Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.

бет3/46
Дата08.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Литература 
 
1 Конрад Н.И. Избранные труды. – М.: Наука, 1978 // http://tlf.narod.ru/school/ konrad_literatura_i_teatr.htm 
2 Айтматов Ч. Точка присоединения // Собр. соч., 1998. –  Т.7. – 544 c. 
3 Руденко А., Санги В. М.  Легенда, созданная заново // Дружба народов. – 1978. – № 1. – С. 256-261. 
4 Айтматов Ч. Пегий пес, бегущий краем моря // Собр. соч. в 7 т. – Т. 2.  – М., 1998. – С. 471-511. 
5 Лосев А.Ф. Гомер. – М.: Учпедгиз, 1960. – 350 c. 
6 Ким А. Отец-лес. – М.: Художественная литература, 1989. – 400 c.   
 
References 
 
1 Konrad N.I. Izbrannye trudy. – M.: Nauka, 1978 // http://tlf.narod.ru/school/ konrad_literatura_i_teatr.htm 
2 Aytmatov Ch. Tochka prisoedineniya // Sobr. soch., 1998. –  T.7. – 544 c. 
3 Rudenko A., Sangi V. M.  Legenda, sozdannaya zanovo // Druzhba narodov. – 1978. – № 1. – S. 256-261. 
4 Aytmatov Ch. Pegiy pes, beguschiy kraem morya // Sobr. soch. v 7 t. – T. 2.  – M., 1998. – S. 471-511. 
5 Losev A.F. Gomer. – M.: Uchpedgiz, 1960. – 350 c. 
6 Kim A. Otets-les. – M.: Hudozhestvennaya literatura, 1989. – 400 c. 
Н. А. Сыздыкбаев 

15 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ: 347.635.1 (574):894.342 
 
С.Б. Бахтиярова, А.Қ. Әбдіразақова 
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінiң ¹ф. ғ. к. аға оқытушы, ²баспа ісінің магистрі, аға 
оқытушы, Қызылорда қ., Қазақстан 
е-mail: ayakuz.abdrazakova@mail.ru 
 
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин  
шығармаларының тәрбиелік мәні 
 
Мақалада  халық  ағарту  жұмысын  бірінші  рет  қолға  алған,  сол  жолда  өмірінің  ақырына  дейін  үздіксіз 
еңбек еткен жалынды патриот Ы.Алтынсариннің балалар әдебиетін қалыптастыруға қосқан үлесі талданады. 
Педагогикалық  өмір  жолы,  қазақ  мәдениетін  дамытуы,  ақындық  және  жазушылық  қызметі  қазақ  әдебиеті 
тарихында өзіндік бағаға ие Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер білім бар жұрттар», «Әке мен 
бала», «Таза  бұлақ», «Бай  баласы  мен  жарлы  баласы»  сияқты  еңбектерінің  тақырыптық,  тәрбиелік  ерек-
шеліктері айтылады.  
Түйін сөздер: балалар әдебиеті, еңбек, достық, ағартушы, ұлттық тәрбие.  
 
С.Б. Бахтиярова, А.К. Абдразакова 
Воспитательное значение произведений основателя казахской детской литературы 
Ы. Алтынсарина 
 
В  данной  статье  проводится  анализ  вклада  в  формирование  детской  литературы    патриота  Ы.  Алтын-
сарина, впервые взявшего в руки работу народного просвещения и на протяжении всей своей жизни непре-
прывно работавшего над этим вопросом. Рассматриваются педагогический путь жизни Ы.Алтынсарина, его 
вклад  в  развитие  казахской  культуры,  деятельность    как  поэта  и  писателя,  имеющего  свое  место  в  исто- 
рии  казахской  литературы,  тематические  и  воспитательные  особенности  таких  его  трудов,  как  «Кел,  бала- 
лар,  оқылық!», «Өнер  білім  бар  жұрттар», «Әке  мен  бала», «Таза  бұлақ», «Бай  баласы  мен  жарлы  ба- 
ласы». 
Ключевые слова: детская литература, труд, дружба, просветитель, национальное воспитание. 
 
S.B. Bakhtiarova, A.K. Abdrazakova 
Educationfl value of works of the founder of Kazakh children's literature 
 
In this article the analysis of a contribution of children’s literature of the patriot I. Altynsarin is carried out, for 
the first time taken in hand work of national education and throughout all the life continuously working over these 
questions. The pedagogical life of I.Altynsarin, his contribution to development of the Kazakh culture, activity as 
poet and the writer are considered, taking the place in stories of the Kazakh literature, thematic and educational 
feature of its such works, of: «Kel balalar okilik», «Oner bilim bar zhurttar», «Taza bulak», «bay balasi men zharli 
balasy». 
Key words: Children’s literature, labor, friendship, educator, national education. 
_________________________________________
 
  
  
Ұлттың  негізгі  рухани  қуатының  деңгейі 
қай  заманда  болмасын,  оның  көркемдік  дәс-
түрі, сабақтастығы, сондай-ақ мұра болып кел-
ген  рухани-эстетикалық,  адамгершілік  құнды-
лықтары  мен  сөз  өнеріндегі  жаңа  жетістіктері 
арқылы  өлшеніп  отыратындығы  белгілі  екен-
дігі анық.  
Ұлттың  тұғырын  биіктететін  рухани  негі-
зін  нәрлендіріп,  абыройын  асарытын  арна – 
әдебиет.  Кез  келген  халықтың  өзіндік  дүние-
танымының өлшемі оның материалдық байлы-
ғымен,  экономикалық  жетістігімен  емес,  ұр-
пақтан ұрпаққа жетер әдебиеті мен өрелі өнері 
болып саналады. Бұған тарихтан мысалдар көп 
екендігі де шындық. Бүкіл адамзат баласының 
өркениет  бесігі  саналатын  ежелгі  Грек,  Рим 
мемлекеттерінің  аса  қымбат  қазынасы - сол 
тұста  ғалымдар  мен  қаламгерлер  қаламынан 
туған еңбектер мен өнер туындылары. 
Көркем әдебиеттің негізгі зерттеу объектісі 
–  өмір  шындығы  болса,  осы  өмір  шындығы, 
адам  образы  арқылы  көрініс  табады.  Өйткені: 
«Адам – әдебиеттің  жүрегі,  адам  өмірін  бей-
нелеу – әдебиеттің  түбегейлі  мақсаты.  Дүние-
жүзі  әдебиетінің  бұрын-соңды  жасалған  оңды 
үлгілерінен  реалистік  көркем  туындыға  үнемі 
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні 

16 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
өзек  болған  адам  өмірін,  адам  образын  көре-
міз.  Сондықтан  әдебиеттің  дүниетанытқыш 
және тәрбиелік құны адам өмірін қаншалықты 
толық,  терең,  нәзік  суреттеуімен  өлшенбек» 
[1].  Бұндай  ұдайы  ізденіс,  жүйелі  еңбек  бала-
лар әдебиетіне де қатысты. 
Балалар  әдебиеті – сөз  өнерінің  өзекті 
саласы.  Балаларға  арналған  дәуір  талабынан 
туындаған  шығармалардың  жасөспірімдердің 
ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға 
заман талабына сай білім-білік дағдыларын қа-
лыптастырып және тәлім-тәрбие беруге бағыт-
талуы – осы пәннің өзіне ғана тән басты ерек-
шелігі. 
Әдебиет  пәнін  оқыту,  соның  негізінде  ба-
лаларға  жан-жақты  тәрбие  беру  болашақ  мұ-
ғалімдердің  алдына  балаларға  арналған  фоль-
клор  түрлерін,  жазба  әдебиет  үлгілерін  терең 
меңгертіп, іс жүзінде пайдалана білу мақсатын 
қояды. 
Әдебиет – өнеріміздің  үлкен  бір  арнасы, 
сүбелі бір саласы. Оның өн бойынан халқымыз-
дың  кешегі  тарихы,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы-
мен  бірге  шешендік  өнері,  даналығы,  жалпы 
ұлттық болмысы айқын танылады.  
«Шеберліктің  ауқымы  кең,  ол  бір  ғана 
көркемдік  құралды  жете  меңгеріп,  тиімді 
пайдаланумен  шыңдалмайды.  Көркемдік 
құрал,  әдіс-тәсіл  атаулының  бәрін  табиғи 
түрде  тұтастыра  білгенде  ғана  шығарма-
дағы  адам характері,  жан дүниесі  жан-жақ-
ты, барынша терең ашыла түспек» [2,112]. 
 Ғылымда  қолдан  жасалған  шектеулерге, 
өтірік  белсенділікке,  саяси  науқандыққа  өзін-
дік  пікірімен  қарсы  шығып,  тек  қана  ғылыми 
шындыққа, нақты тарихи айғақтарға сүйенген 
зерттеушілердің  бірегейі,  ғалым  Ә.Қоңырат-
баевтың назарында ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысындағы әдебиеттің тұлғалы өкілдерінің бірі 
Ы.Алтынсарин  өмірі  мен  шығармаларының 
өзіндік ерекшеліктері, тақырыптары болғанды-
ғын  білеміз.  Шоқан  Уәлихановтың 1861 жыл-
ғы реформа тұсында, Ыбырай Алтынсарин ре-
форманың  толық  жүзеге  асқан  кезеңінде,  ал 
Абай болса 1868 жылғы реформа тұсында өмір 
сүргендігін  білеміз.  Ә.Қоңыратбаев  өз  еңбек-
терінде  әр  ағартушының  көзқарасына  тән  ерек-
шеліктерін ашып көрсетеді.  
 «Ыбырай 1861 жылғы  реформаның  толық 
жүзеге  асқан  кезеңінде  жазған  қаламгер.  
70-жылдардағы  Шортанбай  мен  дулат  дәуі-
рінде Қостанай мен Торғайда  жүрген Ыбырай 
қазақ  халқының  экономикасы,  тұрмысы  мен 
мәдениетінің  неғұрлым  жылдам  дамып,  ілгері 
басуына бет бұрған. Ыбырай идеясының жаңа-
шылдығы  осында...  Ыбырай  өзінің  өлеңдерін 
60-жылдары,  прозасын 70-80 –жылдары  жаз-
ған  деп  шамалаймыз.  Ол  ақын,  жазушы,  әрі 
педагог болғандықтан, өзінің ағартушылық пі-
кірлерін  көбіне  ғибрат  түрінде  үндеп,  үгіттеп 
отырады» [3],-деп  Ы.Алтынсариннің  ескі  қо-
ғам мен жаңа қоғам арасындағы қайшылықты 
көргендігін,  оның  басты  тақырыбы – еңбек 
болғандығын айтады. 
Ы.Алтынсариннің  ұдайы  көтерген  тақы-
рыптарының  бірі – еңбек. «Бай  баласы  мен 
жарлы  баласы», «Өрмекші,  құмырысқа,  қар-
лығаш», «Әке  мен  бала»  т.б.  көптеген  әңгіме-
лері  мен  аудармалары  еңбек  ету  арқылы  бар 
ойлаған мақсатыңа жететіндігіңді дәлелдейді. 
«Бай  баласы  мен  жарлы  баласы»  әңгіме-
сінде Асан мен Үсенді салыстыру арқылы көп 
еңбектенген  кедей  баласы  Үсеннің  үлкен  ақыл-
парасат  иесі,  сабырлы,  пайымды  бейнесін  тір-
шілікке қыры жоқ болып өскен Асан образына 
қарама-қарсы қояды. 
«Оқысаңыз,  балалар,  Шамнан  шырақ  жа-
ғылар»- деп салған ұран бүгінгі күнде де өзінің 
тәрбиелік  мәнін  жоғалтқан  емес,  керісінше 
айшықтана түскені де мойындайтын шындық.     
«Бала – баршаның  байлығы  мен  бақыты. 
Бүгінгі бала ертеңгі ер азамат болғандықтан да 
балаға  қарап  біз  болашағымызды  болжап, 
бағалаймыз,  бағдарлаймыз» [4]. Тіршіліктің 
табалдырығынан енді аттаған сәбидің алдымен 
адам, жеке тұлға, саналы, парасатты азамат бо-
лып  қалыптасуына  берген  тәрбиенің  ықпалы 
зор.  Мектеп  қабырғасынан  бастап  бүлдіршін 
балаға Ы.Алтынсариннің шығармаларымен та-
нысырып,  қаһармандар  образын  санасына  сі-
ңірсек, еңбек ету арқылы оқу-білімге қол жет-
кізе  алатындығын,  кез-келген  адамнан  адам-
гершілікке  толы  іс-әрекет  ету  қолынан  келе-
тіндігін  ұғындырсақ  мақсатымызға  жетеріміз 
анық.  
Балаларға арналған шығармаларға қойылар 
талап жеңіл емес, әрбір баланың жүрегіне мейі-
рімділік, сүйіспеншілік, адалдық, еңбекқорлық 
сезімдерін  қалыптастыра  алатын  эмоциялық 
әсер  қажет. Онда,  ұлттық  сипат,  колорит, тағы-
лымды  тәрбие,  танымдық  білім  т.б.  басты  на-
зарда болуы шарт.  
Ыбырай шығармалары балаларға арналған-
дықтан  алдымен  оның  тілі  жеңіл  болуын  қа-
растырған.  Қарапайым  тілмен,  халықтың  тілі-
мен  жазады.  Баланың  ұғымына  қиын  тиетін 
ауыр сөздер жоқ, сөйлемдері қысқа, әңгімелер 
көлемі шағын, оқиға желісі жинақы. 
Ы.Алтынсарин  шығармашылығының  ерек-
шелігін  танытуға  арналған  көптеген  зерттеу-
шілердің еңбектеріне сүйену арқылы жасалған 
сабақ жоспарын ұсынып көрелік. 
Сабақтың тақырыбы: Педагог, ақын, жазу-
шы – Ыбырай Алтынсарин 172 жаста 
С.Б. Бахтиярова, А.Қ. Әбдіразақова 

17 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Білімділік: Педагогикалық өмір жолы, қазақ 
мәдениетін  дамытуы,  ақындық  және  жазушы-
лық  қызметі,  сол  дәуірдегі  тарихи  оқиғалар 
туралы білім-білік дағдысын қалыптастыру. 
Дамытушылық: Педагог өмірі, қызметі жай-
лы  ізденуге,  логикалық  ой  еңбегіне  тәрбие-
леу, таным дағдысын қалыптастыру. 
Тәрбиелік:  Эстетикалық  адамгершілік-иман-
дылық, еңбек, білім тәрбиесіне баулу. 
Әдісі: ой шақыру стратегиясы, топтастыру, 
эвристикалық  сұрақтар,  слайд  шоулар,  баян-
дау, түсіндіру. 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, 
география, орыс тілі, қазақ тілі 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру. 
ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі. 
 
Қазақ  әдебиеті  тарихында  өзіндік  орны 
бар жазушының бірі – Ыбырай Алтынсарин. 
Ол – өз  заманының  ірі  қоғам  қайраткері, 
тұңғыш  педагогі,  жазушы,  қазақ  балалары 
үшін  дүниелік  ғылымдар  негізін  оқытатын 
тұңғыш қазақ мектебін ашушы. 
Х.Сүйіншәлиев 
ІІІ. Қызығушылығын ояту. 
ЫБЫРАЙ КІМ? 
 
    ақын   
философ 
  жазушы   
ағартушы 
  ғалым  
 этнограф 
  демократ  
 аудармашы 
  методист   
публицист 
  тұңғыш педагог   
қоғам қайраткері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні 

18 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
1.Паульсоннан: 2. 
Л.Толстойдан:                          3.К.Ушинскийден 
- Бір уыс мақта;  
- Селинги ханым;                           - Түлкі мен ешкі; 
- Алтын шеттеуік; - 
Мұңсыз адам;                               - Сауысқан мен қарға;                     
 - 
Данышпан қазы; 
-Тәкаппаршылық; - 
Үш ұры; 
- Әдеп. - 
Жақсылыққа жамандық; 
 - 
Жаман жолдас 
 
4. И. Крыловтан: 
- Қайырымды түлкі; 
- Егіннің бастары; 
- Қарға мен түлкі. 
 
IV. Ой қорыту: 
А. «Білім дөңгелегі» ойыны сұрақтары: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Ыбырай Алтынсарин өмірі: 
1.1. Ыбырай Алтынсариннің туған жері, мерзімі. 
1.2. 1850жылы Ыбырай оқыған орыс-қазақ мектебі орналасқан қала 
1.3. 1853 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш қызметінде жүргенде танысқан Шығыс 
зерттеушісі, прфессор. 
1.4. Ыбырай алғаш мұғалім болған мектеп 
2.Ыбырай Алтынсарин шығармалары: 
2.1.Ыбырай аудармалары? 
2.2.Педагогтің үндеуге айналған өлең жолдары? 
2.3.Ыыбырай әңгімелеріндегі басты тақырып? 
2.4. Этнографиялық очерктері? 
3. Ыбырай туралы ізденістер, көркем шығармалары:  
3.1. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы? 
3.2. Н.Ильминский естелігінің тақырыбы? 
3.3. Ә.Дербісалиннің Ы. Алтынсарин туралы зерттеу еңбегі, баспадан шыққан мерзімі? 
3.4. 1884 жылы «Оренбургский листок» газетінде Ы.Алтынсариннің бүгінгі және болашақтағы қа-
зақ мектебінің дамуына тигізер әсері туралы жазылған мақаланың авторы? 
4. Ыбырайдың ұстаздық жолы: 
4.1. Ы. Алтынсарин аштырған мектептер? 
4.2. Ы.Алтынсариннің қазақ тарихы алдындағы еңбегі? 
4.3. Ы.Алтынсариннің методикалық еңбектері? 
4.4. Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіне енгізген жанрлары? 
Ә. Әр  топ өз мәліметтерімен таныстыру: 
- «Ыбырайтанушылар»  (Ыбырай  туралы  мәлімет  жинауы,  Ы.Алтынсарин  туралы  жазылған  мате-
риалдар негізінде педагогикалық әдістемелік еңбектері бойынша өз ізденістері негізінде педагогика-
лық әрекетіне, тарихи жағдайларға талдау, түсінік айту) 
                                                  1,2,3,4 
1,2,3,4                                                                                    
1,2,3,4                                                 
       
                                                       1,2,3,4 
С.Б. Бахтиярова, А.Қ. Әбдіразақова 

19 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
- «Зияткерлер» тобы (Ақындық, жазушылық, ғылыми еңбектері негізінде талдау, түсінік айту) 
Б. «Дала қоңырауы» тақырыбында эссе жазу. 
V. Қорыту. «Слайд шоу» арқылы 
VI. Бағалау. 
VII. Үйге тапсырма «Тарих және Ыбырай» тақырыбына 10 минуттық эссе жазу. 
3 – өзіндік жұмыс 
1. Балалар  әдебиетінің талаптарына сәйкестендіріп: «Бала тілі – бал», «Балабақшада», «Он жасар 
чемпион», «Балалар үйінде» тақырыптарында эссе жазу. 
2. «Білесің бе?» ойын тапсырмасының сұрақтары мен жауап үлгісін толықтыру. 
а. Ыбырайдың этнографиялық тақырыптағы шығармасы... 
б.Табиғатты жырлаған өлеңдері... 
с. Әлпештеген ата-ана 
Қартаятын күн болар. 
Қартайғанда жабығып 
Мал таятын күн болар... 
Үзінді тақырыбы:  
Жауап үлгісі 
1. Ыбырайдың этнографиялық тақырыптағы шығармасы. «Өлген адамды жерлеу» 
2. Табиғатты жырлаған өлеңдері: «Өзен», «Жаз» 
3. Әлпештеген ата-ана 
Қартаятын күн болар. 
Қартайғанда жабығып, 
Мал таятын күн болар. 
Үзінді тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық» 
1. Ғылыми еңбектермен, естеліктермен жұмыс. 
2. Ыбырайдың  хаттары,  үкіметке  жазған  есеп-мақалалары  бойынша,  оның  демократтық  ағарту-
шылық көзқарасын білдіретін пікірлерін саралап ала білу. 
3. Ыбырайдың  білім  беру,  тәрбиелеу,  оқушы-мұғалім-оқулық  туралы  пікірлерін  жинақтап  (хат, 
мақала,  әдеби  шығармалары  бойынша),  оның    педагогика,  әдістеме,  тәрбие  жайындағы  ілімдеріне  
өзіндік пікір, баға беруге талпыну. 
4. Бүгінгі, болашақтағы қазақ мектептеріне Ыбырай мұрасының ықпалы жайында айтысқа негіз-
делген пікірталасын жүргізу, пікірлерін қорғай білу. 
5. Ыбырайдың төл шығармасын, таза аудармасын, еркін аудармасын ажырату, жүйелеу, іздену. 
6. Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар»   
 
 
Мемлекет балалық шақты адам өмірінің 
маңызды  кезеңі  деп  таниды  және  балалар-
дың  қоғамдағы  толыққанды  өмірдегі  құ-
қықтарының  басымды  ұстанымдарын  көз-
дейді. Адамзат баласының ұрпақ тәрбиесіне аса  
мән  беріп,  оның  бойына  жақсылық  атаулыны 
жиятыны  бесенеден  белгілі.  Қазіргі  уақытта 
балаларға арналған көркем туындылардың бү-
гінгі заман талабына жауап бере алмайтынды-
ғы  жиі  сөз  болып  жүр.  Балаларға  арнап  жаза-
тын  ақын-жазушыларымыздың  өзі  бұл  тақы-
рыпқа жиі соға бермейтіндігі оның тым күрде-
лілігінен  болса  керек.  Оның  үстіне  ақпарат  тас-
қыны жүріп жатқан қоғамда  балалардың  өзді-
гінен көркем туындыларды оқуының өзі қиын-
ға соғып отыр.  
Балалар  тәрбиесіндегі  кемшілікті  біз  көр-
кем әдебиет оқымағандығынан немесе тек қо-
ғамдық тәрбие беру орталықтарынан ғана емес,  
 
 
ертегі  айтар  әже  тәрбиесінің  азайғанынан  да 
байқауға болады.   
Осыған  орай, «Біздің  балаларымыз – елі- 
міздің және әлем азаматтарының ертеңгі бола-
шағы.  Олар  тарихты  жасайды.  Біздің  балала- 
рымыз – болашақ  аналар  мен  әкелер. Олар  да 
өздерінің  балаларын  тәрбиелейтін  болады. 
Балаларымыздың  тамаша  азамат  болып  өсу-
лері  қажет.  Алайда,  әңгіме  мұнымен  бітпейді, 
балаларымыз – бұл  біздің  ертеңгі  қарттығы-
мыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрі-
лігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қай-
ғымыз,  көз  жасымыз:  басқа  адамдар  алдында-
ғы,  ел  алдындағы  кінамыз  болып  табылады» 
[5], – деген пікірмен келісуге де болады. 
Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  сая-
саттың басымды бағыты өскелең ұрпақты тәр-
биелеу жүйесін дамыту болып табылады.  
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні 

20 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Ұрпақ  тәрбиесінде  әлем  халықтары  өзінің 
сан  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатқан  та-
рихи тәжірибесін қолданады. Келешек иелерін 
тәрбиелеудің  негізі - өздері  әрқашанда  өткен 
уақыттан  қалған  бай  мұра  болмақ.  Жылдар 
өтіп, ел жаңарған сайын жаңғыра түсетін, қай-
та  айналып  соға  беретін  тақырып  ұрпақ  тәр-
биесі. Кеңестер Одағы кезінде ұрпақ тәрбиесі-
не қатысты мәселелелерде одақтағы әр ұлттың 
өз  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрып,  мәдени  ерекше-
ліктері ескерілмеді. Бүгінгі тәрбие үрдісін хал-
қымыздың  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  ұлттық 
ерекшеліктерін ұстана отырып, жаңарту керек. 
Бала  ең алдымен өз ұлтының  мәдениетін бойы-
на  сіңіріп,  сонан  соң  өзге  халықтардың  мәде-
ниетінің  игі  мұрасын  меңгергені  дұрыс.  Жал-
пы  дүниежүзілік  өркениет  әр  ұлттың  рухани 
қазынасы  арқылы  дамып,  байып  отыратыны 
сөзсіз.  
 
Әдебиеттер 
 
1  Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар.  
– Алматы: Жазушы, 1974. 

Мәмесейітов Т. Зерделілік айнасы. – Алматы: Жазушы, 1988. – 112 б. 

Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 128-130 б. 

Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Өнер, 1995. – 102 б. 

Күмісбайұлы Ш. Балалар әдебиетіне деген ықыласты күтемін// Қазақ әдебиеті. – 1 маусым, 2007. 
 
References 
 
1  Karataev M. Tandamaly shygarmalar.  – Almaty: Zhazushy, 1974. 
2 Mameseyіtov T. Zerdelіlіk aynasy. – Almaty: Zhazushy, 1988. – 112 b. 
3  Қoңyratbaev Ә. Қazaқ әdebietіnің tarihy. – Almaty: Sanat, 1994. – 128-130 b. 
4  Balasagyn Zh. Kutty bіlіk. – Almaty: Oner, 1995. – 102 b. 
5 Kүmіsbayuly Sh. Balalar adebietіne degen ukylasty kytemіn// Kazak adebietі. –  1 mausym, 2007. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. Б. Бахтиярова, А. Қ. Әбдіразақова 

21 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
ӘОЖ 82-9                                                  
 
Н. Дәулеткелдіұлы 
 
Шинжяң Іле педагогикалық институтының аға оқытушысы, 
Үрімжі қ., Қытай 
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. к. доцентi А. Бабашов 
e-mail: 
nurjanxakelyn@hotmail.com
 
 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы  
мазмұндық ерекшеліктер 
 
Мақалада қазақтың ғашықтық жыры «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» таралу кезеңі, таралған аймақтар, ел 
ішіндегі қабылдану кеңістігі, соншама көп нұсқалық өзгеріске енуі, алғаш хатқа түсіп жиналып, жарық көру 
барысы іздену  бағытына  алынады.  Бұл ғашықтық  жырдың  Қазақстан  жеріне  тараған  нұсқаларын түгендеп, 
әлем  қазақтарына  жеткендегі  өзгерістері  түйінделеді.  Қытай  қазақтарына  тарап  жүрген  «Ғашықтық  ғала-
маты» деген жыр нұсқасының өзге 32 нұсқасынан көп парықты болуындағы мазмұндарға талдау жасалады. 
Қытай қазақтарындағы нұсқаның ауызша таралған нұсқа емес, жазба поэмаға жақын екеніне ғылыми кесім 
жасалады.  Сол  жазба  нұсқасының  мазмұндық  бөліктері,  ұқсамаған  кейіпкерлер  есімі,  сюжеттің  алмасуы, 
трагедиялық  тартыстың  жаңа  дәуір  шындығына  бейім  сипатпен  жасалуы,  көркемдік  деңгейінің  көтерілуі 
қатарлы  нұсқалық  жаңалығының  артықшылығы  мен  ағаттықтары  түгенделеді.  Негізі  Қазақстан  жерінде 
табылған  ғашықтық  жыр  нұсқалары  мен  Қытай  қазақтарында  таралған  нұсқасындағы  елеулі  парықтар  мен 
өзгерістердің  фольклорлық  негізі  сын  таразысына  салынады. «Ғашықтық  ғаламаты»  атты  жыр  нұсқасына 
ғылыми талдау жасалады.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал