Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет47/70
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23710
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
51b105703156b768745b2653bd121476
жатқан дәуірінде, – дей берді де тілі байланғандай оқыс тоқталып
қалды.
82


Сырт қарағанда осы келтірілген микротексте мен мұндалап тұрған
«әшекей» (автор қаламына тән метафора, теңеу, эпитет т.б.) жоқ, бірақ
әсері айрықша. Ержан үй иесі қартаң әйелдің алдында митинг
мінбесінде тұрғандай афоризммен сөз бастайды. Асқақ сөзбен әсер етем
деуі – еріксіз езу тартқызады. Егер Ержан жиында, топ алдында дәл
осылай сөйлесе, әсері өзгеше болып, басқаша эффект тудырар еді.
Өйткені сөздің дағдылы ортада қолданылуы бар да, тосын ортаға тап
болуы бар. «Мемлекеттік жұмыстар... Қазақстан қызыл тулы ел
болып, өзінің экономикалық, рухани байлықтарын жаңа жинап жатқан
дәуірде» тәрізділер публицистика стилінде қолданылса, бұл – мұндай
сөздердің дағдылы үйреншікті ортасы. Ал бұл тәрізді патетикалық
тізбектердің сөйлеу тілі ыңғайында құрылған көркем диалогта
қолданылуы сөздің тосын ортаға тап болуы. Сөздердің, сөз тізбектерінің
стиль өрісін ауыстырып, стильдік бүтін ретінде осылайша бөтен ортада
жерсіндіре отырып, нәзік юмор жасауы – суреткер қаламына тән
ерекшеліктің бірі. Осылайша «сөз жезін алтындай қылып келістіру»
шебер жазушы болмаса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін құпия.
Сонымен сөздің бөтен ортада тосын жұмсалуы айрықша экспрессия
тудырады. Сөздің эмоциялық-экспрессиялық қуатын арттырады.
Жазушы қаламы осылайша сөздің жайшылықта көрінбейтін отын
тұтандырады.
Әр түрлі стильдік арналардың бояуын дәл бере түсіп, тіл реңін
ашатындай контраст жасау өзге де әйгілі қаламгерлеріміздің
туындыларында, қазіргі әдебиетіміздің жаңа бір бұтағы саналатын
кейінгі буын жазушыларымыздың тіл көріктеуінде де кездесіп отырады.
Бөгде стильдік бояуларды эмоциялық әсер тудыру, кейіпкер тілін
даралау, тілдік паспорт беру т.б. мақсатта, көркем тіл талабына лайық
қолданып отыру қаламгердің көркемдік арсеналын кеңейте түседі.
Енді өзге де жазушылардың тілінде кездесетін, осындай үлгіге
саятын қолданыстың біріне назар аударып көрейік: Қазіргі әйел от
басы, ошақ қасының адамы емес. Ол – адал жар, мейірімді ана, белсенді
қоғам қайраткері. Сонымен бірге ол қала мен ауыл мәдениетінің
арасындағы алшақтықты жоюшы бірден-бір қозғаушы күш. Пістекүл
– менің ұғымымда сол деңгейден табылатын, бүгінгі заманға лайық
әйел, – деді (Дулат Исабеков. Есеп шот, түйетауық және домино. Әңгіме.
Қазақ әдебиеті. 26.6.1981). Бұл үзіндіні ауыл клубындағы концерттен
83


қайтқан қатар-құрбылардың өзара әңгімесі емес, газет-журналдағы
мақалалардың сөзіне көбірек ұқсатар едік. Автор публицистика стиліне
тән бояуды әдейі қолданған. Кейіпкер сөзін әдеттегі сөйлеу стилінен
мүлдем бөлек құрған. Әнгімеде бір көрінер жанама кейіпкер үй арасы,
қатар-құрбы ортасында «қағаздағыдай сөйлейтін» ерекшелігімен оқушы
есінде қалады. Осылайша сөздің публицистикалық реңкі жұмсақ юморға
айналады. Сонымен өзге стильге тән тізбекті көркем тіл өрнегіне ендіру
айрықша эспрессия тудырады. Мұндай тәсіл тек кейіпкер тілінде ғана
емес, авторлық баяндауда да ұшырайды. Жазушының әр түрлі стильдік
бояуларды дұрыс қолданып, нәзік айырымдарын дәл бере білуі – төл
әдебиетімізде дәстүрге айналған көркемдік тәсіл. Мұндай тәсіл жалпы
әдеби тілдің функционалдық стильдерінің одан әрі саралана, айқындала
беруіне көп әсерін тигізеді. Сөйтіп, көркем шығармада көрінген стильдік
бояулар, функционалдық стиль бедерін оқушы санасында да
қалыптастыруға белгілі дәрежеде ықпал етіп отырады. Көркем әдебиет
оқушының эстетикалық талғамын жетілдіріп қана қоймай, сөзді стильдік
өрісіне сай, талғап жұмсауға үйретеді. Функционалды стильдердің
реңкін, нақышын дәл сезінуге оқушының тілдік сезім-түйсігін
тәрбиелейді. Ал әр текті стильдердің небір нәзік айырымы дәл берілмей,
бояуы бұзылып жатса, бұл – бір жағынан,жазушы тілінің көркемдігіне
айтарлықтай қаяу түсірсе, екінші жағынан, әдеби тілдің қалыптасқан,
немесе қалыптасып келе жатқан стильдік құрылымына нұқсан келтіреді.
Көркем тіл кестесінде кездесетін кітаби тіл реңкіндегі лексика-
фразеологиялық бірліктер, жоғарыда айтылған мысалдарға назар
аударсақ, өзінің құрамы жағынан әр түрлі қайнар көзге саяды деуге
болады: 1) ауызша әдеби тіл үлгілеріне тән (ХV-ХVІІІ ғғ.) сөздер мен сөз
орамдары; 2) ескі кітаби тіл үлгілеріне тән сөздер мен тұрақты тіркестер
шаһбаз, мәтбұғат, дүнияуи, құжат, ғайыпқа бұйырмаңыз, сынып
т.б.; 3) қазіргі жазба тілге тән, сөйлеу тіліне қарама-қарсы сипаттағы
көтеріңкі үн, интеллектуалдық мазмұнға ие стандартты құрылымдар
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көркем сөз шеберлері осы
арналардағы кітаби тіл элементтерінің түрлі коннотативтік реңктеріне:
(асқақтық, интеллектуалдық, ресмилік т.б.) көңіл бөле отырып, оларды
жалаң коммуникативтік мақсатта жұмсамай, эстетикалық жүк арта
қолданады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, М.Әуезов ескі кітаби
сөздерді қаһармандарын әлеуметтік ортасын көрсету мақсатында
84


қолданады. Ғ.Мүсірепов қазіргі кітаби тілге тән шаршы топта айтылатын
асқақ сөз орамдарын екеуара сөзде кейіпкердің аузына салып, нәзік юмор
жасайды (Атақты әнші Майра). Ғ.Мұстафин кейіпкерлерін дәстүрлі
шешендік үлгіде құрылған сөз орамдары арқылы көтеріңкі леппен
сөйлетеді. Сөйтіп, көркем сөз шеберлері қазақ проза жанрында
көркемдік норманың жаңа бір өрнекті түрін қалыптастырды және қазақ
фразеологизмдерінің қорын байытып, құрамын кеңейте түсті. Тұрақты
сөз бірліктерін мағыналық, тұлғалық, стильдік жақтан контекске
бейімдеп түрлендірудің көркем үлгілерін жасады.

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет