Н. З. Ахтаева 1, Э. Н. Капсалямова



жүктеу 60.19 Kb.

Дата30.04.2017
өлшемі60.19 Kb.

 

Вестник КазНМУ №4-2016 



Н.З. АХТАЕВА

1

, Э.Н. КАПСАЛЯМОВА

2

, Ж. МҰХАМЕТҚАН

2

 

А.Е. АБИШЕВА

2

, А.Н. ТОҚТАСЫНОВА



1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 

2

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 

 

КӘДІМГІ АДРАСПАН (PEGANUM HARMALA L.) ЖАПЫРАҒЫ МЕН САБАҒЫН  

МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ТАЛДАУ 

 

 



 

УДК 615.322:615.076 

 

Бұл  мақалада  кәдімгі  адыраспан  өсімдігінің  кептірілген  шикізатын  микроскопиялық  талдауының  негізінде 

анатомиялық диагностикалық белгілері анықталды, біз оның көмегімен кәдімгі адыраспан түріне дифференциалды 

диагностика жүргізе аламыз. Алғаш рет нақты сипатталды.  

Түйінді сөздер: кәдімгі адыраспан, микроскопия, анатомиялық және морфологиялық белгілер                                                                        

 

Кіріспе:Қазақстан әр түрлі аурулар түрін емдеуге қолданылатын кең спектірлі әсерге ие дәрілік өсімдік шикізатына 

бай,  солардың  бірі  адыраспан.  Адыраспанда  алкалоид,  гармалин,  гармин  және  аз  мөлшерде  гармалол,  пеганин 

сынды  биологиялық  белсенді  заттардың  комплексі  бар.  Бұл  комплекс  қабыну  ауруын  басатын,  зәр  айдайтын  тер 

шығаратын,  ревматикалық  артритті  емдейтін  әсер  көрсетеді.  Көптеген  зерттеулер  жүргізілгенімен  де  адыраспан 

(Peganum  harmala)  шөбінен  дәрілердің  түрлері  елімізде  аз  өндіріледі.  Сондықтан,  адыраспан  шөбінен  тиімділігі 

жоғары және қымбат емес дәрілік қалыптар әзірлеу заманауи фармацевтика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі 

болып саналады.                                        

Кәдімгі адыраспан (Peganum harmala) – Zygophyllaceae тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең 

тамырлы  өсімдік.  Сабығы  мен  гүлінде  уы  болады.  Ерекше  күшті  сасық  иісті,  дәрілік  өсімдік.  Биіктігі  30-80  см 

аралығында,  бірақ  көбінде  30  см  төңірегінде  өседі.  Тау  беткейлерінде,  жол  бойында,  жазық  далаларда  көктейді. 

Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Оңтүстік  Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 

түрі  кездеседі.  Қазақстанның  шөл-шөлейтті,  сортаңды  жерлерінде,  әсіресе  Шу,  Іле,  Сырдария,  Сарысу  өзендері 

бойындағы  тақырланған  жайылымдарда  бір  түрі  –  кәдімгі  адраспан.  (P.  harmala)  өседі.  Сабағы  бұтақты,  салалы 

тамыры  10  м  тереңдікке  дейін  кетеді.  Гүлі  ақ,  сары  түсті  және  ол  1–3-тен  топталып  сабақ  басында  орналасады. 

Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. 



Жұмыс  мақсаты:  Zygophyllaceae  тұқымдасына  жататын  кәдімгі  адыраспан  (Peganum  harmala)  шикізатын 

анатомиялық зерттеу.  



Материалдар мен әдістемелер. 

Алға қойған мақсатқа жету үшін және диагностикалық белгілерін анықтау үшін Peganum harmala L. жапырақтарына 

анатомиялық зерттеу жүргізу қарастырылды. Кәдімгі адыраспанның жерүсті бөлігіне анатомиялық зерттеу жүргізу 

үшін шикізат генеративті фазада жинап алынды.  

Препараттарды дайындау үшін кептірілген шикізат қолданылды. Жапырақ кесектері мен бөліктерін хлоралгидрат-

су  (1:1)  ерітіндісінде  5-10  мин  ағарғанша  қайнатып,  артынан  зерттеу  нысандарын  зат  әйнекте  бір  тамшы 

глицеринмен  араластырып,  инемен  екіге  бөлдік.  Шикізат  бөлігін  инемен  алдық,  егер  жапырақ  жұқа  болса  және 

алғанда  жиналып  қалса,  жапырақ  бөліктерін  зат  әйнек  үстіне  суға  салып,  оны  инемен  әйнекке  шығарып  түзейді. 

Егер  жапырақтың  екі  жағын  да  қарау  керек  болса,  зат  әйнектің  үстінде  жапырақ  бөлігін  екіге  бөліп,  бір  бөлігін 

абайлап аударып, біріншінің жанына орналастырамыз. Тығыз жапырақтарды қараған кезде иненің ұшымен немесе 

кескіш пышақпен бөлшектейді. Дайын препараттар мен кесінділерді хлоралгидрат ерітіндісінде қарайды.  

Нысанды  жабын  әйнекпен  жауып,  екі  жағын  да  микроскоп  астында  қараймыз,  алдымен  аз  үлкендікпен  (х100), 

артынан  үлкен  (х400)  ұлғайтуды  қолданып,  МС-300  (MICROS,  Austria)  микроскобының  көмегімен  дәрілік  өсімдік 

шикізатын микроскопиялық және микрохимиялық зерттеу техникасы (Фармакопея Республики Казахстан, 2008)[1] 

бойынша зерттейміз. 

Сабақ бөліктерін 5% натрий гидроксиді ерітіндісінде 5-10 мин бойы қайнатып, артынан сумен жуамыз, эпидермисті 

инемен бөліп алып, оның жоғарғы бөлігін қарадық. Қалған тін материалынан препарат дайындап, оны зат әйнекте 

глицерин ерітіндісінде пышақпен бөлшектедік.   

Беткі  препараттарды  және  өсімдік  органдарының  кесінділері  микротом  көмегімен  мұздатқыш  құрылғы  ТОС-2-де 

қолмен  дайындалды.  Анатомиялық  кесінділердің  қалыңдығы  10-15  мкм  құрады.  Анатомиялық  құрылымын 

сипаттағанда жалпы қабылданған терминдер қолданылды (Вехова и др., 1980) [2, 3].  

Нәтижелер мен талқылаулар. 

Жапырақ  микроскопиясы.  Жапырақ  құрылымында  келесі  ерекшеліктер  кездеседі.  Жапырақтың  астынғы  және 

үстінгі эпидерма қабытының астында 2-3 қатар бағаналы паренхима орналасқан, оның дамуы жапырақ кеңістігінің 

вертикалды  бағытына байланысты (сурет 1) . Тығыз бағаналы ұлпаның астында кристалды  қабат жатады, клетка 

қуысы  ұсақ  ине  тәрізді  кальций  оксалаттарына  толы.  Клеткаарылқты  3-5  қатарлы  түссіз  борпылдақ  паренхимада 

клеткаларынша шырышы кездеседі. Метилен көгімен өңдеген кезде шырыш қанық көк түске боялады. Борпылдақ 

паренхима  клеткаларында  сондай-ақ  друздар  мен  кальций  оксалаты  кристалдары  кездеседі.  Коллатеральды 

өткізгіш шоқтары шағындау, түссіз паренхима клеткаларымен қоршалған.  

 


 

Вестник КазНМУ №4-2016 

 

1-палисадты мезофилл, 2- төменгі эпидермис, 3- жоғарғы эпидермис, 4- өткізгіш шоқ, 5-борпылдақ мезофилл 



Сурет 1- Жапырақтың анатомиялық құрылысы (х100) 

 

 



А  

 

Б 



 

В 

А-жапырақ шеті (1-кутикула, 2-эпидермис, 3-палисадты мезофилл); Б- өткізгіш шоқ (1-ксилема, 2-флоэма, 3-шоқтың 



паренхималық қоршауы); В- жапырақ шеті (1-устьица, 2-кутикулла, 3-палисадты мезофилл, 4-эпидермис, 5-безді 

түкше) 


Сурет 2- Жапырақтың гистологиялық элементі (х400) 

 

Жапырақ  эпидермисі  суккулентті,  оның  клеткаларында  шырыш  бар,  оған  кальций  оксалаттарының  кристалды 



құмдары қосылған. Кристалл құмдары барлық эпидермальды клеткаларда (устьицаның түйістіргіш клеткаларынан 

басқа) жинақталады, жеке клеткаларда толығымен клетка ішін толтырып қою дақ түрінде көрінеді.  

 

1 -төменгі эпидермис, 2- жоғарғы эпидермис, 3-кутикула, 4-палисадты мезофилл 5-борпылдақ мезофилл,  



6- өткізгіш шоқ 

 

Сурет 3- Жапырақ құрылысы (х100) 



 

Эпидермальды  клеткалар  жапырақ  беттік  препараттарында  әртүрлі  формада:    тікқабырғалы,  ұзартылған,  ірі 

клеткалар  ұсақ  полигональды  клеткалармен  кезектесіп  орналасақан  (сурет  2).  Устьицалар  амфистоматикалық, 

ранунклоидты,  2-5  әртүрлі  көлемдегі  клеткалармен  қоршалған  эпидерманың  өалған  клеткаларымен  бірдей 

деңгейде  орналасқан.  Кутикуласы  жұқа.  Жас  жапырақтары  эфемерлі  безді  түктермен  қамтамасыз  етілген.  Безді 

түктердің аяқшасы және шайырдан тұратын түк қалпақшасынан тұрады. Үлкен өсімдіктерде түкшелер тек жапырақ 

негізінде пішіні қатты өзгерген түрде сақталады.  

 


 

Вестник КазНМУ №4-2016 

 

 



Сурет 4- Жапырақтың жоғарғы эпидермисі (х400) 

 

 



 

 

 



1-трихома, 2-лептесік, 3- кристалды құм 

Сурет 5- Жапырақ трихомасы (х400) 

 

 

 



Сурет 6- Жапырақтың төменгі эпидермисі (х400) 

 

Жапырақтарының  анатомия-морфологиялық  белгілерінің  сәйкестігі  бойынша  кәдімгі  адыраспан  ксерофиттерге 



жатады.  Жапырақтың  ксероморфты  құрылымы  суккуленттіліктің  белгілерімен  үйлеседі:  перифериялық 

ұлпалардың  тұздарды  бөліп  шығаруы  және  эпидермис  пен  мезофилл  клеткаларында  шырыштың  болуы. 

Жапырақтың  бұл  анатомиялық  ерекшеліктері  олардың  вертикалды  жазықтықта  орналасуымен  қатар 

транспирациясын  төмендетеді.  Дегенмен,  адыраспанға  барлық  ксерофиттік  белгілер  тән  емес.  Керісінше,  мұндай 

белгілер жапырақтың екі бетінде де лептесіктің көп болуы, олардың эпидерманың беткі қабаттарында орналасуы, 

жәй  трихомалардың  жоқтығы,  эпидерма  клетка  қабырғаларының  әлсіз  қалындауы,  палисадты  ұлпаның  жоғары 

деңгейде дамуы транспирацияның интесивтілігін арттырады. Бұл  жер асты  сулар қабатына дейін терең дамыған 

тамыр жүйесімен қамтамасыз етеледі, сондай-ақ өсімдікті қызып кетуден қорғайды. Аталған экологиялық белгілер 

өсімдікті гемиксерофит ретінде сипаттайды.  


 

Вестник КазНМУ №4-2016 

Кәдімгі  адыраспан  жапырағының  құрылымдық  ерекшелігі  бадырайып  көрініп  тұратындығында.  Жапырақ 



құрылымының  типі  -  центрикалық,  ол  құрғақ  жағдайға  бейімделуді  нұсқайды,  бейімделудің  алуантүрлілігімен 

ерекшеленеді (сурет 4).  



Сабақ  микроскопиясы.  Кәдімгі  адыраспан  сабағының  құрылысында  әртүрлі  деңгейдегі  құрылымдық  өзгерістер 

байқалады.  Сабақ  өте  қалыңданған  клетка  қабықшалыр  бар  және  устьицалары  терең  орналасқан  сукулентті 

эпидермиспен  қапталған  (сурет  7,  8,  10).  Қабығында  безді  түктер  кездеседі.  Кейбір  эпидермальды  клеткаларла 

кальцидың  кристалдары  кезедседі.  Қабық  астында  гиподерма  төселген,  оның  клеткалары  көлемі  бойынша 

эпидермальды клеткаларға қарағанда шағын және толығымен кристалды құмдармен толтырылған. Бағаналы типті 

хлоренхиманың  астында  (2-3  қатарлы)  түссіз  негізгі  тін  орналасқан,  көп  клеткалары  шырышпен  толтырылған. 

Шырышты  клеткалар  басқа  полигональды  паренхима  клеткаларымен  салыстырғанда,  көлемі  бойынша  ірі  және 

шеті дөңегелек.   

 

 

1-эпидермис, 2-гиподерма, 3-хлоренхима, 4-эндодерма, 5-склеренхима, 6-флома, 7-ксилема, 9-жүрекше паренхима 



Сурет 7- сабақтың анатомиялық құрылымы (х100) 

 

 



1-кутикула, 2-эпидермис, 3-гиподерма, 4-хлоренхима, 5-эндодерма, 6-склеренхима, 7-флома, 8-ксилема, 9-шырышты 

жүрекше паренхима  

Сурет 8- сабақтың перифериялық бөлігі (х400) 

 

Орталық цилиндр коллатеральды шоқтармен толтырылған, дамудың бастапқы  сатысынан перициклды талшықтар 



дамыған.  Перициклдың  жалғастырмалы  әрекеті  нәтижесінде,  күшті  склеренхималы  сақина  түзіледі,  орталық 

цилиндрді тығыз футлярымен қаптаған (сурет 8, 9). 

 

 

1-эндодерма, 2-склеренхима, 3-флома, 7-ксилема, 5-шырышты жүрек паренхимасы  



Сурет 8- Сабақтың орталық цилиндрі (х400) 

 


 

Вестник КазНМУ №4-2016 



Сабақ сүрегінің гистологиялық құрылымы.  Кәдімгі адыраспан сабағының өткізгіш жүйесі қабырғалары әртүрлі 

типті  қалыңдаған  трахея және  трахеидтермен  құралған  (сурет  11).  Түтіктері  салыстырмалы  жұқа  қабырғалы,  тар, 

диаметрі 20—60 мкм. Түтік мүшелері ұзын әрі қысқа (286 мкм), кішкене тұмсықпен. Перфорациялары қарапайым, 

дөңгелек  немесе  сопақ,  бүйір  және  көлденең  қабырғаларында  орналасқан.  Түтіктері  көбіне  торлы  немесе  жиекті 

көмкерілген  тесіктері  бар,  жиі  спиарль  тәрізді  үшінші  реттік  қалындау  байқалады.  Түтікаралық  тесіктер  қарама-

қарсы, кезекті немесе өтпелі, тесіктері сопақ және доғал. Прото- және метаксилемаларға иректелген, сақиналы және 

сатылы-торлы  түтіктер  тән.  Трахеидтер  сондай-ақ,  қабырғалырының  әртүрлілігімен  сипатталады:  сатылы-торлы, 

торлы,  тесіктері  доғалданған  жиекті.  Либриформды  талшық  жұқа  және  қалың  қабырғалы,  тесіктігі  сирек, 

доғалданған.  Сүрек  талшықтарының  арасында  (200-250  мкм)  1400  мкм  жететін  либриформ  талшықтары  да 

кездеседі. Талшықтардың ұшы доғалданған немесе үшкір, шеттері кетіктері де кезедседі. Сүрек паренхимасы ұршық 

тәрізді немесе 2-4 клеткаларға біріккен.   

Адыраспан  сабағының  сүрегінің  құрамын  элементарлы  талдау  оның  мамандануының  жоғарғы  деңгейін  көрсетті. 

Сабақтың трахеалды  элементтерінен түтіктері  жоғарғы деңгейде дамыған. Талшықтардың болуы сондай-ақ  сабақ 

сүрегінің тамыр түтіктерінің жәй перфорациясымен коррелятивті байланысқан маманданғанын көрсетеді.  



Қорытынды:  Кәдімгі  адыраспанды  анатомиялық  талдау  кезінде  оның  жалпы  құрылымдық  ерекшеліктері 

анықталған (орталықты мезофиллмен қатар – жұқа кутикула, амфистоматикалық, аномацитті устьица типтері). Ол 

экологиялық  түрлі  жағдайларға  бейімделуіне  негізделген.  Осылайша,  гемиксерофит  болып  табылатын  кәдімгі 

адыраспан  жабын  түктері  болмайды  (жас  жапырақтарды  қорғайтын  түктерден  бөлек),  ксерикалық  жағдайда 

транспирациясы  көбееді.  Сонымен  қатар  ылғалды  сақтауға  қабілеттендіретін  бейімделгіштік  белгілер  де  дамиды 

(шырышы  бар  клеткалар),  транспирацияны  төмендететін  (эпидермис  клеткаларында  кристалды  құмдардың 

жинақталуы).  

Сабақ құрылымының түрлік ерекшеленуі ксероморфты жағдайда айқын байқалады: қабық паренхимасының нашар 

дамуы,  лигнифицирленген  перициклды  белдеудің  тез  және  ерте  қалыптасуы  және  гистологиялық  элементтердің 

ұсақ клеткалы болуы.   



 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ   



1

 

Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Шымкент: 2012. – 273 с. 



2

 

Қожабеков М.,Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер. – Алматы: Қазақстан, 1982. – 251 с. 



3

 

Никиточкина Г.Д. Дәрілік өсімдіктер. 5- басылым. – Алматы: Колос С, 2003. – 391 с.  



 

 

Н.З. АХТАЕВА

1

, Э.Н. КАПСАЛЯМОВА

2

, Ж. МҰХАМЕТҚАН

2, 

А.Е. АБИШЕВА

2

, А.Н. ТОҚТАСЫНОВА



1

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби  

2

Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиарова 

 

МИКРОСКОПИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ СТЕБЛЯ И ЛИСТЬЕВ ГАРМАЛЫ ОБЫКНОВЕННОЙ 

 

Резюме:  В  этой  статье  используют  обычные  сушеные  растения  гармалы  обыкновенной,  микроскопические 

анатомические  диагностические  признаки  были  идентифицированы  на  основе  анализа  сырья,  мы  можем  сделать 

дифференциальную  диагностику  с  помощью  обычного  типа  гармалы  обыкновенной.    Котрая  была  изучена    в 

первый раз. 



Ключевые слова: гармала обыкновенная, микроскопия, анатомо-морфологические признаки 

 

 

E.N. KAPSALIOMOVA. J. MUHAMETKHAN. A. ABYCHEVA. A. TOKTASYNOVA 

S.D. Asfendiyarov Kazakh National Medical University   

Al-Farabi Kazakh National  University  

                                                



MICROSCOPIC ANALYSIS OF THE STEMS AND LEAVES ORDINARY HARMALA 

 

Resume: In this article the usual dried plants adıraspan  microscopic anatomical diagnostic features were identified on the 

basis of the analysis of the raw materials, we can make differential diagnosis by means of a conventional type of adıraspan. 



Characterized for the first time. 

Keywords: adıraspan conventional microscopy, anatomical and morphological signs  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал