Насыр ал фараби VI



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/16
Дата09.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 

Мазмұн  
Әбу Насыр Әл-Фараби VІ 
1 - ҒЫЛЫМ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
2 - ВАКУУМ ТУРАЛЫ МАҚАЛА*1 - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
3 - ЖҰЛДЫЗДАР ҮКІМДЕРІНДЕГІ НЕНІҢ ДҰРЫС ЖӘНЕ НЕНІҢ БҰРЫС ЕКЕНДІГІ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ2 - АБУ 
НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
4 - АДАМ [МҮШЕЛЕРІ] ЖАЙЫНДА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
5 - АДАМ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГАЛЕННІҢ АРИСТОТЕЛЬМЕН КЕЛІСПЕУШІЛІГІНЕ ҚАРСЫЛЫҚ 
ЖАЙЫНДА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
6 - ЖАНУАРЛАРДЫҢ ДЕНЕ МҮШЕСІ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
7 - ҒЫЛЫМДАР ТІЗБЕГІ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
8 - «ӘЛМАГЕСКЕ» ҚОСЫМШАЛАР КІТАБЫ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
9 - ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРДІҢ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙІ ТУРАЛЫ РУХАНИ ӘДІС-АЙЛАЛАР МЕН БОЛМЫСТЫҚ 
ҚҰПИЯЛАР КІТАБЫ /1/. - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
10 - (ДӨҢГЕЛЕКТІҢ) ОРТАСЫН БӨЛУ ТУРАЛЫ /5/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
11 - (ДӨҢГЕЛЕКТІҢ) ОРТАСЫН БӨЛУ ТУРАЛЫ /5/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  
 
12 - ЕВКЛИДТІҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ БЕСІНШІ КІТАПТАРЫНЫҢ КІРІСПЕЛЕРІНДЕГІ ҚИЫН ТҰСТАРЫНА 
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI -  
 
13 - БЕСІНШІ КІТАПТАН - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI -  
 
14 - TYCIHIKTEMEЛEP - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI -  
15 - ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МЕН МАТЕМАТИКА БОЙЫНША АРАБША-ҚАЗАҚША СӨЗДІГІ - АБУ 
НАСЫР АЛ - ФАРАБИ VI –  

ҒЫЛЫМ 
(математика және жаратылыстану) 
ХИМИЯ ӨНЕРІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ 
Бұл кітапта мен бұл өнердің қажеттілігін атап өтіп, ол қандай жолмен дәлелденетінін және 
бұл өнерді зерттеушілердің жіберген қателіктерін көрсетуді мақсат етіп қойдым. 
Бұл өнердегі жаңылысушылар екі түрге бөлінеді: біріншілері оны жоққа шығарады және 
бұрмалайды, екіншілері мойындайды, бірақ оның мүмкіндігін арттырады. Екеуі де 
қателеседі. Менің ойымша, бұл өнерді сипаттаушылар өз дәрежелеріне тең келетін 
ақылды адамға ғана түсінікті болатын құпия мән беруге тырысты. Бұл өнерді түсіндіру 
үшін олар кейде ақиқат, кейде өтірік айтатын поэтикалық сөзді пайдаланды. Олардың 
[сөзін] түсінбейтіндер не ойлайды, олардың бұл өнер туралы ойлары анық 
болмағандықтан ол жайында ешқандай білім алу мүмкін емес. Онан әрі олардың 
ақиқатқа жақын ойларында өлең жолдарының ұқсастығына сай келмейтін сөздер толып 
жүр, соның салдарынан бір пікір екіншісін түсініксіз етеді, сондықтан бұл өнерді 
зерттеушілердің ойында абыржу, шатасу және бір көзқарастан екіншісіне ауысу 
басталады. Мәселені түсіндіруге арналған адамдардың ұғымына сай келетін мәселені 
түсіндіру үшін мұндай сөздер жасалғанмен, адамдардың бұл белгілердің, символдардың, 
идеялардың ішкі мағынасын өздерінше ұғынуына мүмкіндігі болмады. Осыдан 
адамдардың астарлы сөзбен жазылған бұл өнерді түсінбегенін білуге болады, өйткені 
мұнда жалпыға белгілі сөздермен айтылғанмен, ол өнер бірден түсініп кетуі қиын және 
толық дәлелдеуге де келмейтін түсініксіз өнер, сондықтан ұқсас бөліктері бар күрделі 
денелерді, яғни минералдарды қарастыратын физика саласы әзірше белгілі болғанша 
толық түсінік алуға да болмайтын физиканың бір саласы болып табылады. Ал оны тану тек 
логика өнерімен және бұл салаға жол салған физика өнерімен толық танысқанда ғана 
мүмкін болады. 
Астарлы сөздермен жазуға түрткі болу себебі - олардың бұл жағдайды түсінуінде және 
егер олар астарлы сөзге жүгінбесе, онда халық пен мемлекетке көп зиян келтіретін еді. 
Аса зейін қойып қарастырсақ түсінікті де, егер надан адамдар бұл өнердің күшін білген 
болса, онда ешқашан саяси бірігу болмас еді, алтын мен күміс пайдаланылмас еді, 
айналымда басқа қымбат металға мұқтаж болар еді. Халыққа алтын мен күмістің орнын 
басатын басқа металл жоқ екені белгілі, ал егер табыла қалса, онда сол екі металға тән 
белгілер оған дәлел болар еді. Сондықтан өз кітаптарында олар [ғалымдар] бұл өнердің 
іс-әрекеті жайлы ештеңе айтпайды. Олар халыққа оқытып, таратуға тырыспады, тек 
білімге деген зердесін оятқысы келді, өйткені мұндай мәселелер ең алдымен адамды 
қызықтырады. Олар білім алуға деген күшті шақыра білді. Кімде кім парасатты ойлай 
білсе, толық білім мен сынға ұшырамаған бақытқа кенеледі. Бұл жағдайда бұл өнерді 
меңгергеннен гөрі философияны меңгергені үшін қуанады, өйткені кейбір кішігірім 
мәселелер күрделі мәселелердің әсері болуы мүмкін. 
Жоғарыда айтылғандардан бұл өнердің іс-әрекеті тек мұқият зерттеуден, минералогияны 
тану мен бұл ғылым саласында ең анық білімге жетуден тұратыны анық. Демек, оны 
философиядан кейін ғана оқып білу керек. Кімде кім бұған қол жеткізгісі келсе, онда 
шексіз даналық пен адамға заттардың ақиқат жағдайын және бұл өнердің негізгі мәнін 

танытуды үйрететін философияның түрлі салаларын меңгеруі керек. Мұны ұғынуға тек 
философ қана қабілетті. Егер бұл өнерді философ емес адам меңгерсе, онда бұл әлемде 
сұмдық болуы мүмкін. Егер сен ғалымдардың кітаптарын мұқият қарайтын болсаң, онда 
олардың бұл өнерді үйренуді математика мен физикадан бастау керек деп есептейтінін 
білесің. 
«Минералогияда» Аристотель бұл өнерді қисынды салаға жатады деп түсіндіреді, бірақ 
мұндай өзекті тіршілік ету өте қиын болады, тек түрлі жағдайлар, атап айтқанда
ізденушіге бақыт қонып, барлық физикалық ғылымды меңгерсе және бұл өнердегі 
даналардың рәміздерін түсінсе ғана оның тіршілігі жеңілдейді. 
Аристотель бұл кітабында мәселені алдымен силлогизммен дәлелдеп, одан бекерге 
шығарып, диалектикалық тәсілді пайдалана отырып қарастырған. Ол қайшылықты 
арттырып, содан кейін барып бұл кітаптың басында түсіндірілген екі алғышарттан тұратын 
силлогизммен дәлелдеді. Бірінші алғышарт отқа жанбайтын, тек балқитын алтын, күміс 
және басқа да қымбат металдар - барлығы біртекті. Ал олардың ерекшелігі формасында 
емес, маңызды және кездейсоқ акциденциясында. Екінші алғышарт: кез-келген біртекті 
екі зат акциденциямен ерекшеленеді және оның кез-келгенін басқа затқа айналдырып 
жіберуге болады. Егер акциденция маңызды болса, онда айналым қиынырақ, егер 
маңызды болмаса, онда жеңіл болады. Бұл өнердің қиындығы көптеген қымбат 
металдардың мәнді және кездейсоқ акциденцияларының ерекшеліктерінен және алтын 
мен күмістің арасындағы болар болмас ерекшеліктен көрінеді. Жоғарыда 
айтылғандардан көптеген адамдарды бұл өнерді дәлелдеуде қателікке ұрындырған және 
бұл өнерді бағаламай, бұрмалауға әкелген себептерді көріп отырмыз. Бұл екі пікір де 
дұрыс мәннен айрылған. 
Құдіреттің көмегімен кітап аяқталды. 
Алланың даңқы арта берсін. 
Аль-Фараби. О разуме и науке. 
Алма-Ата: Наука, 1975. С. 29-38. 
Аударған: Ж.Ошақбаева. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВАКУУМ ТУРАЛЫ МАҚАЛА*1 
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын 
Кейбір адамдар қуыс, аузы тегіс әрі симметриялық бір ыдысты алып, оны (төңкеріп) 
тігінен екінші бір ыдыстағы суға батырған. Кейін бірінші ыдыстың аузын суы бар екінші 
ыдыстың түбіне жеткенге дейін батырған. Бірінші ыдысты судың бетіне дейін көтеріп, 
судан шығарып, ішіне қараған кезде, ыдыстың ішіне еш су кірмегенін көріп, бұдан вакуум 
бар деген нәтиже шығарған. Бұл көрініске олар былайша анықтама береді: суға батырған 
ыдыстың іші ауаға толы болатын. Онда су кіретіндей ешқандай да бос орын жоқ болатын 
Ыдыстың ішіндегі бұл ауа ешқайда да кетпей, қайта суды кері қарай итеріп, суға 
батырылған қатты денелердегі сияқты, су жарылып, ыдыстағы ауа суға батқан. Олар осы 
көргендеріне байланысты ауа бір күшке ие, ыдыс ауамен тола болған және онда 
ешқандай да бостық жоқ деген нәтижеге барған. 
Сондай-ақ олар іші қуыс, ұзын, аузы тар немесе ұзын, іші де, аузы да тар, іші бос гүл суы 
шынысын алып, дәл осылай суға батырған. Жағдайдың алғашқы ыдыстағыдай болғанын 
көрген кезде, ыдыстың ауамен толы екендігі туралы шығарған нәтижелері нақтыланған. 
Кейін шынының ауасын шығарып, шынының аузын саусақтарымен басып тұрып суға 
батырған. Судың ішінде саусақтарын тартып, шынының аузын ашқан кезде, тартылыс 
немесе кері итеру күшінің әсерімен судың шынының аузынан ішке енгенін көрген. 
Олар осы көргендерін былайша түсіндіреді: шыныдан ауа шығарып алынған кезде, 
шынының ішіне кірген судың орнына мөлшерлес шыныдан ауа шығарылған. Негізінде бұл 
жерде бұдан бұрын шығарылған ауаның орнында басқа бір дене болмаған. Өйткені бұл 
жағдайда екінші дене ол жерден шығарылған ауаның орнын алып, ыдыстың ішіне су 
кірмей, ауасы шығарылып, суға батырылған шыны ауасы шығарылмаған ыдыспен бірдей 
болған болар еді. Шын мәнінде осы екі жағдайда да ыдыстардың іші толы болуы керек 
еді. 
Міне, осы пікірлердің барлығы олардың пікірінше, мынаған дәлел бола алады: ауа 
шықпай тұрып ыдыстағы алып тұрған орны ауа шыққаннан кейін толығымен босап қалған. 
Су ішке кіріп, толтырғанға дейін ол жер бос тұрған. Ішінде еш нәрсе болмаған бос кеңістік 
вакуум болып табылады. Сондай-ақ осы кісілердің вакуумның бар екендігі туралы дәлел 
ретінде қабылдаған нәрселері, міне жоғарыда айтылғандар. 
Біз болсақ, олардың айтқандары мен шығарған нәтижелеріне байланысты мынаны 
айтамыз: мәселе шын мәнінде олардың ойлағандарындай болсын.Олардың шыныға 
жасалған бақылаулардан шығарған нәтижелері шын мәнінде міндетті түрдегі болуы тиіс 
нәтижелер емес. Шыққан нәтижелер дұрыс болған күннің өзінде мынаны есте сақтау 
керек, дұрыс болған екі нәрсе қатар келсе, міндетті түрде осылардың екіншісі біріншісінен 
шығуы керек емес. 
Алайда осы секілді адамдар бір нәрседен шын мәнінде шығатын нәтиже мен шығуы 
мүмкін болып көрінетінді бір-бірінен ажырата алмағандықтан, олардың бұл жұмыста да 
дәлме-дәл шешім қабылдай алмайтындығын көреміз. Бұған қоса суға батырылған 
ыдыстарға жасалынған бақылауларға байланысты айтқандарының негізінде жаны бар. 
Бірақ олардың осы бақылаулардан шығарған нәтижелеріне келер болсақ, мәселе олар 
ойлағандай емес. Оларды осындай пікірге итермелеген нәрсе бақылаулардан шығарылуы 

қажет болған нәтижелерді қажет емес нәрселерден ажыратудан, қажет болғандардың 
қай тұрғыдан және қалай қажет екендігін, және не себепті қажет болғандығын біліп, оны 
ойлаудан оларды алыстатады. Сонымен қатар жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл 
адамдарға мұны бұл тұрғыдан түсіндіруіміз дұрыс емес. Өйткені олардың біліктілігі мен 
түсініктері қате болған, тек бір қырынан ғана мәселені қарастырған, олармен біздің пікір 
алысуымыз қателіктерін түзету тұрғысынан пайдасыз болады. 
Мәселені былайша түсіндірсек те болады: шыныдан шыққан ауаны ондағы ауаның үштен 
бірі деп есептейік. Демек ауа шыққаннан кейін де шынының үштен екісі бұрыннан сонда 
бар ауамен толы болады. Үштен бірі де бұрын ол жерде бар ауадан босайды және оны 
көбісі бос қалды деп ойлайды. Осы үштен бір бөлікті шынының ішінде және шынының 
төменгі жағында (түбінде) болған деп есептейік. Шынының ауадан босаған үштен бір 
бөлігі екі бөліктен тұрады деп есептесек, осы екі бөліктің арасында бір қашықтық пен 
ұзындық бар ма әлде жоқ па? Осы үштен бір бөлікте және шынының ішінің төменгі 
жағында бар деп есептеген екі бөлік үшін де осы сұрақты қоюға болады: осы бөліктер 
арасында қандай да бір ара-қашықтық бар ма? Сұрағымызға жауап ретінде олар «иә» 
немесе «жоқ» деп жауап беруі мүмкін. 
Олар «иә» дейтін болса, шыққан ауаның орнына осы үштен бір бөлікті алып тұрған 
нәрсенің ұзындық, кеңдік пен тереңдіктен пайда болған көлемі бар бір нәрсе 
болғандығын қабылдайды деген сөз. Демек, бұл жерде белгілі бір көлем бар. 
Егер олар «жоқ» деп жауап берсе, онда былай деу керек: ауадан босаған бөлікті 
толтырғанға дейін шынының аузынан ақырын кірген су бөліктерден тұрмайды ма? Ол 
жерге алғаш кірген су шынының түбіне жеткенге дейін, яғни, шыныға кірген нүктеден 
бастап тоқтаған нүктеге дейін пайда болған ағысында және әрекетінде бір ұзындық пен 
көлемнің болған - болмағандығы туралы бізге түсіндіріңіз. Бұл сұраққа міндетті түрде 
«иә» деп болымды жауап береді. Демек, ол жерде бір қашықтық бар. 
Дәл сол секілді қай тұрғыдан қарастырылмасын, судың бөліктері оңға-солға жайыла 
бастаған нүктеден бастап, ең соңына жеткен жерге дейін барлық бағыттарда белгілі 
қашықтықтан өтеді. Олай болса, бұл жерде белгілі бір ұзындық, көлем мен тереңдік бар. 
Екіншіден, ішіне су кірмей тұрып шыныны күнге тосар болсақ, күн сәулесі осы шынының 
ішіне түседі. Бұл сәулелер шыныдағы бос жердің ішіндегі қандай нәрсенің үстіне түседі? 
Сезімдеріміз арқылы анық байқағаныңыздай, бұл сәулелердің шынының бір жағынан 
екінші жағына өтуі туралы да дәл осыны айтуға болады. Шын мәнінде бұл сәулелер 
барлық бағытқа қарай бір ара-қашықтықпен әрекет етпей ме? Ыдыстың түбіне түскен 
сәуле ол жерде тек қана көлемі бар нәрсеге түседі ме? Ал ыдыстың екі қабырғасының 
арасындағы нәрсенің өлшемі жоқ па? Егер алдымыздағы кісі өз нәпсісіне қарсы өтірік 
айтпаса, айқын түсінгендігін жоққа шығармаса, оның осы сұрақтардың барлығына «иә» 
деп жауап беруден басқа шарасы жоқ. Олай болса, осы үштен бір бөлікте көлемі, 
ұзындығы, кеңдігі, тереңдігі бар, шет жақтары мөлдір және денеге тән басқа сипаттары да 
бар бір дене бар. Демек, шыныдан көргендерінен айтуынан шығуы керек нәтиже - осы 
үштен бір бөліктің мүлдем бос болғандығы емес, ол жерде бір дененің, яғни, шығарылған 
денеден басқа бір дененің болғандығы. Бірақ біз оның қандай дене екендігін және оның 
не екенін білмейміз. 

Егер олар «ол жерде ауаның орнында басқа бір дене болса, су қалайша ыдысқа енеді» 
немесе «ауаның орнында болған бұл дене ауа шықпай тұрып ыдысқа қалайша кірді» деп 
сұрайтын болса, оларға бұл мәселеге байланысты және осы құбылыстың қалайша 
болғандығы туралы бір нәрсе айтуға асығуларының дұрыс еместігін айту керек. Олар сол 
кезде не үкім шығарудан бас тартады, не болмаса былайша жауап береді: «ол жерде шын 
мәнінде бір дене бар еді және бұл дене өзімен қатар тұрған суға орнын беру үшін, бір 
жаққа қарай ығысты; әйтсе де ол жерден шыққан ауа өзімен қатар тұрған дене үшін бір 
жаққа қарай ығыспайтын еді». Бұдан кейін де олар осы қасиеттің себебін түсіндіруді 
сұрайды. 
Міне мұндай жағдайда олар жалтарып жатыр деген сөз. (Біз оларға былайша қарсы 
шығамыз:) Сіздер вакуум бар дейсіздер. Әйтсе де енді бізге себебі белгісіз бір мәселе 
туралы сұрақ қойып отырасыздар. Бұл жерде әр түрлі заттардың болмысы суреттелді 
және бірнеше бөліктердің болмысы бір құбылыс ретінде қабылданды. Бұл мәселе сіз бен 
бізге ортақ мәселе. Бұл жерде айтылған мәселенің себебі мен мәнін бірге қарастырып, 
бұларды толық меңгергенге дейін мұны бірге зерттейік. 
Егер олар осы сөздерімізге қарсы шығып, ыдыстың аталған үштен бір бөлігінде еш нәрсе 
болмай, толығымен бос болғанын айтар болса, ол кезде біз бұл пікірлерінің қате екендігін 
және вакуумның бар болуы үшін қажетті деп тапқандарының шын мәнінде қажетті 
еместігін көрсету үшін осы сөздер де жеткілікті деген тоқтамға келеміз. Шын мәнінде осы 
айтқандарымыз қарсыласымыздың қабілетіне қарай айтып, мәселенің мәніне орай 
айтылмаған. Демек бұл мәселе осылайша айқындалып, анықтамаларымыздың мәні де 
ашылған секілді. 
Бұл жағдайда мәселенің мәні мынада: олардың вакуумның болғандығы туралы пікірде 
болуы мен осындай нәтижеге баруы, бір жағынан ыдыстан ауа шықпай тұрып, судың 
ыдысқа ене алмасуы, екінші жақтан да ауа шыққаннан кейін судың ол жерге кіруіне 
байланысты қате түсініктерінен туындайды. Біз болсақ, былай дейміз ыдыстағы бос деп 
ойлаған орынды шын мәнінде бір дене толтырғандығы белгілі болды. Олар бұл дененің 
мәні мен мазмұнын білмегендіктен мазмұны белгісіз бір денемен толы болған нәрсенің 
вакуум екендігін айтып жатыр. 
Ол дене негізінде бар. Ол шыққан ауадан босап қалған орында орналасқан. Бірақ осы бос 
орындағы бұл дене не ауаның бір бөлігі шықпай тұрып ауамен бірге ыдыстың ішінде 
болатын, яғни ыдысқа кейін сырттан кірмеген немесе шыққан ауаның орнын алғанына 
қарағанда ыдыстың аталған бөлігінен ауа шыққанынан кейін пайда болған. Әйтсе де, егер 
осы дене ыдыстағы ауамен бірге сол жерде болса, бір жерге орналасқан екі дененің 
көлем жағынан бір дененің көлеміне тең болуы, бір дененің екінші бір дененің ішіне 
жайылып, онда орналасуы керек. Бірақ бұған қарамастан әрбір екі денеден құралған 
көлемнің бұрынғы көлемнен артық болмауы керек. 
Оқиға осылайша өрбігендігіне байланысты судың ыдысқа кіруіне немесе ішке ауаның 
кіруіне кедергі болған не нәрсе? Екіншіден, бұл дене ауа шыққаннан кейін, ауаның орнын 
алған болса және бұрыннан ыдыстың сырты мен айналасында бар болса, онда бұл дене 
не ауа немесе ауаға тараған су болып табылады. Бірақ оның ауаға жайылған су болуы 
жоғарыда айтылғандай ешқандай мүмкін емес. Бұрыннан ыдыста бар ауаның орнын алу 
үшін, ауаның сырттан кіруі де мүмкін емес. 

Шын мәнінде, бұл ауа судың ыдысқа кіруіне кедергі болмайды. Кедергі болу былай 
тұрсын, суды өзіне тартады. Міне осы құбылыс олардың шынының ішінде бос кеңістіктің 
(вакуум) пайда болғандығы туралы пікірлерін мүлдем жоққа шығаруы керек. Өйткені ол 
жерде еш нәрсе болмаса, негізінде жоқ нәрсенің суды өзіне тартқандығын айту немесе 
бұл мәселеде қандай да бір талдау жасау мүмкін емес. Иә, біраз бұрын айтылғандай, бұл 
ауа суды өзіне тартады. Әйтсе де, алғашында ол жерде болған ауа судың ішке кіруіне 
кедергі болған еді. 
Біз енді бұл дененің не болғандығын, қалайша өзі орналасқан орынға судың кіруіне 
бұрынғысынша кедергі келтірмегендігін және бір күш тарапынан тартылған немесе кері 
итерілген судың ағысы секілді бұл судың ыдыстың ішіне кіру себебін қарастырамыз. 
Осыған байланысты мынаны айта кету керек, суық немесе өзіне қосылған нәрселерді 
қабылдаған бір денедегі секілді қызатын дене де екі түрдің біріне сәйкес ысынады. 
Қызған дене онымен араласады және атом түрінде оның арасына енеді. Осылайша әрбір 
екі денеден құралған бүтін дәл ішіне ыстық су төгілген судың ысынғаны секілді ысынады. 
Немесе өзімен басқа ыстық дене бірікпей-ақ, немесе араласпай-ақ оның температурасы 
артады. Су дәл сол секілді осы екі жолдың бірімен ысынады. Не суық дененің онымен 
бірігіп оған араласуымен, не болмаса оның ауа немесе қармен суытылуы секілді. Бұл, су 
ыдысына салынған қардың суды суытуы немесе қорғасыннан жасалған ыдыстың ішіне 
қойылған ыдыстар мен қар ішіндегі судың сууы секілді болады. 
Соңғы айтылған бөлімдегі судың суу құбылысы күмәнсіз онымен қосылған немесе оған 
сырттан араласқан суық бір дененің әсерімен жүзеге аспағандығы мәлім. Дәл сол секілді 
қызған бір дененің температурасы кейде ыстық дененің онымен бірігуі немесе онымен 
араласуы арқылы артады. Дәл осы нәрсені суық бір дененің температурасына байланысты 
айта аламыз. Демек, ыстық пен суық кей жағдайларда ыстық немесе суық денемен бірігу 
және араласу арқылы артады. Дәл сол секілді бір дененің қызуы кейде сол денемен бір 
жерде болып, кейін одан бөлініп ажырауынан емес, өздігінен азаяды. Сондай-ақ бір 
дененің төмен температурасы кейде суық денеден басқа төмен температурадағы дененің 
ажырауынан емес, өздігінен жоғарылайды. Бірақ кейде дененің бүтінінен ыстық бір бөлік 
ажырайтын кездегі секілді ыстық температура қызған дененің кейбір бөліктерінің одан 
ажырауы арқылы төмендейді. Суық денелерде де қар мен дымқыл маталардағы секілді 
болады. Бұлардың бүтінінен бір бөлік бөлінсе, суықтың да азайғаны байқалады. 
Ұлғайған немесе кішірейген денелерде де осыған ұқсас болады. Көлемі ұлғайған немесе 
кішірейген үлкен денелерді алып қарастырар болсақ, олардың көлемдері шын мәнінде 
оларға басқа бір дененің қосылуы арқылы артпайтындығын, сондай-ақ үлкендігінің тек 
қана олардан бір дененің ажырауы арқылы азаймайтындығын байқауға болады. 
Мұндай денелердің көлемдерінің артуы екі жолмен болады: біріншісі, бөліктерге бөліну 
арқылы немесе қысыммен бір денені басқа бір дененің ішіне енгізу арқылы екі денеден 
құралып пайда болған жаңа дененің көлемінің артуы секілді. Не болмаса арпаның 
бидайға қосылып, онымен араласуы мен дәндердің арасына кіруі секілді сырттан басқа 
бір дененің осы денелермен бірігуі, не болмаса беткі жақтарының олармен қосылуы 
секілді. Міне, бұл жағдайда екі денеден құралған бүтін бұрынғы денеден үлкен болады. 
Денелер дәл осы жолмен де кішірейеді. Бір дене бір денеден шығарылады және бұлар 

бірінен-бірі ажырайтын болса, олардың әрқайсысының көлемі бұрынғысына қарағанда 
азайып, кішірейеді. 
Демек бір дененің үлкеюі немесе кішіреюі басқа денелермен араласудың нәтижесінде 
ыстық немесе суық денелердің жоғары температураларының азаюына, немесе төмен 
температурасының ысынуына, яғни осылайша ыстық немесе суық бір дененің бөлінуі 
арқылы ыстық немесе суықтың азаюына ұқсайды. Екінші жол да былай болады: көлемі 
үлкен дененің көлемінің артуы, кейін ұлғайған көлемінің жойылуы, яғни, жоқ болуы, 
ондағы бір нәрсенің азаюы не болмаса онымен қосылып, араласқан үлкен дененің одан 
бөлінуі арқылы жүзеге аспайды. Оның көлемінің азаюы өзіндегі қызған бір дене одан 
бөлінбей-ақ, қызған дененің температурасының өздігінен жойылуы секілді болуы да 
мүмкін. Дәл сол секілді бір дененің көлемінің артуы онымен ешқандай да қызған дене 
бірікпей-ақ, жоғары температурасы өздігінен артатын дененің температурасының артуы 
секілді болуы да мүмкін. 
Көлемдері артатын көптеген денелердің жағдайы осындай болады. Бұлардың көлемдері 
өздерінен үлкен бір дене қосылмай-ақ артады. Не болмаса олармен бірге болған басқа 
бір дене олардан ажырамай-ақ көлемдері артады. 
Көлемдері осылайша азайып-артатын денелердің бірі - ауа. Ауаның көлемі оған сырттан 
басқа көлемі үлкен дене қосылмай-ақ, кез келген мөлшерде арта алады. Ауа бұрынғы 
көлемінен де үлкен көлемге ие болуы мүмкін. Сондай-ақ өзінен бір бөлшек бөлінбей-ақ, 
көлемі өзгереді, яғни кішірейеді. Дәл сол секілді еш нәрсе қосылмай-ақ, судың 
температурасының артуы сияқты артады. Өйткені температуралық жағынан судың азайып 
артатын қасиеттері бар. Яғни, әрбір екі жағдайға да бейім. Дәл сол секілді ауа көлемі 
артса да, азайса да, бұрынғы ауа күйінде қалады. 
Ауаның көлемінің артуы кейде оның табиғатына сай пайда болады, кейде қысыммен 
болады. Дәл тастың әрекеті секілді. Шын мәнінде бұл әрекет кейде тастың табиғатына сай 
болады. Бұл тастың жоғарыдан төменге қарайғы әрекеті болып табылады. Кейде бұл 
әрекет қысыммен (күшпен) болады. Бұл жағдайда қысым түскен кезде тас жоғарыда 
тұрады. Қысым түспеген кезде табиғаты бойынша төменге қарай әрекет етеді. 
Дәл сол секілді ауаның көлемі қысыммен артқан кезде, оны жаңа көлемінде күштеп ұстап 
тұрған қысым жойылмайынша, ауа осы көлемде болады. Оны осы көлемде ұстап тұрған 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал