Үндесуі үндестік



жүктеу 174.66 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата10.11.2022
өлшемі174.66 Kb.
#23676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
11-лекция
Силлабус ҚТЛФ 23, null



ДЫБЫСТАРДЫҢ
 ҮНДЕСУІ 
 
ҮНДЕСТІК
 ЗАҢЫ 
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті 
мəселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты 
білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға жəне түсінуге болады. Олай болса‚ 
тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар жəне дауыссыздар деп бөлу‚ оларды сан жəне сапа 
жағынан айқындау‚ əр дыбысқа тəн белгі-қасиеттерлі мұқият оқып‚ үйрену – алдымен 
осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын‚ сипатын білуге‚ айқындауға қажетті 
бірден-бір тетік‚ кілт деп қараған жөн. 
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен 
дыбыстардың өзара үйлесуі‚ яғни тілімізге тəн‚ өзімізге мектептен таныс‚ негізгі үндестік 
заңдар мынадай болып келеді: 
1.
Түбірдің соңғы буыны жуан болса‚ оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды 
болады: мал-шы-лық-та‚ ал-ды-рың-дар‚ институт-тар-дың‚ қала-лық-тар-ға‚ республика-
мыз-дың‚ жылқы-лар-ымыз. 
2.
Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса‚ оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке 
буынды болып келеді: мек-теп-тер-ің-ді‚ кел-тір-ің-дер‚ университет-ім-ді‚ пионер-лер-
дің‚ қате-лік-тер-ді‚ мұғалім-дер-ге. 
3.
Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса‚ оған жалғанатын қосымшалар ұяң 
не үндіден басталады: бала-лар‚ бала-ға‚ бала-да‚ бала-мен‚ жел-дің‚ жел-ге‚ жел-мен. 
4.
Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса‚ қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар‚ қаз-ға‚ 
жез-ге‚ жез-ді‚ мұқтаж-дық‚ уəж-дер‚ уəж-ге‚ уəж-ді‚ уəж-ден. 
5.
Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса‚ қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа‚ 
мақсат-тан‚ мақсат-пен‚ университет-те‚ университет-пен. 
Бұл заң əсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал 
жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады. 
Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке‚ сондай-ақ бірыңғай еріндік не езулік 
буынды болып‚ араларында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-
артикуляциялық жақтан бейімделіп‚ үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе 
үндестік

жүктеу 174.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет