Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.

бет17/46
Дата08.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46

References 
 
1  Balli Sh. Obschaya lingvistika i voprosy frantsuzskogo yazyka. – M.: Izd-vo inostr. lit., 1955. 
2  Yartseva V.N. Kontrastivnaya grammatika. –  M.: Nauka, 1981. 
3  Arakin V.D. Sravnitel'naya tipologiya angliyskogo i russkogo yazykov.: ucheb. posobie dlya studentov ped. in-tov po spets. 
Inostr.yaz. – 2 izd. – M.: Prosveschenie, 1989. 
4  Gak V.G. O kontrastivnoy lingvistike: vstup. st. V.G. Gak. Novoe v zarubezh.  lingvistike. – M., 1989. – Vyp. 25: 
Kontrastivnaya lingvistika. 
5  Karpov V.M. Prostoe rasprostranennoe predlozhenie v angliyskom i kirgizskom yazykah: avtoref. dis. … kand. filol.nauk  
V.M. Karpov. –  Frunze, 1965. – 23 s. 
6  Tursunaliev T. Metodika obucheniya vremennym formam glagola v kirgizskoy shkole: avtoref. dis. … kand. ped. nauk  T. 
Tursunaliev. –  M., 1967. 
7  Fish M.Sh. Slovoobrazovanie nemetskogo yazyka v sopostavlenii s kirgizskim yazykom. – Frunze: Mektep, 1967. 
8  Hakimov I.A. Osobennosti obucheniya grammaticheskomu stroyu nemetskogo i uzbekskogo yazykov. –  Tashkent: FAN, 
1976. 
9  Buranov Dzh. Sravnitel'naya tipologiya angliyskogo i tyurkskih yazykov:  ucheb. posobie dlya ped. in-tov. – M.: Vyssh. shk., 
1983. 
10  Naymanova Ch.K. Valentnost' i sochetaemost' chastey rechi v raznosistemnyh yazykah: na materialah angl., kyrg. i rus. yaz. 
– Bishkek: Kyrg. nats. un-t im. Zh. Balasagyna, 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г. Ш. Борукулова 

91 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ 81'1-027.21 
 
М. П. Ешимов 
 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доцентi, ф. ғ. к., 
Алматы қ., Қазақстан 
e-mail: 
adai75@mail.ru
 
 
Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: қол қимылдарының семантикасы 
 
Мақалада  қарым-қатынаста  қолданылатын  бейвербалды  амалдардың  ерекшелігі  мен  семантикасы 
қарастырылады. Автор коммуникациядағы қол қимылдары жасалу жағынан ұқсас болғанымен, семантикасы 
тұрғысынан  әртүрлі  мағынада  және  де  бір  мағынада  қолданылатын  ым-ишаралар  әртүрлі  қол  кинемалары 
арқылы  берілетіндігі  туралы,  сонымен  қатар  қазақ  халқының  қарым-қатынасында  жастар  мен  жасөспірім-
дердің  қолданысындағы  бейвербалды  амалдарына  тоқталып,  тілде  кірме  ым-ишаралардың  болатындығы 
туралы  да  сөз  етеді.  Сонымен  қатар  қол  кинемаларына  байланысты  берілген  бейвербалды  амалдар  көркем 
шығармадан келтірілген мысалдар арқылы да дәлелдеді.  
Түйін сөздер: бейвербалды амалдар, кинема, ым-ишара, ым тілі, қарым-қатынас. 
 
М. П. Ешимов 
Невербальные компоненты коммуникации: семантика жестов 
 
В  статье  рассматриваются  особенности  семантики  невербальных  средств  коммуникации.  Автор 
отмечает,  что  одни  и  те  же  кинетические  компоненты  речи,  в  данном  случае  жесты,  в  зависимости  от 
ситуации  выражают  различные  значения.  Также  автор  анализирует  своеобразие  невербальных  средств 
коммуникации  в  молодежной  и  подростковой  среде  казахов,  и  описывает  заимствованные  кинетические 
компоненты речи. Вышеизложенное находит свое отражение в художественных произведениях. 
Ключевые слова: невербальные компоненты, кинема, жест, язык жестов, коммуникация. 
 
M. P. Yeshimov 
The components of nonverbal communication: the semantics of gestures 
 
In the article features of semantics of nonverbal means in communication are considered. The author notes that 
the same kinetic components of the speech, in this case gestures, depending on the situation express different 
meanings. Also the author analyzes the uniqueness of nonverbal means of communication between the youth and 
teenage of Kazakhs, and describes the borrowed kinetic components of speech. The above is reflected in works of art. 
Key words: nonverbal components, kinema, the gesture, the language of the gestures, communication. 
______________________________ 
 
Бейвербалды  коммуникациялар  тілдік  таң-
балардың  барлық  қызметін  орындай  алады. 
Мәтінге өзгерістер енгізетін бейвербалды ком-
поненттер  мынадай  жағдайда  пайда  болады. 
Біріншіден,  сөз  бен  сөз  тіркесін  ұмытқанда 
және  оны  іздеу  барысында;  екіншіден,  айтып 
жатқан  сөзінің  құнды,  қажет  екенін  білдіру 
мақсатында;  үшіншіден,  бір  вербалды  компо-
ненттің  бейвербалды  компонентпен  ауысты-
рылуы  қажет  болған  жағдайда.  Сөйлеудегі 
осындай деформацияларды И.Н. Горелов «бей-
вербалды  таңбаның  көріністері»  деп  атайды 
да,  әрі  қарай  ойын  былай  тұжырымдайды: 
«Процесс  выражения  мысли  можно  рассма-
тривать  принципиально  иначе:  невербальная 
внутренняя  программа  эксплицируется  так,  что 
вербальные  средства  замещают  всякие  иные 
средства общения только в случае, если послед-
ние  оказываются  менее  эффективными  и  эко-
номичными  при  достижении  коммуникатив-
ных  целей» [1, 32]. Ал  адам  қарым-қатынас 
кезінде коммуникативтік бағдарламаға вербал-
ды тұлғаны қатыстырып қолданады. 
Бейвербалды тәсілдермен хабарлаудың, ақ-
парат  жеткізудің  жинақталған,  топталған  мы-
надай  мағыналық  компоненттері  бар:  сілтеу, 
бейнелеу, түрту, нықтау, қарсылық білдіру, ке-
лісім беру, риза болу (модальдық), күрделі (сұ-
рақ – аң-таң  боп  қалу),  символикалық  (қор-
қыту) [1, 47]. 
Қарым-қатынас сөйлеу әрекетінің басталуы-
нан  бұрын  туындайды,  демек,  оған  дейін  қа-
рым-қатынас  жасаушылар  белгілі  бір  ара-қа-
шықтықты  сақтап, дене қалыбын ұстайды. Осы 
Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: қол қимылдарының семантикасы 

92 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
жағдайға  лайық  бет  әлпетін  өзгертіп,  сәлем-
десу дистантты дене қимылдарымен (қол алысу, 
бас изеу т.б.) алмасады. Осы аталған формалар 
сөйлеу  әрекетіне  түсу  үшін  қолайлы  жағдай 
жасап,  қарым-қатынас  жасаушылардың  қарым-
қатынас  орнатуға  дайын  екендігін  анықтауға 
мүмкіндік  жасайды.  Мұндай  элементтер  сөй-
леумен  етене  жақын,  онан  дара  болуы  мүмкін 
емес.  Яғни  дене  қимылдары,  ым,  көзқарас  қа-
тынастың мағыналық жағын толықтыру функ-
циясын атқарады. 
Қарым-қатынас  барысында  қолмен  беріле-
тін қимылдар көп қолданылады. Солардың бірі 
қол алысу қимылы. Қол алысу қимылының бе-
ретін  семантикалық  сипаты  ауқымды.  Мы-
салы,  қол  алысу – сәлемдесу  және  қоштасу, 
алғыс  білдіру,  құттықтау,  танысу,  келісімге 
келу,  шартқа  отыру,  растау,  қолдау  және  бәс-
тескен  кездегі  сияқты  дене  қимылдары  әдеп 
ұғымымен  ұштасып  жатады,  сол  себепті  бұл 
кинема лексикалық элементке қосымша мағы-
на үстейді.  
Қол алысып көрісу қазақ халқының ежелгі 
дәстүрінде  бар.  Бұрынғы  кезде  қазақ  халқы 
амандасу барысында қос қолдап көрісетін бол-
ған (жас мөлшеріне байланысты). Жылдар өте 
бара  қол  алысып  амандасу  рәсімі  өзгерістерге 
ұшыраған. Бұл өзгерістің нәтижесі (немесе бір 
қолын  созып  амандасу)  бір  қолдап  амандасу. 
Мысалы,  Гасфорт  (қарсы  алып,  қолын  ұсы-
нып).  Сәлем,  Шыңғыс  Уәлиевич: (орын  нұс-
қап). Отыруыңызды өтінем [2, 58]. 
Қол  бұлғау  қимылы  арқылы  да  сәлемдесу 
рәсімін жүзеге асыра аламыз. Жастар бірін-бірі 
алшақтау жерден көрсе, онда олар бір-бірімен 
қол бұлғау арқылы амандасады. Мұнда қол бас 
деңгейіне дейін  немесе  одан жоғары  көтерілуі 
де  мүмкін.  Мысалы,  Қызбен  бірге  мені  көрді. 
Бірден таныды ғой деймін, маған қолын бұлғап 
амандасты да, жанымда тұрған қызға: 
–  Өзің  бара  бер,  Алтынай, – деді  дауыс-
тап, – көрмейсің  бе,  маған  қонақ  келіп  тұр-
ғанын?! [3, 75]. 
Еуропа  елдерінің  көпшілігінде  жоғары  ин-
телегенция  өкілдерінің  арасында  ізеттілікті 
білдіретін  қол  сүйіп  амандасу  рәсімі  де  кез-
десіп  жатады.  Бұл  қол  алысу,  қол  бұлғау,  қос 
қолдап  амандасу  сынды  қимылдардың  мағы-
насымен синонимдес болып табылады. Тек бір 
айырмашылығы аталмыш қимыл қазақ қарым-
қатынасында  қолданылмайды.  Мысалы,  Гас-
форт. Мұнда келіп кетсін деңіз оған. (Алмазов 
кетеді).  Уәлихановтың  Катюшаға  дәмесі  кү-
шейген  сияқты.  Бірақ  мұсылман  ғой  ол,  реті 
келер  ме  екен ... (Жабыраңқы  кескінмен  Ели-
завета Николаевна кіреді. Гасфорт оны қарсы 
алып қолын сүйіп). Бонжур, м-мами! Өңің неге 
сынық! [4].  
Ым  тілін  зерттеуші  ғалым  К.У.  Геворкян 
қол  сүйіп  амандасу  мен  ізеттілікті  білдіретін 
қол  сүю  кинемасы  ананың  кеудесін  сүю  қи-
мылынан  пайда  болған,  яғни  бұл  қол  сүю  ки-
немасының  өзгеріске  ұшыраған  түрі  деген 
пікір айтады. Тілшінің айтуы бойынша, алғаш-
қысында  кеуде  сүю  кинемасы  ананың  махаб-
батына  деген  ізеттілік  пен  кішіпейілділігін 
білдірген.  Бұл  қимыл  бірте-бірте  қол  сүю 
кинемасы  болып  өзгерген.  Екеуінің  мағынасы 
да бір, – деген тұжырым жасайды [5, 33]. 
Күнделікті өмірде бір-біріне алғыс білдіру-
дегі  қимыл – басын  ию  қимылы.  Сонымен 
қатар  алғыс  білдіруде  оң  қолдың  алақанын 
кеуденің  орта  тұсына  апарып  қою  (қолын 
кеудесіне қою) қимылы да бас ию ишарасымен 
ұқсас  болып  келеді,  яғни  синонимдес  ым-
ишара.  Кейбір  елдерде  бұл  қимыл  түрі  сол 
елдің әнұраны ойнаған кезде де қолданылады, 
оның  мағынасы  алдыңғылармен  сәйкеспейді, 
өйткені  бұл  қимыл  ел  рәміздерін  құрметтеу, 
қадірлеу мақсатында қолданылып отырады.  
Өзінің ризашылығын білдіруде, рақмет ай-
туда  қолданылатын,  вербалды  компонентпен 
қоса жүретін қол алысу кинемасы көркем шы-
ғармаларда  былайшы  беріледі:  Сол  сәтте  өз 
емдеуінің  мұншалық  нәтиже  беруіне  жас  ба-
ладай мәз болып тұрған Шерубайға көзім тү-
сіп кетті де, өзімді-өзім ұстай алмай: 
–  Көп-көп  рақмет  сізге  Шерубай, – дедім 
екі қолын бірдей қысып [3, 189]. Ризашылығын 
білдірудегі әңгімелесушісінің қолын қос қолы-
мен  қысу  (немесе  керісінше)  қимылы  оған 
шексіз  ырза  екендігін  аңғартады.  Бұл  қимыл-
мен қатар, жымию, бас изеу қимылдары да қо-
сарланып қатар жүреді.  
Этикет  нормалары  Қытайда  күнделікті  қа-
рым-қатынаста  және  мінез-құлқын  қалыптас-
тыруда  басты  рөл  атқарады.  Қытай  этикеттік 
қарым-қатынасы  мен  мінез-құлқында  алғыс 
білдірудің  әртүрлі  формалары  бар. Алғыс біл-
дірудің  вербалды  түрімен  қоса,  бейвербалды 
түрі де кең қолданылады. 
а)  Жеңіл  түрде  қол  қысу  кинемасын  бір-
бірімен  жақын  таныс  және  бірін-бірі  сөзсіз 
ұғысатын адамдар қолданады. 
ә) Қолды қаттырақ қысу арқылы өзіне жа-
қындығы  шамалы,  таныс  емес  адамына  алғыс 
білдіре алады. 
б)  Екі  қолымен  жеңіл  түрде  қол  қысысу. 
Бұл  кинема  жасы  үлкен,  қарт  адамдарға  риза-
шылық  білдіруде  қолданады.  Сонымен  қатар 
М. П. Ешимов 

93 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
қазіргі  кезде  іскер  адамдар  қарым-қатына-
сында кездеседі. 
в)  Қолын  біріктіру  арқылы  алғыс  білдіру 
кинемасы қарым-қатынаста қолданылғанымен, 
ескірген қимыл болып саналады. 
г)  Өз  алғысын,  рақметін  әйел  адамдар  бі-
рін-бірі  құшақтап,  содан  кейін  бетінен  сүю 
арқылы білдіре алады. 
Қытай  халқында  асханалар  мен  дәмхана-
ларда  даяшы  үстелге  ас-су  әкеліп  қойғаннан 
кейін, тапсырыс берген адам ыдыстың қасына 
қолын апарып, үстелді сұқ саусағымен тықыл-
датады. Бұл кинема «әкелген ас-суыңа рақмет» 
дегенді  білдіреді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  алғыс 
білдіруде  қолданылатын  қимыл  болып  табы-
лады. 
Қол  алысу  кинемалары  амандасу,  рақмет 
айту  мағыналарымен  бірге,  танысу  кезінде  де 
қолданылады. Қимылдың орындалуы жағынан 
бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұ-
лар тек қана қарым-қатынастағы жағдайға, кон-
текске  байланысты  ажыратылады.  Мысалы, 
Сонымды сезіп қойғандай маған жымия қара-
ды да, қолын созып: 
– Баймағамбет Ізтөлин, – деді. Мен де қол 
бердім [6, 367].  
Қол  алысып  танысу  ерлерге  тән,  ал  ресми 
жағдайларда ерлермен қоса, әйелдер де қолда-
нады. Ер адамдар әйелдерге бірінші болып қол 
бермейді,  ал  жасы  кішілер  мен  қызметі  төмен 
адамдар  үлкендер  мен  қызметі  жоғары  адам-
дарға бірінші боп қол созбайды. 
Кездесу  кезіндегі  ерлер  арасындағы  қол 
алысудың  өзіндік  мағынасы  бар.  Ерлер  мен 
әйелдер  арасындағы  қол  алысу  ресми  жағдай-
ларда  қолданылады.  Жыныстар  арасындағы 
бейресми  жағдайларда  қол  алысу  күнделікті 
өмірде көп кездеспейді. 
Кездесу  мен  танысу  кезінде  орыс  әйелі 
ерлерге бірінші боп қол береді, сонымен қатар 
әйелдер  ерлердің  қолын  қыспайды.  Ал  қытай 
халқында  танысу  барысында  қол  алыспайды, 
тек қана жымияды. Жымию арқылы танысқан-
дығына қуанышты екендігін сездіреді. 
Неміс  халқының  қарым-қатынасында  кез-
десу  мен  танысу  кезінде  әйелдер  де,  ер  адам-
дар  да  тең  дәрежеде  қол  алыса  алады.  Соны-
мен  бірге  үлкен-кіші,  қызметі  жоғары  мен 
қызметі төмендер де бірдей қол алысады. Қол 
алысу  ресми  және  бейресми  жағдайларда  да 
қолданыла береді. 
Қол алысу кинемасының  берер семантика-
лық сипаты кең. Солардың бірі – татуласу ке-
зінде  қолданылатын  қол  алысу  болып  табы-
лады. Адамдар ренжісіп, араздасып қалып жат-
қанда  бірімен-бірі  татуласу  үшін  де  қол  алы-
сады.  Мұның  мағынасы  айыбыңды  кешірдім, 
сенімен  татуластым  дегенді  аңғартады.  Мы-
салы,  –  Егер  сен  кешірсең,  арамызда  болған 
оқиғаны мен кешірдім. 
–  Мен  де  кешірдім, – деді  батыр  Саян  кү-
лімсіреп бірінші боп қол беріп [7, 183]. 
Ал  бірін-бірі  құттықтау,  бір-бірімен  бәс-
тесу мағынасында қолданылатын қол қысу не-
месе  қол  алысу  қимылдары  көркем  шығарма-
ларда былайшы беріледі. Мысалы, Федор Ива-
нович,  бізді  де  құттықтауыңызға  болады, – 
деп  ол  жарылып  кеткен  қара  қайыс  қолын 
ұсынды, – шалғайдағы  бөлімшелерде  де  соң 
егілетін  егінді  дәл  мерзімінде  аяқтаттық [8, 
26].  Бұл  мысалдан  қол  алысу  арқылы  құттық-
тау  рәсімін  көруге  болады.  Ал  қол  алысу  ар-
қылы  бәстесу  көркем  шығармаларда  былайша 
суреттеледі.  Мысалы,  Теміршот.  Алтыншаш-
тың  жүзі  тұрсын,  ізін  бастырмаспын  саған. 
Сапар. Әкел қолыңды! (Екеуі қол алысады) [4, 
283].  
Қарым-қатынас  барысындағы  қоштасу  жағ-
дайында  көбіне  дене  қимылдарынан  қол  алысу, 
қол  бұлғау,  қолды  жоғары  көтеру  қимылдары 
қолданылады.  Қоштасу  кезінде,  амандасқанда 
қолданылатын  қалыптасқан  дене  қимылдары 
бар  және  олар  көптеген  тілдерге  ортақ.  Орыс 
тіліндегі  осы  саланың  көрнекті  зерттеушісі 
Н.И. Формановская: «Әңгімелесушілердің кон-
тактісінде  қоштасу  барысында  дене  қимыл-
дары  қолданылады.  Олар  сәлемдесу  рәсімінде 
қолданылатын  кинемалармен  байланысты» – 
[9, 90] деген тұжырым жасайды. Бұл тұжырым 
қазақ  тіліндегі  кинемалар  табиғатына  да  жат 
емес.  Мысалы,  Осындай  халімді  Аяужан  тү-
сінді  ме,  әлде  менімен  сөйлескісі  келді  ме, 
қоштасқалы ұсынған қолымды алып тұрып: 
– Жантас аға, бізге өнеріңізді көрсеттіңіз 
оныңызға  көп  рақмет, – деді,  егер  қиынба-
саңыз, сіз де біздің өнерімізді көріңіз мен істеп 
жүрген кранға келіңіз… [3, 74].  
Қоштасу рәсіміндегі қол алысу: Бұл жолғы 
дидарласуда  біз  бір-бірімізді  ренжіткен  жоқ-
пыз,  алдағы  кезде  де  осындай  ақ  пейіл,  адал 
ниетпен, дос көңілмен кездесіп, қол алысатын 
болайық! – дегенді аңғартады.  
Қоштасу рәсімінде қол бас деңгейіне дейін 
алақан  алға  созылған  күйі,  толқынды  сурет-
теген тәрізді қимыл жасалады, яғни мұны қол 
бұлғау қимылы деп те атауға болады.   
Көбінесе  жасы  кіші  немесе  бастауыш  сы-
нып оқушылары амандасу, қоштасу жағдайла-
рында және жеке бейресми әңгіме үстінде ым-
ишараларды жиі қолданады. Балалар амандасу 
Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: қол қимылдарының семантикасы 

94 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
сәтінде  қолын  сәл  жоғары  көтеріп  бұлғайды. 
Ал  қоштасу  сәтінде  арқадан  қағады  немесе 
қолын бұлғайды. Бұл балалардың бейвербалды 
амандасуы мен қоштасуы ер балаларға тән. 
Қолды  бұлғау  қимылынан  біз  адамның 
адресатты  өзіне  шақыруын  біле  аламыз.  Егер 
де бұл қимыл түрі біріншісінде, қолын ақырын 
бұлғаса,  бұл  асығыс  емес  жәйтті  білдіреді, 
екіншісінде  өте  тығыз  бір  шаруаны  айтуда 
немесе  қарым-қатынас  жасаушысының  өзіне 
өте  қажет  екендігін  аңғарта  алады.  Мұнда  қи-
мылды  алғашқысындағыдай  ақырын  бұлғау 
арқылы емес, қолын тез бұлғағандығы арқылы 
ажыратуға болады. Мысалы, Хамитке Төлебай 
«тез!» дегендей қолын бұлғайды. Хамит жал-
тақтап жақындайды [2, 160]. Бұл қимыл түрі, 
шамамен айтқанда, 60-70-ші жылдардың ішін-
де енген деген пікірлер де айтылады.  
Қол көтерудің халқымыздың таным-түсіні-
гінде бірнеше мән-мағынасы, ұғымы, нышаны 
бар [10, 71-72]. Бірінші – сөзім  бар,  айтарым 
бар дегені. Екінші – «тоқта, тоқтат, жетер» де-
гені.  
Күнделікті  тұрмыста  тығыз  бір  нәрсені 
айту барысында шулап, адамға сөз бермей, кү-
бірлесіп  сөйлеп  отырған  қауымды  тыныштал-
дыру,  сөзді  «қоя  тұрыңыздар», «сабыр  етіңіз-
дерші»  дегенді  білдіретін  қимылдардың  да 
түрі  бар.  Мұнда  қарым-қатынас  жасаушы  бір 
қолының  немесе  екі  қолының  алақандарын 
адресаттарға  бағыттаған  күйі  бас  деңгейіне 
дейін  (немесе  бастан  сәл  жоғары  көтерілуі  де 
мүмкін)  көтереді,  мұның  мағынасы  «қойшы», 
«тыныш», «тыныштық  сақтаңыздар»  сөздері-
мен  пара-пар.  Бұны  сөзбен  айтпай-ақ,  қолын 
көтере салуға да болады. Мысалы, Рая, (қолын 
көтеріп).  Тоқтатыңдаршы! (Жұрт  тына  қа-
лады.  Жылдам  ілгері  басып  кеп).  Самат  аға, 
қайда  жоқ  боп  кеттің?  Маған  сен  қажетсің 
[4, 108]. 
Алайда  қол  көтеру  қимылдарының  бар-
лығы  бірдей  тынышталдыру  мағынасын  бере 
бермейді,  кей  жағдайда  олар  дауыс  беру  ке-
зінде  жақтаушылардың,  қарсы  шығушылар-
дың  санын  анықтау  мақсатында  да  қолданы-
лады.  Мұндай  жағдайлар  көбінесе  қоғамдағы 
түрлі  жиналыс,  сайлау  т.б.  жиындарда  көрініс 
табады.  Дауыс  беру  барысындағы  қол  көтеру 
қимылдары  мен  қол  алысу,  қол  қысу  қимыл-
дары  көптеген  халықтардың  қарым-қатына-
сында кездеседі. 
Қимылдар  етістік,  зат  есім,  одағай  т.б.  сөз 
таптарының  қызметін  атқарумен  бірге  сын 
есімнің  қызметін  де  атқара  алады.  Керемет, 
әдемі,  тамаша  деген  сөздердің  орнын  бейвер-
балды  амалдардан  үлкен,  яғни  бас  бармағын 
көрсету  кинемасы  ауыстыра  алады.  Мысалы, 
Зейнеп.  Оған  кім  қарсы,  жаным-ау!..  Ойда 
орыс, қырда қазақтың қай игі жақсысы саған 
қызын  бермейді? (Үлкен  бармағын  көрсетіп). 
Мынау  деген  ақсүйек  біреудің  қызын  таңдап 
жүріп  неге  алмайсың?  Есіктегі  жалшының 
қызына үйленем дейсің, бұл қылығыңды жұрт 
естісе не демек? [2, 89]. Бұл қимыл  нәрсенің, 
заттың  сынын,  сапасын  білдіру  мақсатында 
ғана қолданылады. Сонымен бірге қимыл фраза 
мен  сөздің  орнына  жүруі  де  мүмкін. «Қалай-
сың?»  деген  сұраққа  жауап  ретінде  бас  бар-
мағын көрсетуі мүмкін. Бас бармағын көрсету 
–  жақсы‚  тамаша  дегенді  білдіретін  ишара. 
Жест-символ. Бұл кинема дерексіз мазмұнға ие 
және  «өте  жақсы»  деген  мағынаны  білдіреді. 
Қимыл  көптеген  халықтар  қарым-қатынасын-
да  «өте  жақсы»  деген  сөздің  орнына  жүреді. 
Тағы  да  «менің  көйлегім  қалай?»  деген  сұ-
раққа жауап ретінде бас бармағын көрсету қи-
мылы қолданылып, оның жақсы екендігін біл-
діреді. Бұл қимыл сонымен қоса тілдегі «әдемі», 
«жақсы», «керемет», «тамаша» деген сөздердің 
орнына да қолданылады. Бұл қимыл түрі ТМД 
елдеріне  Батыс  елдерінен  енген,  яғни  кірме 
кинема болып саналады. 
Жоғарыда  аталған  кинема  түрі  «тамаша», 
«өте  жақсы»  дегенді  білдірсе,  осы  кинемаға 
қарама-қарсы  мағынада  қолданылатын  қимыл 
түрі ол – оң қолдың бас бармағын төмен (қал-
ған саусақтар алақанға бүгіледі) бағыттау. Мұ-
ның  мағынасы  жақтамауды,  келіспеуді  білді-
реді.  Сонымен  қатар  бұл  қимыл  түрі  екі  адам 
бір-бірімен  күресіп,  төбелесіп  жатқан  кезде 
жеңіліп бара жатқан адамды «сұлат», «дымын 
қалдырма»  деген  мағынада  жұмсалады.  Бұл 
кинема түрі қазіргі қазақ жастарының арасын-
да да қолданылады. Оның мағынасы «өшірді», 
«өлтірді» (өшірді,  өлтірді  дегендер  қазіргі  жас-
тар  тілінде  қолданылатын  жаргон  сөздер  бо-
лып табылады. Бәстесіп, сөз таластырып отыр-
ған қарсыласын сөзбен жеңді, тығырыққа ті-
реді дегенді білдіреді) дегенді аңғартады. Осы-
ған байланысты бұл кинема бір жағынан Батыс 
елдерінен  келген  кірме,  екінші  жағынан  жар-
гон кинема болып табылады.  
Қазақ қарым-қатынасында қол кинемасына 
байланысты  ым-ишаралар  көптеп  саналады. 
Солардың бірі – қол сілтеу. «Қол сілтеу», «Қо-
лын бір-ақ сілтеу» фразеологизмдері – «қойшы 
соны» деген ренішті көңіл-күйден хабар беру-
мен  бірге, «мейлі», «бопты»  сияқты  сөздердің 
(лажсыз  келісім  беру  немесе  қарсылық  біл-
діру)  қимылымен  берілуі.  Сонымен  бірге  қол 
М. П. Ешимов 

95 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
сілтеу  «кет», «кетіңдер»  дегеннің  және  жол 
сілтеу,  жол  көрсету  сияқты  мағыналарды  да 
білдіреді.  Мысалы,  Хан  сол  теріс  бұрылған 
қалпында  «бәрің  де  кетіңдер!»  деген  ишарат 
білдіріп  қолын  сілтей  салды.  Уәзір,  шабарман 
тұтқынды  ала  жөнелді [7, 107]. «Мейлі» 
деген  сөздің  орнына  жүретін  бейвербалды  амал 
төмендегіше беріледі.  Мысалы, Кеңсеге бару-
ға қауіптенсең, шошқа фермасы да алыс емес 
қой.  
–  Машина  жолай  тоқтап  қалды.  Жаңа 
ғана жеттім. 
–  Онда,  жарайды, – Качан  қолын  сермей 
салды [8, 16]. Жол сілтеу мағынасында қолда-
нылатын  қол  сермеу,  қол  сілтеу  кинемалары 
көптеген  тілдерде  мағыналас  болып  келеді. 
Былайша  айтқанда,  көптеген  елдердің  қарым-
қатынасында  кездеседі  деген  сөз.  Мысалы,  – 
Қалай  қарай  кетті  өздері?  Сойыл  тиіп,  бір 
қолы  сынып,  жанын  қоярға  жер  таба  алмай 
тұрған керуен басы сау қолын кейін сермеді [7, 
723].  
Қол  сермеу  арқылы  «күте  тұр», «қазір» 
деген  мағыналарды  да  білдіруге  болады.  Мы-
салы,  Пәрменімізше  айқайлаған  дауысымыз 
кран  басына  жетті  ме,  әйтеуір  кабинаның 
терезесінен  Аяужанның  басы  көрінді  де, 
қолын  бізге  «қазір»  деп  сермегендей  болып, 
қайтадан жоқ болып кетті [3, 111]. 
Адамды  өзіне  қарату,  шақыру  мақсатында 
екі қолының алақанын шапалақтау орын алған. 
Мысалы,  Хан  енді  басын  көтеріп  алды,  қоңы-
рау орнына алақанын шапалақтады. Үйге Бақ-
ты-Қожа  уәзір  кірді [7, 105]. Бұған  қоса  үс-
телді  тақылдату  қимылы  да  өзіне қажет  адам-
ды шақыруды аңғартады. Мысалы, Әбдіш стол-
ды  тақылдатып  ұрып  еді,  белдемшелі,  үрпек 
бас  сары  қыз  жетіп  келді [11, 25]. Алақанды 
шапалақтау  арқылы  адамды  өзіне  шақыру, 
қарату мағынасындағы қимыл қазіргі таңда қол-
даныстан  шығып  қалған  қимылдар  қатарынан 
саналады.  Аталмыш  кинема  көбінесе  жас  жі-
гіттердің  таныс  немесе  бейтаныс  бойжеткенді 
өзіне қарату мағынасында қолданылатын жар-
гон қимыл ретінде жастар арасында жиі кезде-
седі. 
Қарым-қатынас барысында адресаттың ойын 
нақтылай,  айқындай  түсетін  қимылдың  бір 
түрі – нұсқау мағынасындағы қимылдар. Нұс-
қау  мағынасындағы  қимыл – қолмен,  иекпен, 
қас-қабақпен нұсқау арқылы жүзеге асады. Қас-
қабақпен,  иекпен,  қолмен  нұсқау  зат  есімнің 
(деректі және дерексіз заттарды көрсету) соны-
мен  қатар  пысықтауыштың  қызметін  атқара 
алады.  Дәлірек  айтсақ,  зат  есім,  пысықтауыш 
сияқты сөйлем мүшесі мен сөз табын бей-вер-
балды  амал  ауыстыра  алады.  Оның  мағынасы 
сұраған  нәрсесін  көрсету,  сонымен  бірге  жай 
ғана  адамды  немесе  затты  нұсқау.  Мысалы,  – 
Молдеке! – деді  Мұстафа,  қасында  бейша-
расыған  кескінмен  қарап  отырған  молдаға, 
босағада тұрып қалған мені қолымен нұсқап, – 
анау баланы танисыз ғой? [6, 58]. Біздің пікі-
рімізше,  иекпен  нұсқау,  көрсету  бейвербалды 
қарым-қатынаста  сұқ  саусақпен  көрсетуге  қа-
рағанда  онша  да  дөрекі  қимыл  емес.  Егер 
иекпен нұсқау қимылы ешқандай да бір агрес-
сивті қимылсыз берілсе, онда бұл кинема жақ-
сы қабылданады деуге болады.  
Жұдырығын  түю  (жұмылған  жұдырық  әң-
гімелесушіге қарай бағытталған) қимылы қор-
қытуды,  сес  көрсетуді  білдіреді.  Мысалы, 
«Әулие шыңының» басындағы Пішпектің құш-
бегі Әлішер датқа мен Орман Манаптар «бә-
лем тұра тұр!» деп жұдырықтарын түйеді [7, 
744].  
Сұқ саусағын ауыз тұсына, яғни ерінге ти-
гізіп  белгі  беру – сөйлеме,  айтпа,  үніңді  шы-
ғарма,  тыныш  дегендерді  аңғартады.  Мұның 
мағынасы төңіректегі басқа адам баласы оның 
айтар сөзін естіп қоймасын дегендегісін білді-
реді.  ТМД  халықтарының  көпшілігінде  ты-
ныштыққа шақыруда оң қолдың (сол қол) сұқ 
саусағын тигізіп, «тсс, тшш, ыш-ш» вербализа-
циясымен  қоса  көрсетіледі.  Ал  неміс  қарым-
қатынасында  ерінге  төрт  саусақты  тигізеді. 
Бұл да тыныштыққа шақыруды аңғартады. Мы-
салы,  Гуля.  Сейткерей  жездем  мен  Батыр-
шаны  жаңа  арестовать  етіпті.  Әбіш  (қолы-
мен белгі қып). Ыш-ш-ш! Болды, тоқтат, ті-
леуіңді берсін [4, 80]. 
Жоғарыда  аталған  қимылдарды  салғастыру, 
салыстыру барысында қарым-қатынастағы ки-
несикалық  элементтердің  мағынасы  ашылды, 
оның тілмен ара қатынасы, қимылдарды орын-
даудағы органның қызметі және сөзбен сурет-
теудегі  қимыл  түрлері  ажыратылып,  белгілі 
бір мысалдар арқылы дәлелдене түсті. 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал