Нық қадам бас, жас түлек! CrossFit атлеттері



жүктеу 1.85 Mb.

бет1/12
Дата07.03.2017
өлшемі1.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Нық қадам бас

жас түлек!

CrossFit атлеттері

 

„



Ерлер, әйелдер және 

жасөспірімдер арасында  

CrossFit чемпионаты ашылды.                                        

 №21 (1256)         20

 мамыр 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

Енді санаулы күндерден кейін мектептерде соңғы қоңырау соғылады. Алтын ұя – 



мектебінен түлеп ұшқалы тұрған түлек біткен толқитын сәт! Соңғы қоңырау – алтын 

көпір. Балғын балалық пен ертеңгі кемел өмірді жалғап тұрған тәрізді. Енді, үлкен 

өмірге нық қадам басқан шәкірттерді өмір өзі тәрбиелейді...

                                            



                                                    

тарихтан тағылым

 

„



Қазақ хандығының 550 

жылдығына орай Төле би 

атындағы №8 мектеп-гимназияда 

мәдени-танымдық  шара өтті.                                                                                                                                            

                                                                                                                                

  

10  бет.

  

23  бет.

абай 

мектебінің 

тәжірибесі – 

өнеге 

 

„



Шыны керек қала 

аумағындағы мектеп 

оқушыларының ұсақ 

ұрлық-қарлыққа 

барып жататындығы 

өкінішті. 

Мамандардың 

пікірінше, олардың 

дені – ұялы 

телефонды тонауды 

кәсіп еткен...                                                                                                                                                       

                         4



 бет.

түбіртек 

бермейтін дүкен 

бар 

 

„



Қала бойынша 

мемлекеттік кірістер 

жөніндегі басқарма 

мамандары 

«Түбіртекті талап 

ет!» акциясын 

қолға алып, 

олқылықтардың 

орнын толтырмақшы.                                                                                                                                     

                        5



 бет.

таза ауа бой сергітеді

 

„



Жерұйықты іздесеңіз, 

алысқа барудың қажеті жоқ.                                                                                                                                                                

                                    

  

11  бет.



8 бет.

қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №21  (1256),  20  мамыр  2015 Жыл 



Елдің жайы айтылды.

  

 



„

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында жергілікті кәсіпкерлер Сенатор 

Дулат Құсдәулетовпен кездесіп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап  алды.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Күні бүгінге дейін талай азаматтың келешегіне 

кесірін  тигізіп,  алшаң  басып  келе  жатқан 

мемлекеттің аяғынан шамасы келгенше шалып 

қалудан тайынбайтын сыбайлас жемқорлықтың 

зардабын тартып келдік. Нақты уақытта онымен 

жалпы  қоғам  болып  күресу  үдеп  келеді.  бұл 

қуанарлық жағдай. Әлеуеттің жасы да, жасаңы да 

жемқорлықты жаппай жығуға талпынып-ақ жатыр. 

Нәтиже де жоқ емес. Әулиеата тұрғындары да 

сөзден іске көше бастады. Ендеше, әлем аренасына 

қаз-қаз басып келе жатқан Қазақстанда сыбайлас 

жемқорлық індеті деген атымен болмауы керек. 

Қоғамға аса қауіпті дерттің барлығын негізінде 

адам өз қолымен жасап алатыны бар. артынан 

құтыла алмай, санасы сан-саққа бөлінеді. Жу-

ырда ғана Жамбыл өңіріне іссапармен сыбайлас 

жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық 

кеңестің мүшесі, сенатор Дулат Құсдәулетов келіп 

қайтты. Партия облыстық филиалының мәжіліс за-

лында Сенат депутаты жамбылдық кәсіпкерлермен 

бас қосып, жемқорлық тақырыбы аясында бірқатар 

мәселелерді талқыға салды. айта кету керек, атал-

мыш жиынға қатысушылардың арасында жергілікті 

кәсіпкерлердің  саны  саусақпен  санарлықтай 

ғана.  басым  көпшілігі  қарапайым  халық  пен 

әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері 

болды. Статистика Жамбыл өңірінде сыбайлас 

жемқорлыққа  қатысты  заңбұзушылықтардың 

көбейгендігін көрсетуде. бұл тұрғыда Сенат де-

путаты жемқорлықпен күрестің негізгі көрінісі 

дәлелдерді анықтап, кінәліні жазалау екендігін, 

алайда сараптау мен ескерту арқылы қадағалауды 

да назарда ұстау керектігін баса айтып өтті. ресми 

ақпараттар өңірде іскерліктің жүйелі түрде дамып 

келе жатқанын растап отыр. атап айтқанда, об-

лыс аумағында 72994 бизнес субъектілері болса, 

олардың жалпы өндірген өнімі мен қызметі 307 

млрд. теңгені құрайды екен. «бизнестің жол кар-

тасы - 2020» бағдарламасы аясында былтырғы 

жылы 1,2 млрд. теңге қаржы қажетке жаратылған.  

Жиында жаңа өндірістерге бөлінетін гранттардың 

аздығы да нақты айтылды. мәселен, былтырғы 

жылы жеті жобаға небәрі 3млн. теңге бөлінген екен. 

-мен, Ташкентская көшесінде тұрамын. Көшеден 

өтуге қорқамыз. Көліктер көп қатынайтын біздің 

көшені кесіп өтуге арналған жаяу жүргіншілер 

белгісі жоқтың қасы. Кәріз құбырлары да мәселе 

тудырып отыр. ресми деректер бойынша Тараз 

қаласында  орташа  жалақы  80  мың  теңгеден 

аспаса, одан кем емес. ал менің келінім 36 мың 

теңгеге  бола  тыным  таппай  жұмыс  жасайды. 

бұл неге жетеді? біз білетін елдің көпшілігі 40-

45 мың теңге алады айына. басқа жұмыс табу 

қиын. Депутат ретінде сізден осы мәселелерді 

көтеруіңізді  сұраймын,  -  деді  қала  тұрғыны 

Сәрсенкүл  Сәдуақасова.  «азаматтық альянс» 

қоғамдық бірлестігінің басшысы Гани Юлдашев 

ауруханалар мен емханалардағы мамандардың 

жетіспейтіндігін, соның салдарынан күнұзақ кезек 

күтуден басқа амалдың жоқтығын айтты. «мәселен 

кардиолог дәрігерге қаралу үшін алдын ала екі-үш 

ай бұрын жазылып қою керек. Әйтпесе жолай 

алмайсың. бұндай ұзақ уақытты күтіп жүріп өліп 

кетуіміз де мүмкін ғой» - дейді ол.

бұған қоса тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 

мәселесі де айтылды. Тұрғындардың айтуынша 

кезекте  тұрғандардың  ішінде  алғашқы  тұрған 

мыңдықтың қатарына ілігу құны 20 мың аҚШ 

долларын құрайтын көрінеді. Жиында мүмкіндігі 

шектеулі жандардың зейнетақы мәселесі де қалыс 

қалған жоқ. «І топтағы мүгедектік алған адам 31 

мың теңгеге, ІІ топтағылар 26 мың теңгеге қалай 

күн  көреді?  Ондай  мөлшерді  кімдер  қойған? 

Олардың өздері осындай ақшаға бір ай өмір сүріп 

көрсін» деген ащы мәселелер ашығынан айтылды. 

Облыста  1200  Чернобыль  қатысушыларының 

бүгінде  318-і  ғана  қалыпты. ал  ликвидацияға 

қатысқандардың 26 жесірінен небәрі 6-уы ғана 

жәрдемақыға іліккен.  Сонымен қатар жемқорлыққа 

негізделген бірқатар мәселелер де назардан тыс 

қалмады. Қоғамда орын алып жатқан олқылықтар 

мен сан салаға сіңіп алған сыбайлас жемқорлық 

індетіне қатысты айтудан жергілікті кәсіпкерлер 

де аянып қалмады. Жиынға қатысушылардың ой-

ынша көлеңкелі бизнес әлі күнге өз көлеңкесінен 

шықпай тұр. Дулат Құсдәулетов халықты мазалаған 

мәселелердің  барлығын  жергілікті  атқарушы 

органдарға  жеткізіп,  сыбайлас  жемқорлықпен 

күрес барысында олқылықтар ескерілетінін баса 

айтып, жиынды қорытындылады.

Орташа айлық 

шайлыққа жете ме?

Білім бәсекесінде 

белсендіміз

 

„



Елбасы Н.Назарбаев 

Үкіметтің жуырдағы кеңейтілген 

отырысында бес халықтық 

реформаны жүргізудің 

маңыздылығын көрсетіп, алға 

нақты міндеттер қойып берді. 



Шахризада ӨСЕРОВА,                                                                 

Жамбыл облысы әкімдігі білім        

басқармасының оқу-әдістемелік   

кабинетінің басшысы 

Кеңесте:  «біреудің  есебінен  күн  көруге 

болмайды. мемлекеттің басты міндеті – адам 

жұмыс істеуі үшін жұмыс орнын беруге ты-

рысу. болды, қалғанын ол өзі жасауы тиіс, 

– деді мемлекет басшысы, – ауылда жұмыс 

істегің келе ме – шағын несие ал, аулалық 

шаруашылықты дамыт, мал ұста, ақша тап. 

Қаламайсың ба – қалаға бар, біз сені мемле-

кет есебінен тегін оқытамыз, мамандық пен 

разряд береміз, жұмысқа тұрғызамыз, баспа-

на да береміз. Енді тағы не істеу керек? ал 

қазір жұмыс істегенге бәрі беріледі», – деді                          

Президент. Ендеше білім беру саласында да 

нақты жұмыстардың ауқымы осы мақсатты 

айқындап отырған жоқ па?

бәсекеге  қабілетті білім кеңістігін құруға 

бағытталған  қазақстандық  білім  беру 

реформасының  негізгі  мақсаттарының  бірі  

-  жаңаша  оқытудың  әдіс-тәсілдері  арқылы 

оқушының бойында шығармашылық ойлау-

ды, бастамашылықты дамыта отырып, жеке 

тұлға тәрбиелеу. Осы бағыттағы тапсырма-

ларды  жүзеге  асыру  барысында  Жамбыл 

облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-

әдістемелік  кабинеті  облыс  педагогтарына 

әдістемелік тұрғыдан үздіксіз көмек көрсетуде. 

Ұстаздардың біліктілігін арттыру, мақсатында 

2014 жылы 238 түрлі іс-шаралар, өткізіліп, 

ұйымдастырылған іс-шараларға  14565 (64,1%) 

педагог қамтылды. 

Облыс  көлемінде  де  педагогтардың 

қоғамдық  беделін  көтеру  үшін  әр  түрлі 

имиджді  жұмыстар  жүргізілді.  Озық  іс-

тәжірибені  тарату  мақсатында  «Үздік  пе-

дагог», «Жылдың үздік психологі», «Үздік 

авторлық  бағдарлама»,  «Үздік  әдіскер», 

«Тәрбиеші-мейірімді жүрек»,  «Ең үздік орта 

білім  беретін  ұйым»,  «Үздік  интерактивті 

сабақ», «Үздік сынып жетекші», «Ең үздік 

қосымша  білім  беру  педагогі»  байқаулары 

ұйымдастырылды.  Осындай    бастамалар 

мұғалімдердің қоғамдағы статусын биіктетіп, 

«мұғалім» деген мамандықтың насихатталуы-

на мүмкіндік тудырады. 

Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа формация мұғалімі 

-  рухани  дамыған  әрі  әлеуметтік  тұрғыдан 

есейген, педагогикалық құралдардың барлық 

түрлерін  шебер  меңгерген  білікті  маман, 

өзін  -  өзі  әрдайым  жетілдіруге  ұмтылатын 

шығармашыл тұлға»,- деп атап көрсеткен бо-

латын. Сондықтан да бүгінгі күні мұғалімдер 

жаңа  форматтағы  үш  айлық  курстарда 

білімдерін  жетілдіруде.  Жаңа  форматтағы 

деңгейлік    курсының  басты  мақсатында 

мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге 

бағытталған  білім  беру  арқылы  олардың 

тұлғалық  ерекшеліктері  мен  қасиеттері 

ашылатын шығармашылық ойлау, өз бетінше 

шешім  қабылдау  қабілетін  қалыптастыру 

тұрғысындағы  мемлекеттік саясаттың басты 

ұстанымдары айқындалған. 

білім беру жүйесін  жаңғырту барысында 

оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер 

мен  технологияларды  енгізуге  назар  ауда-

рылды.  бүгінгі  заман  әр  ұстаздан  үздіксіз 

ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби 

шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы 

инновациялық  технологияларды  тиімді 

қолдануды  қажет  етеді.  Осыған  сәйкес 

облыстағы 11 688 (51,4%) педагог білім беру 

саласында кеңінен таралған педагогикалық 

технологиялар мен дидактикалық жүйелерді 

өз тәжірибелеріне енгізді. 

Назарбаев зияткерлік мектептерінің озық 

тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында 3 

білім мекемесі 2012-2013 оқу жылынан бастап 

республикалық деңгейде  базалық алаң ретінде 

жұмыс атқаруда. 

Ұстаздар қауымы жас ұрпақтың қазақстандық 

патриотизмін дамытуда, мәңгілік Ел идеясын 

жастардың өмірдегі негізгі құндылығы ретінде 

қалыптастыруда,  оларды  елжандылыққа, 

адами  құндылыққа,  елі  үшін  қызмет  етуге 

тәрбиелеуде аталмыш құжатты  болашақтың 

бағдарына айналдыратыны сөзсіз.

Елі ардақтады 

қайраткерін

 

„

«Өз ұлын,  өз ерлерін 



ескермесе, ел тегі қайдан 

алар кемеңгерін» демекші, 

адал еңбегімен халқының 

есінде есімі қалар тұлғалар өз 

өлкемізде жеткілікті. Есімі елге 

белгілі, көрнекті мемлекет және 

қоғам қайраткері Сәлімгерей 

Тоқтамысовқа арналған 

мемориалдық тақтаның ашылуы 

соның бір айғағы.



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

республиканың дамуы мен өркендеуіне, сондай-

ақ, облысымыздың тарихында да ойып алар орны 

бар  дарынды  басшы  Жамбыл 

қаласының  Құрметті азаматы 

болған.  Тылдағы  ерен  еңбегі 

үшін ҰОС І,ІІ дәрежелі мерейлі 

ордендерімен  және  қажырлы 

да  адал  қызметі  үшін  «Еңбек 

Қызыл  ту»,  «Құрмет  белгісі» 

ордендерімен  наградталған. 

биыл  қазақ  елінің  қайраткер 

ұлының  туғанына  100  жыл. 

Есімін  мәңгі  есте  сақтау,  ұлт 

жадында  жаңғырту,  еңбегін 

ескеру  мақсатында  өзі  тұрған 

Тараз  қаласы,  ленин  көшесі, 

№18 үйіне тақта орнату құрметі 

бұйырды.

Осы  рәсімнің  ашылу  сал-

танатына  Жамбыл  облыстық 

мәслихаттың  хатшысы  бағлан 

Қарашолақов,  Жамбыл  облыстық  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков, және 

Қр  Статистика  комитеті  төрағасы  лауазымын 

атқарған Төлебай Жұмасұлтановтар төрге озып, 

Сәлімгерей Тоқтамысов жайлы естелік өрбітіп, 

тақтаны ашты.

-    Жастайынан  ғылым-білімге  деген 

құштарлығы  қоғамдық  жұмыстарға  белсене 

араласуына жетелеген азамат, еліміздің бірнеше 

облысында жауапты қызметте жүргенде өзін іскер 

ұйымдастырушы, білгір басшы, жауапкершілік 

жүгін жіті сезінетін саяси сауатты азамат ретінде 

танытқан. Сәлімгерей Тоқтамысовтың Жамбыл 

облысына  еңбек  етуіне  қайраткер  асанбай 

асқаровтың ықпалы болған. Жамбыл облысында 

еңбек еткен жылдары облысымыздың өркендеп, 

әлеуметтік  нысандар  құрылысын  жүргізуге, 

жол  салуға,  ауылшаруашылығын  дамытуға 

сүбелі еңбек үлесін қосты,- деді өз сөзінде Жам-

был  облыстық  мәслихаттың  хатшысы  бағлан 

Қарашолақов.


нұр отан

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №21  (1256),  20  мамыр  2015 Жыл 



 

„

Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы 



Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XVI конференциясы болып өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

аталмыш конференцияға өңірден жалпы саны 222 де-

легат сайланған. Саяси шараға партия облыстық фили-

алы Саяси кеңесі мен бақылау тексеру комиссиясының 

мүшелері,  облыс  әкімдігінің  басқармалары  мен 

мемлекеттік органдардың басшылары, партияның 

облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 

мүшелері, оқу орындарының басшылары мен пар-

тия облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты 

кеңесінің мүшелері қатысты. Жиынның күн тәртібіне 

«Нұр Отан партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жам-

был облыстық мәслихатының депутаттығына Тараз 

қаласындағы №6 сайлау округі бойынша кандидат 

ұсыну мәселесі қойылды. Шараны ашып берген облыс 

әкімі үстіміздегі жылдың 14 мамырында облыстық 

мәслихаттың депутаттығына кандидаттыққа үміткерді 

анықтау бойынша №6 сайлау округіндегі бастауыш 

партия ұйымдары арасында ішкі партиялық прай-

мериз өтіп, онда партия мүшесі, «арайстроймарке-

тинг-2003» ЖШС-і директоры арман Еділбаевтың 

жеңіске жеткендігін айтып өтті. 

-  бүгінгі таңда еліміздегі іргелі саяси күш – «Нұр 

Отан» партиясының атынан саяси додаға түсу мен 

үшін үлкен мәртебе. Осы уақытқа дейін партияның 

Тараз  қалалық  филиалы  ұйымдастырып  жүрген 

барлық қоғамдық-саяси және қайырымдылық шара-

ларына үнемі қатысу арқылы партия өмірімен тығыз 

байланыста болып келемін. Халықтың жағдайын, 

жастардың  қамын  ойлаған  партияға  мүше  болу 

мен үшін зор мақтаныш. мен басқаратын «арай-

строймаркет-2003» ЖШС құрылған күннен бастап 

облыс экономикасын нығайту бағытында жұмыстар 

жасап  келеді.  Кәсіпкерлік  құрылымда  360  адам 

тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың барлығы 

да қала тұрғындары. Өзім сайлауға түскелі отырған 

тарихы терең және өсіп өркендеп келе жатқан Та-

раз қаласының тұрғындарын толғандырып жүрген 

мәселелерді шешуге жан-жақты ықпал ету менің 

азаматтық борышым. мен үшін халықтың сенімінен 

шығу абыройы үлкен, жауапты да мүдделі іс,- деді өз 

сөзінде қалалық №6 сайлау округі бойынша облыстық 

мәслихаттың депутаттығына кандидаттыққа үміткер 

арман захарыпұлы. 

айта өтсек, арман Еділбаев 1976 жылы 12 мамыр-

да Тараз қаласында туылған. Еңбек жолын 2000 

жылы  м.Х.Дулати  атындағы  ТармУ-ді  бітірген 

соң, «Тараз жол құрылыс» мекемесінде механик 

қызметінен бастаған. мамандығы «Инженер-ме-

ханик». 2003 жылы өзінің жеке «арайстроймар-

кет-2003» кәсіпорнын ашты. Кәсіпорын негізінен 

құрылыс  саласымен  айналысады.  Қазіргі  таңда 

аталмыш кәсіпорын Жамбыл облысына ғана емес, ре-

спублика аумағына да белгілі болып отыр. 2011-2012 

жылдары Қр Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру 

министрінің «Парыз» дипломдарымен, 2014 жылы 

«Құрылыс саласының көшбасшысы - 2014» және 

«Құрылыс саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен 

марапатталған. Жиын барысында «Қазақстан темір 

жолы» ҰК» аҚ-ы филиалы – Жамбыл теміржол 

бөлімшесінің  директоры  Дәулетбай  Есімбеков, 

«Кирпичник» ЖШС директоры Сембек Сейдәзімов, 

қалалық №31 орта мектептің директоры марина але-

хина, облыс әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандармен 

жұмыс жөніндегі кеңесшісі руслан Төлегенов сөз 

сөйлеп, жиналғандарды арман Еділбаевтың кандида-

турасын қолдауға шақырды. Конференцияға қатысқан 

барлық делегаттар бірауыздан өз дауыстарын берді. 

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселе толығымен 

зерделеніп, тиісті қаулы қабылданды. айта кетсек, 

облыстық мәслихаттың депутаттығына сайлау өткізу 

ағымдағы жылдың 21 маусымына белгіленіп отыр. 

Сенімнен шығу – мүдделі  іС

Кәсіпкерлер белсенділігі басым

 

„

Қалалық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 



филиалының кезектен тыс XV конференциясы өтті.

Айсана НҰРБАп

Қала әкімі Нұржан Календеров және «Нұр Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының 

бірінші  орынбасары  балжан  Пернебекованың 

төралқалығымен  өткен  шараға  партия  Тараз 

қалалық саяси кеңесінің мүшелері мен бірқатар 

қалалық мекеме кәсіпорын басшылары қатысты. 

Жиын  барысында  күн  тәртібіндегі  бірінші 

мәселе елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» Жолдауына сәйкес Тараз 

қаласында  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту 

бойынша  атқарылған  жұмыстар  туралы  қала 

әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 

басшысы  берген  Омарбек  мәлімдеме  жасады.                                                                                                                    

-  Қр  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  он 

жылдық- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның 

жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауын және Қазақстан республикасының 2020 

жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын іске 

асыру үшін Үкіметтің 2010 жылдың 13 сәуірінде 

№301 қаулысымен «бизнестің жол картасы - 2020» 

бағдарламасы  енгізілген  болатын.  айтылған 

бағдарлама мемлекеттік үдемелі индустриалды-

инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың 

бір жолы, бір тетігі болып табылады. «бизнестің 

жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру 

мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік 

және  өнеркәсіп  бөлімі    қала  кәсіпкерлерімен 

түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. бөліммен 

атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «бизнестің 

жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2010 

Жемқорлық – 

қоғамға жат 

індет


 

„

«Нұр Отан» партиясы 



облыстық филиалы 

жанындағы Жемқорлыққа 

қарсы әрекет жөніндегі 

қоғамдық кеңестің 

отырысы өтті. Аталған 

кеңестің төрағасы 

Сембек Сейдәзімовтің 

төрағалық етуімен өткен 

алқалы жиынға «Нұр 

Отан» партиясы Орталық 

аппараты ұйымдастыру-

бақылау департаментінің 

координаторы Қанат 

Есмағанбетов қатысып, 

бірқатар басқармалар 

мен аудан әкімдері 

орынбасарларының 

есептерін тыңдады.



Индира БАЙҚОҢЫС

а л ғ а ш қ ы   б ол ы п   к і р і с п е   с ө з 

сөйлеген  Сембек  Әбітайұлы  сыбай-

лас  жемқорлықпен  күресте  елімізде 

ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, 

бұл  індетпен  бірлесе  күресу  арқылы 

мемлекеттің  жедел  дамуына  даңғыл 

жол ашылатынын ескерте келе, Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған 

Жолдауларында  жемқорлықтың  алдын 

алу және оның жолын кесу тапсырмасын 

бұлжытпай орындау басты міндеттің бірі 

екенін алға тартты. 

Одан әрі сөз кезегі  баяндамашыларға 

берілді. бірінші болып ортаға Жамбыл 

облысы  әкімдігі  құрылыс,  жолаушы-

лар  көлігі  және  автомобиль  жолдары 

басқармасы  басшысының  орынбасары 

Әділет ахатаев шығып, облыс аумағында 

салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмысы 

жайында әңгімелеп берді. 

-    бүгінде  халықты  тұрғын  үймен 

қамтамасыз  ету  мақсатында    облы-

ста  «Қолжетімді  тұрғын  үй  –  2020» 

бағдарламасы іске асырылуда. біздің алды-

мызда 2020 жылға дейін 78,4 млрд. теңгеге 

2,8 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру 

жоспарда тұр ,-деді Әділет бегалыұлы.  

алайда кеңес мүшелері басқарма басшы-

сына қарата, тұрғын үй алу мақсатында 

тіркеуде  тұрған  азаматтардың  қарасы 

көптігін, тіпті ұзын-сонар кезекте тұрған 

кісілердің  кезегі  әлі  жақындамағанын 

сынға  алып,  бұл  мәселені  жан-жақты 

зерделеуді  тапсырды.  мұнан  кейін 

кеңес  мүшелерінің  назарына    облыс 

әкімдігі  энергетика  және  коммуналды 

шаруашылық басқармасының бөлім бас-

шысы бейсенбек Жампозовтың  баяндама-

сы ұсынылды. баяндамашы: «Тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылықты 2011-2020 

жылдарға жаңғырту бағдарламасының» 

аясында өткен жылы 32 көппәтерлі тұрғын 

үйді  күрделі  жөндеуге  республикалық 

бюджеттен 603,945 млн. теңге бөлінгенін, 

оның ішінде Тараз қаласы бойынша 23 үй, 

Қаратау қаласында 4 үй, Шу қаласында 

5  үйге  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілгенін,  бүгінде  Тараз,  Шу 

қалаларындағы тұрғын үйлерге күрделі 

жөндеу  жұмыстары  жүріп  жатқанын 

мәлімдеді.  Сондай-ақ,  келелі  кеңесте 

мойынқұм  ауданы  әкімінің  міндетін 

атқарушы бақытжан Есеев баяндамасы 

тыңдалды.  «ауданда  жемқорлыққа қарсы 

жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. алай-

да мойынқұмда жемқорлықтың фактілері 

де кездескенін жасырмаймын.  ауданда 

ағымдағы жылы 5 қызметкер сыбайлас 

жемқорлық бойынша жауапқа тартылды» 

- деді ол.  ал кеңес мүшелері бұл мәселеге 

бей-жай  қарауға  болмайтынын  қатаң 

ескертіп, кез келген қызметкерді жұмысқа 

алу  барысында  оның  біліктілігіне  мән 

беруді, тіпті бұл мақсатта арнайы кадрлар 

дайындау керектігін алға тартты. Кеңес 

барысында байзақ, Талас, Тұрар рысқұлов 

аудандық  партия  филиалы  жанындағы 

Жемқорлыққа  қарсы  әрекет  жөніндегі 

қоғамдық кеңестің төрағалары хабарлама 

жасады. 

ұсыныс талқыланып, қаулы қабылданды.

  

жылдан бүгінгі күнге дейін барлығы 202 жоба 18955,65 



млн.теңгеге қаржыландырылды. атап айтсақ,  облыс 

бойынша  жалпы жобаның  80 %  Тараз қаласынан 

жүзеге  асырылуда.  Осы  бағдарлама  аясында  2015 

жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Тараз 

қаласы бойынша 512,5 млн. теңгеге 13 жоба аймақтық 

үйлестіру кеңесімен мақұлданып, қаржыландырылуда. 

Олар: «анниатун» ЖШС  мектепке дейінгі білім беру- 

5,7  млн.теңгеге,  ЖК  «Сарыбас»  -  63,2  млн.теңгеге 

жылжымайтын  мүлік  сатып  алуға,  «Сағи  Жарқын» 

ЖШС- 36,4 млн.теңгеге  мектепке дейінгі білім беру 

үшін, ЖК «Дәнжан» - 7,0 млн.теңгеге тігін бұйымдарын 

шығаруға Халық банкі арқылы қаржыландырылуда. ал, 

«Әулиеата Транспасс» ЖШС- 71,0 млн.теңгеге автобус 

сатып алуға, «Жамбылметснаб» ЖШС – 30,0 млн.теңгеге 

құбыр шығаруға Цесна банкі арқылы және тағы да басқа 

жобалар қаржыландырылуда. Осы бағытта қаладағы  

екінші деңгейдегі 14 банк несие берумен айналысуда.  

Қазақстандық тауарөндірушілердің бөлшек және 

көтерме  сауда  аясында  үлесін  арттыру  мақсатында 

ағымдағы жылы «арзан» және «SMALL» (Скиф трейд) 

сауда орталықтарында «Қазақстанда жасалған!» атты 

акция өткізілді. бүгінгі күнге 33 тауарөндірушілер мен 

45 тапсырыс беруші арасында жалпы соммасы 14,5 

млрд.теңге құрайтын меморандумға  қол қойылды.  

Тараз қаласы бойынша негізгі азық-түлік тауарлары 

бағасы  республикамыздың    басқа    аймақтарымен 

салыстырғанда  тұрақты  деңгейде  болып  отыр.  Қр 

Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы  

бұйрығына сәйкес, жанар-жағармай түрлеріне бекітілген  

бағалар биылғы жылдың ақпан айына дейін аИ-80 -89 

теңге, аИ-92 -115 теңге, дизелді отын 115 теңге болса, 

ақпан айынан бастап аИ-92/93-99 теңге, аИ-80 -89 теңге, 

дизель отыны -99 теңгені құрады. Жанар-жағармай 10-15 

пайызға арзандап, тауарөндірушілердің  шығарылатын 

өнімнің бағасының төмендеуіне ықпалын тигізуде, - деді 

өз сөзінде берген Жақатайұлы. бұдан әрі ол қаладағы 

археологиялық  ескерткіштер  мен  қаладағы  туризм 

саласының жайын да тілге тиек етті. «Даму» кәсіпкерлік 

қолдау  қорының  өкілі  Жасұлан  Есжанов  сөз  алып, 

нақты уақытта кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктердің 

бірсыпырасымен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі 

екінші мәселе бойынша  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл 

облыстық филиалының кезектен тыс XVI конференция-

сына делегаттар сайланып, қаулы қабылданды.



қала -қарбалас

4

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №21 (1256), 20  МАМыр 2015 Жыл 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал