Намаздың пайдалары



жүктеу 3.98 Mb.
бет6/6
Дата11.11.2022
өлшемі3.98 Mb.
#23721
1   2   3   4   5   6
фикх.Назерке

6. Қабірдің төменгі жағынан барып мәйітке жақын отыру. Зиярат еткенде қабірдің аяқ жағынан барып, бірінші мәйітке сәлем береді. Содан кейін оған жақындап, оның көкірегінің тұсына келеді. Негізі мәйіттің жүзі құбылаға қаратып көміледі. Сол уақытта зиярат етуші жүзін құбылаға емес, қабірге қаратып, марқұмның бас жағына, оған жақын отырады.

  • 6. Қабірдің төменгі жағынан барып мәйітке жақын отыру. Зиярат еткенде қабірдің аяқ жағынан барып, бірінші мәйітке сәлем береді. Содан кейін оған жақындап, оның көкірегінің тұсына келеді. Негізі мәйіттің жүзі құбылаға қаратып көміледі. Сол уақытта зиярат етуші жүзін құбылаға емес, қабірге қаратып, марқұмның бас жағына, оған жақын отырады.
  • 7. Қабірді сипаудан, ұстаудан, тәу етуден, сүюден аса сақ болу керек. Өйткені бұл иманға керағар, теріс әрекеттер.
  • 8. Қабір басында Ясин сүресін немесе өзі білетін басқа сүренің аяттарын оқу. Отырғанда бір мәрте Фатиха және үш мәрте Ықылас сүресін немесе өзі білген сүрелерді оқып, сауабын марқұмға бағыштаса болады. Бір мәрте Фатиха және он бір мәрте Ықылас сүресін оқу абзал. Ықыласты он мәрте оқуға да болады. Мүлік сүресін оқыса да жақсы. Бір мәрте Фатиха, Ықылас, Фалақ және Нас сүрелерін оқу да өсиет етілген. Бір мәрте Фатиха, үш мәрте Ықылас және бір мәрте Тәкәсүр сүресін оқыса үлкен сауапқа ие болады. Бұлардың бәрі өсиет етілген сауапты амалдар. Қабір басында уағыз-насихат айтылуы сауапты іс. Зияратшылар марқұмға бағыштап оқитындарын алдын ала дайындалып келсе болады.
  • 9. Қабірді баспау керек. Қабірдің үсті мәйіттің хұқына жатады. Қабірді басу мәйіттің ішін басқанмен бірдей. Қабірлердің үстінен өту қажет болса тәсбих («Субханаллаһ», «Субханаллаһи уа бихамдиһи», «Субханаллаһи уал-хамдулилләһи уа ла иләһә иллалаһу уаллаһу әкбар» деген сияқты тәсбихтар), тәһлил («Ла илаһа иллалла»), тәкбір айтып, истиғфар дұғаларын оқып өтсе болады. Кімде-кім қорымнан: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ла иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбару уа лилләһил-хәмд» тәкбірін айтып өтсе, қабірде жатқан кісі: «Осы адам қабірімнің жанынан және бір мәрте өтсе еді!» – деп қалайды екен.
  • 10. Өмірден өткен мұсылмандардың жақсы сипаттарын еске алу сүннет.
  • 11. Зияраттан тыныш, байыпты қалыпта қайтқан дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Жаназа және жерлеу рәсімдері/ҚМДБ/2017
  • Ислам ғылымхалы/Анарбаев Н.,Қарақұлов Е./2018
  • http://fatua.kz/kz/post/view?id=477
  • Суреттер алынған қайнаркөздерге сілтеме:
  • https://xn----9sbewbkihfjfskz.xn--p1ai
  • http://islamdag.ru/verouchenie/23080
  • https://pixanews.com/traditions/kremaciya-smert-po-amerikanski.html

жүктеу 3.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет