Newspaper of the Kazakh national agrarian university Newspaper is published since October 15, 1957 Тілектес есполов



жүктеу 243.89 Kb.

бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі243.89 Kb.
  1   2   3

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years



№10 

2015 жыл

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің газеті     *    Газет 1957 жылдың 15 қазанынан шыға бастады

 Newspaper of the Kazakh national agrarian university  *    Newspaper is published since October 15, 1957

Тілектес ЕСПОЛОВ, 

ҚР ҰҒА академигі, ректор

Отандық  ауыл  шаруашылығы  білімі 

мен  ғылымының  көшбасшысы  -  Қазақ 

ұлттық  аграрлық  университеті  биыл  

85  жылдығын  атап  өтуде.  Осындай 

тарихи  кезеңде  біз  өткеннен  сабақ 

алып,  ертеңгі  болашағымызға  нақты 

жоспарлар  жасап  отырмыз.  Қазіргі 

уақытта  оқу  орнымыз  инновациялық 

бағытта  әлемдік  талаптар  бойынша 

ұлттық  зерттеу  университетіне  транс-

фор мациялану 

жұмыстарын 

жүр-


гізуде.      Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  тікелей  анықтауымен 

Ұлт  тық  университет  статусын  абы рой-

мен арқалап келе жатқан оқу орнының 

жеткен жетістіктері аз емес.

Республикамыздың  болашақ  агро-

ке шен  мамандарын  даярлайтын  іргелі 

білім  ордасы  болғандықтан,  еліміздің 

ауыл шаруашылығының потенциалы да 

біздің оқу  орнын бітірген мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты десем артық 

айтпағандығым. Бұл саланың мүмкіндіктері мен жетістіктеріне қарап, ел экономикасын 

бағамдауға болады.  

2010 жылы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына арнайы келген кезінде Елба-

сы оқу орнымызда атқарылып жатқан ғылыми-технологиялық жетістіктерімізге жоғары 

баға  беріп,  университетіміздің  білім  берудегі  инновациялық  бағыты  отандық  аграрлық  саланың 

халықаралық деңгейге негізделіп отырғандығын айрықша атап өткен болатын. Мемлекет басшысы 

өткен жылғы ресми қабылдауында да университетке сенім артып, ұжым алдына нақты талаптар мен 

міндеттер жүктеді.

Мерейлі белесімізді атап өту – ол тек салтанатты шеру ре тін де ғана емес, терең мазмұнды, кейінгі 

жастарға үлгі болатын шара. Мерекеге біздер мақтаныш ететін, дүниежүзіне танымал ғылым мен 

өндіріс  майталмандары,  көрнекті  ғалымдар,  мем ле кет  қайраткерлері,  бүгінде  ел  игілігі  жолында 

ізденіске  толы,  же місті  қызмет  етіп  жүрген  түлектеріміз  қатыспақ.  Өзім  де  осы  қарашаңырақ 

университетте білім алып, ғылым жолын бас тадым. Мен үшін бұл зор мақтаныш, биік мәртебе және 

үлкен жауапкершілік.

Мерейтойға  орай  қараша  айының  соңында  университетте  ауыл  шаруашылығы  бағытындағы 

жоғары  оқу  орындарының  Ғаламдық  Консорциумына  мүше  әлемнің  40  беделді  университет 

ректорларының,  шет  елдің  және  Қазақстанның  ғылым-білім    са ласының  көрнекті  өкілдерінің 

қатысуымен  «Агроөндірістік  ке шенді  дамытудағы  ғылым-білім  басымдықтарының  жа ңа  стра-

тегиясы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжі ри белік конференция өткізілмек. Конференция 

аясында  ауыл  шаруа шылығындағы    инновациялық  жетістіктер  көрмесі  ұйым дас тырылып, 

Қазақ-Корей  орталығы,  Су  орталығы,  Инновациялық  жылыжай,  Мемлекеттік  индустриалды-

инновациялық даму бағ  дарламасы  шеңберінде мамандар дайындауға арналған оқу, ғылыми-зерттеу 

зертханаларын қамтитын «Инновациялық ор талық» ашылмақ. Сонымен қатар қараша айының 23-

30 күн дері аралығында университетте аграрлық саладағы көрнекті ға лымдардың, мемлекет, қоғам 

қайраткерлерінің, оқу орны тү лектерінің, ізденуші, білім алушы жастардың қатысуымен «Мерейтой 

апталығы» аясында ғылыми-тәжірибелік бағытта ма ңызды іс-шаралар ұйымдастырылмақ.  Тұңғыш 

Президент  күні  мен  университет  мерейтойына  орай  «Білімді  жастар  –  Ұлы  Дала  тірегі»  атты 

салтанатты шара өткізбекпіз.

Тарихымызға көз жүгіртсек,   университетіміздің қалыптасуы мен даму тарихы ел  экономикасының  

өркендеуімен тығыз  бай ла нысты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және Қазақстанда алғашқы  

совхоздарды құру кезеңінде ауыл  шаруашылығы  өн ді рісін ғылыми тұрғыда жетік басқара алатын 

кәсіби білікті мамандарға қажеттілік туындады. 1929 жылы  Алматы зоотех ни калық  малдәрігерік 

институты,  ал  1930 жылы Қазақ  ауыл ша руа шылығы институты құрылды. 

(Жалғасы 2-3-беттерде)

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ОРДАСЫ

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

Біздің 

түлектер


Our graduates

               



2-3

Мерейтойлық 

апта жоспары

  

8



Мерейтойың құтты болсын, ҚазҰАУ!

Happy anniversary, KazNAU!

5

Университет 

тарихы

History of university



4-5

Мерейтой құтты 

болсын, жарқын 

ұям!


  

7

Ернар АйдАР,

Әнші, ҚазҰАУ 

түлегі

Alfinura ShArAfeyevA, 

KazNAU graduate, Italy


2

АГРАРЛЫҚ


УНИВЕРСИТЕТ

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

Our graduates

Ахметжан ЕСІМОВ –

”Астана ЭКСПО-2017” ҰК 

басқармасының төрағасы. 

ҚазҰАУ түлегі, «Ауыл 

шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» 

мамандығы бойынша  1974 жылы білім алған. 

Серік ҮМБЕТОВ – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты. 

ҚазҰАУ түлегі, зооветеринар мамандығы бойынша 1983 

жылы білім алған.

Болат  ЖӘМІШЕВ – Қазақстанның даму банкінің басқарма 

төрағасы.1981 жылы университетімізді экономика 

мамандығы бойынша бітірген.

Ансар МҰСАХАНОВ – ҚР Парламент Сенатының депутаты. 

ҚазҰАУ түлегі, мал дәрігері және  мемлекеттік және 

жергілікті басқару менеджері мамандығы бойынша 

білім алған.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – 

«Нұр Отан» партиясы 

Төрағасының бірінші орынбасары. 

Университетімізді 1984 

жылы бітірген.

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Университеттің  қызмет  ету  жылдаранда  еліміздің  аграрлық 

секторының    дамуына  қомақты  ұлес  қосқан  және  қосып  келе 

жатқан  140 мыңнан аса білікті мамадар дайындап шыққан.  Соның 

ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек Ері, 

70  Жоғары  Кеңес  пен  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 

депутатттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік  сый­

лықтың лауреаттары,  мемлекет және қоғам қайраткерлері,  ғы­

лым  және  агроөндіріс  кешенің  басшылары,  11  мыңнан  астам 

док торлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды 

әлемге танытқан  айтулы азаматтар бар.

Мемлекет  басшысы  еліміздің  агроөндіріс  кешені 

қызметкерлері 

алдына 


саланы 

модернизациялауға 

бағытталған  аграрлық  бі лім  мен  ғылымды  реформалауға 

нақты міндеттер қойып отыр. Бұл талаптарды тиімді орындау 

арқылы біз – аграрлық білім мен ғылымды дамытып, бәсекеге 

қабілетті,  сапалы  ауыл  шаруа шылық  өнімдерін  шығару 

қарқынын  ұлғайтып,  еліміздің  азық­түлік  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  жаңа  мүмкіндіктер  ала  аламыз.  ҚазҰАУ 

жанындағы  Қазақстан­Жапон  инновациялық  орталығында 

және  университетіміздің  6  ғылым­зерттеу  институты  мен 

31  зертханасында  шетел  ғалымдарымен  бірлескен  жобалар 

жүзеге  асырылып  отыр.  Ауыл  шаруашылығы  саласында 

ықпалдасу мақсатында құрылған Қазақ­Корей инновациялық 

орталығында «Жасыл технологияларды» дамыту мәселелері 

зерттелуде.  Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдері және 

азық түлік сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық 

орталық құрудың алғышарттары дайындалу үстінде. Академиялық 

ұтқырлық бағдарламасы аясында университетіміздің студенттері 

мен  магистранттары  шетелдің  озық  оқу  орындарында  білім 

жетілдіріп,  тәжірибе  жинауда.  Сондай­ақ,  әлемнің  беделді 

университеттерінің білікті ғалымдары біздің университете дәріс 

оқуда.


Университетіміз 

білім 


беру 

сапасын 


арттыруға 

мүмкіндік  бе ретін  және  Болон  үрдісін  және  Халықаралық 

ынтымақтастықты  дамытуда  келесі  орталықтар:  Болон 

үрдісін  дамыту  орталығы,  академиялық  ұтқырлықты 

моделдеу  орталығы,  үштұғырлы  тіл  бағдарламасын  негізге 

алған  көптілді    білім  беру  орталығы,  лингвистикалық 

білім  беру  орталығы,  жаһандық  класс  ашылды.  Сыртқы 

академиялық  ұтқырлық  Жаһандық  консорциум  арқылы, 

сондай­ақ «Темпус», «Эразмус Мундус», «Болашақ», DAAD 

және  FET  бағдарламалары  және  жобалары  арқылы  іске 

асырылады.Университет Еуропа, Америка, Оңтүстік­Шығыс 

Азияның  жетекші  елдерімен  қос  дипломдық  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыру  бойынша  бірқатар  маңызды 

келісім­шарт  жасады.  Университете  жыл  сайын  Еуропаның 

серіктес ЖОО ғалымдары мен магистрант қатысушыларымен 

халықаралық 

жазғы 

мектеп 


ұйымдастырылады.  

Халықаралық  ынтымақтастық  аясында  әлем нің  аграрлық 

жоғары  оқу  орындарының  Жаһандық  консор ци умының  және 

ТМД    мемлекеттеріне    қатысушы  үздік  Аграрлық  жоғары  оқу 

орындар кеңесінің мүшесі ретінде университет бүгінде 200­

ден    астам  халықаралық  ғылыми­зерттеу  институтымен,  

алдынғы  қатарлы  көптеген  аграрлық  университетермен, 

агроөнеркәсіптік    кешені  нысандарымен  ынтымақтастық 

жөніндегі  келісімге  қол  қоя  отырып,  Қазақстанның 

аграрлық  ғылымының  халықаралық  аренадағы  мәртебесін 

көтеруге  ат  салысуда.  Еуропа,    Америка,  Азия  және  Тынық 

мұхит    аймақтарындағы  континенттердің  ғылыми­зерттеу 

институттары    мен    орталықтары  Қазақ  ұлттық  аграрлық 

университетімен  көптеген  маңызды  мәселелер  төңірегінде 

бірлесіп  жұмыс  жасайтындығы  зор  мақтаныш    тудырады. 

Біздің  оқу  орнымыз  осы  күні  Еуропа  мен  Азияның,  АҚШ 

пенТМД  университеттерімен  әріптестік  қатынасты  нығайту 

үстінде.


Әртүрлі  шаруа  қожалықтарының  басшылары  мен 

қызметкерлері  үшін  білім  ошағында  «  Фермелер  жоғары 

мектебі»    құрылған.  Онда  «Экстеншн»  халықаралық 

моделі  бойыша  білім  беріледі,  сондай  –  ақ,    консалтингтік 

қызмет  көрсетіледі.  Тарихы  тереңге  кеткен  оқу  ордамызда 

халықаралық  байланыс  жылдан    жылға  нығая  түсуде.  Оған 

Қазақстан­Жапон  инновациялық  орталығы  нақты  дәлел 

бола  алады.  Ғылыми­зерттеу  жұмысының  мүмкіндігін  арттыру 

үшін  биотехнология, нанотехнология, цитология, ветеринарлық 

медицина  және  санитария,  микробиология  және  вирусология, 

агроинженерия, биологиялық, органикалық және биоораникалық 

химия,    гендік­молекулярлық,  стратегиялық­  технологиялық  ба­

сым дықтар мейлінше іске қосылып жатыр.

Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей  жалпы  ішкі  өнімнің  өсуінің 

90  пайызы  инновациялық  технологияны  игеру  арқылы  болады. 

Оны  игеру  өндірістің  бәсекеге  қабілеттілігін  көтерудің  басты 

жолы.  Ауылшаруашылық  саласын  дамытуға  үкімет  тарапынан 

да келелі шаралар қолданылып жатқанын айтқым келеді.  Ауыл 

шаруашылық  министрлігі  дайындаған  «Агробизнес­2020» 

бағдарламаласы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Осы 

орайда  біз  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  мамандарымен, 

ғалымдармен  бірлесе  отырып  ауыл  шаруашылығына  қатысты 

проблемаларды  талқылап,  нақты  ұсыныстарды  күн  тәртібіне 

қойып  отырмыз.  Атап  айтқанда  аграрлық  ғылымның  алдында 

тұрған мына мәселереге баса назар аудармақпыз – еліміздің азық­

түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін 

арттырып,  агроөндірістік  кешеннің  ғылыми,  кадрлық  деңгейін 

көтеру;  аграрлық  ғылым,  білім  және  өндірісінің  және  аграрлық 

жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми­зерттеу  институттарының 

интеграциясын  дамыту;  отандық  аграрлық  білім  мен  ғылымды 

халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; Қазақстанның аг рар­

лық  саладағы    ғылыми  өндірісінің  өнімдерін  әлемдік  нарыққа 

шығаруға күш салу; мемлекетаралық итнтеграция және  ұлттық 

аграрлық азық­түлік нарығын қалыптастыру;ауыл шаруашылығы 

өндірісіне  жаңа  ғылыми  жобалар  мен  инновациялық  тех но ло­

гияларды енгізу процесін жеделдету.

2012 жылдың қараша айынан бастап университет әлемдік QS 

рейтингі бойынша үздік оқу орындары қатарына кіреді. Универси­

тет 2014 жылы бес жылдық Институционалдық аккредитациядан, 

магистратура мен бакалаврдың 15 бағдарламасы бойынша ASIIN 

(Германия)  агенттігінің  халықаралық  аккредитациясынан  және 

2015 жылғы мемлекеттік аттестациядан абыройлы өтті. Биылғы 

жылы университет QS World University Rankings Дамыған Еуропа 

мен  Орталық  Азияның  308  университеті  арасынан  67  орынға 

тұрақтадық.  Бүгінгі  күні  оқу  орнында  13  мамандық  бойын­

ша  4 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Барлық магистрлік 

және  докторлық  диссертациялар  ауыл  шаруашылығы  нарығына 

қажетті кафедраның нақты ғылыми зерттеуі аясында орындала­

ды. Бұл тәжірибе әлемнің белді университеттерінде іске асыры­

лып келеді.

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ, 

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



Қазақстан телеарнасы, Ақсауыт әскери-патриоттық бағдарламасының 8-қараша 

күнгі саны ҚазҰАУ әскери кафедрасына арналды.

3

АГРАРЛЫҚ


УНИВЕРСИТЕТ

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

  Қазіргі  кезде  Университет  химия  және  азық­түлік  салалары 

бойынша  маман  дайындауда  2015­2019  жылдағы  Мемлекеттік 

индустриалды­инновациялық  даму  бағдарламасының  қаты су­

шы сы  болып  табылады.  Мамандарды  дайындау  экономиканың 

екі  секторы  негізінде  жүзеге  асырылады.  Олар  «тағам  қауіп­

сіз дігі»  және  «агрохимия».  Аталған  бағдарлама  бойынша 

маман дар  дайындауды    жүзеге  асыру  үшін  2015­2016  оқу  жы­

лына  арналған  Жол  картасы    жобасы  әзірленді.  Жол  картасы 

бойынша жоспарланған іс­шаралар жоғары оқу орнынан кейінгі 

сапалы  білім  берудің  жаңа  тәсілдерін  дамытуда,  бағдарламада 

көрсетілген  экономиканың  басым  секторларында  сұранысқа  ие 

бәсекеге  қабілетті  озық  мамандарды  дайындауға  бағытталған. 

Осы  орайда  университет  «Тағам  қауіпсіздігі»    мамандығы 

бойынша    «Қолданбалы  азық­түлік  қауіпсіздігі»,  «Топырақтану 

және агрохимия» мамандығы бойынша – Өсімдіктер мен Топырақ 

құнарлылығын  басқару»  бағытында  инновациялық  бағдары 

жұмыс берушілердің талаптарына толық жауап беретін модульдік 

бағдарламаларды анықтады. 

Бағдарламаны  университет  оқы ту шылары  мен  шет  елдік  се­

ріктес оқу орындарының ғалымдары  бірлесе отырып дайындаған. 

Вагинген  университеті  (Нидерланды),  Шығыс  Финляндия  уни­

вер ситеті, Путра университеті (Малайзия), Салерно университеті 

(Ита лия),  Киот  университеті  (Жапония),  Конкук  ұлттық  уни­

верситеті  (Оңтүстік  Корея)  сияқты  оқу  орындарымен  келісім 

шарт жасалынды. Аталған университеттер QS бойынша үздік оқу 

орын дары қатарында. 

Университетіміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік ин­

дус триалды­инновациялық даму бағдарламасы аясында алдыңғы 

қатарлы оқу орындары және зерттеу институттарымен 20 шақты 

келісім  шарт  жасады.  Халықаралық  оқу  орындарының  жетекші 

ғалымдарын  дәріс  жүргізуге  шақыру  мақсатында  бюджеттен 

40  млн.теңге  көлемінде  қаражат  бөлінді.  Жобаға  қатысу  та лап­

тарының  бірі  –  магистранттарды  100%  жұмыспен  қамту  болып 

табылады. 

Сондықтан  МИИДБ­2­ге  қатысып  жатқан  кәсіпорындармен 

мамандардың тәжірбиеден өтуі және жұмысқа орналасуы туралы   

алдын  ала  48  келісім  шарт  жасалынып,  жұмыс  берушілермен 

білім  бағдарламаларының  модулдері,  түлектер  құзіреттілігі 

туралы талқыланды.

Мемлекет  тарапынан  2015­2016  оқу  жылына  магистрлерді 

дайындауға    «Тағам  қауіпсіздігі»  мамандығы  бойынша  ­  140; 

«Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша – 50 грант 

бөлінді.  Базалық  10  университеттің  материалды­техникалық  

қорын  жетілдіруге  «Нұрлы  жол»  инфрақұрылымды  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасы  2015­2016  жылы  6  млрд.теңге  кө ле­

мінде  қаржы  бөлуді  жоспарлап  отыр.  Университет  бөлінген  қа­

ражаттан  9  ғылыми­зерттеу  зертханаларын  құратын  болады. 

Зертханалық жабдықтар таңдауда тағам қауіпсіздігі, топырақтану 

және  агрохимия  салалары  бойынша  ғылыми  зерттеуде    қол да­

нылып жүрген заманауи үрдістер ескерілді.

Университет ұжымы студенттерге озық біліммен қоса ұлттық 

тәрбие  беру  жүйесіндегі  жаңаша  бағыттардың  тағдырлық    ма­

ңызын    терең  түсінеді.  Мысалы,    университет  Қазақстанның 

жоғарғы  оқу  орындарының  арасында  бірінші  болып  Елбасы 

идеясынан туындаған «Қазақстан жолы» тәрбие­білім орталығын 

құрды.  Студенттер  «Достық»  ассамблеясының  жұмысы  да 

«Қа зақстан  жолы»  тәрбие­білім  орталығы  қоятын  талаптар 

фор матына  көшірілді.  Әр  орталықпен  университет  жанынан 

құрылған  О.Сүлейменов  атындағы  әлеуметтік­гуманитарлық 

білім беру және тәрбие институты құрамына  кіретін 4 кафедра 

және  мәдениеттану  кафедрасы  әдістемелік  бағытта  бірлесіп 

жұмыс атқарады.  

 85 жылдық белесті бағындырып отырған университет ұжымы 

осы  ауқымды  бағыттағы  іс­шараларды  жүзеге  асыруда  білім, 

ғылым  және  өндіріс  саласында  бірігіп,  ынтымақты  жұмыс  іс­

теудің тиімді бағыттарын табатынынына сенемін.

Тілектес ЕСПОЛОВ, 

Қазақ ұлттық аграрлық  университетінің ректоры, 

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

Our graduates

Аида БАЛАЕВА –  

ҚР Президентінің Әкімшілігі, Ішкі сая-

сат бөлімінің меңгерушісі. 

Университетіміздегі «Экономика 

және құқық» факультетінің түлегі. 2007 жылы «құқықтану» 

мамандығы бойынша бітірген.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ – Қызылорда қаласының әкімі. 

ҚазҰАУ түлегі, экономист-менеджер мамандығы бойынша 

1997 жылы бітірген. 

Серік ЫРСАЛИЕВ – ҚР Білім және ғылым экс-

вице-министрі. 

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ 

Президенті. 

 ҚазҰАУ түлегі, 1981 жылы оқуды «Орман 

шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша үздік 

аяқтады.

Әнуар САДЫҚҰЛОВ  –  ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті  

«Арыстан» қызметінің бастығы. ҚР ҰҚК төрағасының 

орынбасары Университетімізді 1991 жылы үздік бітірген.

Мәкен БАХТИЯР – Батыс Қазақстан облысы әкімінің 

орынбасары.ҚазҰАУ түлегі,  «Мал шаруашылығы өнімдерін 

өндіру және өңдеу технологиясы» факультетін  2003 жылы 

бітірген.  

БІЛІМ ОРДАСЫ

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



«Жас Отан» ЖҚ мен Жастар әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жалын студенттер 

үйінде белгілі актерлер және каскадерлермен еркін пікір алмасу кездесуі өтті. 

4

АГРАРЛЫЌ


УНИВЕРСИТЕТ

Ќазаќ ўлттыќ аграрлыќ университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті 

заманауи  ағымнан  ешқашан  да  сырт 

қалған  емес.  Еліміздегі  көптеген  оқу 

орын дары  мен  кәсіпорындпарды  қос па­

ғанда,    сыртқы  байланыстағы  ше тел дік­

термен  жүргізіп  жатқан  жұмыстардың 

өзі  ауыз  толтырып  ай тарлық.  Мұның 

бәрі  де  студенттердің  білім  мен  ғылым 

жолындағы  ізденістерін  одан  әрі  дамыта 

түсудің  қамы  үшін  жасалып  жатқан 

жаңаша  серпілістің  сенімді  жолы.  Уни­

верситет  бүгінде  әлемнің  200­ге  жу ық 

жоғары  оқу  орындарымен  өзара  ын­

тымақтастық  қарым­қатынас  орнатып,  теориялық  және  прак­

тикалық жағынан үнемі тәжірибе алмасып келеді.

Жуырда  университет  ұжымы  Жапониядан  келген  Ниигата 

уни верситеті  делегациясының  өкілдерімен  кездесіп,  маңызы 

зор  өзара  келісім  шарт  барысында  қозғалған  әңгімені  сарапқа 

сал ды.  Қадірлі  қонақтар  қатарында  аталған  университеттің 

вице­президенті, доктор Хитоши Такахаси, ауыл шаруашылығы 

факультетінің профессоры, доктор Хидео Хасаеғава, халықаралық 

бай ланыс  жөніндегі  департаменттің  директоры  Кенджи  Какута, 

Киото  университетінің  профессоры  Шинуя  Фуеакава,  осы 

университеттің  зерттеушісі  Кае  Матсуи  болды.  Бұл  кездесуді 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице­

президенті, академик Тілектес Исабайұлы Есполов кіріспе сөзбен 

ашып,  жапондық  әріптестермен  ғылыми­тәжірибелік  байланыс 

тө ңірегінде әңгіме қозғады.

– Біз жапондық әріптестерімізбен бүгін ғана кездесіп отырған 

жоқпыз. Бұл елмен  ынтымақтастық жағдайында байланыс орна т­

қанымызға біршама жылдар болды. 

Бұл  сөзіме  дәлел  ретінде  бізде 

құрылған  Қазақстан­Жапон  инно­

ва циялық  орталығын  айтсақ  бо­

лады.  Жапон  елінен  елшілер  біз дің 

оқу  орнымызға  жиі  келеді.  Ара­

да ғы  ажырамас  бірлігіміз  барған 

сайын  нығайа  түсуде  және  оның 

тиім ділігін  де  бүгінгі  таңда  көріп 

жатырмыз.  Бүгін  өзара  белгіленген 

талаптар  бойынша  келісім  шартқа 

отырамыз.  Одан  біздің  күтеріміз 

көп  болмақ,  ­  деп  пікірін  білдірген 

Тілектес Исабайұлы жапондықтарға 

уни вер ситет  ауқымында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  жайында 

кеңінен әңгімелеп берді. Тілектес Исабайұлы ұлы дала еліндегі 

университеттің 85 жылдық мерейтойына дайындық барысындағы 

жұмыстардың өріс алып келе жатқандығын да жан­жақты бағытта 

ортаға салды. 

Жапондық  қонақтар  тарапынан  сөз  алған  Ниигата  уни вер­

си тетінің  вице­президенті,  доктор  Хитоши  Такахаси  да  өз  оқу 

орнындағы  болып  жатқан  жаңалықтармен  таныстырды.  Екі 

жақ ты  өзара  келісімнің  өте  тиімді  болатындығын    көпшілікке 

хабардар  етті.  Сөйтіп,  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің 

ректоры,  ҚР  ҰҒА  вице­президенті,  академигі  Тілектес  Есполов 

пен  Ниигата  университетінің  вице­президенті,  доктор  Хитоши 

Та кахаси өзара келісімге қол қою рәсімін жасады. 

   Бұдан кейін Тілектес Исабайұлы қонақтарды университеттегі 

Қазақстан­Жапон  инновациялық  орталығымен,  инновациялық 

жылыжайымен  және  мұражайымен  таныстырды.  Жапондықтар 

университеттен  жақсы  әсермен  қайтты.  Мұндай  кездесулер  ал­

дағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 

оқу орнының 85 жылдығына орай III Ха­

лы қаралық Ветеринарлық Конгресс болып 

өтті.

Аталған  шараға  мемлекеттік  орган дар­



дың ауыл шаруашылығы және ветеринария 

басқармаларының, мал шаруашылығы мен 

құс  шаруашылығының,  ветеринарлық 

стан  циялардың,  клиникалардың,  дәрі ха­

на лардың  басшылары  мен  мамандары, 

мал шаруашылығы мен үй жануарларына 

ар налған  тауарлар мен дәрі­дәрмектерінің 

дистребьюторлары, бұқаралық ақпарат құ­

ралдарының өкілдері қатысты.

III  Халықаралық  Ветеринарлық  Кон­

грес ті өткізудің мақсаты  ­ отандық вете­

ринария  саласы  мамандарының  кәсіби 

және  интеллектуалды  біліктілігін  артты­

ру,  ұлттық  ветеринариялық  бірлестіктер 

арасындағы қатынастарды кеңейтіп, инно­

ва циялық  техологияларды  енгізу,  әлемдік 

ветеринария  саласы  бойынша  ғылыми 

негізделген ақпараттар мен жаңалықтарды 

қолжетімді  ету,  ветеринариялық­сани та р­

иялық  бақылауға  байланысты  халық ара­

лық  келісімдер  мен  шарттарды  талқылау, 

сараптау,  тағам  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етудегі  ветеринарияның  маңыздылығын  

арттыру.


Конгрес  бағдарламасында  «Өнімді  жа­

нуа рлар»  және  «Ұсақ  үй  жануарлары» 

сек циялары  жұмыс  істеп,  «Ветеринария 

саласындағы кәсіпкерлікті дамыту» туралы 

дөңгелек  үстел  және  «Ветеринариялық­

санитариялық  сараптама»  тақырыбында 

ше берлік сыныптар өткізіледі. 

Сала  бой  ынша  білікті  ғалымдар  мен 

кә сі би  мамандардың  қатысуымен  Пле­

нар лық  отырыс  ұйымдастырылып,  «Қа­

зақс тан Республикасының этикалық вете­

ринариялық  кодексі»    жобасына  қол  қою 

рәсімі жүзеге асырылды.

Конгресс  шеңберіндегі  семинар  қо­

ры  тын дысы  бойынша  зертхана  және  ве­

те ри нариялық­санитариялық  сарап та ма 

қыз меткерлеріне  Қазақ  ұлттық  аграр лық 

университеті  мен  Қазақстанның  ве те ­

ринариялық  дәрігерлері  Конгресінің  бір ­

лескен арнайы сертификаты табыс етіл ді.

Конгресс  жұмысы  –  отандық  агро өн­

дірістік  кешен  қызметкерлері  мен  ве­

теринарлық ғылым мен медицина сала сы­

ның білікті мамандары арасында екіжақты 

диалог орнатуға, ортақ кәсіби мәселелерді 

талқылауға,  ауыл  шаруашылығы  мен 

өндірісін  дамытуға  бағытталған  инно ва­

циялық  іс­шараларды  тиімді  жүзеге  асы­

ру ға мүмкіндік берді.

Шара  барысында  отандық  вете ри на­

рия  және  шетелдік  тауарлардың  зоо ин ­

дустриясы  өнімдерінің    көрмесі  ұсы ныл­

ды.

Бізге 85 жыл



Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  85  жылдық  ме­

рейтойына орай  факультетаралық «Бізге 85 жыл» ин те  лектуалды 

сайысы  өтті.  Ойын  жүргізушілері  белсенді  сту   денттер  Ма­

ха шов  Айдынбек  және    Маханова  Индира  оқу  ор ны мыз дағы 

жаңалықтармен,  қазылар  алқасымен  жинал ған дарды  та ныс­

тырып, кезекті төрт топқа бөлінген сайыскерлерге берді.

«Ветеренария» факультетінен «Жас қыран» командасы, «Тех ­

нология  және  биоресурстар»  факультетінен  «Болашақ»  ко ­

мандасы,    «Гидротехника,  мелиорация  және  бизнес»  фа куль­

те тінен  «Жаңа  әлемнің  жастары»  командасы,  «Орман,  жер 

ре сурстары  және  жеміс­көкөніс  шаруашылығы»    факультетінен 

«Флора  және  фауна»  командасы  қатысты.    Командасы  дайын 

болмаған «Инженерлік» факультетінен басқа жалпы төрт команда 

таныстыру,  бәйге,  дода,  жорға  деп  аталатын  кезеңдер  бойынша 

жарысқа түсті. 

Ойыншылар өздерін таныстырғаннан кейін, бәйге сайысында 

университетіміздегі  елеулі  тарихи  оқиғаларға,  жаңалықтарға, 

еліміздің  аграрлық  секторына  байланысты  әр  командаға  жүр­

гі зушілер 3 сұрақтан қойды, әр дұрыс жауап берілген сұраққа 5 

баллдан берілді.  «Дода» кезеңінде командалар экранда ұсынылған 

3 категорияның бірін таңдап сұрақ денгейіне қарай   20, 30, 40, 50 

ұпайдан еншіледі. Шешуші «Жорға»  кезеңінде ұпайлары жоғары 

3  команданың  капитандары  1  минутта  10  сұраққа  жауап  беріп 

үлгеруге тырысты.   

Тәрбие  және  әлеуметтік  жұмыстар  жөніндегі  проректор 

Ж.А.  Дауренбаева,  Тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру­әдістемелік 

қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Мақпал Дабылтаева, Жастар 

саясаты бөлімінің басшысы Назгүл Ережеповадан құралған  қа­

зылар  алқасының  шешімімен  бірінші  орын  Технология  және 

биоресурстар»  факультетіне,  екінші  орын  «Орман,  жер  ре сурс­

тары және жеміс­көкөніс шаруашылығы»  факультетіне, үшінші 

орын «Ветеренария» факультетіне бұйырды.

Ойын  арасында  өнерлі  студенттеріміз  Сугирбекова    Айдана 

мен Өмірқұл Айдана «Еркесылқым»  күйімен, «Наз» би тобы үнді 

биімен, Әділғазы Алтынай ән шашуымен жиналғандарға тамаша 

көңіл күй сыйлады. 

Ұйымдастырушылар Жастар саясаты бөлімі мен 

Агробиология 

және фитосанитария факультеті.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал