Н.Ә. Назарбаев. Аянышты тағдыр аңдатпа



жүктеу 0.57 Mb.

бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5

полосу подготовил

Алексей ДЕГТЯРЁВ.

Н

Е ТАК ДАВНО У МЕНЯ 

СЛУЧАЙНО СОСТОЯЛСЯ 

ТЕЛЕФОННЫЙ РАЗГОВОР 

С НЕЗНАКОМЫМ МУЖЧИНОЙ. Я 

НЕ ЗНАЮ, ОТКУДА ОН ВЗЯЛ МОЙ 

НОМЕР, НЕ ЗНАЮ, КАК ОН ВЫГЛЯ-

ДИТ, ГДЕ ЖИВЕТ И СКОЛЬКО ЕМУ 

ЛЕТ. НО ПО ГОЛОСУ МОЖНО БЫЛО 

ПРЕДПОЛОЖИТЬ, ЧТО МУЖЧИНА 

В ГОДАХ, ПРИБЛИЗИТЕЛЬНО ЕМУ 

ЛЕТ 40-50.

Жетісу 

университеті



бейсенбі, 5 ақпан, 

2014 жыл

4

БІЛІМ НҰРЫ

У

ниверситетімізде құрылған «Ілиястану» 

ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

«Филология және журналис-

тика» кафедрасының профессоры, филология 

ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы 

педагогика ғылымдары академиясының академигі 

Тұрсын Сыдықов – жерлесіміз, құлагер ақын Ілияс 

Жансүгіров шығармашылығына Тәуелсіздігіміздің 

тұғырынан үңіліп, жаңаша көзқарас тұрғысынан 

зерделеп жүрген ғалым. Газетіміздің бүгінгі санында 

қашанда тыңға түрен салып, жазғаны ешкімді бей-

жай қалдырмайтын ізденімпаз ғалымның «Мектеп» 

пьесасына жаңаша көзқарасқа негізделген мақаласын 

білімгерлер назарына ұсынып отырмыз.

«МЕКТЕП»


пьесасының тағылымы

Біздің  болашағымыз  –  жастар.  Қазақ 

«Әкеге  тартып  ұл  өседі,  шешеге  тар-

тып  қыз  өседі»  деп  бала  тәрбиесін 

бесіктен  бастаған.  Әлгі,  «Ел  бола-

мын  десең,  бесігіңді  түзесі»  де    соған 

меңзейді.  Абайдың  «Боламын  деп 

жүргенде  болат  қайтып,  Жалын  сөніп, 

жас  жүзін  басады  әжім»  деуі  де  «жасын-

да  ғылым  барын  ескермей,  пайдасын 

көре  тұра  тексермеуінің»  салдарына 

енді  басқаларды  ұрынбауға  шақырғаны 

шығар. Балаға аялы алақан, бапты тәрбие, 

темірдей төзімді мінез, сабырлы да сала-

уатты  қатынас қажет. Атам қазақ, айтақы 

төбет желкесінен алып лақтырып жіберген 

күшік,  қанша  апайтөс  боп  өскенмен,  бөрі 

алудан  қалатынын  өсиет  етуінде  астар-

лы  ой  жатыр.  Қазақ  –  кеңқолтық,  адал, 

аңғал,  жомарт,  кішіпейіл,  дархан  халық. 

Алайда,  жаугершілік  заманды  басынан 

көп  кешкендіктен,  ер,  қаһарман,  досына 

–  құшақ,  жауына  –  пышақ,  тажал.  Өрлігі, 

намыскерлігі,  аймаңдай  азаматтығы 

басқа  жұрттан  артық  болмаса,  кем 

соқпаған  текті  халық.  Кейінгілер  де  жа-

старын  «айтақы  төбеттерге»  талатпай, 

бесіктен  белі  шықпай  жатып  аттың  жа-

лында  ойнатып,  жасөспірім  шағында 

қылыш  пен  найза  ұстаудың  қыр-сырын 

меңгертіп,  елін  қорғар  ерді    жауынгерлік 

ұстаханасынан  шығаруды  басты  міндеті 

санаған. Қазақ баласы құйма құлақ, өнерді 

өмірінің  мәні,  жігіттіктің  сәніне  балаған. 

Әлгі «ер жігітке қырық өнер де аз», «сегіз 

қырлы,  бір  сырлы»,  «ел  мақтаған  жігітті 

қыз  жақтайды»  деген  нақыл  сөздер 

халықтың  тізгінін  ұстайтын,  келешек 

отбасының  қамқоры,  намысы  саналатын 

азаматтар  қандай  болуы  керектігін,  ал-

дыда  қандай  жауапкершілік,  ауыр  сынақ 

тосып  тұрғанын  аңғартады.  Қаз  дауысты 

Қазыбек,  Төле  би,  Әйтеке  би,  Сырым 

Датұлының шешендік мектебі; Қобыланды, 

Қаракерей Қабанбай, Абылайдың езуінен 

уызы  арылмай  жатып  жасаған  ерліктері 

жұртын  емірендіргені  соның  жарқын  мы-

салы. Қазақ – еңбеккер де халық. Алдын 

ала  әзірленген  шөбі,  жемі,  жылы  қорасы 

жоқ  кезде  жазғы  аптап,  сүйектен  өткен 

қара  суық,  жауынды  күзде,  аш  қасқыры 

мен  ішін  тартқан  бораны  ұлыған  қыста, 

көксоқта  көктемде  күні-түні  мал  соңында 

өмірі өткен жаны сірі қазақты ешкім жалқау 

дей  қоймас.  Оның  батырлығы,  мәрттігі, 

тектілігін тарих сынаған. Жеті атаға дейін 

қыз  алысып,  беріспейтін  қатал  заңы 

қанының  таза  да,  бітімі  келісті,  қуатты 

болуын  қамтамасыз  еткен.  Енжарлық, 

жалқаулығын  жеңген  қазақ  баласын 

өнердің,  білімнің,  ғылымның,  спорттың 

т.б.  қай  саласына  баптап  салсаң,  ал-

дына  жан  салмайты-

нын  қазір  күнде  көріп, 

естіп, марқайып жүрміз. 

Айталық,  интеллекту-

алды  ойын  шахматы-

нан  үздік  жетістіктерге 

жеткен мектеп түлектері 

Дәрмен, 


Динара 

Садуақасовтар 

мен 

Жансая 


Әбдімәліктің 

п о т е н ц и а л д ы қ 

мүмкіндіктері, 

Та-


раз 

қаласының 

тұрғыны  6  жасар  Аида 

А й д а р б е к қ ы з ы н ы ң 

әлем 

біріншілігінде 



қола жүлдені иеленуі – халқымыздың көп 

артықшылығын  әлемге  мойындатумен 

бірге,  заманға  сай  аламан  жарыстар-

да,  Алла  сыйлаған  қабілеттерден  кенде 

еместігімізге  төрткүл дүниені таңдандыра 

бастадық.  Ұлттық  рух,  ұлттық  мәдениет, 

ұлттық 

болмыс, 


ұлттық 

тәрбиені 

әлсіретпей,  ұлттық  намысымызды  берік 

сақтай  алсақ,  жаһанданудың  алапат 

селінен  «Нұх  пайғамбардың  кемесімен» 

аман қаламыз.

І.  Жансүгіровті  де  1916  жылғы  ұлт-

азаттық  қозғалысы,  1917  жылғы  ақпан 

буржуазиялық 

революциясы, 

Қазан 

большевиктік  революциясы,  Азамат 



соғысы,  1921-1922  жылғы  аштық,  бай-

лар  мен  кулактарды  тәркілеу,  колхоз-

дастыру,  1932-1933  жылғы  қолдан 

ұйымдастырылған 

аштық 

кезінде 


халқымыз  жаппай  қырғынға  ұшырап, 

ауыр  жылдарда  ұрпақты  сақтап  қалу 

жолында  көпшілік  басқа  жаққа  жер 

ауып,  саны  жағынан  туған  жерде  негізгі 

ұлт  өкілдерінің  күрт  құлдырап  кетуі 

күйзелтіп,  іштей  алас  ұрғызды.  Темір 

ноқталы  тәуелділік,  отарлық  кіріптарлық 

елім деп еңіреген ерлерді қан жұтқызды. 

Азапты  хал,  емдей,  бүтіндей  алмас  кем-

кетігі,  қайғы-қасіреті  көбірек  алаңдатып, 

қолдан  келер  жақсылығы  болса  жасап 

қалуға  аянбай  жанын  салды.  Соның 

бірі  –  келер  күннің  үміті  жас  ұрпақтың 

көзін ашып, адамзат меңгерген ғылымды 

меңгеретін  білім  алуға  жағдай  жасатып, 

жаппай жұмыс істей бастағант мектептер-

ге тарту. Мақсат – әзір азу тісі балғадай 

коммунистік империяның дәуірлеп тұрған 

шағында көкжалын ашудың астына от та-

стамай,  сол  жасап  отырған  «жақсылық» 

мектептерге  қараңғы  қазақ  балаларын 

шақырып,  ұлтты  надандық  шырмауы-

нан  босатып,  білімді,  ақылды,  дүниенің 

құпиясын  көкірек  көзімен  сезінетін  па-

расатты  буынды  қалыптастыру.  «Күндіз 

ас  ішпедім,  түнде  ұйқыдан  бездім,  ой-

ландым, толғандым – бәрі пәс; ақылдың 

мәйегі  –  оқу  екен»  (Құңфудзы).  Қытай 

халқының  кемеңгер  перзенті  Құңфудзы 

елінің  көсегесін  көгертіп,  жұмыр  жерде 

ешкімге  кіріптар  болмай,  несібеңді  өзіңе 

бұйыртар құдірет тек оқуда, білімде екенін 

өсиет  еткен.  Ілияс  Қарағаштағы  қазақ-

татар тілдерінде білім беретін «Мамания» 

мектебінде  бес  жыл  оқып,  сауаты  ашы-

лып, оң-солын тани бастайды. 1920 жылы 

Ташкент  қаласына  барып  қазақ-қырғыз 

институтының  2  жылдық  курсына  түсіп, 

1921 жылы тамамдаған. Институтты бітіре 

сала,  Талдықорған  уезіндегі  «Белтоған» 

ауылдық  мектебіне  мұғалім  боп  орнала-

сады.  Бұл  кез  –  таптық  күрестің  жеңіп, 

Кеңестік  империяның  қылышынан  қан 

тамып  тұрған,  мерейі  үстем  шағы.  Бала 

оқытудың не бағдарламасы, оқулығы, оқу 

құралдары  мен  материалдың  негізі  жоқ 

кезде  көзі  жәудіреп  отырған  ұлтыңның 

болашағын  білім  кәусарымен  сусында-

ту  құқығы  қолына  тигенде,  ұлт  зиялысы 

Ілекең неден бас тартсын. Бағдарламаны 

да, оқулықты, оқу құралдарын өзі жасап, 

жазып,  оқыту  технологиясын  меңгеруге 

жатпай-тұрмай  сарыла  ізденеді.  Ауыл 

мектебінде  мұғалім  бола  жүріп,  ел 

тұрмысына  көбірек  үңіледі,  Кеңес 

өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси-

әлекметтік құбылыстарды назарынан тыс 

қалдырмай, үсті астына, асты үстіне аунап 

түсіп,  дүние  теңселіп,  қиямет-қайымды 

көзге  елестетіп,  тозақты  бастан  кешіп 

жатқан  өліара  шақтың  шындығын  қалт 

жібермей  қадағалап,  от  пен  өрттің  орта-

сында  еңбек  етті.  Өрт  өшеді,  от  сөнеді, 

теңселген дүние сабырын бойына жинап, 

жеңген  билігін  жүзеге  асырып,  бишігін 

үйірмек... Бозала таңның бозторғайы жас 

маман,  даладағы  бар  сілкіністі  басынан 

кеше жүріп, өлеңін жазып, сабағын беріп, 

саяси-әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени 

шаралардың, қатыспаса қан жұтқызатын 

науқандардың  жуан  ортасында  жүрді. 

«Мектеп»  пьесасы  –  сол  шақтың  жемісі. 

Басты  идеясы  –  мектептің,  оқудың, 

білім  алудың  не  екенінен    хабары  жоқ 

балалардың,  әке,  апалардың,  шал  мен 

кемпірдің көзін ашып, көңіліне күн түсіру. 

Г.Песталоций,  Л.Толстой,  М.Горький, 

Абай,  Ыбырай  Алтынсарин,  Жан-Жак 

Руссо, 

К.Ушинский, 



А.Луначарский, 

А.Макаренко, 

А.Гайдар, 

И.Крылов, 

С.Михалков  т.б.  балаларға  арналған 

көркем туындылары, педагогикалық ақыл-

ойларымен  қаруланған  І.Жансүгіров, 

қилы  жанрлы  драматургияның  әралуан 

формаларын  меңгеруде  қаламдас  досы 

Б.Майлиннен  де  көп  нәрсе  үйренгенімен, 

мектеп  тақырыбын  игеруде  классикалық 

үлгіге    көбірек  иек  артқан.  Бір  перделі 

«Мектеп»  пьесасындағы  кейіпкерлері: 

Қуыршақ,  Бала,  Шал,  Кемпір,  Әке,  Апа, 

Пионер.  Басты  кейіпкері  –  жүргізуші 

Қуыршақ.  Жансыз  зат  болғанымен,  ав-

тор  алдыға  қойған  мақсатын,  идеясын 

төңірегіне  жүзеге  асырғызатын  қозғаушы 

күш.  Жанры  –  скетч,  комедиялық  си-

туациясы  басым.  Автор  пьесасының 

кіріспесінде:  «Бұл  пьеса  балалар  сахна-

сына  арналған.  Қай  жастағы  бала  бол-

са  да,  ойнауына  болады.  Қуыршақпен 

ойнауға  да,  балалардың  өздері  сах-

нада  ойнауына  да  келе  береді»,  -  деп 

ескертеді.  Демек,  пьесадағы  Қуыршақ 

та, Бала Әукен де, Шал, Кемпір, Әке, Апа, 

Пионер де – қуыршақтар. Асылы, туынды 

Қуыршақ театрына арналған десе де бо-

лады. Оны жүргізуші Қуыршақ:

Амансыз ба, меймандар!

Дейсіздер ме, «ойнаңдар!»

Қызық-қызық ойын бар,

Тамашалы сахна бар,

Артист қуыршақ та бар.

Қуыршақтан қулар бар,

Болып бала, кемпір, шал,

Олар ойын бастасын

Алақанды  соғыңдар!  –  деп  барлық 

кейіпкерлердің  ролін  қуыршақтар  ойнай-

тынын  ескертіп  өтеді.  Басты  кейіпкері 

–  «алманы  көп  жейтін»,  тамаққа  үйір, 

сабаққа  бармайтын,  еркелігі  тентектікке 

ұласқан  Әукен  есімді  баланың  қалай 

түзеліп,  қатарға  қосылғаны  баянда-

лады.  Қуыршақ  Әукеннің  жағымсыз 

қылық-әдеттерін сынағанда, ол енді оған 

анасының  тілін  алатынына  уәде  береді. 

Қуыршақ  бұзықтыққа  әуестенсе  «құлағы 

жұлынатынын»,  жақсылыққа  үйрететін 

мектеп  дейтін  құдіретті  оқу  орны 

барлығын айтқанда, Әукеннің аузы ашы-

лып,  соған  жетуді  армандайды.  «Адал 

болса,  мал  рахат,  зейінді  болса  перзент 

–  жарық  дүниенің  көркі  дүр»  (Мәшһүр 

Жүсіп).  Малдың  рахатын  өзің  өсіргенде, 

маңдайыңның  терімен  келген  пұлыңа 

сатып    алғанда  көресің,  ал  балаңның 

зейінділігін көре біліп, дер кезінде оқытып, 

білім  беруге  күш  салсаң,  бағын  ашасың, 

маңдайыңның жұлдызы жанады. Қуыршақ 

баланың білімге құштарлығын оятуда ата-

ананың  көзі  қарақты,  сауатты  болуының 

мәні жоғарылығын Әукеннің апасы, әкесі, 

кемпір  мен  шалды  да  көрермендермен 

жүздестіру 

арқылы 

пайымдатады. 



Апасы  мен  әкесі  Әукеннің:  «Тентектік 

қылмаймын! 

Жылағанымды 

қоям!» 


дегеніне  мәз.  Ертеңнен-кешке  «жұмыс 

қылалық,  қызмет  етелікпен»  күндерін 

өткізіп,  баласына  үй  қаратумен  ғана 

шектеледі.  Шал  болса:  «Жасы  алпысқа 

келген, әлі мектеп көрмеген! Оқусыз надан 

қалған»,  Кемпірдің  құлағы  керең,  қонақ 

болуды  ғана  қалайтын,  құдайдан  емес, 

«қоңыздан қорқатын» кейуана. 

Қуыршақ  Әукен  сияқты  ақылды 

тентектің,  алғыр,  қабілетті  баланы  мек-

тепке бермей, уақыт өткізіп алған бейқам, 

ешнәрсемен  ісі  жоқ  момын,  қараңғы  ор-

таны сынға алады. «Ақыл – шырақ, қара 

түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған 

шашатын» (Жүсіп Баласағұн) деп баласын 

ес білгеннен қоршаған ортаның тылсымы-

мен  таныстырып,  туып-өскен  даласымен 

табыстырып,  даналығын  көріп-білуге, 

құлағына құюға мүмкіндік жасай алмаған 

әкеден не үміт, не қайыр?.. «Егер баласы 

әкесінен  озбаса,  онда  екеуінің  де  жолы 

болмағаны»  (Қытай  мақалы).  Соңында 

қалып,  жолын  жалғастырар  ұрпаққа, 

мұрагеріне,  жақсы  тәрбие,  өнер,  білім 

беруді басты міндеті, парызы санап, жар 

құлағы  жастыққа  тимей  өткен  ата-ана 

ғана  артында  қара  орман  боп  сыңсып 

өсіп тұрар тал қалдырады. Сонда ғана ол 

белгілі  ақын  Жүрсін  Ерман  жалғыз  ұлы 

Дарханына:  «Ұлым  менің,  сенен  артық 

бар еді кімім менің?!.» деп үздіге отырып: 

«Мұрагерім, Ақ жүзіңді семсер ғып сынап 

едім. Ақ пен қара айқасқан мына өмірде, 

Жыға көрме, туымды мына менің», - деп 

аламан  бәйгеге  баптап  қосқан  жүйрігіне 

әкелік  назын,  тілегін  айтып,  ақ  батасын 

беруге хақылы. 

Ойын  баласы  емес  пе,  Әукен  өзі 

қатарлас  шиборбайлардан  «мектеп», 

«кітап»  сөздерін  естіп,  оңашада:  «Мек-

теп  деген  немене?  Онда  кітап  бере  ме? 

Алмалары жоқ па екен? Балалары көп пе 

екен?» деп «жырлап», қиял әлеміне сапар 

шегеді, соларды көруге ынтық. Сол қиял 

әлеміне,  мектеп,  кітап  әлеміне  апарар 

жолы  оны  қандай  кереметтерге  қолын 

жеткізетінін Әукен балаға Пионер оқушыға 

тән қарапайым, түсінікті, ойнақы да тәтті 

тілімен,  ұғымымен,  түсінік-танымымен 

құлағына  құяды,  жүрегін  алабұртқызып, 

мектепке ұмтылдырып, оқуға ынтықтығын 

үдете түседі...

«Мектеп қандай болады?», «Білім деген 

не  болады?»,  «Оқығанда  кім  болады?» 

тәрізді Әукен бала құмартқан сұрақтарға 

Пионер:


Мектеп жақсы болады.

Балалар оқу оқиды,

Жазу жазады;

Білім алады. 

...Инженер  болады – 

Жол салады,

Агроном болады –

Егін алады.

Дәрігер болады – 

Ауру жазады

...Ұшқыш болады –

Аэроплан ұшырады.

Ғалым болады –

Кітап  жазады...  деп  он  жетіден  астам 

мамандықты  санап  беріп,  соның  бәріне 

апаратын  құдіретті  жол,  баспалдақ  мек-

тептен  басталатынына,  онан  ұшып 


Жетісу 

университеті



МЕРЕЙ

бейсенбі, 5 ақпан,

2015 жыл

5

Қанапия  ӘЛІМБАЕВ  –  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері.  1923 

жылы дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес Армиясына шақырылып, 

Сталинград  шайқасына  қатысқан.  Сұрапыл  соғыс  даласында 

ауыр  жараланған  майдангер  1943  жылдың  аяғында  елге  ора-

лады.    Соғыстағы  ерен  ерлігі  үшін  "ІІ  дәрежелі  Отан  соғысы" 

орденімен  және  көптеген  медальдармен 

марапатталған.

Қалимолда БЕКБОЛАТОВ – Ұлы Отан 

соғысының  ардагері.  1926  жылы  туған. 

1944-1946  жылдар  аралығында  әскер 

қатарында  болып,  Белорусияны  азат 

ету шайқастарына басынан аяғына дейін 

қатысқан.  Елге  Жеңіспен  оралған  қария 

ауыл  шаруашылығын  көтеру  жұмыстарына  белсене  араласып, 

бірталай жыл шопан болып жұмыс істейді. Елі ардақтаған арда-

гер  "Отан  соғысы"  орденімен  және  «Германияны  жеңгені  үшін» 

медалімен марапатталған.



Хасан  Хисматұлы  БОРАНБАЕВ  – 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері.  1925 

жылы  Теңдік  ауылында  туған.  1942  жылы  әскер  қатарына 

шақырылып,  ІІ  Украина  майданы  құрамында  Кировоград, 

Яссы, Воронеж, Рыбница қалаларын азат ету шайқастарына 

қатысқан. Елге аман-есен оралған Хасан ата бір күн де отыр-

мастан бірден ел экономикасын қалпына келтіру, халықтың 

әл-аухатын  көтеру  жолында  аянбастан  еңбекке  аралас- 

ты.  Талдықорған  комсомол  комитетінде  және  білім-ағарту 

саласында  оқытушы  қызметтерін  абыроймен  атқарды. 

Зейнеткерлікке  мал  шаруашылығы  техникумында  ұстаз  бо-

лып  жүргенде  шықты.  Қызыл  Жұлдыз,  "І  дәрежелі  Отан 

соғысы" ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Венаны алғаны 

үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»,  «Ерен  еңбегі  үшін»  ме-

далдарын  иеленген.  Қаламыздың  құрметті  азаматы  Хасан 

Боранбаев  өзінің  өмір  жолы  жайлы  жазған  шығармаларын 

топтастырып, кітап басып қалың оқырманға ұсынған жан.

Тоқтар  Ғабдуллин  –  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері.  1924 

жылы  Шатырбай  ауылында  туған.  Әскер  қатарында  Жапония 

елінде  болған  жауынгер,  елді  азат  ету  майданының  шебінде 

қантөгіс  шайқасқа  қатысқан.  Соғыстан  кейінгі  жылдары 

Қарабөгет  ауылындағы  орта  мектепте  ұзақ  жылдар  ұстаздық 

қызмет  еткен.  Зейнеткерлікке  шыққанша  қаншама  жастардың 

ой-санасына  білім  нұрын  құйып,  патриоттық  рухта  өсіп-өнуге 

аянбай  тер  төккен  жан.  Майдангер  "Отан  соғысы"  орденімен, 

«Жауынгерлік  еңбегі  үшін»,  «Ерлік  еңбегі  үшін»  медальдары-

мен марапатталған.



Семен Васильевич ГОРДИЕНКО – 

Ұлы Отан соғысының ардагері.  1918 

жылы  туған.  Соғысқа  шақырылған 

күннен бастап Батыс майданның атқыштар полкінде жанкештілік 

ерлікпен шайқасқан жауынгер. Тұтқиылдан басталған сан түрлі 

шайқастардың алдын алу және қорғаныс шебін бекіту сынды 

ерлік  істердің  алдыңғы  қатарынан  табыла  білген  батыр  жан. 

1942 жылы ауыр жараланған майдангер елге оралды. Зейнет-

ке  шыққанға  дейін  облыстық  ауруханада  қызмет  етті.  «Гер-

манияны  жеңгені  үшін»,  «Ерен  ерлігі  үшін»  медальдарымен 

марапатталған.

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР

ЖЕҢІСТІ 


ЖАҚЫНДАТҚАН 

ЖЕТІСУЛЫҚТАР



Г

азетіміздің алдыңғы санында хабарлағанымыздай, басылымның әр санында 

жетісулық майдангер аталарымыздың жанкешті ерлік істерін насихаттау, 

өскелең ұрпаққа жақын таныстыру мақсатында топтастырып жариялауды 

жөн көрдік. Күнделікті көз алдымызда жүрген ардагерлердің алған марапаттарын біле 

отырып, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, 

жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге 

тәрбиелейді. Алдағы сандарда ардагер абыздарымыз жайлы қандай да бір ақпарат 

алғыларыңыз келсе, өз аталарыңыздың ерлік істері жайлы жариялауды қаласаңыз  

редакцияға хабарласуларыңызға болады.

шыққан  шәкірттер  талапты,  қабілетті, 

дарынды  болса,  әлгі  мамандықтарды 

игеруге  мүмкіндіктің  молдығын  Пионер 

осылайша  балаға  балалық  тілмен  бай-

ыптап,  таратып  айтып  жеткізеді.  Да-

рын,  қабілет,  ынта,  білімге  құштар  жас, 

талмай  ғылымды  игерсе:  «Өзіне  от, 

жел,  суды  жалшы  қылып,  Алланың  сай-

ран  етер  аспанында...»  (Сұлтанмахмұт 

Торайғыров).  Пьесада  Ілияс  қазақ  да-

ласында  мектептер  ашылып,  жұрт 

жаппай 

сауаттандырылып 



жатқан 

уақыттың  шындығына  ортақтастырады. 

Жаңа  заман  қаншама  жаңалықтарды 

әкеліп,  қараңғы  жұрт  қайсысын  қалай 

қабылдарын  білмей  абыржып  жүргенде, 

Ілияс  тәрізді  халықтың  көзі,  құлағы, 

жүрегі  саналған  қалам  қайраткері  жал-

пы    жұрт  көріп,  тамашалайтын  пьеса 

жазып, заманына сай жастарды оқытып, 

мамандыққа бағыт сілтейтін, жаңалықтың 

жаңалығы – мектепке балаларын жіберіп, 

тыңғылықты, тыянақты білім алуына ата-

аналарды  үгіттеудің  тиімді  әдісін  жүзеге 

асырады.


Кейіпкер  –  қуыршақтар  балаларға 

етене  таныс,  жақын,  қимыл-әрекеттері, 

сөзін  күле  отырып,  құлшына  тыңдап, 

айтқандарын  қалқысыз  мойындап,  оны 

мүлтіксіз  орындауға  құлшындырудың 

амалын  драматург  дәл  пайымдаған.  Бір 

кезде  бастауыш  сыныптар  -  октябрят, 

орталау сыныптар - пионер, жоғарғы сы-

ныптар - комсомол қатарында болып, өз 

жас ерекшеліктері, білім деңгейі, тәрбие 

алу,  қоғамдық  жұмыстарды  атқару 

бағдарламалары,  ұжымдық  ережелері 

жасалып,  оларды  орындау  міндетті 

саналған.  Бұзғандар,  енжарлар  қатаң 

жазаланып,  темірдей  тәртіпке  балау-

са,  балдырған,  жасөспірім  шақтарынан 

бағындырылып,  білімге  құштарлық, 

халықтық 

ортақ 

іске 


дайындық, 

адамгершілік,  ізеттілік,  ұжымдастарына 

жанашырлық,  қол  ұшын  беруге  дай-

ын  тұру  принциптерін  меңгерту  басты 

міндеті мен мұраты саналды. Оны ВКП (б) 

тікелей өз бақылауына алды. Қоғамның, 

мемлекеттің іргетасының берік, келешегі 

нұрлы,  шуақты,  қуатты,  мәңгі  болуы-

білім, ғылым, тәрбиенің қатал мектебінен 

өткен, 


ұйымдастырушылық 

қабілеті 

жоғары,  Отансүйгіш,  патриот  жастарға 

байланысты. 

Өткен  тарихымыздың  бәрін  жарам-

сыз,  жексұрын,  күні  өткенге  санайтын 

нигилистік  санадан  сақ  болған  жөн. 

Керісінше, 

өткеніміздің 

жарамсызы-

нан  сабақ  алып,  жақсысын  мұра  еткен-

нен  ұтылмаймыз.  Жастарды  тарихпен 

тәрбиелеуде ғылыми тағлымды ескерме-

ген  тығырыққа  тіремек.  Келешектің  иесі 

жастарымызға  осы  сенімнен  шығаратын 

басты қасиеттер қайсысы, оған Елбасы-

мыз Нұрсұлтан Назарбаев студенттермен 

кездесуінде: «Тек оқу күш-қайратыңды ая-

мастан еңбек ету, өзіңмен жұмыс істеу ке-

рек, сонда сендер барлық ойлағандарыңа 

жетесіңдер»,  -  деп  оқу,  еңбек,  өзіңмен 

жұмыс  істеуді  бөліп  алып,  қадап  айтты. 

Оқу,  еңбегі  түсінікті,  ал  үшінші  өзіңмен 

жұмыс істеуге, бізше, өзіңнің жеке басыңа 

қажетсіз,  жексұрын  жат  мінез-құлықтан: 

өсек,  өтірік,  қомағайлық,  өзімшілдік, 

орашолақтық,  мәдениетсіздік,  ашкөздік, 

мақтан,  дүниеқоңыздық,  ынсапсыздық, 

малшашпақ-дарақылықтан аулақ жүруге 

шақырды.  Осылардың  бәрі  жастары-

мызды  бордай  тоздырып,  жапырағын 

тонап,  тамырын  мезгілінен  бұрын  шірітері 

ақиқат. Әсіресе, егі құрттай ірітіп-шірітетіні 

–  дүниеқоңыздық,  ынсапсыздық.  Жалған 

дүниенің  жайсаңдығын  да,  жабылығын 

да  аңдап,  бірде  марқайып,  бірде  жа-

сып,  көңіліне  көпті  түйген  ақын  Жүсіп  Ер-

ман:  «Болам  деп  жылқылы  бай,  ақшалы 

бай.  Обал-ау  тілемсек  боп  жатсақ  ұдай. 

Көзіме  қанағатсыз  құм  құйылар,  Ын-

сап  бер  пейіліме,  патша  құдай!»  -  деп 

лирикалық  кейіпкерін  бүгіні  –  көл,  ертеңі 

–  шөл,  опасыз  дүниеден,  абұйырсыз 

еңбексіз келген байлықтан, қанағатсыздық-

ынсапсыздықтан, 

қомағай 


пейілден 

сақтауды  Жаратушыдан  басын  жерге 

тоқпақтап  тілеуі  –  жұмырбасты,  судың 

да  сұрауы  барын  жете  білетін  пенделер-

ге  ащы  сабақ.  Ашкөздікті,  тәкапарлықты 

тәңірі  сүймес.  Тәңірі  де  сүйетін,  қасиетті 

кітаптарда  Жаратушыдан  кейінгі  орында 

дәріптелетін  тоны  тозбайтын,  өмірден  оз-

байтын,  сарқылып-азбайтын,  өзіне  құлай 

берілгеннен жұбын жазбайтын Құдірет бар. 

Оны ұлы Абай: «...Дүние де өзі, мал да өзі, 

Ғылымға  көңіл  бөлсеңіз»,  -  деп  адам  боп 

туғанмен,  Адам  боп  қалудың  қиындығына 

басын  ауыртқандардың  кеудесін  тіктеуге, 

жұтап, жабыға айналмай, Тұлпар қалпында 

өткізетін,  «бәрі  өзінде  бар»  дәрісін  – 

Ғылымды  ұсынған  ғой.  Ілияс  Жансүгіров 

те  «Мектеп»  пьесасында  ұлы  ағартушы-

гуманист,  философ  Абайдың  ғылымды, 

білімді ең жоғарғы орынға қоятын дәстүрін 

жалғастырып,  қазақ  бүлдіршіндерін  жап-

пай мектепте оқып, риясыз білім теңізінде 

жүзуге  шақырады.  Бұрын  мектеп  есігін 

ашып  көрмеген  сахара  балаларына 

Қуыршақ:

Әнекей, сен көрдің бе

Пионердің баласын!

Егер оқу оқысаң,

Сен де сондай боласың.

Егер мектеп көрмесең,

Әлгі шалдай надан боп

Жаман болып қаласың!

Әлгі жаман кемпірдей 

Қоңыздан да қорқасың!

Егер мектепте оқысаң,

Аэропланда ұшасың.

Автомобиьлге отырып,

Алыс  жерге  жортасың!..  –  деп  әлі 

бәрінен  бейхабар,  ештеңе  көрмеген,  бірақ 

көруге құштар қазақ балаларын мектептің 

қадірін  танып,  білімге,  ғылымға  ұмтылуын 

қалаған  Ілиястың  ақ  тілегі,  халқының 

болашағын  армандап,  сыздаған  жүрегінің 

соғысын  тыңдаймыз.  Драматург  қараңғы, 

дүниенің  парқын  білмеген  жастарға  мек-

тепте  оқысаң,  «аэропланға,  автомобильге 

отырасың» деп сол кез үшін ешкімнің қолы 

жетпес  үздік  ғылыми  жетістіктер  саналған 

кереметтердің  иесі  болатынын  айтып, 

қызықтырған.  Қазақ  даласында  шаңырақ 

көтере  бастаған,  алғашында  босағасынан 

үрке  аттаған  білім  ордаларының  өмірге 

келу  генезисі  мен  даму  диалектикасы 

пьесадағыдай,  анығы  скетчтегідей,  тым 

қарапайым  көрінгенімен,  идеялық  сарыны, 

рухани қуаты, мәні мен мазмұны, шарықтар 

өрісі  кең,  болашағы  зор  еді.  Қазақтың 

білімде,  ғылымда  кеткен  есесі  көп.  «Өнер 

–  білімі  бар  жұрттардан»  шеттеліп,  енді 

томаға  тұйық  күн  кешкен  көшпелі  өмірмен 

қоштасып,  өркениетке  құлаш  сермелесе, 

жер бетінен жойылып кету қаупі төбемізден 

төніп  тұрған-ды.  «Ғылымсыз  мемлекет 

өспейді,  ісі  өрге  баспайды»  (М.Жұрынов, 

академик). Тіпті ғалым болмаса да, сауатты 

адам – сұлулыққа, ізгілікке құштар, саясатқа 

жетік,  иманды,  арлы,  обал  мен  сауаптың 

нарқын білетін көшелі, кісілікті, адамзаттық 

құндылықтарды 

қастерлеп, 

ұлттық 

менталитеттің  уызына  жарыған  тұлға. 



Ілиястың  «Мектеп»  пьесасындағы  «Егер 

оқу  оқысаң,  Сен  де  сондай  боласыңы» 

көкейкесті  ізгі  ниетке  суарылып,  жастарды 

сол  бақшаның  жемісін  жеп,  тұлғадан  үлгі 

алуға шақырады.

Ұланғайыр  дарын  мен  талант  иесі 

Ілияс  Жансүгіров  поэзияда  жеткен  үлкен 

жетістіктеріне  тоқмейілсімей,  кезі  келгенде 

кетпен шауып, орайы келгенде орақ орып, 

Кеңестік  қазақ  әдебиетінің  ақсап  жатқан 

жанрларына қолқабыс тигізуді басты пары-

зы санап, өзіндік қолтаңбасын қалдырғаны 

мәлім. Ниеті ақ, талабы оң болғанымен, дра-

мамен  табандап  тер  төге,  азабының  ащы 

дәмін  тата  күш-қуатын  сарқа  еңбек  етпе-

ген соң, пьесада сюжеттік, композициялық 

алымдылық,  кейіпкерлерді  сомдаудағы 

тәжірибе  тапшылығы,  оқиға  ширақтығы 

жетіспей, диалогтердегі тілдік дәлдіктердің 

олқы 


түсіп 

жататыны, 

социалистік 

идеологияның  сызып  берген  схемасы-

нан  кейде  аса  алмай  тұралап,  көркемдік 

кемшілік,  мін-мүлтіктерге  орын  беріп  ала-

тынын да айтқан жөн. Әрине, жақсы талап, 

ізгі  ниеттен  туған,  заманына  мінсіз  қызмет 

еткен  пьесаларды  «тамаша  шедевр, 

жауһар  туындының»  деңгейінен  табылма-

ды деп кінәлаудан аулақпыз. «Тоғыз қабат 

торқадан  тоқтышағымның  терісі  артық». 

Жоқтан  –  бар  жақсы,  ауыр  жүкті  көтеріп, 

ақсаған  нар  жақсы.  Ілияс  Жансүгіров 

драмаларын  өз  заманына  қызмет  еткен 

деңгейінде бағалап, оған дүлдүл ақынның 

жан жылуын құйып, биік өнер жасауға күш-

қуатын аямаған елгезектігін қоссақ, мәдени 

мұраның қадіріне жетпекпіз.


Жетісу 

университеті




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал