Н.Ә. Назарбаев. Аянышты тағдыр аңдатпа



жүктеу 0.57 Mb.

бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5

6

бейсенбі, 22 ақпан, 

2015 жыл

ТАЛАНТТЫЛАР ТҰҒЫРЫ

Аянышты таЃдыр



(әңгіме)

Біраз  уақыт  бұрын  университет  дәлізінде  тұрып  қызық  жайтқа  тап  болдым.  Әңгіме 

құрып  тұрған  бірнеше  білімгердің  жанына  достары  келіп  аман-саулық  сұрасты.  Онда 

тұрған  не  бар  дейтін  шығарсыздар.  Мәселе  дәл  сол  жастардың  амандасуында  бо-

лып  тұр  ғой.  Ұлдарымыздың  да, 

қыздарымыздың  да  беттерінен  сүйіп, 

аймаласып амандасқанына алғашында 

«Бұрымынан 

оңайлықпен 

иіскете 


қоймайтын  қыздарымыз  қайда?»  деп, 

үрки  қарасақ  та,  кейін  оған  да  етіміз 

үйренді.  Тіпті,  біреулердің  орысша-

лап «Привет, как дела?»  деп жатқаны 

да  бізге  орынды  болып  кеткендей.  Ал 

бүгінгі  таңда  сәлемдесуімізді  тағы  бір 

індет  жаулап  барады.  «Че  там,  брат, 

че  там?»...  Дәлізде  тұрғанда  менің 

құлағыма  түрпідей  тиген  де  осы  сөз 

болды. Сонда бұл не деген сөз? Қандай 

мағына  береді?  Кейіннен  бұл  сөздер 

Instagram, Вконтакте сияқты әлеуметтік 

желілерде  де  танымал  бола  бастады, 

тіпті  тілімізге  тереңдеп  тамыр  жайып 

жатқандай  көрінді.  Эстрада  жұлдызы 

Қайрат  Нұртас  та  жеке  парақшасында 

«че  тамды»  жиілетті.  Сөйтсем,  бұл 

«сиқырлы»  екі-үш  ауыз  сөз  «Сәлем, 

Хал-жағдайың қалай? Не жаңалық? Бәрі дұрыс па?», деген сияқты сұраулы сөйлемдердің 

барлығының орнын басады екен. Онсызда толық емес сөйлемдерден, шұбар тілден арыла 

алмай жатқанда бұл «керемет көмек» болды-ау. Онымен қоймай, кейбіреудің «Че там, не 

істейміз?» дейтінін қайтерсің. Достарым-ау, өздеріңіз сараптап көріңіздерші, шындап келген-

де бұл сөздердің аудармасы, түпкі мағынасы мүлде алшақ емес пе?! Әйтеуір менің ұққаным 

бір нәрсе: келсін-келмесін осы сөзді қолдану сәнге айналып бара жатқаны анық. Халқымыз 

бағзыдан амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Амандасудың, сәлем айтып, 

хал-жағдай  сұрасудың  астарында  адамдардың  бір-біріне  деген  ыстық  ықыласы,  құрметі, 

сыйластығы жатады. Әр сөзін сәлемдесуден бастайтын халқымыздың осы бір жақсы қасиеті 

көпшілікті татулыққа, сыпайылыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа үндейді. Осындай 

игі әдетімізді ғасырлар сынынан аман өткізейік.

Айтпақшы, сұрауға ұмытып барады екенмін. «ЧЕ ТАМ, келісесіздер ме?»



Сая БАЙШАҒЫР.

«ЧЕ ТАМ, БРАТ?!»



«МӘУЛІТ» СӨЗІН АРАБШАДАН 

АУДАРҒАНДА «ТУЫЛУ», «ТУЫЛҒАН 

УАҚЫТЫ» ДЕГЕН МАҒЫНАЛАРДЫ 

БІЛДІРЕДІ.  ИСІ МҰСЫЛМАН 

ЖҰРАҒАТЫ  АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (С.Ғ.С.) 

ТУЫЛҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ӘРБІР 

ЖЫЛЫ РАБИҒУЛ-АУУАЛИ АЙЫНЫҢ 

12-ЖҰЛДЫЗЫ КҮНІНЕН БАСТАП БІР АЙ 

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАЙДЫ. 

Кенет сол  жапырақтармен ілесе сұңқ-сұңқ 

етіп бір дауыс естілді.  «Бұл не?  Әлде, жау-

ын сылдыры ма?  Әлде, біреу  жылап отыр 

ма?  Айналама  әрлі-берлі  қарадым.  Жоқ, 

шынымен  де  әлдекім  жылап  отырғандай. 

Дауыс  қайдан  шықты?  Есім  шығып  кетті, 

солай  қарай  жүгіре  жөнелдім.  Әлгі  дауыс 

үлкен    кәрі  қайың  астынан  шығатындай. 

«Ойпырым-ау,    бұл  кім  екен  бейуақытта 

жылап  отырған»  деп  ойладым  ішімнен. 

Қайыңның  қасына  қымтырыла  келіп 

қарасам, құртақандай  ғана кішкене ер бала 

екі тізесін құшақтап жылап отыр екен. Жасы 

он-он екі шамасында, үстінде өзінен үш есе 

дәу  қара    күртеше,  аяғында  артын  басып 

киіп  алған  ескі  төпли.  Шалбарының  ауы 

апандай  болып  жыртылып  қалған.  Демін 

ішіне тартып тұншығып ботадай боздайды. 

Астыңғы  кішкентай  ерні  қып-қызыл  болып 

дірілдеп  демімен  бірге  қайта-қайта  тарты-

лып  жатыр.  «Біреу-жарыммен  төбелесіп 

қалған  ба?  Әлде  жолынан  адасты  ма?  Не 

болды екен?»,- деген ой қылаң берді  санам-

да.    Жаным  ашып  барады.    Қасына  келіп 

отырып  құшағыма  алып  едім,  балақай 

қолымды қағып жіберді.

  –  Кетші  әрі!  -  деп  жекіріп    тастады  да, 



Күздің суық күндерінің бірі еді. 

Қара суық өңешіңнен өтеді. Сағат 

жеті жарым шамасында,  дала 

енді қарауытып келеді. Жаңбырда 

ептеп жауып тұр. Үстімде ұзын 

қара плащым, аяғымда был-

тырдан қалған ескілеу бәтеңкем 

бар. Көше бойлап жүріп келем, 

айналамда тірі жан көрінбейді

тым-тырыс  тек алыстан 

кәрі қайыңның түспей қалған 

жапырақтарын еріксіз суық жел  

ебіне көндіріп топырақ бетіне 

тырс еткізе салады. 

одан әрі қатты жылай бастады. Енді не істей 

аламын,  тып-тыныш  отыра  тұрайын,  өксігі 

басылсын  дедім.  Арада  біраз  уақыт  өтті. 

Балақайдың ашуы басылған сияқты. Кішкене 

жымиып, маған қарап қояды.

–Апай,  неге  отырсыз  мұнда?-  деді  

жәудіреген  мұңды көздерімен таңдана қарап.

– Жәй , осында отырған маған да ұнайды, 

тек  мұнда  жылауға  болмайды!  Сен  білесің 

бе, мына қайың сыйқырлы, ол адамдардың 

тілектерін  орындайды.  Тек  жылап  сұрауға 

болмайды,-  дедім  мен  балақайдың  көңілін 

аулап.


– А-Аа?.. Шын айтасыз ба? -деді балақай  

сенер-сенбес кейіпте.

– Иә, мен өтірік айтпаймын, шын ол менің 

тілегімді  орындады.Тек  не  болғанын  айтып 

қайыңға түсіндіріп берсең болғаны.

Балақай ойланып қалды. Басы төмен сал-

бырап  кетті  де,  ішінен  ауыр  күрсінді.  Сосын 

орнынан тұрып жүгіре жөнелді. Балақай мені 

өзімен шақырғандай болды, артынан  аяңдай  

ере    бердім.  Ол  біраз  көше  өтіп  бұрышта 

тұрған ескі, қақпасы сынып қалған үйге кірді. 

Мен не істерімді білмей шарасыз тұрдым .Үйге 

қайта  берейін  бе,  деген  ойлар  орала  берді.                      

«Әке, Әке, тоқташы ұрмашы, әкетай, аяшы!» 

деген  балақайдың  жан  ұшырар  дауысы 

шықты. Жүрегім аузыма тығылды.Үйге қарай 

жүгірдім, есік тұтқасын ұстағанымда бойым-

ды  қорқыныш  үрей  басып  алды.  Дауыстар 

одан  әрі  қаттырақ  шықты.  Есікті  аша  алма-

дым,  тек  терезесінен  қарадым.  Көргенімнен 

көзім  қансырады,  тамағым  қарысты,  жаным 

мүжілді. Зіңгіттей еркек кұртақандай баланы 

арақтың  бөтелкесімен  төмпештеп  жатыр. 

Балақай  өлердей  болды,  екі  қолын  қысып 

алып  әкесіне  жалынып  жатыр:  «Өтінем 

сізден,  әке,  мен  табалмадым,  кешірші,    әке, 

арқам ауырып кетті ғой!.. Ұрмашы мені, әке! 

Мама,  көмектесші  маған,  ұрмасыншы  мені, 

мама". Терезе алдындағы төсекте анасы түк 

сезбей қорылға басып ұйықтап жатыр. Тіпті 

міз  бақпайды.  Әкесінің  аузынан  ақ  ит  кіріп, 

көк ит шығып жатыр.

–  Иттің  баласы,сорлы.  Қайда  арақ  а-аа? 

Қайда деймін?- дейді аяусыз теуіп. Көзімнен 

жас  еріксіз  шығып,  жүрегім  алқымыма 

тығылды. Ойыма көмек сұрау келді. Жүгіріп 

көршілерге  бардым,  ешқайсысы  үйінен 

шыққылары  келмейді.  Көшеде  өткен-кеткен 

ер  адамдарға  жалындым.  «Кешіріңіз, 

бәледен аулақ»  дейді бейшаралар.Тірі жан 

пысқырып та қарамайды. Осыдан 2 шақырым 

жерде орналасқан полиция  бөліміне  жүгіріп 

бардым. Ентігімді баса алмай:

– Көмектесіңізші, мына ауылда  маскүнем  

әкесі  баласын  өлімші етіп сабап жатыр, -деп 

айқай салдым. Әлгілердің сұрақтары да тау-

сылмайды. Әйтеуір  бір уақытта  «Жарайды, 

қазір барамыз»,- деді. Мазам болмай әлгі үйге 

қайта  бардым.  Жаңбыр  мүлдем  құйып 

кетті. Терезеден жарық көрінбейді. Тым-

тырыс. Тағы да терезесінен сығаладым. 

Түк  көрінбейді.  Екі  жағым  сақ-сақ  етіп 

бір-біріне  тимейді.  Аяқ  қолым  дірілдеп 

есік  тұтқасынан  әзер  тарттым.  Үйдің 

іші  шайтанның  суы  -  арақ  сасиды.  Ескі 

еденде  әр  қадамым    шиқылдап  үн 

шығарады.  Кішкене  ғана  үйдің  екі-ақ 

бөлмесі  бар  екен.  Бір  бөлмеде    анасы 

кереуетте ұйыктап жатыр, ал тірі өліктей 

сілейіп әкесі жерде жатыр, балақай үйде 

жоқ. Қайда кетті? Не болды? Аман-есен 

бе  екен?  Бәлкім  көршінің  үйіне  қашып 

барды  ма?    Әлде,  мен  жеткенше    по-

лиция  қызметкерлері    алып  кетті  ме 

екен?...  Көршілерден  сұрадым,  жоқ. 

Полицияға бардым. «Біз барғанда ешкім 

де  өлмеген,  бәрі  тып-тыныш,  бала  түгілі,  

шалада  жоқ»,-  деді  олар  маған  ренжіген 

кейіпте. Бір Аллаға жалындым, жалбарын-

дым.  «Балақайды  ая,  аман  сақта!»  деп. 

Жаңбыр астында өкіріп жылап та  алдым. 

Аяғымды әрең басып, қайың ағаштың жо-

лына түстім. Жаңбыр басылар емес. Алыс- 

тан бағанағы балақайдың дауысы естілді.

Қайың  ағашының  түбіне  балақай  қайта 

келді ме деп жүгіріп бардым.  Сөйтсем, ол 

құлап  жатыр.  Жаңбыр  ұйыған  суға  жарты 

денесі батып қалыпты.

–  Балақай,  көзіңді  аш!  -деп  құшағыма 

қысып алдым. Беті-аузының бәрі  жара, кей 

жері тілініп кеткен, жүзінен аққан қан сумен 

шала шайылып  жатыр.

– Тәте, қайың шынымен де тілекті орын-

дайды  ма?  Солай  ма?  Менің  тілегім-әкем 

мен анам арақты қойсыншы! Әкем анамды 

ұрмасыншы!  Әкем  мейірімді  жанға  айнал-

сыншы...-  деді  де    баланың  жылы  денесі 

суи бастады.

–  Балақай,  балақай,  қане,  көзіңді  аш!  –

Тіл қатар емес.

  Кім  кінәлі.  Соққыға  жыққан  әкесі  ме?  

Бала  назын  естімеген  анасы  ма?    Әлде, 

«Бәледен  аулақ!»    деп  басын  алып  

қашқан  көршілер  ме?  Жоқ,  бұған  кінәлі  

біз,  бәріміз.  Көріп  тұрып,  көрмегенге  ала-

мыз,      жауыздыққа,  жауапсыздыққа  жол 

береміз... 

Меруерт  ҚҰСМАНОВА,

1-курс білімгері.

Мәуліт айы сауапқа толы

Адамзат  әлеміне  үлгі  болған  ұлы 

ұстазымыз  Пайғамбардың    туған  күніне 

құрмет  көрсету  –  ең  жақсы  амалдардың 

бірі. 


Ғылыми,  жаратылыстану  мен  техно-

логиядан  бейхабар,  өмірінде  екі  ауыз 

сөз  жазбаған,  Алла-Тағаладан  басқа 

ешкімнен  ештеңе  үйренбеген  Мұхаммед 

(с.ғ.с.)  өткен  өмір  мен  келешекті  көзбен 

көріп,  қолмен  ұстағандай  етіп  білгендігі, 

сөз жоқ, оның кемеңгерлігі һәм ұлылығы. 

Ол  бүкіл ғұмырында Ұлы Жаратушының 

бір,  тек  жалғыз  екенін  үндеумен  болды. 

Мұхаммед (с.ғ.с.) қылмысқа жаза беруден 

бұрын,  мұсылмандарға  қылмыс  жасамау-

ды насихаттады. Бір күні мұсылмандықты 

қабылдағанымен,  қараңғылық  дәуірде 

бойына  сіңіп  қалған  зинақорлық  секілді 

жиіркенішті  әдетінен  арыла  алмаған  бір 

жас жігіт  Пайғамбарға келіп:

–Ей,  Алланың  Елшісі,  маған  зина 

жасау  үшін  рұқсат  берсең?!  –  дейді. 

Пайғамбарымыздың жанында отырғандар 

жігіттің  әбес  өтінішін  ести  сала,  оған 

бірден  ұрса  бастайды.  Сонда  Мұхаммед 

(с.ғ.с.)  жігітті  қасына  шақырып,  былай  

дейді:

–Осындай 



нәрсенің 

сенің 


анаңа 

жасалғанын қалар ма едің?

Жігіт:

–Әке-шешем  сенің  жолыңда  құрбан 



болсын,  ей,  Алланың  Елшісі,  әрине, 

қаламаймын! – дейді тіксініп.

–Ешқандай  адам  анасына  мұндай 

жиіркеніштілікті  қаламайды.  Сенің  қызың 

болса, оған осындай нәрсенің жасалғанын 

қалар ма едің?

Жігіт:

–Жаным  саған  құрбан  болсын,  ей,  Ра-



сулалла,  еш  қаламас  едім!  –  дейді  жаны 

одан сайын түршігіп.

– Ешбір жан да қызына мұны тілемес еді. 

Ал әпкелеріңе осындай нәрсе жасалғанын 

қалар ма едің?

–Жоқ, 


Пайғамбарым, 

мұны 


да 

қаламаймын.

–  Ешкім  де  әпкелеріне  мұндай  сорды 

қаламайды.  Қарындастарыңа  ше,  оларға 

осындай жамандық жасалғанын қалар ма 

едің?


– Жоқ, қаламаймын.

–Ешкім  де  қарындастарын  қасіретке 

дұшар еткісі келмейді, – деген Алла Расу-

лы (с.ғ.с.) қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына 

қойып:  «Уа,  Аллам,  бұның  күнәсін  кешір, 

жүрегіндегі  жамандықтарды  тазала,  на-

мысын  сақтауға  жәрдемші  бол!»    деп 

дұға  етеді.  Міне,  осылайша  жігітке  ашу-

ланбай, оның көңілі жай табатындай етіп 

зинақорлықтың  жиіркеніштілігін  жанды 

мысалдармен  түсіндіріп,  соңында  әкелік 

мейірім  танытып,  жанын  құрттай  жеген 

әлгі күнәдан құтылуы үшін дұға еткен екен.

Аяулым ТОЛЫҚБАЕВА,

1-курс білімгері.


Жетісу 

университеті



9 АҚПАН - М.МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

бейсенбі, 5 ақпан,

 2015 жыл

7

Мұқағалидың  жас  ғұмыры  өкінішпен 

аяқталды.  Оны  шын  мәнінде,  меніңше,  

өнердің    күндестері  басы  берік    көшеге 

қамады.

Ойлаңдар, достар, өнерде жарыс 



                                                   болмайды,

Өнерің  жетіп өсе  алмай қалсаң

                                                 сол қайғы...

...Күндестік құрысын, күндестік деген -  

                                                     жат көрік

Тастайық оны  нақ  ортасынан қақ бөліп,-

деген  жанайқайына    құлақ  түрсеңіз  жетіп 

жатыр емес пе?

80- жылдардың  басында Мұқағали  ту-

ралы айтыс-тартыстар толастамай жатты. 

Біреулер  оны    бір  туар  талантты    ақынға 

баласа, енді бір топ «керітартпа»,  «ішкіш, 

кезбе  ақын»  ретінде  қабылдады.  Оған 

Мұқаңның:

Жиырма том жазатын кезімде мен,

Жиырма жыл дос болыппын өзіңмен.

Қой, арақ айрылысайық кел екеуміз,

Темірден жаралмаған төзім-денем. 

Немесе:

Ішу деген ол,- менің осал жағым,



Осал жақтан кел дағы  «шошаңдағын».

Құлы болсаң өмірдің өзің болғын,

Ал өз басым құлдықтан босанғанмын,-

деген  сарындағы  өлеңдері  себеп  бол-

са  керек.  Сол  бір  өсек  өрбіген  даулы 

кезеңдерде  Жазушылар    одағында    бір 

бастық  адам  маған:  «Пәленбай  газеттің 

Пәленше  деген  редакторы  «Мұқағали  тек 

өз басының күйін шерткен  ақын» деп жаз-

ды,  Сіз  қандай  пікірдесіз  осы  жөнінде?» 

деп    мысқылдай  сұрау  қойды.  Мұндайда, 

қапелімде  ауызға  орайлы  сөз  түсуі  қиын 

екен. Біріншіден, әлгіндей пікірдің өзі менің 

қанымды  қайнатып  жіберді.  Екіншіден, 

Мұқағалиды ақтап алуым үшін оның жыр-

Сезімі отпен ойнаған



М

ен  ақиық ақын  

Мұқағалидың жыр-

ларымен 18 жа-

сымда қауыштым. Армияға 

аттанып бара жатқанымда 

оның «Өмірдастан» және 

«Өмір-өзен» деген кітаптарын  

қапшығыма салып бірге алып 

кеттім.  Сол өлең жинақтары  

әскер қатарындағы екі жылдық 

қызметімде менің рухани 

азығыма айналды. Оның жырла-

рын сүйіп те, сүйсіне де  оқыдым.  

Мұқаңның отты өлеңдері  

тамырымда қан болып ағып, 

жүрегімде жан болып соқты 

десем артық айтпаймын. Қазіргі  

таңда Мұқағалиды   жастар 

жатқа оқиды. Ақынның туған 

жерінде өткен 80 жылдығында 

бұған анық көзім жетті. 

Алайда  маған  олардың ақиық 

ақынды «Мұқағали атамыз» 

деп «деріптегендері»  ұнамайды. 

Мұқағали жас кетті ғой, небәрі 

45 жасында! Адуын, арын-

ды ақынның өзі де, өлеңдері  

ешқашан қартаймайды. 

Орыстардың  «дедушка Пушкин»  

немесе «дедушка Есенин» дегенін 

естігендеріңіз бар ма?  

ларын  жатқа  оқып  талдап  беруім  керек 

еді, мен солай еттім, ал оның аузына құм 

құйылды. 

Негізінде  Мұқағали  өз  сезімдерінің 

"құлы"  болды. Сезім дегеннің өзі сезіктен  

үріккен  қояндай  қорқақ  келеді.  Өзгенің 

көзіне түспеу үшін үнемі 

б ұ қ п а н т а й л а п , 

ж а с ы р ы н ы п 

жүреді. 

Алда-


жалда  ақынның 

ішкі  сезімі,  жан 

дүниесі 

паш 


бола 

қалса, 


«Халық 

қалай 


қабылдады  екен?»  

деген  үрей    бойын 

шырмап алады. 

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла, - 

деп Абай босқа айтпаған ғой. Мұқағали  өз 

сезімдерімен ұзақ арпалысқан ақын. Мына 

өлең жолдарына назар аударалық:

...Жанымды тыншытпайды 

                                     сезім деген

Қалай жүр, япырай-ау, төзіп денем?

Қаншама күндер өтті дамылдамай,

Қаншама түндер өтті көз ілмеген,

Білмеймін  не  іздейді  сезім  менен?- 

деп  өзінің  ішкі  дүниесімен  алысып,  отқа  

үйірілген  көбелектей    күй  кешті.  Ол  «өзі 

арқылы өзгелерді зерттеген» нәзік жүректі, 

өр мінезді дарын иесі.

Тіптен де Мен емеспін, Мен дегенім,

Сендірмеймін. Сенбеңдер сенбегенің.

Басқаның жаны сырын ұғу үшін

Өзімді зерттегенді жөн көремін,- 

дейді  ақын  ағынан  жарылып.  Мұқаң  көп 

жырларында өзін өткір сынайды:

Мысалы:

 Сый сұрағам жасыңнан,



 Мейір күткем қартымнан.

 Еркелеп ем сендерге

 емін-еркін шарқ ұрған,

 Екенмін ғой ант ұрған.

 Арыла алмай келемін,

 Бала күнгі қалпымнан,- 

деуінде  өткір  сарказм  жатқан  жоқ  па?.. 

Ол  өзін-өзі  оңдырмай  сынап  тұр,  және 

өзгелердің  де  сыбағасын  ұмытпай  отыр. 

Мұндай құдіретке тек табыну тиіс!..

Мұқаңның  сенім  артқан  ақын  інілерінің 

бірі  Ұлықбек Есдәулеттің бір әзіл өлеңінде:

Ақын деген шетінен «жүргіш» халық,

Қос қатынды қояды бір қыста алып.

Отқа тартсаң, шетінен, «боққа» қашып,

Штатынан жүреді кіл қысқарып,- 

деген  ирониялы  жолдар  бар.    Халқына  

«емін-еркін  еркелегісі»    келген  арқалы 

ақынды  өз  қоғамы  көкірегінен  тепкендей 

болды. «Ақындық еркелігін» көтере алма-

ды.  Жұмыстан босатып, одақтан қуды. Ол 

жұмыссыздықтың  салдарынан  кейіншелік 

сәуегей өмір кешуге мәжбүр болды. Бәріне 

кінәлі ең алдымен өзім деп ойлады. «Үлкен 

кісіге» кешіріммен  хат жолдап, сенім арт-

ты. Алайда жауап ала алмады.

Ақын қоғамның 

жай  ғана  мүшесі  емес  қой,  ол  –  ірі 

тұлға екені анық.  Үкімет  Мұқаңа жағдай 

жаратып,  жырларының  халық  арасына 

кеңінен  таралуына  мүмкіндік  туғызғанда, 

ақынның  қазақ  поэзиясына  берері  бұдан 

да    мол  еді.  Заманында    билікке  жеткен 

Абылай  ханның  Бұқар  жырауды  абы-

зындай  көріп,  бағалауы  нәтижесінде  сол 

жаугершілік  заманның  әсіл  бейнесі,  шы-

найы  шындығы  Бұқар  жырау  жырла-

ры  арқылы  тарих  қазынасына  қосылды  

емес  пе?  Мұндай  мысалдар  өмірде  көп. 

Қоғамда  өз  орнын  таппаған  ақын,  әрине, 

сары уайымға салынатыны белгілі.

Жауап    ретінде    Мұқағалидың 

күнделігінен үзінді келтіріп көрелік: 

«22  мамыр,  1974  жыл.  Бүгін,  19  май-

да  мен  өмірімде  бірінші  рет  Үлкен  кісіге 

өтініш  білдірдім.  Оның  атына  орысша 

жазып үлкен хат жібердім. Хатым қолына 

тие  ме  білмедім...  Мені  тек  бір  нәрсе 

үміттендіреді:  Егер  ол  өзі  танысса,  сон-

дай  Үлкен  адамда  қалайша  үлкен  жүрек 

болмайды.  Оған  өтініш  білдіріп  отырған, 

көптің  бірі  емес,  Ақын  ғой,  нәзік  жанды 

ақын...»


Қайран  ақын!..  Қайран  Мұқағали!.. 

Өлерінен төрт жыл бұрын  кеңестер  одағы 

оны өз ортасынан аластатты. Тіпті, газет-

журналдарда  өлеңдері  мардымды  жария-

ланудан қалды. Жұмыссыз жар, маскүнем 

әке, дүниесіз туыс кімге керек?! 

Жан аға

                             



   (Мұқағалиға)

Өзіңнен кейінгі толқындар,

Сені іздеп солқылдар.

«Тепсе де өзекке»,

Сағынған халқың бар.

(Әманда тотықпас,

Асыл тас алтындар).

Өзгертіп қоғамды,

Ел бүгін жаңарды.

«Ақиық ақын» деп,

Көтерді бағаңды.

Жаныңның пәктігін,

Ақтығын тән алды.

Бүгін сен биіксің,

Өзің «ақиықсың».

Халқым тән алмас деп,

Бекер-ақ күйіпсің.

Өйткені тірі едің,

Тіріні кім ұқсын?!

Өлдің де сен өзің,

Өлеңді тірілттің!..

                             



Ү. Дауылбайұлы.

«Менде семья, ата-ана, туыс жоқ, - дейді 

Мұқаң,  күнделігінің  тағы  бір  жерінде,  - 

Онда  неменеге  өмір  сүріп,  өлең  жазып, 

кітап  шығармақ  болып  жүрсің  дерсің. 

Жауап  берейін:  балаларым  үшін,  өз  там-

шы  қаным  үшін.  Қалай  болғанда  да  олар 

менің  өмірімнің  жалғасы  ғой.  Кейде  олар 

да  менің,  сол  кішкене  жыртқыштарым  да 

маған өз тырнақтарын көрсетіп қояды. Кез 

келген  уақытта  менің  жанымды  ауыртуға, 

қатты жаралауға олар да даяр...»



  «24  декабрь,  1973  жыл.  ...Жырсыз 

өткен күндер мен үшін өлі күндер. Тәңірім 

бұл  алданышты  қиғанына  да  құлдық. 

Поэзия  болмаса  қайтер  едім?!  Не  істер 

едім?!  Ақынның  өз  мемлекеті,  өз  қоғамы, 

өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, 

мен сол үшін күресем.»

Міне,  Мұқағалидың  күнделігіндегі  осы 

ойларының  өзі  оның  жай-күйінен,  тыныс-

тіршілігінен,  хабардар  етіп  тұрған  жоқ  па? 

Оның  жан  айқайы  сезіліп  тұрған  жоқ  па? 

Мұқаңның  өмірінің  соңғы  сатысындағы 

бұл  тұншығу,  сарылу,  қайғыру,  қамығу, 

мұңдану,  күресу  жалғыз  өзіне  ғана 

тән  тағдыр  емес,  бұл  бүкіл  қас  талант 

ақындардың тағдырына тән қасиет. Бүкіл 

қас  дарындардың  жанайқайы,  ұқсас 

тыныс-тіршілігі  деп  ұғам  өз  басым.  Тап 

осылай Асан қайғы бабамыз, Қорқыт ата-

мыз, Біржан сал, Ақан сері, Абай, Шәкәрім, 

Махамбеттер  де  зар  заманды  басынан 

өткізді. 

Ал Мұқағалидың отты жырлары сол өзі 

«тұралап» қалған жылдары жазылды. Ау-

руханада да емделіп жатып, буфетте, ас-

ханада  отырып  4000  жолдан  астам  өлең 

жазудың өзі бола ма? Мұқаңның жырлары 

Ақын  атты  пенденің  Адамзат  алдындағы 

Азаматтық  бейнесін,  тұлғасын  қас  сурет-

кердей өрнектеген. Тыңдалықшы:

Айтамын деп қуанышым мен мұңымды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды.

Халқым мәңгі өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең -дағы ұлыңды,-

деп  Халқына  деген  ыстық  махаббатын 

паш етеді.Немесе:

Құшағында қап қоймай қара түннің,

Несіне ақын болып жаратылдым.

Қасиетін ұғам деп ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның,-

деп Ана тілінің қасиетіне табынады.

Аттанайық, жігіттер, аттанайық,

Қараң қалсын біздерге таққан айып.

Арымызға айыпты құндақтап ап,

Болашақтың алдына ап барайық.

Тек өлмейік Намысты қолдан беріп,

Қолдасайық, жасайық қорған берік, - 

деп  Азаматтық  Ар,  Намысты  бәрінен 

биік қояды.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам жұртым маған елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім.

...О, Муза! Сен өлгенде мен өлемін.

Сенсіз мен қиылған бір 

                      бөренемін,

Көгере бер, мәңгілік сен 

                       өлеңім!..- 

деп өзі  өлсе де өмірінің 

мәңгілік 

өмір 

сүруін 


қалайды.

Жалпы  Мұқағалидың 

өзі  «менің  поэзиямның 

лейтмотиві 

– 

бүкіл 


адамның  өмірі  мен  өлімі, 

қасіреті  мен  қуанышы  ту-

ралы  поэма»  десе  де,  өз 

басым оның бүкіл жырла-

рын Ақынның қасіреті мен 

тағдыры  туралы  поэма 

деген болар едім. 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал