Үндесуі үндестік



жүктеу 174.66 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата10.11.2022
өлшемі174.66 Kb.
#23676
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11-лекция
Силлабус ҚТЛФ 23, null
 ықпал (алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпалы
/кейінді
 ықпал (кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа ықпалы
тоғыспалы
 ықпал(ілгерінді-кейінді ықпал) 
Ықпалды дыбыстар арасында ғана болатын құбылыс ретінде түсіну біржақты болады. 
Буындар да ықпалдасып тұратынын ұмытпау керек. Мəселен‚ бүгін (бұл күн)‚ əкел (алып 
кел)‚ бүйтіп (бұлай етіп)‚ белбеу (белбау)‚ сексен (сегіз он). 
Ықпалдың
 нəтижесі – игеруЫқпал игерудің бағытын байқатады. 
Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп‚ екіншісі соның ықпалына көніп‚ 
игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игеру – дəл өзіндей ету; ат-ты‚ 
кес-се‚ тарақ-қа‚ қаппен‚ ашшы (ас-шы)‚ ашша (аш-са)‚ жасса (жаз-са)‚ жүжжыл (жүз 
жыл)‚ жаш шықты (жаз шықты)‚ белбеу (белбау)‚ ышқыр (іш құр)‚ бүгін (бұл күн)‚ 
сексен
(сегіз он); ə) жартылай игеру – өзіне жуықтату – бейімдеу: ат-қа‚ кес-ті‚ ал-ды‚ 



жан-ды‚ тарақ-ты‚ қап-қа‚ ас-ты‚ аш-ты‚ жаз-ды. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола 
бермейтіні есте болуға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып‚ 
үйлесіп келеді‚ тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мəжбүр болады. 
Өзара ықпалдасатын көрші дыбыстардың бірін-бірі игерудің екі жолы бар: 1) 
айтылымымен (дауыссалдыр қатысымен) игеру; 2) жасалымымен игеру. Мұның 
біріншісін акустикалық игеру екіншісін артикуляциялық игеру деп айтуға да болады. 
Бағыттама сөздің астыңғы жағынан қойылса акустикалық‚ үстіңгі жағынан қойылса‚ 
артикуляциялық игеру екенін айтпай түсінетін боламыз.
Мысалы‚ аттың‚ атқа‚ аттан‚ қазға‚ қазды‚ ақпала (ақ бала)‚ қарағой (қара қой)‚ малға‚ 
малды –ілгерінді (ықпал)‚ акустикалық егеру;
ал ағешкі (ақ ешкі)‚ көбалма (көп алма)‚ жасса (жазса)‚ көссүз (көзсүз)‚ жүстеңге 
(жүзтеңге)‚ көгылақ (көк лақ) кейінді ‚ акуситкалық игеру;
жұмұшшұ (жұмысшы)‚ башшы (басшы)‚ жамбады (жанбады)‚ жаңған (жанған (жанған 
жоқ)‚ жүжжыл (жүз жыл)‚ тауұп (тап-ып)‚ сеуүп (сеп-іп) кейінді (ықпал)‚ 
артикуляциялық
игеру; амаңгелді‚ оңғой (он қой)‚ бешшыл (бес жыл)‚ бешшұлдұз (бес 
жұлдыз) – тоғыспалы ықпалакустика = артикуляциялық игеру; ташша (тазша)‚ 
жүшшелек кейінді акустика-артикуляциялық игеру
Буындардың арасында акустикалық игеру болмайды‚ тек артикуляциялық (тіл‚ ерін 
қатысына қарай) игеру ғана болады. Тілдің қатысына қарай ілгерінді де‚ кейінді де ықпал 
болса‚ ерін қатысына қарай тек ілгерінді ықпал түрінде игеріледі. 
Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы 
(яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбыс) кейінгісіне (яғни кейінгі морфеманың басқы 
дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп‚ өзіне бағындырып тұрады. 
Мұндайда дыбыстардың күшті не əлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне 
байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан‚ əрқашанда да басқа дыбыстарға 
ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты 
үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысты жағынан əлсізі – үнсіз 
дауыссыздар. Сөйте тұра‚ қатаңдар мен ұяңдар əсте тіл табыса алмайды. Қатар келгенде 
кейде ұяңдар қатаңданып‚ кейде қатаңдар ұяңданып кетуге мəжбүр. 
Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы 
жағынан əрқашанда тəуелді етіп‚ игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы 
қасиеті қатты ескеріледі. 
Күшті дыбыстар əлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете 
береді: қабы (қап-ы)‚ тарағы (тарақ-ы)‚ күрегі (күрек-і).
Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. 
Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады. Жаңған (жан-ғанжамбады (жан-
бады)‚ ашшы (асшы)‚ ашша (ашса– артикуляциялық игерудің нəтижесі. 
Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала 
ыңғайласып‚ үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға 
қарағанда‚ сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. 
Игерудің күштісі де‚ жиі кездесетіні де акустикалық игеру. Алмасудың дені осыған 
байланысты болады. 
ТІЛ

жүктеу 174.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет