Нық айтамыз. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті



жүктеу 475.93 Kb.

бет3/5
Дата09.09.2017
өлшемі475.93 Kb.
1   2   3   4   5

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

МАРҚАЮ һәм ТҰРАЛАУ

А у ы л   м е к т е б і

Геноцид. 

Депортация. 

Ре-

прессия... Атынан ат үркитін қайғы-



қасіретке  толы  ауыр  сөздер.  Өткен 

ғасырдың 

30-50 

жылдарында 



саяси-қоғамдық  ортада  осы  үш 

сөздің  әмірі  жүріп  тұрды  өкінішке 

орай.  Бұларға  қасақана  әрі  қолдан 

жасалған  аштықты  қосқанда,  үр-

ейден  тұла  бойың  шымырлайды, 

төбе шашың тік тұрады еріксіз. Сол 

кездегі кеңестік биліктің ойыншығы-

на  айналған  қазақ  елі  мен  жері 

осынау  аласапыранның  құрбанына 

айналды.  Солақай  саясатты  ұстан-

ған  әсіресілтеушілердің  қисынға 

келмейтін  һәм  басқа  сыймайтын 

түсініксіз  іс-әрекетінен  тұтастай 

бір  ұлт  мүлдем  жойылып  кетудің 

аз-ақ  алдында  қалды.  Өкінішке 

орай, 


қазақ 

халқының 

саны 

едәуір  ортайып  қалды.  Әсіресе 



аштық  кезінде,  тарихи  деректер 

мен  азалы  тақырыпты  қозғаған 

көркем 

әдебиетке 



сүйенсек, 

қазақ  даласы  сондай  аянышты 

халді  басынан  кешті.  Ол  аздай 

саяси 


қуғын-сүргіннің 

айыбы 


негізсіз  құрбандарын  азаптаған 

Карлаг,  Алжир,  Степлаг  делініп 

кеткен  тұтқындар  лагерлеріндегі 

адам  төзгісіз  тірлігі  қосылды.  Ел 

қамы,  ұлт  болашағы  үшін  жанын 

пида  етуге  бел  буған  қаншама 

зиялы  қауым  өкілдері  іскерлік-

ұйымдастырушылық 

қабілет-

қарымы гүлденген, пырақтаған ша-

ғында  қыршынынан  қиылып  кете 

барды.  Ал  өз  кіндік  қаны  тамған 

мекендерінен  қашан  да  қонақжай 

қазақ  даласына  күштеп  көшірілген, 

яғни  депортацияланған,  кәрістерді, 

Кавказ тауын мекендеген ұлттардың 

өкілдерінің  ауыр  тағдыры  тағы 

бар... 


Әр жылдың мамыр айының соңғы 

күнінде  саяси-қуғын  сүргін  һәм 

ашаршылық құрбандарын аза тұтып 

еске  алады  қазақ  елі.  «Өлі  разы 

болмай, тірі байымайды» дегендей 

биыл  да  осы  дәстүр  өз  жүрісінен 

жаңылмады. Былтырғы жылдың 31 

мамырында  Бесқарағай  ауылына 

қарасты  Байқадам  атты  жерде 

орнатылған,  1930-1932  ж.ж.  аштық 

құрбандары  рухына  тұрғызылған 

Белгі  тас  маңына  Лебяжі  аудандық 

маслихаты 

хатшысы 


Қ.Әлтаев, 

Лебяжі  ауданы  әкімінің  орынбаса-

ры  Б.Байжанов,    аймақ  орталығы 

Павлодардан  арнайы  келген  ше-

шен  ұлты  диаспорасының  бірнеше 

өкілдері, 

Қызылағаш 

ауылдық 


округінің  әкімі  Ж.Байтілеуова  және 

басқа  да  аудан,  ауыл  азаматтары 

тағзым ете жиналды. 

«Тарихтан  тағылым  –  өткенге 

тағзым»  атты  шара  барысында 

аштық  құрбандарын  бір  минөттік 

үнсіздікпен еске алды, арысы облыс 

орталығынан, берісі аудан-ауылдан 

келген  азаматтары  Белгі  тасқа  гүл 

шоқтарын  тағзым  ете  қойды.  Сөз 

алған  аудан  әкімі  орынбасары 

Бейітбет Таңатұлы еліміздің аталмыш 

күнді аза тұту һәм еске алу түрінде 

өткізуінің 

маңызды 

қоғамдық-

тарихи  салмағын  ерекше  атап 

өтті.  Ал  еңбек  ардагері  әрі  ауыл 

тұрғыны, қызыл тілді шешендігімен 

дараланатын  Думаш  Сүлеймен-

ұлы  өз  кезегінде  ел  басына  қара 

бұлттай  төнген  саяси  қуғын-сүргін 

һәм  алапат  ашаршылық  кезінде 

опат болған қандастарымыз жайлы 

статистикалық 

мәліметтерге 

тоқталды,  танымдық  мақсатпен 

басқа да тарихи деректерді қозғады. 

Шешен  диаспорасының  өкілдері 

тарихи 


деректердің 

болжамы 


бойынша  ортақ  зиратқа  жерленген 

аштық құрбандары рухына Құраннан 

дұға түсірді. 

Байқадамнан  аттанған  автоколон-

на Бесқарағай ауылының бүйірінде,  

орын тепкен шешен ұлтының өкілде-

рі жерленген зиратқа келді. Солақай 

саясат кесірінен осы ауылға күштеп 

көшіріліп,  осынау  құтты  мекенде 

тұрақтап, ғұмыр кешіп, дүние салған 

шешендер  қабірлерін  өз  көзімен 

көріп, тағзым жасауға арнайы келген 

аймақ орталығындағы шешен ұлты 

диаспорасының  өкілдері  мұнда  да 

өз  алдына  Құраннан  дұға  оқып, 

ағайындарына 

адами 

құрмет 


көрсетті.  Осынау  зиратты  қоршап, 

күтіп  отырған  бесқарағайлықтарға 

деген  ризалықтарында  шек  бол-

мады.  Қайта-қайта  адамгершілік 

тілектерін шын жүректен білдірумен 

болды шешен ұлтының өкілдері. 

Қонағын  құдайындай  сыйлайтын 

қазақы 


игі 

дәстүр 


бойынша 

Қызылағаш 

ауылдық 

әкімшілігі 

аппаратының  мұрындық  болуымен 

1930-1932 ж.ж. ашаршылық кезінде 

құрбан  болғандарды  еске  алуға 

арнайы құдайы ас берілді. Өткенге 

құрмет – бүгіннен ізет.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ 

– ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз – деп 

ғұлама  ғалым  Әл-Фараби  бекер 

айтпаған екен.

Мамандық 

таңдау 

жасөспірім 



шақтағы  ең  маңызды  шешімдердің 

бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан 

жас  ұланның  алдында  мыңдаған 

мамандықтан өзіне лайықты біреуін 

таңдау  міндеті  тұрады.  Маман-

дықтың  жаманы  жоқ,  бірақ  мұның 

кез-келгеніне  екемділік  қажет,  бұл 

жай  күнелту,    тамақ  асыраудың 

жолы  ғана  емес,  үлкен  өнерді,  зор 

шеберлікті қажет ететін нәрсе. 

Кейбір  жастар  мамандық  таңдау 

ережесін 

білмегендіктен 

өзі 


қызықпайтын 

мамандықты 

таң-

дайды.  Осыдан  өз  мамандығына 



қанағаттанбаушы-лық, 

реніш 


сезәімдері туындап, тіпті  алдарына  

жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір 

адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім 

алып,  сол  біліміне  сай  мамандыққа 

машық-тану  керек.  адам  өзінің 

болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен 

келеді.  біреулер  үшін  –  ол  ойға 

алған арманның орындалуы, отбасы 

дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер 

үшін  –  әйтеуір  бір  мамандық 

алу  керек  болған  соң  тағы  басқа 

мамандықты  таңдау  үшін,  адам 

алдымен  өзін-өз  бейімдігін  тануы 

қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы 

өмірдегі  менің  орным  қандай?», 

«Қалай  өмір  сүремін?»  деген  сұрақ 

қоймайтын адам кемде-кем. Мынау 

көп  салалы  өмірде  мамандықтың 

түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай 

емес. 


Ең  бастысы  –  адам  еңбекке 

қабілетті,  зейінді  болуы  қажет  және 

оның  мамандығы  өзі  өскен  ортаға 

маңызды,  бағалы  үлес  қосатындай 

болуы  шарт.  Өз  ісіне  сенімді  дұрыс 

таңдаған  адам    ғана  жетістікке 

жетеді.  Адам  еңбегінен  қуанышын 

таба  білсе,  бойына  жаңа  күш 

қосылып,  еңбекке  деген  шабыты 

арта түседі. Зор ықылас, шабытпен 

істеген  іс  –  табыс  биігіне  жеткізетін 

қанат.


Адам  тағдырының  бір  бөлігі 

таңдаған  мамандығымен  ұштасып 

жатады.  Сондықтан  да,  мектепті 

тәмамдап 

отырған 

түлектерге 

мамандық таңдау жолында, асықпай, 

дұрыс шешім қабылдаңыздар дегім 

келеді.

Ә.Батырханова,

Зор – Октябрь мектебінің 

психологі.

Мамандық таңдау 

– үлкен шеберлік


7.06.2014ж.  №22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

6

Ер есімі - ел есінде 

Жасындай жарқыраған батыр

Атақты  Жиренше  «Жақсының  аты, 

ғалымның  хаты  өлмейді»  деген  екен.  Ат 

ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен 

кездегі  елі  мен  жері  үшін  жанын  қиған  ер 

есімдері – ел есінде.  Аптығып айлар, жасындай 

жылдар  өтсе  де  кеудесін  оққа  төсеп,  отан 

үшін  жанын  қиған  батырлардың  ерліктері 

ұмытылмақ емес. Ұлы Отан соғысына қазақ 

даласынан  аттанған  қаншама  қыршын  еліне 

оралмай,  шет  жақта  қаза  тапты.  Үйде  туып, 

түзде  өлген  қаншама  азамат  ауылын  жетім 

қалдырды.  Сондай  есіл  ерлердің  бірі  — 

Невель  қаласының  коменданты,  полковник 

Әбілқайыр Баймолдин.

Әбілқайыр Баймолдин 1909 жылы Лебяжі 

ауданы,  Тақыр  ауылында  дүниеге  келген. 

Жоғары  офицерлік  атты  әскер  мектебін, 

Мәскеудегі 

әскери-саяси 

академияны 

бітірген.  Ұлы  Отан  соғысында  Мәскеу 

түбіндегі  соғыстарға  қатысқан.  1941  жылы 

22  желтоқсаннан  бастап  Чкалов  (қазіргі 

Орынбор)  қаласында  полк  командирі,  1942 

жылы  5  мамырдан  полк  комиссары  болды. 

Невель  қаласын  азат  етуге  қатысып,  оның 

бірінші  әскери  коменданты  болып  бекітілді. 

Екі  рет  Қызыл  Ту  және  Қызыл  Жұлдыз 

ордендерімен марапатталған. Өкінішке орай, 

1944  жылы  4  қаңтарда  Невель  қаласынан 

топырақ бұйырып қаза табады. 

Бүгінгі  күнде  өскелең  ұрпақ  үшін 

Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқандардың, 

хабарсыз  кеткендердің  есімдерін  білу, 

құрметтеу  парыз.  Осы  бағытта  Әбілқайыр 

Баймолдиннің де есімін елге паш етіп, ерлігін 

үлгі  етерлік  белсенді  жұмыстар  жүргізіліп 

жатыр.  2010  жылы  Жеңістің  65  жылдығы 

қарсаңында Тақыр ауылының азаматы, батыр 

ұрпағы  М.Кураисов  ENRC  компаниясының 

«Батырлар  жолымен»  халықаралық  жобасы 

аясында  «Майдан  жолы»  іздеу  отрядының 

құрамында  Ресейдің  Невель  қаласында 

болып,  Ы.Сүлейменовке,  М.Маметоваға, 

Ә.Баймолдинге 

ескерткіш 

тақталарын 

ашты.  Былтыр  Баймолдин  атындағы  орта 

мектепте  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ, 

ПМПИ, Потанин атындағы облыстық тарихи 

өлкетану мұражайы бірлесіп еске алу кешін 

өткізді.  Өткен  еске  алу  шарасына  ауыл 

тұрғындарынан  басқа  ауған  соғысының 

ардагері,  жергілікті  басшылар  және  БАҚ 

өкілдері 

қатысты. 

Потанин 


атындағы 

облыстық  тарихи  өлкетану  мұражайымен 

ПМПИ  тәрбие  жұмыстары  басқармасы 

ұйымдастырған еске алу күнінде студенттер 

«Біздің жерлесіміздің ерліктері» атты концерт 

қойды. Ал мұражай қызметкерлері Әбілқайыр 

Баймолдиннің ерліктерін баяндады. 

Бұл  бағыттағы  жұмыстар  биыл  да 

өз  жалғасын  табуда.  Ағымдағы  жылдың 

наурызында  батыр  атындағы  мектепте  тағы 

бір  еске  алу  кеші  өтті.  Кеш  барысында 

көрме  жасалынып,    келген  қонақтарға,  БАҚ  

өкілдеріне таныстырылды, сондай-ақ мектеп 

оқушыларының, 

ПМПИ 

студенттерінің 



қатысуымен  концерт  ұйымдастырылды.  Ал 

сәуірде аудан орталығы Аққу ауылында батыр 

туыстарының  қатысуымен  ескерткіш  тақта 

ашылса, сол күні олар Баймолдин атындағы 

орта  мектепте  қонақта  болды,  батырдың 

аталары  жатқан  зират  басына  барып,  құран 

бағыштады. 

Жеңіс 


күні 

қарсаңында 

Невель 

қаласының  орталық  алаңына  Әбілқайыр 



Баймолдин  аты  беріліп,  ескерткіш  ашылды. 

Оған  батырдың  қызы  Жұлдыз  бен  басқа 

да  туыстары,  сондай-ақ  ауданымыздың 

өкілдері  де  қатысты.    Ал  мамыр  айының  27 

күні  «Майдан  жолы»  іздестіру  отрядының 

командирі,  зауыт  инженері  Александр 

Шитов, 

Потанин 


атындағы 

облыстық 

тарихи-өлкетану  мұражайының  маманы 

Талғат  Адамов  және  ENRC  компаниясының 

«Қазақстан  электролиз  зауыты»  АҚ  пресса 

хатшысы  Аида  Мухамеджановалар  бағалы 

заттарды  мектебімізге  сыйлыққа  тартты. 

Олар  сонау  Невель  қаласынан  Ұлы  Отан 

соғысының  куәгерлері  -  оқшантайлар, 

гильзалар,  каска  сынды  тағы  да  басқадай 

экспонаттар 

еді. 


Сондай-ақ, 

Невель 


қаласындағы  ескерткішті,  саябақты  жөндеу, 

реставрациялау жұмысының барысы туралы 

бейнефильм де көрсетілді. 

Талғат  Адамов:  Псков  облысының 

әкімшілігімен 

келісе 


отырып, 

арнайы 


алаң  бөлінді.  Сол  алаңда  дайындық 

жұмыстары  жүргізіліп,  7  мамыр  күні 

жерлесіміз  Әбілқайыр  Баймолдинге  қола 

бюст  орнатылып,  ашылу  рәсімі  болды. 

Невель  қаласынан  көптеген  заттар  әкелініп, 

№25  мектепке,  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайына,  сондай  –  ақ  Лебяжі  ауданы 

мұражайына,  енді  міне,  сіздерге  де  табыс 

етіп отырмыз.

Александр  Шитов:  1941  жылы  немістер 

Кеңес  Одағына  соғыс  ашып.  Ұлы  Отан 

соғысы  басталды.  Бұл  соғыс  туралы 

тақырыптар  біздің  қоғамымызда  бүгінгі 

күнге  дейін  өзектілігін  жойған  жоқ.    2009 

жылы біздің зауыт бастамасымен, басшымыз 

Алмас Ибрагимовтың көмегімен «Қазақстан 

электролиз зауытында» Павлодар облысында 

бірінші,  әрі  әзірше  жалғыз  «Майдан  жолы» 

Павлодар  іздеу  отряды  құрылды.  Бұл 

отрядты құрудағы мақсат - жыл сайын біздің 

жерлестер  шайқасқан  жерлерге  ескерткіш 

вахтасына,  экспедицияларға  шыға  отырып, 

қаза  тапқан,  хабарсыз  кеткен  солдаттарды, 

жоғалған зираттарды іздеу, ескі ескерткіштер 

мен  обелискілерді  жөндеу,  жаңаларын 

құру.  Біздің  отряд  құрамында  зауыттың 

жас  жұмыскерлерімен  қатарласа  Потанин 

атындағы 

облыстық 

тарихи-өлкетану 

мұражайының  жұмыскерлері,  облыстық 

мұрағат мамандары, С.Торайғыров атындағы 

ПМУ  студенттері  т.б.  тізе  қосып  жұмыс 

істейді.


Мінекей,  болашақ  ұрпаққа  үлгі-өнеге 

болатын,  патриоттық  рухта  тәрбиелейтін, 

біздің 

батыр 


деп 

кеуде 


керетіндей 

осындай  істерді  атқарып  жүрген  атпалдай 

азаматтарымызға алғыстан басқа айтарымыз 

жоқ.  «Өлі  разы  болмай,  тірі  байымайды» 

дейді.  Ендеше,  еліміз  тыныш,  аспанымыз 

ашық  болса  да,  бір  мезет  соғыс  жолында 

құрбан 

болған, 


арамызда 

саусақпен 

санарлықтай қалған ардагерлерімізге құрмет 

қошеметімізді аямайық, ағайын!



А.Байшукиров,

Баймолдин атындағы орта мектептің

 қазақ тіл мен әдебиеті мұғалімі.

Жұма күнінің қасиеті 

насихатталды

Имандылық

Аллаһ  Тағаланың  барлық  күні,  түні, 

айы  қасиетті  болғанымен,  мұсылмандар 

үшін  ерекше  ұлығы:  айлардан  –  Рамазан, 

күндерден  –  Жұма,  түндерден  –  Қадір  түні. 

Шариғат  бойынша,  жұма  күнінің  әдебі  де, 

тәртібі  де,  ол  туралы  айтылған  хадистер 

де  бар.  Және  де  Ислам  дінінде,  адамзат 

тарихында жұма күніне қатысты оқиғалар 

да аз емес.

Өткен  аптада  аудандық  мұсылман  әйелдер 

лигасының төрайымы Бақыт Мағауияқызының 

мұрындық  болуымен  аудан  орталығындағы 

отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйінде  танымдық 

шара  болды.  Аталмыш  шараға  ауылдық 

округ  ардагерлер  кеңесінің  төрайымы  Сабира 

Бектауова,  «Ақ  әжелер»  тобының  мүшесі 

Шолпан  Жұмажанқызы,  аудандық  орталық 

мешіттің    бас  имамы  М.Ибраев  қатысты. 

Танымдық  шараның  басты  мақсаты  балалар 

үйінің  тәрбиеленушілеріне  ұлық  күннің 

мағынасы мен маңыздылығын насихаттау еді. 

«Ғабдул-Уахит  хазірет»  орталық  мешітінің 

бас  имамы  Мақсат  Сансызбайұлы  өз  сөзінде: 

«Жұма  күні  –  күндердің  төресі  және  Алла 

тағаланың  қасында  ең  ұлығы.  Ол  –  Аллаһ 

Тағала үшін Ораза айты мен Құрбан айтынан да 

ұзағырақ» деп ұлық күннің 5 қасиетін сөз етті. 

Сол  сияқты  бұл  күнде  мұсылмандар  істеуге 

тиіс  әрекеттер  мен    тыйымдарды  тілге  тиек 

етті.  Балалардық  бір-біріне  кешірімді,  қамқор, 

бауырмал  болу  керектігін,  «Садақа  беру», 

«Режеп»,  «Шаағбан»,  «Рамазан»  айларына 

түсінік берді.

Аталмыш 


танымдық 

шараның 


ұйымдастырушысы 

аудандық 

мұсылман 

әйелдер  лигасының  төрайымы  Б.Бекжанова 

жұма  күнінің  тәртібі  мен  әдебін  баяндады. 

Сондай-ақ,  «шелпек  -  қазақ  дастарханының 

дәстүрлі,  ертеден  келе  жатқан  кәделі  ұлттық 

тағамы.  Қазақ  үстеліне  алғаш  осы  шелпектер 

қойылады,  оны  кез  келген  мейрамдар  мен 

қаралы  күндері  де  жасайды.  Жұма  күні 

пісірілетін "жеті шелпек" те баршамызға таныс. 

Атам қазақ аруақтарды еске алып, оларға құран 

бағыштап, жеті шелпек пісіріп (жұма күндері) 

үйлерге  таратады.  (немесе  май  шыжғырып, 

иіс  шығарады)  Бір  біріне  беттестірілген  жеті 

шелпек,  аспанның  жеті  қабатын  болмаса 

Құранда  айтылатын  жеті  қат  жұмақты 

бейнелейді»  деп  атап  өтті  өз  сөзінде.  Ал 

Лебяжі ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің 

төрайымы Сабира Саллахитденқызы  балаларға 

жазғы  сауықтыру  лагерьлерінде  өздерін 

дұрыс  ұстап,  әдеп  пен  тәртіптен  озбауларына 

байланысты әжелік ақылын айтты. 

Танымдық  маңызы  зор  шара  соңы  жұма 

күнгі әзірленетін «жеті шелпегі» мен бауырсағы 

жайғасқан мол дастарханмен ұласты. 

Иә,  жұма  күнінің  мархаматын,  сауабын 

іздемеу  –  жақсылықтан  мақрұм  қалумен 

тең.  Ондай  жандардың  жүрегі  қатайып,  онда 

мейірімділік, ізгілік оты өшеді, бойынан иманы 

қашып, өзі жапандағы жалғыз ағаштай жалғыз 

қалады. Осыны жете түсінген аталмыш шараны 

ұйымдастырушыларға  балалар  алғыстарын 

жаудырды. 



Ә.Әмин,

Фото С.Равдал. 

Ауыл өмірі 

Дастархан жайылды

31  мамыр-  саяси  –  қуғын-  сүргінге  ұшырағандарды  еске 

алу  күні  екендігі  баршаға  мәлім.  Еліміздің  түкпір-түкпірінде 

тоталитарлық жүйенің құрбандарын еске алу митингілері мен 

іс – шаралары өтті. Аталмыш күнге орай Шарбақты ауылдық 

округінде  де  тиісті  шара  ұйымдастырылды.  Онда  ауылдың 

ардақтылары Элла Герц, Лидия Парамонова, Иван Янцен және 

тыл  еңбеккерлеріне  ауыл  имамы  дұға  оқып,  «Сүйрік»  шаруа 

қожалығының  басшысы,  жеке  кәсіпкер  Т.Абдрахмановтың 

демеушілігімен кең дастархан жайылды. 

Жаздың  жайма  шуақ  күнімен  тұспа-тұс  келетін  мереке 

балаларды  қорғау  күніне  байланысты  да  мерекелік  іс-шара 

ұйымдастырылды.  Балдырғандарға  осынау  шаттықты  әрі 

балдай  тәтті  мерекені  тойлауға  ауыл  кәсіпкерлері  К.Дудина, 

Т.Камбарова,  М.Мусжанова,  Қ.Мукин,  С.Сагинтаев  сынды 

азаматтар  атсалысты.  Аты  аталған  азаматтардың  демеуші-

лігімен  ауылдың  кішкентай  тұрғындарына    ақ  дастархан 

жайылып, оларға тәтті базарлықтар табысталды. 

Ауылдың  мүмкіндігі  шектеулі  кішкентай  5  тұрғыны  да  мерекенің  бал  дәмін  сезіне  алды. 

Оларға да әкімшілік тарапынан мерекелік сыйлықтар ұсынылды.                                          



  Шарбақты ауылдық округі

әкімінің аппараты.

Балалар біздің болашағымыз

Жаздың  бірінші  күніне  дәл  келетін 

балаларды қорғау күні - ең ескі халықаралық 

мерекелердің  бірі.  Аталмыш  мерекені    әлем 

елдері  1950  жылдан  бастап  тойлауда.  Осы 

мерекені    Қазантай  ауылы  жыл  сайын  атап 

өтуде.  Биылғы  жылы  дәстүр  бойынша 

Қазантай  ауылдық  клубында  мерекелік 

іс  –  шара  ұйымдастырылды.  Қуаныш  пен 

балғындықтың  тәтті  сезімін  ұялататын 

мерекеге  орый  мектеп  оқушылары  шағын 

концерттік  бағдарлама  әзірледі.  Аталмыш 

шара    Алимгожина  Күлмай  әжеміздің  ақ 

тілегімен басталып, биыл ғана даярлық топты 

аяқтап  отырған  бүлдіршіндеріміз  Тасимова 

Аружан,  Темирова  Айсана,  Абылайхан 

Аңсар,  Фларидқызы  Диляра  сынды  қыз-

ұлдарымыздың    «Қуыршақ»,  «Қара  жорға» 

билерімен  ұласты.  Мектеп  оқушылары 

Сыздық  Гүлайым,  Алимгожина  Сымбат, 

Байзолла Дильназ, Байзолла Дания,Тұрсынхан 

Аяжан,  Амангелді  Дияна,  Ағыбай  Аяжан, 

Болат  Айдана  сынды  аруларымыз  үнді 

билерімен,  түрлі  қызықты  көріністерімен, 

КВН ойындарымен мерекенін сәнін келтірді. 

Сондай – ақ, мерекеге қатысушылар  «Бала 

–  өмірдің гүлі, отбасының базары мен ажары» 

тақырыбында  кітап  көрмесін  тамашалай 

алды. Кеш сонында ауылымыздың кішкентай 

бүлдіршіндеріне 

сыйлықтар 

таратылып, 

балалар көңілді тарасты. 

Қ.Тасимова,

Қазантай ауылдық кітапханашысы.

«Үздік Ұлан» анықталды

Сайыс

Жуырда  М.Катаев  атындағы  облыстық 

оқушылар  сарайында  қалалық,  аудандық 

«Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымы  көшбасшылары  арасында  «Үздік 

Ұлан»  облыстық  сайысы  өткізілді.  Сайыс 

«Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымының 

жұмысын 

насихаттауға, 

көшбасшылық 

қабілеттері 

бар 

жасөспірімдерді  анықтауға  және  олардың 



көшбасшылық  мүмкіндіктерінің  дамуына 

жол ашуға бағытталды.

Сайыс  «Тұсаукесер»,  «Мен  ұлы  елдің 

азаматымын»,  «Мәңгілік  ел  –  менің 

арманадаған елім» атты бөлімдер бойынша 

өткізілді. Сайыстың облыстық кезеңіне 13 

жеңімпаз қатысты.

 

Барлық 



қатысушылар 

өздерінің 

балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының 

қызметін  көрсетіп,  тәуелсіз  Қазақстан 

тарихы  бойынша  сұрақтарға  жауап  беріп, 

«Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге 

асыру  бойынша  өз  ұсыныстарын  білдірді. 

Көшбасшылар  додасының  қорытындысы 

бойынша 

ауданымыздың 

намысын 

ауданның  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымы  көшбасшысы  Лебяжі  жалпы  орта 

білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы 

Тілеген  Көгершін  қорғап,  ІІ  орынға 

тұрақтады. Сайыс қорытындысы бойынша 

жүлделі  орын  иеленген  көшбасшылар 

дипломдар  және  бағалы  сыйлықтармен 

марапатталды.

Осы  сайысқа  дайындаған  жетекшіміз 

Жиеналина  Гүлбарам  Жақыпбекқызына 

оқушылардың 

облыстық 

деңгейдегі 

сайысқа  қатысуына  қолдау  көрсеткен 

білім  бөлімінің  басшысы  Е.Еркеновқа 

және  әдістеме  кабинетінің  меңгерушісі 

Г.Калиеваға алғысымызды білдіреміз.   



А.Бекжанова,

Лебяжі жалпы орта білім беретін


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал