Нық айтамыз. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті



жүктеу 475.93 Kb.

бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі475.93 Kb.
  1   2   3   4   5

07.06.2014ж.  № 22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

1997  жылдан  бастап  «31-мамыр  –  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  күні»  болып 

ресми  бекітілген  болатын.  1937-1939  жылдар 

аралығында  қазақтың  бас  көтерер  зиялы 

қауымының  көпшілігі  қуғын-сүргін  құрбанына 

айналды.  Тарих  беттерін  парақтасақ,  қазақтың 

басынан  өтпеген  зұлмат  кемде-кем  екендігін 

нық  айтамыз.  Алайда,  тоталитарлық  саясаттың 

машинасы бәрінен асып түсті. Қазір осы датаны 

аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі 

өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.

Өткен  аптаның  сенбісі  саяси  қуғын-  сүргін 

және  ашаршылық  құрбандарын  еске  алу  күні 

ретінде  бүкіл  қазақ  жерінде  атап  өтілді.  Мереке 

болмаса  да  бұл  —  иісі  қазақ  үшін  қасиетті  әрі 

қастерлі  күн.  Бұл  күні  біз  жаланың  кесірінен 

жазықсыз  атылған  мыңдаған  жандарды,  жесір 

қалған  әйелді,  жәутеңкөз  жетім  баланы  еске 

аламыз.  Бұл  —  ашаршылық  жылдары  бір  үзім 

нанға  зарығып,  ісіп-кеуіп  өлген  миллиондаған 

қандастарымыздың  сол  кездегі  аянышты  халін 

елестетіп, барымызға тәубе айтатын, осыған да 

шүкір дейтін күн.

Осы  қазалы  датаға  орай  Аққу  жұртшылығы 

да  лениндік-сталиндік  жүйе  ұйымдастырған 

қызыл  қырғынның  құрбандарын  аза  тұтып, 

еске  алды.  «Тарихтан  тағлым  өткенге  тағзым» 

тақырыбын арқау еткен шара аудандық «Ғабдул-

Уахит  хазірет»  орталық  қызыл  қырғынның 

құрбандарына  құран  бағыштаумен  басталып, 

аудан  орталығында  орналасқан  «Саяси  қуғын-

сүргін құрбандарының» саябағындағы митингімен 

жалғасты. 

Қанішер  жүйенің  құрбандарына  тағзым  ететін 

қаралы  сәттің  ұлттық  аза  күні  деңгейіне  дейін 

жеткендігін  аудан  әкімі  А.Құрманова,  мәслихат 

хатшысы  Қ.Әлтаев  және  облыстық  Ассамблеяның  

«Шешен-ингуш  мәдени  бірлестігі»  өкілдерінің 

қатысуымен  өткен  осы  еске  алу  шарасында 

тереңінен жанымызбен ұққандай болдық. 

Еске  алу  шарасын  ашқан  аудан  әкімі  Айзада 

Амангелдіқызы  кеңестік  дәуірдегі  тоталитарлық 

жүйенің  салдарынан  қуғын-сүргінге  ұшыраған 

көптеген  зиялы  қауым  өкілдерінің  көбі  құрбан 

болғанын,  қалғаны  «Карлаг»  пен  «Степлаг»-та, 

қуғын-сүргінге ұшырағандардың кінәсіз қапаста азап 

шеккенің атап өтті. Осы 1937-38 жылдардағы саяси 

қуғын-сүргінге  ұшыраған  азаматтарды  атап  өтіп, 

сол  жылдардағы  халқымыздың  басына  туған  ауыр 

жылдарды  сөз  етті.  Ал  мәслихат  хатшысы  Канат 

Әлтаев  репрессия  жылдары  шешен  ұлтының  қазақ 

жеріне  көшіп  келгендігін,  сол  елдің  азаматтарымен 

тату-тәтті,  бір  шаңырақ  астында  тұрып,  бір  тілім 

нанды да бөлісіп жегендігін айтты. Сондай-ақ, кейінгі 

толқын өскелең ұрпақ бейбіт күнді, жарқын болашақты 

сыйлаған  жандардың  ерлігін  еш  ұмытпай,  әрқашан 

рухтарына  тағзым  етуді  парыз  екендігін  жеткізді. 

Облыстық  «Шешен-ингуш  мәдени  бірлестігінің» 

өкілі Сыздоев Иса: «Сол бір қасірет әкелген жылдар 

біздің ғана емес, көптеген ұлтқа да қиын кезеңдерді 

әкелді.  Сол  кезде  Қазақ  жері  көптеген  ұлттар  мен 

ұлыстарға пана болды. Барлық халықты бір шаңырақ 

астына  ұйытып,  тату-тәтті  өмірді  сыйлай  білді.  Біз 

жер  ауып  келген  кезеңде  Қазақстанда  да  жағдай 

нашар,  соғыстың  халықты  тұралатқан  шағы.  Бірақ 

өзінің даласындай дархандығы, пейілінің кеңдігімен 

біздің  халықты  жақсы  қарсы  алған  қазақ  халқы 

жер  аударылып  келгендерге  бір  бөлмелі  үйінің  бір 

бұрышын,  екі  бөлмелі  үйінің  бір  бөлмесін  босатып 

беріп,  өздерінен  кем  құрмет  көрсетпей,  бүтінін 

бөліп,  жартысын  жарып  беріп,  аман-есен  бейбіт 

күнге жеткізді. Сол үшін Қазақ еліне, қазақ халқына 

алғысымыз шексіз» деген лебіздерімен бөлісті.

Репрессия  және  аштық  етек  алған  жылдарда 

жан  кешкен  құрбандарды  1  минуттық  үнсіздікпен 

еске  алғаннан  соң,  шараға  қатысушылар  саяси 

репрессияның құрбандарына гүл шоқтарын қойды. 

Зұлмат  жылдардың  жазықсыз  құрбандарына 

арналған  еске  алу  шарасы  Қызылағаш  ауылдық 

округінде жалғасты. Оған облыстық Ассамблея мен 

аудан орталығының өкілдері аттанды.

  «Ұмытпаймыз,  кешірмейміз!»  Еске  алу  күні 

осы  бір  екі  ауыз  сөз  әр  қазақтың  тілінде  жүрді, 

санасына  сіңісті.  Зиялы  орта  қалыптасып,  ғылым-

білімге  енді  бет  бұрған  ұрпақты  қынадай  қырған 

кешегі  тоталитарлық  жүйені,  сол  жүйені  басқарған 

көсемдерді,  досы,  туысы  екеніне  қарамай  жалған 

абырой  үшін  сатып  кеткен  сатқындарды  ешқашан 

кешірмейміз.  Керісінше,  қазақ  үшін  жанын  беруге 

даяр  тұрған,  Алаш  тұтастығын,  діні  мен  салтына 

адал  болған,  шейіт  болған,  жазықсыз  әрі  кінәсіз 

құрбандарды ешқашан ұмытпаймыз.



Ә.Өмірзақ.

2014 ж.


№22 (7698)

ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ

БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.



7

Еркін баға

маусым

сенбі

Тарихтан тағлым 

өткенге тағзым

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай

4-маусым  –  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  рәміздер  күні  екендігі  баршаға 

мәлім.  Осы  атаулы  күнге  орай  аудан 

орталығында 

«Менің 

Қазақстаным» 



тақырыбын ту еткен форум өтті.

Баршамызға белгілі болғандай «Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  рәміздері 

туралы»  Конституциялық  Заң  2007  жылы  4 

маусымда қабылданған болатын. Осы Заңға 

сәйкес  жыл  сайын  4  маусым  Қазақстан 

Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні 

ретінде мерекеленуде. Мемлекеттік рәміздер 

дегеніміз  –  бұл  кез  келген  мемлекеттің 

егемендігі  мен  біртұтастығын  бейнелейтін, 

мызғымас  негіздерінің  бірі.  Елбасы  Н. 

Назарбаевтың  сөзімен  айтар  болсақ, 

“Мемлекеттік  рәміздер  –  халқымыздың 

рухын,  ұлттық  санасын,  қаһармандығы  мен 

даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-

тілегін  жеткізетін  ерекше  құнды  белгілер”. 

Қазақстан  Республикасында  Ту,  Елтаңба 

және  Әнұран  мемлекеттік  рәміздер  болып 

табылады.

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауды мұрат 

тұтқан бұл шара Ауған соғысының жауынгері 

С.Хамзиннің  ескерткіші  алдындағы  аудан-

дық  ішкі  істер,  қорғаныс  істері  жөніндегі 

бөлім  және  мемлекеттік  қызметкерлердің 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Туын  желбіретіп,  аты  аңызға  айналған 

жерлесіміз.  С.Хамзиннің  есіміне  берілген 

көше бойымен өткен шеруінен бастау алды. 

Ауданымыздың  жас  патриоттары,  мектеп 

оқушылары қолдарына  мерекелік плакаттар 

мен шарларды  ұстап, соңдарынан ілесті.

Ал 


атаулы 

мерекеге 

орай 

ұй-


ымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты 

форумын  аудан  әкімі  Айзада  Құрманова 

құттықтау  сөзімен  ашты.  Ол  өз  сөзінде, 

«  Құрметті  ауыл  тұрғындары,  еліміздің 

патриоттары. Сіздерді бүгінгі атаулы күнмен 

құттықтаймын.  Мемлекеттік  рәміздер  - 

еліміздің  егемендігі  мен  тәуелсіздігін  паш 

етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні  және 

болашағы 

арасындағы 

сабақтастықтың 

жарқын 


бейнесі. 

Сонымен 


қатар 

халқымыздың  рухын,  ұлттық  салт-санасын, 

қаћармандығы  мен  даналығын,  болашаққа 

үмітін,  арман-тілегін  жеткізетін  ерекше 

құнды  белгілер  болып  табылады.  Сол 

ұлттығымыз  бен  егемендігімізді  айқындай-

тын 

белгілерімізді 



құрметтей 

білейік. 

Еліміз  мәңгі  жасай  берсін»  деген  тілегінен 

кейін  ауданның  дамуына,  халық  игілігі 

жолында  аянбай  еңбек  еткен,  балалардың 

тәрбиесіне атсалысқан, сонымен қатар жас 

болса да, ауданының патриоты бола білген 

бірқатар  адамдарды  «Аудан  патриоты» 

атағымен  марапаттады.  Атап  айтқанда, 

«Ауданның  Құрметті  азаматы»,  ҚР  еңбегі 

сіңген  жаттықтырушысы  Н.Оразалинов, 

еңбек  ардагері,  Жамбыл  ауылдық  округінің 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Ө.Исағұлов, 

Лебяжі  орта  мектебінің  өзін-өзі  тану 

пәнінің  мұғалімі  Г.Жиеналина,  өртке  қарсы 

қызметінің старшинасы, бөлімше командирі 

Е.Құсаинов,  қару  айналысын  қадағалау 

және  лицензиялау  тобының  инспекторы, 

полиция 

капитаны 

Б.Сатыбалдинов, 

аудандық 

орталық 

аурухананың 

аға 

медбикесі  К.Ахметова,  Бесқарағай  орта 



мектебінің  озат  оқушысы,  2014  жылғы 

түлегі,  «Алтын  белгі»  иегері  Ә.Тілектесова 

және Баймолдин атындағы орта мектептің 7 

–сынып оқушылары, Ә.Баймолдиннің ерлігін 

ұлықтауға арналған “Отан қорғаған асыл ер” 

жобасының  авторлары  Мустахим  Бекболат 

пен  Сержан  Наурызгүл  сынды  азаматтар 

ауданның патриоттары атанды.

Марапаттау 

рәсімінен 

кейін 

сөз 


алған  ауданның  Құрметті  азаматы,  ҚР 

еңбегі  сіңген  жаттықтырушысы,  «Аудан 

патриоты» 

атағының 

иегері 

Нұрлан 


Қабыкенұлы, 

«Қымбатты 

жерлестер, 

бүгінгі  мерекелік  «Менің  Қазақстаным» 

форумымен  құттықтаймын.  Өзімнің  еңбек 

жолымды халық игілігіне, өскелең ұрпақтың 

тәрбиесіне,  жас  патриоттарды  спортқа 

баулуға  арнадым.  Бүгінде  соның  жемісін 

көрудемін. 

Өте 


қуаныштымын. 

Менің 


шәкірттерім  қазіргі  таңда  түрлі  байрақты 

бәсекелерде  бақтарын  сынап,  еліміздің  көк 

Туын  қалықтатып,  Әнұранды  абыроймен 

әуелетіп  жүр.  Бұл  мен  үшін  зор  мәртебе. 

Шәкірттерімнің  жеңісі  ең  алдымен  менің 

оларға  деген  сенімімнің  ақталуы  деп 

білемін.  Сондықтан  еліміздің  патриоттары 

көбейіп,  мемлекетіміз  жасай  берсін»  деген 

ниет  білдірсе,  «Аудан  патриоты»  атағының 

жас иегерлері болашақта  еліміздің көк Туын 

биікте желбіретіп, мемлекетіміздің дамуына 

өз септігін тигізетіндеріне ант берді.

Форум барысында Лебяжі орта мектебінің 

оқушылары  дайындаған  «Әдеби  монтаж» 

халық 

назарына 



ұсынылып, 

«Егемен 


Қазақстан»  және  «Қазақ  елі»  әндері 

шырқалды.

Сан 

ғасырлар 



бойы 

бабаларымыз 

аңсаған  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  таңда 

өз  алдына  мемлекет  болумен  қатар, 

тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге 

танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің 

паттриоттық  рухын  көтеретін  Мемлекеттік 

Әнұранымызбен  қарыштап  қадам  басып 

келеміз.  Азат  елдің  бірден-бір  нышаны 

саналатын 

рәміздерімізді 

құрметтеп, 

қастерлей  білу  –  бүгінгі,  ертеңгі  ұрпақтың 

парызы.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің  көк 

байрағы биікте желбіреп, мәртебесі одан әрі 

арта берсін демекпіз.

 «Менің Қазақстаным» 

форумы өтті

Атаулы күнге орай


07.06.2014ж.  № 22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

Жаздың  алғашқы  күніне  тұспа-тұс  келетін 

төл  мереке  –  Балаларды  қорғау  күні.  Бұл 

күн  –  балалардың  ұдайы  қамқорлықта 

болуын,  ал  үлкендердің  олар  үшін  әрқашан 

жауапкершілікте болуын еске салатын күн.

Дана  халқымыз  «Қуанса,  бала  қуансын!» 

дейді.  Әрине,  баланың  қуанышынан  асқан 

бақыт  жоқ.  Тіпті,  ардақты  Пайғамбарымыз 

Мұхаммед (с.ғ.с.): «Баласы бар баламен бала 

болсын», - деген болатын. Алланың Елшісі өз 

немерелерін  ғана  емес,  барлық  балаларды 

жақсы  көріп,  бауырына  басып,  оларға 

мейірімділік  танытқанын  тарихтан  білеміз. 

Олай  болса,  бала  өміріне  бір  сәт  болса  да, 

қуаныш сыйлау – мейірімділіктің нақ белгісі.

Міне,  осы    бағыттан  таймаған  аудан 

әкімдігі 1 маусым – балалар мерекесіне орай 

ауданымыздың  кішкентай  тұрғындарына 

арнап, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.  

Балаларды  бақыт  пен  шаттыққа  бөлеген 

мерекені 

ашқан 


аудан 

әкімі 


Айзада 

Амангелдіқызы  өз  сөзінде:  «Бала  –  өмірдің 

гүлі,  көздің  нұры.  Осыны  ересек  адамдар 

жете  түсінуі  қажет.  Балаларымызды  аялап, 

олардың  бақытты  болуларына,  шаттық  пен 

қуанышқа  бөленулеріне  жағдай  жасауда 

аянып қалмауымыз керек. 

Қымбатты  балалар,  бүгін  сендер  үшін 

айтулы  мереке.  Жаз  мезгілімен  тұспа-

тұс  келген    осынау  күнмен  шын  жүректен 

құттықтаймын. 

Жазғы 


демалыстарыңды 

дұрыс әрі көңілді өткізу үшін жазғы сауықтыру 

лагерьлерін 

ұйымдастырдық. 

Сендердің 

көңілдеріңнен шығады деген үміттеміз. Жазғы 

демалыстарыңды  жақсы  өткізіп,  келесі  оқу 

жылында  көтеріңкі  көңіл  күймен  бастарсың-

дар  деген  сенімдемін.  Тағы  бір  мәрте 

мерекелеріңмен құттықтаймын» деген лебізін 

білдірді.  Аудандық  мәслихат  хатшысы  Қанат 

Әлтаев  «Қымбатты  балалар  мерекелерің 

құтты  болсын.  Сендер  бейбіт  елдің  бақытты 

ұрпағысыңдар. Ата – бабаларың жүріп өткен 

зұлмат кезеңдерді тарих беттерінен парақтап 

таныстыңдар. 

Осындай 

бейбіт 


өмірді 

сыйлаған  батырларымыздың 

рухына тағзым етіп, олардың 

есімдері  мен  ерліктерін  еш 

ұмытпауларың қажет. Өйткені 

тарихты 


білмей, 

жарқын 


болашақты құру мүмкін емес. 

Сол  үшін  өткенге  қашанда 

құрметпен  қарайық»  деген 

сөзімен  бүлдіршіндерге  ақ 

тілектерін жаудырды.

Мерекелік  концерт  аудан-

дық балалар кітапханасының 

жанынан құрылған «Айгөлек» 

драма  үйірмесінің  «Алдар 

көсенің  хикаялары»  атты  

көріністерден  бастау  алып, 

кішкентай 

бүлдіршіндердің 

қатысуымен  өткен  гала  концертпен  ұласты. 

Аталмыш  концертте  ауданға  қарасты  орта 

мектептер  жанындағы  шағын  орталықтардан 

келген  өнерлі  бүлдіршіндер    өз  өнерлерін 

ортаға  салып,  халықты  тәнті  етті. 

Мерекелік  гала  концертте  өнерлі 

өрендер «Ғажайып құстар», «Қара 

жорға», «Барбарики» билерін  мың 

бұрала  билеп,      «Құттықтаймын», 

«Бала  тілегі»  әндерін  қалықтатып, 

«Бала  бақыты»  өлеңін  оқыды. 

Сондай-ақ,    «Қыз  бен  жігіт» 

айтысының  үлгісі тамашаланды. 

Жаздың  алғаш  шуақты  ме-

рекесінің  жалғасы  «Айналайын» 

балабақшасының  алаңында  өт-

кен  көңілді  спорттық  ойындар 

мен  аудандық  мәдениет  үйінде 

ұйымдастырылған дойбы, шахмат, 

тоғызқұмалақ 

ойындарына 

ұласты. 

«Әрбір суретте күн бейнеленген» 

тақырыбында  балалар  асфальтта 

сурет салуда сыңға түсті.  Осындай 

суреттің  басым  көпшілігінде  ашық 

аспан,  көк  аспанда  күлімдеген  

алтын түстес күн және қол ұстасқан 

бақытты жанұя, ата-ана және бала. 

Балалар  бақытты  шақты  осылай 

бейнеледі.

Аты  аталған  сайыстардың  жең-

імпаздары  жұмсақ  ойыншықтар-

мен  марапатталып,  мерекелік 

шараға  қатысушы  балғындардың 

түгеліне балмұздақтар таратылды.

Балғындарды 

қуаныш 

пен 


шаттыққа  бөлеген  мереке  «Қазақстан!  Біз 

сенің  балаларыңбыз»  деген  ұранмен  тәмам 

болды.

Әрбір  сәби  бақытты  болуы  үшін  жаралған. 



Бірақ  соңғы  кездері    безбүйрек 

әкелер  мен  «көкек»  аналар 

көбейгендіктен  балалар  үйінде 

қарадомалақтарымыздың 

қа-

расы  көбеюде.  Қауіпті  үрдіс 



әрине.  «Ештен  кеш  жақсы» 

дегендей,  осындай  санасы 

уланған  ересектеріміз  бала  ал-

дындағы  жауапкершілікті  жете 

түсінсе  игі  болар  еді.  Жаздың 

жайма шуақ күніндей күліп келе-

тін балалар мерекесінде, әсіре-

се, ана-ларымыздың құттықтауы 

айырықша  маңызды.  Мұны 

анасыз  қалған  жандар  терең  

түсінері сөзсіз. Әлемнің асылын, 

өмірдің  жарығын  сыйлайтын 

жандардың  сәбилерімен  ара-

лары ажырамаса екен, балалар 

үйіндегі  қарадомалақтарымыз  бен  қарттар 

үйіндегі қаракөздеріміз азайса екен, еш уақыт 

соғыс  болмасын,  көк  туымыз  қашанда  биікте 

желбіресін демекпіз.  



Ә.Өмірзақ.

Куаныш пен шаттыққа бөлеген мереке

Өткен  аптада  «Нұр  Отан»    партиясы    аудандық  фи-

лиалының ғимаратында аудан әкімі Айзада Құрманованың 

төрағалығымен  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру  және 

алдын алу» тақырыбын ту еткен дөңгелек үстел өтті.

Аталған  отырысқа  аудандық  мәслихат  хатшысы 

Қ.Әлтаев, аудан прокуроры Ж.Джусупов, ішкі істер бөлімінің 

орынбасары    М.Байгожин,  аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы Т.Макин, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім

мекеме және ұйым басшылары қатысты.

Дөңгелек  үстел  мәжілісін    ашып  жүргізген  аудан  әкімі 

А.Құрманова  өз  сөзінде:  «Сыбайлас  жемқорлық  -  ел 

экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған 

қоғамымыздың  ең  басты  қауіп  -  қатерлерінің  бірі  болып 

табылады.  Сондықтанда  оны  болдырмау,  алдын-алу 

мақсатында  елімізде  көптеген  іс-шаралар  жоспарланып, 

жүзеге  асырылуда.  Алайда,  жемқорлықпен  күрес  барысы 

күн  сайын  қарқын  алып  келеді,  өкінішке  орай  жегі  құртқа 

айналған  осы  бір  қатерлі  дерттен  бойын  аулақ  ұстағысы 

келмейтіндердің  қатары  да  уақыт  өткен  сайын  көбейе 

түсуде. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара 

жатқан  жемқорлықтың  жолына  батыл  тоқсауыл  қойып, 

олардың  зардаптарын  жою  және  мүдделілерді  жауапқа 

тарту  бүгінгі  күннің  ең  басты  міндеттерінің  бірі.  Осындай 

келеңсіз құбылыстармен  күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау 

немесе  мемлекеттік  органдардың  міндеті  емес,  барлық 

ұлтжанды  азаматтардың  парызы.  Жемқорлықпен  күресуді 

бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады » деп 

баса айтты. 

Шара  барысында  сөз  алған  аудан  прокуроры  Жан 

Оралұлы  қоғам  үшін  қауіпті  дертке  айналған  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу жолдарымен 

таныстырып,  азаматтардың  аталмыш  қауіптің  көрінісі 

тұсындағы құқықтық жауапкершілігі жөнінде сөз етсе, әділет 

басқармасының басшысы Бибігүл Хамзина  

отырыстың 

өтуіне 

себеп 


болған  дерттің  ұлттық  қауіпсіздік-

ке  тигізер  зияны  мен  қоғам  үшін 

кесірін 

баяндады. 

Ал 

салық 


басқармасының  басшысы  Баян 

Наурызалиева  қаржылық  бақылау  

сұрақтары  бойынша    түсініктеме 

берді. 


Сыбайлас жемқорлыққа жағдай 

туғызатын құқық бұзушылықтың бір 

түрі - жеке және заңды тұлғалардан 

түскен  арыз-өтініштерін  қараудың 

заңда 

белгіленген 



тәртібін 

бұзу.  Аудан  бойынша  қандай 

да  ұсыныстар,  арыз  өтініштер 

бар  болса,  оның  қандай  да  түрі 

болмасын,  ҚР-сы  «Жеке  және 

заңды  тұлғалардың  өтініштерін 

қарау  тәртібі  туралы»  Заңының 

қолданылу  ерекшеліктері  және 

осы 

бағыттағы 



статистикалық 

нысандарды 

жасақтау 

әдісі 


бойынша  жұмыс  заңда  көрсетілген 

қағидаларды бақылауға ала отырып 

жасалатындығы тілге тиек етілді.

Дөңгелек  үстелге  қатысушы  мамандарға  сауалдар 

қойылып, олар нақты жауап беруге тырысып бақты. 

Лебяжі  ауданында  2013-2015  жылдарға  арналған  

жемқорлықпен  күресу  іс-шараларын    іске  асыру 

аясында    мемлекеттік  органдар  арасында  аудандық 

байқау  ұйымдастырылған  болатын.  Аталмыш  байқаудың 

қорытындысы  бойынша  1-орынды    Қызылағаш  ауылдық 

округі  иеленді.  2-орынға  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімі  лайық деп танылса, 3-орынды Лебяжі 

ауылдық  округі  місе  тұтты.  Барлық  жеңімпаздар  тиісінше 

марапатталды. 

Шара соңында аудан әкімі Айзада Амангелдіқызы дөңге-

лек үстелге қатысушыларға мемлекет басшысының сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  күреске  арналған  бастамаларын 

қолдап, қоғамға жат, арға дақ түсіретін осынау құбылыспен 

тоқтаусыз  күресу  керектігін  баса  айтып,  «Сақтықта  қорлық 

жоқ,  өз  ісімізге,  қызметімізге  жауапкершілікпен  қарайық» 

деген сөзімен  шараны қорытындылады.

Ә.Өмірзақ,

Фото С.Равдал.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Халықаралық балаларды қорғау күні

Дөңгелек үстел

2


07.06.2014ж.  № 22 /7698/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

Отбасы - шағын мемлекет іспетті. Оның да 



өз алдына басшысы, заңдылығы, қағидалары 

мен мәдениеті бар. Мықты отбасы – мемлекет 

тірегі.  Тек  осындай  берік,  мықты  әрі  өнегелі 

отбасы  ғана  үлгілі  ұрпақ  тәрбиелеп  өсіреді. 

Бүгінгі мақалама арқау болып отырған “Ұлын 

- ұяға, қызын - қияға” қондырған, жапырағын 

тереңге жайған Оразалиновтар отбасы.

Шаңырақ  көтергеніне  44  жыл  болған 

жұптардың  бірі  –  ерлі-зайыпты  Нұрлан 

Оразалинов  пен  Баян  Қариқызы.  Оларды 

бақытты  отбасылар  қатарынан  деп  айтуға 

әбден  болады.  Өйткені  үш  арысты  ұл  мен 

өрімдей  қыз  тәрбиелеп  өсіріп,  немере-

жиендерін  сүйіп  отырған  олардың  айрандай 

ұйыған өзіндік отбасылық тірлігі бар. Әңгімені 

таратып айтсақ…

Нұрлан аға 1947 жылдың 20 сәуірінде Аққу 

ауылында  дүниеге  келді.  Черное  ауылының 

Потанин орта мектебін тәмамдағаннан кейін, 

1966  –  1970  жылдар  аралығында  Павлодар 

қаласының  педагогикалық  институтында 

дене  шынықтыру  және  спорт  факультетінде 

білімін  шыңдайды.  Кәсіби  маман  иесі 

атанған  Нұрлан  аға  Жамбыл  ауылындағы 

орта  мектептің  дене  тәрбиесі  пәнінен  сабақ 

береді.  Осы  жылдардан  бастап  оның  еңбек 

жолы  басталады.  Жастарды  шынықтырып, 

спортқа баулыған сол кездегі жас маман ауданымызда тұңғыш  

рет  еркін  күрес  бөлімшесін  ашқан-ды.  Аталмыш  бөлімшенің 

ашылуы  аудандық  спорт  өмірінде  бірқатар  ілгерілеушілікке 

әкелді.  Осындай  еселі  еңбегінің  арқасында  Н.Оразалинов  

1978  жылы  Лебяжі  аудандық  атқару  комитетінің  жанындағы 

спорт бөлімінің төрағасы болып тағайындалды. Ал 1984 жылы 

балалар  және  жасөспірімдер  спорт  мектебіне  еркін  күрестен 

штаттағы  жаттықтырушы  болып  ауысады.  Содан  соң  1992 

–  1996  жылдары  Қазақстан  Республикасы  жасөспірімдерді 

шынықтыратын аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. 

1997  жылы  БЖСМ-і  жабылғаннан  кейін  Нұрлан  Қабыкенұлы 

қолдануға келмейтін спортзалды өз күшімен жөндеуден өткізіп, 

өзінің  жеке  меншігіне  аударды.  Сол  жылдан  бастап  қазіргі 

таңға дейін жастар аталмыш спортзалда ешбір төлемсіз еркін 

күреспен шұғылдануда. 

Өмірін  спортпен  өрнектеп,  жастарды  жеңіске  жетелеген 

Нұрлан  ағаның  шәкірттері  ұстаз  үмітін  ақтады  деп  анық  айта 

аламыз.  Өйткені  әуесқой  күрес  үйірмесіне  жасөспірімдерді 

көптеп  тартып,  ауыл  балаларынан  балуандар  командасын 

жасақтаған  ол  шәкірттерінің  жеңіс  тұғырынан  көрінуіне 

ықпал  етті.  Нұрлан  ағаның  шәкірттері  аудан  атынан  көптеген  

облыстық,  республикалық  ұлттық  байрақты  бәсекелерге 

қатысып,  ауданның  қорын  медальдар  мен  грамоталарымен 

толықтырды. 

Ширек  ғасыр  ішінде  Н.Оразалинов  14  спорт  шеберін,  112 

спорт шеберіне кандидат даярлап ұлттық спорт әлеміне өз үлесін 

қосты. Спортты жанына серік еткен ұстаздың жас балуандары 

АҚШ; Германия, Болгария, Иран, Венгрия, Үндістан, Моңғолия, 

Канада,  Қытай,  Қырғызстан,  Украина,  Белорусия,  Ресей 

мемлекеттерінде өткен әлем чемпионаттары мен халықаралық 

турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие бола білді.  

«Еңбектенгеннің еңсесі биік» демекші, сонау 1970 жылдан  

жас маман болып еңбек жолын бастаған Нұрлан Қабыкенұлы 

бүгінде  ортасына,  жұртына  сыйлы  адам.  Әр  күнін  қызметке, 

халық  игілігіне  арнаған  ол  бүгінде  еңбегінің  жемісін  көруде. 

Атап  айтқанда,Нұрлан  ағаға  1985  жылы  «Қазақ  ССР  халық 

ағарту  ісінің    озық  қызметкері»  атағы,  1992  жылы  Қазақстан 

Республикасының  еңбегі  сіңген  жаттықтырушысы,  2010  жылы 

ҚР  Құрметті  Спорт  Қайраткері  атақтары  берілді.  2011  жылы 

желтоқсан  айында  Тәуелсіздіктің  20-жылдығына  арналған 

мерейтойлық  медальмен,  2012  жылдың  желтоқсанында 

«Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» облыс әкімінің белгісімен, 

сондай-ақ,  сол  жылы  Лебяжі  ауданының  «Құрметті  азаматы» 

атағына ие болды.

Міне,  осы  бір  азаматты  спорт  майталманы  деп  атасақ 

та  аздық  етеді.  Жастарды      спортқа  баулып,  қазақтың  қа-

радомалақтарын  жеңіс  тұғырына  жетелеп  жүрген  Нұрлан  аға 

зейнеткерлікке  шықса  да,  спорттағы  қызметін  жалғастыруда. 

Бүгінде  ол    аудандық  жасөспірімдер  спорт  мектебінің  аға 

жаттықтырушысы қызметінде. Әлі де болса, жас өрендерімізді 

спорттық жарыстарға жетелеп жүр. Ия , Нұрлан аға осындай.

Оразалиновтар  әулетінің  қасиетті  табалдырығын  Баян 

апамыз  1970  жылы  аттаған  екен.  Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет 

көрсетуді  қашанда  ұстанған  жас  келін  инабатты  келін  атана-

ды.  Қарақала  ауылының  тумасы  Баян  апайымыз  1950  жылы 

10  ақпанда  дүниеге  келеді.  Туған  ауылының  орта  мектебін 

тәмамдағаннан  кейін,  Павлодар  қаласының  медицина 

училищесінде  кәсіби  білімін  алады.  Оқудан  туған  ауданына 

қайтқан өрімдей жас маман Жамбыл ауылындағы аурухананың 

физиологиялық  кабинетінде  жұмысын  бастайды.  Ол  шамасы 

1970-1980  жылдар  аралығында  болса  керек.  содан  Нұрлан 

ағамызды жолықтырғаннан кейін, текті елдің тектілері отау тігіп 

сол кезден бастап шаңырақ көтеруге бел буады. 1980 жылдан 

бастап  құрметті  еңбек  демалысына  дейін  аудандық  орталық 

ауруханада қызмет етті. 

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, 

«Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі 

өмір  бойы  қуып  жете  алмайтын  бақыт  деген  құдіретті  сөздің 

өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де 

мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі 

даңқ  пен  атақтан,  мансап  пен  қызметтен  іздестіреді.  Мұның 

бәрі  түсінген  адамға  қолдың  кірі  сияқты  нәрсе.  Адамға  нағыз 

бақытты  тәрбиелі  ұрпағы  ғана  сыйлай  алады.  Олай  болса 

адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Оразалиновтар шаңырағының 

қызығына  айналған  Ержан,  Ниязбек,    Ерқанат,  Нұргүл  есімді 

балаларын  ерте  жастан  еңбеккке  баулып  «Бала  жасынан 

еңбекпен ширайды» деген ұстанымды мақсат еткен. 

«Өнегелі отбасыдан - үлгілі ұрпақ шығады»  демекші, бүгінгі 

таңда Нұрлан және Баян Оразалиновтардың 4 перзентінің түгелі 

жоғары білімді азаматтар. Әрқайсысы бір-бір маман иесі. Тұңғыш 

ұлы Ержан Лебяжі аудандық  қорғаныс істері бөлімшесінде адал 

еңбек  етсе,  ортаншысы  Ниязбек  Павлодар  облысы  бойынша 

ҚАЖ  департаменті  АП-162/3  мекемесінде  сотталғандарға 

тәрбие жұмысын жүргізу жөніндегі бөлімшесінің жасақ бастығы  

қызметінде. Ал  кіші арысы Ерқанат әке жолын қуды. Ол кәсіби 

спортпен  айналысуда.  Жастайынан  еркін  күрес  үйірмесінде 

шынығып,  түрлі  халықаралық  чемпионаттардан  жеңіспен  ор-

алып  жүрді.  Бүгінде  ол  Лебяжі  аудандық  жасөспірімдер  спорт 

мектебінің  еркін  күрестен  жаттықтырушы-мұғалімі.  Нұрлан 

ағаның  ерке  әрі  жар  дегенде  жалғыз  қызы  Нұргүл  Павлодар 

аудандық  халыққа  қызмет  көрсету  орталығында  инспектор 

болып  қызмет  атқаруда.  Төрт  баласының  түгелі  отау  тігіп, 

әрқайсысының ұйып отырған шаңырағы бар. 

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса 

керек. Қазіргі таңда Нұрлан ағамыз бен Баян апамыз 10 немере 

мен 2 жиен сүйіп отырған бақытты ата мен әже.  Немересінің 

алды  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  ата 

жолын қуып, дене шынықтыру және спорт факультетінде оқиды. 

Мектепішілік қоғамдық іс-шараларға белсенді араласуда. Ата-

әже сенімін болашақта молымен ақтайтын жастар. 

Жуырда  ауданымызда  «Мерейлі  отбасы»  ұлттық  байқауы 

өткен болатын. Аталмыш сайыста Оразалиновтар әулеті жүлделі 

бірінші орынға ие болып, облыстық деңгейдегі кезеңге жолдама 

алды.  Мұның  бәрі  қажырлы  еңбектің  арқасы  деп  білеміз. 

Айтылып  жатқан  еселі  еңбек  тек  түзде  ғана  емес,  шаңырақ 

ішінде  де  жүзеге  асуда.  «Бақытты  әрі  берік  отбасы  болудың 

құпиясы неде?» деген сұраққа отағасы былай деген :«Еркек пен 

әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы – отбасының салт-дәстүрлік 

негізін  қалап,  оны  жүйелеп,  ұрпақтан  –  ұрпаққа  аманат  етіп 

қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орыны мен 

атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол 

орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі 

кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың 

сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.

Үйдің  берекесі  әйел  адамға  байланысты.  Әйел  адам  - 

шаңырақтың инженері іспетті. Үй ішінде ол қалай әрекеттенсе, 

шаңырақтағы  тірлік  солай  болады.  Егер  ол  отағасын  сыйлап, 

балаларына дұрыс тәрбие беріп, қолдағы барды ұқсата білсе, 

онда сол үйдің мерейі таси береді».

Шынымен  де,  «үйлену  оңай,  үй  болу  қиын»  деген  сөз 

бекерге айтылмаса керек. Өкініштісі қазіргі таңда бұл  ұлағатты 

жете  түсінбейтін  жастар  қауымы  әу  бастан  қателіктерге  бой 

алдырып  жатады.  Лезде  некелесе  салып,  арада  бір-екі  жыл 

өтпей-ақ,  өмірге  деген  көзқарастарының  әртүрлі  екендерін 

түсініп  ажырасып  жатады.  Осы  әрекетпен  олар  «отбасы», 

«отау»,  «шаңырақ»,  «жанұя»  деген  асыл  ұғымдарға  кір 

келтіреді.    Не  дегенмен  «тәрбие  тал  бесіктен»  дейді  ғой 

атам  қазақ.  Нәрестеге  жатырда  жатқанынан  ақ  дұрыс  тәрбие 

берілсе,  бұл  мініміз  түзелер  деген  ойдамыз.  Осы  тұста 

мақаламды  көпшілікке  танымал  Әзілхан  Нұршайықовтың 

әңгімесінен алынған үзіндімен аяқтағым келеді. онда: «Отбасы 

-мемлекеттің негізі. Біздің мемлекетіміз- азаттықтың, әділдіктің, 

адамгершіліктің Отаны. Жанұяға  адалдықтың  үлгілі  де  елден  

елге,  ұрпақтан      ұрпаққа    бізден    тарауы  керек.  Сондықтан 

мен ерлі-зайыпты адамдардың  жұптылық    салтын, адалдық 

заңындай ардақтап, бұлжытпай орындауын қалаймын. Әйелдің 

жүрегіне жара түспесе екен, ол әрқашанда бақытты, қуанышты 

бола  берсе  екен    деймін.  Барлық    әйелдің    жары      ақ    көңіл    

адал    болса екен, олар   әрқашан әйелдерін қадірлей білсе 

екен  деп  тілеймін» делінген. Иншаллах солай болғай.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал