Национальное воспитание



жүктеу 0.97 Mb.

бет1/7
Дата16.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

4

4

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Үш айда бір рет шығатын

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ЖУРНАЛ

2010 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНАН БАСТАП ШЫҒАДЫ



4 (36) 2016

(қазан-желтоқсан)

               АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ


2

БАС РЕДАКТОР

С.Ж. ПІРӘЛИЕВ

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА академигі

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Нуриев М.А. – Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығы-

ның директоры, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың 

бірінші орынбасары;

Сейсенбаева Ж.А. – Абай ат. КазҰПУ, «Филологиялық пәндерді оқытудың әдістемесі» 

кафедрасы, ф.ғ.к., жауапты редактор;



Айдемір Окай – Ыстамбұл университеті, Байланыс факультетінің деканы, профессор;

Әлмұхамбетов Б.А. – Абай ат. КазҰПУ, «Өнер, мәдениет  және спорт» институтының ди-

ректоры, пед.ғ.д., профессор;



Байсабаев Б.А. – ф.ғ.к., Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті;

Бейсенова Ә.С. – Абай ат. КазҰПУ, «География және экология ғылыми-әдістемелік орта-

лығының» жетекшісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;



Бөлеев Қ. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Бастауышта оқыту және 

бейнелеу өнері» кафедрасының  профессоры, пед.ғ.д.; 



Ғаббасов С. – жазушы, КСРО Денсаулық сақтау iсінің үздігі, медицина және педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық 

Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик;

Есполов  Т.И.  –  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  ректоры,  э.ғ.д.,  профессор,  ҚР 

ҰҒА академигі;



Исамидинов И.Ч. – Жүсіп Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің ректоры, пед.ғ.д., 

профессор;



Иманбаева  С.Т.  –  Абай  ат.  КазҰПУ,  «Мәңгілік  ел  және  өзін-өзі  тану»  кафедрасының 

пед.ғ.д., профессор;



Кирабаев С.С. – ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;

Мардахаев Л.В. – Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің «Әлеуметтік және от-ба-

сы педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;



Михайлова Н.Б. – пс.ғ.к., доцент, Халықаралық білім және ғылыми ақпараттандыру орта-

лығының директоры (Германия);



Молдабеков Ж.Ж. – филос.ғ.д., әл-Фараби ат. КазҰУ, «Дінтану және мәдениеттану» ка-

федрасының профессоры;



Мұтанов F.M. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, тех.ғ.д., про-

фессор, ҚР ҰҒА академигі;



Нәрібаев К.Н. – ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімше төрағасының орынбаса-

ры, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;



Нөкетаева  Д.Ж.  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ректоры, 

пед.ғ.к.;



Сманов Б.Ө. – Абай ат. ҚазҰПУ-дің аппарат жетекшісі, пед.ғ.д., профессор,  ҚР ҰҒА кор-

респондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Халықаралық Айт-

матов (Қырғызстан) академияларының академигі;

Шаханова Р.Ә. – Абай ат. ҚазҰПУ, Филология  институтының «Филологиялық пәндерді 

оқытудың әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор.



3

ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР

С.Ж. ПРАЛИЕВ

Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,

 академик  НАН РК

СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:

Нуриев  М.А.  –  директор    Научного    центра  формирования  интеллектуальной  нации 

КазНПУ им. Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый замести-

тель главного редактора;

Сейсенбаева  Ж.А.  –  кафедра  «Методика  преподавания  филологических  дисциплин» 

КазНПУ им. Абая, к.ф.н., ответственный редактор;



Айдемир Окай – декан факультета Связи Стамбулского университета, профессор;

Альмухамбетов Б.А. – директор Института искусства, культуры и спорта КазНПУ им. 

Абая, д.пед.н., профессор;



Байсабаев Б.А. – к.ф.н., доцент Кыргызского Национального университета им. Ж.Бала-

сагуна;


Бейсенова  А.С.  –  руководитель  научно-методического  центра  географии  и  экологии 

КазНПУ им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК;



Болеев К. – д.п.н., профессор кафедры «Начальное образование и изобразительное ис-

кусство» Таразского инновационного гуманитарного университета;



Габбасов С. – писатель, Заслуженный работник здравоохранения СССР, доктор меди-

цинских и педагогических наук, профессор, Заслуженный деятель Республики Казахстан, 

действительный член Международной  академии имени Нострадамуса, академик;

Есполов Т.И. – ректор Казахского национального аграрного университета, д.э.н., про-

фессор, академик НАН РК;



Исамидинов И.Ч. – ректор Кыргызского национального университета имени Ж.Баласа-

гуна, д.пед.н., профессор;



Иманбаева  С.Т.  –  профессор  кафедры  «Мангилик  ел  и  самопознания»  КазНПУ  им. 

Абая, д.пед.н.;



Кирабаев С.С. – д.ф.н., профессор, академик НАН РК;

Мардахаев Л.В. – заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российско-

го государственного социального университета, д.пед.н., профессор;



Михайлова Н.Б. – директор центра международного образования и научной информати-

зации (Германия), к.пс.н., доцент;



Молдабеков Ж.Ж. – профессор кафедры «Религиоведения и культурологии»  КазНУ им. 

Аль-Фараби, д.филос.н.;



Мутанов  Г.М.  –  ректор  Казахского  Национального  университета  имени  аль-Фараби, 

д.тех.н., профессор, академик НАН РК;



Нарибаев К.Н. – зам.председателя отделения общественных и гуманитарных наук НАН 

РК, д.э.н., профессор, академик НАН РК;



Нукетаева  Д.Ж.  –  ректор  Казахского  Государственного  женского  педагогического 

уни-верситета, к.пед.н.;



Сманов Б.О. – руководитель аппарата КазНПУ им. Абая, д.пед.н., профессор, член-кор-

респондент НАН РК, академик Международной академии наук педагогического образова-

ния (Россия) и Международной Айтматовской академии (Кыргызская Республика);

Шаханова Р.А. – д.п.н. профессор., зав кафедрой «Методика преподования филологиче-

ких дисциплин» института филологии КазНПУ им. Абая.



4

EDITOR-IN-CHIEF

S.ZH. PRALIEV

the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,

academician of the NAS RK

EDITORIAL STAFF:

Nuriev M.A. – the director of Research center of formation of intellectual nation of KazNPU named 

after Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, first deputy chief editor;



Seysenbaeva Zh.A. – the senior lecturer of the chair «Мethods of teaching philological disciplines» 

of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor;



Aydemir Okay – dean of the Faculty of Communications Istanbul University, the professor;

Almukhambetov B.A. – the director of Art, Culture and Sport Institute of KazNPU named after 

Abai,  the doctor of pedagogical sciences, the professor;



Baisabaev B.A. – the candidate of philological science, the docent Kyrgyz National University 

named by Zh. Balasagyn;



Beysenova A.S. – the chair of sud department  «Тhe scientifically-methodical centre on geography 

and ecology» the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK;



Boleev K. – doctor of pedagogical sciences, professor of chair of «Primary education and fine art» 

Taraz innovation and humanitarian university;



Gabbasov C. – writer, Honored worker of Health of the USSR, Doctor of Medical and Pedagogical 

Sciences, professor, Honored worker of the RK, member of the International Academy of Nostradamus, 

academician;

Espolov T.I. – the rector of Kazakh national agrarian university, the doctor of economical sciences, 

the professor, the academician of the NAS RK;



Isamidinov  I.Ch.  –  rektor  of  Kyrgyz  National  University  named  by  Zh.Balasagyn,  doctor  of 

pedagogical sciences;



Imanbaeva S.T. – Head of the Department of «Mangilik yel and self-cognition» of KazNPU named 

after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor;



Kirabaev S.S. – the doctor of philology, the academician of the NAS RK;

Mardahaev L.V. – Head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian State 

Social University, doctor of pedagogical sciences, professor;



Mikhailova N.B. – Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education and 

Information Science (Germany);



Moldabekov Zh.Zh. – Professor of the chair «Religious and cultural studies» KazNU named after 

Al-Farabi, Doctor of Philosophy;



Mutanov G.M. – the rector of the Kazakh National University named after Al-Farabi, the doctor of 

technical science, the professor, academician of the NAS RK;



Naribaev K.N. – vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK, the 

doctor of economics, the professor, academician of the NAS RK;



Nuketaeva  D.Zh.  –  rector  of  Kazakh  State  Female  Pedagogical  University,  the  candidate  of 

pedagogical sciences;



Smanov B.U. – head of the office of the KazNPU named after Abay, doctor of pedagogical sciences, 

professor, corresponding member of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, 

academician  of  the  International  academy  of  Sciences  of  pedagogical  education  (Russia)  and 

International Aytmatov academy (Kyrgyz Republic);



Shahanova  R.A.  –  doctor  of  philological    sciences,  professor.  Chair  of  methods  of  teaching 

philological  disciplines. Head of the chair of KazNPU named after Abay.



Меншік иeci: Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың

4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.

© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016


5

 «Біздің басымызға бақ боп қонған

Тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.  


6

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.08

М.А. Нуриев

Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру орталығының 

директоры, профессор, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,  

Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері

А.Е. Садыкова

Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру орталығының 

аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, 

Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері

Д.М. Советканова

Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру орталығының 

аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі

ҚАЗІРГІ ЗАМАН МҰҒАЛІМІНІҢ БОЛМЫСЫ

Мақалада қазіргі заман педагогының әлеуметтік және кәсіби сипаттамалары, құндылық 

бағдарының әрі тұлғалық портреті берілген. Сондай-ақ, мұғалім мамандығының қыр-сыры 

жан-жақты ашылған. Авторлар тарапынан педагог болмысы мен мұғалім шеберлігіне қойы-

лар талаптар ұсынылған.

Мұғалім – әрқашан да жай ғана кәсіби маман емес, өз кәсібін жетік меңгерген, техника-

лық және әдістемелік сынды қолжетімді құрал-жабдықтарды қолдана алатындай заманауи 

педагог болуы шарт. 



Түйін сөздер: педагог, мұғалім шеберлігі, білім, кәсіби дағды, тіл шеберлігі, коммуникация.

В  статье  анализируются  социальные  и  профессиональные  характеристики,  а  также 

ценностные ориентации и личностные факторы портрета современного педагога в сфере 

образования. Так же рассмотрены основные требования к учителю. Представлена авторская 

позиция в отношении отдельных требований к педагогу, сформулированных в Профессио-

нальном стандарте педагога.

Учитель – всегда больше, чем просто специалист, профессионал. Современный учитель 

– тот, кто знает свою работу, умеет жить в ней и пользоваться всеми доступными средства-

ми, как техническими, так и методическими.

Ключевые  слова:  педагог,  мастерство  учителя,  профессиональные  умения,  знания, 

языковые навыки, коммуникация.

The article analyzes the social and professional characteristics, as well as value orientation 

and personal factors portrait of the modern teacher education. Just the basic requirements for the 

teacher. Author’s position in relation to the individual requirements of the teacher set out in the 

professional standards of the teacher.

Teacher – is always more than just a specialist, a professional. Modern teacher - one who knows 

his job, is able to live in it and use all available means, both technical and methodical.

Keywords:  teacher,  teacher  skills,  professional  skills,  knowledge,  language  skills, 

communication.


7

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің 

жаһандану үдерісінде экономикалық бәсеке-

лестікке түсуі бүгінгі талапқа сай кадрларды 

әзірлеу қажеттігін туындатып отыр. 

Қашан да білімді ұрпақ – болашақ кепілі. 

Егеменді  еліміздің  тағдыры,  жас  ұрпақтың 

тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Сол 

себептен  де,  қазіргі  заман  мектебі  жоғары 

деңгейде  маманданған  кәсіпқой  мұғалімді 

талап етеді.

Қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс 

қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  тех-

нологияларды  жете  меңгерген,  мамандық 

шеберлігі  қалыптасқан  мұғалім  қажет.  Ол 

бір  мезгілде  әрі  педагог,  әрі  психолог  және 

оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола 

білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шек-

теусіз қабілетін дамыта алатындай білім бе-

рудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бо-

луы шарт.

Мұғалім – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің 

болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел 

болашағының  кілті  –  бүгінгі  жас  ұрпақтың 

қолында.  Ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  олар-

дың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші 

– ұстаздардың қолында. 

Бүкіл  әлем  бұл  күнде  тәлім-тәрбие  қыз-

метіне  ең  білгір,  ең  талантты,  өте  жауап-

кершіл  педагог-мамандардың  қажеттігін 

мойындап  отыр.  Себебі  адам  тағдырында 

мектептік  кезеңі  аса  маңызды.  Балалардың 

өмірлік  бастауында  жетесіз  педагог  тұрса, 

одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сон-

дықтан  да,  педагог  білікті  маман,  өз  ісінің 

шебері  болуы  керек.  Педагог  шебер  болу 

үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация 

мұғалімі  ретінде  объективті  бағалай  алуы, 

кәсіби  мамандығына  қажетті  қабілеттерді, 

жалпы  мәдениетті,  интеллектуалды  іс-әре-

кетті,  мінез-құлық,  қарым-қатынас  мәдени-

етін меңгеруі тиіс; өтіп жатқан интеграция-

лық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі 

қарқынына бағыттала алуы керек.

Елбасы  атап  көрсеткеніндей,  «Тек  жоға-

ры  сауатты,  дарынды,  дана  әрі  отансүйгіш 

мұғалім  ғана  лайықты  ұрпақ  тәрбиелеп 

шығара  алады.  Бүгінде,  мұғалім  балаларға 

білімдер  жиынтығын  беріп  қана  қоймай, 

сонымен  бірге,  ең  бастысы  –  оларды  өмір 

бойы үйренуге үйретулері керек» [1]. Бүгінгі 

мұғалім білім беру үрдісінде оқушылардың 

өз  бетімен  білім  алуының,  жаңалауының 

қажеттілігіне,  өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі 

жетілдіруде  табандылықпен  еңбек  етуді 

жете түсінетіндей жағдай жасауға бағдарла-

нуға міндетті.

Педагог  әрқашанда  өзін  қоғам  талабына 

сай  үздіксіз  тәрбиелеп  отыратын,  адамдар-

мен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынас-

қа  тез  түсе  білетін,  ұйымдастырушылық 

қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыз-

даушы,  таланты  мен  тәжірибесі  тоғысқан, 

өзінің  қоғамындағы  саяси  өмірге  белсенді 

араласып, өз елі-жеріне деген сүйіспеншілігі 

негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылған-

ның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және  

аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы 

сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын 

... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше 

шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл 

жаны  асқақ  және  ар-намысын  ардақтайтын, 

жақындарына да, жат адамдарына  да әділ .., 

жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көр-

сетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді біл-

мейтін  батыл,  ержүрек  болуы  керек»,  –  деп 

әл-Фараби  бабамыз  айтқандай  [2],  педагог-

ұстаз өзінің әлеуметтік-кәсібилік көрсеткіш-

терін білуге, оқушыларды зерделеу жолдары 

мен мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын және 

сапаны  бағалаудың  әртүрлі  әдістерін  жетік 

меңгеруі тиіс.

Мұғалім  жоғары  деңгейдегі  маман  бо-

луымен қатар, мынандай талаптарға сәйкес 

іс-әрекет  жасауға  міндетті:  білім  беру  маз-

мұнының нұсқалығын сақтау; оқушылардың 

жеке  білімдік  аймағын  жобалай  білу;  келе-

шек кәсіби іс-әрекетіне сәйкес ортада білім 

алуын жалғастыру үшін қажетті қасиеттерді 

қалыптастыру;  білім  беру  үрдісіне  интер-

белсенді,  әрекеттілік  құзіреттерді  енгізуге 

даярлығы, қабілетті меңгеруі, жобалау-зерт-

теушілік  және  коммуникативті  әдістермен 

жұмыс істеуі, т.б. 


8

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Осыған сәйкес, қазіргі білім беру үрдісіне 

және ұстаз біліктілігіне қойылып отырған та-

лаптарды негізге ала отырып, педагог меңге-

ре  білуге  тиісті  негізгі  қасиеттерді  анықтап, 

төмендегі  тірек-сызба  арқылы  [1-тірек-сыз-

баға  назар  аударыңыз],  мұғалімнің  заманауи 

білім беру жүйесі дамуына сәйкес, тұлғалық, 

адамгершілік,  психикалық,  когнитивтік, 

әдістемелік  және  мәдени  сипатын  көрсе-

тетін кәсіби құзіреттіліктерді қамтитын қа-

сиеттерді  меңгеруге  бағдарланған  «Қазіргі 

заман мұғалімінің» тұлғалық болмысын бе-

руге тырыстық.

Мұғалім-Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің 

сан қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым 

туындайды.  Мұғалімнің  беделді  болуының 

алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы 

әрі үлгі көрсетуші болуы керек. Шынында да, 

ағарту орындарының алтын діңгегі – мұғалім. 

Жас  ұрпақ  мұғалімге  қарап  бой  түзейді. 

Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып қала 

бермек.  Ұстазға  қойылатын  талап  пен  тілек 

қашан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық, 

парасаттылық  барлық  ғылым  атауылының 

алғашқы әліппесі өркениет ұстазының тәлім 

сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен «білім 

мұхитына» айналып, рухы мықты, интеллек-

туалды ұрпақ тәрбилеп шығару [3].Олай бол-

са, осындай игі ниеттен туындаған өзіміз та-

рапынан  ұстазға  қойылар  талаптарды  жүйе-

леп ұсынып көрелік.

Біріншіден,  педагогикалық  әдеп  этикасы 

мен эстетикасы жоғары дамыған маман болу 

керектігі.

1.1  Сыртқы  мәдениеті  келіскен,  яғни, 

киім  кию  мәдениеті.  Мұғалімнің  келбеті: 

сыртқы  мәдениеті,  киім  киюі,  шаш  сәндеу 

үлгісі, бет-әлпетін әрлеуі – әлем-жәлем емес, 

өзгеге  өнеге  болатындай  ұстамды,  класси-

калық  түрде  болып  келуі  –  мұғалімдік  ма-

мандықтың  ең  басты  эстетикалық  сапалық 

белгісі.

1.2  Қарым-қатынас  әдебі.  Шәкіртпен, 

ұжым  мүшелерімен,  ата-аналармен  қа-

рым-қатынасы,  өзінің  іс-әрекетін  бақылау-

да ұстап, есеп бере алуы – мұғалімнің эти-

калық  әдебінің  көрсеткіші.  Жұмыстан  тыс 

уақытта  да  қарым-қатынас  әдебін  ұстануы 

ұстаздың өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал 

1-тірек-сызба.

 


9

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

етуіне,  шәкірттің  мұғалім  мамандығына, 

мұғалімнің өзіне деген қызығушылығын оя-

тып, құрметін асыруға тікелей әсер етеді. 

1.3 Сөйлеу мәдениеті, тіл шеберлігі, тілге 

шешендігі. Қашан да, кез келген уақытта не 

жағдай болса да тосылып қалмайтындай сөз-

ге  шешен,  сөйлеу  мәдениеті  қалыптасқан, 

білімі жетік, жан-жақты интеллектуалды қа-

руланған тұлға иесі болуы. Ұстазға тән ли-

дерлік қасиеттердің бойынан табылуы.

1.4  Ұстаздың  адами  қасиетіне  қойыла-

тын  талаптар.  Адамгершілігі  жетік,  рухани 

бай  болуы.  Керек  кезінде  оқушыға  оның 

мұғалімі ғана емес, сырласына айналуы қа-

жет. Ол үшін оқушының жан дүниесін түсіне 

алып, оған адамгершілік тұрғысынан көмек 

көрсете алуы керек [3].

Екіншіден, ұстаз адам – кәсіби мамандығы-

на құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық 

өмірін соған арнайтын маман болуы тиіс. 

2.1 Өз пәнін терең меңгеруі. Мұғалімнің 

бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүние-

де теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана 

лайық. Өз пәнін терең меңгеруі – оның бас-

ты қасиеті болмақ.

2.2 Кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдауы. 

Білім,  біліктілігіне  қойылатын  талаптар. 

Алған  базалық  білімін  күнделікті  ғылыми 

жаңалықтармен толықтырып, кәсіби шебер-

лігін үздіксіз ұштап отыруы тиіс. Біліктілігін 

арттыратын  курстарға,  әртүрлі  танымдық, 

ғылыми-әдістемелік  жұмыстарға,  байқау-

лар  мен  конференцияларға  тікелей  немесе 

қашықтықтан  қатысып  отыруы.  Қазіргі  за-

ман оқу әдістерін жеке меңгеру де жаңа тех-

нологияларды өз сабағында жаппай қолдана 

алуына септігін тигізеді.

2.3 Үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. 

Ой-өрісінің  кеңдігі  мен  оның  ауқымды 

дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қа-

дам басамын деген әрбір адам өте көп ақпа-

раттан  хабардар  болуы  қажет.  Жан-жақты 

дамыған  «толық  адам»  екеніндігі,  оқушы-

лардың қызыға қарайтын қасиеттерінің бо-

луы.  Әр  сабағында  оқушыларға  тірі  тарих 

сөйлеп тұрғандай әсер қалдыруы. Ол үшін 

білімі  жетік,  жаңа  ҒТТ-ге  сай  жан-жақты 

жетілген рухани бай болуы керек.

Үшіншіден,  ақпараттық-технологиялық 

сауаттылығы жоғары маман болуы қажет. 

3.1  Жалпы  сауаттылық  мәселесі.  Педа-

гогтың жалпы сауаттылығы – оның әлеумет-

тік, мәдени, саяси және экономикалық қыз-

меттерге белсене араласуы және өмір бойы 

білім алуына ықпал ететін базалық факторы. 

Өз мамандығының мінсіз шеберлігіне жетіп, 

күнделікті  өмір  мен  ғаламдық  жаңалықта-

рынан  қалыс  қалмай,  жан-жақты  білімдар, 

танымдық  көкжиегі  кең,  дүниетанымы  бай 

педагогты  –  сауаттылығы  жоғары  мұғалім, 

ұстаз деп қабылдауға әбден болады. Ұлттың 

мінез-құлқына сай – бірден-бір базалық көр-

сеткіштер мен әлеуметтік-мәдени дамуының 

бет-бейнесі  сол  педагог-мұғалімнің  жалпы 

сауаттылық көрсеткіші болып табылады.

Жалпы  сауаттылықтың  өзін:  функцио-

налдық  сауаттылық,  діни  сауаттылық, 

құқықтық  және  саяси  сауаттылық  деп 

ішінара бөлуге болады. 

3.2  Ғылыми  сауаттылық.  Ұстаз  қолында 

адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, 

жаңадан өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен 

жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңа-

лығынан сырт қалмай ізденісте болуы үшін 

заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәр-

бие  керек.  Сондықтан,  мұғалімнің  ғылыми 

сауаты терең болуы керек. Ғылыми техноло-

гия қарқынды дамыған заманға сай мұғалім 

де  ғылыми  технологиялармен  қарулануы 

тиіс. 

3.3 Технологиялық сауаттылық. Компью-



термен  өз  бетiнше  жұмыс  iстей  бiлуі, 

компьютерлiк  техниканың  көмегімен  есеп-

теу,  жазу,  сурет  салу,  ақпараттарды  iздеу 

және  дағдылары  мен  бiлiктерінің  болуы. 

Компьютeрлiк-технологиялық  бiлiмдарлық-

тың  белгiлерiне  компьютерлер  мен  таны-

мал  бағдарламалардың,  технологиялардың 

кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүм-

кіндiктepiн  бiлу,  нақты  бір  жұмыс  үшiн 

тиiмдi  бағдарламалық  құралдарды  таңдай 

бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке 

библиотекасының  болуы  жатады.  Тәжiри-

бе  жүзiнде  дәлелденгенiндей,  кез  келген 


10

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

мұғалiм  мен  әкiмшiлiктiң  өз  қызметтерiне 

компьютердi  пайдалануы  олардың  әлемдiк 

ақпараттық  кеңiстiкке  енуде  ақпараттық 

мәдениетiнiң  қалыптасатынымен  өлшенедi. 

Сонымен  бiрге,  бұл  жағдайда,  инновация-

лық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне 

пайдалану  оқушылардың  мектеп  пәндерiн 

игеруде қызығушылықтарын арттыруда.

3.4 Экономикалық сауаттылық. Қазақстан 

экономикасы  мен  оның  даму  жолдарының 

ерекшеліктеріне талдау жасай алуы. Қазақ-

станның  дүниежүзілік  қоршаған  ортадан 

қандай  жетістіктерімен  (брендпен)  орын 

алады деген сауалға жауап таба алуы. Дүние-

жүзілік  экономикалық  аренадағы  еліміздің 

экономикалық жағдайына баға беріп, бүгінгі 

күн талабы тұрғысынан саралау. Экономика-

лық бәсекелестікке қабілетті мамандар даяр-

лап шығару.

3.5  Ақпараттық  сауаттылық.  Бiлiм  беру 

iсiнде  ақпараттарды  даярлап,  оны  бiлiм 

алушыға дұрыс бере алу процесi мұғалімнің 

жоғары  ақпараттық  сауаттылығын  талап 

етеді.  Әр  түрлі  ақпараттық  құралдарынан 

алынған материалдарды өзінің пән аясында 

өңдеп,  кәсіби  біліктілігін  жетілдіріп  оты-

руы.  Сабақ  барысында  оқулықпен  немесе 

оқу құралымен ғана шектеліп қалмай, түрлі 

ақпарат  көздерінен  алынған  материалдар-

ды  білім  алушыларға  жеткізе  алуы.  Ақпа-

раттық  мәдениетін  (ақпараттық  кеңістіктің 

қалыптасуына  қатыcyғa  және  ол  кeңicтік-

тe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара 

ic-әрекетке  түсуге  мүмкiндiк  беретiн  бiлiм 

деңгейі) қалыптастыруы.

3.6 Визуалды сауаттылық. Мұғалім тек өз 

пәнінің майталман маманы ғана болып қой-

май,  адам  жанын  айтпай  түсінетін  көзі  қа-

рақты, құлағы сергек, көкірегі ояу жан болуы 

керек.  Әр  жүректі  білім  шұғыласымен  нұр-

ландырудың  ең  тиімді,  ең  төте  жолын  таба 

білетін жасампаз болуы тиіс. Ол үшін, әрине 

визуалды  сауаттылық  қажет.  Алдындағы  30 

оқушымен  жеке-жеке  тілдеспей-ақ,  бір  ғана 

көз қиығының шолуымен жан дүниесін сезіп, 

әрқайсымен керегінше тиімді қатынас орна-

туы – мұғалімнің біліктілігін арттырады.

3.7  Жан-жақты  мәдениеттілік.  Мұғалім 

біріншіден,  қазақ  халқының  төл  мәдени-

етін жетік біліп, оқушыға жеткізе алуы тиіс. 

Қазақ  қандай  мәдениет  түрлерімен  мақта-

на алатындығы, бізде дамыған мәдениеттің 

түрлері мен одан қандай тәлім-тәрбие алуға 

болатындығы туралы мағлұматтарды меңге-

руі.  Қандай  тамыры  терең  тарихи  жәдігер-

леріміз  бен  әлемдік  өркениетке  ұмтылған 

мәдени мұраларамыз бар деген сұраққа жа-

уап бере алатындай болуы керек. Екіншіден, 

өзге  ұлттардың  мәдени  үрдісінен  хабардар 

болуы  және  біздің  төл  мәдени  мұралары-

мызбен қатынастық жағдаяттарын дұрыс са-

ралай алуы.

Төртіншіден,  педагог  өнерлілік,  жан-

жақтылық, ойлаптапқыштық қасиетке ие бо-

луы қажет. Ол үшін:

4.1  Күрделі  жағдайларға  тез  бейімделіп, 

басқарып кете алатындай болуы;

4.2 Өзін-өзі ұйымдастыра алуы (жинақты-

лық);


4.3 Білуге деген құштарлығы;

4.4 Шығармашылық;

4.5 Тәуекелділік;

4.6  Терең  ойлау  (талдау,  салыстыру,  ин-

терпретация);

4.7 Вербалды білім сияқты қыр-сырларын 

толыққанды меңгеруі тиіс.

Бесіншіден,  білімгерлермен  тиімді  қа-

рым-қатынас орната алатын мұғалім. Яғни:

5.1  Командалық  (топпен)  жұмыс  жасай 

алуы;

5.2  Одақтастық,  ымырашылдыққа  баруы 



немесе шығармашылдық;

5.3  Әрқайсымен  ойлау  және  қабылдау 

ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас орна-

туы. Тілдік дағдыларын қалыптастыру.

5.4  Оқушыдан  ғана  талап  етіп  қоймай, 

өзінің де жеке басы жауапкершілігінің болуы;

5.5 Белсенді қарым-қатынас орнатуы керек.

Алтыншыдан,  істеген  жұмысынан  нәти-

же шығара алуы тиіс. Қандай да бір іс-әрекет 

барысында  жоспарлау  қаншалықты  маңыз-

ды  болса,  нәтиже  шығару  да  соншалықты 

маңызды болмақ. 

6.1 Құндылықтарды орната алуы;


11

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

6.2 Жоспарлау;

6.3 Басқару;

6.4 Тиімді әдістер қолдана білу;

6.5 Сапалы нәтижеге жетудегі бейімділігі 

сынды  қасиеттер  мұғалімнің  өз  бойында 

және бала бойында құндылықтарды орната 

алауына, тиісінше жоспарлап, басқара алуы-

на, нәтижеге жетуде тиімді әдістерді қолдана 

білуі  мен  сапалы  нәтижеге  жетуінің  бейім-

ділігін көрсетеді.

Осылайша,  аталған  барлық  қасиеттерді 

бойына жинаған мұғалім ғана – нағыз шебер 

педагог  дәрежесіне  жетпек.  Себебі,  шебер 

педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі 

ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан 

игі істердің куәсі болуы керек. Жаныңды шу-

аққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші – білім 

беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры 

мен  қырын  шебер  меңгерген,  сол  кәсіптің 

ыстығы  мен  суығын  өзі  де  басынан  кешір-

ген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер 

осындай  қасиеті  бар  жандардан  шығады. 

Жан  сарайыңды  жібітетін  тәрбиенің  үлгісі 

де, ащы ақиқаттың күмбір күйі де өркениет 

ұстазының әр сабағында шежіре боп сөйлеп 

жататыны ақиқат.

Сондықтан  да,  мұғалім  шеберлігі  –  бұл 

өте  жоғары  білімді  сапалар  жиынтығы,  әрі 

ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқы-

ту өнері.

Қортындылай келе, өркениеттің қарыштап 

дамуындағы ғажап идеялар, дархан істер, ға-

ламат жоспарлар – жаңа ғасырдың қолынан 

ғана  келеді  десек,  мұндай  ғасырдың  тізгіні 

–  ұрпақтарының  қолында  ғана!  Ендеше  ұр-

пақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың ен-

шісіне ғана берілмек.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал