Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған



жүктеу 1.14 Mb.

бет1/12
Дата17.01.2017
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №10 (1245)          4

 наурыз 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер 

күні мерекесіне орай өткізілетін әуезді де 

әсерлі кештің куәсі болуға шақырамыз.                       

2015 жылдың 8 наурызында орталық 

«Достық» алаңында кешкі сағат                18-

00-де қазақ эстрада жұлдыздары Қайрат 

Түнтеков пен Серік Ибрагимов Тараздың 

сұлуларына арнап концерт қояды. Күтеміз! 

Қапы қалмаңыздар!

Құрметті Тараз қаласының 

тұрғындары мен қонақтары! 

 Наурыз

Мен қазақтың қызымын: арға тұнған,

Ағыстарда жақұтым жарға атылған.

Қарағайын сыңсытқан қара ормандар,

Менің қара бұрымым тарқатылған.

 

Барлық аналар мен қыз-келіншектерді 

көктемнің мейір-шапағаты мол мерейлі 

мерекесі – 8 наурыз  Халықаралық әйелдер 

күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ел 

алдында Сіздер – ұстаз, дәрігер, инженер, 

кәсіпкерсіздер, ал отбасында – аяулы ана, 

асыл жар, шаңырақтың шаттығы, айнымас 

доссыздар. Өмірдің қай саласы болмасын 

игілікті істерге қыз-келіншектер белсене 

араласып, іскерлік танытып келеді. 

Көпұлтты  Қазақстан  халқы  алдында 

мәртебелі  міндеттер  тұр.  Мемлекет 

басшысының әрбір Жолдауында ана мен 

балаға деген қамқорлықтар көлемі жыл 

сайын артуда. Біз үшін адам денсаулығы, 

оның ішінде ана мен баланың саулығы 

бәрінен  қымбат.  Тіршіліктің  тұтқасы, 

қоғамдағы құт-берекенің бастауы да ана-

лар. Ана – сабырдың ордасы, қуаныштың 

ортасы,  қанағаттың  үлгісі,  татулықтың 

тірегі. 


Бүгінгі таңда еліміздің әл-ауқаты тұрақты 

дамуда. Оның жарқын мысалын Елбасы-

мыз  «Тарихымыздың  алтын  діңгегі»,  – 

деп атап көрсеткен, Қазақ елінің ең көне 

де  көркем  қаласы  Тараздан  да  айқын 

көруге болады. Алдыңғы толқын ардагер 

аналарының  өнегелі  істерін  лайықты 

жалғастырып, ауылшаруашылығы өндірісі 

мен өнеркәсіп орындарында, шағын және 

орта  бизнес  салаларында,  денсаулық, 

өнер-білім, мәдениет ордаларында еңбек 

көрігін қыздырып жүрген әйел азаматтар 

біздің  өңірімізде  де  көптеп  саналады. 

Аймақтағы  мемлекеттік  басқару  сала-

сында табысты еңбек еткен көшбасшы 

ардагерлерімізді әрқашан мақтан тұтамыз. 

Қасиетті  Әулиеата  атын  әлемге  таны-

тып  жүрген  спортшы  қыздарымыздың 

жетістіктері көңіл қуантады. 

Ардақты  ханымдар!  Егемен  еліміздің 

игілігін еселеу жолындағы еңбектеріңізге 

жеміс пен жетістік, дендеріңізге саулық, 

отбасыларыңызға  амандық  пен  бақ-

береке тілеймін. Көктем күніндей шуақты, 

жарқын да жайдары шақтарыңыз мол бол-

сын. Мерекелеріңіз құтты болсын!



Нұржан Календеров,

Тараз қаласының әкімі

      

Мерекелеріңізбен!

Ардақты аналар!

Қадірменді апалар, 

әпке-қарындастар мен 

замандастар!

ҚАлА-ҚАрБАлАС

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №10 (1245),  4 нАурыз  2015 Жыл



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Акцияның  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  болар 

игі бастамасының бірі –  Ұлы Отан соғыс 

ардагерлерінің 2045 жылы Ұлы Жеңістің 

100  жылдығына,  яғни  болашақ  ұрпаққа 

аманат Жолдауы жазылған арнайы кап-

сула  әр  ауданға  жеткізілген  еді.  Шара 

бастау  алғанда  ардагерлердің  Жолдауы 

жазылған қағазды капсулаға салу құрметіне 

ҰОС  ардагері  уәтай  Әжібаев  ие  болған. 

Бұл  Жолдау  болашақ  ұрпаққа  Жеңістің  

маңызын  түсіндіріп,  ұлы  халқымыздың  

ерлігін сақтау естелікті, ұрпақтар байла-

нысын сақтауға бағытталған. Осылайша, 

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің болашақ 

ұрпаққа Жолдауы салынған капсуланы қою 

рәсімі  Б.Момышұлы  атындағы  «Жеңіс» 

саябағында  өтіп,  іс-шараға  мемлекеттік 

қызметкерлер,  «нұр  Отан»партиясы 

облыстық  филиалы,  Ұлы  Отан  соғыс 

ардагерлері және ҮЕҰ, облыстық Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы,  «Оңтүстік»  өңірлік 

қолбасшылығының  өкілдері  қатысты. 

Салтанатты  шара  алдымен  Бауыржан 

Момышұлы ескерткішіне гүл қою рәсімімен 

басталды.  Жиында  сөз  алған  облыс 

әкімінің  орынбасары  Ерқанат  Манжуов 

Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлеріне  ыстық 

ықыласын жеткізе келе, екінші наурыздан 

бастап «Жеңіске дейін 70 күн» атты есеп 

басталатынын  атап  өтті.  Осы  шараның 

негізінде  алдымен  ескерткіштерді  қайта 

жөндеп, жан-жағына абаттандыру шарала-

ры жүргізілетінін баса айтты. Бұл бастама 

«Ұлы Жеңіске -70 жыл -70 қайырымдылық 

іс» айлығы аясындағы патриоттық акцияға 

ұласады. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын, 

қоғамдық  ұйымдарды  және  жастарды 

сауапты іс жасауда белсенділік танытуға 

шақырды. «Ерлікті жасау – бір ерлік,  оны 

дәріптеу – мың ерлік» деп ойын түйіндеген 

Ерқанат нұрбапаұлы кейінгі ұрпақтың ба-

сты борышы - ардагерлерге құрмет көрсету 

екенін  басты  назарға  алды.  Мұнан  соң 

Қр  Қарулы  Күштерінің  ардагері  Мадияр 

Мұқашев сөз алып, осындай маңызы бар 

шараны  ұйымдастырғаны  үшін  облыс 

басшылығына  алғысын  жеткізсе,  облыс 

жастары  атынан  М.Х.Дулати  атындағы 

ТарМу студенті, жас ақын Айбек Кадра-

лиев  ардагерлерге  арнау  өлеңін  оқыды. 

Сонымен қатар ескерткіш жанына шырша 

отырғызылып,  болашақ  ұрпаққа  аманат 

етілген капсула көмілді. Капсула көмілген 

жерге  «Ұлы  Жеңістің  100  жылдығында, 

2045 жылы капсуланы ашып, Жолдауды 

оқу үшін» деген мәтін мәрмәр тақтасына 

қашалып жазылды. Ал капсуладағы Жол-

дауды фундаметке салу құрметін облыстық 

ардагерлер кеңесінің  төрағасы, Ұлы Отан 

соғысының ардагері, Жамбыл облысының 

Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребеков 

ие болды. Ал шараға қатысушы тараздық 

жастар аталардың аманатына адал болуға 

ант етті.   

Арсен БАЙЗАҚ

Осыған  облыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат 

Манжуовтың төрағалық етуімен өткен жиында маңызы 

терең, мәні зор осы шараны өткізу мен ұйымдастыру 

мәселесі сөз болды.

«Бүгінде  облыс  көлемінде  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының жылына арналған іс-шаралар басталып, 

белсенді жүргізілуде. Мерейтойлық шараларға облыстың 

барлық аудандары атсалысуда. Биылғы 6 ақпанда біз 

Ассамблея жылының бастау алуына арналған синхрон-

акцияны да жақсы өткіздік. Барлық аудандарда бұл 

іс-шараға тұрғындардың үлкен бөлігі қамтылды. Осы 

жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, аянбай атсалысқан 

барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Алдымыздағы 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 ізгі іс» республикалық 

эстафетасы да бізден осындай үлкен ұйымшылдықты 

талап  етеді»  -  деді  Ерқанат  нұрбапаұлы.  Алматы 

қаласының басшылығы 1 наурыз күні «Тайқазанды» 

жамбылдық делегацияға салтанатты түрде табыс етті. 

Осы күні кешкісін эстафета қатысушылары Қордай 

ауданына атбасын бұрып, 2 наурыз күні Мойынқұм, Шу, 

Меркі өңірлерінде болды. Сөйтіп, Т.рысқұлов, Байзақ, 

Жуалы аудандарында болып, бүгін 4 наурызда Сарысу, 

Талас, Жамбыл аудандарын аралап, 6 наурызда Тараз 

қаласына келіп тоқтайды.

–  Эстафетаның  басты  міндеті  –  ең  алдымен 

тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне жәрдемдесу, жақсы 

істер атқару. Барлық жерде аз қамтылған азаматтардың, 

мүгедектердің тізімін жасап, ірі кәсіпкерлермен бірге 

жұмыс  істеген  жөн.  Мүмкін  біреуге  тоңазытқышын 

жөндеп беру керек шығар. Бір тұрғынның үйінің шаты-

рынан су ағып жатқан болар. Енді бірі есігінің алдындағы 

қоқысты шығарып беруге көмек сұрар. Осының бәрін 

креативті тұрғыда ойластыру керек. «20 ізгі іс» ұғымы 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 

символикалық үлгіде таңдалып алынған. Бұл шара 

аймақта жыл бойы жалғасатын болады, – деді облыс 

әкімінің орынбасары Е. Манжуов.

Эстафета  аясындағы  шаралар  Тараз  қаласында 

қорытындыланады. 6 наурыз күні «Тайқазан» Алматы 

облысының делегациясына тапсырылуы керек. Жиын 

барысында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке, 

облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы 

Бар мәселе 

назарда ұсталады

 

„



1 наурыз – «Нұр Отан» 

партиясының құрылған күні. 

1999 жылы «Отан» деген 

атаумен өмірге келген партия 

осы жылдар аралығында 

еліміздегі ең ықпалды, беделді 

әрі жетекші саяси құрылымға 

айналып үлгерді.



Ерман ӘБДИЕВ

«нұр Отан» партиясының құрылу күніне орай 

еліміз бойынша бірыңғай «Ашық есік күні» шарасы 

өтіп, «нұр Отан» партиясы облыстық филиалының 

төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев фили-

ал ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді. 

Қабылдауда алдымен Ұлы Отан соғысының 

ардагері Павел Плугиннің өтініші қаралды. Май-

дангер денсаулық жағдайына байланысты келе 

алмаған. Дегенмен де, ардагердің тұрғын үйінің 

қабырғаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу 

туралы өтініші назарға алынып, облыс басшысы 

қала әкімі нұржан Календеровке тиісті тапсырма 

берді. Сарысу ауданындағы Жаңаталап орта 

мектебінің мұғалімі Дәмеш Тілеуова төрт бірдей 

баласының өз мамандықтары бойынша жұмысқа 

орналасуға ықпал етуді сұрады.Ұстаз-ана өзі 

шалғай ауылда жұмыс істегенімен, балалары об-

лыс орталығында тұрады екен. Кәрім нәсбекұлы 

бұл мәселені де қала басшысына тапсырды. 

Өтініштің орындалуы тікелей өзінің бақылауында 

болатынын айтты. М.Х.Дулати атындағыТараз 

мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі 

Манат Тілебаев Байзақ ауданындағы құс фабрика-

сы қалдықтарын пайдалана отырып, экологиялық 

таза тыңайтқыштар мен жылу, электр энергиясын 

өндіруге субсидия беруді өтінді. Сол сияқты, 

Жамбыл ауданындағы «Алтын бұлақ» шаруа 

қожалығының жетекшісі Әбдірахим Қуанышбаев 

ойында жүрген агротуристік кешен құрылысына 

мемлекеттік  бағдарламалар  аясында  несие 

берілсе деген ниетін жеткізді. Облыс басшысы 

бұл жобалардың тиімділігін зерделеу керектігін, 

егер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 

пайдасы тиетін болса,  қолдау көрсетілетінін 

айтты. Бұл бағытта облыс әкімдігі кәсіпкерлік 

және  индустриалды-инновациялық  дамыту 

басқармасына тиісті тапсырма жүктелді. Сондай-

ақ, осы күні партия филиалының, Тараз қаласы 

әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Тараз» ЖШС, 

М.Х.Дулати атындағы ТарМу ғимараттарында 

республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы 

аясында халықпен кездесу, қоғамдық қабылдау 

шаралары өткізілді. Көптің мүддесін көздеген 

акцияға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Ман-

жуов, облыстық әділет департаментінің басшыла-

ры, жеке нотариустар мен адвокаттар қатысып, 

тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға 

жауап берді.

АрдАгерлер АмАнАты

АрдАқтАлды

 

„



Осыдан бір ай бұрын өңірде облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 

«Жеңіске тағзым!» акциясы бастау алған болатын. Осы шара аясында 

аудандарды аралап қайтқан «Қамқорлық және денсаулық» автокеруені 

облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына тоқтап

аймақтағы ардагерлердің болашаққа аманаты ұлықталды.

«Тайқазан» Таразға келеді

 

„



Түркістан қаласынан бастау алған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы наурыз айында Жамбыл 

жерінде жалғасын табуда. Біздің облысымыз эстафетаның басты символы - «Тайқазанды» Алматы қаласынан қабылдап алды. 

рахия Тұрмаханбетова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының 

басшысы лариса лысова, облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы Көсемәлі 

Сәттібайұлы, Тараз қаласының әкімі нұржан Календеров, тағы да басқа азаматтар 

өз ойларын ортаға салды.



ҚАлА-ҚАрБАлАС

3

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №10 (1245),  4 нАурыз  2015 Жыл



Ерман ӘБДИЕВ

Тараз  қалалық  мәдениет  үйінде  «нұр 

Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының 

кезектен тыс ХІV конференциясы өтіп, оған 

бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 

186  делегат  қатысты.  Конференция 

жұмысына «нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы  төрағасының  орынбасары 

Шәбден  Тілеумұрат  қатысып,  жиынды 

қалалық филиалдың төрағасы, қала әкімі 

нұржан  Календеров  жүргізді.  Онда  күн 

тәртібіне  партияның  қалалық  филиалы 

тарапынан  атқарылған  жұмыстары  мен 

алда тұрған міндеттемелері қаралып, «нұр 

Отан» партиясының төрағасы нұрсұлтан 

назарбаевты Қр Президенттігіне кандидат 

етіп ұсыну, облыстық филиалдың кезектен 

тыс  ХV  конференциясына  делегаттар 

сайлау мәселесі шығарылды. Қала әкімі 

нұржан  Календеров  есепті  кезеңде 

атқарылған жұмыстың мазмұнын тарқатты.

-    Бүгінде  барша  қазақстандықтардың 

сенімді  серігіне  айналған  «нұр  Отан» 

партиясы,  партия  Төрағасы  нұрсұлтан 

Әбішұлы назарбаевтың ел мүддесі үшін 

жүргізген саясатын алға апарушы, еліміздегі 

ең  іргелі  саяси  құрылым  биігінен  көрініп 

жүр. Ал, Елбасы тізгінін ұстап, төрағалық 

ететін «нұр Отан» партиясының ең басты 

мақсаты  –  Ұлт  Тәуелсіздігінің  айшықты 

тірегі болу және көпұлтты халқымыздың 

әл-ауқатын  нығайта  түсу  болып  табы-

лады.  нұрлы  болашаққа  жол  бастаған 

«нұр Отан» - халқының қамын, жұртының 

мұқтажын, жастардың болашағын әріден 

ойлаған саяси күш екені баршаға аян. Мем-

лекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың 

«Бүгін  біз  барлық  жоспарларымыз  бен 

міндеттерімізді  елді  2050  жылға  дейін 

дамытудың  стратегиялық  жоспарының 

басты  қағидаларымен  сәйкестендіруіміз 

қажет. Бұл біздің басты даму жолымыз және 

болашақтағы жетістіктеріміздің кепілі» деген 

ұлтын жігерлендірген қанатты сөзі өзінің 

мәні  мен  мағынасын  ешуақытта  жойма-

сы анық. Сондықтан, алдымызда партия 

ұйымдарының жұмысын сапалы жаңа биікке 

көтеру міндеті тұр. Партия Көшбасшысының 

2013 жылы «нұр Отан» партиясының ХV 

съезінде берген тапсырмасына сәйкес пар-

тия қызметін қайта форматтау жұмыстары 

2014  жылы  ойдағыдай  аяқталды. 

Партияның  барлық  жұмысы  Елбасының 

Мемлекеттік  саясатына  сәйкес,  Бірлік 

пен  қоғамдағы  Тұрақтылықты  нығайтуға 

бағытталды. Бұл біздің «нұр Отан» парти-

ясы Доктринасындағы құндылықтарымыз 

бен  қағидаларымызға  сай  келеді.  Ел-

басы  нұрсұлтан  назарбаевтың  2014 

жылдың қарашасында Қазақстан халқына 

арнаған  Жолдауы  бүгінде  ел  дамуын 

айқындаған  тарихи  құжатқа  айналды. 

Мемлекет  басшысының  «нұрлы  жол» 

деп бағаналы іске бастау, алдымыздағы 

қызметімізге арқау болып отырған Жолдауы 

саяси және экономикалық тұрғыдан алғанда 

өзінің шынайылығымен, әрі  нақтылығымен 

ерекшеленіп  отыр.  Бүгінгі  күні  қалалық 

партия  филиалы  62  бастауыш  партия 

ұйымдарында 14861 партия мүшесін ба-

сын біріктіріп отырған облысымыздағы ең 

іргелі саяси ұйымдардың бірі. Бүгінгі күні 

партия филиалындағы қоғамдық қабылдау 

бөлмесі мен «Электрондық партия» базасы 

арқылы тұрғындармен пәрменді кері байла-

ныс арнасы жөнге қойылған. Өткен жылы 

қалалық  партия  филиалында  қалалық 

мәслихат депутаттары, мемлекеттік және 

құқық  қорғау  органдарының  басшылары 

өткізген 135 қоғамдық қабылдауларға 328 

азамат  өтініш-тілектерін  айтса,  648  аза-

мат жазбаша өтініштерімен қайырылған. 

Өтініштердің 200-ден астамы оң шешімін 

тапты.  Мәслихат  депутаттары  қашанда 

халық пен билік арасындағы алтын көпір. 

Партия  Тараз  қалалық  мәслихатындағы 

депутаттық  фракциясының  отырыста-

рын тұрақты түрде өткізіп, онда қалалық 

бюджеттің, әлеуметтік маңызды мемлекеттік 

бағдарламалардың орындалуына жауапты 

партия мүшелері – мемлекеттік органдар 

басшыларының есептерін тыңдау тәртібі 

қалыптасты. Жылдан-жылға мәслихаттағы 

депутаттық  фракциясының  рөлі  артып 

келеді. Өздеріңізге белгілі биылғы жылы 

«нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі 

Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық 

фракциясы  туралы  Ереже»  бекітілді. 

Депутаттық фракция мүшелерінің белсенді 

бастамаларын  қолдап,  озық  тәжірибе 

ретінде кеңінен насихаттау - уақыт талабы. 

Партия  лидері  жастарды  туған  От-

анын құрметтеуге, мемлекеттің тұтастығын 

сақтауға,  ұлтаралық  және  дінаралық 

қақтығыстан  аулақ  болуға,  еңбек  пен 

білімнің  қадірін  бағалауға,  ана  тілін 

ардақтап,  мемлекеттік  тілдің  қолданыс 

аясын кеңейтуге шақырды. Тараз қалалық 

«Жас  Отан»  Жастар  қанаты  қаладағы 

жоғары және орта арнаулы оқу орындары-

мен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.  

Қазіргі таңда «Жас Отан» жастар қанатының 

19  бөлімшесі  2674  белсенді  жастардың 

басын біркітіріп отыр. Олардың  399 пар-

тия  мүшелері  болып  табылады.  Барлық 

іс-шаралар Кеңес отырысында бекітілген 

желілік  кесте  мен  «Жас  Отан»  жастар 

қанаты  жобалары  аясында  іс-шаралар 

жоспарына сәйкес өткізілуде. 

Тараз қаласында тұратын 127  Ұлы Отан 

соғысы  ардагерлеріне  бастауыш  партия 

ұйымдары  мен  саяси  кеңес  мүшелері 

бекітіліп, қамқорлыққа алынды. Ұлы Отан 

соғысы ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы 

кезінде тылда еңбек еткен ардагерлердің 

тұрмыс-жағдайлары  зерделеніп,  сауал-

намалар  толтырылды.  Сонымен  қатар 

200 жуық еріктілер ардагерлерге бекітіліп, 

олардың үй-тұрмысына тұрақты қолғабыс 

жасауда. 2015 жыл – біздің партия үшін және 

бүкіл еліміз үшін өте жауапты жыл болғалы 

тұр.  Мемлекет  басшысымен  әлемдік 

дағдарыс кезінде елдің ары қарай нәтижелі 

дамуына жағдай жасайтын «нұрлы Жол» 

ауқымды  бағдарламасы  бастау  алды. 

Партияның  ұйымдық  негізін  құрайтын 

ол - Бастауыш партия ұйымы. 2015 жыл 

Орталық партия аппаратының шешімімен 

«Бастауыш партия ұйымдарының жылы» 

деп  жарияланды.    Сондықтан  белсенді 

азаматтардың басын құрайтын Бастауыш 

партия ұйымдары көпшілік халықпен тікелей 

байланысты қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ,  биылғы  жылы  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы 

және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

20 жылдығы кең көлемде аталып өтпек. 

Алдымызда  маңызы  зор,  мәртебесі 

биік, үлкен саяси науқан күтіп тұр. Ол – 

Қазақстан  республикасы  Президентінің 

кезектен  тыс  сайлауы.  Бұл  –  еліміздің 

өркендеуі, мемлекетіміздің тұрақты дамуы 

жолындағы  атқарылған  ұлы  істерді  ары 

қарай жалғастыруға бағытталған үлкен са-

яси науқан. Осы тұста тарихы терең Тараз 

қаласының тұрғындары, оның ішінде партия 

мүшелері үлкен белсенділік көрсетеді деп 

сенемін, - деді нұржан Сәбитұлы. Бұдан 

кейін  сөз  алған  облыстық  туберкулезге 

қарсы диспансерінің бас дәрігері, партияның 

қалалық филиалы жанындағы Жемқорлыққа 

қарсы әрекет жөніндегі кеңесінің төрағасы 

Қайрат  Жетібаев  алдағы  облыстық  кон-

ференцияда  күн  тәртібіне  «нұр  Отан» 

партиясының  төрағасы  нұрсұлтан  на-

зарбаевты  Қр  Президенттігіне  кандидат 

етіп  ұсыну  мәселесін  шығару  жөнінде 

ұсыныс түсірді. Делегаттың бұл ұсынысын 

№1 гимназия директоры, партия қалалық 

филиалының Саяси кеңесінің мүшесі ләззат 

Қызылғұлова,  «Жаңа  Жамбыл  фосфор 

зауыты»  бастауыш  партия  ұйымының 

төрағасы Арман Қарағалиев,  «нұр Отан» 

партиясы қалалық филиалы «Жас Отан» 

жастар қанатының мүшесі, делегат Мари-

на устинова да қолдады. Алқалы жиынды 

қорытындылаған  «нұр  Отан»  партиясы 

облыстық филиалы төрағасының орынба-

сары Шәбден Тілеумұрат алда ауқымды 

науқан тұрғандығын алдыға тартып, барлық 

шарада  тараздық  «нұротандықтарды» 

белсенді  болуға  шақырды.  Жиында 

күн  тәртібіндегі  мәселелер  толығымен 

қаралып,  тиісті  қаулылар  қабылданды. 

Сондай-ақ, «нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалының кезектен тыс ХV конферен-

циясына  76  делегаттың  тізімі  ұсынылып 

сайланды.

ел сенімі  еңселі

 

„



Күні кеше «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен 

тыс ХІV конференциясы өтіп, тараздықтардың қатарынан облыстық 

филиалдың кезектен тыс ХV конференциясына 76 делегат сайланды.

Құрметті арулар!

Аналар, қыз-

келіншектер!

Сіздерді көктем айының алғашқы күндері кел-

ген шырайлы мереке – Халықаралық әйелдер 

күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктем  айында  табиғат  ана  жаңа  күйге 

еніп,  түрленеді.  Жаңа  күш  алады.  Осы  бір 

табиғаттың  ерекше  кезіндегі  арулардың 

мерекесі де Сіздерді ерекше бір күйге бөлейтіні 

анық.  Бүгінде  әйелдердің  қоғамдағы  орны 

ерекше.  Сіздер  барлық  салада,  әлеуметтік, 

экономикалық, саяси және мәдени салада өз 

қолтаңбаларыңызды қалдырып үлгердіңіздер. 

Еліміздің  демографиялық  өсіміне  де  елеулі 

үлес қосып отырсыздар.

Елбасы, нұрсұлтан Әбішұлы: «Жер бетіндегі 

жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының 

бәрі  де  ана  сүтімен  тарайды»  деген  бо-

латын.  Бұл  қағида  -  өміршең  қағида.  Әже, 

апаларымыздың  бойынан  тараған  асыл 

қасиеттердің  барлығы  бүгінгі  буын  –  қыз-

келіншектердің бойынан табылады.

Жыл  өткен  сайын,  елімізде  әлеуметтік 

сала дамып келеді. Ал сол әлеуметтік сала-

да негізінен нәзік жанды арулар еңбек етеді. 

Еңбек  көрігін  қыздырған  аруларымыздың 

сол салалардың мол табысқа жетуіне қосып 

жүрген үлесі зор. Әр отбасының шаңырағының 

шаттығын кіргізіп отырған қыз-келіншектердің 

әрқайсысы  бір-бір  отбасының  шамшырағы, 

ерінің ақылшысы, балаларының қамқор анасы.



Ардақты арулар!

Халықаралық  әйелдер  күнімен  құттықтай 

отырып, отбасыларыңызға жақсылық, амандық 

тілеймін!  Көктемнің  күніндей  жүздеріңізден 

күлкі кетпесін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балабек НАРБАЕВ,

Тараз қалалық мәслихатының 

хатшысы


ШАңырАҚ

4

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №10 (1245), 4 нАурыз 2015 Жыл 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал