Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.

бет5/46
Дата08.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Әдебиеттер 
 
1 Жолдасбеков М., Қасқабасов С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу. – Астана: Фолиянт, 2002. – 353 б. 
2 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 271 б. 
3 Садырбаев С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының нұсқалары.– Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 189 б. 
4 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. – 234 б. 
5 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 349 б. 
6 Қазақтың ғашықтық жырлары. – ҚХР. – Үрімжі: Шыңжаң, 1981. – 2 т. – 538 б.  
7 Қазақ хиссалары. – ҚХР. – Пекин: Ұлттар, 1982. – 1 т. – 437 б.  
 
References 
 
1 Zholdasbekov M., Қasқabasov S. Қozy Kөrpesh-Bayan sұlu. – Astana: Foliyant, 2002. – 353 b. 
2 Konyratbaev A. Kazak fol'kloristikasynyn tarihy. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 271 b. 
3 Sadyrbaev S. Kozy Korpesh-Bayan sұlu zhyrynyn nyskalary.– Almaty: Kazak universitetі, 2005. – 189 b. 
4 Gabdullin M. Kazak halkynyn auyz adebietі. – Almaty: Mektep, 1974. – 234 b. 
5 Auezov M. Adebiet tarihy. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 349 b. 
6 Kazaktyn gashyktyk zhyrlary. – KHR. – Үrіmzhі: Shynzhan, 1981. – 2 t. – 538 b. 
7 Kazak hissalary. – KHR. – Pekin: Ulttar, 1982. – 1 t. – 437 b.  
Н. Дәулеткелдіұлы 

27 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ: 894.342:82-1 (574) 
 
Ұ. Н. Жанбершиева¹, А. Е. Айтбаева² 
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекттік университетінiң  
¹профессор, ф. ғ. к., ²доцентi, ф. ғ. к., Қызылорда қ., Қазақстан 
е-mail: ulzhan
1954@mail.ru
 
 
Қазақ поэзиясындағы М. Әуезов бейнесі 
 
Мақалада заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов бейнесінің қазақ поэзиясындағы тұлғалануы сөз 
болады. Қазақ әдебиетінде ұлы тұлғалар мен тарихи адамдардың бейнесін жырлау үрдісі қалыптасқан. Жазу-
шының дара тұлғасын, бекзат болмысын, бүтін бітімін өздеріне тән суреткерлікпен жырлаған бірнеше ақын-
дарымыздың өлеңдеріне ғылыми тұрғыда талдамалар жасалады. Ақын Ә. Тәжібаев «Портреттер» поэмасының бір 
бөлігін М. Әуезовке арнап, рухани ұстаз тұтып, араларындағы достық баяндалады. А. Егеубаевтың «Қыран 
ғұмыр»  дастанындағы  ғұлама  суреткердің  өмірінің  соңғы  бір    сәттері  сөз  болады. I. Есенберлиннің  «Көңіл 
дастан»  поэмасындағы жазушының ұлт руханиятындағы орны ашылады. Сонымен бірге , Қ. Аманжоловтың 
«Мұхтар ағаға», С.Мәуленовтің «Мұхтарға», Жарасқан Әбдіраштың «Тарих заңы», М. Шахановтың  «Менің 
атымды  неге  Мұхтар  қойған?»  атты  өлеңдеріндегі  жазушының  қазақ  поэзиясындағы  көркем  бейнесі  әдеби 
теориялық тұрғыдан талданады. Әуезовтің поэзиядағы көркем бейнесі толыққанды деректер арқылы дәлел-
денген.  
Түйін сөздер: алтын ғасыр, жомарт көңіл, қазақ даласы, киелі есім, рухани ұстаз, кемеңгер ғұлaма, бек-
зат болмыс. 
 
У. Н. Жанбершиева, А. Е. Айтбаева 
Образ М. Ауэзова в казахской поэзии 
 
В  данной  статье  рассматривается  образ  М.  Ауэзова,  созданный  в  художественных  произведениях  ряда 
писателей.  Целая  глава  поэмы  А.  Тажибаева  «Портреты»  посвящена  раскрытию  облика  М.  Ауэзова  как 
духовного  наставника.  В  поэме  А.  Егеубаева  «Қыран  дала»  приводятся  сведения  о  последних  днях  жизни 
писателя. Вместе с тем художественный образ М.Ауэзова нашел отражение в стихотворениях К. Аманжолова 
«Брату  Мухтару»,  С.  Мауленова  «Мухтару»,  Ж.  Абдрашева  «Закон  истории»,  М.  Шаханова  «Почему  меня 
назвали Мухтаром». Образ Ауезова нашел достойное отражение в казахской поэзии. 
Ключевые слова: золотой век, щедрая душа, казахская степь, святое имя, духовный наставник, великий 
наставник, духовный уровень. 
 
U. N. Zhanbershiyeva, A. E. Aitbayeva 
Image of M. Auezov in the Kazakh poesy 
 
This article deals with the great writer personality description poesy of the current time M. Auezov in Kazakh. 
There are analysed compositions of several poets’ works those who wrote about specialty of the writer, his generous 
nature and described the buoyant image of the writer. It is also written that the poet A. Tazhibayev in his poem 
“Portraits” devoted some passages of the poem to Mukhtar Auezov, used to accept him as his trainer thus showing 
the friendly relationship between two poets. In the highly artistic poetic work of A. Yegeubayev called “Kyran 
gumir” it is written about the last moments of the life of the great word artist. It is also identified the place of the 
writer’s national spirituality in the poem of E.Yesenberlin “Konil dastan”. Also in the poesies of K. Amanzholov “To 
the brother Mukhtar”,  S. Maulenov’s  “To Mukhtar”, Zharaskan Abdirash’s “” Tarihi zani”M. Shakhanov’s “Why I 
am called Mukhtar?” the literary image of the writer is analysed from the theoretical point of view. Auezov’s literary 
image in the poesy is entirely approved by the facts. 
Key words: golden age, kind being, the Kazakh land, holy name, spiritual trainer, great wise man, generous 
nature. 
_______________________________________ 
 
Қазақ  поэзиясында  белгілі  тұлғалар  мен 
тарихи  адамдардың  бейнесін  жырлау  үрдісі 
кеңінен  өрістеген.  Ақындар  қазақ  тарихының 
елеулі  оқиғаларын,  көрнекті  өкілдерін  шығар-
маларына  арқау  етіп,  көлемді  поэма  нәрлі 
өлеңдер  аясында  дамыта  жырлаған.  Қазақ 
әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнеленген шы-
ғармалар  мол  десек  те,  М.Әуезовтің  бейнесін 
жасау    бір  кісінің,  не  бір  кезеңнің  емес,  бүкіл 
бір  елдің тарихы, тынысы, өскелең  бейнесінің 
тұтас көрінісі. М.Әуезов заманымыздың заңғар 
шыңы  десек,  оның  бейнесін  жасау  ұлт  өмірі-
мен, ұлттық ой-санамен үндесіп жатыр. 
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр ет-
Қазақ поэзиясындағы М. Әуезов бейнесі 

28 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
кен  ұлы  суреткер  Мұхтар    Әуезов - кемел  ой-
дың  кеніші,  кенен  сөздің  өрісі.  Қазақ  әдебие-
тінің  барлық  жанрына  тұңғыш  рет  қалам  тар-
тып, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің 
шырайын  танытқан  кемел  ойлы  кемеңгер 
жазушы. 
Ол  талай  жер  теңселтіп,  ел  сенделткен 
әлеуметтік  сілкіністердің,  қиялды  қысыратып, 
сананы  тоқыратқан  түбегейлі  өзгерістердің 
жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған 
рухани  буырқаныстар  кезеңі  болып,  тарих 
қойнауына  аттанғалы  отырған  жиырмасыншы 
ғасырмен  жарық  дүниеге  бірге  келді.  Әуезов 
өмірі  мен  еңбегінің  халық  үшін  қаншалықты 
маңызды екені бізге аян. Ол ұлттың сана-сезі-
мінің  оянуына  дәнекер  болып,  кешегі  күннен 
бүгінгі күнге аман жетуіне себепкер болды.  
Замандасын,  сүйікті  жазушысын,  үлгі  тұт-
қан  ұстазын  жырларына  арқау  еткен  ақындар 
біршама. Олар мүмкіндігінше Әуезов бейнесін 
өз  поэзиясының  биік  шыңына  көтере  білді. 
Әуезов  бейнесін  өзіндік  шығармашылық  көр-
кемдік  шешім  болмысымен  суреттеген  ақын-
ның бірі - Ә.Тәжібаев. Осы орайда Ә.Тәжібаев-
тың «Өнер иесі өнерді жасай келе сол өнердің 
машығына  жетіледі.  Ол  дүниені  ақынша  қа-
былдаумен  бірге  олар  туралы  өзгшелерге  де 
ақынша  мәлімдеген  болады», [1, 23]  деп  сөз 
өнерінің  негізгі  танымы  адам  да,  эстетикалық 
мұраты адамзаттың рухани әлемі екеніне осы-
лай  сипаттама  береді.  Мұхтар  Әуезовпен  дос-
тық  қарым-қатынаста  болған  көрнекті  ақын 
Әбділдә  Тәжібаев  өзінің  атақты  «Портреттер» 
деп аталатын поэмасының бір бөлімін Әуезов-
ке  арнаған.  Әрбір  шоң  таланттың  әрқашан 
ұлттық  мақтаныш  болып  келетіні  ежелден 
мәлім.  Әбділда  Мұхтарды  алғаш  көргенде  ол 
37 жаста ғана екен. «...Бірақ ол маған ғасырлар 
бойы  жасап  келе  жатқан,  өмірі  қартаймайтын 
адам  тәрізді  көрінді.  Біздер  «Еңлік  -Кебекті», 
«Бәйбіше тоқалды» оқығанымыз қашан, ал бұл 
кісі әлі ақсыз, дақсыз күйінде тұр деймін ішім-
нен. Жас достары Әлібек пен мен үшін арнайы 
тілек айтып, тост көтерді. Мінекей, содан бас-
тап  Мұхаңмен  біз  достастық,  ол  қашан  көзін 
жұмғанша  дастархан  дәміміз  ортақ,  ойымыз, 
мәжілісіміз  ортақ туысқа айналдық. Арзан кү-
ліп,  жалған  сөйлейтін,  екі  жақынның  татулы-
ғын  қызғанатын,  аңдыстыруға,  айыруға  себеп 
тапқышқыштар  аз  ба?  Бірақ,  үлкен  достығы-
мыздың  оты  қандай  тұман  қоршаса  да  жоғал-
ған жоқ. Әсіресе, бұл достықтың маған бергені 
көп болды» деп өнер иесінің бекзат болмысын  
ақын Әбділда: 
Қарашы, әне, Омарханұлы Мұхтарға,  
Емендер ғана осылай өсіп шықпай ма?  
Айта қойшы өзің, білмейтін оны жұрт бар ма?  
Тимесін көзің, тек, жаным, оған сұқтанба. 
Қызығын қара, қызғанбай қара, сұқтанба! 
Не пайда саған, сұқтанып оны жыққанда? 
Болмасаң өзің, бола алмадым деп жата бер, 
Біреуді соғып, біреуді жығып, шықса алға!, 
-деп жырлайды  [1]. 
Поэманы оқи отырып, екеуінің арасындағы 
айнымас достыққа куә боламыз. «Орысша оқы-
маған,  дүние  классиктерінің  тереңінен  қанып 
ішпеген, күрделі құбылыстарды үстірт білетін, 
көбінесе  ұранға  шауып  үйренген  көр  бала 
жасқа  кезінде  ақылшы  болатын,  оның  көркем 
тәрбие көрмеген дөрекілігін асқындырмай тоқ-
тататын,  ұстаз  керек  екен.  Сол  көр  бала  мен 
болдым, сол ұстаз Мұхаң болатын» [2,62]. Ру-
хани ұстаз Мұхтар бойындағы ізгі қасиеттерді 
ақын  тебірене  жырлайды.  Сырын  жасыра  ал-
майтын жарқын, көңіліне күнсіз бұлтты ойлар 
түсе  қалса,  достарын  іздейтін,  үйіне  қонаққа 
барғанда  сәл  кешігіп  қалса,  ұрсып  алып,  ар-
тынан  барлығын  ұмытып,  кешірім  сұрайтын 
жайдары  мінезін,  кейде  бір  сөйлесе,  тоқтамай 
көсіліп  кететіндігін,  қыран  құстың  ұшқанына 
қараса  бір  ләззат  алатынын,  әйгілі  «Абай 
жолы»  роман-эпопеясын  жазып  жатқан  тұста, 
туынды  туралы  досының  пікірін  сұрайтынды-
ғын,  шаршауды  тіпті  білмейтін  қуатты  жан 
екендігін  Әбділдә  ақын  аса  шеберлікпен  су-
реттеген. 
 Мұхтар Әуезов туралы «Қатар тізе қосып» 
атты естелігінде поэмадағы кейбір жайттардың 
жазылуына Мұхтар екеуінің басынан кешірген 
оқиғаларының арқау болғандығын айтады.  
Қазақтың  дауылпаз  ақыны  атанған,  өршіл 
рухты  жырларымен  халқын  қанаттандырған 
Қасым  Аманжоловтың  «Мұхтар  аға»  деп  ата-
латын арнау өлеңі Мұхтар Әуезов СССР Мем-
лекеттік  сыйлығының  лауреаты  болған  жылы 
жазылған. Таланттың танылу процесі ұзақ бол-
ғанымен, қалтқысыз мойындалуы, мэтрлер са-
натына  қосылу  барысының  кешеуілдеуі  шын-
дық. Дегенмен ғұлама суреткер Әуезов ол биік-
тікке  тым  ерте  көтерілді.  Ол  көзі  тірісінде-ақ 
аңызға  айналып  кетті.  Мың-мың  оқырманда-
рының көңіл іңкәрінің төрінен орын ала білді, 
талантына  табындырды.  Қасым  Аманжолов 
өзінің ойын да, бойын да ұлы суреткерге қарап 
түзегенін жасырмайды. 
Мұхтарды ақындардың ағасына балап, топ-
тан озған жүйрік деп баға береді.  
Кеудеңізде алтын ғасыр суреті, 
Тұлғаңызға бір қарасын жер беті. 
Ұқсын әлем қандай екен жанымыз 
Рахмет сізге, дана халық перзенті  [3]. 
Бұл  жыр  жолдары  арқылы  ақын  жер  беті 
қазақ халқының бүкіл болмысын Мұхтар Әуе-
зовтің  тұлғасы  арқылы  тани  алатынын  ақиқат 
етеді.  Бір  кездері  ғұлама  Қ.Сәтбаевтың  шетел 
Ұ. Н. Жанбершиева, А. Е. Айтбаева 

29 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
саясаткерлерінің  сұрағына: «Менің  халқым 
менен  де  биік»  деп  жауап  бергеніндей,  шын-
дығында,  Әуезов  өз  халқының  ұлылығын  әлем-
ге танытты емес пе? Қасымның арнау өлең ар-
қылы Әуезовтің артынан ерген қазақ баласына 
ардың ісі болған әдебиет атты әлемде қалайша 
ықпал жасағандығын біле аламыз. Лирик ақы-
нымыз  Сырбай Мәуленов 1957 жылы жазыл-
ған  «Мұқаңа»  деген  өлеңі  Әуезовтің 60 жыл-
дығына  арнап  шығарылса  керек.  Ол  жазушы 
парасатын  ашу  үшін  поэзиялық  суреттерді 
кейіпкердің  мінез-құлқынан,  бітім-болмысы-
нан іздейді.  
Биіктеп Алатаудың Талғарындай, 
Тереңдеп Атыраудың аңғарындай, 
Аңқылдап жомарт көңіл келе жатыр, 
Қазақтың даласының аумағындай. 
Тәтті сөз тамылжыған таңдайында, 
Бұлақтай атқылаған әрдайымда.  
Тоғысып толқын ойдың тораптары, 
Жатқандай оның жалпақ маңдайында,- 
деп ой  түйеді. Әрине, Әуезов бейнесін көркем 
тілде кестелеу үшін ақынға кең құлашты туын-
ды жазу оңай оңай емес. 
Сонымен қатар, өлеңде Абайды қазақ өлеңі-
нің  қаршығасына  теңеп,  сол  заманның  тари-
хын,  Абайдың  ұлы  тұлғасын  сомдаған  Әуе-
зовтің әдебиет биігіндегі орнына құрмет етеді. 
Ұлт  әдебиеті  төрінен  орын  алуға  лайық,  саң-
лақ суреткер екенін былайша береді; 
Кеудесін кернеп зілді бір уайым, 
Теңселген Сарыарқада сырлы қайың. 
Даланың мұңлы аспаны, мөлдір көлі, 
Құшақтап құба жонда тұр Абайын. 
Жапанда жапа шеккен жан сырласы 
Домалап омырауында тамшы жасы. 
Жым-жырт түн жыр аспанын барлағандай 
Қазақтың өлеңінің қаршығасы. 
Тағы да ол ойға шомған шың басында, 
Сол шыңдай алып оның тұлғасы да. 
Қазақ  өмірінің  ұлттық  тіршілік  тынысы-
ның суретшісі Мұхтар аға деп, Әуезовтің даң-
қын көкке көтереді.  
І.Есенберлин  о  дүниеге  озарынан  бес  жыл 
бұрын, 1978 жылы «Көңіл – дастан» поэмасын 
жазды.  Жанрлық  пішінін  поэма  реквием  десе 
ләзім.  Күні  кеше  қасында  жүрген  қаламдас, 
достас  замандастарының  мазаратына  зират 
етіп  қайтқандағы  ақын  толғаныстары.  Кешегі 
қасқа  жайсаңдарды  еске  алу.  Поэма  авторы 
очерк-портрет  түрінде  әрқайсысының  ел  та-
рихындағы,  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздегі 
орнын  еске  алып  тебіренеді.  Әрқайсысының 
дара  тұлғасын    мүсіндейді.  Көңіліндегі  ойын 
дөп басатын тіл табады.  
Тұрдым мен пырағыңа басымды иіп, 
Толқиды ақыл-ойым жанып күйіп. 
Тайпа елдің құшағына сыймас тарлан, 
Үш құлаш жерге қалай жатыр сыйып?!  [5]. 
Бұл – Мұхрат Әуезов туралы ақынның ой- 
толғанысы болатын. Заманмен бірге тебіреніп, 
мәңгілікпен  үндесе  білудің  айқын  өнегесі 
екендігін  І.Есенберлин  осылайша  жырлаған 
болатын.  
Алдыңғы аға буын өкілдерінің жолын жал-
ғап,  ұлт  мүддесін  қорғап  келе  жатқан  қайсар 
ақын Мұхтар Шаханов есімінің қойылу себебі 
жайлы«Менің есімімді неге Мұхтар деп қой-
ған?»  деп  аталатын  өлеңінде  сөз  қозғайды. 
Атам қазақ перзентіне ат қоярда ұзақ ойланып, 
болашағынан  үлкен  үміт  етіп,  азан  шақырып 
кәделеп,  жақсы  адамға  ат  қойғызып  ырым-
даған. Әкесі Мұхтар туылғанда «ұлым Мұхтар 
Әуезов секілді алып тұлға болсын» деген ниет-
пен есімін қойған екен. Сонда ауыл адамдары 
оны  күлкіге  айналдырған.  Әкесі  болса  мән 
бермей,  сәл  ғана  жымиып,  оларға  таба  қыл-
мауын  тілек  еткен.  Бала  Мұхтар  да  әлгілерге 
әкесін  таба  етпегендей,  Жаратушы  қолдап  
Абай, Мұхтар жалғаған көштің соңынан  ерген 
еді. Міне, адам баласының атын біреулер қоя-
ды,  ал  тағдырын  өзі  қалыптастырады  деген 
осы емес пе?!.  Ақын М.Шаханов: 
Мұхтар деген – киелі ат, марқұм әкем 
Маған тегін қоймаған бұл есімді [6]- 
дей  келе,  алдағы  уақытта  елінің  мақтан  тұтар 
азаматы  болып,  айналасына  өзінің  мықтылы-
ғын  мойындататынын  айтып,  ойын  аяқтайды. 
Тарих  куә:  М.Әуезов  заманымыздың  заңғар 
жазушысы,  ғұлама  суреткері,  тарлан  талант 
деген рухани тәжі мен тағына лайықты ғұмыр 
кешті.  
Айтулы ақын Әбдіраштың Жарасқаны «Та-
рих заңы» атты өлеңінде: 
Абай орнын баса алады күн ғана, 
Таудың орнын баса алады шың ғана. 
Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа 
Керек болды Мұқаң сынды бір дана. 
Көкірегін шабыт кернеп, шаттанып, 
Шартарапқа сәуле шашып мақтанып 
Мұқаң өтті... 
Мың ақынның міндетін 
Мыңқ етпестен жалғыз өзі атқарып, - 
деп әлем  әдебиетіне «Абай жолын» сыйлаған, 
Абайдай  ақыны  арқылы  елін  танытқан  дарын 
иесін, бүкіл рухани өміріміздің қалыптасуында 
зор  еңбек  еткен  ғұлама  суреткер  бейнесін  бе-
руде өз талантын көрсетеді. 
Жазушының  ғұмыры  туралы  жазылған 
тағы  да  бір  поэма – Асқар  Егеубаевтың  «Қы-
ран  ғұмыр»  атты  поэмасы.  Автор  осы  шығар-
масы  үшін 1975 жылы  Қазақстан  Жазушылар 
Одағы  мен  Қазақстан  ЛКСМ  Орталық  ко-
митетінің,  Қазақ  ССР  Баспа  Қомитетінің  жа-
бық  бәйгесінің  бас  жүлдесін  алған.  Поэма  ав-
тор  мен  лирикалық  кейіпкер  Ораздың  диа-
логынан  құрылған.  Бала  күнінен  ән-күйге  құ-
мар болып, Абайдың әндерін айтып өскен бала 
Қазақ поэзиясындағы М. Әуезов бейнесі 

30 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Оразды жаздың мамыражай бір күнінде жиын-
тойға келген Мұхтардың сөзі қуаттап жібереді. 
Ол Оразға «болашағыңнан көп үміт күтетін ер 
жігіт  боласың», - деп  батасын  берген.  Арада 
біраз  жылдар  өткенде,  бала  менен  Мұхтар 
қайта кездесіп қалады. Немересінің үлгі тұтып, 
ұстаз санаған адамына тәнті болған Үркер қарт 
жазушыға  «Көксемсер»  деген  қыран  бүркітін 
сыйға  тартады.  Қыранды  қайта  келгенімде 
алып  кетем  деген  Мұхтарды  қарт  екінші  рет 
көре  алмайды.  Жазушы  о  дүниеге  аттанып 
кеткен  екен.  Үркер  қарт  шың  басына  шығып, 
қыранның  томағасын  шешіп,  еркіндікке  жі-
береді.  Мұхтардың  өмірі  де  қырандай  биікте 
еді,  құсы  да  биікте,  еркіндікте  болуын  қалай-
ды.  Поэмада  автор  психологиялық  паралле-
лизмді Мұхтар дүниеден өткен кезде «табиғат 
та  түнеріп,  дала  мүлгіп,  орман  қалғып,  жел 
тынды» деп шебер қолданған. 
Түнерді қарт, түнерді көк, сар жайлау, 
Жұтағандай киіз үйлі тар қойнау. 
Күміс жалды құлын-бұлақтардан да, 
Сылаң қағып еркелеу мен қалды ойнау. 
 
Дала мүлгіп, Орман қалғып, Жер тынды. 
Жусандардың шайқап басын жел тұрды. 
Қурай біткен сыбызғыдай ызыңдап,  
Қара судай сапырады сел құмды... [7]. 
Қорыта келгенде, Алаш ардақтысы М.Әуе-
зовке  қазақ  әдебиетінде    талай  ақын-жазушы-
ларымыз  кемеңгер  жазушы  бейнесін,  азамат-
тық тұлғасын ашуда жырлары мен әңгіме, по-
вестерін,  романдарын  арнады.  Бұл - оның  қа-
зақ  әдебиетінде,  өнері  мен  мәдениетінде    өш-
пес  із  қалдырғанының  белгісі.  Дүниеге  қазақ 
перзенті  болып  туып,  адамзат  перзенті  болып 
аттанған  Әуезов  тағдыры – талай  ақиқатқа 
қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. 
Қаламгердің  қазақ  поэзиясындағы  тұлға-
лануы  бұрын  соңды  көп  зерттеле  қоймаған 
мәселелердің  бірі  болды.  Әлемге  қазақ  атын 
танытқан  Мұхтар  бейнесіне  мән  бере  жырлау 
да, образ жасау да ақындарға оңай емес. Десек 
те, жоғарыда талданған  өлең  авторлары Әуе-
зов бейнесін бейнелі, бояулы суреттер арқылы 
жасауға күш салған. 
 Академик  З.Қабдолов: «Өнердің  кәусар 
туындысы  халық  өмірінің  терең  және  мөлдір 
қайнарынан  шымырлап  шығады  да,  сол  ха-
лықтың өзінің рухани сусынына айналады» [8, 
29],-  дегеніңдей,  бүгінгі  таңда  ұлттың  рухани 
қазынасына  айналып  отырған  ғұлама  бейнесі 
жасалған  қазақ  поэзиясын  білу,  тереңіне  бой-
лай  зерделеу  басты  назарда  болатын  кезек 
күттірмейтін іс деп білеміз.  
 
Әдебиеттер 
 
1  Тәжібаев Ә.Шығармалар. Бес томдық. – Алматы, 1983. 
2  Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. – Алматы: Жазушы, 1976. 
3  Аманжолов Қ. Дариға, сол қыз. – Алматы: Атамұра, 2002. – 43 б. 
4  Мәуленов С. «Өлеңдер» жинағы. – Алматы, 1948. – 19 б. 
5  Есенберлин І. Шығармалар. 10 томдық. – 5 т. – Алматы, 1979. 
6  Егеубаев А. Мөлдір тұма. – Алматы: Жалын, 1977. – 37298 б. 
7  Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Жазушы, 1992. – 29 б. 
 
References 
 
1 Tәzhіbaev Ә.Shyғarmalar. Bes tomdyқ. – Almaty, 1983. 
2 Tәzhіbaev Ә. Zhyldar, oylar. – Almaty: Zhazushy, 1976. 
3 Amanzholov Қ. Dariғa, sol қyz. – Almaty: Atamұra, 2002. – 43 b. 
4 Mәulenov S. «Өleңder» zhinaғy. – Almaty, 1948. – 19 b. 
5 Esenberlin І. Shyғarmalar. 10 tomdyқ. – 5 t. – Almaty, 1979. 
6  Egeubaev A. Mөldіr tұma. – Almaty: Zhalyn, 1977. – 37298 b. 
7  Қabdolov Z. Sөz өnerі. –Almaty: Zhazushy, 1992. – 29 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұ. Н. Жанбершиева, А. Е. Айтбаева 

31 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
 
ӘОЖ 81

 
42; 801. 7 
 
К. Ә. Құсманова
1
, А. Б. Абилмажинова
2
 
 
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,  
1
доцентi, ф. ғ. д.,

оқытушысы, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: 
Kusmanova_2014@mail.ru
; abilmazhinova1983@mail.ru 
 
Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі 
 
Ақындар айтысы – өнердің бірнешеуін бір жерге тоғыстырып, ерекше өтетін сөз сайысы, өнер таласы.  
Мақалада 1898, 1899 жылдары жарық көрген «Біржан-Сара» айтысының екі нұсқасына текстологиялық 
салыстырулар жасалған. Зерттеушілеріміз Қазан қаласынан шыққан «Жүсіпбек қожа нұсқасы» мен «Зайсан 
нұсқасын» ең негізгі, дұрыс нұсқа ретінде атап келеді. Текстологиялық салыстырулар кезінде екі нұсқада да 
оқиға  желісі,  түптөркіні  бір  екенін  анықтайды.  Айтыстағы  өлең  жолдарының  шумақтары  ауысып,  тіпті, 
араласып  кеткендігі  нақты  мысалдармен  дәлелдеген.  Сондай-ақ  екі  нұсқада  да  кейбір  сөздер  мен  сөз 
оралымдары, бүтін тармақтар өзгертіліп, лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол берілетіндігін 
саралап көрсетеді. Айтыстың екі нұсқаларындағы кездесетін сапалық өзгерістер де назардан тыс қалмаған.  
Түйін сөздер: текстология, стилистика, лексикология, айтыс, нұсқа, экспромт. 
 
К. А. Кусманова, А. Б. Абилмажинова 
Исследование текстологии айтыса 
 
Айтыс  акынов – это  поединок  слова,  искусство  импровизации,  которое  проходит  в  форме  словесного 
состязания между двумя акынами. 
В данной статье рассматриваются варианты текстологии айтыса «Біржан-Сара», изданные в 1898, 1899-е 
годы.  Исследователи отмечают, что  изданные в городе Казани варианты айтыса «вариант Жүсіпбек қожа» и  
«вариант  Зайсан»  считаются    правильными.  Во  время  текстологических  сравнений  замечаются  сходства  и 
различия  двух  вариантов,  акцентируется  внимание  на  стилистических  и  лексических  разницах  текстов.  Не 
осталось без внимания и качественные изменения, произошедшие в обоих вариантах айтыса. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал