Үндесуі үндестік



жүктеу 174.66 Kb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата10.11.2022
өлшемі174.66 Kb.
#23676
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11-лекция
Силлабус ҚТЛФ 23, null
- бан: (мейір-бан)‚ -дар (есеп-дар)‚ білім-дар)‚ еке: (ағ(а)-екеат(а)екешеш(е)-еке‚ 
бас-еке‚ Қас-еке‚ Ас-еке‚ Құн-еке)‚ жанаға-жан‚ көке-жан‚ бал-жан‚ Сəуле-жан)‚ кент: 
(Құм-кент)‚ қар: (күнə-кар)‚ кергер (айла-кердау-герқалам-гер)‚ кеш: (арба-кеш‚ 
қара-кеш)‚ көйгөй (ақыл-гөйқас-көйбата-гөйдұға-гөй)‚ күнем: (мас-күнемпайда-
күнем‚ қас-күнем)‚ қой: (сəн-қой‚ кəсіп-қой)‚ қор: (жем-қор‚ бəле-қор‚ бейнет-қор‚ еңбек-
қордүние-қоресеп-қор)‚ мар: (тіл-марділ-мар)‚ маш: (тіл-маш)‚ нікі‚ -дікі‚ -тікі 
(бала-нікісо-нікіқала-нікідала-нікі)‚ паз: (өнер-пазəсем-пазбілім-пазкелісім-паз)‚ 
пен
‚ -бен‚ -мен (көмектес септігінің жалғауы): ат-пенқағаз-бенқалам-мен)‚ стан
(гүл-станӨзбек-станТəжік-станТүркмен-стан)‚ тал: (сезім-талтөзім-талөсім-
тал)‚ уар: (сөз-уартіл-уар)‚ хана: (кітап-ханадəм-ханаем-ханасүт-хана) 
(толығырақ…– қосымша
Сөздің соңғы буынына бағынбайтын бұл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген‚ 
немесе əлі қосымшаға айналып болмаған (сөз бен қосымшаның аралығындағы) тілдік 
элементтер деуге болады. 
Олар жиі айтылғанда ғана жуан‚ жіңішке болып ажырайды. Мəселен‚ тұрған сөзі 
алдымен тұғын түрінде (біле-тұғын‚ көре-тұғын‚ сөйлей-тұғын‚ айта-тұғын) қолданыла 
келе‚ біржола -тын‚ -тін жұрнағына айналғаны белгілі. 
Қазақ тілінде үндес сыңары жоқ жалғыз-ақ жалғау бар. Ол септік жалғау -мен‚ -пен. 
А. Байтұрсынұлында‚ оған дейінгі зерттеушілерде мұндай жалғау кездеспейді. Мұны 
алғаш рет 1936 жылы жеке кітапша болып шыққан Қ. Жұбановтың “Қазақ тілінің 
програмынан” ұшыратамыз. Осында өзімізге таныс септіктердің қатарында меңзес септеу 
(-ша‚ -ше)‚ теңдес септеу (-дай‚ -дей‚ -тай‚ -тей)‚ көмектес септеу (-мен‚ -пен‚ -бен) 
аталады жəне “Көмектес жалғаудың бөлек жазылатындығы”
1
ескертіледі. 
Көмектес септік – бертінде жазу-сызу өріс ала бастаған кезде заңдастырылған жалғау. 
Жуан-жіңішке вариант алдымен жалғауға тəн. Ол үшін тілдік элемент ауызша ұзақ 
қолданудан‚ дамудан өтуге тиіс. Ал көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де‚ 
шылау кезіндегі жіңішке қалпынан (бірлəбірлəн) ұзай алмай қалды. Кей жерлерде 
мұның - мынан‚ -бынан‚ -пынан‚ -бан‚ -пан‚ -бан түрде жуандап айтылатыны бар. 
Мұны тілдің жарасымынан іздемей‚ əдеби тілге жат құбылыс түрінде қарау кездеседі. 
Осындай таным-түсініктің салдарынан көмектес септік көп жалғаудың арасындағы 
жалғыз ала қарға күйін кешіп‚ сингармонизм сынына жауап бере алмай жүргені анық. 
Тіл үндестігіне енжар қосымшалар А. Байтұрсынұлы‚ Х. Досмұхамедұлы еңбектерінде 
елеусіз қалмаған. Халелдің айтуынша‚ “Жұрнақтар екі түрлі‚ бірі шын жұрнақ‚ екіншісі 
шала жұрнақ… Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуы керек. Шала жұрнақтар түбір 
сөзге жалғаспай сызықшамен бөлініп жазылуы керек‚”
2
– дейді. Түбірге бағынбайтындар 
– шала жұрнақ. 
Айтуда кейбір шала қосымшалардың түбірге ықпал ететіні кездеседі: сəудегер 
(саудагер)‚ жəдігөй (жадыгөй)‚ Шімгент (Шымкент)‚ Жəргент (Жаркент)‚ Тəшкен 
(Ташкент)‚ Мəңгент (Манкент). 
Жазу практикамызда сингармонизмге қарама-қайшылық та байқалады. Ережелерде 
заңдастырылғанмен‚ орфографиялық норма екінші буында ə дыбысы кездесетін сөздерге 
қосымшалар тек жуан буынды болып жалғануын қостайды. 
1
ƽáàíîâ ². ²àçຠòiëi æ¼íiíäåãi çåðòòåóëåð. 1999‚ 379-á. 
2
Äîñì½õàìåä½ëû Õ. Àëàìàí. 87-á.



Бұлай жазудың негізі қазақ тіл білімі қаз-қаз баса бастаған отызыншы жылдардың 
ортасында қаланған болатын. “Көп буынды түбірдің соңғы буынындағы дауысты 
дыбыстың а дыбысы екені не ə дыбысы екені дүдəмал болса немесе дүдəмал болмай-ақ 
анық ə дыбысы болса да‚ қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да‚ а 
мен е‚ қ мен к‚ ғ мен г-нің бірі келетін қосымшаларда а‚ қ‚ ғ жазылады. Оңайлық үшін 
ондай түбірдің соңғы буынында да ə жазылмай‚ а жазылады‚ кітап-қа (кітəпке емес)‚ 
Əлиядан (Əлиəден емес)‚ Ілиясыңа (Ілиəсіңе емес) Күлашқа (Күлəшке емес)”
3

Күнделікті баспасөзде‚ радио‚ теледидарда кінəлікінəсізшүбəлішүбəсізкүмəнді‚ 
күмəнсіз деп айту‚ жазу жиі кездеседі. Өйткені бұл сингармонизмге сай келеді. 
Сингармонизм туралы соны түсінік сөзді фонетикалық жақтан түбір мен 
қосымшаларға ажыратып қарауды құптамайды. Бұлай бөлу – грамматиканың мəселесі. 
Сөйлеу үстінде түбір мен қосымша біртұтас айтылады да‚ бірін-бірі игеріп‚ арадан қыл 
өтпестей қиюласып тұрады. 
Қысқасы‚ тіл үндестігі – тіліміздегі ең күшті дыбыстық заң. Кейбір азын-аулақ 
ауытқулар болашақта түзелуге тиіс. 
ЕРІН

жүктеу 174.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет