Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.

бет24/46
Дата08.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46

 
Әдебиеттер 
 
1 Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. – Волгоград, 2002. – 477 с.  
2 Попова З.Д., Стернин И.А. Основные черты семантико-когнитивного подхода к  языку // Антология концептов. – Т. 1. 
– Волгоград, 2005. – 315 с.  
3 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – V т. – Алматы, 1980. – 505 б.  
4 Караулов Ю.Н. Показатели национального менталитета в ассоциативно-вербальной сети // Языковое сознание и образ 
мира. Сб. ст. Отв. ред. Н.В. Уфимцева.  – М.: ИЯЗ, 2000.  – 320 с.   
5 Қасиманов С. Алтай аңыздары.  – Алматы: Жазушы, 1975. – 187 б . 
6 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – Москва: Высшая школа, 1989. – 404 с. 
 
References 
 
1 Karasik V.I. Yazykovoy krug: lichnost', kontsepty, diskurs. – Volgograd, 2002. – 477 s.  
2 Popova Z.D., Sternin I.A. Osnovnye cherty semantiko-kognitivnogo podhoda k  yazyku // Antologiya kontseptov. – T. 1.  
– Volgograd, 2005. – 315 s.  
3 Қazaқ tіlіnің tүsіndіrme sөzdіgі. – V t. – Almaty, 1980. – 505 b.  
4 Karaulov Yu.N. Pokazateli natsional'nogo mentaliteta v assotsiativno-verbal'noy seti // Yazykovoe soznanie i obraz mira. Sb. 
st. Otv. red. N.V. Ufimtseva.  – M.: IYaZ, 2000.  – 320 s.   
5 Қasimanov S. Altay aңyzdary.  – Almaty: Zhazushy, 1975. – 187 b . 
6 Veselovskiy A.N. Istoricheskaya poetika. – Moskva: Vysshaya shkola, 1989. – 404 s. 
 
 
 
 
 
Дәстүрлі  және қазіргі тілдік  санадағы  «гүл»  лексемасының семантикалық  және …  

130 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
 
 
 
 
УДК 81(091) 
 
Г. Ө. Танабаева
1
, А. М. Байғұтова, Ғ. Ө. Танабаев

 
1
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  
аға оқытушысы, ф. ғ. к.,   
2
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы,  
ф. ғ. к., Шымкент қ., Қазақстан 
e-mail: tanabaeva75 
 
Күрделі ауру атаулары 
 
Ғылыми  мақалада  адамға  қатысты  күрделі  ауру  атауларының  морфологиялық  тәсілдер  арқылы  жасалу 
жолдары  жан-жақты  қарастырылған.  Қазақ  тіліндегі  ауру  атауларының  екі  немесе  одан  да  көп  сөздердің 
бірігуі арқылы жасалатыны кеңінен баяндалған. Оған байланысты нақты мысалдар келтірген. 
Ауру  атауларының  жасалу  үлгілері  әртүрлі  болғанымен,  олардың  өзіндік  жүйесі  мен  құрылымы  бар 
екенін айта отырып, олардың жасалуының өзіндік сөзжасамдық моделіне тоқталған. Тілдің сөздік қорындағы 
мұндай лексикалық бірліктердің құрамында зат есім + зат есім, сын есім + зат есім, зат есім + етістік, етістік 
+ етістік, есімдік + есімдік, сын есім + зат есім т.б. сөз таптары қолданыла беретіндігі айтылған. 
Мақалада осы үлгімен жасалған біріккен ауру атаулары тілдегі ең үлкен топтарға бөліп қарастырылған.  
Біріккен  ауру  атауларының  құрамындағы  сөздердің  бірігуінің  мынадай  ерекшеліктері  бар:  біріншіден, 
біріккен  сөз  құрамындағы  компоненттер  бір-бірімен  валенттілігі  жағынан  байланыста  тұрады,  екіншіден, 
ауру  атауының  таңбалануы  ұғымдық  уәжділікке,  семантикалық  шектестікке,  дыбыстық  сәйкестілікке 
негізделеді.  
Түйін сөздер: морфологиялық тәсілдер, сөзжасамдық модель, күрделі атаулар, семантика

 
Г. У. Танабаева, А. М. Байгутова, Г. У. Танабаев 
Названия сложных болезней 
 
В научной статье рассматриваются морфологические способы образования названий сложных болезней, 
которые относятся к человеку. Также описано то, что в казахском языке названия болезней образуются путем 
сложения двух или более слов. В связи с этим приведены конкретные примеры.  
В  данной  статье  рассмотрена  единая  система  и  структура  этих  названий,  также  своеобразная  модель 
словообразования. В словарном запасе казахского языка в составе лексических единиц используются такие 
части  речи,  как  имя  существительное+имя  существительное,  имя  прилагательное+имя  прилагательное,  имя 
существительное+глагол,  глагол+  глагол,  местоимение+  местоимение,  имя  прилагательное+  имя  сущест-
вительное. 
Сложные  названия  болезней,  образованные  таким  способом  рассмотрены  в  составе  нескольких  лекси-
ческих групп. 
Существуют следующие особенности сложения слов в сложных названиях болезней; во-первых, компо-
ненты  в  составе  названий  взаимосвязаны  между  собой  по  валентности,  во-вторых,  обозначение  названий 
болезней основано на мотивации значения, семантической границе, звуковым сочетанием слов. 
Ключевые слова:  морфологический  способ,  словообразовательная  модель,  сложные  названия,  семан-
тика

 
G. U. Tanabaeva, A. M. Baygutova, G. U. Tanabaev 
Complex disease names 
 
In this scientific article the morphological methods for forming names of complex diseases that relate to a person 
were discussed. Also it was described that in the Kazakh language names of diseases are formed by the addition of 
two or more words . Related to this there were given specific examples. 
In the Kazakh language , there are several ways to form the name of various diseases. This article describes a 
uniform system and the structure of these names and peculiar model of word formation. In Kazakh language 
vocabulary as part of lexical items parts of speech such as noun + noun , adjective + adjective , noun + verb , verb + 
verb + pronoun pronoun , adjective + noun are used. 
Complicated diseases names formed in this way are considered as part of a several big lexical groups. 
There are the following features of the formation of words in the complex diseases' names; firstly, the names of 
components in interconnected by valency secondly, designation of disease names based on the meaning, semantic 
boundary  and sound combination of words. 
Key words: morphological methods, word formation model, complex names, semantics. 
_______________________________ 
Г. Ө. Танабаева, А. М. Байғұтова, Ғ. Ө. Танабаев

131 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Морфологиялық  тәсілдің  бірі – сөздердің 
бірігуі  болып  табылады,  ал  қазақ  тіліндегі 
адамға қатысты ауру атаулары екі немесе одан 
да  көп  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалады. 
Мысалы, жыланкөз ауру атауы екі сөздің жы-
лан  және  көз  бірігуі  арқылы  жасалып,  белгілі 
бір аурудың түрін білдіреді.    
Ауру атауларының жасалу үлгілері әр түр-
лі  болғанымен,  олардың  өзіндік  жүйесі  мен 
құрылымы  бар  екені  белгілі.  Олардың  жаса-
луының өзіндік сөзжасамдық моделі бар.  
Тілдің  сөздік  қорындағы  мұндай  лексика-
лық  бірліктердің  құрамында  зат  есім + зат 
есім,  сын  есім + зат  есім,  зат  есім + етістік, 
етістік + етістік,  есімдік + есімдік,  сын  есім + 
зат есім т.б. сөз таптары қолданыла береді. 
Ауру атауларында көбіне біріккен тұлғалы 
есімдер  қолданылады.  Олардың  сипатын  мы-
надай модельдер арқылы анықтауға болады:  
1. Сын есім мен зат есім моделі (С+З): қа-
раталақ,  суқараңғы,  көктүйнек,  аққұрт,  қара-
өкпе,  сарыкүйік,  сарысу,  ақбас,  ақтаңдақ,  ала-
пес, алаөкпе, сарыбуын, шорбуын, қарабез, қа-
рашірік, қаратүйнек, қаратұяқ, қарақаптал, қа-
раталақ, ақауыз, ақбас, аққаптал, ақбайпақ, ақ-
топалаң,  ақшелек,  ақшешек,  алабауыр,  сор-
буын,  көктүйнек,  көкшешек,  көкбауыр,  т.б. 
Осы  үлгімен  жасалған  біріккен  ауру  атаулары 
тілдегі ең үлкен топты құрайды.      
2.  Зат  есім  мен  зат  есім  моделі  (З+З): 
тұзкесел,  құрқұлақ,  безтамақ,  майтабан,  есек-
жем, енбау, жұлынқұрт, жауырынқұрт, қылта-
мақ, буынқұрт, бақайқұрт. жауырынтақ.  
3.  Зат есім мен етістік моделі (З+Ет): қан-
тышқақ, шашжегі, теріскен. 
4.  Сын  есім  мен  сын  есім  моделі  (С+С): 
көгала, көксау.   
5.  Сын  есім  мен  етістік  моделі    (С+Ет): 
ақтышқақ, аққатпа.  
6.  Зат есім мен үстеу моделі (З+Ү): желін-
сау, етеккір, жемсау. 
7.  Сын есім, зат есім мен зат есім моделі 
(С+З+З): ақтаңдақ. 
Ауру  атаулары  белгілі  бір  сөз  табына  қа-
тысты  болғандықтан,  олардың  көбі  дара  зат 
есімдер мен күрделі зат есімдерден жасалған.  
Тілімізде  екі  сөздің  бірігуі  арқылы  жасал-
ған ауру атаулары көп кездеседі. 
Біріккен  сөздердің  болмысы  құрамының 
екі  негізден  тұрып,  бір  ұғымды  таңбалауы  ар-
қылы айқындалады.  
Сөзжасамдық  семантика  аясында  сарала-
ғанда,  сөздердің  бірігуінің  мәнісі – болмыста 
танылған  ұғымның белгісі мен  қасиетін,  ерек-
ше  номинативтік  белгісін  тілімізде  бұрынан 
бар  негіз  сөздердің  мағыналық  уәжділігі  негі-
зінде  таңбалау.  Атау  екі  себепші  негіздің  бі-
рігуі  арқылы  жасалады  да,  бір  таңба  ретінде 
даяр қалпында жұмсалады [1, 248] 
Күрделі туынды сөздердің әуел баста еркін 
тіркестерден  жасалғаны  жайлы  профессор  Р. 
Әмір  былай  дейді: «Сөз  тудыру,  сөздің  грам-
матикалық  мағынасын  құбылту  үшін  пайда 
болған  тіркестер  сөз  тіркесі  қатарына  жатпай-
ды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. 
Мысал  ретінде  келтірілген  сөздер – күрделі 
сөздер.  Бұлардың  компоненттері  бастапқыда 
синтаксиске  тән  тәсілдер  арқылы  қосылған-
мен,  қазір  бір  ұғымды  құрайтын  сөз  қалпына 
енген.  Көп  жағдайда  осылай  құралған  тіркес-
тер  жүре  келе  бірігіп,  біріккен  сөздерге  айна-
лып кетеді [2, 11] 
А.  Салқынбай  біріккен  сөздердің  бірігіп 
жазылуының  екі  түрлі  факторына  тоқталады: 
ыстың атауы болғандықтан, бірігіп жазылады;  
2. Заттың номинативтік белгісі т 
1.  Болмыстағы  нақты  заттың  не  құбыл 
олық  айқындалып,  ерекше  таңба  ретінде  та-
нылған атаулар бірігіп жазылады [3, 251] 
Біріккен  сөздер  бір  ұғымды  таңбалайды, 
мағыналық құрылымы – күрделі, синтаксистік 
жүйесі – тұтас,  морфологиялық  құрамы – бү-
тін.  Біріккен  сөздің  мағынасы  оның  құрамын-
дағы  компоненттердің  мағыналары  арқылы 
уәжделеді  және  белгілі  бір  атауға  ие  болады. 
Мысалы: «ақтаңдақ»  деген  ауру  атауы  «ақ»,  
«таң»  және  «дақ»  сөздерінің  мағынасы  ар-
қылы, яғни денегі түскен дақ түсінің ақ болып 
келуі  негізгі  номинативті  белгіге  айналуы 
нәтижесінде  жаңа  екіншілік  атаулық  мағына 
қалыптасады. Сол сияқты,  төмендегідей бірік-
кен    ауру  атаулары  да  құрамындағы  себепші 
негіздердің мағыналары арқылы уәжделіп тұр: 
шорбуын, жарымес, құрқұлақ, көршиқан, қан-
тышқақ, майтабан, суқараңғы, жыланкөз, қыл-
тамақ, енбау, жемсау, айкезбе, айырбақай т.б. 
Біріккен  ауру  атауларының  құрамындағы 
сөздердің  бірігуінің  мынадай  ерекшеліктері 
бар.  Біріншіден,  біріккен  сөз  құрамындағы 
компоненттер бір-бірімен валенттілігі жағынан 
байланыста  тұрады.  Ауру  атауының  таңба-
лануы  ұғымдық  уәжділікке,  семантикалық 
шектестікке,  дыбыстық  сәйкестілікке  негізде-
леді.  
Екіншіден,  біріккен  ауру  атауларының  құ-
рамындағы сөздердің біріншісі көбінесе екінші 
сыңарының  сын-сапалық,  қасиеттік  белгілерін 
айқындайды. Мысалы: көкжөтел, сарауру. 
Үшіншіден, біріккен ауру атауларының құ-
рамындағы  сыңарлар  ерекшеленбей,  бір  инто-
Күрделі ауру атаулары 

132 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
нациямен  айтылады.  Төртіншіден,  біріккен 
ауру  атауларының  құрамындағы  сыңарлар 
жаңа  сөз  жасауда  өзіндік  сөзжасамдық    пара-
дигма құрауға қабілетті. Мысалы:  
 
                       
                                            өкпе 
                                                 түйнек 
Қара                                           қаптал 
                                                  без 
                                            талақ  
 
Қара тұлғасының бірігіп келуі арқылы жа-
салған  туынды  атаулар:  қараөкпе,  қарашірік, 
қаратүйнек,  қаратұяқ, қарақаптал, қарабез, қа-
раталақ. 
Ақ  тұлғасының  бірігіп  келуі  арқылы  жа-
салған  туынды  атаулар:  аққатпа,  ақауыз,  ақ-
бас, аққаптал, ақбайпақ, ақтопалаң, ақтышқақ, 
ақшелек, ақшешек,  ақтаңдақ. 
Ала  тұлғасының  бірігіп  келуі  арқылы  жа-
салған туынды атаулар: алапес, алабауыр, ала-
өкпе.  
Сары тұлғасының бірігіп келуі арқылы жа-
салған туынды атаулар: сарбуын, сарсу. 
Құрт тұлғасының бірігіп келуі арқылы жа-
салған туынды  атаулар:  буынқұрт, аққұрт, ба-
қайқұрт, жұлынқұрт, жауырынқұрт. 
Сау  тұлғасының  бірігіп  келуі  арқылы  жа-
салған  туынды  атаулар:  көксау,  жемсау,  же-
лінсау.  
Буын тұлғасының бірігіп келуі арқылы жа-
салған  туынды  атаулар:  шорбуын,  сарбуын, 
сорбуын. 
Тамақ  тұлғасының  бірігіп  келуі  арқылы 
жасалған туынды атаулар: қылтамақ, безтамақ. 
Көк  тұлғасының  бірігіп  келуі  арқылы  жа-
салған туынды атаулар: көктүйнек, көкшешек, 
көгала,  көксау, көкбауыр.  
Сондай-ақ,  мысалдарда  көз,  құлақ,  табан, 
тамақ,  емшек,  ішек,  іш,  шаш  жауырын  тұлға-
ларының бірігіп келуі арқылы жасалған туын-
ды  атаулар  да  бар:  жауырынтақ,  құрқұлақ, 
жыланкөз, шашжегі, майтабан.  
Н.  Оралбай  біріккен  атаулар  деп  сыңар-
лары  дыбыстық  жағынан  өзгеріссіз  қалыпта 
тұрып,  мағына  тұтастығына  көшкен  сөздердің 
аталуын айтады. Профессор біріккен сөздердің 
6  мағыналық  тобын  көрсетіп  береді.  Олар: 
өсімдік  атаулары,  жан-жануар,  ауру  атаулары, 
көне  атаулар,  туыстық  атаулар,  ойын  атау-
лары. Әрі біріккен сөздер тек осы 6 мағыналық 
топтан тұрмайтынына, олардың әлдеқайда көп 
екеніне,  оның  бәрін  келтірудің  мүмкін  емес-
тігіне  тоқталып  өтеді.  Мағына  жағынан  бірік-
кен  атаулардың  ішінде  ауру  атаулары  да  бар, 
мынадай  мысалдар  келтіреді:  айкезбе,  айыр-
бақай,  ақауыз,  ақбайпақ,  ақбас,  аққаптал,  ақ-
қатпа, аққұрт, ақтаңдақ, ақтопалаң, ақтышқақ, 
ақшелек,  ақшешек,  алабауыр,  алагүлік,  аш-
баспақ,  бақайқұрт  т.б.  Келтірілген  біріккен 
сөздердің мағыналық топтары олардың мағына 
түрлілігін дәлелдейтіні анық [4, 133]      
 Тілімізде екі  сөздің сіңісуі арқылы жасал-
ған, кіріккен ауру атаулары да кездеседі.  
Кіріккен  атаулар  деп  өзінің  құрамындағы 
сыңарлардың  дыбыстық  өзгеріске  түсіп,  бір-
бірімен  жымдасып,  ықшамдалып  кірігуінен 
жасалған  түрі  аталады.  Ал  бір  сыңары  ғана 
дыбыстық  өзгеріске  түскен  кіріккен  зат  есім 
сөздердің  сыңарларын  ажырату  онша  қиын 
емес.  Мысалы:  көгала  (көк+ала),  теріскен 
(тері+іс+ -кен), алапес (ала+без) т.б.   
Қорыта  келе,  қазақ  тілінде  күрделі  ауру 
атауларын  көптеп  кездестіруге  болады.  Әсі-
ресе,  адамға  қатысты  ауру  атауларының  өзін-
дік жасалу жолдары мен тәсілдері бар. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Шойбекова  Ғ.  Туынды  сөздердің  мағыналық  ерекшелігі  мен  уәжділігі. (семантикалық  тәсіл).  Филол.  ғыл.  канд. 
автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2006. – 28 б. 
2 Салқынбай А.С. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 271 б. 
3 Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 120 б. 
4 Оралбай Н.  Қазақ тілінің сөзжасамы.  – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 213 б. 
 
Referenсes 
 
1 Shoybekova Ғ. Tuyndy sөzderdің maғynalyқ erekshelіgі men uәzhdіlіgі. (semantikalyқ  tәsіl). Filol. ғyl. kand. avtoref.: 
10.02.02. – Almaty, 2006. – 28 b. 
2 Salқynbay A.S. Қazaқ tіlі sөzzhasamy. – Almaty: Қazaқ universitetі, 2003. – 271 b. 
3 Shәkenov Zh. Қazaқ tіlіndegі kүrdelі sөzder tұlғalar. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 120 b. 
4 Oralbay N.  Қazaқ tіlіnің sөzzhasamy.  – Almaty: Қazaқ universitetі, 2002. – 213 b. 
 
 
 
Г. Ө. Танабаева, А. М. Байғұтова, Ғ. Ө. Танабаев

133 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
ӘОЖ 811.111:378.1(574) 
 
Ж. К. Тлешова 
 
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, п. ғ. к., 
Астана қ., Қазақстан 
e-mail: 
elzhib@yahoo.com 
 
 
Кембридж ағылшын тіл бағалау жүйесі Орталығының (CELA) тілдік тестері 
 
Мақалада  Қазақстан  білім  беру  қызметі  нарығында  кеңінен  қолданылып  жүрген  ағылшын  тілі  халық-
аралық  тестеріне  шолу  жасалған.  Кембридж  ағылшын  тілін  бағалау  жүйесі  орталығының (CELA) тілдік 
тестері  қарастырылған.  Мақаланың  негізіне  алынып  отырған  тіл  тестерін  алғашқы  кезеңде  шетелдік  оқу 
орындарына түсу мақсатында тапсырса, соңғы кезеңде ол тестерді Қазақстанның ішіндегі халықаралық ком-
панияларға жұмысқа тұру  және  отандық  магистратура  мен  докторантура  оқу  бағдарламаларына  қабылдану 
үшін де қажетті тестердің бірі ретінде қолданып жүр. Осы мақала шеңберінде талқыланып отырған шетелдік 
ағылшын  тілі  тестері  ретінде  Кембридж  ағылшын  тілін  бағалау  жүйесі  орталығында (CELA) жасалған  тес-
терге тоқталамыз. Оған себеп Қазақстан білім беру нарығында қолданылып жүрген шетелдік тіл тестерінің 
дерлігі  аталған  орталықтың  тест  өнімдері.  Мақаланың  мақсаты  неліктен  аталып  отырған  тестер  Қазақстан 
білім  беру  нарығында  сенімді  түрде  кеңінен  орын  алуда  деген  сұраққа  жауап  табу  болып  табылады.  
Мақалада CELA-ның даму тарихына және қазіргі лингвистика, социолингвистика, т.б. теорияларды қамтыған 
тест тапсырмаларына  қысқаша шолу берілген.  
Түйін  сөздер: EFL (ағылшын  тілі  шет  тілі  ретінде),  Кембридж ESOL (өзге  тілділер  үшін  Кембридж 
ағылшын  тілі  емтиханы), CELA (Кембридж  ағылшын  тілін  бағалау  жүйесі  орталығы), CPE (Кембридж  тіл 
біліктілігі емтиханы).  
 
Ж. К. Тлешова 
Языковые тесты Кембриджского центра системы оценки языка (CELA) 
 
В  статье  приводится  обзор  международных  языковых  тестов  по  английскому  языку,  которые  широко 
применяются  на  казахстанском  рынке  образовательных  услуг.  Рассмотрены  виды  языковых  тестов,  разра-
ботанные Кембриджской системой оценки уровня языка. Если тесты, которые являются объектом изучения в 
рамках  этой  статьи,  ранее  использовались  для  поступления  в  зарубежные  вузы,  то  сейчас они  требуются и 
для трудоустройства в международных компаниях в Казахстане, а также для поступления в магистратуру и 
докторантуру  в  вузах  страны.  В  рамках  данной  статьи  мы  будем  рассматривать  только  экзаменационные 
тесты,  созданные  Кембриджской  системой  оценки  уровня  языка  среди  остальных  зарубежных  языковых 
тестов.  Так  как  основная  масса  экзаменов,  проводимые  в  Казахстане  являются  продукцией  Кембриджского 
языкового  экзаменационного  центра CELA,  автор  статьи  старается  ответить  на  вопрос,  почему  эти  тесты 
надежно  распространяются  на  рынке  образовательных  услуг  Казахстана.  Также,  в  статье  дается  краткий 
обзор  исторического  развития CELA и  тестовых  заданий  с  учетом  существующих  на  сегодняшний  день 
теорий в лингвистике, социолингвистике и т.д.  
Ключевые  слова: EFL (английский  как  второй  язык),  Кембридж ESOL (кембриджские  экзамены  для 
неносителей английского языка), CELA (Кембриджский центр системы оценки языка), CPE (Кембриджский 
квалификационный экзамен по специальной подготовке). 
 
Zh. K. Tleshova 
Language tests developed by Cambridge English Language Assessment (CELA) 
 
This article presents a survey on International English Language Tests which are being used in the Kazakhstani 
education market. It also discusses types of language tests designed by CELA. If these tests are previously required 
for getting admission to foreign universities, but nowadays they are required for getting a job in international 
companies in Kazakhstan, as well as for admission to master's and doctorate programmes in higher educations of the 
country. In this article we will consider only the examination tests by Cambridge English Language Assessment 
among all other foreign language tests. Thus, the bulk of examinations conducted in Kazakhstan are the products of 
the Cambridge English Language Assessment. The author tries to find an answer to the question why these tests have 
been reliably spreading within the educational market of Kazakhstan. Also, the article presents a historiclal review on 
the background of CELA and development of language test tasks on the basis of
 
existing theories in linguistics, 
sociolinguistics and other related diciplines. 
Key words: EFL (English as a second language), Cambridge ESOL (Cambridge examination for not native 
speakers of English), CELA (Cambridge English Language Assessment), CPE (Cambridge proficiency exam). 
_____________________________ 
Кембридж ағылшын тіл бағалау жүйесі Орталығының (CELA) тілдік тестері 

134 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Соңғы  онжылдықтан  аса  уақытта  Қазақ-
стан білім беру нарығында шетелдік ағылшын 
тілін  бағалау  тестері  кеңінен  қолданылып  ке-
леді.  Негізге  алынып  отырған  тіл  тестерін  ал-
ғашқы кезеңде шетелдік оқу орындарына түсу 
мақсатында  тапсырса,  соңғы  кезеңде  ол  тес-
терді  Қазақстанның  ішіндегі  халықаралық 
компанияларға  жұмысқа  тұру  және  отандық 
магистратура  мен  докторантура  оқу  бағдарла-
маларына  қабылдану  үшін  де  қажетті  тес-
тердің бірі ретінде қолданып жүр. Осы мақала 
шеңберінде  талқыланып  отырған  шетелдік 
ағылшын  тілі  тестері  ретінде  Кембридж  ағыл-
шын тілін бағалау жүйесі Орталығында (CELA) 
жасалған  тестерге  тоқталамыз.  Оған  себеп, 
Қазақстан  білім  беру  нарығында  қолданылып 
жүрген шетелдік тіл тестерінің дерлігі аталған 
Орталықтың тест өнімдері.  
CELA ағылшын тілі тест өнімдерін топтап 
қарастыруға болады. Бірінші топқа жалпы тіл-
дік  деңгейді  анықтайтын  тестер (CPE, LCE, 
KET, PET, FCE, CAE), екінші  топқа  акаде-
миялық  тестер (ELTS, IELTS), үшінші  топқа 
салалық  тестер (BEC, BULATS, ILEC), төр-
тінші  топқа  ағылшын  тілі  жүйесінің  ерекше-
лігін  тілді  оқытуда  қолдана  отырып,  оның 
оқыту  әдіс-тәсілдерін  меңгеруге  бағытталған 
тестер (TKT, CELTA, DELTA) жатады.  Көр-
сетіліп  отырған  барлық  топтағы  тестер CELA 
тарихындағы  ең  алғашқы  емтиханның  бірі 
және  негізгісі  болып  табылатын  емтихан – 
CPE-ға  (Кембридж  ағылшын  тіл  біліктілігі 
емтиханы) негізделген  және содан бастау ала-
ды.  Бұл  емтиханның  мазмұны  мен  құрылымы 
өз  тарихында  тіл  оқытудың  грамматикалық 
әдісіне сүйенді. С.Уэйр CPE тестерінің архив-
тік  көшірмесіне  сүйене  отырып CPE емтиха-
нын  төмендегідей  сипаттайды: «Емтиханның 
бағыты  академиялық  ағылшын  тілі.  Оның  ал-
ғашқы  кездегі  форматы  дәстүрлі  болды,  яғни 
эссе  жазу,  ана  тілділерге  арналған  тілдік  оқу 
бағдарламасы  негізіндегі  ағылшын  әдебиеті, 
эссе  және  міндетті  фонетика  мен  грамматика, 
ағылшын  немесе  неміс  тілдерінен  ағылшын 
тіліне және керісінше аудару.  Сонымен қатар
емтиханның ауызша бөлімінде диктант, дауыс-
тап оқу және әңгімелесу енгізілді [1, 51]. CPE 
тестінің  мазмұны  мен  талабы  шетелдік  емти-
хан тапсырушыларға тілдік деңгей тұрғысынан 
күрделі,  мазмұны  ауыр  соққандықтан  және 
бұл қиындықтар тест тапсырушылардың Ұлы-
британия  оқу  орындарына  түсуіне  немесе  сол 
елде  жұмыс  жасауға  кедергі  тигізгендіктен, 
осы  тест  негізінде FCE (Бірінші  деңгей  сер-
тификат емтиханы), LCE (Төменгі деңгей сер-
тификат емтиханы), KET (Негізгі ағылшын тілі 
сертификаты) немесе PET (Бастауыш ағылшын 
тілі сертификаты) тестері жасалды. Оның тағы 
басқа себебі - тест тапсырушылардың  аудиен-
циясын кеңейту болып табылды. Екінші жағы-
нан,  Орталықтың  мүддесі-  тест  тапсырушы-
лардың  санын арттыру. П. Фолвей  «Ағылшын 
тіл біліктілігінің төменгі деңгейін анықтайтын 
FCE (Бірінші  деңгей  сертификат  емтиханы) 
екінші дүниежүзілік соғысы қарсаңында жаса-
лынды.  Оның  алғашқы  атауы LCE (Төменгі 
деңгей сертификат емтиханы) деп аталды» деп 
түсініктеме  бере  келе, «FCE тесі CPE емти-
ханы  тесі  тәріздес  бес  тест  құрылымынан  тұ-
рады. FCE тесінің  практикаға  енуі CPE тес-
терінің  басқа  да  төменгі  тіл  деңгейін  анық-
тайтын  тестерінің  жасалуына  кедергі  болған 
жоқ.  Мысалы,  тіл  біліктілігінің  төменгі  дең-
гейін  анықтайтын KET (Негізгі  ағылшын  тілі 
сертификаты) (1980) немесе PET (Бастауыш 
ағылшын тілі сертификаты) (1994) тестері жа-
салынып, қазіргі күні практикада қатар қолда-
нылады» [2, 131]. Тілдік деңгейді анықтайтын 
тестердің  түрлену  себебіне  тоқталсақ,  ол  жө-
нінде  П.Фолвей  (сол  жерді  қараңыз)  оны  тө-
мендегідей  түсіндіреді: «Сол  жылдарда (1980-
1995  жж.)  жаңа CELA тестері  қарқынды  шы-
ғып жатты. Оның себебі, CPE тесінің тест тап-
сырушылар  мен  оқытушылар  үшін  тартымды-
лығы  төмендегендіктен  емес,  оның  қиынды-
ғында  болды. CPE тестері  тіл  біліктілігінің 
жоғары  стандартын  талап  етті,  ал  бұл  стан-
дартқа  сай  тіл  білу  барлық  адамдарға  қажет 
емес» [2, 157].  
Өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  уни-
верситетке  түсушілер  санының  артуы  екінші 
топтағы  тестердің  дамуына  ықпал  жасады 
және өз тарапынан CELA орталығы академия-
лық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тестер 
жасай  бастады.  Бұл  жөнінде  тест  түрлеріне 
зерттеу  жасаған  ғалым  П.Фолвей  «Универси-
теттік  бағдарламаларда  оқу  үшін  тиесілі  тіл 
деңгейін анықтайтын бірқатар емтихан түрлері 
1966 жыл мен 1980 жылдар аралығында жаса-
лынды» [2, 135]. Осы жөнінде Б. О’Сулливан: 
«1980  жылдардың  басында  Ұлыбританияда 
тест жасаушылар арнайы мақсатқа негізделген 
мақсатты  тестер  жасаудың  мүмкіндіктерін 
қарастыра  бастады,  соның  нәтижесінде ELTS 
(Ағылшын тілін бағалау сервисі) кейінірек бұл 
тест IELTS (Халықаралық  ағылшын  тілін  ба-
ғалау  сервисі)  деп  қайта  аталды»[3, 9]. ELTS 
емтиханы  атауының IELTS атауына  өзгеру 
себебі CELA тест  жасаушыларының  Британ-
дық  Кеңесі  мен  Австралия  университеттері 
Ж. К. Тлешова 

135 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
мен  колледждеріндегі  Халықаралық даму бағ-
дарламаларымен  бірлікте  жұмыс  жасауы  бол-
ды [2, 140]. Келесі, үшінші, топтағы тестердің 
орын  алуына  Ұлыбритания  қоғамында  терең 
белес  алған  көріністің,  бизнестің,  қарқынды 
дамуы  себепкер  болды.  Елде  орын  алған  биз-
нестік әріптестік CELA -ның тесттерді дамыту 
ісіне  коммерциялық  тұрғыда  тиімді  ықпалын 
тигізді.  Бизнестегі  халықаралық  әріптестік 
өзара  түсінікті  тілде  қарым-қатынасты  қамта-
масыз ететін тіл біліктілігі деңгейін қажет етті. 
BEC (Іскери ағылшын тілі сертификаты) және 
BULATS (Кәсіби  ағылшын  тіл  деңгейін  баға-
лау  емтиханы) 1993 және 1998 жылдары  жа-
салды. Осы тест тобына 2005 жылы ендірілген 
ILEC-ті  де  (Халықаралық  құқық  бойынша 
ағылшын  тілі  сертификаты)  жатқызуға  бола-
ды.  Бұл  емтиханның  мақсаты – халықаралық 
әріптестікте  заңгердің  ағылшын  тіліндегі  бі-
ліктілігін  қамтамасыз  ету.  Бұл  емтиханды  ха-
лықаралық әріптестікте жасалған емтихан тесі 
деп атауға болады. Себебі CELA тестерді Транс-
легал-Еуропа  орталығының  заңгер-лингвис-
терімен бірлікте жасайды [2, 145].  
Тестердің соңғы тобы ағылшын тілі оқыту-
шыларының  кәсіби  шеберлігіне  арналған  тес-
тер  деп  атауға  болады.  Ағылшын  тілі  оқыту-
шыларының білім деңгейін жетілдіруге бағыт-
талған тест - TKT (Тіл оқытушысының білімін 
бағалау  тесті).  Бұл  тестің  мақсаты - ағылшын 
тілі  оқытушыларының  тіл үйрету  ісі  бойынша 
білімін  тексеру [2, 150]. Тест  Қазақстанның 
білім  беру  нарығында  (ағылшын  тілі  мұға-
лімдері  үшін)  Британдық  Кеңес  арқылы  кең 
тарап  келе  жатқанын  айта  кетейік.  Тіл  оқыту-
шыларына  арналған  және  әлемнің  кез-келген 
елінде ағылшын тілін екінші тіл ретінде сабақ 
беруге  рұқсат  беретін  сертификатталған емти-
хан - CELTA (Ересек  жастағыларға  ағылшын 
тілі  оқытушысының  сертификаты).  Қазақ-
станда  (басқа  да  елдерде)  оқу  орындарында 
немесе  тіл  орталықтарында  жұмыс  жасайтын 
оқытушылардан осы сертификат талап етіледі. 
CELTA  сертификаты  ағылшын  тілінен  сабақ 
беруге  мүмкіндік  беретін  оқытушылық  жұ-
мысты жаңадан бастағандарға арналған серти-
фикат. DELTA (Ағылшын тілі оқытушысы дип-
ломы)  ағылшын  тілінен  сабақ  беруге  құқық 
беретін  дипломға  ие  болу  үшін  ұйымдасты-
рылған  емтихан.  Сонымен  қатар, DELTA 
ағылшын  тілін  оқыту  саласында  карьералық 
өсу  сатысына  мүмкіндік  беретін  емтихан  бо-
лып табылады [2, 157]. Аталып отырған Орта-
лықтың  тест  түрлеріне  қорытынды  жасасақ- 
CELA  тілдік  тестері  деңгейлік  және  салалық 
бола  келе,  емтихан  тапсырушыларды  сол 
тестерге  даярлайтын  оқытушыларға  арналған 
тестер  жасап  отыр,осылайша  сабақтастық  пен 
тұтастықты  қамтамасыз  етіп  отыр,әрі CELA 
тіл  оқыту  нарығында  алдыңғы  қатардағы  бас-
ты  тест  жасау  Орталығының  біріне  айналып 
отыр.  
Жоғарыда айтып отырған  сабақтастық  пен 
тұтастыққа  қол  жеткізуде  тіл  оқыту  нарығын-
да CELA-ның даму тарихы бірнеше сатыларды 
өткерді. CELA өзінің жүз  жылдық  тарихының 
үлесіндегі  тәжірибе  және  өз  қызметін  жүйелі 
ұйымдастыру  арқылы  жоғары  сападағы  және 
нарықта  үлкен  сұранысқа  ие  тіл  тестерін  жа-
саудың  сырын  терең  меңгерді.  Айтып  өткен-
дей, CELA атауы  өзінің  жүз  жылдық  тари-
хында  үш  рет  ауыстырылды.  Бірінші  атауы 
1913 – 2002 жылдар  аралығында  алғашқы 
дәстүрлі және брендтік атауы «EFL (Ағылшын 
тілі  шет  тілі  ретінде)  емтиханы»  деп  аталып 
келді. 2002 жылдан  кейін  бұл  брендтік  атау 
Кембридж ESOL (Өзге  тілділер  үшін  Кем-
бридж  ағылшын  тілі  емтиханы)  деген  атауға 
өзгертілді.  Орталықтың  атауының  өзгеріуі 
туралы  П.Фолвей: «EFL ұстанымынан  Кем-
бридж ESOL ұстанымы ауқымды. Ол ұстаным 
ағылшын  тілі  шет  тілі  ретінде  сөйлейтіндер 
үшін ғана емес, ағылшын тілін екінші, үшінші 
тіл  ретінде  үйренушілер  үшін  де  қажет. 
Ағылшын  тілі  емтиханының  бұл  бағыты 2002 
жылы EFL емтиханы  Кембридж ESOL ем-
тиханы  деп  ауысуына  ықпалын  тигізді» [2, 
147]. Кембридж университетінің жергілікті ем-
тихан  синдикаты (UCLES) 1913 жылы EFL 
бөлімі даярлаған алғашқы CPE (Кембридж тіл 
біліктілігі  емтиханы)  емтиханын  енгізгеніне 
байланысты CELA-ның  бірінші  атауы  да  сол 
бөлімнің  атымен  аталып  келді [3, 10]. 2002 - 
2013  жылдар  аралығында  «Кембридж  универ-
ситетінің ESOL емтиханы» болып аталып кел-
ген  орталық  өзінің  жүз  жылдық  мерейтойына 
орай  өз  атауын CELA атауына  ауыстырды. 
Оның  себебі  төмендегідей  түсіндіріледі: «Бү-
кіл  әлем  бойынша  жылына  төрт  миллионнан 
аса  адам  осы  Орталық  арқылы  емтихан  тап-
сырады. Орталық қызметінің кең таралуы ағыл-
шын  тілінде  сөйлеуді  дағдыға  айналдырған-
дардың  көбеюіне,  емтихан  тапсырушылардың 
тіл  оқуда  және  жұмыс  жасау  барысында  қан-
шалықты  жетістікке  жетуін  анықтауда,  им-
миграция  үшін  қажетті  коммуникация  дағды-
сын  анықтап  беретіндігіне  байланысты» [4]. 
Орталық  атауының  өзгеруі,  зерттеушілердің 
пікірлеріне  сүйенсек,  ағылшын тілінің  бірінші 
тіл  ретінде,  екінші  тіл  ретінде  және  үшінші 
Кембридж ағылшын тіл бағалау жүйесі Орталығының (CELA) тілдік тестері 

136 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
және  т.б.  тіл  реті  тұрғысында  қарастыры-
луында.  
CELA -ның жүз жылдық тарихында жасал-
ған тест тапсырмалары (тест форматының маз-
мұны  мен  құрылымы  және  үлгілері  жеке  ма-
қалада  беріледі)  сипатына  тоқталсақ,  тестер 
тіл  біліктілігін  тексеруде  тыңдалым,  оқылым, 
жазылым,  қолданыстағы  ағылшын  тілі  және 
айтылым  бөлімдерінен  тұрады  (басты  өзгерісі 
бар  форматтардың  соңғы  үлгісі, 1984 жылғы) 
[5, 56]. Осы  тұста  атап  кететін  мәселе,  тес-
тердің  одан  әрі  дамуы,  атап  айтқанда,  қазіргі 
үлгілеріне қолданыстағы ағылшын тілінің тест 
тапсырмаларында жеке тапсырма ретінде емес, 
оның  тыңдалым,  оқылым,  жазылым  және  ай-
тылым  тапсырмаларының  мазмұндық  құры-
лымына  ендірілуі.  Орталықтың  теcт  тапсыр-
маларының  өзгеруін  зерттеуші  ғалымдардың 
еңбектеріне сүйенсек, С.Уэйр [1,51], [5, 56], Б. 
О'Сулливан [3, 19], Б.Спольский [6, 17], тест 
тапсырмаларының  дамуы  мен  лингвистика-
дағы  белгілі  теориялардың  орын  алуы  және 
олардың  дамуы  ортасында  корреляциялық  қа-
тынасты  көреміз.  Алғашқы  тестер  граммати-
калық-аударма  және  структурализм  негізіне 
сүйенсе,  соңғы  тестердегі  тапсырмалар  тілдің 
коммуникативті-интерактивті  негізіне  бейім-
делген. Бұл жөнінде С.Уэйр: «... тестерге жаса-
лынған тарихи шолу бойынша 1921-1970 жыл-
дар  аралығында  Ұлыбританияда  орын  алған 
ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесіндегі  ауызша-
құрылымдық-ситуациялық  аспект  ықпал  жа-
сады. 1920 жалдарда  орын  алған  «структура-
листік  лингвистика»  елу  жыл  бойы  тіл  оқы-
тудың  теориясы  мен  практикасына  ықпалды 
әсер  тигізді. 1971-2012 жылдарда  коммуника-
тивтік  теорияның  ықпалы  байқалады. 1970 
және 1980 жылдарда  Ұлыбританияда  тілдің 
структуралистік  аспектісінен  оны  байланыс 
құралы  ретінде  қарастыратын  коммуникатив-
ті  қызметіне  түбегейлі  ауысқанын  көреміз» 
дейді [5, 56]. Дәл осындай пікірді П. Фолвей де 
«Н. Хомскийдің лингвистикадағы, Д.Р.Фирстің 
қолданбалы  лингвистикадағы  және  Д.Хаймес 
пен  М.Халлидейдің  социолингвистикадағы 
еңбектері тіл  мәселесіне басты  назар аударуға 
алып  келді,  атап  айтқанда,  тілді  жүйе  ретінде 
үйрену  емес  қолданыстағы  тіл  ретінде  қарас-
тыруға  жол  ашты»  деп  тұжырым  жасайды [2, 
157].  Ағылшын  тілі  тестін  зерттеушілердің 
пікірлері CPE тестерінің  дамуы  лингвистика-
дағы  теориялардың  ықпалында  болды  деп 
айтуға мүмкіндік береді.  
Қорыта  айтсақ, CELA ( Кембридж  ағыл-
шын  тілін  бағалау  жүйесі  Орталығы ) тілді 
оқыту  кеңістігінде,  тіл  біліктілігін  бағалау 
емтихандары  нарығында    бірінші  қатардағы 
тілдік  тестер  жасаушы  Орталық  ретінде  орын 
алуы  оның  тіл  біліктілігін  бағалау  мәселесін 
жан-жақты  тұрғыда  қарастыруынан.Ол  әр 
салаға  сай  (академиялық,  бизнес,  заң,  имми-
грация,  және  т.б.)  қажетті  тіл  біліктілігі  дең-
гейін  анықтап  бере  алатын  тестер  жасау  ар-
қылы  нарықта  үлкен  сұранысқа  ие  және  се-
німді тест жасаушы Орталық дәрежесіне көте-
рілді. Орталық тестерінің нарықта басты бәсе-
келес болуы тестердің деңгейлік және салалық 
бағытта дамыта алғандықтан. Тілдік деңгейлер 
мен  салалық  тілдерді  меңгеруге  мүмкіндік 
беретін тілді оқытудың әдіс-тәсілдерімен қам-
тамасыз  ететін  емтихан  тестерін  ұсына  оты-
рып, CELA қазіргі таңда тіл біліктілігін жетіл-
діру мен бағалаудың үлкен индустриясына ай-
налды. CELA сенімді тестер жасауда лингвис-
тикадағы,  социолингвистикадағы,  психология-
дағы  теорияларды  алдыңғылардың  бірі  болып 
қолдануға  тырысады. CELA-ның  портофо-
лиосы, қазіргі таңда, жас ағылшын тілін үйре-
нушілер  үшін,  жалпы  ағылшын  тілі,  кәсіби 
ағылшын тілі, іскери ағылшын тілі, еуропалық 
ағылшын  тілі,  жас  тіл  оқытушыларына  арнал-
ған  тестер,  тәжірибелі  тіл  оқытушыларына 
арналған  тестер  және  оқытушыларға  арналған 
арнайы диплом тестерімен толығып отыр [7].  

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал