Несіпбек Дәуітайұлы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/23
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Несіпбек Дәуітайұлы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Айғыр кісі 
 
Бірінші том 
 
 
 
 
 
 
“Ан арыс” баспасы 
 

 

 
 
АҚ КӨГЕРШІН 
 
 
Оның  қиялы...  Алақанына  қонған  ақ  көгершіннің  күміс  қанаттарында 
күн сәулесі ойнаған кезде, иә, әлі күнге жан баласы әңгіме етіп көрмеген, тек 
осының  ғана  санасында  оянып,  көңіліне  ұя  басқан.  Гүлдер  хаһында  ой 
шеруін тартқанда, е, сосын жер бетіндегі ең жақсы адам – ақ кимешегін кір 
шалмаған әжесі қара шанақты қағып-қағып жіберіп, мақамы жүйке-жүйкеңді 
қуалай  жөнелетін  сұңғыла  термесін  әуендеткенде,  Оспанқұл  атасы  шалғы 
шыңдай  отырып  бағзы  заман  қазынасынан  жіпше  суыртпақтап  өз  басының 
мизам һәм қаңтар тірлігінің шегерген сырын көл-көсір ақтарғанда, бәрекелде, 
баланың  қиялы  шарқ  ұратын.  Бозала  сәулені  тіміскіген  жанары  жарқырап, 
көңіл қанаттары ауаны ескен сайын, шыр көбелек айналған жердің кіндігінен 
ұзай беретін, өзін-өзі көтеріп келе ме, әлде ақ көгершіні ме алып ұшқан?!. Ол 
жағы  беймәлім.  Көкірегін  айқара  құшқан  жалғыз  арманы  –  биікке  самғап 
кетіп,  көк  төсіне  табанын  тигізу,  сол  жерде  тұрып  бар  дауысымен  әлдене 
айтсам дей ме екен... 
Қазір де, таң атқалы бірқыдыру уақыт өткенімен, көзін ашпай, терезеден 
қиғаш  түсіп  тұрған  күн  сәулесіне  қалың  кірпігінің  арасынан  ғана  сығалап, 
анталаған  жебір  ойдың  қамауында  тым-тырыс  мүлгиді,  айқасқан  аяғын 
жазбастан бейжай күйін бұзбай-ақ қояр еді-ау, сыртта ақ көгершіні күтіп тұр 
ғой,  жалғыздықты  білгізбеген,  күнді  ұясына  қондырып  бір  үйде  қатар 
тыныстар,  тілдесе  алмаса  да  ұғыса  білетін  осы  құртақандай  құсты  тауып 
бергені үшін Оспанқұл атасына разы.  
...Каникулға  келген  күннің  ертесінде  қартқа  ілесіп,  арбамен  ауылдан 
күндік жердегі ескі диірменге ұн тарта барғанда әуелі көргені – жирен сақал 
диірменшінің  жапырайған  жаман  тамының  шатырынан  жапырлай  ұшқан 
көгершіндері. Қара көк пе, қара ала ма, сан түсті қанаттылардың әдемі мүсіні 
қандай – оған назар аударған жоқ: ымырамен жем терген тірлігі, ең алдымен 
адамға ілтипаты, жатырқап жасқанбайтындығы қызықтырда көңілін. 
Бұлардың  қолқасына  жирен  сақал  әуелі  шырт  түкіріп  жауап  бермеген, 
сосын мәмілеге келді: бір қап кебекке – екі балапан. 
Үйге  келген  күннің  ертесіне  әлгінің  біреуі  көзі  бозарып,  өліп  қалды, 
екіншісін  көрерге  әдемі,  ауыл  арасындағы  қалың  талды  айнала  ұша 
жөнелгенде  аппақ  бауырымен  жасыл  жапырақтардың  дір-дір  еткен  бетімен 
үзіп бара жатқандай көрінеді. 
Төрт үйдің арасында құлағы қалқайған жалғыз баланың ермегі  – қиялы 
мен ақ көгершін сосын... 
- Оу, балам, тұрмаймысың, – деп әжесі дауыстады. – Тырайып қашанғы 
жатады. 
Құлқы  болсайшы  тұруға.  Қазір  төрт  үйдің  бас  көтерерлерінің  қыбыр-
жыбыр  тірлікке  баяғыда  араласқанын,    құдайдың  құтты  күні  есегінің 
жотадағы    бидайға  кетіп  қалатынын    айтып,  Айып  шалдың  ауылды  басына  

 

көтере    сықпыртып    жатқанын,  шақырайған    күннің    астында  Оспанқұл 
көршілерінің күрк-күрк жөтеліп отырғанын, қорықшы  – кем аяқ Станбектің 
әйелімен тамның көлеңкесінде шай сораптауға кіріскенін біледі, сонда да бас 
көтеруге ықылассыз.  
-
 
Бәйбіше,  барсыңдар  ма?  –  Айып  шалдың  жылаңқы  дауысы  әзер 
естіледі. – Көгершін балаң үйде шығар? 
-
 
Ертеңгі астан ауыз тиіңіз. 
-
 
Оған мұрша қайда, әлгі есек тағы кетіпті. 
-
 
Шідерлеп қоймаймысың, жарықтық... Андағың не?  
-
 
Абиыр  болғанда,  алтын  емес,  бәйбіше...  Күректің  басы,  түнде  іңірде 
біздің бала келген... Төмендегі ескі қамбаны тазалап қойыңдар, бидай құямыз 
деп кетті. Әпкел, шақшаңды... Ештайдың әкірәндік баласы екеумізге задение 
сол. 
«Тұру  керек  деп  ойлады  Кемелхан,  –  бәрібір  жаныңды  қоймайды  енді. 
Бір, екі, үш...» 
- Атаңның есегі жотаға шығып кетіпті, әкеліп бер, құлыным,- деді әжесі. 
Шал шырт түкірді. 
- Әй, шырағым, жұмыс бастан асып жатқанда ойнап жүріп алма. 
...Жотаға  шығатын  жалғыз  аяқ  сүрлеумен  еріне  басып  келе  жатқан 
баланың  үстінен  көгершін  ұшып  өтті.  Қолын  бұлғап  еді,  құс  айнала  самғап 
әуеде ойнады. 
Күн ыстық. Үп еткен самал болсайшы. 
-
 
Қансорпа  қылып  қуып  келгенің  не?  –  шал  ежірейді.  –  Бұлай  етерің 
бар, бармаймын деп неге айтпадың? 
-
 
Ұстатпай қойса қайтем. 
-
 
Тр-р-р... Арамын қарашы. – Шал есекті шыр көбелек айналды. 
-
 
Кете берейін бе? 
-
 
Шық, мынаның бір жағынан. 
Есекті екеулеп жүріп әзер ұстады. 
-  Жүйкең  құрып  тұрмаса  төмен  жүр,  бізге  де  көмегің  тисін,  қашанғы 
Оспанқұлды сағалай бересің. 
Есектің митың-митың жүрісіне ілесіп бала жолға түсті. 
-  Осы  сенің  ойыңда  не  бар?  –  деді  шал  былай  шыға  бос  шақшасын 
танауына апарып. 
Ақ  топырақты  бұрқылдатып  бейжай  келе  жатқан  Кемелхан  желкесін 
қасыды. 
- Әкең марқұм, ой, қарулы еді-ау, қара жер хабар бермесін, сонша күшті 
бола  тұра  көрінгеннен  таяқ  жейтін,  біздің  Қаймолда  қанша  сабады  мес 
қылып. – Айып кеңк-кеңк күлді. 
Бала тоқтай қалды. 
- Рас айтамын, кісіге қол көтермейтін, марқұм, – деді шал есектің басын 
іркіп, сосын Кемелханның бетіне таңырқай қарады. – Несін айтасың, момын 
тұғын, әй, сен әкеңе тарт. 
Жол бойы шал өзімен-өзі сөйлеп талай жерге барып қайтты. Бірді айтып 
бірге  кетеді.  Бала  оның  қай  сөзіне  ден  қоярын  білмей  дал.  Әжесі  айтатын: 

 

«Осы шал үнемі жалғыз өзі сөйлеп отырады» ,-деп. Бір жолы өзі де көзімен 
көрді. Оспанқұл атасы іңірде ине сұрап келуге жібере қоймасын ба. Есіктің 
алдына  келгенде,  іштен  шалдың  дабырлаған  даусын  естіді.  «Кісі  бар  екен 
ғой»  деп  ойлап,  сәл  тұрып  қалды.  Іштегі  дауыс:  «Бермеймін  дедім,  жанды 
қойды ма, әкел де әкелге салып төніп тұрып алды желкемде. Құдды әзірейіл... 
–  Шал  іле  кеңк-кеңк  күлді.  –  Ал  мен  ол  қызталақтың  алдын  орап  кеттім... 
қалайы несі? Әй, қой, қазбаламай...» 
Есікті  итеріп  қалған  баланың  аузы  ашылып,  сілейіп  қалды,  шалдың 
өзінен басқа жан жоқ. Содан бері бұл Айыптан іш жиятын. 
Бұлар Станбектің қамба көлеңкесінде қып-қызыл болып ұйықтап жатқан 
үстіне келді. 
-
 
Ақсақ  баланың  жатысын  көрдің  бе?  –  деп  сыбырлады  шал.  Сосын 
даусын шығарып. – Ыстыбай Ештаев, – деп қойды.  
Станбек жыртитып көзін ашты. 
-
 
Қайда жоғалдың, шал, тал түске дейін? 
-
 
Есектің келісі осы болды, әкіренік бала, кірісейік енді. 
-
 
Құрып  кетсін,  тобықтан  топырақ...  Мына  көгершін  адасып  жүр  ме? 
Жетпегені осы еді, құдай жарылқады, күрек алып ішке кір, бала. 
Қамбаға бас сұққан Кемелхан шошып кетті, төбесі жұлым-жұлым тесік, 
қаптаған торғайдың ұясы. 
-
 
Бұған бидай құюға бола ма? – деп екеуіне кезек қарады. 
-
 
Онда сенің диалаң болмасын. – Айып шырт түкірді. – Әй, қолыңды ал 
қалтаңнан. 
Ақ тозаңның ішінен үшеуі бірін-бірі әзер көреді. Тұншығып бара жатқан 
соң  Кемелхан  сыртқа  ырғыды.  Іле-шала  Станбек  шықты  ырсылдап,  шал 
қыңатын  көрінбейді.  Терезеден  топырақты  бұрқыратып  жатыр.  Әлден  соң 
дауыстады: 
-
 
Әкірәнік, қайдасың? 
-
 
Айта бер. 
-
 
Кір ішке. 
-
 
Қиқаңды қойсаңшы шал. 
Бір  заматта  көзі  ғана  жылтырап,  Айыптың  өзі  де  көрінді.  Шандыр-
шандыр мойны айғыз-айғыз кір. Түшкірді ме, қақырды ма – иығы селкілдеп 
ұзақ отырды. 
-
 
Япыр-ай, тозақтың оты мұндай болмас. 
-
 
Солай деші. – Станбек шиық-шиық күлді. - Әйтсе де ақсақал сұрауым 
бар. 
-
 
Шырағым, осы сұрау дегеніңнен әбден жадап кеткен адаммын. 
-
 
Амал қанша, білсек дейміз... 
-
 
Мысалы... 
-
 
Мысалы бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған адамға дүниенің қажеті 
қанша? Балаңыз болса білдей бригадир. 
-
 
Болдың ба? 
-
 
Әзірше осы да жетеді. 
-
 
Ботқа бет адамда түйсік болмайды дегенді естіген шығарсың? 

 

-
 
Жалтарма, шал. 
-
 
Жауабын  берейін,  ендеше.  –  Айып    кір-кір  қолын  көрсетті.-Қалай, 
жетті ме жетеңе. 
  
 
 Станбек шылым тұтатты, көк түтінді бұрқ-бұрқ  еткізіп алып: 
-
 
Бірдеме есіме түсіп отырғанын қарашы,– деді. 
-
 
Қызық болса айтсай... – Шал  ернін жалап-жалап қойды. 
-
 
Шөкімен ақынның өлеңі еді.  
-
 
Е, не депті?  
Станбек әндетті: 
 
                   -Уа, Айып жалақ, 
                   Жалай-жалай кетесің ернің қанап. 
                   Түн ішінде жортқаныңды қоймасаң сен
                   Біреудің өлтіреді иті талап... 
 
-  Кегің қайтты ма? – Шал орнынан тұрды. – Қайтса, ал күрегіңді қолға. 
-  Әй,  –  деді  Кемелханға,  –  аузың  ашылып  немене...  құлағыңа  жағып 
барады, ә... Қызталақтар-ай, өңшең. 
Түсте түгел үйлеріне қайтты. 
-  Үзіп  беретін  қауын  болса,  піскен  жоқ,  есек  әкелген  ақыңа  біздікінен 
айран  іш.  –  Шал  Кемелханды  қоярда-қоймай  үйіне  ертіп  әкелді.  Есіктің 
ашылуын күтіп тұрғандай қара шыбын күж етіп әуеге көтерілді. 
Үй  ішінде  жалғыз  ескі  темір  төсек  пен  тозығы  жеткен  құрым  киізден  
басқа іліп алар ештеңе көзге түспейді. Айып баланың алдына ағаш тостақпен 
айран қойып, сыртқа беттеді. 
Әжесі  айтып  отыратын:  «Кемпірі  өлгелі  он  жылдан  асты.  Келін-
баласынан іргесін әуелден аулақ салып, жалғыз тұрды. Жұрт жапа-тармағай 
жаңа  орталыққа  көшіп  жатқанда  тағы  жарылды  елден,  жер  бетіндегі 
жападан-жалғыз адам осы, о, құдай-ай!» – деп.  
Жер  бетіндегі  жалғыз  адам...  Осыған  Кемелхан  түсініңкіремейді.  Адам 
қалайша жалғыз болады? 
Шал есіктен бас сұқты: 
-  Ерін  тигізбепсің,  жиіркеніп  отырсың,  ә?  –  көзі  ажырайып  кетті.  – 
Ішпейді екенсің, қайқай. 
Сыртта күн шаңқиып тұр. Кемелхан аяғын басуға ерінеді. Қазір барады 
да, әжесі қараңғылап қойған төргі бөлмеге кіріп ұйықтайды. 
-
 
Келдің бе? Қайда бардың? - Әжесі құрт сығып отыр. 
-
 
Төмен. Қамбаға. 
-
 
Немене...  Күн  өтіп  кетті  ме?...  Құдықтың  суына  жуынып  алсаң 
қайтеді? 
-
 
Әже. 
-
 
Оу. 
-
 
Біз қашан орталыққа көшеміз? 

 

-
 
Колхозшыларға арналып келер жаз үй салынады деп жүр ғой, шешең 
аман болса, біреуі бізге тиер. 
Бала анасын ойлады. Ол жайлауда, сиыр фермасында сауыншы. Өткенде 
қатынаған біреуден Кемелханға судай жаңа жейде беріп жіберіпті. Жаңа киім 
алып, сөмкесін жаңартса... 
«Өзіммен бірге ақ көгершінімді де ала кететін шығармын», - деп ойлады 
ол. 
Оспанқұл атасы келді таяғын тықылдатып. 
-
 
Есебі, айраныңыз ар ма, бәйбіше? 
-
 
Е, бар емей немене ... – Әжесі зерден кесеге мәймілдетіп айран құйып 
әкелді. – Майы алынбаған. 
-
 
 Аққа  не  жетсін...  –  Қарт  сіміріп  салды.  –  Уһ!  Ал,  Кемелжан,  қайда 
барып келдің Айып атаңа ілесіп? Төмен түстіңдер ме, немене?.. 
-
 
 Ескі қаманы азалапты, бидай құятын көрінеді. – Баланың орнына әжесі 
жауап берді. – Биыл құдай беріп тұр, жотаның астығы сұмдық деседі жұрт. 
-
 
 Қара қазан, сары баланың несібі деген сол есебі. – Әй, бәйбіше-ай, аққа 
аузы жетті ғой елдің. Тек тыныштық болғай. – Қарт Кемелханға қарап күліп 
қойды. – Осы қай класқа барам деп ең биыл? 
-
 
 Бесіншіге. 
-
 
 Өтіп бара жатқан заманды қарай гөр. 
-
 
 Екі  колхоз  бірігеді,  жаңа  орталық  салынады  дегеннен-ақ  Иірсудағы 
елде береке қалды ма, жапа-тармағай көше жөнелді. 
-
 
 Бәйбіше,  өкімет  бекер  іс  қылмайды.  Есебі,  түптен  ойлағандары  бар, 
білем. 
-
 
 Бізді  қинап  тұрғаны  баланың  жатын  орны,  –  деді  әжесі.  – 
Кемелжанның татар дәмі енді ағайыннан болып тұр емес пе? 
-
 
 Е, бұл үшін қазан асар деймісің. 
-
 
 Сыртқа шықпаған бала... 
-
 
 Үйреніп  кетеді.  Әй,  бұлар  өспесін,  есебі,  өскен  соң  Әшірбек  ағасына 
ұқсап басқан ізіне зар қылады әлі-ақ. 
-
 
 Қой, әке, мұныңыз не, жарықтық?.. 
-
 
 Басқа кімім бар?.. Оспанқұл булығып ұзақ жөтелді. 
-
 
 Қолы тимей жүр де. - Әжесі де қоса қамықты. – Кеп қалар... 
-
 
 Кешікті  ғой,  тегі...  Қалдырар  аманатың  қинайды  жанды.  Соны  айтып 
үлгере алмай қалам ба деп қорқам, есебі. 
-
 
 О, не дегеніңіз? 
-
 
 Күннен-күнге  жанарым  солып  барады,  бәйбіше.  Ұзақ  таңға  кірпігім 
айқаспайды.  Сеземін.  Жаңа  қонысқа  көшпей  қалғаным  сол...  Осы  жерде 
кіндігім кесіліп, терім төгілген... – Сәл үнсіздіктен кейін сөзін қайта жалғады. 
–  Қадишаға  жаным  ашиды,  жалтақтап  жалғыз  қалып  барады,  жақын  тартар 
ешкімі жоқ. 
Үлкендерді  жайына  қалдырып,  Кемелхан  үйге  кірді,  бөлмені  әжесі 
қараңғылап қойған екен, тап төрдің алдына жата кетті. 
Оспанқұлдың баласы Әшірбек туралы ойлады. Осыдан он екі жыл бұрын 
көрген.  Ұзын  бойлы,  ақ  сұр,  шашы  сәл  ұзындау,  сұсты  жігіт  көз  алдында. 

 

Екеуі  тауға  шыққан.  Бұған  жол  бойында  ертегі  айтып  берген.  Жақсы  көріп 
қалған  еді  сонда,  енді  көңілі  қалған  райда.  Келмей  ме?  Әкесін  неге 
аямайды?.. 
Кемелхан дөңбекшіп ұзақ жатты. 
Бала қиялына қанат бітіретін үшінші серігі – сурет салатын дәптері. Оны 
қолына алғанда шұғылалы аспан, нұрлы дүние – жер беті дәл осының иығына 
иек  сүйеп  тұрғандай  болатын.  Сәл  қозғалса,  өзі  ғана  көріп-сезетін,  алыс-
жақынға  шетін  шығарып  айтпаған  сұлулық  атаулы  жым-жылас 
жоғалатындай  қорқып,  тас  мүсіндей  қадалып  отыратын  да,  әлгі  мың 
құбылған, бір-біріне мүлде ұқсамайтын құбылыстарды қашан және қай кезде 
үйлестіремін деген ынтызар қиялға қол артатын. Сөйтетін де, ақ қағаз бетін 
шимайлай жөнелетін. 
Әне,  ол  үй  артындағы  биік  төбенің  ұшар  басында  отыр.  Жіп-жіңішке 
саусақтары  қарындашты  сығымдап  алған.  Аппақ  парақта  меңдей  ноқат  жоқ 
әзірше... 
Иірсуды айнала тау қоршап жатыр, өркеш-өркеш бұйра жондар айдары 
желбіреп, бірінің шоқтығына бірі иек артқан сайын биіктеп, ақырында зеңгір 
көкке телмірген істік сілемдердің бауырына барып кіретін, ерекшелігі  – бұл 
ауылды ертеңгі алакөбеңнен кейін талай уақыт қызыл арай көмкеріп, алтын 
шашақты  сәулелер  көкорай  шалғынның  тал  бойынан  бастап  боз  көденің 
тұтасқан  түбіне  дейін  бояуын  жоғалтпай  тұрып  алатын.  Шығыстан  шыққан 
алып күн дәл жолында маңқиып жатқан атақты  «Көктіреген» үстерінен асып 
келгенше  осы,  сосын  барып  қана  алқызыл  нұр  аспанға  сіңіп,  жерге 
жайылатын. 
Бала  бажайлап  отырса,  ауланың  жобасы  бос  тастаған  қамшы  өріміндей 
ирелеңдеген  көшесінде  арасы  алшақ-алшақ  салынған  соқпа  тамдардың 
сұлбасы  ғана  қалған,  жаппай  орталыққа  көшкен  жұрттың  орнында  топырақ 
үйіндісі қарауытады. 
Қағаз  бетіне  көзі  көргендерін  ғана  түсіріп  отыр,  қашан  да  жанары 
қаныққан  бейнені  бүлдіріп  алудан,  не  ұқсата  алмаудан  дегбірі  қашып 
қиналады. 
Ол – суретші еді, бұл қасиет әуелде бойында болды ма, жоқ па білмейді, 
алайда  мектеп  табалдырығын  аттап,  қолына  қалам  ұстаған  жерден  былай 
қарай ішкі тебіренісіне даңғырата жол ашқан. Тапжылмай қағаз шимайлаған 
мұның бойында суретшілік қабілетінің бары ақиқат. 
Ауыл  табиғатының  бар  реңі  айналасын  қоршаған  қарекетпен  жарастық 
тауып  салына  бастағаннан-ақ  бала  айтып  жеткізгісіз  рақатқа  бой  ұсынады. 
Лүп-лүп  соққан  жүрегінің  дүрсілі,  кеудесін  кернеген  қуаныш  лебі  –  бүкіл 
маңды  басына  көтерген  сарқыраманың  суындай  жан  дүниесін  жаңғыртып, 
жадына түйген, қиялында оянған бояулар мен нақыштар қарындаш ұшында 
қатар өріледі. Қабілетінің қайнар көзі ата қоныста отырған төрт үйдің үлкен-
кішісін бейнелеуге келгенде кең ашылып, жарық дүниеге іңкәрлігі, үлкендер 
айтып  отыратын  адам  мұраты  дейтұғын  биіктікке  қарай  өкшесін  жерге 
тигізбей демейді, таяқ  тастам жерде әлденені көтеріп қыбыр-қыбыр қарекет 
еткен  құмырсқа  да,  ашық  аспанда  алаңсыз  жүзген  ақша  бұлтқа  дейін  -  бәрі 

 

қуаныш оған. Көңілге түйгенін қағаз бетіне асықпай отырып түсіруге пұрсат 
бер,  бала  болуға,  бала  болып  ойнауға,  бала  болып  қиялдауға  көлденең 
тұрмасаң, өзге нәрсе сұрамайды бұл. 
Қарашы мынаны... Күндігі қоқайған әжесі басын кеудесіне алып, түйенің 
асыл шудасын түтіп жатыр ма, әйтеуір, табанын суытып көрмеген шүйкедей 
кемпірдің  жанкештілігі,  «уһ»  демей  әмәнда  жарқылдап  жүретіндігі,  толып 
жатқан  қисса  айтып  ұзақ  таңға  иілмей  отырып  домбыра  тартысы  –  мұндай 
әже дүние жүзінде кем де кем. Осындай көңілді адамның түнде шам сөнген 
соң,  әлдебір  сөздерді  күбір-күбір  қайталап,  жиі  күрсінетініне  таң  қалатын 
бала.  Көзі  ұйқыға  кеткен  соң,  түнде  оянуы  сирек-тін,  ал  оянды  бар  ғой,  ең 
алдымен әжесінің күрсініп жатқанын естір еді... Тереңнен  уһлеп шыққан дем 
жиілеген  сайын  бойы  тоңазитын,  осылай  тітіркенген  денесін  көрпеге 
жасырып, бұйығып жатқан түндерінің бірінде әжесінің: «Әй, Құлияс-ай...» – 
деген әрі қысқа, әрі зарлы үнін естіп, іштей езілгені, еңірегені бар. 
Құлияс  –  әкесі.  Оның  қалай  өлгені  түп-түгел  есінде:  алты  жасар  қара 
сирақ баланы шаңқай түсте лай тоспаға әлсін-әлсін, сүңгіп, топ құрбысының 
арасында  асыр  салып  жүрген  жерінен  атты  біреу  ләм-мим  деместен  желіп 
келген  бойда  тақияша  іліп  ала  жөнелді.  Үй  алдында  қалың  жұрт,  сұсты 
еркектердің  сұп-сұр  кескіні  бедірейіп,  қашаннан    қам  көңіл  әйел  біткен  
орамалдарының  ұшымен  көздерін  басып,  ара-тұра  сыңсып  алады.  Соқпа 
тамның көлеңкесінде үсті-басы күйген, кейпі адам көргісіз біреу жатты. Қып-
қызыл  болып  ылжыраған  беті  бір  жағына  ауып  кеткен  секілді,  еріндерінің 
арасынан ақ тістер анадайдан  көзге түседі. Түктің мәнісін ұқпай, отқа түскен 
адамға аяныш, әрі одан қорқыныш сезімі ғана баурап, абдырап тұрған баланы 
ойбайлап келіп әжесі бас салғанда, мұның санасында «әкең» деген сөзден бір 
сұмдықты сезіп шыңғырып жіберген. 
«Кемелхан!» 
Ыңырсыған,  алайда  тамырын  шымырлатқан  жалынышты,  аяулы  баяу 
дауыс  бала  жадында  мәңгі  қалып  қойды.  Әкесі  ауруханада  көз  жұмды. 
Масағы аспанға ұша жанған астық өртін өшірем деп жүріп, Иірсудың момын, 
өзі тірлігіне адал тракторшысы осылай қайтыс болған. 
Бала әкесінің суретін салып отырып, өткенді есіне алды. Оспанқұл қарт 
бұлардың байырғы көршісі: дімкас, кәрілікке ауру қосылып ізін аңдыған соң, 
төсектен  қара  үзіп  кетуі  қиын  екен.  Дүние  жүзінде  ең  жақсы  көретін 
атасының  класс  жетекшілері  Балқия  айтып  отыратындай  от-жалында 
шыңдалған большевик атасының таяққа сүйеніп, қарға адым жерге зар болып 
қалғаны,  енді  екеуінің  «Мажыра»  сайына  арбамен  баруы  екіталай  екені 
жанына  батады  баланың.  Көрмеймісің  үйінің  артындағы  тақырға  киіз 
салдырып  шаңқайған  күн  астында  мүлгіп,  құнысып  отырғанын,  еті  қашқан 
сүйегі  бешпенттің  астында  білінбейді,  шынашақтай  құр  сүлдер  қора 
көлеңкесінде  шыбындап  тұрған  кер  биеден  көзін  айырмайды.  Өзінің  талай 
майлығы мен сулығын тең бөліскен серігін аяй ма, айтар сөзі бар ма... 
Көргенін айнытпай қағазға түсірген бала, жанарын судың арғы қабағына 
тіктеді:  қарашығында  Айып  шалдың  ұзыннан-ұзақ  созылған  қора-қопсысы. 
Қайсысы  үй,  қайсысы  малдың  жатын  орны  екенін  аңғарудың  өзі  қиямет. 

 

Бірінен  сиыр,  келесісінен  жылқы,  үшіншісінен  есек  қылтитады  басын. 
Баяғыда  қирап,  енді  келеге  келмей  қалған  бір  аттық  шана,  арба,  ағаш,  соқа 
санына жетпейсің, қора-қопсының үсті ескілі-жаңалы тұтасқан шөп. 
Беті  бір  уыс  көсе  шалдың  сірленіп  тозығы  жеткен  бешпентіне,  тізесі 
үлбіреп оңып кеткен шалбарына дейін анық көріп тұр бала. Ежірейген көзі, 
езуінен  ешуақытта  кетпейтін  кекесін  мысқыл  да  жадында,  қазір  соның 
қайдағы дау-дамай жайлы өзімен-өзі сөйлесіп жүргеніне дейін сезінеді. 
Сала  салған  суретіне  қарап,  шошып  кетті  –  құдай-ау,  мынау  аумаған 
қайыршы ғой! 
Әжесі  айтқан  бір  сырда  –  Айып  көңіліндегісін  жан  баласына 
сездірмейтін  жылан  жүрісті  адам  –  ел  ортасынан  қашқақтайтын,  мәміле 
іздемейтін,  ағайынның  жақсылығы  болсын,  қайғысы  болсын  бірыңғай 
сұрғылт  көзқарасы бар,    өзге  түгіл  өз батасына  қол  жайып  көрмеген,  жеме-
жемге келгенде есігін тірей бекітіп, күллі әлемге ту сыртын беріп отыратын 
күнәһар.  Бірақ,  бар  ғой,  терісіне  ілініп  жүрген  осы  шалдың  күнәһарлығына 
бала екі дүниеде сенбейді. 
Алыста  сарғайып  піскен  егін  тербеледі,  ақ  сары  толқын  жап-жасыл 
болып  бетке  тырмысып  бір-бірін  қуалап  бара  жатқандай.  Шетінде  жиырма 
шақты  жылқы  жүр  жайылып.  Қорықшы  қайда?  Баланың  көзі  төмендеп 
Станбектің үйіне түсті. Ол қазір ұйқыда, ұстарамен айнадай қылып алдырған 
басын сабалақ жүнді ала мысық жалап жатсын, әйелі төр үйде бар даусымен 
ән салып отырсын, бәрібір оянбайды, аузынан суы ағып жатады серейіп. 
Көріп  жүрген  жас  жігіттерге  Станбек  мүлде  ұқсамайды,  тіпті  бәрін 
қойғанда:  «Түтін  жұтқаннан  осым  артық»,  –  деп  насыбай  ататынын,  ерні 
томпайып  киіз  астына  шырт-шырт  түкіріп  отыратынын  қайтесің.  Өзі  еш 
уақытта  оң  сөйлемейді,  мейлі  үлкен,  мейлі  кіші  болсын  –  қылжақтап  мезі 
етеді, қала берді ермегі – әйелі, екеуі шырпының шиін салып карта ойнайды. 
Бала Станбекке бір жолы көкейінде жүретін аспандағы ақ гүлдер жайлы 
айтқан, сөзін аяқтап үлгермей, анау мұрнынан аямай шертті. «Не былжырап 
отырсың,  қайдағы  гүл,  аспанда  гүл  өседі  деп  қай  жынды  айтып  жүр  саған? 
Бала,  сен  сөмкеңді  арқалап  мектепке  ертерек  кетпесең,  қияли  болып, 
домбыра дыңғырлатып, ағаш кезіп кететін сыңайың бар. Қи... қи.. қи.. ұқи... 
аспан гүлі, құдайым-ай түске кіретін сөз айтып... сандырақтап болсаң әпкеші 
бері басыңды тырсылдата келіп шертейін», – деп шекесін қып-қызыл қылған. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал