Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Дистакт немесе фразеологизм сыңарларының арасынан сыналап



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет32/70
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23710
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
51b105703156b768745b2653bd121476
Дистакт немесе фразеологизм сыңарларының арасынан сыналап
сөз ендіру. Қазақ тіліндегі бір алуан фразеологизмдердің құрылымы
бітеу болып, сыртынан сыналап сөз қосуға көне бермейді. Ал кейбір
фразеологизмдер, керісінше, сыңарларының арасында бөтен сөз
тұрғанмен, өздерінің тұтастығын бұзбайды: тығырыққа тіреді –
тығырыққа әкеп тіреді; кіндігі үзілмеген – кіндігі баяғыдан үзілмеген;
тарамысына ілінген – тарамысына әрең ілінген т.б.
Тілдік қолданыста, әсіресе поэзияда, кейбір тұрақты сөз
сыңарларының арасына сыналып сөз ендіру баяғыдан бар құбылыс.
Оған кез келген көркем шығармадан көптеп мысал келтіруге болады.
Бірақ әңгіме сол сөздердің тұрақты сөз орамының мағына тұтастығына
нұқсан тигізбей, қайта жымдасып, үндестік табуында ғой. Мұндайда
Мұхтар Әуезов – шебер жазушы. Тұрақты сөз орамдарының құрамын
кеңейтіп, жаймалап қолдану құбылысына жазушы шығармасынан
мынадай мысал келтіре кетуге болады: Бәрі де тіреліп қалды. Ат
тұмсығы бір бітеу, меніреу қабырғаға тірелген сияқты. Жалтара
алмады, үндемеді (Абай жолы). Бұл жерде жазушы ел жуандарының
тұйыққа қамалып, уәжден жеңіліп, мысы құрып отырғанын кейіптеген.
Болымсыз мәндегі фразеологизмдерді болымды мәнде немесе
керісінше қолдану. Қазақ тілінде фразеологизмдердің тек болымсыз
тұлғада жұмсалатын түрлері бар. Ондай фразеологизмдерді болымды
тұлғада қолдану фразеологиялық нормаға қайшы келеді. Мысалы: адам
айтқысыз, қулығына найза бойламайды, ізетке найза бойламайды, жар
құлағы жастыққа тимеді; алты аласы, бес бересі жоқ; сайда саны
жоқ, құмда ізі жоқ т.б. Бұларды болымды тұлғада немесе болымды
мәнде жұмсасақ, онда олар мағынасыз тіркеске айналады. Дегенмен
фразеологизмдердің жалпы тілдік қолданыста тұлғасы жағынан әрі
болымды, әрі болымсыз күйде жұмсалатын түрлері де бар. Мысалы: ай
десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ – ай десе аузы бар, күн десе көзі бар;
56


тебесі көкке жетпеді төбесі көкке жетті; тілде тиек жоқ, ерінде
жиек жоқ – тілде тиек, ерінде жиек бар деймісің т.б.
Әдетте жазба тіл дағдысына ендеп ене қоймаған, ауызекі тіл аясында
жүрген кейбір тұрақты орамдардың сөз саптауда мағыналық жақтан
құбыла беруі мүмкін. Мұндай қолданыстарда жақсының жаман,
жаманның жақсы, ақтың қара, қараның ақ т.б. болып өзгере кетуі де
ғажап емес. Ауызекі тіл орамдарына тән осындай ерекшелік жазушы
қаламынан қаға беріс қалмаған. «Абай жолы» романында немересімен
сағынып кездескен әже сөзін жазушы сөйлеу тілінің осы айтылған
өзіндік ерекшелігіне сәйкес берген. Мысалы: Жаман неме маған бұрын
келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман дей беріп, қасына, құшағына немересі
барғанда, жаман неменің артынан ілезде: Қарашығым, қоңыр
қозым... Абайжаным.., - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті (Абай
жолы). Е, жүр-дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң,
әжең екеуміз куып шыққамыз - деп әжесіне нұсқады (Абай жолы). Бұл
мысалдардағы жаман неме, жынды неме төл мағынасындағы тіркестер
емес. Мәселен, дәл осы жерде бұл қарапайым атаулар өзгеше контекстік
мағынаға ие болып, тек ерке, шолжаң ұлға айтылып тұрған ананың зілі
жоқ сөзіне айналған. Мұндай құбылмалы тіркестердегі машықты мағына
«уақытша ұмытылып» жағымды оң, басқаша сипат алуы эксперссивті
әсер дарытудың, сөзді «тірілтіп», тілді жандандыра түсудің тағы бір
тиімді тәсілі болып саналады.

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет