Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Фразеологиялық орамдардың орнын алмастырып қолдану



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет33/70
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23710
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
51b105703156b768745b2653bd121476
Фразеологиялық орамдардың орнын алмастырып қолдану.
Әдетте фразеологизмдердің құрамына енетін орамдардың орын тәртібі
бекем болып келеді. Ит мініп, ирек қамшылап; арқа еті арша, борбай
еті борша; иір қобыз, жарық жұлдыз дегендердің орнын алмастырып
қолдану дағдыда жоқ болса, кейбір осы тәріздес фразеологизмдердің
орамдары алмасқан күйде қолданыла береді: бес бересі, алты аласы
жоқ  алты аласы, бес бересі жоқ; ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді
қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді; алалы жылқы, ақтылы қой
ақтылы қой, алалы жылқы т.б.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамын ауыстырып қолдану.
Кейбір фразеологиялық бірліктердің сыңарларын синонимдермен немесе
мағына өрісі бір (бір тақырыптың аясына жататын) сөздермен ауыстыру
жалпытілдік қолданыста кездесіп отырады. Мысалы: сөз қатпады  тіл
қатпады үн қатпады; қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін
57


тұлпар жоқ  қияғы бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ; тілі
мірдің оғындай  сөзі мірдің оғындай  даусы мірдің оғындай; қуда сүт
жоқ, жылқыда өт жоқ құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ; тәңір
жарылқасын құдай жарылқасын т.б.
Сонымен, фразеологиялық бірліктердің белгілі бір сыңарларын
түсіріп қолдану (эллипсис), олардың лексикалық құрамының арасына
сыналап сөз ендіру (дистакт), фразеологиялық единицаларды
сыйыстырып қолдану (контаминация), фразеологиялық единицалардың
лексикалық құрамын жаймалап қолдану (плеоназм) т.б. жаңғыртулар
көбінесе квантитативті өзгеріске негізделгендігі байқалады.
Фразеологизмдерді қолданудағы бұл ерекшеліктерді тек бір ғана
жазушының тіл өрнегіне тән деуге болмайды. Тек көркем сөз зергері
ғана емес, өзге де қалам иелері мұндай жаңғыртуларды өз ықтиярынша
қолдана беруі мүмкін. Жалпытілдік қолданыста ұшырасатын
жаңғыртуларды сөзді көркемдеуде, стильдік өң беруде орны ерекше
болғанмен, оларды автордың қаламына тән ерекшелік деуге болмайды.
Сондықтан бұларды фразеологизмдерді түрлендірудің дағдылы, нормаға
кайшы келмейтін түріне жатқызамыз, ал жазушының белгілі бір
мақсатқа негізделген қолтума түрлендірулерін олардан бөлек қараймыз.
* * *
Халық даналығына толы мақал-мәтелдер, айшықты идиома
айтылмақ сөзді жандандыра түседі. Тіпті жай ғана сөйлеген сөзде
фразеологизмдердің экспрессиялық-эмоциялық әсері айрықша байқалып
тұрады. Ал жазушының көркем тіл кестесіне түскен фразеологизмдер
сөзді бейнелі, өтімді және нанымды етудің стильдік құралына айналады.
Жазушы қаламы мұндай құралды әр қилы мақсатта түрліше қолданады.
Фразеологизмдер заттар мен құбылыстардың атын дәл беруде, сөзді
түрлендіруде, айшықты етуде автор сөзінде де, тілдік стильдік сипаттама
беру мақсатында кейіпкердің сөзінде де өзінің «табиғи» мағына, реңкі
бойынша жұмсала береді. Мұндай қолданыста фразеологизмдер өзіне
тән стильдік-экспрессиялық қасиетімен сөзді түрлендіріп, айшықты етіп
тұрады.
58


Қазақ тілінде сай-сүйегі сырқырады деген фразеологиялық түйдек
бар. Ол «тұла бойы ауырды, тұла бойы тітіреді, жүйені босатты» деген
мағынаны білдіреді. 
Көз салсаң әннің көркіне, 
Ән Жамалдың еркінде. 

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет