Н. С. Сарсенова-доцент,п.ғ. к.,профессор



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/37
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУ 
ЖАҒДАЙЫ: ЖАҢАРТУЛАР, МƏСЕЛЕЛЕР, 
ТƏЖІРИБЕЛЕР» 
тақырыбындағы 
халықаралық  ғылыми-тəжірибелік online  конференция 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
2 ТОМ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Атырау қаласы 
2017  жыл 


 
 
 
Жалпы 
редакциясын 
басқарған:Галимжанова 
М.А.-педагогика 
ғылымдарының  кандидаты, профессор, академик 
 
 
Редакциялық  алқа  мүшелері:  Н.С.Сарсенова-доцент,п.ғ.к.,профессор, 
О.М.Ташмуханова- доцент, А.К.Ермагамбетова, Г.С.Қаленова-магистр 
 
 
Білім  беру  парадигмасының  өзгеру  жағдайы:  жаңартулар,  мəселелер, 
тəжірибелер:  халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  конференция    материалдар 
жинағы/ құраст.Г.Б.Исмурзина, И.Т.Юсупова,2-том,  Атырау, 2017. 394 б 
 
 
 
 
«Білім  беру  парадигмасының  өзгеру  жағдайы:  жаңартулар,  мəселелер, 
тəжірибелер»  тақырыбындағы  Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  оn - line 
конференция  материалдарының  жинағына  тікелей  жəне  сырттай  қатысқан 
мақалалар  жинақталған.
 
Мақалалар  Қазақстан  Республикасы  біліктілік 
арттыру  жүйесі  жəне  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  бағытындағы 
жұмыстардың  теориясы  жəне  іс-тəжірибесі  зерделеніп,  педагогикадағы 
инновациялар  мен  оның  ерекшеліктері,  білім  беру  жеке  тұлғаны,  қоғамды 
жəне мемлекетті дамыту ресурсы ретіндегі мəселелерге арналған. 
Конференция материалдары төрт бөлімнен тұрады. 
Жинақ  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  қызметкерлеріне  жəне  көпшілік 
оқырманға арналған. 
Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  
  Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  
біліктілігін  арттыру институты, 2017  жыл 


 
Мазмұны 
Галимжанова М.А. Алғы сөз  

Шакерова Д.Л. Жаһандану жағдайында қазақ тілі мен əдебиетін оқыту мəселелері 

Иманова А.Н., Нурмагамбетова С.К. Критериальный подход в оценивании по физике в 
условиях обновления содержания  
13 
Шекртова Г.А. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы  
17 
Бактиярова К.Ш. Жаңа білім беру парадигмасындағы оқытудың тиімді жолдары 22 
Избасаров Е.Х. Білім сапасын арттыруда инновациялық технологиялардың маңызы  
28 
Нургазинова  М.К.  Развитие  математической  грамотности  в  рамках  обновленного 
содержания образования  
33 
Умарова  Н.С.  Кəсіптік  білім  беру  негізінде  экономикалық  пəндерді  оқытудың  жаңа 
инновациялық технологиялары  
39 
Ерғалиева  Қ.О.  Ағылшын  тілі  сабақтарында  креативті  білім  беру  ортасын  құруда 
қолданылатын əдіс-тəсілдер  
43 
Егорова О.П. Адаптация школьников с нарушением интеллекта к обучению в школе  
48 
Джакаева  Г.Б.  Оқытушының  педагогикалық  əрекетіндегі  басты  сапаларының  бірі – 
тəрбие жұмысын ұйымдастыра  
52 
Қожамберлиев 
Б., 
Козбахова 
А.Қ.Мектептегі 
психологиялық-педагогикалық 
консилиумның қызметін ұйымдастыру  
58 
Цой  Н.В.  Инновации  и  перспективы SMART – технологий  в  условиях  глобализации 
системы образования   
62 
Исмайлова  У.К.,  Ибрагим  И.Ə.  Оқытудың  білімділік  нəтижелеріне  жету  сапасын 
бағалау бойынша мұғалімнің кəсіби құзыреттіліктерін дамыту  
69 
Турганова  Б.К.  Потребность  и  роль    в  совершенствовании  социального  партнерства  в 
профессиональном образовании 
73 
Джумагальдиева А.З., Абишева А. Актуализация проблем инклюзивного образования  
77 
Умбетова Ж.М. Ұлттық тəрбие – құндылығы мол дүние  
82 
Баделова Ш.Б. Үштілді білім беру арқылы оқушылардың құзіреттілігін арттыру 86 
Таласова Г.Е.  Үш тұғырлы тіл – баянды болашақтың кепілі 92 
Əнесов Ғ.Ə. Оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі  
96 
Битлеуов 
Б.А.Контроль 
функционального 
состояния 
спортсменов 
в 
предсоревновательном периоде  
100 
Елубаева А.Е. Жалпыға тең мүмкіндікті қоғамға жетудегі инклюзивті білім берудің ролі 106 
Торебекова Э.А. Қазіргі кезеңдегі психологияның  ғылымдар жүйесіндегі орны 
111 
Тусупкалиева М.К. Инклюзивті білім беруді өзектендіру мəселелері 
118 
Бактыгереева  М.Ш., Давлеткалиева С.С. Рухани-адамгершілік тəрбиенің өзектілігі 122 
Омарова  А.Б.,  Сейпиев  Д.М.Внедрение  робототехники  в  условиях  обновления 
содержания образования  
130 
Сатыбалдиева  М.Б.Жаһандану  жағдайындағы  білім  берудегі  инновациялар  мен 
келешегі 
134 
Жагпарова  Э.С.  Білім  беру  жүйесін  жаңарту  жағдайындағы  тəрбие  мен  білімнің 
теориялық жəне əдістемелік басымдылықтары 
138 
Қайратова  Н.Қ.  Білім  берудің  өзекті  мəселесі  жас  ұрпаққа - адамгершілік - рухани 
тəрбие беру 
141 
Убишева З.М.  Обновление  содержания  образования в  современных  условиях 
145 
Исмурзина Г.Б. Педагогтар жаңашылдығы құзыреттілікті  жетілдіру кепілі  
149 
Тургумбаева  Б.Д.  Білім  жүйесінің  жаһандануы  жағдайында  қазақ  халқының  би  өнері 
арқылы адамгершілікке тəрбиелеу мəселелері 
153 
Нугманова Г.Н. Рухани адамгершілікке тəрбиелеу – басты мақсат 157 
Аккалиева  Н.Т.  Оценивание  на  уроках  русского  языка  как  средство  развития 162 


 
компетентности школьников 
Уалиева Б.С. Білім берудегі инновация – информатика сабағында 
165 
Ергалиева Г.Т. Физика пəнін оқытуда лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыру 
169 
Кариева М.С. Тағлымды  əңгімелердің ізгі қарым-қатынас орнатудағы маңыздылығы 
176 
Сугурбаева  А.С.,  Сугурбаева  С.С.Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы–оқу 
табыстылығының негізгі құралы  
180 
Шилденова Т.К. Инкюзивті білім беруде тиімді əдістерді қолдану  
184 
Султанова М.О.,Тулегенова А.М. Болашақ педагогтардың кəсіби дамуын қалыптастыру  187 
Давлетьярова Б.Б., Кенжебаева Г.З. Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі 
191 
Литвинова  Л.А.  Развитие  нравственных  качеств  у  детей  с  особыми  образовательными 
потребностями  
194 
Дюсенгалиева  А.М.Кəсіптік  білім  берудегі  тəрбие  мен  білім  берудің  жүйесіндегі 
заманауи əдістер  
198 
Темирбаева К.Х. Ұрпақ тəрбиесіндегі  рухани -адамгершілік 
202 
Исатаева А.Қ. Орал өңіріндегі ағылшын тілінің оқытылу тарихы жəне қазіргі жағдайы 
206 
Ажигулова М.С. Полилингвальный подход к обучению языку средствами 
межпредметной интеграции 
211 
Кульниязова  А.С. Ұлтжандылыққа тəрбиелеуде жалпыадамзаттық 
құндылықтардың мəні 
217 
Аязбаева Н.Ғ. Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы – жарқын келешек негізі  
222 
Шеина  Е.И. Формирование умений и навыков общения у учащихся  вспомогательной 
школы  
224 
Сайдахметова К. Тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру- əр ұстаздың 
мақсаты 
230 
Уразымбетов Т.Е. Основные направления деятельности следователя 
234 
Құсайын А.Е. Үштілді білім беруді жүзеге асуының маңыздылығы. 
240 
Бактиярова  А.Б.  Ұлттық  ойындар  арқылы  мектеп  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын дамыту  
244 
Насиева Ұ.Б. Рухани-адамгершілік тəрбиенің маңыздылығы 
248 
Баянкулов Р.И. Применение смарт технологии в системе ТИПО для эффективной 
организации учебного процесса 
253 
Алдабергенова Р.А. Білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: жаңартулар, 
мəселелер, тəжірибелер 
258 
Сағынтаев Қ.С. Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны 264 
Ташева Л., Таласбаева Г. В.В.Воскобовичтің ойын əдісінің ерекшелігі 
267 
Жаксыбаева А.Ж. Педагог-психологтардың кəсiби iс-əрекет түрлерiнiң теориялық 
мəселелерi 
273 
Алмурзина Р.Ж., Алмурзина Г.Ж. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы. 
278 
Ихсанова Г.Ж. Адамгершілік-рухани тəрбие 
282 
Каликова А.О. Инклюзивті білім беруді өзектендіру мəселесі 
285 
Тулегенова А., Бірəлі Б.М. Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім 
сапасын арттырудағы маңызы 
289 
Ибрашев М.К.  Оқыту барысында жаңа технологиялық əдістерді меңгерту 
297 
Кереева А.Т. Үш тілді меңгерту- болашаққа бастар жол 
302 
Нугмарова А.К. Үштұғырлы тіл: бəсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы 
306 
Көшекбаева Ж.Қ. Кең таралған сараптамалық əдістердің түрлері  мен білім алу 
процесіндегі ролі 
310 
Бегебаева Б.Н. Ұлттық  білім – рухани сабақтастық негізі 
314 
Гурьева Е.В.  Коррекционная направленность трудового обучения и воспитания в 
специальной школе для детей с нарушением интеллекта  
317 
Иванова Е.С. Актуальност проблемы профессионального самоопределения учащихся 323 


 
специальных школ с нарушением интеллекта 
Каналина И.В. Использование условных обозначений на уроках математики в 
специальной школе для детей с нарушением интеллекта  
329 
Махадил З.Ш. Шығармашылық тапсырмалардың функционалдық сауаттылықты 
дамытудағы мəні  
331 
Исмайлова Г.Қ. Қазіргі білім берудегі инновациялар мен технологиялар  
336 
Джакупова Ш.С. Современные подходы к  раннему развитию детей в условиях 
обновления содержания дошкольного образования 
339 
Курманбаев А.Ш. Қазақ əдебиетін кинотуындылармен байланыстырып оқыту: 
оқушылардың сыни ойлау мен ақпараттық технологияларды пайдалану қабілеттерін 
дамыту инновациясы 
345 
Изтлеуова Г.К., Сарбасова Ы.О. Ұрпақ тəрбиесіндегі рухани -адамгершілік мəселелері 
348 
Каркабаева П.П. Жаңаша ойлау мен жаңаша іс-əрекет – сапалы білім негізі  
353 
Шырынбекова Г.С. Значимость развития трехязычного образования в системе 
профобразования  
356 
Шаматова В.К. Арнайы  оқу орындарында білім берудің жаңа инновациялық 
технологияларын қолдану мəселелері 
362 
Ханалиева К.А. Мұғалім қызметіндегі рефлексияның рөлі 
367 
Цой С.И. Организация научно-исследовательской деятельности учеников  по физики  
370 
Чжао С.Б. Триязычие как средство раннего поликультурного развития детей дошкольного 
возраста 
374 
Цыплакова Л.Н. Значение трехъязычного образования в Казахстане  
377 
Шапхатова А.С. Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалармен 
психологиялық жұмыс жүйесі  
381 
Хисамеденова Г.С. Инклюзивті білім беру – жаңа заманның жаңа тұлғасын 
қалыптастыру 
384 
Конференция  ұсыныстар  
389 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АЛҒЫ СӨЗ 
Ғалымжанова Маржан Анесқызы 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру 
институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі 
 
Құрметті əріптестер! Құрметті конференция жұмысына қатысушылар! 
Бүгінгі  «Білім  беру  парадигмасының  өзгеру  жағдайы:  жаңартулар, 
мəселелер,  тəжірибелер»  тақырыбындағы  Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік 
оn-line 
конференция 
жұмысына 
қош 
келдіңіздер!Желі 
жүйесінде 
шығармашылық  жұмыстарымен,  ғылыми  ізденістегі  баяндамаларымен  барша 
қатысушылар ісіне сəттілік! 
Бұл  конференцияны  өткізуде  педагогтардың  кəсіби  құзіреттілігі  мен 
білімін  инновациялық  қызметте  арттыру,  əлемдік  жəне  отандық  тəжірибелік 
мəселелерді талқылау мен ендіру жəне білім мен ғылымды дамыту бағытында 
пікіралмасу мақсат етілген.  
Ел  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы 
мемлекеттің 2050 жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын  айқындап 
берді.  Ол–Қазақстан  Республикасының  əлемдегі  дамыған  алдыңғы 30 
мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Əлем  бір  орында  тұрмайды.  Еліміз  тарихи 
тамыры  терең,  адами  ресурстар  потенциалы  бай  тəуелсіз  мемлекет  ретінде 
дамып, өркендеуде екендігін көрсетіп келеді. Жолдауда аталған бес басымдық 
осының  дəлелі.  Сондықтан  да  білім  беру  саласында  кезек  күттірмейтін 
бірқатар шешілуі тиіс мəселелер мен атқаратын ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 
Білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңартуға басымдық беріліп, олардың 
жүзеге  асуы-бұл  білім  беру  жүйесінің  дамуы,  оны  жаңарту  мен  тиімділігін 
арттырудың  басты  шарттары  болып  табылады.  Қазіргі  уақыттағы  білім  беру 
жүйесінің 
басты 
мақсаттары 
–əлемдік 
білім 
беру 
кеңістігіне 
ықпалдастырылған  жəне  қоғам  қажеттіліктеріне  сай  заманауи  көп  деңгейлі 
үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Бұл - білім мазмұны мен 
сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру,  техникалық  жəне 
кəсіптік  білім  беруді  жақсарту,  ақпараттық  технологиялар  жөнінде  жаңаша 
педагогикалық  көзқарастарын  айқындау  секілді  кешенді  шараларға  тікелей 
қатысты.  Жаһандық  білім  беру  тəжірибесі  көрсеткендей,  кез-келген 
мемлекеттің  экономикалық  жетістігі  сол  елдің  білім  жүйесі  мен 
азаматтарының  білім  дəрежесіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана 
қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық əлеуеті қалыптасады.  
Қашанда білім – ұлттың бəсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы 
болып  табылады.  Халықаралық  тəжірибеде  «өмір  бойы  білім  алу»  қағидасы 
негізінде  ерте  жастан    есейген  кезеңдерде  де  ізденісте  болу,  адами  капитал 
сапасын  жақсарту  мəселесі  қарастырылады.  Өмірде  білім  беруге  бөлінетін 
инвестицияның  экономика  мен  қоғамға  елеулі  қайтарымы  болатыны 
дəлелденіп отыр. Білім берудің мазмұнын жаңарту оқушылардың білімін ғана 
емес,  оларды  қолдану  дағдыларын,  құзіреттілігі  мен  функционалдық 


 
сауаттылығын, өмірге бейімділігін қалыптастырады. 
Конференция жұмысына Ресей Федерациясынан, Өзбекстан, Беларуссия 
мемлекетінен, еліміздің барлық өңірлерінен ғалым-педагогтар қатысуда. Олар 
білім  беру  парадигмасының  өзгеру  жағдайындағы  жаңартулар  мен  өзекті 
мəселелерді 
көтере 
отырып, 
педагогтар 
тəжірибелерін 
зерделеп, 
жаңашылдыққа  бағытталған    педагогтардың  ізденісті  еңбектерін  қолдап, 
жүзеге  асыруға  күш-жігерлерін  жұмсай  береді  деген  сенімдемін.  Бүгінгі 
ұйымдастырылып    отырған  ғылыми-тəжірибелік  конференция  жұмысының 
қорытындысында  жинақталған  материалдар  барша  педагогтар  үшін 
əдістемелік көмекші болады деген ойдамын.  
Барша  ғалым-педагогтарға  ғылыми-шығармашылық  тұрғыда  сəттілік, 
табысты еңбек тілеймін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН 
ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Шакерова Дамежан Лунашаровна 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 
 ШҚО  ПҚ БАИ бас маманы, Өскемен қаласы 
 
Жаһандану–ағылшын тілінің  «Globalizaton» ұғымының аудармасы. Адам, 
мəдениет,тіл  білім,рухани-адамгершілік  даму,  халықаралық  қалыптастарға  
əсерін тигізетін бұл мəселе БҰҰ,Бас Ассамблеясының сессияларында,«Үлкен 
сегіздік» елдері мен халықаралық конференцияларында жиі айтылады [3]. 
Мемлекеттік  тіл  мəселесі  Қазақстан  Республикасының  əрбір  азаматына 
əсіресе, қазіргі жаһандану үдерісінде өркениетті болашақ үшін өзекті болуда. 
Себебі  мемлекеттік  тіл  ұлт  пен  этностардың  арасындағы  қарым-қатынасты 
нығайтатын механизм ретінде ынтымақтастықты арттырады. Мысалға, мемле-
кеттегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренудегі талпынысы өз тілін 
білмейтін азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру механизміне 
айналуы мүмкін. Ал бұл өз бетінде қоғамды бір жүйеге келтіріп, ынта бірлікті 
нығайтады. Демек, мемлекеттік тіл саясаты бүкіл  Қазақстанда тұратын этнос 
өкілдерін  ыдырату  мақсатын  көздемей,  керісінше,  бүкіл  Қазақстан  халқын 
біріктіруші  құрал  рөліне  ие.  Егер  кез  келген  этнос  сол  халықтың  жерінде 
тұрып  жатқанын,  оның  табиғи,  материалдық,  мəдени  жəне  рухани 
байлықтарын  пайдаланып  жатқанын  ескеретін  болсақ,  сəйкесінше,  сол 
халықтың тілін меңгеру, білу міндет. Жоғарыда айтып кеткеніміздей,  
ортақ  тілдің  болуы  мемлекеттік  бірлікті  құру  мен  қоғам  тұрақтылығын  
сақтаудың  аса  маңызды  бөлігі  болып  саналады.  Адамның  санасына  жəне 
жалпы  халыққа  ақпараттық-психологиялық  əсер  ету  процесі  көбінде  тілдік 
орта  немесе  тіл  арқылы  жүзеге  асырылады.  Л.  Пуховичтің  пікірі  бойынша 
ұлттық  идентификацияның  бір  бөлігі  ретінде  мемлекеттік  тіл  мəселесі  елдің 
қауіпсіздігіне  жəне  тұрақтылығына  тікелей  əсер  етеді.  Сонымен  қатар,  тіл 
мəселесінің  сəтті  шешілуі  демократияның  дамуына  айтарлықтай  септігін 
тигізеді жəне мемлекеттің бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы 
шарттар туғызады. Демек, мұнда байқағанымыз тілдік ортаны белсене қорғау 
процесі  елдің  ұлттық  қауіпсіздігінің  маңызды  аспектісі  болып  табылады. 
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары тілдерді дамыту бойынша нақты 
жұмыстар  жүргізілуде.  Тілдік  мəселені  тиімді  шешу  нəтижесі  халықтарды 
жұмылдыру  мен  қоғамдық  келісімділікті  нығайтуды  қамтамасыз  етеді,  сол 
сияқты  ұлтаралық  қатынастарды  үндестірудегі  факторы  болып  табылады. 
Тілдерді  дамыту–  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  саясатының  өзекті 
бағыттарының  бірі.  Б.  Абдығалиевтің  ойы  бойынша,  ұлттық  тұтастықтың 
жаңа  негіздерінің  бірі  Қазақстан  азаматтарының  қазақ  тілін  білуі  болып 
табылады.  Тұрақтылық  пен  өркендеудің  кепілі  қазақстандықтардың  тілдік 
ортақтығында  жатыр,  яғни  орыс  жəне  қазақ  тілдері  өзара  түсінушілік  пен 
сыйласу  нышаны  болып  табылған  кезде  аталмыш  жетістіктерге  жетеміз.  
Жалпы, тіл қатынас, байланыс құралы, сол сияқты,  тіл – тек қарым-қатынас 
құралы ғана емес,ол–ұлттық діліміздің көрініс табатын əлеуметтік құбылысы, 


 
мəдениетіміздің  биік  тұғыры  да.  Сондықтан  тіл  əлемдегі  ұлттық  мəдениеттің 
ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.  
Əдебиет – сөз өнері. Өнердің ұлттық сипаты анық. Жаһандану мен соған 
орай  жүргізіліп  жатқан  қоғамдық-экономикалық  саясат  əдебиеттің  басты 
қасиеті ұлттық сипатын жоққа шығару, жою арқылы ұлттық əдебиет атаулыны 
тарихтың  тастандысына  айналдырмақ.  Мұның  өзі  кім-кімді  болса  да 
ойландырмай  қоймайды.  Тіпті,  миллиардтан  астам  халқы  бар  Қытайдың  өзі 
дабыл қаға бастады. «Мыңжылдықтарға кететін мəдениетімізді ұстап тұрған – 
тек қана əдебиет. 
Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасының  тіл  саясаты  мемлекеттік  тілді 
дамытуға  жəне  Республикада  қолданылатын  өзге  де  тілдер  үшін  жағдай 
жасауға  бағытталған.  Бүгінде  Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдаған 
Жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі–барлық қазақстандықтарды 
біріктірудің  басты  факторы  ретінде  мемлекеттік  тілді  жан-жақты  дамытуға 
басты  назар  аударылып  отыр.  Сондықтан  қоғамда  қазақ  тілінің  мемлекеттік 
дəрежесін  нығайту  жəне  оның  əлеуметтік-коммуникативтік  міндеттерін 
кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. 
Ел  Президенті  Н.Назарбаев  биылғы  жолдауында  «Сапалы  білім 
Қазақстанның инновациялық дамуындағы жəне жаһандануындағы негіз болуы 
қажет»  деп  міндет  қойды(Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы).  Білім  жəне  ғылым 
министрлігі Кембридж Университеті əзірлеген бағдарламаны ұсынды[1] .  
Заман  ағымына  қарай,  білім  берудің  жаңаша  əдіс-тəсілдері  мен 
технологиялары  да  дамып  келеді.  Яғни,  заманымызға  қарай  білім  де,  осы 
білімді оқушы санасына  дамытатын мұғалім де өзгеруі қажет. 
Қазақстан  Республикасының  үшінші  деңгей  бағдарламасын  зерделеп 
жəне меңгеруге көмектесетін негізгі материалдарды оқып, үйрену, оқытудағы  
Кембридж    тəсілінің  теориялық  негіздерін  меңгеріп,өз  тəжірибенде  тиімді 
пайдалана  білуді  мақсат  тұтып,  мен  де  осы  курстан  өттім.  Сабақтарда 
пайдаланатын  оқытудың  жаңашылдығы  жөніндегі  жеке  тəжірибеммен 
бөліскім келеді. 
Мен өзім орыс  мектебінде  қазақ  тілі  пəнінің мұғалімі  болғандықтан,   
жаһандану  əлеміндегі    қазақ    тілінің    жағдайы,  яғни    мемлекеттік    тіліміздің 
өркен жаюы  үлкен мəселе  болып  отырғандығын  тілге  тиек  еткім  келеді.  
Оқудың  жаңа  қадамына  орта    мерзімдік  жоспар    жасаудан    бастадым.  
Жоспардың  мақсаты:оқушылардың  сөйлеу    тілін  диалогтік  оқыту    арқылы 
дамыту    болды.  Мақсат    негізінде    7    модуль  қолданылды.  Диалогтік  оқыту  
барысында  топ бойынша жұмыс істей  отырып оқушылар   өздігінен талдап
бір-біріне сұрақтар қойып, жауап іздеуге  талпынады. Осы диалогтік оқытуда 
«Аквариум»стратегиясын 
сабағымның 
басында 
қолдандым. 
Жаңа  
тақырыптарды    ашу    мақсатында  жетелеу    сұрақтарын  қойдым.  Ары  қарай 
жұптық топтық жұмыстарда  осы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру  
мақсатында    «Даналар    кілті», «Аквариум», «ЖиГСО», «Алтын  қақпақ»,  т.б 

10 
 
стратегияларын  қолдану арқылы, пікірталас, талдау, өз ойын  ашық жеткізуге  
тырысқандарын байқадым.  
«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» (СТО)  
бағдарламасының   қазіргі  таңда  білімді,  білгенін  өмірге  пайдалана  алатын 
шəкірт тəрбиелеуде алатын орны ерекше.Сыни  тұрғысынан  ойлауды дамыту 
бағдарламасы–əлемнің  түпкір-түпкірінен  жиылған  білім  берушілердің 
бірлескен  еңбегі,  ал  бағдарламаның  негізі  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа алады[2].  
Сабақтарымда кластер құру, «жуан-жіңішке» сұрақтар, екі түрлі күнделік 
стратегияларын  қолдану  арқылы  балалар  өз  бетінше  тұжырым  жасауға, 
ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін  таңдай білуге 
тырыстым.  Бұл  стратегияларды  əр  тақырыпқа  сəйкестендіріп  бұрыннан  да 
сабағымда  пайдаланушы  едім.  Топтық  жағдайда  өткен  осы  мектептегі 
тəжірибе  кезіндегі  сабақтарымда  сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  əдістері 
бұрынғыдан да əсерлі, тиімді шыққанына сенімдімін.  
Сыни  тұрғысынан   ойлау  стратегиясы  бойынша  жүргізілетін  жұмыста 
оқушылардың  мына  қабілеттері  белгілі  бір  деңгейде  қалыптасты  деп  айтуға 
болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші деңгей) [4, 29]:  
1.Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу. 
2.Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу. 
3.Проблеманы шеше білу. 
4.Пікірталасты жүргізе білу. 
Педагогикалық  қызметте  дарынды  жəне  қабілетті  балаларға  қатысты 
мəселе  ойлауды,  талқылауды  жəне  мұқият  жоспардауды  қажет  етеді. 
Оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруда  мектеп  бүкіл  оқушылар 
үшін  мектеп  стандартын  күрделендіре  отырып,  анағұрлым  жоғары 
нəтижелерге  қол  жеткізе  алады.Деңгейлік  тапсырмаларды  Блум  өлшемдеріне 
сəйкестендіріп,   төрт  деңгейде  беруді  үйрендім. 1-деңгейдегі  тапсырмаларды 
орындау  барысында   «танып  білу»  жəне  үлгі  бойынша   «қолдану»   арқылы 
орындалды,  яғни  жаңа  сабақ  бойынша  берілген  тапсырмалармен  жұмыс 
жүргізілді. Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт 
талабына  сəйкес  бағдарлама  мөлшерінен  аспайтын,  оқушының  жас 
ерекшеліктерне  сай  таңдалып  берілді.   2-деңгей  тапсырмалары  түрленіп, 
күрделене  түседі.  Оқушы  өз  бетімен  керегінше  қызмет  етеді.  Оқушының 
қабылдауы,  жазба  жұмыстарын  орындау  көрсеткіштері  міндетті  деңгейден 
əлдеқайда жоғары болды.3-деңгей тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту 
жасалды. Ал 4- деңгей тапсырмалары негізінен  дарынды, ізденімпаз, қабілеті 
жоғары, талапты балаларға арналды. Ондай оқушыларға  тек тақырыбын ғана 
беремін, оқушының өзі мақсат қояды, нəтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын 
өз  бетінше  орындайды.  Мысалы,  бір  сабағымда  дарынды  оқушыларды  бір 
топқа топтастырып,Блум өлшемдері сұрақтарымен жұмыстандыру барысында 
оқушылар  мұғалімнің  көмегінсіз,  өздерінің  біліктілігі,  ой  ұшқырлығы 
арқасында жоғары нəтижелерге қол жеткізе алды. Берілген дайын сұрақтарды 
Блум  өлшемдері  бойынша  пирамидаларға  орналастырып,  сұрақтарға  сəйкесті 

11 
 
жауаптарын беру арқылы жоғары деңгейлі тапсырмаларды өз бетімен орындап 
шықты. 
Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,өмірге деген көзқарасын 
жан-жақты  дамытып,  шығармашылық  қабілетіне  жол  ашуда  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  –заман  талабы.  Мектептегі 
технологияларға 
теледидар 
бағдарламалары, 
электрондық 
оқулықтар,интернет,ұялы телефон,компьютер, т.б жатқызсақ, сабақтарымызда 
оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  ынтасын  арттыруда  бұл  құралдарды 
пайдаланып  жүрміз.Өз  сабақтарымда  электрондық  оқулықпен  жұмыс, 
бейнефильмдер  көрсету  арқылы  оқушылардың  естерінде  ұзақ  сақтау 
дағдыларын  жетілдірумен  қатар,  үйге  тапсырма  берген  уақытта  көбіне 
интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына сілтеме 
беріп  отырдым.  Əрине  қазіргі  оқушылар  кітапханаға  барғаннан  гөрі 
интернетпен  жұмыстануға  көбірек  қызығушылық  танытады,  заман  талабына 
сай  жеткілікті  дəрежеде  сандық  сауаты  бар,  өмір  жағдайларының  барлық 
аспектілерінде  жаңа  технологиялардың  бар  мүмкіндіктерін  пайдаланып,оны 
өмірлік  қажеттіліктеріне  қарай  пайдаланатын  ұрпақ  тəрбиелеуде  АКТ 
таптырмайтын тəсіл болып қала бермек. 
Білім беру үшін бағалау жəне оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық 
болмаса  да,  осы  курс  нəтижесінде  бағалауға  деген  мүлдем  жаңа  көзқарас 
қалыптасты  десем,  қателеспеймін.  Балаларды  ынталандыруда  тəуекелге 
барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзете 
арқылы  жұмыстандыру  қажеттігін,  бағалау  критерийлері  арқылы  əділ 
бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, 
аз  уақыт  ішінде  болса  да  бағалау  түрлерін  өз  тəжірибемде  пайдаланып,  оң 
нəтижелерге қол жеткізе алдым.
  
Əрине,  жаһанданудан  ешкім  де  құтыла  алмайды.  Оған  тек  бейімделу 
керек,  ал  бейімделе  алмағандар  құриды.  Бірақ  бейімделу  дегенді  өзгенікін 
толық қабылдау деп ұқпау керек.«Бізге дəл қазіргі заманда батыстың желімен 
домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына 
дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына 
терең  бойлаған  мəуелі  бəйтерек  керек.  Сондықтан  біздің  міндетіміз – рухы 
биік ұрпақ тəрбиелеу». 
Осындай  күрделі  де,  жауапты  міндетті  «ізгі  ақыл»  мен  «жылы  жүректі» 
ұстаздардың  балалармен  өзара  түсіністік,сыйластық,  ынтымақтастық 
жағдайында 
ғасырлар 
бойы 
жинақталған 
адамзат 
мұрасының 
жалпыадамзаттық  құндылықтарын  меңгерту  негізінде  тəрбиелеу  болмақ. 
Себебі білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана 
емес,  сондай-ақ  оның  рухани,  адамгершілік  тұрғыдағы  мəнін  дамыту  болып 
табылады.  Мұғалім  мамандығы  ең  қиын  да  маңызды,  жауапкершілікті  əрі 
қызықты мамандық. Қазіргі бастауыш мектепке жоғары кəсіби дайындығы бар 
мұғалім қажет. Ол мұғалім білгір, талантты, жауапкершілікті болуы əрбір ата-
ана үшін маңызды. Өйткені ата-ана мұғалімге өзінің ең қымбаттысын – өзінің 
баласын  табыстайды,  ондағы  ниет – мейірімді  де  ақылды  адам  етіп 

12 
 
тəрбиелейді  деген  сенім.  Əрбір  жас  мұғалім  мектептегі  басты  құндылықтар 
оқушы мен мұғалім, олардың бірлескен еңбегі екенін жақсылап ұғынуы тиіс. 
Жалпы  мектептің  іс-əрекеті,  мұғалімнің  қызметі  баланың  табиғатына  нұқсан 
келтірмейтін, балаға көмектесетін жағдай туғызуы болып табылады. Мұғалім 
өз ісінің шебері атану үшін адамгершілік пен кəсіби тұрғыдан сайма-сай тұлға 
болуы  тиіс,  яғни  ең  алдымен,  оның  адами  қасиеті  басты  нəрсе  болып 
саналады,  сонымен  қатар  ол  кəсіби  ойлап,  əрекет  ете  алатын  маман  болуы 
керек.  Ендеше,  осы  міндеттерді  жүзеге  асыратын  басты  тұлға–Ұстаз.  Тек 
мықты  ұстаз  ғана  осындай  ауыр  жүкті  алып  жүре  алады.  Мектеп 
табалдырығын аттаған жас бала – ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, 
саналы азамат етіп тəрбиелеу – əрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші 
мектеп  оқушыларына  тек  білім  беріп  қана  қоймай,  оларды  халықтық 
педагогиканың  нəрлі  қайнарымен  сусындату,  əрбір  оқушы  бойында  ұлттық 
мінез-құлық,  адамгершілік,  сыпайылық  пен  кішіпейілділік  қасиеттерін 
қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ 
халқының əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін меңгертуге тиіс. 
Нағыз  ұстаз  бейнесін  Əбу-Насыр  Əл-Фараби  сөзімен  түйіндесек: 
«Ұстаздық  мінез-құлық  нормасы  мынадай  болуға  тиіс:  ол  тым  қатал  да 
болмауға  тиіс,  тым  ырыққа  да  жығыла  бермеу  керек,  өйткені  тым  қаталдық 
шəкіртті  өзінің  ұстазына  қарсы  қояды,  ал  тым  ырыққа  көне  беру  ұстаздық 
қадірін  кетіреді,  оның  берген  сабағы  мен  оның  ғылымына,  шəкірті  селқос 
қарайтын  болады.  Ұстаз  тарапынан  барынша  ынталылық  пен  табандылық 
қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су 
тəрізді».(Бастауыш  мектеп  журналы.  Ғылым  мен  мектеп, «Мұғалімнің 
шеберлігін жетілдіру») 
Осындай  ұстазға  тəн  мінез-құлық  ізгілікпен  ұштасып,  бала  жүрегінің 
төрінен  орын  алған  жағдайда  жас  ұрпақтың  рухани  бай,  адамгершілігі  мол, 
жан-жақты  үйлесімді  дамыған  елін  сүйер  абзал  азамат  болары  сөзсіз.  
Алдыңғы  қатарлы  тəжірибені  жетілдіре  отырып,  оқу  үдерісіне  жаңа  əдіс-
тəсілдерді,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп,  оқушылардың  жалпы 
дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі 
келіп,  белгісіз  нəрсені  ашуға  тырысатын  болғандықтан,  бастауыш  сынып 
мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.  
Оқушылардың  сүйіспеншілігін  арттыру  мақсатында  сабақ  барысында 
тиімді əдіс-тəсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру 
–  мұғалімнің  басты  міндеті  екені  белгілі.  Мұндай  жағдайда  мұғалімнің 
шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.Ел Президентiнiң 
сөйлеген сөзінде: «...Барлық дүние мектептен басталады.  
Сондықтан  əлемдік  стандартқа  сай  жалпы  орта  білім  беретін  жүйеге 
көшіп,  педагогтардың  кəсіби  деңгейі  мен  жаңа  оқулықтар  мен  біліми 
технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..»,–деп, атай келе «Қазақстан 
–2050»бағдарламасында:«...Бiздiң  жас  мемлекетiмiз  өсiп-жетiлiп  кемелденедi. 
Бiздiң  балаларымыз  бен  немерелерiмiз  онымен  бiрге  ер  жетедi.  Олар  өз 
заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi 

13 
 
болмақ.  Олар  бабаларының  игi  дəстүрлерiн  сақтай  отырып,  қазiргi  заманғы 
нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс  iстеуге  даяр  болады...»,–делінген. 
      Дегенмен, табысқа жетудің ең басты көзі болып мұғалімнің əрбір баланың 
жеке тұлғалық ерекшелігіне негізделген балаларға деген махаббаты саналады. 
Əрбір тəрбиеленушіге өз бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша 
түсуге  мүмкіндік  жасау  қажет,  оларды  өзімен  жəне  əлеммен  үйлесімділікте 
өмір сүруге үйрету керек. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал