НӘзипа қҰлжанованың ОҚу-ағарту саласындағЫ Қызметі г. Т. Каненова, Д. Сейдалықызы



жүктеу 43.27 Kb.

Дата24.01.2017
өлшемі43.27 Kb.

УДК 37.0 

НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВАНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ 

САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 

 

Г.Т.Каненова, Д.Сейдалықызы 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты 

 

Қазақ қашан да қызын құрметтеген халық. Ағасының сауытын  сұрап 



киіп  Бопай  ханым  болып  жауға  шапты,  кӛз  жұмған  ерінің    орнын 

білдірмей,  Айғаным  болып  ел  басқарды,  той  мен  мерекенің  кӛркі  Дина 

болып  ӛнерді  асқақтатты,  қара  сӛз  бен  қызыл  тілдің  арқасында  Ұлбике,  

Сара болып сӛзін мәнгі аңыз етіп қалдырды. Сондай аяулы есімдердің бірі 

– Нәзипа.  

Нәзипа  Құлжанова  қазақтан  шыққан  тұңғыш  қаламгер  әйел, 

талантты  аудармашы,  ұстаз.  Қазақ  топырағындағы    журналистика  ӛнерін 

тұңғыш  меңгерген,  әнші,  мәдениет  қайраткері,  халықтың  ауыз  әдебиеті  

мен  музыкасын  зерттеп,  оны  А.Затаевич  пен  А.  Бимбоэске  нотаға 

түсірткен үлкен талант иесі Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай облысы, 

Жангелді  ауданы  қазіргі  «Торғай»  кеңшары  жерінде  сатушы  отбасында 

дүниеге  келген.  Балалық  шағы    қазақ  ауылынды,  еңбекші  бұқараның 

ортасында ӛткен.  

Талантты  жас  Торғай  қаласындағы  қазақтың  тұңғыш  ағартушы  – 

педагогы,  демократ,  ақын  –  жазушысы  Ы.Алтынсарин  іргесін  қалаған 

орыс-қазақ  мектебінен  тәлім  алып,  Ахмет  Байтұрсыновтың  қамқорлығы 

мен  қолдауын  кӛрген.  1902  жылы  Қостанай  қаласының  Қыздар 

гимназиясын  бітіріп,  1903  -1904  жылдары  қайта  Торғай  қаласына  келіп, 

ӛзінің    жастығына  қарамастан,  15  жасында    әйелдер  училищесінде 

мұғалімнің  кӛмекшісі  болып  қызмет  еткен.  Елдің  қоғамдық  саяси 

қызыметіне  белсене  араласып,  ӛзінің  зерделігімен,  қабілеттілігімен  кӛзге 

түседі. Ленинград қаласындағы архив мәліметтеріне қарағанда, гимназияда 

5  қазақ  қызы  оқыған.  «Сағызбаева  Нәзипа  прогимназияның  барлық  4 

жылдық курсын бітіріп шықты, сабақты ӛте жақсы оқыды, тәртібі тамаша 

еді.  Қурстың  бірінші  оқушы  болып  аяқтады»  делінген,  бұл  деректер 

Н.Құлжанованың гимназияны үздік бітіргендігін айқындап тұрғандай.  

Нәзипа ӛзінің жұбайы Нұрғали Құлжанов екеуі Семейде 1905 жылы 

мұғалімдер семинариясында жұмыс істейді. Нұрғали Құлжановтыңда ӛмір 

тарихы  Нәзипаныкіне  ұқсас.  Нұрғали  Құлжанов    1870  жылы  Жангелдина 

ауданына  қарасты  Қошалақ  ауылында  дүниеге  келген.  Ыбырай  мектебін 

үздік аяқтап, Орынбордағы мұғалімдер мектебін 1893 жылы бітірген.  

Ерлі-зайыпты Құлжановтар 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы 

оқытушылық  қызметке  халық-ағарту,  мәдени-әдеби  жұмыстарымен 

айналысады.  Білікті  де,  сауатты  мамандар  осында  орыс  географиялық  

қоғамына  мүше  болып  кіреді.  Белгілі  жазушы  Сапарғали  Бегалин 


«Құлжановтар  семинариядан  қолы  бос  уақытта    түрлі  қоғамдық 

жұмыстармен айналыса жүріп те, бір-екі сағат үйдегі біздерге сабақ беріп 

үлгеруші 

еді» 


-деп 

еске 


алады.[1] 

Шығыс 


әйелдері 

съезін 


ұйымдастырушылардың  бірі.  Семейде  әдебиет  және    мәдениет 

саласындағы  істерге   жетекші болды.   

Назипа Құлжанова кӛшпелі қазақ елінде  бұрын – соңды айтылмаған, 

жазылмаған бала тәрбиесінің  жаңа түрін айтып берді. Оның бұл еңбектері 

«Қазақ  балалар  педагогикасының»  алтын  қорына  қосылды.  Бұл  жайт 

ұстаздың  «Бала  күтімі»,  «Баланың  ӛміріне  күннің  сәулесі,  таза  ауа  аса 

қажет», «Баланың аурулары» кітабында балалардың табиғи қалпын бұзбай 

мінсіз баулу, оған ӛскен ортасының әсері, балдырғанның мінез – құлқын,  

іс  –  әрекетін  қалыптастыру,  оның  сезім  мүшелерінің  ақаусыз  дамуы, 

баланың  жаратылысқа  еркін  қызықтауын  ӛркендету,  зейін,  зерде,  қабілет,  

түйсік туралы жан–жақты, терең, әсерлі баяндалған.  Ол «Баланы аурудан 

сақтандыру»  деген еңбегінде    жас  баланы  уақытымен  тамақтандыру,  оны 

таза  ауада  ойнату  қажеттілігі,  баланың  еркіндігін,  табиғилығын 

дамытудың    мәні  зор  екендігі  дәлелді  баяндалған.  Оны  педагогикалық 

еңбектері 1993 жылы толық жинақталып, «Халқыма деп іс қылдым» деген 

атпен жарияланды. Бұл Қазақстан оқу  комиссариатының тәрбие бӛлімінің 

нұсқауымен    және  арнайы  тапсырысымен  жазылған  алғашқы  авторлық 

туынды.  Ұстаз  балалар  сахнасының  тәрбиелік  мәнін  жоғары  бағалап,  

кештер мен кездесулер, қойылымдар ұйымдастырды [2].  

Сонымен  қатар,  Италия  балбақшаларының  балаларға  арналған            

құрал–жабдықтармен 

талапқа 


сай 

қамтамасыз 

етілгендіктерін, 

Швицарияның    Цюрих  қаласындағы    тастан  жасалған    мектептің  бір  

жағында  мектепке  жасы  толмаған  балалардың    үйі  бар  екендігін    және 

оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын 

бейнелейді.  

Шотландиядағы  Эдинбург  қаласындағы    балалар  бақшасын    ӛз 

алдына  ерекше  етіп  кӛрсеткен.    Ол  жерде  күнделікті,  таңертең    ашық 

далада    балалар  бастары  қосылғанда,  кешкісін  үйлеріне  қайтарда  бір  – 

біріне «Амандық ӛлеңдерін» айтады дейді.  

Назипа  Құлжанова    Еуропа  елдеріндегі  балалар  бақшаларының 

ӛмірін  үлгі  ете  отырып,  күншығыстағы  Жапония  мемлекетіндегі  балалар 

тірлігін де әңгімелейді. Автор ӛзінің еңбектерінде ең бастысы бірігіп ойын 

ойнау,  еңбекке  дағдыландыру,  тазалыққа,  реттілікке,  ұйымшылдыққа 

баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық 

жұмысты  бағындыру,  дәрігерлік  бақылауда  болуын  қадағалау,  ӛлең  айту, 

сурет  салу  тағы  басқа  ӛнерлерін  дамыту    мәселелеріне  кӛніл  бӛледі. 

Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.  

Ол  мектеп  жасына  толмаған  бала  тәрбиесінде  ойынның  ерекше 

қызмет  атқаратындығына  айрықша  кӛңіл  бӛліп,  былай  деген:  «Балаға 

керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында 

бала кӛрген – білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».  


Н.С.Құлжанованың  ағартушылық,  ұстаздық,  қайраткерлік  еңбегінің 

тағы бір кӛрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып 

шыққан  –  «Ана  мен  бала  тәрбиесі»  кітабы.  Бұл  кітап  педагогтарға,  

тәрбиешілерге,  ересектер  мен  балалар  дәрігерлеріне    анықтамалық  кітап 

ретінде ұсынылған. 

Нәзипа  Құлжанованың  дәрігерлік  арнайы  білімі  жоқ  болса  да 

кӛптеген  әдебиеттерді  ақтара  келе,  бала  мен  ана  денсаулығына  қатысты 

пайдалы кеңестерді рет – ретімен  оқушысына, қалың кӛпшілікке ұсынып, 

қазақ  тарихында  есімін қалдырған еліміздің кӛрнекті ұстазы.   

Нәзипа Құлжанова аға жолын қуып, «ертеңі үшін» қызмет етті. Сол 

кезеңдердегі ақындар шығармаларынан  жан – жақты талдау жасады.  

Ол  алғашқы  абайтанушылардың  бірі.  Оған  дәлел  –  1914  жылы  26 

қаңтарда    Семей  қаласында    Абай  Құнанбаевтың  қайтқанына  10  жыл 

толуына орай ұлы ақынды  еске түсіру кешін ұйымдастырды.  Кеште ақын 

ӛмірі  мен    шығармашылығы  жӛнінде  баяндаманы    Назипаның  ӛзі  жасап, 

одан кейін Абай ӛлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналында 

да  жазылды.[3]Нәзипа ханым осы кеште сӛйлеген сӛзінің аяғында Абайды 

туғызған  қазақ  даласы,  тағыда  талай  Абай  секілді,  бәлки  одан  да  артық 

данышпандарды  туғызар  дегенде  тыңдаушы  қазақтардың  жүйкесі  босап, 

кӛзіне  жас  алғандарда  болды,  деп  хабар  берді.  «Ол  кеш  бірінші  қазақ 

ақынының  құрметіне  жасалған  алғашқы  әдебиет  кеші  болып  һәм  бірінші 

қазақ  әйелі  (Нәзифа  ханым  Құлжанов  жамағатының)  майданға  түсіріп 

берген ӛрнегі»-деп жазды 1914 жылы «Қазақ» газетіне Міржақып Дулатов 

[3].Қазақтың  ұлттық  ойындарының  кешін  ӛткізуге  әскери  губернатордан 

рұқсат  сұрап,  1915  жылы  13-  ақпанда  Нәзипа  тағыда  бір  сауық  кешін 

ӛткізеді. «Ойын-сауық ұйымдастырушы Нәзипаның ондағы  мақсаты-қазақ 

әйелдерінің  бетін  ашып,  мәдени-  ағарту  жұмыстарына  қатысу  бастамасы 

еді»  дейді  Мұхтар  Әуезов.  Мақтаса  мақтауға  тұрарлық  Нәзипаның  игі 

істерінің бірі жағдайы тӛмен оқушыларға кӛмек кӛрсеткені еді.  

        Құлжановтардың  тәрбиесін  кӛрген  Сапарғали  Бегалиннің  «Замана 

белестері»    кітабында  былай  деп  жазады.  «Ойынды  аяқтап,  қазақ  ұлт 

әдебиеті  ойын  кешінің  тұңғыш  шымылдырығын  ашқан  ерлі-зайыптылар 

Семей жұртшылығына бұрынғыданда абыройлы кӛріне бастады. Ойынның 

артынан    сол  кешке  жиналған  918  сом  ақша  қазақтың  мұқтаж 

оқушыларына  таратылды.  Мысалы:  Петебургта  оқитын,  Томда, 

Орынборда,  Қазанда  т.б  жерлерде  оқитын  мұқтаж  оқушылардың  тізімі 

жасалып,  соларға  жіберілді.  Түнек  заманның  түнерген  бұлтынан  жалт 

еткен  сәулесіндей  Семей  оқушылар  даярлайтын  мектептің  оқытушысы 

Нұрғали Құлжанов, оның жары қазақтың сол кездегі аса мәдениетті оқыған 

қызы Нәзипа Құлжанова осындай бір игілікті істі бастаған еді». 

Нәзипа  екі  тілде  бірдей  жүйріктігімен  де  кӛзге  түсті.  Оның  орыс 

тіліне жетіктігінің арқасында орыс және Еуропа әдебиетінің кейбірі қазақ 

тіліне  аударылды.  Сонымен  қатар,  Абай,  Ыбырай,  Ғабиттердің  

шығармаларын тұңғыш рет орыс тіліне аударған да Нәзипа болатын. 1915 

жылы  «Сибирьский  студент»  журналында  Семей  оқытушылары 


семинариясының  оқытушысы  В.Белоседов:  «Орысшаға  Алтынсарин 

ӛлеңдерінен  маған  белгілісі  «Кӛктем»,  Абай  ӛлеңдерінен  «Махаббат 

туралы».  Бұл  екі  ӛлеңді  орыс  тіліне  аударған  қазақ  қызы  Нәзипа 

Құлжанова» - деп жазды [4]. 

Торғай 

зиялыларының 



ӛткен 

ғасыр 


басындағы 

жарық 


жұлдыздарының  бірі  ретінде  саналатын  Н.Құлжанованың  ӛмірі  мен 

қызыметі  арнайы  зерттеулерге  тұрарлық  ӛмір.  Елі  үшін  қызымет  еткен 

Н.Құлжанова  туралы  кӛрнекті  ақын–жазушылар  М.Кәкімжанова, 

С.Бегалин,  Т.Жұртпаев,  Р.Сыздықова,  С.Кенжеахметов  т.б.  еңбектер 

жазды.  

Туған  халқы  үшін  ӛшпес  із  қалдырған  Н.Құлжанова  1933  жылы               

21  тамызда  Алматы  қаласында  дүниеден  ӛтті.  Қазақтың  аяулы  қызының 

еңбектері  ғылыми  -  педагогикалық  еңбектердің  қатарында  алар  орны 

ӛзгеше, Қазақ зиялыларнының бірі ретінде Назипа Құлжанованың рухани, 

тарихи танымының  жоғары екендігін байқаймыз. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



 

1.  Б.Ж.Әбжаппарова.  П.Құлжанованың  мәдени  ағартушылық  қызыметі               

// Арқалық, 2001 ж. 19-21 бет 

2. «Торғай жазушылары»  (Анықтамалық)  Арқалық, 1991ж  

3. Ӛ.Жәнібеков. «Тағдыр тағылымы» А., 1996 ж  

4.  «Н.Құлжанова  және  Ресей  географиялық  қоғамы»  //  Қазақ  тарихы  

2003ж №3, 21-22 б 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал