Негізі, жерді сатқаннан гөрі жалға берген тиімді ме деймін



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/5
Дата15.04.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5

ИӘ

– Негізі, жерді сатқаннан гөрі 

жалға берген тиімді ме деймін. 

Өйткені жалдаушы белгілі бір 

 

мақсатпен алады ғой. Мәселен, 



ауыл шаруашылығы саласында 

болса, егін егіп, бақша салып не 

болмаса мал өсірумен айналысады. 

Ал егер жерді сатып алса, ол қа рау-

сыз бос қалуы да мүмкін. Қараусыз 

қалған соң жер азып-тозады, эро-

зияға ұшырайды. Ондай жағдай 

қазір көптеп ұшырасады. 

Сол себепті жерді сатқаннан 

гөрі оны жалға беру тиімдірек бо-

латын шығар. Жалға алған адам 

келі сімшартта көрсетілген міндетін 

орын дамаса, кері қайтарып алуға 

бо лады. Бұл арада мынадай мәсе-

лені де ұмытпаған дұрыс: жалға 

бе ру мерзімі үш, ары кеткенде, бес 

жылдан аспауы қажет. 

ЖОҚ

– Жер де – тауар, сондықтан 

ол да сатылады, сатып алынады. 

Жер мемлекеттің де, жекемен-

шіктің де иелігінде болады. Ал 

енді жерді жекеменшікке алған-

нан кейін, оны дұрыс пайдалану 

керек. Бұл, әсіресе, ауыл шар уа-

шылығына тиесілі жерлерге қа-

тыс ты. Егер ол жерді сатып алып, 

құр босқа қойып қойса, одан әлгі 

сатып алған адамға да, мем ле-

кетке де ешқандай пайда бол ма-

сы анық. 

Жерді пайдаланудың өз мақ-

саттары болады ғой. Сондықтан 

әлгіндей жерді сатып алып, 

пайдаланбай отырған адамнан 

жерді қайтадан мемлекеттің 

иелігіне қайтаруды талап ету ке-

рек. 

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир ПУТИН, 

Ресейдің премьер-министрі: 

– Президент те, премьер де 

ұйықтап жатқанда, елді кім 

басқарады?

– Біз екеуміз кезек-кезек ұйық-

таймыз.

(www.topnews.ru сайтынан)

№222 (448) 

22 желтоқсан

сәрсенбі


2010 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Марат СӘРСЕНБАЕВ, 

заңгер:

Арықбай АҒЫБАЕВ, 

заң ғылымының докторы:

3-бет

4-бет

5-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Қолжазба сақтайтын 

орны жоқ ғылыми 

ғимарат кімге керек?

Аштық жариялаудың 

заңдық негізін жасау 

керек пе?

Келесі жылы 

зейнетақы мөлшері 

30 пайызға артады

Елімізде шамамен 1,5 млн гектар жер – жекеменшіктің 

қолында. ҚР Жер қорын басқару агенттігінің төрағасы 

Өмірзақ Өзбековтің айтуынша, ауыл шаруашылығы 

құрылымдарының иелігінде – 861 500 гектар, заңды 

тұлғалардың меншігінде 371 000 гектар жер тіркелген. 

Республика аумағындағы жердің 33 пайызы, яғни 91 млн 

гектары ауыл шаруашылығына арналған. Оның 1 пайызы 

(1,5 млн га) – жекеменшіктің қолында. Былай қарағанда, 

соншалықты көп емес. 

Алайда көп түйткіл осы статистиканың тасасында 

қалып қояды. Әсіресе жекеменшіктің иелігіндегі жердің 

тиімді пайдаланылмай отырғаны соңғы кезде көп 

айтылып жүр. Тағы да санға жүгінсек, елімізде ауыл 

шаруашылығы мақсатындағы жердің 20 пайызы тиімсіз 

пайдаланылады. Қанша талқыланса да, күрмеудің 

шешілетін түрі жоқ. Бәлкім, жерді жекеменшікке сатуды 

тыйып, тек жалға берген дұрыс шығар?

ЖО

БА



Ерте, ерте, ертеде... балалар ертегі оқушы 

еді. Бүгінгі балалардың басым дені ертегі 

оқымақ түгіл, тыңдамайды да. Өйткені 

баяғыдай ертегі кітаптар жоқ, бары бүгінгінің 

бүлдіршіндерін қызықтырмайды. Сірә, бұл 

тұста баласына ертек оқып бермейтін ата-

ананың да кінәсі бар шығар. 

ДАТ!

6-б

етте

Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА:

Парламентте 

отырғандардың бәрі өзін 

заңгермін деп есептейді, 

бәрінен қорқыныштысы, 

олардың арасында өзін 

керемет экономиспін 

деп санайтындар бар

МӘСЕЛЕ

Арал теңізінің беті бері қарамай, 

«Барсакелмеске» кетіп қала ма 

деп алаңдайтын болдық-ау. Несін 

жасырамыз, Арал теңізінің жағдайы 

бүгінде мәз емес. Құмға сіңіп бара 

жатқан теңіз жаһанды алаңдата баста ды. 

«Теңіздің табаны көрінбесін» деп тілеуден 

басқа амал жоқ. Теңіздің таба нын дағы 

тұздың адам денсаулығына зиян дығы 

өз алдына, тұз жаппай мұзға кө шсе, не 

болмақ? Жер-жаһанға Нұхтың кеме-

сіндей неше кеме керек болады екен? 

«Құдай сақтасын!» дейік. Не айтып кет-

тік өзі?.. Десек те, сақтықта қорлық жоқ. 

Аралдан аралдай ғана көл қалмай тұр-

ған да барлық мүмкіндікті іске қосу қажет. 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,26

193,72

4,79

22,12

1,32

-

11478,13

1749,25

1677,63

92,55

1385

Ел экономикасына серпiн беретiн 

ғұмырлы жобалар iске қосылды

Орталық Азия төрінде енші алып, жеке мемлекет болған 

Қазақ елінің мұраты кемел ел болу ғана емес, батыс елдері 

жеткен биік белестерді бағындыру болды. Сол себепті еліміз 

өнім сапасын арттыруға ерекше ықылас танытты. Осы мақсатта 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы «Алтын сапа», 

«Парыз» сыйлықтарын тағайындаған еді. Кеше осы таңдаулар 

бәсекесі қорытындыланып, сапа бойынша жетістікке жеткен 

кәсіпорындар Мемлекет басшысының қолынан аталған 

сыйлықтарға ие болды. 

Жерді жекеменшікке сатуды тыйып, тек жалға беру тиімді болар ма еді?

Жалғасы 2-бетте

Бірақ бүгінгі жас аналар мен әкелердің өздері де 

қазақтың небір қызыққа толы танымдық ертегілерін 

біле бермейді. Өзі білмегесін, әрине, оған да бала-

шағасы мазасын алмай, компьютерлік ойындар мен 

«көк жәшіктегі» шетелдік мультиктерге ұйығаны ты ны-

шырақ көрінер. Екінші жағынан, қазір дүкендерде түр-

лі-түсті суреттермен басылып шыққан ертегі кітаптар 

да жетіп-артылады. Тіпті көп, бірақ сапасы жоқ. Қолға 

алып оқысаңыз, бала тұрмақ, өзіңіз әзер түсінетіндері 

де кездеседі. Әуелі аударма ертегілерді былай қойып, 

өзі міздің кейбір халық ертегілерінің өзінде сөйлемдер 

ора шолақ аяқталып, түсініксіз қысқарып кететіні бар. 

Сөз басында айтқан «баяғыдай ертегі кітаптар жоқ» 

де уіміздің сыры – осы. 

 Қалай айтсақ та, дәл бүгін үйдегі кішкентайларымыз 

– ертеңгі елдің болашақтарын ұлттық тәрбиенің қайна-

рынан сусындатуы тиіс балалар әдебиетінің ертегі 

әлеміне қатысты есемізді жіберіп жатқанымыз анық. 

Әйтеуір, бір қуанарлығы, еліміздің Мәдениет ми-

нистр лігі осы олқылықтың орнын толтыруға кірісіпті. 

Со ның бір мысалы – министрліктің тапсырысымен 

«Отан дас жастар одағы» қоғамдық бірлестігі таяуда 

ғана «Ерте, ерте, ертеде...» деп аталатын қазақ ер те-

гілерінің ау диокітабын құрастырып шығыпты. Қазақ 

ертегілерінің ды быстап оқылған жинағы жазылған осы 

CD дискіні ке ше Астанада «Отандас жастар одағы» 

қоғамдық бір лес тігінің төрағасы Қасымхан Көкбасұлы 

таныстырды. Алып қарасақ, тәп-тәуір дүние жасалған 

тә різді. Жалпы ұзақтығы 2 сағат 30 минут болатын бұл 

дискіге көлемі шағын, 2-3 минутта оқылып бітетін, 

жан-жануарлар мен хайуанаттар туралы қысқа ер те-

гілер іріктеліп алы ныпты. «Кім күштіден» бастап, «Көк 

кеп тердің бала пан дарына» дейін ұзын саны 40 шақты 

ер тегінің негізгі мә тінін ҚР Мәдениет қайраткері, бел-

гілі диктор Аман жан Еңсебайұлы, жан-жануар лардың 

қо сымша диа лог терін жас әртістер Әлима Қайырбекова 

мен Жәнібек Жа қып ов нақышына келтіріп оқиды. Әр 

сөзі анық, мәнерлі, әсерлі шыққан. Қысқасы, өзі ертегі 

білмейтін немесе мәнерлеп оқып беруге уақыты тапшы 

бүгіннің жас ата-аналары үшін таптырмайтын аудио-

кітап. Тек өкін іштісі, бұл аудиокітап 3000 данамен ғана 

шығып ты. Оның өзі саудаға шығарылмайды, тек 

республи ка ның  балабақша ла рына  ғана  тегін  тара ты-

лады. Мұ ның себебін Қасымхан Көк басұлы аудиокі-

тап тар министрліктің тапсырысымен мемлекеттің қар-

жы сына  шы ғарылғандығымен  түсін дір ді.  Яғни  жоба 

ком мер ция  лық  мақсатты  көздемейді. 



Ертегіге айналған 

ертегі кітап 

Елімізде «Алтын сапа» байқауы 2006 жылдан бері 

өткізіліп келеді. Байқау былтырдан бастап халықаралық 

талаптарға сай жоғары дең гейде ұйымдастырылып отыр. 

Ал бизнестiң әлеуметтiк жауап кер шiлiгi жөнiндегi «Парыз» 

байқауы ел Пре зидентiнiң Жарлығымен 2008 жыл дың 23 

қаңтарында бекітілген болатын. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Жалғасы 2-бетте

Арал да «Барсакелместің» соңынан кетіп қалмай ма? 

Бүгінгі таңда Арал теңізі маңындағы мем ле-

кеттердің экономикасы алға басуы үшін, эконо-

ми каның барлық салалары тұрақты жұмыс жа-

сап тұруы үшін су ресурстарымен қамтамасыз 

еті луі қажет. Ал ол үшін Орталық Азия мем ле-

кеттері арасында суды тиімді пайдалануға 

негізделген халықаралық ынтымақтастық қажет. 

«Өзім білем» деп Өзбекстан өзеуресе, бұған 

Қыр ғызстан қырсығып алса, нәтиже оңды бо-

лады деп ойламаймыз. 

Бүгінде Аралға құятын өзендердің ағыны 

жыл өткен сайын азайып барады. Бұған су 

бассейндерінің маңындағы халықтың өсуі, сон-

дай-ақ ауызсу және суармалы су тұтыну шы-

ларының артуы себеп болып отыр. Соның сал-

дарынан теңіз маңындағы шаруашылық зардап 

шегуде. Жыл өткен сайын егістік алқаптардың 

көлемі тарылып келеді, нәтижесінде өнімнен 

түсетін пайда азайып, экономикалық өсім құл-

дырауда. Осылайша Орталық Азия елдерінің 

эконо микалық қауіпсіздігіне қатер төнуде. Бұған 

қоса Арал ға құятын өзен бастауларына салынып 

жатқан су электр стансыларының да экологияға, 

экономикаға залал келтіріп тұрғанын айтпасқа 

болмайды. Өйткені бұл су ресурстарының шең-

бе рінде бәсекелестік тудырып, су пайдала нудың 

ре жимін бұзады. Бұл, сонымен қоса, энер гети-

калық қауіпсіздікке кері әсерін тигізеді. 

Салтан СӘКЕН

Жалғасы 5-бетте

С.БОНДАРЕНК

О, 

Б.О


ТАРБ

АЕВ  (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№222 (448) 22.12.2010 жыл, сәрсенбі                



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Тәуелсіздігі көп елдер тарапынан таныла қоймаған Тайвань елі 

Ресейдің құрамындағы Тува Республикасын өз жері дейді. Бұл шынымен 

солай ма? 

Серік АЛДАМЖАРОВ, Алматы облысы

Мұндай күрделі мәселеге төрелік айту 

қиын. Дегенмен бұлай болуының қысқаша 

тарихын баян еткен артық болмас. Бір кездері 

Танну-Ұранхай, одан кейін Танну-Тува Ха-

лықтық Республикасы деп аталып келген Тува 

елінің нойондары Ресей импе 

рия 


сының 

протектораттығын қабылдауын сұ рап жүріп, 

ақыры 1944 жылы автоно 

мия 


лық облыс 

ретінде КСРО-ның құрамына енді. Бұған дейін 

маньчжурлік Цинь им пе риясына бағынышты 

болған бұл ел 1911 жылы Қытайдан тәуел сіз-

дігін жариялаған бо 

латын. Алайда Қытай 

оның тәуелсіздігін таны ған жоқ. Солай бола 

тұра Мао Цзе дунь нан жеңіліп, Тайвань ара-

лына қашып бар ған гоминьдандық Қытай 

үкі меті Тува же рін өзінікі деп санайды. Қазіргі 

Тай ваньда го миньдандықтар билігінің дәурені 

бітті. Тә у ел сіздігін ҚХР мойындамай отырған 

Тай   ва ньның  Ресей  құрамындағы  Туваға  шүй-

лігуі қи сынсыз әрі күлкілі сияқты.       

Тува Тайваньның жері ме еді? 

Дж. Р. Р. Толкин романының желісімен түсі-

рі ліп, 2001 жылдан бастап жарыққа шыққан 

Пи тер Джексонның әйгілі «Жүзіктер әміршісі: 

Са қина бауырластығы» фильмінің «Оскардың» 

төрт бірдей сыйлығын, одан бөлек, 68 әртүрлі 

марапат пен 81 аталымды жеңіп ал ғаны көпке 

мәлім. 3000 адамға жуық тү сіру тобын дағы 

арт-департаментінде ғана 300-дей қыз меткер 

жұмыс істеп, атышулы фильмге еңбек сіңіріпті. 

Түсіру тобының таңғы асының өзіне күн са-

йын1460 жұмыртқа жұмсалып отырған екен. 

Ең қызықтысы, әлемге танымал фильмнің три-

ло гиясы Жерорта теңізі табиғатына ұқсас Жаңа 

Зе ландияда түсіріліп, бұл елдің экономикасына 

200 млн доллардай табыс әкеліпті. Сіздің 

сұрағыңызға қатысты, бұл арада министрлік 

емес, министр лауазымы деп түзету енгізген 

орынды. Шындығында, осы киноға байланыс-

ты туындауы ықтимал экономикалық мәселе-

лер ді шешу мақсатында Жаңа Зеландия үкіметі 

«Жүзіктер әміршісі» ісі жөніндегі ми 

нистр 

деген арнайы лауазым бекітіпті. 



Дүниежүзіне мәшһүр «Жүзіктер билеушісі» киносының маңыздылығы 

сонша – бір елде министрлік құрылыпты деген әңгіме естідім. Соның анық-

қанығы қандай? 

Жазира АЛҒАЗЫҚЫЗЫ, Талғар

«Жүзіктер әміршісі» үшін министр лауазымы бекітіліпті

CАУАЛНАМА

Ел экономикасына 

серпiн беретiн ғұмырлы 

жобалар iске қосылды

МӘРТЕБЕ


Зерттеу Қазақстанның ірі қалалары мен 

облыс орталықтарында жүргізіліп, жалпы 

саны 2308 респонденттен пікір жинал ған. 

Жұмыс қорытындысы биыл 

 

ғы жылдың 



алғашқы жартысымен са 

лыс 


тырғанда 

екінші бөлігі тұрғындар үшін жағымды 

болғандығын көрсетті. Маман 

дар 


дың 

айтуынша, еліміздегі бірқатар ша ра ларға 

байланысты қазақстандықтардың көңіл 

күйі жоғарылап, толеранттық дең 

гейі 

артқан. Респонденттердің 50 пайызы «тап-



қан табысым азық-түлік пен коммунал ды 

қызметті төлеуге жетеді» деп жауап бер се, 

17 пайызы оның сыртында түрлі мү лік терді 

сатып алуға мүмкіндігі бар екенін айта ды. 

Тағы 5 пайызы өздерін еш нәрседен шек-

темейтін болып шықты. Ал қала халқы ның 

отбасылық табыстарының арақатысы өткен 

жылмен салыстырғанда өзгермеген сы-

ңай лы. Себебі тұрғындардың 50 пайызы 

өз дерін «жағдайы төмен» топтың қатарына, 

22 пайызы «жоқшылық көрушілердің», ал 

қал ған 23 пайызы өздерін «ауқаттылардың» 

қа тарына жатқызады екен. Ең қызықты мә-

ліметтердің қатарына үстіміздегі жыл ба-

ры 

сында билік пен үкіметті жақтаушы-



лардың қатары 28 пайызға артқанын 

жат     қы зуға  болады.  Саяси  шешімдер  инс-

ти туты Мем лекет басшысынан басқа, өз 

ла уа  зы мында  ерекше  көзге  түскен  тұл ға-

лардың рей тин гін құрастырған. Бұл тізім де 

Кәрім Мә 

сім 

ов (респонденттердің 23,8 



пайызы қол даған), И.Тасмағамбетов (6,8 

пайыз) жә не Қ.Саудабаев (6,3 пайыз) топ 

жарып шық ты.

Сәкен 

КӨКЕНОВ

Қазақстандықтардың

көңілі жай

Сарапшылар өтіп бара жатқан 2010 жылды жан-жақты 

қорытындылай бастады. Кеше Алматыдағы Саяси шешімдер 

институты әлеуметтік зерттеулер арқылы анықталған 

қазақстандықтардың жалпы көңіл күйінің рейтингісін жариялады. 

Басы 1-бетте

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Осы мәселенің бәрін ескере келе, Қа-

зақ стан бұл проблемаларды шешуге те ңіз 

аймағындағы мемлекеттердің ғана емес, 

сонымен қатар Еуразия құрлығы мен ха-

лық аралық ұйымдардың да жұ мыл ғаны қа-

жет деген бастама көтеріп отыр. Осы мә селе 

аясында бүгінге дейін қандай ша ралардың 

ат қарылғанын кеше Сыртқы іс тер министр-

лігінің ЕҚЫҰ департаментінің ди 

ректоры 

Сержан Әбдікәрімов баяндап берді. 

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етерде 

Орталық Азия елдерінің проблемасын 

мой нына алған еді. Соның бірі – осы Арал 

те  ңізінің проблемасы. Осыған байланысты 

Қа зақстан бірқатар іс-шаралар ұйым дас-

тырды. 


1. 2009 жылдың қараша айында Ха-

лықаралық Арал ды құтқару қорының қа-

зақ стандық атқарушы дирекциясы Астана-

дағы  ЕҚЫҰ  орталығымен  ын ты   ма қ  тастық 

ту ралы меморандумға қол қой  ды. «Осы 

құ жат аясында Арал те ңі зінің қа зақстандық 

бөлігі бойынша эко логия лық және су қа-

уіп 


сіздігі мақсатында ортақ жобаларды 

жү зеге асыру жөнінде үлкен жұмыстар ат-

қа  рылып  жатыр»,  –  дей ді  Сержан  Әб ді кә-

рі мов. 


2. 2010 жылдың мамыр айында Қы-

зыл ордада ЕҚЫҰ-мен бірігіп ұйым дас ты-

рылған дөңгелек үстел өтті. Арал теңізінің 

проблемалары мен шешу жолдары тал-

қы ланды.  Осының  нәтиже сін де  Халық-

ара лық Аралды құт  қару қорының атқа ру-

шы ко 

митет басшысы Сағит Ибатуллин 



мау  сым айында ұйымның тұрақты кеңе-

сін де баян дама жасады. Онда Арал теңі зі-

нің проблемалары айтылып, Орталық 

Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың 

бі  рігіп жұмыс істеу қажеттігі ескеріледі. 

3. Жоғарыда аталған мақсатта 2010 

жылдың қараша айының 12-сі күні Еу ро-

Арал да «Барсакелместің» 

соңынан кетіп қалмай ма?

МӘСЕЛЕ


па лық парламентте «Арал теңізінің эко ло-

гия лық апаты. Жойылып бара жатқан те-

ңізді қалай құтқарамыз?» деген та қы рып та 

тыңдау өтті. «Аталмыш шара бұл про-

блеманың тек қана Арал аймағындағы 

мем лекеттер үшін ғана емес, сонымен қа-

тар барлық еуразиялық кеңістік үшін, сон-

дай-ақ халықаралық ұйымдар үшін де 

өзек 

ті екенін көрсетіп берді. Мұнда жа-



һан дық процеске де әсер ететін проблема 

жат қанын ескертті», – дейді департамент 

ди ректоры. 

4. Желтоқсанның 9-15 күндері Ал ма-

тыда өткен Арал теңізі бойынша ха лық-

ара 


лық донорлық конференция да ма-

ңыз 


ды мәселелерді ортаға салды. 

Кон   фе рен цияға 

Халықаралық 

Аралды 


құтқару қоры, БҰҰ-ның Еуропалық эконо-

ми 


калық комиссиясы сияқты ұйымдар 

мұ рындық  бол ған.  «Конференцияның  ең 

не гізгі қо ры тындысы – «Арал теңізі бас-

сейнін де 2011-2015 жылдары эколо гия-

лық және әлеу 

меттік-экономикалық ах-

уал ды 

жақ сар тудың 



нақты 

әрекеттері 

бағ дар ла ма сын»  қабылдау  болды.  Сержан 

Әб дікә рі мовтің айтуынша, бұл бағдарлама 

бо 

йын 


ша 300-ге тарта жобаны жүзеге 

асы ру жос парлануда. Бұған Дүниежүзілік 

бан 

кі ша 


мамен 800 миллион доллар 

қаржы бөл мек. Бұдан басқа, Халықаралық 

Арал ды құтқару қорына мүше мемлекет-

терден 2 миллиард доллар көлемінде 

қар жы бө лу де көзделген. 

5. 2011 жылы Қазақстан Астанада 

қор  шаған  ортаны  қорғау  министрлерінің 

жал  пыеуропалық 

VII 

конференциясын 



ұйым  дастыруға  дайындалуда. 

Міне, осынау шаралардың барлы 

ғы 

бір  Аралдың тағдырына алаңдаушы лық-



тан туып отыр. Арал проблемасын әлемдік 

аренаға көтерген Қазақстанның қолынан 

келген іс-шаралары осы. 

Байқаудың негізгі мақсаты – еліміз дегі 

жеке кәсiпкерлiк субъектiле рi нiң корпо-

ративтiк әлеуметтiк жауапкер шi лiк прин-

циптерiн қалыптастыру мен iл гері лету. 

«Бү гінде «Алтын сапа» сыйлы ғы ның лау-

реаты болу және «Қазақ стан ның үздік 

тауары» атты жоғары бағалауға қол 

жеткізу – беделді іс. Атап айтқанда, 

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып 

отыр. Осы орайда біз әлеуметтік даму мә-

селелері бойынша қазақстандық компа-

ния лардың еңбегін баға лайтын «Парыз» 

сый лығын та ғайындап отырмыз», – деді 

Нұр сұлтан Әбішұлы салтанатты шара ба-

рыс ында.

Мемлекет басшысының айтуынша, 

қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың 

уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. 

«Біз құр сөз емес, нақты іске көшіп, Үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму бағ-

дарламасын жүзеге асырудамыз. Қа зақ-

станның индустрияландыру карта 

сына 


жалпы сомасы 8 трлн теңгені құрай т ын 

294 жоба еніп отыр. Биылдың өзінде 805 

млрд теңге игеріліп, 152 жоба іске қо-

сылды. Осылайша, біздің стратегиямыз 

на қты нәтижелерге қол жеткізіп отыр», – 

деді Нұрсұлтан Назарбаев. Алайда бұған 

тоқмейілсуге болмайды. «2020 жылға 

дейін әлі 10 жыл бар. Бірақ бұл жұмыс 20-

жылмен тоқтамайды. Олар көп жылға 

созылады. Егер де біз көштің артында 

қалып, басқалардың шаңын жұтпайық 

десек, осы бағдарламалар орындалуы ке-

рек. Сондықтан жастар, зиялы қауым, 

жалпы, бүкіл халық осы индустриялық 

мәселеге белсенді араласуы тиіс. Бүгінде 

Қазақ елі атқарып жатқан жұмыстарға 

бүкіл әлем, солардың арасында Дүниежү-

зілік банк те жоғары баға беріп отыр. Қа-

зақстанның қарқынды дамып келе жат-

қанына барлық ел куә. Бүгінде мемлекет 

кәсіпкерлікке қолдау көрсетумен ғана 

шектеліп отырған жоқ. Билік пен бизнес 

арасында серіктестікті дамытуға ерекше 

көңіл бөлінуде», – деді Н.Назарбаев.

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы 

конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның 

өнім немесе қызмет көрсету сапасы мен 

олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

саласындағы жетістіктері, сондай-ақ 

менеджмент жүйелерін енгізгені үшін 

бері ле ді. Биылғы «Алтын сапа» байқауына 

қаты суға ниет білдіргендердің саны айтар-

лықтай көп болған. Солардың ішінде жүз-

ден жүйрік шыққан үш кәсіпорынға жо-

ғары дәрежедегі «Алтын сапа» сыйлығын 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыс 

етті. Өндіріс бойынша үздік кәсіпорын ата-

лымын Астанадағы «Локомотив құрастыру 

зауыты» компаниясы мен «Oxy Textile» 

АҚ-ы жеңіп алды. Ал халық тұтынатын та-

уар лар шығаратын үздік кәсіпорын аталы-

мына «Агрофирма Родина» және RG 

Brands Kazakhstan компаниялары лайық 

деп танылса, келесі «Алтын сапаны» 

қызмет көрсету сапасы бойынша үздік 

көр 


сеткіші үшін Тараз қаласындағы 

кардио 


хирургия орталығы мен «Хан 

шатыры» сауда-ойын-сауық орталығы 

иеленді.

Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 

жөніндегі «Парыз» сыйлығының әлеуметтік 

жауапты көшбасшы аталымын «СНПС-

Ақтөбемұнайгаз» компаниясы же ңіп алды. 

«Жылдың үздік әлеуметтік жо 

басы» 

аталымы «Қарашығанақ Петролиум Б.В.» 



компаниясына бұйырса, «Үздік әлеу меттік 

жауапты кәсіпорын» сыйлығына «Қаз-

мырыш» ЖШС лайық деп танылыпты. 

Сый 


лықты Премьер-министр Кәрім 

Мәсімов табыс етті. Ал «Үздік ұжымдық 

шарт» сыйлығы «Эйр Астанаға» бұйырды. 

Оларға арнайы дайындалған диплом мен 

«Парыз» мүсіншесі табыс етілді. Сондай-

ақ салтанатты шара барысында биыл ғана 

өмірге келген «Инновациялық серпін», 

«Индустриялық серпін» сыйлықтары да өз 

иелерін тапты. «Алтын сапа» сыйлығын 

жеңіп алған мекемелер сапа эмблемасын 

екі жылға дейін жарнамалық мақсатта 

пайдалана алады.

Президент сыйлықтарды тапсыру 

рәсімі барысында сөйлеген сөзінде Бас 

прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне 

және Қаржы полициясына бизнесті жо-

сықсыз тексеруді доғаруды қатаң тапсыр-

ды. «Өткен кезеңнің барлығында бизнесті 

қор ғаумен келемін. 4000-ға тарта тексеру

рұқсат беру рәсімдерінен 30-40-қа жуығы 

қалды. Біз осылай етіп жатсақ та, тек серу-

шілер әйтеуір жолын табады. Мұн дайда 

олардан «онда не бітіресіңдер?» деп сұ-

рағың келеді. Салық қызметі фак тілер бо-

йынша жұмыс істеуі керек. Салық заң на-

масы бұзылғанда ғана тексеруге рұқсат 

беріледі. Сол үшін тек қана Салық қызметі 

тексере алады, оның өзінде де жоспармен, 

белгілі бір уақыттарда ғана. Сондықтан да 

өздеріңнің жергілікті бөлімдегілеріңе 

тапсырма беріңдер, егер бұған негіз бол-

маса, бизнеске кіруге тыйым салсын», – 

деді Елбасы аталған орган басшыларын 

орындарынан тұрғызып.

Осы Индустрияландыру картасының 

жобаларын таныстыру кезінде сөйлеген 

Премьер-министр Кәрім Мәсімов елдің 

экономикасын дамыту бағытын көздейтін 

Индустрияландыру бағдарла масы – ұлттық 

идеяға айналып үлгергенін атап өтті. 

Қазақстандық қам 

туды дамыту үшін 

заңнамаға барлық қажетті өзгерістер 

енгізілді. Осының арқа сында мемлекеттік 

органдардың сатып алуларындағы отан-

дық кәсіпорындардың үлесі 70 пайыздан 

асты, яғни бұл 100 млрд теңгеден астам 

қаржыны құрайды. Бұл өз кезегінде 

мемлекеттің бизнеспен бірлесе оң ин-

вестициялық шешімдерді жасауға мүм-

кіндік береді», – деді Үкімет басшысы. 

Мұның айқын көрінісі – бүгінгі таңда 

еліміздің әр аймағында іске қосылып 

жатқан өндірістік жобалар екені анық. Сол 

жобалардың біразы салтанатты жиында 

Президенттің көз алдында іске қосылып, 

өмірге жолдама алып үлгерді. Солардың 

бірі – Павлодардағы «Каустик» зауыты. 

Жалпы құны 16 млрд теңге бола тын алып 

нысанды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат 

қоры және Қазақстанның Даму банкі 

қаржыландырған. Сондай-ақ Маңғыстау 

облысында бұрғылау ерітінділерін 

өндіретін зауыт пен «Медеу-Шымбұлақ» 

тау шаңғысы курорты, Бейнеу-Бозой-

Шымкент газ құбыры, Қазақстан-Қытай 

магистралінің бір бөлігі, «Қазмырыш», 

жылына 70 мың тонна катодтық мыс 

өндіретін Өскемендегі мыс балқыту және 

электролиздік зауыт құрылысы, Оңтүстік 

Қазақстанда жаңа типтегі цемент зауыты 

іске қосылды. Кәсіпорынның жылдық 

жобалық қуаты – 1 миллион тонна М400 

және М500 маркалы цемент шығару. 

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт 

2011 жылдың бірінші тоқсанында толық 

қуатына шыққан кезде жұмысшылардың 

саны екі есеге артпақ. Қазір арнайы 

зертхана өнімнің сапа сәйкестігін тексеруде. 

«Ордабасы құс» ЖШС-нің осы облыстың 

Бадам ауылында орналасқан күркетауық 

етін өндіретін кәсіпорны іске қосылды. 

Аталған компания өкілінің айтуынша, 

кәсіпорын әлемдегі алдыңғы қатарлы 

израильдік технологиямен жабдықталған. 

Жоба ерекшеліктерінің бірі – толық циклда 

қалдықсыз өнім шығаруында. Облыста 

өндірілетін жүгері, арпа, бидай дақыл да-

рына деген ішкі сұраныс та артып отыр. 

Сонымен қатар Алматыда еліміздегі 

балалар тағамын шығаратын алғашқы 

зауыт та іске қосылды. «Бұл маңызды. Біз 

еліміз үшін тапшы болып табылатын 

балалар тағамын шығаратын зауытты іске 

қосқалы отырмыз. Мен әр қашан Қазақ-

станда дәл осындай кә 

сіпорындардың 

болуын міндет етіп жүктеп келемін. Бала-

лар денсаулығына бай ла нысты, олардың 

аллергиясына, ана сүтінің жетіспеушілігіне 

қатысты проб лемалар баршылық. Сон-

дық тан біз сәби леріміз үшін үлкен шара 

атқарып жатыр мыз деп ой лаймын. Құт ты 

болсын ай  та мын!» – деген Мемлекет бас-

шысы атал 

ған «Амриан» зауытын іске 

қосуға рұқсат бер ді.

Астанаға жиылған әкімдер өздеріне 

сеніп тапсырылған өңірдегі индустриялық 

жобалардың жүзеге асуы барысы туралы 

баяндады. Алайда әр өңірде тындырып 

жатқан шаруаларын көрсету үшін самсатып 

тұрып көрнекілік құралдарын істеліп жат-

қан жұмыстар аз емес, көптеген жаңа за-

уыттар іске қосылып жатыр. Алайда ел 

үшін маңызы аса зор осынау бағдарлама 

кө ңілдегідей орындалып жатпаған облыс-

тар да бар екен. Мәселен, солардың бірі 

– Ақмола, екіншісі – Атырау облысы. Бұл 

өңірлердің әкімдері Елбасының сынына 

ұшырады. 

Астана



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал