Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.

бет9/46
Дата08.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

Әдебиеттер   
 
1  Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 216 б.  
Қазақ сөз өнерінің асыл арнасы (Қытайдағы қазақ әдебиеті жайында) 

50 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
2  Қазақ әдебиеті. – 2011. – № 7 (3223).  
3  Қазақ энциклопедиясы, 9 том.  
4  Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: Атамұра, 2010. – 752 б.  
5  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. Аңсаған атажұрт. Фотоальбом. Алматы: “Атажұрт” баспасы, 2005. – 112 б.  
6  Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Астана: “Таным” баспасы, 2003. – 360 б. 
7  Шамақайұлы Қ. Шет елдегі қазақ баспасөзі: oқу құралы. – Қарағанды, 2003. – 120 б.  
8  Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. – Астана: Елорда, 2005. – 352 б.  
9  Қозғамбаева  Г.Б.  Дүниежүзі  қазақтар  қауымдастығы  қазақ  диаспорасының  қарашаңырағы // ҚазҰУ  хабаршысы. 
Тарих сериясы. – 2010. – № 1 (56). –116–119 б.  
10 «Қазақ елі» газеті. 1998, 9 қаңтар, 2 б. 
 
References 
 
1 Euraziyalyқ integratsiya zhәne қazaқ diasporasy. – Almaty: Zhetі zharғy, 2007. – 216 b.  
2  Қazaқ әdebietі. – 2011. – № 7 (3223).  
3  Қazaқ entsiklopediyasy, 9 tom.  
4  Қazaқstan tarihy (kөne zamannan bүgіnge deyіn). Bes tomdyқ. 4-tom. – Almaty: «Atamұra», 2010. – 752 b.  
5 Dүniezhүzі қazaқtarynyң қauymdastyғy. Aңsaғan atazhұrt. Fotoal'bom. Almaty: “Atazhұrt” baspasy, 2005 zh. – 112 b.  
6 Ergөbek Қ. Arystar men aғystar. – Astana: “Tanym” baspasy, 2003. – 360 b. 
7 Shamaқayұly Қ. Shet eldegі қazaқ baspasөzі: Oқu құraly. – Қaraғandy, 2003. – 120 b.  
8  Қazaқ diasporasy: bүgіnі men erteңі. – Astana: Elorda, 2005. – 352 b.  
9  Қozғambaeva G.B. Dүniezhүzі  қazaқtar  қauymdastyғy  қazaқ diasporasynyң  қarashaңyraғy // ҚazҰU habarshysy. Tarih 
seriyasy. – 2010. – № 1 (56). 116–119 b. 
10 «Қazaқ elі» gazetі. 1998 zh., 9 қaңtar, 2 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. У. Такиров, А. Р. Акеева

51 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
 
ӘОЖ 82: 801.6.42:82-1 (574):297  
 
Ғ. Ә. Тұяқбаев 
 
Қорқыт aта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінiң доцентi, ф. ғ. к., 
Қызылорда қ., Қазақстан 
e-mail: turmagambet@mail.ru 
 
Тұрмағамбет шығармаларындағы мінәжат жанры 
 
Мақалада  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  мінәжат  жанры  жайлы  ғылыми  тұжырымдар  талданады. 
Мінәжат өлеңдердің жазылу ерекшеліктеріне қатысты бірқатар мысалдар келтіре отырып, автор Тұрмағамбет 
өлеңдеріндегі  ислами  көзқарас,  азаматтық  ұстанымды  айқындайды.  Сондай-ақ  сопылық  поэзия  жайлы 
ғылыми  пікірлерді  салыстырып,  ақын  өлеңдеріндегі  тәубешілдік,  жан,  рух  тазалығы  жайлы  ойларына 
тоқталады.  Отаршылдық  саясаттың  озбырлығы  мен  дінсіздендіру  саясатының  астарын  ұққан  Тұрмағамбет 
жырлары  ұлтты  рухани  азғындаудан  сақтауды  ескертеді. Қ.А.  Яссауи  мен  Т.  Ізтілеуовтің  мінәжат  өлеңдері 
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар нақты мысалдармен анықталады. 
Түйін сөздер: мінәжат, сопылық поэзия, ислам. 
 
Г. А.Туякбаев 
Жанр минажат в произведениях Турмагамбета Изтлеуова 
 
В  статье  аналиризируются  научные  определения  жанра  минажат  в  казахском  литературоведении. 
Особенности  стихотворений,  написанных  в  жанре  минажат,  иллюстрируются  примерами  из  произведений 
поэта  Т.  Изтлеуова.  Автор  характеризует  исламское  мировоззрение,  гражданскую  позицию,  выраженную 
поэтом в своих стихотворениях, сравнивает различные научные взгляды на софийскую поэзию, акцентирует 
внимание на духовных, душевных мотивах произведений поэта. Автор статьи обращает внимание на то, что 
произведения Турмагамбета необходимо сохранить для национальной духовности. 
Также в статье выявляется сходство и различие произведений К.А. Яссауи и Т. Изтлеуова, созданных в 
жанре минажат. 
Ключевые слова: минажат, софийская поэзия, ислам. 
 
G.A.Tuyakbayev 
Genre  minajat  in Turmagambet Iztleuov's  works 
 
In article it is analyzed scientific definitions of a genre minajat  in the Kazakh literary criticism. Features of 
poems written in a genre мinajat, it is illustrated by examples from works of the poet T.Iztleuov. The author 
characterizes Islamic outlook, the civic stand expressed by the poet in the poems, compares different scientific views 
on the Sufia poetry, focuses attention on spiritual, the  sensible motives of works of  the  poet. The author of article 
points out  that Turmaganbet's works need to be kept for national spirituality. Also in article similarity and distinction 
of works of  Koja Ahmet Yassaui and T.Iztleuov, created in a genre of мinajat . 
Key words: minajat,  sufia poetry, islam. 
____________________________________ 
 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  мінәжат 
жанры  туралы  алғаш  пікір  білдірген  А.Бай-
тұрсынов: «Діндар  дәуір  мұңды,  зарлы  сөз-
деріне  мінәжат  деп  ат  қойған.  Әуелінде  мінә-
жат  деп  ғұламалардың  құдайға  айтқан  зары, 
арызы,  налысы  айтылған.  Бара-бара  зарлық, 
мұңлық  мағынасына  айналып,  зарлық  өлең 
сияқты  сөздер  де  мінәжат  деп  аталатын  бол-
ған», - дей келе, нағыз мінәжатқа төмендегідей 
мысал келтіреді:  
 
Он сегіз мың ғаламның. 
Падишасы едің, құдайым! 
Құдая саған жырлаймын. 
Кешіргейсің, күнайым! 
Өзіңнің нашар пендеңмін, 
Әр жапаңа көнгенмін. 
Ғашірбектей тағама 
Медет берер күн бүгін [1, 150-151]. 
 
Автор бұл өлең шумағына «Ғашірбек соғы-
сып  жүргенде,  байлауда  тұрған  Жүсіпбек  құ-
дайға,  тауларға  мінәжат  қып  айтқан  сөзі»  де-
ген түсіндірме береді. Ал «Қазақ тілінің түсін-
дірме  сөздігінде»: «Мінәжат – құдайға  сыйы-
нушылық,  құлшылық  етушілік»,-деген  анық-
тама  берсе[2, 474], әзірбайжан  ғалымы  Әзиз 
Тұрмағамбет шығармаларындағы мінәжат жанры 

52 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Миреһмәдов: «Мінәжатта  діндар  адамдардың 
Аллаға деген ой-санасы мен түйсігіндегі риза-
лығы сипатталады. Онда Алла тағаланың құді-
реті,  ұлылығы  жырға  қосылады», - деп  мінә-
жат  жанрының  табиғатын  нақтылай  түседі[3, 
145]. Осы тұрғыдан мінәжат өлеңнің жанрлық-
мазмұндық  табиғатын  анықтар  болсақ,  А.Бай-
тұрсынов  келтіріп  отырған  өлең  шумағында 
мінәжаттың элементтері бар. Бірақ бұны Алла 
Тағаланың  алдында  жан,  рух  тазалығын  сұра-
ған мұсылман мүміндеріне тән мінәжатқа жат-
қыза алмаймыз. Өлеңде басына іс түскен туыс-
қанына  жәрдем  сұраған  пендешілік  тілек  ба-
сым.  Ендеше,  бұл  өлеңді  А.Байтұрсыновтың 
жоғарыдағы  пікіріне  сүйене  отырып,  мұң,  зар 
өлеңі деп атауымызға болар еді. Біздің пайым-
дауымызша, мінәжат Алла тағалаға деген таза 
сүйіспеншіліктен  туған  жыр.  Онда  мұсылман-
дық-сопылық дүниетаным басым жатады. Яғни, 
мұсылман  мүміндерінің  Алла  тағаладан  бір 
ғана  күтетіні  ар,  жан  тазалығы,  о  дүние  есігін 
таза ашу т.б.     
Түркі  тектес  халықтар  поэзиясында  Қ.А.Яс-
сауи  мінәжаттарын  осы  жанрдың  көшбасшы-
сы  деп  бағалауымызға  болады.  Сопы-ақын  өз 
хикметтерінде Алла тағалаға, оның пайғамбар-
ларына деген сүйіспеншілік төгіліп тұрады: 
 
Жаппар ием, жеңілдеткіл таразыны, 
Шапағатшы дос Мұхаммед бізге тілер. 
Құлдарыңа рахым еткіл, иә, Алла 
Саясатты ұлы күнде не қылғаймын? [4, 200] 
немесе: 
Ол «Аласт бирраббикум» деді құда, 
«Қалу бала» деп аруақтар үн қатты. 
Жылап келдік есігіңе Жаратқан Алла, 
Рақым етсең, жүз мың есе қуаныш болар[4, 254]. 
 
Иә, илаһи, ынсап бергіл, жаным құрбан, 
Жаннан безіп отқа түсті пәруаналар. 
Көңіліме тоқтау салып, мал-мүлкімді шашайын, 
Мал-мүлкін сарп етер диуаналар [4, 248]. 
 
Яссауи  Алла  Тағаладан  ешқандай  бақ  пен 
байлық  сұрамайды  немесе  басқа  да  пендеуи 
тілек тілемейді. Таза сопылық дүниетанымнан 
туған шынайы жалбарыну. Ол үшін ең қымбат 
нәрсе – екінші  дүние  бақыты,  одан  қалса  Хақ 
дидарын  көру.  Алла  Тағаладан  жалбарына  сұ-
райтыны  да  сол.  Осы  ретте  әдебиеттанушы-
ғалым  Р.Бердібайдың: «Сопылық  поэзияның 
түпкі  мақсаты – адамдарды  бір  жаратқан  Ал-
лаға, оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың көр-
сеткен жолына шексіз берілгендік рухында тәр-
биелеу  болса,  осы  ұлы  міндетті  түркі  ақында-
рының ішінде бірінші рет Ахмет Яссауи атқар-
ғаны  оның  асқан  ерлігі.  Аллаға,  пайғамбарға 
деген пәк, таза көңіл күйі ғана адамдар пейілін 
тазартудың,  олардың  ісі  мен  сөзі  бірдей  шы-
ғуының  кепілі  болмақ», - деген  пікірі  Яссауи 
мінәжаттарына  берілген  құнды  баға  деп  ой-
лаймыз [5, 14].  
Сыр сүлейі Тұрмағамбет діни сауатты, түр-
кі  халықтары  ақындары  мен  шығыс  шайыр-
лары  жырларынан  нәр  алған  ақын.  Оның  шы-
ғармаларынан ақынның исламияттық дүниета-
нымы анық танылады. Соның бір ғана көрінісі 
- мінәжат өлеңдері. 
 
Ей, Алла, ғафу айлап тауфиқ-тәуба, 
Пендеңді бұлт шөгетін шығар тауға. 
Кеуліңнен кетірем деп иман нұрын, 
Қылып жүр Ханнас малғұн қатаң қауға... 
...Күшейіп күннен-күнге кер бұқадай, 
Әл бермей алып барад омырауға. 
Құтқар,-деп осылардың пітнәсінен, 
Мен келдім қылып Саған басым сауға [6, 91]. 
 
Мұсылмандық дүниетанымда адамды азғы-
рушы – шайтан,  ібіліс. «Шайтан»  Құран  Кә-
римде 89 жерде  кездеседі.  Хақтан  ұзақтасқан, 
әмірге  қарсы  келген,  азғырушы,  Ібіліс,  ғазезіл 
деген  мағына  береді. «Ханнас  малғұн»  шай-
танның  бір  есімі.  Құранның  Ниса  сүресінің 
176-аятында: «Әй, мүміндер. Әділдікте мықты 
тұрып, егер өздеріңнің, әке шешелеріңнің және 
жақындарының  зиянына  болса  да,  Алла  үшін 
айғақ  болыңдар,  бай  немесе  кедей  болса  да. 
Өйткені Алла екеуіне де тым жақын. (Олардың 
халін  біледі).  Ендеше  әділдік  істеуде  нәпсіге 
ермеңдер.  Егер  тілдеріңді  бұрып,  шындықты 
бұрмаласаңдар,  шексіз  Алла  не  істегендеріңді 
толық білуші… Әй, мүміндер, Аллаға, Пайғам-
барына  және  оған  түскен  Құранға,  сондай-ақ, 
одан  бұрынғы  түсірген  кітаптарына  иман  кел-
тіріңдер.  Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітап-
тарына,  елшілеріне  және  ахирет  күніне  қарсы 
шықса,  сонда  тым  ұзақ  адасты…» [7, 100], - 
дейді. 
Көріп  отырғанымыздай,  Тұрмағамбет  дү-
ниетанымының бастау-бұлағы - Құран Карим-
де  жатыр.  Адамның  ойын  бұзып,  нәпсіге  ерік 
беруге  итермелейтін – шайтан.  Ақынның  Ал-
ладан  тілейтіні  бүкіл  мұсылман  қауымының 
шайтан  уәсуәсына  еріп  кетпеуі,  адаспауы. 
«Уәсуә»  шайтанның  көңілге  күдік  салуы,  іш-
тей азғырушы, делсалдық деген мағынада қол-
данылады.  Мұнда  ешқандай  пендешілік  тілек 
жоқ.  Ішкі  жан-дүние  тазалығын  сұрау,  Алла 
алдында  ақ  болу  мәселесі  ғана.  Осы  ой  өрісі 
Тұрмағамбеттің  «Оңғарса  талабымды  Тәңірім 
менің» атты мінәжат өлеңінде нақтылана, ажар-
лана түседі: 
 
Айыбын ғафу айлап құлдарыңның, 
Ғ. Ә. Тұяқбаев 

53 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Кеуілге кіргіз тәубе, келмей өлім. 
Жәннатта миуадан жай нәсіп қыл, 
Сарқылған сағатында өмір гүлім. 
Соңына Сәруардың жібер ертіп,  
Жұмыла жан болған күні екі бөлім. 
Берер деп, иа Алла бұл мүддағамды, 
Жаюлы жанабыңа күн-түн қолым [6, 135]. 
 
Өмір мұраты – тауфих, тәуба арқылы нәп-
сіні  тізгіндеу  деп  ұғынған  ақынның  Алладан 
сұрайтыны да «кеуіл» тазалығы. Ақын осы ар-
қылы  нәпсіқұмарлықпен  күрескісі  келеді.  Ол 
үшін Алла тағаладан медет, тағат сұрайды. Нәп-
сіқұмарлыққа  қанағат  пен  имандылықты  қарсы 
қою арқылы осы мұратына жетуді аңсайды.  
 
Бақ қондыр басыма, Алла ұшпайтұғын, 
Етіме асыл кидір ыспайтұғын. 
Кен қылып кеуілімді іліміңе, 
Сабыр бер, сірә, ішім пыспайтұғын. 
Тілімді тірілікте тіпті ұшты қыл, 
Сұлулап сөз сабағын ұштайтұғын. 
Ханнастың қармағына іліндірмей, 
Тауфиқ бер тура жолды нұсқайтұғын [6, 135]. 
 
Мінәжат  өлеңнің  өн  бойындағы  ақындық 
мұратты  жеткізуші – сабыр,  тауфиқ,  ханнас. 
Ақынның  шеберлігі мен  исламдық сауатының 
молдығы  осы  үш  сөзді  философиялық  катего-
рия  деңгейіне  көтере  білуінде.  Көңілді  кір 
шалмай,  жан  тазалығы  мен  ар  тазалығын  сақ-
тау  үшін  сабыр  мен  шүкіршілік,  әзәзіл  жете-
гінде кетпеу - ең басты шарт. Ақынның Алла-
дан жалына, жалбарына сұрайтыны да осы. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ға-
сыр  басы  Ресей  империясының  қазақ  даласын 
толықтай отарлау саясатының барынша асқын-
ған  кезі.  Отаршыл  Ресей  тек  қазақ  жерін  ғана 
отарлауды  мақсат  еткен  жоқ.  Отарланған  ха-
лықтың  рухын  сындырып,  мәңгүрттендіру  мақ-
сатын алға қойды. Өйткені рухани санасы мәң-
гүрттенген  халық  үшін  ел,  отан,  жер  мәселе-
сінің қажеті жоқ болатындығын олар білді. Сон-
дықтан осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс 
жүргізді.  Соның  бірі  және  негізгісі  қазақ  хал-
қын  ұлтсыздандыру  мен  дінсіздендіру  мәсе-
лесі  болатын.  Патшалық  Ресейдің  осындай  жы-
мысқы  һәм  іргелі  саясаты  сол  кезеңдердегі 
көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматтарын ой-
лантпай қоймады. Соның бірі Тұрмағамбет бо-
латын. Өз халқының дінсіздікке бет бұруының 
болашақ  үшін  қасірет  екендігін  сезген  ақын 
күңіренді,  күресті,  халық  көзі  мен  көкірегін 
ашуды мақсат тұтты. Тұрмағамбеттің осындай 
азаматтық  ұстанымы  оның  мінәжат  өлеңдері-
нен де көрінеді: 
 
Абат ет Алла менің ду сарамды, 
Жүзімді жарқыратып, жу қарамды. 
Әр түрлі бұзықтыққа бұрмалайтын, 
Кеулімнен Ханнас атты қу арамды. 
Қолында қатын менен балалардың, 
Қағазы Құраныңның уқаланды. 
Ашпасаң әһлі исламның өзің көзін, 
Бәрі де болып қалды су қараңғы[6, 137]. 
 
Ақынды енді жан, ар тазалығымен бірге өз 
халқының  тағдыры,  оның  болашағы  ойланды-
рады. Рухтың азуы, сананың салғырт тартуы - 
барлығы  дінсіздіктен  деп  түсінген  ақын,  Ал-
ладан  өз  халқына  сабыр,  парасат,  шүкіршілік, 
қанағат беруін жалбарына сұрайды. Бұл – жал-
қыдан  жалпыға  ауысқан  ақынның  азаматтық 
келбеті.     
Кейбір  әдебиет  зерттеушілерінің  «ХІХ-ХХ 
ғасырлардағы  ақын-жыраулар  поэзиясының 
сопылық поэзияға ешқандай қатысы жоқ. Олар-
дың  көпшілігі  дидактикалық  өлеңдер»  деген 
пікірлері  сарабдал  ақыл  сынына  қайта  бір 
салуды  қажет  етеді.  Сопылық  поэзия  өкілдері 
Алла  Тағалаға  деген  сезімдерін  жұмбақтай 
жеткізді.  Өз  ойларын  жеткізуде  жан,  жар  мен 
ғашық,  бұлбұл  мен  райхан  гүлі,  шам  мен  кө-
белек, махаббат пен шарап сынды сырлы ұғым-
дарды қолданды. Бұған қарап сопылық поэзия-
ны  тек  қана  сырлы  ұғымдарға  толы  жұмбақ 
дүние  деп  түсіну – бір  кездері  олар  жөніндегі 
«шарапшыл  ақын», «махаббатшыл  ақын»  деп 
байыбына  бармай  айтылған  пікірлермен  бара 
бар.  Өйткені  сопылық  дүниетанымның  негізгі 
ұстанған бағыты Алла Тағалаға деген адалдық 
пен  тазалық,  шындық  (хақиқат)  пен  әділдік, 
ұстамдылық  пен  шүкіршілік,  нәпсімен  күрес. 
Е.Э.Бертельс  «Сопылық  әдебиетті  үйренбей 
тұрып, Орта ғасырлық мұсылман Шығысының 
мәдени  тұрмысын  дұрыс  түсіну  мүмкін  емес. 
Оның  классиктері  Шығыс  халықтары  әдебиеті-
не  дәл  ХХ  ғасырдың  басына  дейін  әсер  етіп 
келді.  Бұл  жағдай  сопылық  әдебиетке  үлкен 
жауапкершілікпен  қарауды  талап  етеді,  қала 
берсе  мұсылман  Шығысының  авторларының 
бірен-сараңы болмаса, қалғандарының бәрі со-
пылықпен  байланысты,  демек,  сопылық  әде-
биетті  білмей  тұрып  оларды  түсіну  мүмкін 
емес», - деген  болатын [8, 54]. Ал  Қ.Жәрім-
бетов: «Сопылық тәлім ислам дінінің ішіндегі 
үлкен бір ағым болып есептеледі. Оның ортаға 
қойған  басты  мәселесі – адам  және  оның  Ал-
лаға  бойсұнуы.  Сопылық  жолға  түскендердің 
бас  мақсаты  рухани  және  жисмани  тазалану, 
пәк  болу  арқылы,  рух  пен  денені  бір-біріне 
сәйкестендіру  арқылы  адал  адам  дәрежесіне 
көтерілу  және  ең  соңында  егер  нәсіп  етсе, 
Алланың (хақтың) дидарын көру бақытына ие 
Тұрмағамбет шығармаларындағы мінәжат жанры 

54 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
болмақ», - дейді [9, 67]. Зерттеушілер пікірі со-
пылық  поэзия  мен  мұсылманшылық-ағарту-
шылық  поэзия  арасындағы  тұтастықты,  соны-
мен бірге әрқайсысының өз ерекшелігін анық-
тап бергендей. Ғалым А. Ахметбекова: «…мұ-
сылман уағыздаған рақымшылық, әділдік, мейі-
рімділік  сияқты  гуманистік  идеялар  да  сопы-
ның  ішкі  жан  дүниесін,  адами  келбетін  белгі-
лейді.  Мұсылман  өмір  сүруде  Құран  мен  ша-
риғат,  сүннеттерді  басшылыққа  алса,  сопы  да 
қасиетті  Құран  мен  шариғатты  өз  сенімінің 
негізі  деп  тұжырымдайды.  Бірақ  мұсылман 
өлімнен  кейін  ұжмаққа  кіруге  үміттеніп,  өмір 
атты  сынақтан  мүдірмей  өтуді  мақсат  тұтса, 
сопы ұжмақтан да зоры – Хақ дидарын көруді 
армандап, «өлмес  бұрын  өлу»  тілегімен  бұл 
дүниені талақ етеді. Мұсылман тән мен рухты 
біріктірген жаны үшін рух пен тән қасиеттерін 
бірдей  орындай  отырып,  тепе-теңдікті  сақтау 
арқылы өмір сүрсе, сопы тәнді рух қапасы деп 
біліп,  тәннің  нәпсі  тілектерінен  бас  тартып, 
жанды рухтандырып, өзіне тек рух тұрғысында 
жасауды  талап  етеді» [10, 109], - деп  осы  ой 
ағысын  нақтылай  түседі.  Ендеше  Сыр  бойы 
ақындары, оның ішінде, Тұрмағамбет сопылық 
поэзия  өкілдерін  оқып  қана  қоймай,  олардан 
қажет жерінде үйреніп те отырды. 
Сыр  сүлейлері  Балқы  Базар, Оңғар  жырау, 
Тұрмағамбет,  Қаңлы  Жүсіптер  сопылықтың 
бүкіл  танымын  қабылдай алған  жоқ. Олардың 
өз  ұстанымына  арқау  еткені – шүкіршілік, 
қанағат, тәубашылдық сияқты ұғым-түсініктер 
болатын. Сопылық дүниетанымның теориялық 
негіздеріне  жататын  шариғат,  тарихат,  мағри-
фат, хақиқат сынды ұғымдарды өз шығармала-
рында  Сыр  ақындары  да  пайдаланды.  А.Яс-
сауи  мінәжаттары  мен  Тұрмағамбет  мінәжат-
тарының  арасындағы  айырмашылықты  да  біз 
осыдан  іздеуіміз  қажет  сынды.  Екі  ақын  шы-
ғармаларындағы  ой  үндестігі  бір  арнаға  құйыл-
ғандай болып көрінгенімен, «хақ дидарын» кө-
руде ақындық-мұсылмандық ұстаным екіге бө-
лінеді. Сондай-ақ мұсылмандық дүниетанымда 
сопылардай  бүкіл  өмір  қажеттіліктерінен  бас 
тарту  идеясы  жоқ,  сабыр,  қанағат,  шүкіршілік 
мәселесі алдыңғы орынға шыққан. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. 
2  Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Дайк пресс, 1999. 
3  Мирәһмәдов  А.  Әдебиеттанудың  энциклопедиялық  түсіндірме  сөздігі. – Баку,  Әзірбайжан  энциклопедиясы  НПБ, 
1998. 
4  Иасауи А. Хикмет. – Алматы: Жалын, 2002. 
5  Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. 4 т. – Алматы: Қазығұрт, 2005. 
6  Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. – Алматы: Дешті Қыпшақ, 2007. 
7  Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі. Ауд. Алтай Халифа, Сауд Арабиясы, 1991. 
8  Бертельс Е. Э. Суфизм и суфийская литература. – Москва: Наука, 1985. 
9  Жәрімбетов Қ. Ғашық Зиуар. – Нөкіс: Білім, 1998. 
10  М. Х. Дулатидың ІV Халықаралық оқуларының материалдары. – Тараз, 2001. 
 
References 
 
1 Baytұrsynov A. Әdebiet tanytқysh. – Almaty: Atamұra, 2003. 
2  Қazaқ tіlіnің sөzdіgі. – Almaty: Dayk press, 1999. 
3 Mirәһmәdov A. Әdebiettanudyң entsiklopediyalyқ tүsіndіrme sөzdіgі. – Baku, Әzіrbayzhan entsiklopediyasy NPB, 1998. 
4  Iasaui A. Hikmet. – Almaty: Zhalyn, 2002. 
5 Berdіbay R. Bes tomdyқ shyғarmalar zhinaғy. 4 t. – Almaty: Қazyғұrt, 2005. 
6  Іztіleuұly T. Shyғarmalary. – Almaty: Deshtі Қypshaқ, 2007. 
7  Құran Kәrim қazaқsha maғyna zhәne tүsіnіgі, Aud. Altay Halifa, Saud Arabiyasy, 1991. 
8  Bertel's E. E. Sufizm i sufiyskaya literatura. – Moskva: Nauka, 1985. 
9 Zhәrіmbetov Қ. Ғashyқ Ziuar. – Nөkіs: Bіlіm, 1998. 
10  M. H. Dulatidyң ІV Halyқaralyқ oқularynyң materialdary. – Taraz, 2001. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғ. Ә. Тұяқбаев 

 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ТІЛІ БІЛІМІ 
ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 373.1.02:372.8 
 
*О. Б. Алтынбекова
1
, Н.Ю. Зуева

 
1
д. ф. н. профессор, 
2
к. ф. н. доцент 
Казахского национального университета им. аль-Фараби, 
г. Алматы, Казахстан 
*e-mail: OliviaEC@mail.ru; nataliazueva@rambler.ru 
 
Средства связи предложений в тексте 
 
В статье рассматриваются лексические, морфологические и синтаксические средства связи предложений 
в  тексте,  использование  которых  обусловливает  связность  текста,  относящуюся  к  одному  из  его  основных 
признаков.  В  пробном  учебнике  по  русскому  языку  для  экспериментальных 11-х  классов 12-летних  школ 
Республики  Казахстан  (Алматы:  Мектеп, 2013) для  наиболее  эффективного  усвоения  данной  темы 
предложены таблицы средств связи предложений с наглядными примерами, а также комментарии к учебному 
материалу.  Особое  внимание  в  разделе  учебника  уделено  такому  выразительному  и  новому  для  учащихся 
синтаксическому способу связи предложений в тексте, как парцелляция  деление конструкции предложе-
ния, изъятие из него какой-либо части и оформление ее в виде самостоятельного неполного предложения.  
Ключевые  слова:  лексические,  морфологические  и  синтаксические  средства  связи  предложений  в 
тексте, учебник русского языка для экспериментального 11-го класса. 
 
О. Б. Алтынбекова, Н. Ю. Зуева 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал