Намаздың пайдалары



жүктеу 3.98 Mb.
бет2/6
Дата11.11.2022
өлшемі3.98 Mb.
#23721
1   2   3   4   5   6
фикх.Назерке

Мәйітті шығару

  • Мәйітті жуу, кебініндеу, жаназасын шығару, әрі марқұмды жерлеуге апару да –
  • кифая.
  • Адамдар табытты төрт жағынан ұстап, тербелтпей, тездетіп жүріп отырады. Көтеретін кісілер алдыңғы оң жағын оң иығымен, соңғы оң жағын оң иығымен көтереді. Сол жақтарын да сол иықтарына салып көтереді.
  • Шетінеген нәрестені не одан үлкен баланы ер кісі қолына алып, қабірстанға көтеріп апарады. Баланы түсіріп алмауы үшін басқалар демеп жүруіне болады. Немесе ат үстінде отырып та апарып болады.
  • Үлкен кісіні үзірсіз ат үстінде көтеріп апару – мәкрүһ. Табытты қатты селкілдетпей, орташа жылдамдықпен жүру – мустахаб.
  • Әйел кісінің табысының үстіне мата не бірнәрсемен жауып қою – сүннет. Жерлеп біткенше үстін көлегейлеп тұру қажет.
  • ҚОСЫМША

  • Қабірстан жақын болса , жаяу апару абзал. Мәйітке құрмет ретінде алдына түсіп жүрмеген абзал.
  • Мәйітті қабірстанға дауыс шығармай апару - сүннет. Құран оқу, пікір айтып дауыс шығару – мәкрүһ. Хадис : "Мәйітті шығарып салғанда, дауыс шығарып та, шырақ алып та жүрмеңдер, сондай-ақ алдында жүруге болмайды»,-деген (Суюти риуаяты).
  • Көңіл айтуға келе тұра жаназаға намазына қатыспау – мәкрүһ.

Мәйітті жоқтау

  • Хадис: «Біреу қайтыс болғанда, бетін ұрғылап, тырнап, үстіндегі киімін жыртып және надандық дәуіріндегідей айқайлап жылаған адам бізден емес» (Бухари, Муслим)
  • Яғни, Ханафи мәзһабында қайтыс болған кісіні жоқтап, өкіріп жылау - харам.

Мәйітті жерлеу

  • Үкімі – парыз кифая.
  • Кемеде қайтыс болса, жуындырып, кебіндеп , жаназасы оқылады. Құрлық алыс болса, мәйіт сасып кететін болса, мәйітке ауыр нәрсе байлап немесе табытқа салып, құбылаға қаратып теңізге тастайды.
  • Жерді аң қаза алмайтындай, өлік иісі шықпайтындай терең қазу – уәжіп. «Кең қылып, терең етіп қазыңдар» (Әбу Дәуд) Ханафи мәзһабында тереңдік кісі белуардан келетіндей болуы керек.
  • Қабір ұзындығы мәйіттің бойының ұзындығындай, ал ені соның жартысы.
  • Лахад – қабір қазғанда құбыла жағынан мәйіт сыятындай етіп қосымша қазылатын орын. Жер қыртысы қатты болғанда қазу абзал. Сағ бин Али Уаққас (р.а) : "Алла елшісіне صلى الله عليه و سلم жасағандай, менің қабіріме де лахад жасаңдар, оған кірпіш қалаңдар»,-деген.

жүктеу 3.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет