Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет51/70
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23710
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
51b105703156b768745b2653bd121476
сықтау; байрақты алдыру; атқан оғын оздыру, дұшпанның тобын
тоздыру; сындырау арқа, сырт жұрт, қом су т.б.
Көркем сөздің көрнекті өкілдері – жырау, ақындар, топжарған
шешендер фразеологизмдердің фольклорлық үлгілерін, жалпыхалықтық
түрлерін кезінде молынан қолдана отырып, сол модельдер бойынша
тұрақты тіркестер жасап, әдеби тілдің құрамы мен қорын байыта түсті
69
.
68
Әуезов М., 20 томдық шығармалар жинағы. 19-т., 425-б.
69
Белгілі бір мақал-мәтелдердің модельдері бойынша фразеологиялық тізбектер жасау
жыраулар поэзиясында, шешендік сөз үлгілерінде жиі кездеседі:
Пайдасыз болса, байдан без,
Панасыз болса, сайдан без,
Қайырымсыз болса, ханнан без,
90


Олар фразеологиялық сөз орамдарының құрамын ықшамдау, кеңейту,
тіркес арасына сыналап сөз ендіру тәрізді өзгерістерді де қолданып
отырды. Бірақ бұлардың бәрі негізінен алғанда жалпытілдік қолданысқа
тән түрлендірулер болды.
Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық қоры мен құрамын байытып
отыру әр кезде, әр дәуірде болып отыратын жағдай. Сонымен қатар
әдеби тілдің әрбір дәуірінің, әрбір кезеңінің өзді-өзіне тән көркемдік
нормалары болады. Мысалы, қазақ әдеби тілінің жазба дәуірге дейінгі
кезеңдерінің көркем нормалары алуан түрлі болғандығын көрсете келіп,
Р.Сыздықова өзінің «XVIII-ХIХ ғғ. қазақ әдеби тілінің тарихы» деген
монографиясында көркемдік амал-тәсілдер мен көріктеуіш құралдардың
басты-басты түрлерін жинақтап, көркем тіл нормаларының негізгі
типтерін әдеби тіл дамуының кезеңдері (жыраулық, жыраулық-ақындық
және ақындық) мен дәуірлері бойынша жүйелеп береді. Олар қысқаша
айтқанда мыналар: параллелизмдер, образдардың символ түріне берілуі,
реалистік сөз қолданыс, персонифкация, перифразалар т.б.
Әр түрлі дайын үлгілердің штамп, клишелердің бұзылуы, сапалық
өзгерістерге түсуі немесе жаңа түрлерінің пайда болуы, сөйтіп, көркем
тәсіл ретінде дүниеге келуі алдымен суреткер заманына байланысты
болады. «Заман сырын ұғуға тырысқан, заманамен ілесе отырған
ақындар өз заманында туған жаңа ағымдарды атауға, жаңа образдарды
сол заман түсінігіне сай түрде жасауға ұмтылады». «Заманмен ілесіп
отыру дәстүрлі шарттылықты бұзу деген сөз, стандарт пен штамптарды
ығыстырып, жаңа атаулар, жана фразеологизмдер, жаңа поэтикалық
құралдар туғызуға жол ашу деген сөз. Демек, бұл стильге, оның әдеби
түріне сапалық белгі беретін әрекет. Осы процесс XIX ғасырдың орта
Өткелсіз болса, сайдан без,
Асусыз болса, таудан без.
Жер жұтуға тоймайды,
От отынға тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды,
Көз көруге тоймайды,
Кісі ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Өтірік сөз о дағы пайда, иманға қас,
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.
91


тұсында батылырақ жүре бастағаны басталады»
70
.  Міне, осы аталған
кезеңнен бастап фразеологиялық сөз орамдарының көркем тіл кестесінде
структуралық семантикалық, лексикалық, лексика-грамматикалық
жақтан түрлендірулер мен стильдік реңктерін жаңғырта қолдану жазба
әдеби тілдің көркем проза, көркемдік тәсілі ретінде қалыптасты, сөйтіп,
көркем сөз шеберлерінің дербес тіл өрнегіне айналды.
Көре алмай қалдым қалқамның,
Дәл екі жыл қызығын.
Жүректегі жазылмай,
Тағдырдың салдың сызығын (Абай).
Тағдырдың маңдайдағы жазуы 
деген діни мазмұндағы
фразеологиялық тіркесті тағдырдың сызығы деп өзгертіп, «маңдайға
сызат түсті» деген мағынада қайта жанғыртады. Екі қыз кетіп, бір күн
қалды Әзім, Салған жоқ қыздар оның көңіліне ажым – дейді Абай.

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет