Н. О. Байзакова аға оқытушы А. Ш. Молдахметова аға оқытушы



жүктеу 40.46 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі40.46 Kb.

 

 

                                  



                                 Н.О.Байзакова аға оқытушы 

                                 А.Ш.Молдахметова аға оқытушы 

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ –ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ  ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ 



 

әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

 

 

Бұд  мақалада  тоғызқұмалақ  ойынының  пайда  болу  тарихы    туралы  баяндай  келіп, 



авторлар бұл ойынның ақыл – ой тәрбиесіндегі маңыздылығына назар аударады. Халықтың 

асыл  мұрасының  бірі  –  тоғызқұмалақ  ойынын  келер  ұрпаққа,  өзге  халықтарға  таныту 

қажеттілігін  есімізге  салады.Ұсынылған  жұмыста  тоғызқұмалақ  ойынының  дамуын  және 

ойын ережелерімен таныстырған

.

 

Негізгі сөздер: тоғызқұмалақ, тұздық, отау, ереже, қазан,зияткерлік. 



 

Кіріспе. 

Бүгінгі таңда қазақ жастары қандай бір өнер шының таңдап жол   тартамын  

десе  де  мүмкіндігі мол.    Спорттың  да таңдап  алар  түрі  көп.  Бір  түрі  – күштің 

толысуына  әкелсе,  екіншісі-  жылдамдыққа,  үшіншісі  –  табандылыққа 

тәрбиелейді.    Ал  енді  бірі  жас  адамды  ойлылыққа  шыңдайды.  Мұндай  спорт 

түрлерінің қатарына шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойындар жатады.  

Тоғызқұмалақ  -  әлемдік  мәдениеттің  озық  үлгілерімен  бой  теңестіре 

алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Жастардың дене шынықтыру 

мәдениетімен қатар, ақыл ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы 

ойынды  ойлап  тауып,  зерделілік  және  зияткерлік    даму  құралы  ретінде 

қолданған.  

Тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, 

Алтай, Қарачай- Черкесия елдерінде ойналады. Қытайда және Европа елдерінде 

ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. 

Американың  Нью-  Йорк  қаласындағы  Аляска  Университеті  тоғызқұмалақ 

ойынын  зерттеумен  айналысып  отыр.  Елімізде  қазір  спорт  түрі  ретінде 

тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.  

Зияткерлік  ойындар  қатарындағы  қазақтың  ұлттық  ойыны  тоғызқұмалақ 

ойынын  үйретуді  ұсынамыз.Ұсынылған  мақалада  тоғызқұмалақ  ойынының 

тарихын,  дамуын  және  ойын  ережелерімен  таныстырамыз.  Тоғызқұмалақ  – 

қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. [1] 

Ал,  енді  тоғызқұмалақ  ойнының  тарихын  зерттеу  жолының  бір  саласы 

археологиялық  және  этнографиялық  зат  бұймдарда  сүйенетін  болсақ, 

халқымыздың көне ойыны   - тоғызқұмалақ кешегі отаршылық кезінде ұмтыла 

бастағанымен соңғы жылдары ортамызға қайта оралып отыр.  

Тарихшы археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқұмалаққа 

ұқсас ойын тақтасы бұдан 4500жыл бұрын да қолданылған. Тіпті кәзіргі кезде 

жайлымдарда,  тау  бөктерінде  тастан  ойып  жасаған  тоғызқұмалақ  тақтасы 

Қазақстан түкпір – түкпірінде жиі кездеседі. Сондай бір тасқа қашап салынған 

тоғызқұмалақ  отаулары  мен  қазандары  Жамбыл  облысы  Қаратау  қаласының 

іргесінен табылып отыр.  



 

 

Қазақ  дене  тәрбесі  институтының  профессоры  М.Т.Тәникеев  өзінің 



«Қазақстандағы  дене  тәрбиесінің  тарихы»  атты  оқулық  –нұсқамасында 

«Археологтар  1970  жылдары  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  біздің  ғасырға 

дейінгі  ІVғасырға  дейінгі  ескі  мекен  жайдан  арнайы  жасалған  ойын  тастарын 

тапты.  Осы  тастар  тоғызқұмалақ  ойынына  пайдаланғаны  жөнінде  ғалымдар 

тұжырымдар  жасап  отыр»,  -  деп  жазады.  Тараз  қаласының  орталық 

мұражайында    тасқа  қашалып  салынған  тоғықұмалақ  тақтасының  бейнелері 

бар.  Бұл  ойында  халқымыздың  кемеңгер  ақыны  Абай,  жыр  алыбы  Жамбыл, 

батыр  бабамыз  Бауыржандар  ойнап,  өмірлеріне    серік  еткенін  айтып  кеткен 

жөн.  

Тәжірибелік нұсқаулар. 



Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән ерекшелігі –нағыз математикалық есеп 

ойыны.  Математика    бәрімізге  мәлім,  адам  өмірімен,  шаруашылығымен  біте 

қайнасқан  көне  ғылымдардың  бірі.  Адамзат  ең  алғаш  өзінің  мұқтаждығын 

өтеуге пайдаланған тұнғыш математикалық үғым – бүтін сандар ұғымы болып 

табылады. 

Себебі,  ойнау  тәртібі  үйреніп  алғаннан  кейін  жас  та,  кәрі  де  қызығып 

ойнайтын    тоғызқұмалақ  ойынының  барысында  тақта  үстіндегі  тартыстың 

сырын алдын ала біліп отыру үшін ойншыға математикалық төрт амалды (қосу, 

алу, бөлу мен азайту) аса жетік бітіп, сәт сайын қолданып отыруға тура келеді. 

Тоғызқұмалақ ойынын арнайы тақтаға ойнауға болады. Тоғызқұмалақ тақтасы 

екі  бөлікке  бөлінген,  екі  бөліктің  әрқайсысында  тоғыздап  отау  және  бір  – 

бірден  қазаны  болады.  Әр  ойыншыда  81  –  ден  құмалақтары,    барлығы  162 

құмалақ, 2 түздық болу керек. Ойыншының мақсаты: ойынның соңына дейін әр 

түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып,  өзіне  82    және  одан  да  көп  құмалақ  жинап, 

жеңу.  

Тоғызқұмалақтағы  әр отаудың өзіне тән аттары бар. Мысалы, бірінші отау -  



«Арт»,  екінші  отау–  «Тектұрмас»,  үшінші  отау  –  «Ат  өтпес»,  төртінші  отау- 

«Атсыратар»,  бесінші  отау-  «Бел»,  алтыншы  отауды  -  «Белбасар»,  жетінші 

отау-  «Қандақақпан»,  сегізінші  отау  -  «Көк  мойын»,  тоғызыншы  отау  -  

«Маңдай» деп аталады. Тоғызқұмалақ ойынын халық арасында кеңінен тарату  

қызықтыру  мақсатында  ойынның  ашық  түрі  ойлап  шығарылады.  Мұндағы 

өзгешілік әр отаудың ішінен қатар бөлінген екі өзекше рет  – ретімен екі қатар 

болып жатқан құмалақтардың тақ не жұп екені көзге көрініп тұрады. Олардың 

санын біреулеп санап болмайсыз. [2] 

Кәзіргі кезде көтеретін ең маңызды мәселе, әр халықтың мәдени мұрасының 

асылын  жаңа  заманның  ағымына  бейімдеп,  жоғалтпай  пайдалана  білу. 

Сондықтан қолымыздағы қымбат қазынаны заман талабына сай бүгінгі таңдағы 

өрелі  өміріміздің    биік  талғамына  лайық  жетілдіре  түсу  –  біздің  борышымыз.  

Жоғарыда    айтқандай,  жастар  үшін  математикаға  үйрену  мектебі  бола  алатын 

тоғызқұмалақ  ойыны,  әрі  ұлттық  мұра,  ақыл  ой  ойынның  жастарға  тигізер 

пайдасы мол деп айта аламыз.  

Зияткерлік  ойындар  қатарындағы  қазақтың  ұлттық  ойыны  тоғызқұмалақ 

ойынын  үйретуді  ұсынамыз.Ойын  ережесі  және  алғашқы  түсінігін  және 


 

 

тоғызқұмалақ  ойынының  ережесімен  таныстыраық..  Тоғызқұмалақ  ойынын 



арнайы тақтаға ойнауға болады. Тоғызқұмалақ тақтасы екі бөлікке бөлінген, екі 

бөліктің  әрқайсысында  тоғыздап  отау  және  бір  –  бірден  қазаны  болады.  Әр 

ойыншыда 81 – ден құмалақтары,  барлығы 162 құмалақ, 2 тұздық болу керек. 

Ойыншының  мақсаты:  ойынның  соңына  дейін  әр  түрлі  тәсілдерді  қолдана 

отырып, өзіне 82  және одан да көп құмалақ жинап, жеңу.  

 Тоғызқұмалақ ойыны екі адамның арасында өтеді. Ойынды кім бастайтынын 

жеребе  тарту  арқылы  анықтайды.  Ойынды  бастайтын ойыншыны  «бастаушы» 

деп, ал қарсыласын «қостаушы» атайды. Тоғызқұмалақ ойынында ойыншылар 

жүрісті кезекпен жасап отырады. [1] 

Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез келген  отауынан жүре алады. Ол үшін 

ойыншы  жүріс  жасайтын  отауының  ішінде  бір  құмалақ  қалдырады  да,  қалған 

құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне 

қарама-қарсы  бағытта)  қолындағы  құмалақтар  таусылғанша  бір-бірден  салып 

шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол 

отаудағы  құмалақтар  санын  жұп  жасаса,  онда  бұл  жүріс  табысты  болды  деп 

есептеліп,  ойыншы  сол  отаудағы  құмалақтардың  барлығын    ұтып  алып,  өз 

қазанына салады. 

 Келесі  жүріс  қостаушыға  өтеді,  ол  жоғарыдағы  тәртіппен  жүріс  жасайды.  

Егер  соңғы  құмалақ  түскен  отаудағы  құмалақтар  саны  тақ  болатын  болса 

немесе  жүріс  жасағаннан  кейін  соңғы  құмалақ  өз  отауына  келіп  жатса  онда 

мұндай  жүріс  жай  жүріс,  яғни  табыссыз  болып  есептелінеді.  Жұп  санды 

құмалақтар  орналасқан  отауларды  «жабық  отаулар»  (яғни  ұтып  алуға 

болмайды),    ал  тақ  санды  құмалақтар  орналасқан  отауларды  «ашық  отаулар» 

(яғни құмалақ ұтып алуға болады) деп атайды.  

Қорытынды. 

Бүгінгі  күннің басты талабы өсіп келе жатқан жеткіншіктерге тәлім тәрбие 

беру.  Өйткені,  «Тәрбие  –  тал  бесіктен»  демекші,  бар  біліп  түйгенімізді  жас 

балғындардың  бойына  сіңіруміз  керек  емес  пе!    Жастарды  мектеп 

қабырғасынан бастап спорттың қандай да түрі болсын баулитын болсақ,  онда 

ол  жастардан  үлкен  үміт  күтуге  болады.  Соның  бірі  қазақ  халқының  ұлттық 

ойыны  –  тоғызқұмалақ.

 

Зияткерлік  тоғызқұмалақ  ойыны  соңғы  жылдары 



жоғарғы  қарқынмен  дамып  келеді.Тоғызқұмалаққа  халықаралық  деңгейде  де 

қызығушылық өсіп келеді.Қазір тоғызқұмалақпен шетелдегі қазақтар ғана емес, 

Англия,  Германия,  Испания,  Чехия,  Швейцария,  Ресей,  Түркия,  Франция, 

Украина,Өзбекстан,  Қытай,  Монғолия,  Канада,  АҚШ  мемлекеттерінде  де 

жергілікті тұрғындар әуестенуде.Осыған дәлел ретінде Англияда (2006), Чехия 

(2008- 2012жж), Франция(2011-2012жж), Швейцария(2011-2012жж) және басқа 

шет елдерде өткен жарыстарды айта аламыз. [2] 

2009  ж.  15  қыркүйегінен  бастап,  әлемдік  ғаламторда  тоғызқұмалақ 

зияткерлік  ойын  ретінде  тіркеліп,    сайтында  тоғызқұмалақтың  онлайн  жүйеде 

ойнайтын  бағдарламасы  жасалынды.  Қазіргі  уақытта  төрткүл  дүниенің  мықты 

ой  шеберлерімен  осы  сайтқа  кіру  арқылы  электрондық

 

бағдарламада 



тоғызқұмалақ ойнауға болады. 2009 жылдың 1 наурызынан бастап ақпараттық

 


 

 

кеңістікте  тоғызқұмалақты  насихаттау  үшін    сайты  ашылды,  ол  қазіргі  кезде  



атымен өзгертіліп, жұмыс жасауда. 

 

Әдебиет: 



1.

 

Молдахметова А.Ш., Байзакова Н.О.,  Молдахметова Р.Ш.  «Тоғызқұмалақты үйрету әдістемесі». 



Оқу – әдістемелік құрал. «Қазақ университеті».- Алматы.2013. 

2.

 



Ақшораев  Ә.,  Ноғайбаев  М.  «Тоғызқұмалақтан  факультативтіқ  сабақтар».  Әдістемелік 

нұскаулар.-Тараз.2009. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал