Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


СӨЙЛЕУ ТІЛІ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет48/70
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23710
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
51b105703156b768745b2653bd121476
СӨЙЛЕУ ТІЛІ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Қазақ әдеби тілінің сөздік қорында сөйлеу тілі реңкіндегі
фразеологизмдер өте көп кездеседі. Бұл жерде тілдің лексика мен
фразеология жүйесінде диалектикалық байланыс бар екендігі
байқалады. Мысалы, қазақ тілінің лексикалық қорында стильдік жақтан
бейтарап сөздердің саны стильдік реңкке ие сөздерден гөрі әлдеқайда
басым. Тіпті оларды сан жағынан салыстыруға келмейді. Міне, осы
олқылықтың орнын тілдің фразеологиялық қоры толықтырып тұрғандай
болады, Өйткені бейтарап реңктегі фразеологизмдердің саны аз, ал
эмоционалдық-экспрессиялық реңктегі фразеологизмдер әлде қайда мол.
Соған қарағанда, фразеологизмдерді жеке сөздердің экспрессиялық-
стильдік эквиваленті деуге болады. Мысалы: тез – қас қаққанша, көзді
ашып жұмғанша; жас – ернінен емшек табы кетпеген; момын – қой
аузынан шөп алмас, шөккен түйеге міне алмас; сараң – жұмыртқадан
жүн қырыққан; қу бастан қуырдақтық ет алған; Шықбермес
Шығайбай; уайымдады – сары уайымға салынды; асанқайғыға түсті
т.б.
Сөйлеу тіліне тән тілдік құралдар (фразеологизмдер) бейтарап
элементтерге қарағанда экспрессиялы, ал кітаби тіл элементтеріне
қарағанда мазмұны жағынан бәсеңдеу көрінеді. Мысалы, бала
(бейтарап), жасөспірім, жеткіншек (кітаби), ер қара (сөйлеу тілі).
Мысалы, сөйлеу тілінде баланы елеусіздеу түрде айтқысы келсе, қара
борбай, қара домалақ дейді. Бұларды әдеби қарапайым фразеологизмдер
деп атауға болады. Бұдан әрі қарай осы ұғымды білдіретін сөздерді
горизонталь бойымен тізе берсек, оның бейәдеби қарапайым атаулары
басталады. Мысалы: қара сирақ, боқмұрын, баллар, балдар. Мұндай
85


атаулар әдеби тіл аймағынан алшақтай түскен сайын экспрессиялық
реңкі күшті, мазмұны дөрекілеу сезіледі немесе дыбыстық, тұлғалық
жақтан «жарымжандау» болып келеді.
Сондай-ақ горизонталь түзуді бұдан әрі жалғастырсақ, баланың
жалпытілдік қолданысқа жатпайтын, территориялық жақтан шектеулі,
бірақ экспрессиялық реңкі күшті бозымбай (диалект), әлеуметтік
қолданысы жағынан шектеулі боқмұрын деп аталатын параллельдері бар
екендігін байқаймыз. Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми, іс
қағаздары стильдері әдетте тұйық системаға жатады. Басқаша айтқанда
осы аталған стильдерде жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл аймағынан
алшақ жаткан диалектизм, бейәдеби қарапайым тіл, жаргон тәрізді
формаларына тән элементтердің қолданылу ыктималдығы жоққа тән
болады. Ал көркем әдебиет стилі – ашық система. Сондықтан бұл
стильде әдеби тіл аймағындағы сөздермен бірге одан тысқары жатқан
бейәдеби қарапайым атаулар, диалектизмдер, жаргон сөздердің
қолданылу ықтималдылығы жоғары болады Әрине, жазушы қаламының
мұндай мүмкіндікті пайдалануы әдеби тіл нормасын бұзу деп
танылмауға тиіс. Көркем әдебиет тілі саласында жүріп жатқан бұл
процесс жалпыхалықтық тілдің қойнауында жатқан бейәдеби кейбір
элементтерді әдеби тіл деңгейіне көтеруге мүмкіндік жасайды.
Жетпісінші жылдары алдымен көркем очерк тілінде қолданыла келіп,
мердігер, мердігерлік тәрізді диалектизмдер әдеби тіл нормасына
айналды. Сондай-ақ үптеу (әуелде ұрылар жаргоны) сөзінің қазіргі кезде
«кража» мағынасында қолданыла бастағаны байқалады.
Жалпыхалықтық тілден сөз талғап, сурет салуға жазушы қаламы
алдымен бағалауыш қасиетке ие тілдік құралдарға, атап айтқанда кітаби
тіл және сөйлеу тілінің әдеби және бейәдеби элементтеріне (солардың
бірі фразеологизмдер) жіп тағады. Бұл жайт көркем проза тіліндегі
фразеологизмдерді кітаби тіл фразеологизмдері, сөйлеу тілі
фразеологизмдері деп үлкен екі топқа жіктеп, оларға жеке-жеке тоқтала
кетуді қажет етеді.
Көркем шығармада сөйлеу тілі реңкіндегі фразеологизмдер негізінен
кейіпкер тілінде қолданылады. Өйткені экспрессиялы, образды
фразеологизмдердің жасалып, шыңдалып шығатын дүкені – сөйлеу тілі.
Сол себепті олардың көркем шығармада кейіпкер тілінде (диалог,
монолог) кездесуі табиғи нәрсе. Суреткер оларды екі мақсатта – кейіпкер
86


сөзіне сөйлеу реңкін үстеу үшін және персонаждың тілдік мінездемесін
ашу үшін қолданады деуге болады.
Жазушы әсіресе әдеби тіл айналымынан тысқары жатқан жаргон,
қарапайым тіл, диалектизмге жататын сөйлеу тілі фразеологизмдерін
кейіпкердің аузына салу арқылы оның қандай әлеуметтік топтың өкілі
екендігін байқататындай эстетикалық қызметке жегеді. Қазаз тілінде
әдеби тіл нормасынан тысқары тұратын жаргон фразеологизмдерді,
бейәдеби қарапайым фразеологизмдерді, диалект фразеологизмдерді
жазушы әр түрлі мақсатта жұмсауы мүмкін. Бұлар бейәдеби болса да,
эстетикалық қызметке жегілгенде, жазушының сөз бояуын әр алуан етіп
көрсетіп, шығармаға реалистік сипат береді. Бейәдеби
фразеологизмдерді қолдануда өзгелерден гөрі әсіресе жазушы қаламы
еркін болады. Тіпті жаргон сипатындағы фразеологизмдердің өзін
оқырман жағымды кейіпкердің аузынан естуі де ғажап емес. Мысалы,

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет