқаралыда педагоги-

калық техникумның ашылуына се-

бепкер болады. Кейінірек осы оқу

орнында болашақ физика-матема-

тика ғылымдарының докторы, Қазақ

Республикасы Ғылым Академиясы-

ның академигі Орымбек Ахметбек-

ұлы Жәутіков, педагогикалық

ғылымдар докторы, Академияның

мүше-корреспоңденті, жарты ғасырға

жуық республиканың халыққа білім

беру Министрі қызметін атқарған

Әбдіхамит Сембаев сияқты көпте-

ген ұлағатты ағаларымыз оқыған.

1920 жылы Мәскеуде В. И.

Лениннің төрағалық етуімен болған

комиссия мәжілісінде Ә. Ермеков

«Қазақ өлкесінің жағдайы мен ше-

карасын белгілеу жөнінде» баян-

дама жасап, Қазақ Автономия-

лық республикасын құру туралы

мәселені қозғайды. Міне, сол кез-

де небары 29 жастағы өз халқын

бар жан-тәнімен сүйген Ә. Ерме-

ковтың нағыз ұлылығын білдіретін

тарихи еңбегін бүгінде, тәуелсіздік

алған көп ұлтты Қазақстан Рес-

публикасының әр азаматы қалай-

ша ұдайы еске алмасқа?

Әли ағамыздың қоғамдық

әлеуметтік мәселелер жөнінде-гі

еңбектері бірнеше ғылыми мақа-

лаға арқау боларлық тақырып.

Сондықтан сөз иінін ағамыздың

бала күнінен арман еткен оқу-

ағарту ісі, ғалымдық жол —

түпкілікті мақсаты болғанына

аударалық. Қазақстандағы советтік

құрылыс қалыпқа түсе бастаған-

да еш тәмәмдалмай қалған оқуына

қайта оралады. 1923 жылы Томск

технологиялық институтын геолог-

барлаушы инженер мамандығы

бойынша бітіріп шығады. Бұдан

кейін бірер жыл өзінің туған өңірі

Қарқаралыға келіп, мектеп ашып,

сонда ұстаздық етеді. Осындағы

орта мектептің директоры болған-

да жер-жерден білімдар адамдар-

ды шақырып, тамаша ұстаздар-

дың басын біріктіреді. Бұл тура-

лы Әлімхан Әбеуұлы былай дер

еді:


— Бұл бір қиын, ел ішін жоқ-

шылық жайлаған ауыр жылдар-

тын. Көптеген мамандар, ғалым-

дар, мәдениет майданының

қызметкерлері күнкөрістің қамы-

мен ел ақтап, тамақ асыраудың

жолын іздеп, босып кеткен шақ

еді. Мен Қарқаралы төңірегіндегі

ірі байларға азық-түлік салығын

салдырып, ауыл-ауылдан астық,

мал жинастырып, Қарқаралының

орта мектебіне бірсыпыра жақсы

ұстаздарды жинадым.

Солардың ішінде ғылым канди-

даттары, приват-доценттер де бо-

лады. Оларға әлгі жиналған азық-

түліктерден ақы төлейтін болдық.

Сөйтіп Қарқаралы орта мектебінде

Қарқаралы-Ұлытау-Баян өлкесінің

жастары, өнер-білім нәрімен су-

сындай бастады.

Ө. ЖӘЛЕЛОВ,

С. ӘЛІБАЕВА,

Жезқазған университетінің

оқытушылары.


1925 жылы Қырғыз (Қазақ) ин-

теллигенциясын жұмылдыру ту-

ралы қаулы шығады. Осыған орай

белгілі революционер сол кездер-

де Семей губерниялық атқару

комитетінің төрағасы Әбілқайыр

Досов Қарқаралыға келіп, Әли аға-

мызды қызметке шақырады. Со-

дан Ә. Ермеков Семей губерния-

лық жоспарлау комиссия төраға-

сының орынбасары болып тағай-

ындалады. Осыдан көп ұзамай

Орынбордағы Мемлекетгік жоспар-

лау комитетінің төрағасы, әрі

өнеркәсіп секциясының бастығы

қызметіне жоғарылатылады. Бұл

қызметте де ұзақ болмайды. Ұс-

таздық қызметке мүлдем ауыса-

ды. Жоғары техникалық маман-

дығы бар қазақтың тұңғыш ма-

маны ретінде 1926-28 жылдары

Ташкентте тұңғыш ашылған Қазақ

жоғары педагогикалық институ-

тының (Каз. пед.вуз) жаратылы-

стану-математика факультетінің де-

каны, әрі жоғары математика са-

лаларынан студенттерге дәріс оқып,

машықтану сыныптарын жүргізеді.

Бос уақыттарда математикадан

оқулықтар мен әдістемеліктерді

жазуды қолға алады (өкінішке

орай олар сақталмаған).

Ташкенттегі тұңғыш ашылған

Қазақ педагогикалық институты-

ның ректоры Темірбек Жүргенов-

тың, Әлімханның және басқа да

қазақтың зиялы қайраткерлерінің

табандылығының арқасында Каз-

педвуз 1928 жылы Алматыға

көшіріледі. Шамасы Қазақтың

Абай атындағы мемлекеттік

университетінің іргетасы осы ке-

зеңдерден басталған болуы керек.

Әли ағамыз 1928 жылы 1 қыркүй-

ектен бастап Қазақ мемлекеттік

университетіне жұмысқа орнала-

сып, бірыңғай ғылыми-педагоги-

калық жұмыспен айналысады.

1930 жылы Қазақ Мемлекеттік

зоотехникалық-малдәрігерлік ин-

ституты болып қайта құрылғанда,

Әлімхан Ермеков жаңа институт-

та профессор міндетін атқарып,

кафедра басқарады. Осы кезде

жоғары оқу орындары үшін «Ұлы

математика» курсы атты іргелі

еңбегін қазақша жазады. 1935

жылдың 1 мамырында Қазақстан-

дағы тұңғыш ашылған техника-

лық жоғарғы оқу орны — тау-кен

металлургия институтына шақыры-

лады.


1935 жылы Әли ағамыздың көп

жыл бойы ізденуінің нәтижесінде

«Ұлы математика курсы» — оқулы-

ғының 1-ші бөлімі жарыққа шыға-

ды. Бұл жоғары математикадан

алғашқы жарияланған ғылыми-

әдістемелік қазақша оқулық еді. 1935

жылы қараша айында Г. М. Кржи-

жановскийдың төрағалық етуімен

өткен Жоғарғы ғылыми аттестаци-

ялық сараптау комиссияда Ә. Ер-

меков профессор атағын қорғайды.

Сөйтіп Әли ағамыз қазақ ұлтының

зиялы ұлдарының ішінде тұңғыш

рет математика профессоры атағы-

на ие болады. Өкінішке орай сана-

лы өмірінің 18 жылы қуғын мен

сүргінде өткен ғұлама ағамыздың

профессорлық дипломы бүгінде сақ-

Әлімханның — қарындасы Дәмештің

жұбайы екен. Отыз жеті

қаратүнегінен аман қалармын де-

ген үмітпен Әли ағамыз Алматыны

тастап, 1938 жылдың ақпанында

Мәскеуге келеді. Онда РСФСР

Мемлекеттік Жоспарлау институты-

ның математика кафедрасының

меңгерушісі қызметіне жолдама

алады, осында 1938 жылдың 3

ақпаннан 17 наурызына дейін жұмыс

істейді. (Институт архиві, 3537-қор,

2 тізім, 3-4 бет).

Сол кездегі жағымпаз-жендеттер

қоймай арызданып Ә. Ермековты

қаматады, ақыры НКВД-ның әске-

ри трибуналы он жылға бас еркінен

айырып, Сібірге айдатады. Тыным-

сыз шағымданып, өзінің ақтығын

дәлелдеудің нәтижесінде 1947 жылы

түрмеден босанып, Москваға бірден

барады.

Тұңғыш қазақ математигі, профессор

Әлімхан ЕРМЕКОВ жайлы сөз

(Соңы. Басы өткен нөмірде).

талмаған...

Ә. Ермековтің ұсынысы бойынша

1936 жылы кен-металлургия инсти-

тутының бірінші, екінші курс

студенттеріне арналған жалпы тех-

никалық факулътет ұйымдастыры-

лады. Бұл факультетте ауыл

мектебінен келген қазақ жастарына

жоғары математика, физика, тео-

риялық механика, химия және жо-

ғары курстарда өтетін арнайы

пәндердің негізі оқытылады. Ауыл

жастарының орыс тілін жетік

меңгермегендігі ескеріліп, сабақ

негізінен қазақ тілінде жүргізіледі.

Әлімхан ағамыз негізін салған тех-

никалық білім беру саласындағы

қазақ-орыс қос тілділігі бойынша

оқыту 1937 жылы зобалаң бастал-

ғаннан кейін мүлдем жабылып қал-

ды. Тек қана елу жыл өткеннен

кейін, профессор Ермеков бастама-

сы қазақ тілін қолдану аясын ұлғай-

тып, төуелсіздіктің алғашқы жыл-

дарынан бастап жоғарғы оқу

жүйелерінде жүзеге аса бастады.

Отыз жетінші жылы Әлекеңнің

ежелгі достары Санжар Аспандия-

ров, Құдайберген Жұбанов, Темірбек

Жүргеновтер халық жауы ретінде

ұсталады. Темірбек Жүргенов —

көрнекті мемлекет қайраткері, оқу-

ағарту халық комиссары, әрі

Оның терең білімділігі мен ғылым-

ға деген ерекше қабілетін ертеден

білетін Мәскеу оқымыстыларының

айтуымен Жоғарғы оқу Министрлігі

Шымкент технология институтының

математика кафедрасының

меңгерушісі қызметіне жолдама

береді. Осылайша сүйікті маманды-

ғы ұстаздығын қайта бастайды.

Амал нешік, қуанышы ұзаққа

бармай, тағдыр тауқыметінің көп

азабын бастан кешкен Әли ағамыз

НКВД түрмесіне қайта жабылады.

Осы лаңнан аяулы ағамыз 1957

жылдың 26 қарашасында толық

ақталып, қоныс аударып, Қараған-

ды тау-кен институтына жоғары

математика кафедрасының ұстазы

болып өмірінің ақырына дейін қыз-

мет етеді.

Марқұмның жалғыз ұлы Мағауия

Әлімханұлы Ермеков — профессор,

геология-минералогия ғылымының

докторы, Қазақ ССР Ғылым Ака-

демиясының мүше-корреспонденті,

ұзақ жылдар бойы Қарағанды по-

литехникалық институтында ұстаз-

дық қызмет атқарған, қазірде жасы

80-ге таянған құрметті зейнеткер.

Ал қызы Раушан да білікті инже-

нер маман, Бакуде тұрады. Ардақ-

ты тұңғыш профессор ағамыздың

немерелес, аталас туысқандарының

кейбіреулері Жезқазған қаласында

салауатты өмір сүруде.

Жақында Әлімхан Ермековтың

ауылдасы әрі туысқандарының бірі

Жезқазған қаласының тұрғыны,

зейнеткер Төкеш Айтбаев ағамыз

ол кісінің дүниеден өтер шағында-

ғы айтуы деп Сібірде айдауда бол-

ған күндерінен ауызша, естелік

ретінде бір сырды аңғартқандай

болды:

«Ұмытпасам, 1942-43 жылдардың



бірі болуы керек. Мен кенеттен ерек-

ше күтіммен арнаулы дәрігерлік

бақылауға алындым. Жарты жыл-

дай уақыт өткенде күзетпен Мәске-

уге жеткізілдім. Мұнда да ерекше

тамақтану, демалу ережелерін сақ-

таған соң бірнеше күннен кейін өте

жақсы қонымды костюм шалбар,

ақ көйлек галстугіммен киіндірді де,

сыртында қорғаны бар бір үйдің

ішіндегі бөлмелердің бірнешеуінен

өткендей болдым. Қайдан, қалай

келгенімді түсіне алмадым. Ұзынды-

ғы 15 м, ені 10 м шамалас үлкен зал-

ға келгенде тоқтатты. Ортада қой-

ылған теннис столы тәріздес үш

столда үлкен қағаздардағы неше

түрлі сызықтарға көзім түсті. Сәл

кідірістен соң залдың оң жағында-

ғы есік ашылып, ішінен ұзынбойлы

ақсары, жасы қырықтарға жетер

жетпес азаматтық формада киінген

орыс жігіті шықты.

Маған тіп-тік, тура қарап тұрды

да, Ермеков, сені математик дейді

ғой рас па? — деді.

— Я, — деп басымды изедім.

«Онда столға жақында» деген-

дей ишарат білдірді.

Столға жақындаған сәтте қағаз-

дарға сызылған сызықтар туралы

бірінен кейін біріне ауысып, сөйлей

бастады. Екі сағаттай сөйлегеннен

кейін, «Түсінікті ме?» — деді.

Қайсібір жерлері түсініксіз болса

да, мен бас изедім.

— Ендеше, осы айтылғандар

бойынша есептеулер жүргізесің және

әрқайсысы әлденеше тәсілмен

есептелуі қажет екенін ескертіп,

математиканың әртүрлі кітаптары

берілетінін айтты.

Бұл өте ауыр мәселе екенін

сезіндім. Бірақ амал жоқ,... бас тар-

туға болмайды.

Тапсырылған іске кірісіп те кеттім.

Жақсылап тамақтануға, демалуға

мүмкіндік ерекше жасалды. Басқа

уақыттарда математикалық

әдебиеттерді оқып, берілген тапсыр-

маларға сәйкес есептеулерді

жүргізіп, қажетті теңдеулер мен

формулаларды іріктеп, жоғарыда

аталған бөлмеде болдым. Ешкіммен

тілдеспедім. Осылайша 8-9 айдай

уақыттың қалай жылдам өткенін

білмей де қалыппын. Бір күні алға-

шқы сөйлескен ұзын бойлы сары

кісі тағы да келіп, мен жазған есеп-

теулерте қарап тұрып, кейбір тұста-

рына басын шайқады, кейде езу

тартқандай болды... бір кезде «мо-

лодец» — деп арқамнан қақты. Енді

бір жеті-он күн өткеннен кейін бір

жігіт келіп, менің есептегендерім мен

барлық черновик қағаздарымды

түгендеп алды да, бұл жұмыстар

туралы тіршілікте ешкімге ештеңе

деп айтпайсың деп ескертті...

Сол уақыттарда маған келіп,

сызықтар бойынша құпия тапсы-

рыс беруші — академик А. Д.

Колмогоров немесе СССР Ғылым

Академиясының президенті болған

академик М. В. Келдыш емес пе

екен деп ойлаймын кей кездерде».

Осы әңгімесінде марқұм ағамыз

бұрын ешкімге айтпап едім деп,

көптеген математикалық маған та-

ныс емес терминдерді атады. Мен

өзім ауыл шаруашылық маманы

болғандықтан әңгіменің негізін жете

ұғына алмадым. Сонда бұл не де-

ген құпия есептер болғаны?

Ендігісін математиктер өздерің

ойлап табындар», — деді Тәкеш

аға.

Бұл айтылған әңгіме желісінен



«Ә. Ермековтың еңбегі соғыстың

соңғы жылдарындағы жасалған

«Катюша» қаруының математика-

лық есептеулері немесе ғарыш

кемелері мен жасанды жер

серіктері қозғалысының кинема-

тикалық қозғалысын кескіндейтін

неше түрлі дифференциалдық

теңдеулерді құру, оларды шыға-

ру, қосымша шарттарын ескере

отырып зерттеу төсілдерінің ғылы-

ми-теориялық мәселелері туралы

жүргізілген аса құпия жұмыстар

емес пе екен — деген ой қылаң

бергендей болады.

Қадірлі Әли ағамыз өзінің ал-

пыс жылға жақын ұстаздық

еңбегінде сан мыңдаған жастарды

тәрбиелеп, ғылымға баулыды.

Солардың ішінен біздің Жезқаз-

ған өңірі үшін академиктер Қ. И.

Сәтбаевтың, Ә. X. Марғұланның,

Ө. А. Байқоңыровтың есімдері ерек-

ше зор құрметпен естіледі.

Әлімхан ағамыздың барлық

қырынан толық зерттеліп анық-

талмаған саяси-әлеуметтік, ғылы-

ми педагогикалық еңбектері көп.

Қаншама куғын-сүргін азабын тар-

тса да, өмірінің соңына дейін мой-

ымай, ақжарқын кейпін сақтай

жүріп, тәуелсіздікке үміт артқан

Әли ағамыздың абзал бейнесі —

кейінгі ұрпақтарының патриоттық,

ұлттық сана сезіміне әсер етер және

қазақ математиктері мен Қазақ-

стан математикасының даму та-

рихын зерттеу кейінгі жастары-

мыздың ғылыми диссертацияла-

рына арқау болар деген мақсатта

осы мақаланы тәуелсіздіктің он

жылдығына сөйкес ұсына отырып

алпысыншы жылдардың басында

Әлімхан Ермековтен дәріс алған

Жезқазғандық тау-кен

инженерлерінің айтар естелік ма-

териалдары болса, бізбен хабар-

ласуын өтінеміз.

Ө. ЖӘЛЕЛОВ,

С. ӘЛІБАЕВА,

Жезқазған университетінің

оқытушылары.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал