Нық айтамыз. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті



жүктеу 475.93 Kb.

бет2/5
Дата09.09.2017
өлшемі475.93 Kb.
1   2   3   4   5

Ә.Өмірзақ.

Әйел адам – шаңырақтың инженері

М е р е й л і   о т б а с ы

Жалғанда  айрандай  ұйыған,  құмырсқаның 

илеуіндей  бірлігі  мығым,  тірлігі  нық  отбасының 

орны бөлек. Осынау сипаттағы жанұя қоғамның 

маңызды  ұяшығы  болуға  әбден  лайық.  Өз 

алдына  шаңырақ  көтеріп,  отын  міне-міне 

түтетіп отырған жас отбасыларға үлгі-өнеге ғой 

әлбетте. 

Лебяжі  ауданына  қарасты  Бесқарағай  ау-

ылында таңын таңға соғып отырған Ақатаевтар 

отбасы әрі ардақты, әрі құрметті, әрі мерейлі. Ал 

осынау  жанұяның  дүниеге  келгеніне  қырық  жеті 

жылдың  жүзіне  айналып  отыр.  Әскерден  соң 

мұғалімдік  қызметтің  қисыны  қиын  жұмысына 

білек  сыбана  кіріскен  Сүлейменнің  Думашы 

және  сауда  қызметін  тәп-тәуір  айналдырып 

жүрген  Хамиттың  Гүлсарасы  «махаббаттың 

құдірет  күші  әлдиімен»  жарасымдылық  тауып, 

қос  жүректің  қалауымен  екі  жарты  бір  бүтінге 

айналып,  отау  тікті.  Өзара  сыйластық  пен 

ортақ  түсіністік  арқасында  әрі  ерлі-зайыптық 

құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаған 

олар  қазіргі  таңда  төрт  қыз  және  бір  ұлдың 

ата-анасы  дәрежесінде.  Балалардың  барлығы 

қияға  ұшты,  ұясына  қонды.  Олардан  тараған 

үрім-бұтақ Думаш Сүлейменұлы және Гүлсара 

Хамитқызын  тиісінше  «ата-әже»  деп  еркелене 

төңіректейді.  Үлгілі  тәрбиені  мықтап  ұстайтын 

осынау  жанұядан  тараған  балалардың  да, 

жиендердің  де  базарлығы  жыл  он  екі  айда  бір 

үзілмейді. Нағыз өміршеңдіктің шынайы үлгісі!

Отағасы Думаш зейнеткерлікке шыққанға дей-

ін алдымен Бесқарағайдың оңтүстік-шығысына 

қарай  жеті  шақырымдай  жерде  орын  тепкен, 

кезінде әжептәуір ауыл болған Подпусктегі 1 Май 

негізгі мектебінде әрі ұстаз, әрі директор болса, 

кейіннен  Бесқарағай  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебінде  мұғалімдік  қызметін  жалғастырды. 

Қызыл тілге жүйріктігі арқасында әрі жұмыстан 

босаған  кезде  асабалық  өнерімен  де  танылып 

үлгерді. Бірнеше үйлену мен үй болу тойларын 

сәтімен  сабақтаған  Думаш  Сүлейменұлын 

осы  жағынан  сыйлайтын  шаңырақтар  жетіп 

артылады. Өйткені осы ағамыз көбінің жанұялық 

жарастық  жолын  салып  берді.  Зейнеркерлік 

демалысқа  шыққанына  қарамастан  ауылдың 

қоғамдық-әлеуметтік 

өміріне 

белсенділік 

таныта кіріскен Думаш аға жиын-жиналыстарда 

бесқарағайлықтардың  мұң-мұқтажын  ортаға 

салып,  мүддесін  азаматтық  тұрғыда  қорғайды. 

Келеңсіздікті  даттайды,  жақсылықты  жақтайды 

әлбетте.  Ал  Хамитқызы  Гүлсара  үйдің  тірлігін 

ұршықша  иіріп,  отбасының  береке-несібесін 

қызғыштай  қорғайды,  жанұяның  өміршеңдік 

маңызы  жоғары  салт-дәстүрлерін  берік  сақ-

тайды.  Өз  кіндігінен  жарық  дүние  есігін  ашқан 

балаларына  һәм  балаларынан  нұр-сәуледей 

тарап  отырған  жиен-немерелеріне  өнегелі 

тәлім-тәрбие беруден еш аянып қалмайды. 

Балалардың ішінде Азамат деген ұл мерейлі 

отбасының  артық  туған  мүшесі  болып  табыла-

ды. Бала кезінен спортқа әуес, күрес-тартысқа 

құмар  Азаматтың  жұлдызы  спорттың  джиу-

джитсу  аталатын  жекпе-жек  түрінде  жарқ  етті 

жуырда.  Пиреней  түбегіндегі  Португалияның 

Вагос  қаласында  өткен  ересектер  арасындағы 

әлем чемпионатында қос бірдей қола медальға 

ие болды. Басқа да бағындырған белестері бір 

төбе. Енді міне халықаралық дәрежедегі спорт 

шебері атағына қол жеткізіп отыр. 

Ақатаевтар  жанұясын  тілге  тиек  еткенде 

шеберлігімен, 

ұстаздығымен 

аймағымызға 

аса  танымал  Қанат  Қайроллаұлы  Асановты 

ерекше атап өткеніміз абзал. Бұл шаңырақтың 

апталдай  мүшесі  әрі  Ерғанат  деп  аталып  кет-

кен  ол  Азаматты  кішкентайынан  бауырына 

басып, әкелік мейірімін аямай шашқан асқан да 

абыройлы  адамгершілігімен  дараланады.  Ал 

үйдің еш таусылмайтын шаруа-тірлігін ұқсатып 

отырған  Амантай  ағаның  орны  өз  алдына  бір 

төбе ғой шіркін! 

Ардақты  Ақатаевтар  отбасы  –  қайнаған 

тірліктің  жасампаз  ортасы.  Қысы-жазы  қонақ-

мейманның қарасы үзілмейді. Бір шеті Алматы, 

бір  шеті  Зайсан,  Ертістің  арғы  да  бергі  жағы  – 

бәрінің басы әрі мерейлі, әрі ардақты Ақатаевтар 

отбасының кең де дарқан дастарқаны басында 

бірігеді. Осынау құрмет-сыйластыққа ие болып 

отырған Ақатаевтар отбасының мерейі асқақтай 

берсін,  қызық-қуанышы  әрдайым  жалғаса 

берсін.            



Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

АРДАҚТЫ 

АҚАТАЕВТАР 

7.06.2014ж.  №22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

4

Білім саласы

Үміт пен сенім арқалап...

Құрмалдық берілді

Қош бол, сүйікті 

балабақша! 

Күміс 


қоңыраудың 

сыңғырлаған 

жанғырығы  әрбір  адам  өмірінде  ерекше 

маңызға  ие.  Он  екі  мүшесі  сау,  сана-сезімі 

ояу  адам  мектеп  табалдырығын  тоздырған 

кезде  қоңырау  үнін  сан  мәрте  естіген.  Ал 

сол  қоңырау  біткеннің  ішінде  «Соңғы 

қоңыраудың»  сыңғыры  жадыда  ешқашан 

ұмытылмас-ескірмес 

естеліктей 

мәңгі 

қалады.  Енді  қайтып  оралмас  мектептегі 



қызықты  да  қызғылықты  қимас  сәттер  көз 

алдында  көлбейді.  Бозбалалық-балалық 

тәтті мекенге шақырады. 

Жылжып өтіп жатан жылдың 25 мамырында 

Бесқарағай  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебінде  оқу  жылының  аяқталуын  паш 

еткен  «Соңғы  қоңырау»  салтанаты  жүзеге 

асты.  Демалыс  күні  жексенбіге  түскеніне 

қарамастан  мектеп  спортзалына  жиналған 

қауымның қарасында шек болмады. Мектеп 

түлектерінің жеке өмірге пырақтай бастауын 

тамашалауға  келген  туған-туысқандар  аз 

болмады. 

Салтанатты шара барысында осымен қыр-

ық сегізінші болып мектеп табалдырығынан 

ұшқалы  отырған  түлектерді  құттықтаған 

еңбек  ардагері,  «Бесқарағай-Әлкей»  ЖШС 

төрағасы  Б.Р.  Әлкеев,  Қызылағаш  ауылдық 

округінің  әкімі  Ж.Ш.Байтілеуова,  ардагер 

ұстаз  Д.А.Ақатаев  жүрекжарды  тілектерін 

байыппен  жеткізді.  Сонымен  бірге  Жанат 

Шоқанқызы 11 сынып оқушылары А.Даулетов 

және Е.Амановқа спорттық жетістіктері мен 

белсенді  жігер-шымырлығы  үшін  арнайы 

диплом  және  естелік  сыйлығын  салтанатты 

түрде  табыстады.  Ал  мектеп  директоры 

А.М.Белгібаева 

қысқаша 


дайындалған 

тақырыптық баяндамасынан соң әр түлекке 

он  бір  жыл  бойғы  жетістіктері  үшін 

мадақтаманы  табыс  етті.  Бастауыш,  негізгі 

һәм  жоғары  буында  сынып  жетекшілік 

еткен  Ж.М.Белгібаева,  А.Т.Байтемірова, 

С.Н.Сейсембеков  қолынан  тәрбие  алған 

шәкірттерін  құттықтаумен  бірге  «орамал 

тоң  болмайды,  жол  болады»  дегендей 

әрбір  түлекке  естелік  бұйымтайын  тарту 

етті.  Қырық  сегізінші  түлектердің  әжелері 

Г.Айтқазина, Л.Қапанова, К.Қабдуова қазақы 

дәстүр бойынша тәттіден шашу шашты. 

Биылғы 


мектеп 

бітірушілердің 

ізін 

өкшелеп  келе  жатқан  оныншы  сынып 



оқушылары  лирикалық  әнге  ерік  берсе, 

«Соңғы қоңырауды» өмірлерінде тұңғыш рет 

естіп отырған бірінші сынып оқушылары әр 

түлекті сипаттайтын әзіл-шыны аралас өлең 

шумақтарын бал тілдерімен жеткізіп бақты. 

Өз  алдына  сахна  төрінде  жайғасқан 

мектеп  түлектері  өз  кезегінде  өздеріне  он 

бір  бойы  оқу-тәрбие  нәрімен  сусындатқан, 

бар  ұстаздық  мерейін  күн  нұрындай 

шашқан туған мектебіне, оның әкімшілігіне, 

ондағы  пән  мұғалімдеріне  арнаған  алғыс-

рақметтерін 

жүректі 

толқытар 

өлең 

шумақтарымен,  тақырыпқа  сай  іріктелініп 



қойған әндерімен жеткізді.

Айта кету керек, биылғы мектеп түлектері 

ішінде  «Алтын  белгіге»  үміткер  екі  оқушы 

қыз  бар:  Орынгүл  Белгібаева  және  Айгерім 

Тілектесова. 

Маусым 


айының 

екінші 


жұлдызында  болатын  Ұлттық  бірыңғай 

тестілеу сынағында үміт пен сенімді аралап 

отырған  екі  үміткердің  бағы  һәм  бабы 

жанатынына 

тілектестіктерін 

барлығы 


дерлік бір ауыздан білдірді. 

Осынау  «Соңғы  қоңырау»  салтанатында 

ғана ерекше орындалатын вальс биінен соң 

мектеп түлектері алтын күндей жарқыраған 

білім кілтін бірінші қыркүйекте қолдарынан 

жетектеп  мектеп  табалдырығына  өздері 

кіргізген  бірінші  сынып  оқушыларына 

табыстады.  Соңғы  қоңырау  соғу  рәсімі 

де  биыл  айтарлықтай  өзгертілген  түрде 

ұйымдастырылды. 

Әрбір 

түлектің, 



әрбір 

бірінші 


сынып 

оқушысының 

қолында  алақанға  сыйып  кететін  кішкене 

қоңыраулардың 

біркелкі 

сыңғырлаған 

жаңғырымен  өз  алдына  қиын  да  қызықты 

болған  2013/14  оқу  жылы  да  тәмамдалды, 

мектеп түлектері жеке өмірге қанат қақты. 

Сайып  келгенде,  әр  оқу  жылының  соңғы 

күнінде  соғылатын  күміс  қоңыраудың 

сыңғыры оқушылар қатарынан тағы бір топ 

түлектерді  жеке  өмір  атты  айдынға  мектеп 

жағасынан алыстата бастайды. Қоштасудың 

қандай  қиындығына  қарамастан,  осынау 

заңдылыққа  бағынуға  тура  келеді.  Өмір 

жалғасуда. Үміт жетелеуде. Сенім артуда.       

Бүлдіршіндер 

енді 

ғана 

тәй-

тәй  басып,  былдырлап  тілі  шыға 

бастаған 

шағынан 

тәрбиелеп 

өсірген  балабақшасымен  қоштасты. 

Кеше  ғана  аяқтарын  сүріне  басқан 

балдырғандар  бүгін  би  билеп,  ән 

айтып,  әріп  танып,  сан  ажыратып, 

есеп те шығарады.

Өткен аптада аудандық «Айналайын» 

балабақшасының 

мектеп 


алды 

«Ересектер»  даярлық  тобының  36 

бүлдіршіні  сүйікті  балабақшасымен 

қоштасты. 

Осыған 

орай 


«Білім 

жолына  сәт  сапар»  атты  ертеңгілік 

өтті. Аталмыш шараға бір топ ата-ана, 

балабақша  қызметкерлері  қатысып, 

олардың  назарына  бүлдіршіндердің 

дайындаған 

шағын 

концерттік 



бағдарламасы ұсынылды.

Балабақшаның  әуен  залында  өткен 

қоштасу  ертеңгілігінде  бүлдіршіндер 

тәлім  берген  тәрбиешілерінен  бар 

үйренген  білімдерін,  өнерлерін  ортаға 

салды.  Тәрбиешілеріне,  күтушілеріне, 

аспаз 

апайларына, 



музыкалық 

жетекшілеріне 

және 

балабақша 



меңгерушісіне алғыс ретінде мазмұнды 

өлеңдер оқыды. Аудандық «Бүлдіршін» 

сайысының  жеңімпаздары  Шәкімқызы 

Ақбота  Күләш  Ахметованың  «Сен 

қазақсын» 

өлеңін 


оқыса, 

Алмас 


Жанақов Жамбылдың «Мен қазақпын» 

өлеңін нақышына келтірді. Сол сияқты 

бүлдіршіндердің 

 

«Біз 



мектепке 

барамыз», «Жаса Қазақстан», ағылшын 

тіліндегі  әндері  шырқалып,  спорттық 

және  «Испан»  билері    тамашаланды. 

«Айналайын»  балабақшасының  2014 

жылғы 5-ші түлектерінің балабақшамен 

қоштасу  ертеңгілігі  есте  қалсын 

деген  ниетпен  ата-аналар  назарына 

«Бүлдіршіндердің балабақша өмірінен» 

слайды 


көрсетілді. 

«Айналайын» 

балабақшасының  меңгерушісі  Жанат 

Байжанова  ата-аналарды,  балаларды 

бүгінгі  күнмен  құттықтап,  мектепке 

қадам  басқалы  тұрған  бүлдіршіндерге 

жақсы  оқып,  үлкен  азамат  болыңдар 

деп  тілек  білдірді.  Қоштасу  шарасына 

келген 

ата-аналар 



да 

балабақша 

қызметкерлеріне, әсіресе тәрбиешілерге 

алғыстарын  білдіріп,  бүлдіршіндерге 

білім жолына сәт сапар тіледі. Ертеңгілік 

соңында  әсем  киінген  бүлдіршіндер 

жұптасып  вальс  ырғағымен  дөңгелене 

жүріп  ертеңгілікті  аяқтады.  Балаларды 

балабақша өміріне белсенді араласқаны 

үшін  алғыс  хаттармен  марапаттап, 

естелік сыйлықтар таратты

Ауданымыздағы белді балабақшаның 

тәрбиеленушілері  алдағы  өмірде  де 

өздерін  ылайықты  көрсете  аларына 

сеніміміз мол  Жанат БАЙЖАНОВА,

      «Айналайын»  балабақшасының 

меңгерушісі:

—  Биыл  біз  36  түлекті  мектеп 

табалдырығына  аттандырып  отырмыз. 

Осындағы 

үздік 

тәрбиешілердің 



арқасында  бүлдіршіндеріміз  білімді, 

өнерлі,  зерек  болып  өсті.  Ендігі  менің 

тілегім,  балалар  әрі  қарай  4  пен  5-ке 

оқып,  ата-аналарын  қуантып,  үлкен 

азамат  болып  өссе  екен  деймін. 

Бастарына 

бақ 

қонып, 


еліміздің 

үкілі  үмітін    ақтар  ұл  мен  қыздары 

болуларына тілектеспін.

Ә.Әмин,

Фото С.Равдал.

Дін

Таяуда    Лебяжі  ауданың  «Ғабдул-

Уахит»  хазірет  атындағы  мешітте 

ауыл халқы бірігіп Аллаһ ризалығы 

үшін 

құрбан 


шалып, 

мешіт 


асханасында  құрмалдық  берілді. 

Жиылған жамағаттарға мешіт имамы 

Ибраев 

Мақсат 


Сансызбайұлы 

құрбандықтың қасиетті жайлы уағыз 

айтып, құран хатым бағыштады.

Сонында жиылған қауымға мешіт 

имамы  шалынған  құрбанымыз  пен 

жасалып  жатқан    амалдарымыз 

қабыл  болсын  дей  келе  атсалысқан 

қауымға алғысын білдірді.

Құрмалдықтан 

қалған 


ас 

тағамдары  аудандық  балалар  үйіне 

берілді.

Біздің тілші.

ҰБТ -2014 

«АЛТЫН БЕЛГІМЕН» АПТАЛДЫҚ

Бәрекелді,  Айгерім!  Оқуға  деген  үздік 

талпынысымен  он  бір  жылдық  білімнің  басты 

сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық пән 

бойынша  жиналған  ұпай  саны  көрсеткіштері 

нәтижесінде жоғары бағаға ие болған Бесқарағай 

жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің  биылғы 

түлегі Айгерім Тлектесова «Алтын белгіге» және 

үздік  үлгідегі  аттестатқа  бірдей  қол  жеткізді! 

Биылғы  жылдың  2  маусымында  Павлодар 

мемлекеттік  педагогикалық  ғимаратындағы 

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде оқу 

жылының  басты  сынағын  тапсырған  лебяжілік 

түлектер ішінде осынау ауыз толтырып, көңілді 

марқайтып айтатындай көрсеткіш айқындалды. 

Он  бір  жыл  бойында  кілең  бестік  бағаға 

оқыған  Айгерім  оқу  жылы  басынан-ақ 

«Алтын  белгіге»  үміткерлер  қатарында  болды. 

Тыңғылықты  дайындықтың,  ұдайы  ізденістің, 

діттеген  мақсатқұмарлық  арқасында  осынау 

аламаннан  шығып  қалмай,  тегеурінді  жігер, 

талмас  шабыттың  өзгеге  үлгі  боларлық  үлгісін 

көрсетті. Мектеп ішіндегі үзбей әзірлікпен ғана 

шектелмеген  ол  аймақ  орталығындағы  мықты 

деген оқытушылардың да алдын көрді. Сондай 

қиналған  сәтте  де  сыр  бермей,  дана  Абайдың 

«ақырын  жүріп,  анық  бас,  еңбегің  кетпес 

далаға»  дегендей  өз  қомақты  жемісті  жеңісін 

моншақтап  та,  бұршақтап  та  жинады.  Абырой 

болғанда, маңдай терін төккен еңбегі арқасында 

үздік  нәтижеге  қол  жеткізіп,  «Алтын  белгіні» 

алқалау деңгейіне көтеріліп отыр. 

Аудан  түлектері  қатарында  биылғы  ҰБТ 

тапсырған 

бесқарағайлық 

түлектердің 

көрсеткіштері  қуантарлық.  Бейресмиленген 

көрсеткіштер  бойынша  орта  есеппен  82,3 

ұпай  қорын  еншілеген  Бесқарағай  жалпы  орта 

білім  беретін  мектебінің  мектеп  бітірушілері 

аудан  бойынша  үшінші  орында  тұр  екен.  Ал 

Ардақ  Даулетов,  Орынгүл  Белгібаева,  Мадина 

Аубакирова  сынды  түлектер  тестілеу  нәтижесі 

бойынша 84 пен 97 аралығындағы ұпай жинап, 

барлық  пәннен  «үздік-жақсы»  бағаларға  иелік 

етті. Сонымен бірге «қанағаттарлықсыз» бағаға 

ілігіп қалған оқушы жоқ. Жалпы жеті оқушының 

алтауы  (85,7  пайызы)  мемлекеттік  білім 

гранты  байқауына  қатысуға  мүмкіндік  беретін 

талапты  50  ұпайлық  белесті  бағындырды. 

Жекелей  кәсіптік  пәндер  бойынша  ағылшын 

тілінен  22  ұпай  алған  Айгерім  Тлектесованың, 

физика пәнінен 22 баллды бағындырған Ардақ 

Даулетовтің  көрсеткіштері  көз  сүйсіндіреді. 

Таразыласақ,  биылғы  ҰБТ  көрсеткіштерімен 

бесқарағайлық  түлектердің  жоғары  я  арнаулы 

орта оқу орындарына грант арқылы тегін оқуға 

түсуге  мүмкіндіктері  әлеуетті.  Ендігі  мақсат  – 

салмақты да дұрыс кәсіптік таңдау жасау. 

Былтырғы 

ҰБТ 

көрсеткіштерімен 



салыстырғанда  биылғы  нәтиже  әлдеқайда 

жоғары. Айталық, 69,9 бен 82,3-тің арасында ат 

шаптырымдай айырмашылық бар ғой әлбетте. 

Бесқарағай  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебінің қазіргі ғимаратының елу екі жылдық 

тарихында  «Алтын  белгі»  көрсеткіші  бұрын-

соңды  тіркелмеген  екен.  2000  жылы  мектеп 

түлегі  Аспандияр  Әлкеев,  ал  2003  жылы  үш 

бірдей  мектеп  бітіруші  Қаламқас  Ибрагимова, 

Айнұр  Сламбекова,  Бахтияр  Түсіпов  үздік 

үлгідегі қызыл түсті аттестаттарға қол жеткізді. 

Енді міне аға-әпкелерінің асыл жолын өкшелеген 

Айгерім  Тлектесова  үздік  үлгідегі  аттестатпен 

бірге «Алтын белгіні» омыраулайды. 

Болашақта 

халықаралық 

қатынастар 

саласының  білдей  маманы  болуға  талпынып 

отырған  мақтанышымыз  Айгерімге  барлық 

тілектерінің  орындалуына  жолы  ашық  болсын 

демекпіз. 

Үкілеген  үмітіміз  ақталды.  Он  бір  жыл 

бойы  бағып-қаққан  мұғалімдердің,  сынып 

жетекшілерінің,  ата-әжесінің,  әке-анасының, 

туған-туысқандарының, 

дос-жарандары-

ның, 

құрбы-құрдастарының, 



көшелес-

ауылдастарының 

қуанышында 

шек 


жоқ 

бүгінде.


Осынау  биік  белесті,  асқар  асуды  адал 

еңдегімен бағындырған Айгерім Бауыржанқызы 

Тлектесованың  жолын  кейінгі  толқын  боп  еріп 

келе жатқан басқа да үміткерлер жалғастырсын.

Бәрекелді, Айгерім!     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,

Бесқарағай ауылы. 


07.06.2014ж.  № 22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

5

Ауыл мектебінің қазіргі кездегі хал-ахуалы 



турасында  сыр  шерткенде,  ең  алдымен, 

оның тозығы жеткен һәм бүгінгі таң талабы-

на  сәйкес  келмейтін  оқыту-әдістемелік 

кешені 


және 

материалдық-техникалық 

базасы  көлденеңдеп  жатып  алады.  Әрине 

бұлардың  қатарына  үстіміздегі  ғасырдың 

басынан  бой  көтерген  жаңа  үлгідегі  ауыл 

мектептерін 

жатқызбаймыз. 

Дегенмен 

басым  бөлігінің  салынғанына  берісі  қырық, 

арысы  елу-жетпіс  жылдың  үстіне  шығып 

отырғандықтан,  оның  үстіне  толық  түрде 

жан-жағынан 

жабдылталмағандықтан, 

ескірмей-тозбай  тұрмайды  ғой.  Ағымдағы 

жөндеу-жабдықтауға  бөлінетін  қаржының 

көлемі  барлық  талапты  қамтуға  жетіңкіре-

мей  қалады.  Әсіресе  ауыл  мектебінің  көбін-

де  оқу  жиһаздары,  электр  жарығы  қазіргі 

санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға 

сай  келе  бермейді  тағы.  Алайда  мектеп 

басшылығы  қолдан  келетін  мүмкіндіктерді 

қолданып,  үңірейіп  тұрған  тұстарды  жамау-

жасқаумен күн кешуде. 

Бір  жақсысы,  соңғы  төрт-бес  жылда 

ауыл  мектебінің  көбінде  компьютерлік  парк 

айтарлықтай 

жаңартылды. 

Ақпараттық-

коммуникациялық  технология  және  ин-

новациялық әлеуетті арттыру мақсатымен не-

гізгі пәндерді жалпы немесе жекелей оқытуға 

лайықталған  мультимедиялық  дәрісханалар 

қажетті құрылғыларымен орнатылды да іске 

қосылды. Осы күндері күнделікті сабақ оқыту 

үдрісінде 

қолданылатын 

интербелсенді 

тақта,  дербес  ноутбуктар,  электронды 

оқулық-нұсқаулықтар  әдістеменің  тиімділігін 

арттыруда 

айырықша 

рөл 


атқаруда. 

Жаһандық  ғаламторға  мейілінше  қосылған 

ауыл  мектептері  кез  келген  сәтте  пайдалы 

танымдық  ақпарат-мәліметтерді  өз  орнында 

отырып  та  пайдалану  мүмкіндігіне  ие.  Десе 

де  аудан  орталығынан  шалғайлау  жатқан 

ауылдық  елді  мекендерде  ғаламторға  шығу 

мүмкіндігі шектеулі кездер әлі де болса төбе 

көрсетіп қалады. 

Қолданысқа  2013  жылдың  қыркүйегінен 

қосылған  жаңа  мемлекеттік  білім  беру 

стандартына  сәйкес  құрастырылған  оқу 

бағдарламалары 

негізінде 

Павлодар 

облыстық  білім  беру  басқармасына  қарасты 

білім  беру  мен  тәрбиелеуді  дамытудың 

инновациялық  орталығы  әзірлеген  күн-

тізбелік-тақырыптық  жоспарлауды  жүзеге 

асыруда  ауылдық  мектептің  барлығы  дерлік 

жаңа  үлгідегі  оқулықтардың  тапшылығынан 

немесе  қолданыстағы  ескі  оқулықтардың 

сәйкессіздігінен  қиындықтарға  тап  болды. 

Абырой  болғанда,  қажетті  тақырып-бөлім-

тарауларды анадан бір, мынадан бір құрақтап, 

бұл  тығырықтан  да  шыға  білді.  Десе  де  кү-

тілетін жаңа оқу жылының басталуына дейін 

бұл  мәселенің  түйшектелген  түйіні  оңтайлы 

шешіліп қалады деген үміт ұялайды.

«Мамандар  барлығын  шешеді»  деген 

бір  ауыз  нақылдың  ауыл  мектептері  үшін 

стратегиялық  маңызы  салмақты.  Жекелеген 

оқу  пәндерін  оқытатын  мамандармен  қамту 

–  күн  тәртібінен  түспейтін  келелі  мәселе. 

Жылда педагогикалық оқу орындарын сәтімен 

тәмамдайтын  жас  мамандар  «Дипломмен 

–  ауылға»  бағдарламасы  бойынша  ауыл 

мектептеріне үміт арқалап барады. Дегенмен 

ұзағынан  тұрақтамайтыны  немесе  басқа 

бір  салаға  ауысып  кетуі  аймақтық  білім 

басқармасын да, аудандық білім бөлімін де, 

мектеп әкімшілігін де әуре-сарсаңға түсіреді. 

Ұстаздық арқылы асқан абырой мен ардақты 

атақ-даңққа  бөленіп,  жұлдызы  жанған  ауыл 

мектептеріндегі  жас  мамандар  өз  алдына 

бір  төбе.  Олардың  қол  жеткізген  нәтижелері 

түрлі 

педагогикалық 



жиын-кеңестерде 

ынталандырылады, марапатталады. 

«Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы 

тарапынан  кезең-кезеңмен  жүзеге  асырылып 

жатқан  жаңа  форматтағы  үш  айлық  педагог 

мамандардың  біліктілік  әлеуетін  арттыру 

курстарының бірінші, екінші, үшінші деңгейін 

сәтімен  тәмамдап,  сертификаттарға  ие 

болып,  айлық  жалақысына  тиісті  пайыздық 

үстеме  алып  отырған  мұғалімдер  ауданға 

қарасты  ауыл  мектептерінде  де  еселену 

үстінде.  Осынау  курстарды  бағындырған 

пән  мұғалімдері  сындарлы  оқыту  мен  жазу 

технологиясын,  сонымен  бірге  Назарбаев 

зияткерлік  мектебінің  озық  тәжірибе  мен 

ортақ әдісін өз мектептерінде игертуде.

Жалпы орта білім берумен айналысатын кез 

келген  мектептің  рейтингісін  мониторингілеу 

мен  диагностикалауда  Ұлттық  бірыңғай 

тестілеу (ҰБТ) сынағы нәтижелерінің салмағы 

ауқымды. Басқасын қайдам, ал Лебяжі ауданы 

мектептерінің  ҰБТ-дағы  орташа  көрсеткіштері 

соңғы  жылдарда  көңілді  көншітпей  жүргені 

жасырын  емес.  Қалыптасқан  жағдайды 

сапаландыру  бағытында  жүргізіліп  отырған 

жұмыстар  да  бірқыдыру.  Білім  басқармасы 

тарапынан  өткізіліп  отыратын  қашықты, 

көшпелі шаралар өз жемісін беруде. Сонымен 

бірге  аймақ  басшысы  Қ.А.Бозымбаевтың 

мұрындық 

болуымен 

ұйымдастырылған 

ауданға 

қарасты 


мектептердегі 

5-11 


сыныптарда  негізгі  қоғамдық-гуманитарлық 

және  жаратылыстану-математикалық  пән-

дерді оқытатын мұғалімдерді тестілеу оқыту 

сапасын  арттыруда,  ҰБТ  көрсеткіштерін 

еселеуде септігін тигізетіні анық. Сол сияқты 

лебяжілік 

түлектердің 

сынақты 


қалаға 

келіп  тапсыруы  психологиялық  жағынан 

ыңғайсыздық  туғызады:  ұзақ  жол,  үйден 

жырақ  жат  жатын  орын,  тест  тапсыратын 

бөтен орын. Осындайда аудан орталығында 

тест  өткізу  пунктін  ашу  қажеттігі  өздігінен 

сұранып тұрады.

Ауданға  қарасты  ауыл  мектептерінің 

оқушылары  түрлі  деңгейдегі  пәндік  сын-

байқауларда, зияткерлік марафондарда жүл-

делі  орындарға  қол  жеткізіп  келеді.  Бұл  да 

болса дарынды оқушымен маңдай терін төгіп 

жұмыс  істегеннің  қомақты  жемісі  емес  пе. 

Ғылыми жобаларды дайындау мен қорғауда 

да  ауыл  мектептері  оқушылары  барын 

салуда. Дегенмен аймақтық, руспубликалық, 

халықаралық  деңгейде  жүлдеге  ілігу  ілуде 

бір.  Демек  бұл  бағытта  ауыл  мектетпері 

және жоғары не арнаулы-орта оқу орындары 

арасында  тығыз  іскерлік  байланыс  орнату 

қажет. 

Оқушылардың 



қауіпсіздігін 

сақтау 


бойынша  атқарылып  отырған  іс-шаралар 

ерекше  ескеріледі.  Оқу  жылы  барысында 

өрт  қауіпсіздігіне  байланысты  эвакуация 

жаттығулары 

өткізіледі. 

Өмірге 


қауіпті 

нысандарды  не  жылдам  ағынды  Ертісті 

маңайламау 

жайында 


нұсқаулықтармен 

оқушыларды 

уақытында 

таныстырады, 

ескертеді.  Сол  сияқты  құқық  бұзушылықтың 

алдын  алу  бойынша  да  атқарылатын 

жұмыстар аз емес. 

Мектеп 


үшін 

рухани 


азық 

беретін 


кітапхананың орны ерекше әлбетте. Оқу-әдіс-

темелік  және  көркем-көпшілік  әдебиетпен 

сусындайтын  оқушылар  және  қызметкерлер 

өздеріне  қажетті  өмірлік  нәр  алады.  Ендігі 

мәселе  –  жаңа  кітаптармен  уақытында 

жабдықталуында,  компьютермен  қамтылып, 

ғаламторға  емін-еркін  шығуында.  Бұл  сұрақ 

әлі де мардымды қадамдарға зәру сияқты.

Ұлттық  тәрбие  беруде  ауыл  мектебінің 

арқалаған жүгі жеңіл емес. Қазіргі жаһандану 

заманында 

ұлттық 


құндылықтарды 

жаңғыртудан  бұрын,  сақтап  қалудың  өзі 

ойландырмай  қоймайды.  Өскелең  ұрпаққа 

өнегелі  тәлім-тәрбие  дарытуда  мағынасы 

мазмұнды  іс-шаралар  жоспарлы  түрде 

ұдайы ұйымдастырылады. Қатарлары сиреп 

бара  жатқан  көнекөз  егде  жандардың  да 

көмек-қолғабысы өлшеусіз. Айталық, мектеп 

жасындағы 

оқушыларға 

ұлттық 

тәлім-


тәрбиенің  өнегелілігін  дарыту  мақсатымен 

«Жас  қыран»  ұлдар  клубы,  «Ардақ»  қыздар 

клубы, «Аналар  мектебі»,  «Әкелер  мектебі» 

және  басқа  мектеп  ішіндегі  шағын  қоғамдық 

ұяшықтардың тағылымдық шапағаты шексіз.  

Кезінде  қарыштап  дамыған  кеңшарлар 

тоқырау  жылдарынан  соң  құлдырауға  тап 

болып,  тұрғындары  азайып  қалған  кішкене 

ауылдарға  айналғаны  тарихтан  белгілі. 

Қаншама маңызды әлеуметтік нысандардың 

ішінде  тек  қана  мектеп  сақталынып  қалды. 

Замана  түрліше  құбылғанына  қарамастан, 

оқушыларды  білім-тәрбиемен  сусындату  ісі 

ауылды  мекендерде  еш  толастаған  емес. 

Тозығы  жетсе  де,  өзінің  жылдағы  игілікті 

ісінен жаңылған да жоқ. Жоғарыда болғандай 

ауылдық  мекендердегі  мектептердің  басым 

бөлігіне күрделі жөндеу-жабдықтау қажет. Он 

екі жылдық білім беру жүйесіне нақты кіруге 

бет бұрған еліміз үшін ауыл мектебінің қала 

мектебінен  еш  кем  түспейтіндей  жан-жақты 

дайын болуы керек. 

Кезінде  жаттанды  болып  қалған  қала 

мектебі мен ауыл мектебі арасындағы жағдай 

тең  емес  деген  стереотиптен  ажырағанда 

ғана,  инновация  тұрғысынан  қарыштап 

дамығанда ғана діттеген мақсат-мұратқа қол 

жеткізуге болады.    




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал