Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/52
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

 
АБАЙ  (Ибраһим) Құнанбайұлы (10.8.1845. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ 
жайлауы  -  6.7.1904,  сонда,  Балашақпақ  жайлауы,  бейіті  Жидебайда)  -  ұлы  ақын,  философ, 
ағартушы,  композитор.  Ақынның  арғы  бабасы  -  Олжай  батыр.  Олжайдан  Айдос,  Айдостан 
Ырғызбай,  Ырғызбайдан  Өскенбай  тарайды.  Өскенбайдың  әйелі  -  Зереден  Құнанбай  туады. 
Құнанбайдың (1804 - 1885) әйелі - Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. А. "Ескітам" қонысында әкесі 
ашқан медреседе оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң 
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқиды. Медресенің үшінші жылында А. осы 
қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс 
классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, т.б. оқыса, екінші жағынан А.С. 
Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, 
Н.Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж.Байрон 
сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында 
солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударды. Абай 13 жасынан 
елдегі  әкімш.-билік  жұмыстарына  араласады.  1875  -78  ж.  Қоңыркөкше  еліне  болыс  болады. 
1886ж.  Е.П.  Михаэлистің  ұсынысымен  Семей  обл.  статистика  к-тінің  толық  мүшесі  болып 
сайланды. 1885 ж. мамыр айында Шар өз-нің бойындағы Қарамола деген жерде Семей обл-ның 
ген.-губ.  Цеклинскийдің  басқаруымен  Семей  обл-на  қарайтын  5  уездің  100-ден  астам 
би-болыстары  бас қосқан  төтенше  съезі  өткізілді.  Осы  съезде  төбе би болып  сайланған  Абайға 
"Семей қазақгары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін" әзірлеу тапсырылды. А. бастаған 
комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етгі. А. үш әйел алған. Бәйбішесі 
Ділдәдан (1843-1924) Ақылбай (1861 - 1904), Әбдірахман (1866- 1874), Күлбадан (1863 - 1932). 
Әкімбай  (1866-1874),  Мағауия  (1870  -  1904),  Райхан  (1871  -  1896);  екінші  әйелі  Әйгерімнен 
(1856 - 1919) Тұрагұл (1875 - 1974), Мекайыл (1884 -1931), Ізкайіл (1895 - 1929). Кенже (1901 - 
1932). барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген 
жоқ.  А. өлең  жазуды  он жасында  бастаған  ("Кім  екен  деп  келіп  ем  түйе  қуған...").  "Сап,  сап, 
көңілім",  "Шәріпке",  "Абыралыға",  "Жақсылыққа",  "Кең  жайлау"  өлеңдері  1870  -  80  жылдар 
аралығында  жазылған.  Ақындық  қуатын  танытқан  үлкен  шығармасы  -  "Қансонарда"  1882  ж. 
жазылған. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан 
дәстүрлі пішімнен өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. А. лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан 
алғанда  көп  салалы,  көп  қырлы  болып  келеді.  Ол  қазақ  поэзиясындағы  тіл  кестесіне,  сөз 
қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады 
аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда"), "Желсіз түнде 
жарық  ай".  "Болыс  болдым,  мінеки",  "Қызарып,  сұрланып",  "Келдік  талай  жерге  енді",  "Өлсем 
орным  қара  жерсіз  болмай  ма?",  "Көк  тұман  -  алдыңдағы  келер  заман"  секілді  өлеңдерінің 
қай-қайсысын алсақ та,  мүлде тың дүние, шығарм. жаңалық. А-дың тіпті жылдың төрт мезгілін 
суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" ("Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), 
"Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда"), "Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді 
бір  топқа  жататын  өлеңдерінің  де  әрқайсысы  мазмұн-мағынасы,  суреттеу  тәсілі,  құрылысы 
жағынан  әр  түрлі  болып  шыққан.  "Сабырсыз,  арсыз,  еріншек",  "Бөтен  елде  бар  болса",  "Мәз 
болады, болысың" туындылары оның мысқылға шебер ақын екенін дәлелдейді. "Ғылым таппай 
мақтанба",  "Интернатта  оқып  жүр"  атты  өлеңдерінде  білім-ғылымды  насихаттаудың  тамаша 
үлгісін көрсетеді. А-дың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық 
стилі  еркін,  икемді,  поэзиядағы  қалыптасқан,  дайын  үлгілерді  қайталамайды.  А.  қазақ 
поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды. 
Қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, А. қазақ поэзиясы 
мен  музыкасына  жаңа  үлгілер  енгізді,  ақындық  тілдің  образдылық-бейнелеу,  стилистикалық 
мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді 
биік  сапаға  көтеріп,  жаңа  үлгіде  қалыптастырды.  А.С.  Пушкин,  М.Ю.  Лермонтовтың 
шығармаларын шеберлікпен аударып, "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", 
"Теректің  сыйы",  "Асау  той,  тентек  жиын,  опыр-топыр",  "Жартас",  "Өзіңе  сенбе,  жас  ойшыл", 

"Альбомға" өлеңдерін қазақтың  төл  туындысынша сөйлетті. А.  - мысал өлеңдердің де шебері. 
Атақты орыс мысалшысы Крыловтың мысалдарын қазақ халқына алғаш жеткізуші. А. "Масғұт", 
"Ескендір",  "Әзім"  поэмаларын  жазған.  Олардың  үшеуі  де  шығыс  халқына  ортақ  сюжетке 
қүрылған.  Бүларға  қоса,  ол  Лермонтовтың  "Вадим"  атты  көлемді  прозалық  шығармасын  және 
"Демон"  поэмасын  өлеңмен  аударған.  Бұл  екі  аудармасы  мен  "Әзім"  поэмасы  біз  -  Оның  қара 
сөздерінің  бірнешеуі  ең  алғаш  1918  ж.  Семейде  шыққан  "Абай"  журналында  жарық  көрді. 
Кейіннен, А-дың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. А. 
музыка  саласында  да  мол  мұра  қалдырып,  қазақтың  муз.  өнерін  дамытты.  Қазіргі  уақытта 
ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. А. әндерінің бір саласы тек өз шығарм-ғына ғана 
тән  өлең  өлшемдеріне  сай  соны  ырғақпен  өріс  табады.  "Сегіз  аяқ",  "Бойы  бұлғаң",  "Көзімнің 
қарасындағы"  4,  5.  6.  8  буынды  өлең  өлшемдеріне  орай,  олардың  әні  де  халық  музыкасында 
кездеспейтін  өзгеше  сазға  құрылады.  А-дың  қазақ  әдебиетті  жаңа  ой  орамымен  байытты. 
Пушкиннің"Евгений  Онегинінен"  бірнеше  үзінді-нұсқаларды  таңдап  алып,  "Татьянаның  хаты", 
"Ленскийдің  сөзі"  атты  өлеңдерін  шығарды.  Лермонтовтың  "Ой",  "Жолға  шықтым  бір 
жым-жырт  түнде  жалғыз",  "Қанжар",  "Теректің  сыйы",  "Асау  той,  тентек  жиын, 
опыр-топыр",  "Жартас",  "Өзіңе  сенбе,  жас  ойшыл",  "Альбомға  "    өлеңдерін  өазақтың  төл 
туындысынша сөйлетті. А. - мысал өлеңдердің де шебері. Атақты орыс мысалшысы Крыловтың 
қазақ халқына алғаш жеткізуші. А. "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың 
үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" 
атты  көлемді  прозалық  шығармасын  және  "Демон"  поэмасын  өлеңмен  аударған.  Бұл  екі 
аудармасы  мен  "Әзім"  поэмасы  бізге  толық  жетпеген.  А-дың  филос.  көркемдік,  әлеум. 
гуманистік  және  дінге  көзқарастары  терең  білінген  еңбегі  -  қара  сөздері.  Абайдың  кара  сөздері 
(ғақлия)  -  ұлы  ақынның  сөз  өнеріндегі  көркемдік  қуатын,  философиядағы  даналық 
дүниетанымын даралап көрсететін юіас-сикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы 
саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын А-дың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта 
жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан 
өзгешелеу,  ауқымды  болып  келеді.  А.  өзінің  қара  сөздерінде  шығарманың  ажарына  ғана  назар 
аударып  қана  қоймай,  оның  тереңдігіне,  логикалық  мәніне  зер  салған.  А-дың  қара  сөздеріндегі 
гуманистік,  ағартушылық,  әлеум.  ойлары  дін  туралы  пікірлерімен  бірігіп,  тұтас  бір  қазақ 
халқының филос. тұжырымдамасын құрайды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. 
Семейде  шыққан  "Абай"  журналында  жарық  көрді.  Кейіннен,  А-дың  қара  сөздері  орыс, 
қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. А. музыка саласында да мол мұра 
қалдырып, қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. А. әндерінің бір 
саласы  тек  өз  шығармашылығына  ғана  тән  өлең  өлшемдеріне  сай  соны  ырғақпен  өріс 
табады.  "Сегіз  аяқ",  "Бойы  бұлғаң",  "Көзімнің  қарасындағы"  4,5,6,8  буынды  өлең 
өлшемдеріне орай, олардың әні де халық музыкасында кездеспейтін өзгеше сазға құрылады. 
А-дың    "Сұрғылт тұман", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын", "Өлсем орным қара жер...", т.б. 
әндері  -  қазақтың  ән  творчествосында  жаңалық  ашқан  шығармалар.  Елімізде  ұлы  ақынға 
жасалған  құрмет  ерекше. А. атында Қарағанды обл-нда қала (1997).  Шығ. Қазақстан обл-нда 
(1928)  аудан,  Семейде  (1940),  Қарқаралыда,  Жидебайда  (1945)  әдеби-мемор.  мұражайлар  бар. 
А-дың  әдеби  мұрасын  студент  жастарға  тереңдей  таныстыру  мен  оның  шығармаларын  ғыл. 
тұрғыда  зерттеу  мақсатында  1969  ж.  ҚазҰПУ-  дың  (бұрынғы  ҚазПИ-дің)  қазақ  әдебиет 
кафедрасы жанынан Абай кабинеті ашылған. Алматы, т.б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын 
аты  берілген.  Абай  атында  шың(1932),  асу,  мұздық(1947)  бар.  Абай  қоры  жұмыс  істейді. 
Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтің 
әлемге белгілі шығармасы - "Абай жолы" ұлы ақынға арналған. Ақын тұлғасы өзге де көркемөнер 
туындыларына өзек болды. 
 
"АБАЙ"  -  ұлы  ақын  Абайдың  өмірі  мен  ақындық  жолы  жүйеленіп  баяндалған  энциклопедия. 
Таралымы 100 мың дана, онда 1631 мақала енген. Көлемі 120 авторлық б. т. Бұл басылым Қазақстан 
үкіметінің  1990  ж.  22  ақпандағы  "Абай  (Ибрагим)  Құнанбайұлыныңың  туғанына  150  жыл 

толуына  әзірлік  және  оны  өткізу  туралы"  қаулысына  сәйкес  шығарылды.  1995  ж.  "Атамұра" 
баспасынан  қазақ  тілінде  жарық  көрді.  Энциклопедияда  ақынның  шығармалары  мен  аударма 
туындылары, қара  сөздері  мен тарихи-зерттеу  мақалалары, сондай-ақ, Абайдың өмір жолы мен 
ортасы,  ұстаздары  мен  шәкірттері,  ата  тегі,  кейінгі  ұрпақтары,  шығармаларындағы  жер-су 
атаулары  жайында  жүйелі  мағлұматтар  бар.  Ақынның  шығармаларына  зерттеулер  жүргізген 
ғалымдар туралы, өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы деректер де кездеседі. Сонымен қатар 
жеке  ғыл.-зерт.  еңбектерге  анықтама  берілген.  Кітапты  дайындауға  көрнекті  ғалымдар  мен 
абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. 
 
"АБАЙ"  -  әдеби  журнал.  Семейде  1918  ж.  ақпан-қазан  айларында  алашордашыл  қазақ 
жастарының ұйымдастыруымен шығып тұрды. Небәрі 11 саны жарық көрді. Журналды шығаруды 
қолға  алып,  алғаш  редакторы  болған  Ж.Аймауытов,  Журнал  жұмысына  М.Әуезов  белсене  ат 
салысты. Журнал Абай шығармаларын ұдайы насихатгап, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, 
өнері  мен  тарихы  туралы  мәселелерді  көтерді.  Журналда  Мадиярдың  (Аймауытов  пен  Әуезов) 
"Абайдан  соңғы  ақындар",  Жас  түріктің  (Аймауытов)  "Қайтсек  адам  боламыз?"  мақалалары, 
М.Жұмабаевтың "Күзді күні" өлеңдері, мақалалары, т.б. елеулі еңбектер жарияланды. "А." журналы 
Семей қ-нда 1992 жылдан қайта шыға бастады.  
 
АБАЙДЫҢ  ЖИДЕБАЙДАҒЬІ  ҚОНЫСЫ,  Жидебай  қорығы  -  Қарауыл  өз-нің 
жайылмасында  жатқан  қалың  қорық,  шұрайлы  жер.  Жидебайды  18  ғ-дың  80-жылдары  мен  19 
ғ-дың  50-жылдары  шамасында  тобықты  руының  Мамай,  Жігітек  аталары  қоныс  еткен.  Ал  19 
ғ-дың ортасына таман Жидебай, Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды Абайдың 
әкесі  Құнанбай  Өскенбайұлы  (1804-1885)  иемденіп,  қыстау  салдырған.  1850  ж.  Құнанбай 
Жидебайдың солтүстігіне қарай он бес шақырым жердегі күзеуден, Ескітам деген қонысқа жиырма 
балаға  арналған  медресе  салдырып,  өзінің  және  туыстарының  балаларын  оқытқан.  Абай  сегіз 
жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен 
жаңадан  медресе  салдыртқан.  1885  -  92  ж.  аралығында  Жидебай  қонысы  Құнанбайдың 
Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. ескіше 1 мамырда інісі Оспан 
дүние  салған  соң,  Абай  осы  қонысты  тұрақты  қыстау  еткен.  Жидебай  20  ғ-дың  соңында 
тарихи-мемориалдық,  эколог.  қорыққа  айналды.  1990  ж.  Қазақстан  үкіметінің  қаулысымен 
Жидебай  қорығының  жалпы  аумағы  64  км  болып  белгіленді.  Мемлекет  қарауына  алынған 
қорық  құрамына  енген  тарихи  елді  мекендер,  қыстаулар,  зираттар,  көл-сулар  мен  көгалды 
алқап, төбе-шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекет қорғауына 
алынды. Қорық құрамына жай үйі, Абай - Оспан және Шәкерім - Ахат ескерткіштер кешені, 
Зере,  Ұлжан,  Құдайберді,  Ғабитхан  молда,  Шәукенбай,  Еркежан  бейіті  басындағы  белгілер, 
Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұт қорасы, Орыс 
қорасы,  Зұлғарыш  қорасы,  Ырыздыбай  қорасы,  Тұрағұл  қорасы  енеді.  Жоғарыда  аталған 
тарихи-мәдени  ескерткіштердің  барлығы  да  ұлы  ақынның  150  жылдық  мерейтойы 
қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. 
АБАЙДЫҢ  ЖИДЕБАЙДАҒЫ  МҰРАЖАЙ  ҮЙІ  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылық 
жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қ-нан 180 км, Қарауыл а-нан 25 км 
қашықтықта орналасқан. 1945 ж. ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы 
мемл. комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы А. Ж. м. ү-не айналды. Мұражайдың 
бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары 
мен  замандастарынан  алынған.  Үйдің  құрылымы,  сыртқы  пішіні  Абай  заманындағы 
көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - 
терезесі  шығысқа  қараған  кең  бөлме.  Оң  жақ  босағада  асадал  мен  күміс,  мыс  жалатылып 
сүйектен  жасалған  кішкене  кебеже.  1885  ж.  Абай  осы  екі  бұйымды  Семейдің  өлкетану 
мұражайына  өз  қолымен  өткізген.  Көп  заттардың  ішінен  қабырғадағы  түс  киіз  ерекше  көз 
тартады. Қонақ бөлмеде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов 

пен  П.Лобанскийлердің  суреттері  бар.  Олардың  Абай  ауылында  болғанын  айғақтайтын 
құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының 
суреттері  қойылған.  Мұнда  күміс  құты,  кесе,  айбалта,  шақша  сияқты  бұйымдар  бар.  Абай 
заманынан  бүгінгі  күнге  жеткен  ең  құнды  заттың  бірі  -  1885  ж.  П.Лобанский  қарандашпен 
салған  Абай  суреті.  Үйдің  төргі  бөлмесінде  ақынның  өзі  отырған.  Онда  кітап  оқып,  жазу 
жазып,  жұмыс  істеген.  Осы  бөлмеге  Ділдәның  сүйек  төсегі  қойылған.  Төсек  тұсына  ұлы 
ақынның  ұлдары  Әбдірахман  мен  Мағауияның  суреттері  ілінген.  Абайдың  үш  ішекті 
домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың 
күміс  қалта  сағаты,  қолжазбаларының  көшірмесі,  құс  қанатынан  жасалған  қаламсабы  мен 
сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел 
үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған 
қымыз  ожау,  бірнеше  тегене  мен  тостағандар  тұр.  Бұл  -  Абай  үйінің  мүліктері.  Оң  жақтағы 
сүйек  төсек  -  Әйгерімдікі.  Абайдың  нәресте  кезіндегі  заттары  да  сақталған.  Оң  босағада 
Абайдың  үш  ауызды  және  шиті  мылтықтары  ілулі  тұр.  Үш  ауызды  мылтықты  Семейдің 
әскери  бастығы  сыйға  тартқан.  Дәліз  бойымен  ілгері  жүргенде  түкпірдегі  бөлменің  оң 
жағында  тұрған  сүйек  төсек  -  Еркежандікі.  Бөлмедегі  өзге  заттардың  барлығы  -  Абайдың 
соңғы  кездегі  өмірінің  куәсі.  Мұражай  үй  шошаласының  температурасы  жазы,  қысы 
бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.   
 
АБАЙДЫҢ  СЕМЕЙДЕГІ  ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ  МҰРАЖАЙЫ  (Әниярдың  үйі)  - 
Абайдың  әдеби  мұрасын  сақтап,  насихаттауға  арналған  тарихи-мәдени  мекеме.  Абай  Әнияр 
Қожабайұлы  Молдабаевтың  (1850  -  1934)  болашағынан  көп  үміт  күтіп,  оны  жас  кезінен 
Семейде, Ташкентте оқытқан. Әнияр 1892 ж. Семейдегі мемл. банкке қызметке тұрғанда Абай 
өзі бас болып, жақын ағайындарын жұмылдырып қаладан үй сатып әперген. Сол үй құрылысы 
кеңейе  келе,  Абай,  Шәкерім,  Көкбай,  Ақылбай,  Әбдірахман,  Тұрағұл,  Мағауия,  Кәкітай,  т.б. 
елдің сыйлы қонақтары әркез қалаға келгенде қонатын үйіне айналды. Комиссар көшесіндегі 
№  116  үйде  кейін  де  ел  зиялылары,  алаш  азаматтары  әрдайым  бас  қосып,  алқалы  жиын 
өткізетін болған. Әнияр Молдабаевтың екі қабатты осы үйі 1940ж. сәуірде Абайдың туғанына 
95  жыл  толу  мерекесі  қарсаңында  Қазақстан  үкіметінің  қаулысымен  А.  С.  ә.-м.  м-на 
айналдырылды.  1940  жылғы  16  қазаннан  жұмыс  істей  бастаған  бұл  мұражай  еліміздің 
тарихындағы  тұңғыш  әдеби-мемор.  мұражай  болды.  Әнияр  үйі  мұражайға  айналған  кезінен 
бастап біршама жөндеуден өткенімен, үй құрылысының ғасыр басындағы тұрқы көп өзгермей, 
бастапқы сәулеттік сәнін сақтаған.  Абай  келіп-кетіп  жүрген  кезде  Әнияр  үйінде болған 
кітап  жәшігі,  жазу  столы  мен  шарайна  және  қабырға  сағаты  Абайдың  Жидебайдағы 
мұражай  үйіне  берілді.  Мұражай  қорында  13  мыңға  жуық  (оның  ішінде  7500-і  негізгі  қор 
саналады)  зат  бар.  Мұражай  Абайдың  150  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  (1996)  күрделі 
жөндеуден өткізіліп, өз алдына 7 тақырыптық көрме залдарына бөлінген. Олар: "Абай және 
оның  дәуірі",  "Жайлау",  "Үш  қайнар  бұлақ",  "Абай  шығармашылығы",  "Абайдың  ақындық 
өнер  айналасы",  "Абайтану",  "Қазақ  халқы  ақын  атын  ардақтайды".  Бұл  бөлімдерде  Абай 
өміріне  байланысты  мұрағаттық  құжаттар,  қазақ  халқының  тұрмыстық-этногр. 
тыныс-тіршілігін  бейнелейтін  заттар,  қолөнері  мен  бейнелеу  өнерінің  Абай  тақырыбымен 
өзектес ілкі туындылары, сирек кездесетін қолжазба мұралары, кітаптар, фотодеректер, т.б. 
құнды  мүрағаттар  қойылған.  Абайдың  өзі  1885  ж.  Семейдегі  тарихи-өлкетану  мұражайы 
қорына  тапсырған  байырғы  ұлттық  бұйымдар,  ақын  шығармалары,  алғашқы  кітаптары, 
Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, Абайдың әдеби мектебінің 
аса  ірі  өкілдерінің  шығармалары,  сондай-ақ  абайтанушы  ғалым-зерттеушілердің  бірегей 
еңбектері сақтаулы тұр.   
"АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ" - Абайдың философиялық шығармасы. Барлығы 45 сөз бұған 
"Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы" деген тарихи мақаласы да қосылады. 
"А.  қ.  с-нің"  соңғы нұсқасы  Мүрсейіттің 1905. 1907  және 1910  жылдардағы  қолжазбалары 
бойынша  жарияланып  келеді.  "Қара  сөздер"  деген  атау  өлең  сөзден  бөлек  шығарма 
мағынасын  білдіреді.  Өлең  өнерін  қазақ  қара  сөз  демейді.  Қара  сөз  "проза"  деген  мағынада 

айтылған.  Қара  сөз  еркін  ой  білдіру  формасы.  Ақын  өлеңдерінің  кейбір  күрделі 
дүниетанымдық  мәселелері  қара  сөздерде  түсіндірілген.  Абайдың  біршама  өлеңдерін  қара 
сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мыс., "Алланың 
өзі де рас, сөзі де рас" деген өлеңін түсіну үшін алдымен Отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай 
қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім 
екендігін дәлелдеп берген. Абай "хакім" деген ұғымды тек қолданып қоймай, оны түсіндірген. 
Отыз  сегізінші  сөзінде  "хакім  дегендер  әрбір  істің  себебін  іздеушілер"  дей  келе  хакімдіктің 
мәртебесі: "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым" деп нақтылаған. Ғалымнан хакімді 
жоғары  қоя  отырып,  Абай  нақлия  және  ғақлия  деген  ұғымдарға  түсінік  береді.  Ғақлия  - 
хакімнің  сөзі, нақлия  - ғалымның  сөзі.  Абайдың қырық  бес қара  сөзі,  негізінен, бәрі дерлік 
ғақлиялық  мазмұнда,бірақ  нақлиялықта  сәттер  бар. Абай филос. деген ұғымды білсе де, оны 
қолданбаған, ол оның орнына хакімдік ғақлият сөзін пайдаланған. Кезінде М.Әуезов нақтылап 
айта  алмаса  да,  қара  сөздер  туралы  сол  заман  үшін  өте  құнды  пікір  білдірген  еді:  "Жалпы 
алғанда Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары  көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны 
боп  қалыптасады.  Бұлар  сюжетті  шығармалар  емес.  Стиль,  мазмұн  жағынан  алғанда,  осы 
шығармалар  Абайдың  өзі  тапқан,  бір  алуан  көркем  сөздің  түрі.  Кейде  бұлар  сыншылдық, 
ойшылдық  және  көбінше  адамгершілік,  мораль  мәселелеріне  арналған  өсиет,  толғау  тәрізді" 
(М.Әуезов.  20томдық  шығармалар  жинағы  20-т.,  218  -  219).  "А.  қ.  с."  жанрлық  сипаты 
жағынан әлемдік ойшылдар Монтеннің "Тәжірибелеріне", Паскальдің "Ойларына", Ницшенің 
"Афоризмдеріне",  Шопенгауэрдің  "Тұрмыстық  афоризмдеріне",  Борхестің  "Философиялық 
тәсілдеріне",  Жебранның  "Шағын  ойларына",  т.б.  ұқсас.  "А.қ.с."  бірнеше  шет  ел  тіліне 
аударылған,  әлемдік  ақыл-ой  қазыналарының  бірі  болып  мойындалды.  Ұлы  ақынның  бұл 
филос. мұрасын шет ел тілдеріне аударуға Ғ.Мұқанов, С.Санбаев, т.б. көп үлес қосты. 
 
"АБАЙ ТІЛІНІҢ СӨЗДІГІ" - іргелі ғыл.-зерт. еңбек. 1968 ж. "Ғылым" баспасынан жарық 
көрді  Жалпы  редакциясын  басқарған  -  А.Ысқақов.  Сөздікте  ақын  шығармаларында 
қолданылған сөздер мен фразеол. тіркестер әліпби ретімен жүйеленген. Олардың мағыналық 
реңктері түсіндіріліп, әр сөзге нақты мысалдар келтірілген. Сөздікке кісі  есімдерін, жер-су 
атауларын,  ұлт  және  ру  аттарын  білдіретін  жалқы  есімдер  де  енген.  Ақын  қолданған  қазақ 
әдеби тіліне сіңе қоймаған араб, парсы, орыс сөздері мен түркі тілдерінен алынған сөздер мен 
сөз тіркестеріне түсініктеме беріледі.   
 
АБАЙДІЛДАНОВ Әділбек Байзолдаұлы (18.3.1932, Сарқан ауд. Бақалы а. - 1984, Алматы) - 
ақын. Лепсі пед.  уч-щесін (1950). ҚазҰУ-ды (1956)"бітірген. 1956  - 59ж.  Талдықорған және 
Алматы обл. газеттерінде, сондай-ақ респ. "Қазақ әдебиеті" газетінде қызмет атқарды. Ондаған 
жыр  жинақтарының  авторы.  Орыс  ақындары  К.Х.Лермонтов,  А.Блок,  украин  жазушысы 
И.Франко шығармаларын, орыс  ақындарының антологиясын қазақ  тіліне аударуға қатысты. 
1969  ж.  "Жазушы"  баспасынан  шыққан  "Латын  Америкасының  ақындары"  жинағынан 
Чилидің 20 ғасырдағы әйгілі ақындары Габриела Мистраль мен Пабло Неруданың өлеңдерін, 
1976 ж. "Өнегелі адамдар өмірі" (ЖЗЛ) сериясымен жарық көрген "Николай Островский" атты 
кітапты (авторы Раиса Островская) қазақ тіліне тәржімалады. 
 
"АБАЙ  ЖОЛЫ"  -  М.Әуезовтің  әлемге  әйгілі  роман-эпопеясы.  "А.Ж."  -  қазақтың  көркем 
прозасын классик. деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстет. талғам, көркемдік қуат әкелген 
үздік  туынды.  Әуезов  өзінің  роман-эпопеясында  қазақ  халқының,  оның  ұлттық  дәстүрін 
барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын.шығарм.және 
қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. "А. ж," роман-эпопеясына 
шетелдік  қаламгерлер  Луи  Арагон,  Н.Тихонов,  Б.Матип,  т.б.  жоғары  баға  берді.  Әуезов 
алғашқыда  романға  "Телғара"  деген  ат  бермек  болды.  Автордың  алғашқы  мөлшерлеуінде 
роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле 
түсті.  Әуезов  алғашқыда  екі  кітаптан  тұратын  "Абай",  онан  кейін  мұның  жалғасы  болып 

табылатын "Абай жолы" (бүұ да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 
3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын "Абай" романы үшін 
жазушыға КСРО Мемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық "А. ж." роман-эпопеясы жарық 
көргеннен  кейін,  ол  Лениндік  сыйлықтың  лауреаты  (1959)  атанды.  Жазушы  ойшыл,  ақын 
Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтаскан көптеген қаһармандармен тығьз 
қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. "А. ж," роман-эпопеясында казақ халқының этногр., 
діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, 
кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат 
көріністері, т.б. - бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты 
барынша  ашып  көрсетуге,  оның  әлеум.  мәнін  күшейтуге  тырысады.  Белгілі  фактілердің 
шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру 
үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған  оқиға барысын өзгертіп, 
өзінше  қиыстырып,  жаңғыртады.  Романдағы  түгелдей  немесе  жарым-жартылай  ойдан 
шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдырлары өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, 
жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұштасып 
жатады.  Тарихи  оқиғалар  мен  фактілердің  бәрі  роман-эпопеяның  бүкіл  мазмұнымен  тығыз 
ұштасып,  шығарманың  көркемдік  өміріне  орайлас  мән-мағынасы  басқаша  ашыла  түседі. 
Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықгары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш 
салды. Яғни жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай типті 
тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. "А. ж." эпопеясының ұлттық әдебиетіміз 
бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында 
тарих,  этногр.  секілді  ғылымдар  тұрғысынан  қарағанда  да  танымдық  мәні  аса  күшті  екенін 
кезінде акад. К.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. "А. ж." дүние жүзі халықтарының 116 тіліне 
аударылған. 200 томдық "Әлем әдебиеті кітапханасы" топтамасында том болып басылды. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал