Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет9/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

1943 жылдың аяғында ең алғаш болашақ әлемдік 

тәртіп мәселесі талқыланған Теһран конференци-

ясында ұлы америкалық – Құрама Штаттардың 

Президенті Франклин Рузвельт былай деген еді: 

«Біздің  әрқайсымыздың  өзімізге  тән    төл  фило-

софиямыз, өзіміздің салттарымыз бен өмір сүру 

қалпымыз бар. Алайда біз Тегеранда халықтардың 

бір-бірінен өзгеше мұраттары бізді ортақ игілікке 


166

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

еліктіре  отырып,  аман-саулыққа  қарай  жылжу 

барысында бірегей жарасымды тұтастыққа ұласуы 

мүмкін екенін дәлелдедік». 

Бұл  қағида-тілек  ХХІ  ғасырдың  буырқанған 

өзгерістер  ғасырының,  барша  адамзатқа  игілік 

әкеледі деп өзіміз сеніп отырған жаһандану ғасы-

рының табалдырығында тұрған біз үшін де көкей-

кесті.  Әлем  аса  ауқымды,  өзара  тәуелді  болуға 

айналды, онда үстемдік етуші қағидат жаһандық 

серіктестік болуға тиіс. 



167

Түркістан қаласының 1 500 жылдығына 

арналған халықаралық ғылыми-практикалық 

конференцияда

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, 

2000 жылғы 20 қазан

Ардақты отандастар! 

Құрметті қонақтар! 

Бүгін қасиетті Түркістан топырағына қай-қай-

сымыз да тебірене қадам бастық. Бұл – баршамыз-

дың көптен аңсай күткен күніміз. Бізбен бірге бұл 

қуанышты бөлісуге алыс-жақыннан ағылып, тегі 

1 туыстар мен тілегі 1 достар келді. 



168

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Бұл  –  шынайы  бауырмалдықтың,  тату-тәтті 

көршілестіктің,  рухани  туыстық  пен  бірліктің 

айқын көрінісі. 

Бұл – бүгін басымызды қосып отырған ежелгі 

Түркістан  қаласының  жалпы  адамзаттық  және 

өркениеттік  тарихта  қастерлі  орын  иемденетін-

дігінің даусыз куәсі. 

Бұны сезіну – бәріміз үшін үлкен ғанибет. 

Бүгін баршаңыздың көз алдарыңызда қызғал-

дақтай құлпырып тұрған ару қала, аруақты Түр-

кістанның бастан кешкендері – айтып тауысқысыз 

шежіре. 


Ол шежіре бүгінгі адамзат пен бүгінгі өркени-

етті құрап отырған халықтар мен мәдениеттердің 

тереңнен  табысатын  төркіндестігі  мен  тамырла-

стығына, жарастығы мен жалғастығына көзімізді 

жеткізе түседі. 

Қаратау бұйраттары мен сылаң Сырдың арасын 

алып  жатқан  осынау  алқап  көптен  көзді  арбап, 

көңілді аударып келген. 

Онда  әрідегі  алғашқы  қауым  тұрақтарынан 

бастап,  берідегі  сан  қилы  өркениет  орталықта-

рының жұрнақтары молынан ұшырасады. Соның 

өзі-ақ, бұл атыраптың Теріскей Еуразияның ойку-

менаға айналуы тарихында атқарған орасан зор 

қызметін аңғарта алса керек. 

Түркістан ендікпен өлшегенде де, бойлықпен 

өлшегенде де жер шарының кіндік тұсына орна-

ласқан. Отырықшы үрдістің ең терістік, көшпелі 


169

үрдістің ең түстік шебін иемденген. Ежелгі дүни-

енің ең басты трансконтиненталдық сауда арнасы 

– Ұлы Жібек жолының бойында тұрды. Сондықтан 

да оның есігі 4 тарапқа бірдей ашық болды. Шар-

тараптың  мәдени-рухани,  саяси-дүниетаным-

дық, шаруашылық-тұрмыстық жетістіктері оған 

соқпай өте алмады. Эллинизм мен тәңіршілдік, 

зороастризм мен манихейлік, буддизм мен кон-

фуцийшілдік,  христиан  мен  ислам  оның  төріне 

жарыса аттады. 

Мұнда  Түркістан,  Тараз,  Отырар,  Испиджаб, 

Сығанақ, Жент сынды қалалар пайда болды. Сауда 

мен  қол  өнерінің,  халықаралық  қарым-қатына-

стардың, интеллектуалдық және рухани өмірдің 

ірі ошақтарына айналды. Адамзаттық руханият-

тың Әбу Насыр әл-Фараби, Қорқыт, Қожа Ахмет 

Яссауи, Сүлеймен Бақырғали сынды алып тұлға-

ларын шығарды. Өз замандарында әлемге белгілі 

Бұқара,  Мерв,  Самарқанд,  Герат  қалаларымен 

бірге шығыстық урбанизмнің жарқын шоғырын 

құрады. 


Көпғасырлық  көне  тарих  солардың  арасынан 

бірте-бірте  Түркістан  мен  оның  төңірегіндегі 

кеңістіктің маңызын үстей түсті. 

Бұл өлке турандық өркениет кеңістігінде жыл 

санап  жетекші  маңызға  ие  бола  бастады.  Оған, 

негізінен,  біздің  дәуіріміздің  бесінші  ғасырынан 

басталған  Орталық  Азиядағы  жаңаша  жіктелу 

үдерісі түрткі болды. 



170

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Арктикадан  экваторға,  Атлант  мұхитынан 

Тынық мұхитқа дейінгі ұлан-байтақ кеңістіктегі 

ерсілі-қарсылы  миграциялық  ағындар  өрістеді. 

Оның ешқайсысы да соқпай өтпейтін бұл аймақ 

ұзақ уақыт демографиялық және өркениеттік шар-

пысулар кеңістігі ретінде күн кешті. Соның нәтиже-

сінде жаңа этностар пайда болды. Олар аймақтық, 

еуразиялық,  тіпті  әлемдік  үстемдіктерге  жетуге 

ұмтылды. Әрідегі скифтер, сарматтар, массагет-

тер,  берідегі  гүндер,  үйсіндер,  оғыздар,  қимақ-

қыпшақтар,  монғолдардың  құрлықаралық  баса 

көктеулері Түркістан жатқан кеңістікке жеткенде,  

түбегейлі  өзгерістерге  ұшырап  отырды.  Айта 

қаларлықтай  этностық,  демографиялық,  мәде-

ни-руханияттық жаңа сипаттарға ие болды. Соңғы 

1,5 мыңжылдықта Түркістан әлгіндей саяси-этно-

стық құбылыстардың межелік шебіне, тіпті кіндік 

өрісіне айналды. Оған түркі нәсілінің қалыптасуы 

мен  таралуы,  мұсылман  дінінің  көшпенділер 

әлеміне дендеп ене бастауы шешуші ықпал етті. 

Бұл ықпалдың түбегейлі үстемдікке жетуін көне 

аңыздар анасынан мұсылман болып туып, дінсіз-

дермен кескіліскен күрес ашқан Оғыз ханның Түр-

кістанға ауып келіп, Ясы деген жерге бекінгеніне, 

сол арада қарсыластарын қирата жеңгеніне байла-

ныстырады. Ал деректі тарих Оғыз мемлекетінің 

күшейіп, исламды таратушылардың ең ықпалды 

топтарын Сырдария бойына шоғырландыруымен 

түсіндіреді. 


171

Қайткен күнде де, түркі әлемінің қайта дәуір-

леуінде бұл аймақтың атқарған қызметін ешкім 

жоққа  шығара  алмайды.  Ежелгі  Ясыдан  бастау 

алған сельджүктер қозғалысы әуелі Орталық Азия- 

ға,  сосын  Таяу  Шығысқа,  одан  әрмен  Анатолия 

мен Оңтүстік Азияға қанат жайып, ақыр аяғында 

Византияны  құлатып  тынғаны  белгілі.  Ол  тұста 

бұл лекке ілеспей қалған түркі тайпалары кейін 

монғолдармен  қосылып,  Балқан  мен  Балтыққа 

дейін  барып,  Алтын  Орда  мемлекетін  құруға 

атсалысты. 

Бұл көшпелі империяның мұсылмандануы да 

негізінен Түркістанға байланысты екендігі тарих-

тан мәлім. 

Әуелі  Еуразияда,  сосын  күллі  әлемдік 

үстемдікке жеткісі келген Ақсақ Темір де жиһан-

герлік жорықтарының алдында осы 1 киелі орынға 

арнайы ат басын бұрып тұрған. 

Әлемдік-адамзаттық  дамудың  империялық 

үлгісі  тоқырауға  ұшыраған  кезде  Осман  импе-

риясы  мен  Алтын  Орда  да,  Темірлан  әулетінің 

мемлекеті де күйреді. Күшпен бағындыру үрдісі 

уақыт талабына жауап бере алмай, олардың қол 

астындағы елдер мен жерлер бет-бетіне шашырап 

кетті. 


Бірақ  әлемдік-адамзаттық  дамудың  ұлттық- 

аумақтық үлгісі дәурендей бастаған тұста да Түр-

кістан мен Түркістан төңірегі қайтадан шешуші 

маңызға ие болды. 



172

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Ол  кездегі  саяси  күштер  мен  экономикалық 

үрдістердің арасалмағы Тұран жазираларындағы 

көшпелі  және  отырықшы  үрдістегі  түркі  эле-

менттерін 2 тарапқа жіктеді. Олардың әрқайсысы 

өз  алдына  мемлекеттік  дербестікке  ұмтылды. 

Бұрынғы Алтын Ордадан бөлінген Ноғай Ордасы, 

Дешті Қыпшақ пен Ақ Орда, Шағатай ұлысынан 

бөлінген Моғолстанның теріскей батыс ұлыстары 

далалық Қазақ хандығын құрады. 

ХVІ  ғасырдың  соңына  қарай  қазақ  астанасы 

Түркістан қаласына келіп біржолата бекінді. Бұл 

кездейсоқтық емес еді. Түркістанның мұндай гео-

саяси ықтималдығын тұсында Дешті Қыпшақ, Ақ 

Орда, Әбілқайыр хандығы сынды мемлекеттік бір-

лестіктер де мықтап ескерген еді. Өйткені, негізі-

нен, көшпелі тайпалардан құралған мемлекеттің 

одан арғы дамуы, нығаюы, саяси-экономикалық 

және  мәдени  өркендеуі  көршілес  отырықшы 

елдермен  тығыз  қарым-қатынас  жүргізуге  бай-

ланысты еді. 

Қазақтардың этностық аумағында соңғы дәуірде 

отырықшылық  өріс  алып,  егіншілік  қанат  жая 

бастады. Сауда-саттық орын тепті. Ал мұның өзі 

қазақ  мемлекеттігі  мен  ұлттық-аумақтық  тұтас-

тығын  нығайтуға  оң  ықпал  етті.  Сол  заманда 

Түркістан  көршілес  өзбек,  қарақалпақ,  қалмақ, 

ноғай (маңғыт), моғол, қырғыз халықтарымен жан-

жақты қарым-қатынас орнатуда шешуші қызмет 

атқарғаны белгілі. Рас, мұндай қарым-қатынастар 


173

ара-тұра әскери қақтығыстарға ұласып кеткен кез-

дер де болды. Алайда мұндай келеңсіздік ұзаққа 

бармай,  бұрынғы  достық,  татулық  байланыстар 

қайтадан қалпына келіп отырды. 

Түркістанды мұндай берекелі қонысқа айнал-

дырып жүрген ең басты себептердің бірі Сырда-

рия  өзенінің  бойына  орналасқаны  еді.  Кезінде 

Ибн  Рузбихан  Исфахани  «Түркістан  –  ең  әйгілі 

ел. Сейхун жағалауындағы Түркістан 30 қамалдан 

тұрады. Сейхуннан тартылған арықтардың бойын-

дағы қамалдар нағыз пейіш бағы іспеттес», – деп 

жазып еді. 

Бірақ  Түркістанның  жаңа  Қазақ  хандығының 

астанасына айналуы тек қолайлы географиялық 

жағдайына  ғана  байланысты  емес  еді.  Ол  сонау 

ХІІ ғасырдан бастап әлем назарын өзіне аударып 

алған-ды. Бұл исламдық руханиятта ерекше орын 

иемденетін  айтулы  сопылық  мектептің  негізін 

салған  шайқы,  ғұлама  ақын,  Қожа  Ахмет  Ясса-

уидің  жан-жақты  ұстаздық  және  уағызшылдық 

қызметінің арқасы еді. 

Сайрамда дүниеге келіп, Отырарда Арыстан-

бабтан дәріс алып, Бұхарада Жүсіп Хамаданидің 

мүриді  болып,  сопылық  іліміне  жетілген  Құл 

Қожа Ахмет Яссауи еліне оралып, мұсылмандық 

шығыста айрықша көзге түскен әулие саналды. Ол 

мәңгілік ақиқатты қалың бұқараға түсінікті тілмен 

насихаттап, ислам дінін көшпелі түркі әлемінің 

рухани дәстүрлерімен үйлестіре білді. 



174

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Өзінің әйгілі «Даналық кітабын» дүниеге әкелді. 

Сөйтіп,  халық  арасында  Әзірет  сұлтан  атанған 

Қожа  Ахметтің  беделі  арқасында  Ясы  қаласы 

ортағасырлық  дүниеде  алыс-жақынды  ауызына 

қаратқан аса маңызды рухани ағартушылық орта-

лығы ретінде танылды. 

Кемеңгер ғұламаның қабірі басына Әмір Темір-

лан тұрғызған кесене Орта Азия мен Қазақстан-

дағы  ең  қастерлі  мінәжат  орынына  айналды. 

Еділден Ауғанға дейінгі, Қап тауынан Қашғарға 

дейінгі ұланғайыр кеңістіктегі мұсылмандар Қожа 

Ахмет  Яссауи  қабіріне  келіп  тәу  етіп  қайтуды 

дәстүр тұтты. Кейін ол әлгіндей ұлағатты зиярат 

орынынан аса ірі сауда, қолөнер орталығы ретінде 

де өз маңызын одан әрі күшейте түсті. 

Бұл  арада  жаңа  қалыптасқан  түркі  әлемінің 

көршілес иран, монғол, үнді тектес халықтардың 

этномәдени кеңістігімен ықпалдасуына да, кейін 

құрылған  Қазақ  хандығының  іргелес  елдерімен 

бейбіт қарым-қатынас орнатуына да әулие Түр-

кістанның айрықша ықпалы болғандығын ерекше 

атап өткен жөн. 

Жан-жағымен  мұндай  жарастықты  қатынас 

сахара тұрғындары арасында отырықшылық мәде-

ниетінің, жазу-сызудың, кітаби білімнің, сауда-сат-

тық пен кәсіпкерліктің, зайырлы тұрмыс-салттың 

кеңінен таралуына септігін тигізді. 

Түркістан  қаласы  қазақ  хандары  тұсында  да 

Еуразияның  және  күллі  мұсылман  дүниесінің 


175

ең ірі саяси, мәдени, рухани орталығы ретіндегі 

жоғары  мәртебесін  биіктете  түспесе,  еш  ала-

сартқан  жоқ.  Бұл  кезеңде  Қожа  Ахмет  кешені, 

аса жоғарғы билік орыны – хан сарайы қызметін 

де атқарды. Ақ сарай деген атаққа ие болған сәу-

летті жайда маңызды мемлекеттік мәжілістер мен 

салтанаттар өткізілді. 

Сол себепті де, Түркістан мен оның ұлы ғимара-

тын бүгінгі ұрпақ қазақ мемлекеттігі тағдырымен 

тығыз бірлікте қарастырады. Ұлттық бостандығы-

мыз бен іргелі елдігіміздің ақ ордасы, асыл көзі деп 

ардақ тұтады. Уақыт өте келе көрнекті мемлекет 

қайраткерлерінің, әйгілі билер мен батырлардың 

«пантеонына»  айналуы  –  ежелгі  қаланың  ұлт-

тық  санамыздағы  аялы  орынын  бұрынғыдан  да 

асқақтата түсті. ХVІІ ғасырда Есім хан мен Жәңгір 

ханның мазарлары тұрғызылды. Бұл жерде Тәуке 

хан мен Абылай хан мәңгілік мекен тапты. 

Түркістан қаласында қазақ хандары таққа оты-

рғызылды.  Көршілес  мемлекеттердің  елшілері 

қабылданды.  Аса  маңызды  мемлекеттік  мәсе-

лелер  талқылаған  аса  жоғары  мәртебелі  жиын-

дар өткізілді. Осындағы Күлтөбеде 3 жүздің игі 

жақсылары  Тәуке  ханның  басшылығымен  қазақ 

мемлекеттілігін нығайтудың заңдық негізі – «Жеті 

жарғыны» қабылдады. 

Қысқасы, Түркістан – қазақ халқының ұлттық 

мемлекеттілігін  дүниеге  әкелген  алтын  бесік 

әрі  оны  кемелдендірген  өнегелі  мектеп.  Алайда 



176

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

заман ауып, заң тозатын жайлар болды. Жалпы 

планеталық  геосаяси  ахуал  мен  экономикалық 

қатынастар  жүйесі  әлемдік  билікке  ұмтылған 

империяшыл отаршылдықты қайта күшейтті. Ал 

ол біздің сайын сахарада жаңа қалыптасып, енді 

нығайтып келе жатқан ұлттық тәуелсіздігіміз бен 

мемлекеттік дербестігіміздің көсегесін көктей сол-

дырды. Жан-жақтан жармасқан басқыншылықты 

күшейтті. 

Соңғы  2  ғасырдағы  озбырлық  оқиғалары 

шалқыған шаһар мен оның төріндегі ғажайып сәу-

лет кешенінің басына бар тауқыметті үйіп төкті. 

1861 жылы Қожа Ахмет кешені мен бейбіт шаһар 

Ресей патшалығының зіркілдеген зеңбіректерінің 

төмпешіне  түсті.  Көне  қаланың  жаңа  әскери 

бекініске  айналуы  тарихи  орынның  адам  таны-

мастай  тозғындауына  әкеліп  соқты.  Хандардың 

мазарлары тып-типыл құлатылды. 

Пірдің  кесенесі  дінсіздік  мұражайына  айнал-

дырылатын болды. Жәдігерліктерінен айырылып, 

қабырғасына  жазылған  құран  сөздері  өшіріле 

бастады.  Мазар  маңайындағы  бағалы  мұралар 

есепке алынбастан жойылып кетті. Ол ұзақ жыл-

дар бойы азып-тозып, өткен дәуреніміздің, өшкен 

елдігіміздің,  жоғалтқан  ұлттық  бостандығымыз 

бен  жойылған  мемлекеттігіміздің,  естен  шыға 

бастаған рухани ерекшелігіміздің ең ақырғы жұр-

нағындай  болып,  көзімізге  оттай,  көкірегімізге 

шоқтай басылып, құлазып тұрды. Бірақ бәрімізді 


177

өткенді ұмытпауға, өшкенді жоқтауға, өлгендердің 

өкініштері мен армандарын аяқсыз қалдырмауға 

шақырып,  атой  салып  тұрды.  Сондықтан  да  тә- 

уелсіз Қазақстан егемендікке қолы жетер-жетпе-

стен-ақ ғасырлар бойғы рухани мұраттарымыздың 

мүбәрәк нышаны – Қожа Ахмет Яссауи кесенесін 

қалпына келтіруді қолға алды. 

Міне, бүгін түрік достарымыздың риясыз көме-

гінің және қазақ сәулетшілерімен бірігіп атқарған 

қажырлы  еңбегінің  арқасында  киелі  ғимарат 

бастапқы көркі мен көрінісін қайта таба бастаға-

нына куә болып отырмыз. 

Бұл  –  шайқалған  шаңырағымыздың  қайта 

орнына келгендігінің, жығылған еңсеміздің қайта 

көтерілгендігінің, істеріміздің оңға баса бастаған-

дығының даусыз айғағы бола алса керек. 

Бұған шүкіршілік айта отырып, алды-артымы-

зға  бұрынғыдан  да  жітірек  көз  салып,  белімізді 

бұрынғыдан да бекемірек бууымыз қажет. 

Өйткені біз бүгін бұл араға асқандықтан, тасқан-

дықтан, той тойлап, ойын ойнаудан басқа шаруа 

таппағандықтан жиналып отырған жоқпыз. Әлі 

де асар асуымыз, алар биігіміз, атқарар міндетіміз 

бастан асып жатыр. 

Әйтсе  де  әлденеше  ұрпақтардың  әрдайым 

көксеп  өткен  ел  болу,  басқалармен  тең  болу 

мұраттарын жүзеге асыру жолындағы еселі еңбек 

пен кескекті күрестен 1 сәт те айнымайтындығы- 

мызға сендіру үшін келіп тұрмыз. 



178

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Жалпақ әлем мен күллі адамзатқа енді танылып 

жатқан  еңсемізді  ешқашан  жықпай,  егемендік 

туын, теңдік туын бұрынғыдан да биік асқақтата 

беретіндігімізді паш етуге келіп отырмыз. 

Өткен аруақтардың, келер ұрпақтардың алдын-

дағы:  «Алған  беттен  таймаймыз.  Алға,  тек  алға 

қарай адымдаймыз!» деген сертімізге берік екен-

дігімізді мәлімдеуге келіп тұрмыз. 

Біздің  бұл  мүддеміз  бен  бұл  мақсатымызды 

түсінетіндердің бәрі бізге дос. Оларға құшағымыз 

әрдайым айқара ашық. 

Ал түсінбейтіндер бар болса, олардың да бұған 

көздері әбден жететіндігіне кәміл сенеміз. 

Біз  киелі  Түркістан  топырағын  баса  тұрып, 

ол  бастан  өткерген  қилы  оқиғалар  тереңіне  ой 

жүгіртеміз.  Олардың  жеңісінен  тиісті  өнеге,  ал 

өкінішінен тиісті тағылым табуға міндеттіміз. 

Киелі  Түркістан  тағдырының  бүгінгі  адамзат 

қауымдастығына  да,  ол  орналасқан  Еуразия 

кеңістігіндегілерге  де,  өзара  өзектес  түркі  әлемі 

мен тәуелсіз қазақ жұртшылығына да ұқтырары 

аса мол. 

Оның  ең  бастысы  –  жалпақ  әлем  мен  іргелес 

кеңістіктегі  уақыт  талабынан  туындап  жатқан 

зәруліктер мен тосын дүмпулерге уақтылы жауап 

беріп, өрелі ізденістерге уақтылы атсалыса білу. 

Бұл  талаптың  деңгейінен  табылып,  әлемдік 

ізденістер  арнасына  лайықты  атсалыса  білген 



179

тұстарда, Түркістанның бағы ашылып, басы төрге 

озған. 

Ол  деңгейден  табылмай,  өзімен  өзі  тұйықта-



лып,  ауыл  арасы  шырғалаңдарына  шырма-

тылып қалған тұстарда оның да бәсі кеміп, еңсесі 

жығылған. 

4 қақпалы Түркістан 4 тараптың жақсылығына 

түгел айқара құшақ ашып, басын асырып, бағын 

өрлеткен. 4 тараптың жаманына тоқтасын, жауыз-

дығына тойтарыс таба алмағанда ғана басы етекке 

түсіп, бағы кері кеткен. 

Бұндай бақтың да бірден-бір кепілі – сыртқы 

ықпалдастық пен ішкі ынтымақты бірдей дамыта 

білу. 

Бұндай дерттің де бірден-бір емі сыртқы ықпал-



дастық пен ішкі ынтымақты бірдей дамыта білу. 

Біз бүгін көп жасап, көпті көрген киелі қаланың 

тойында отырып, бұл ақиқатты ең алдымен ойға 

алып, одан ең алдымен қорытынды шығаруымыз 

шарт. 

Біз  бүгін  дүниенің  алға  тосып  отырған  өрелі 



талаптарын  терең  түсінеміз.  Отандық  тәжірибе 

мен жалпы адамзаттық дамудың жетістіктерін бір-

дей қастерлеп, өркениет жолымен алға басып, тә- 

уелсіздігімізді нығайтып, ұлттық кемелденуімізді 

жүзеге  асырамыз.  Өз  мүдделерімізге  мұқият, 

өзгелердің  мүдделеріне  сергек  қарауға  тырыса-

мыз. Шектес елдермен тату-тәтті көршілікті, алыс  


180

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

әріптестерімізбен тең мүдделестікті, туыс елдер-

мен тағдырластықты берік ұстанамыз. Сол арқылы 

аймақтық  және  жалпығаламдық  қауіпсіздікті  

одан  әрі  бекіте  түсуге  белсене  атсалысамыз. 

Өз  төңірегіміздегі  тарихи  тағдырлас  елдердің 

реформа  және  демократия  жолымен  дамуын,  

күнгейдегі  және  шығыстағы  көршілеріміздің  

бейбіт қарым-қатынасты нығайтуын қалаймыз. 

Жаңарып жатқан дүниенің жаңаша жарастығы-

ның тезірек қалыптасып, жеделдете жүзеге асуына 

мүдделіміз. 

Ол  үшін  қазіргідей  1  үрдістен  екінші  үрдіске 

көшер  тұста  өткеннен  қорытынды  шығарып, 

ертеңге дұрыс бағдар ұстана білудің маңызы зор. 

Өркениетті жұрттар мұндай өтпелі кезеңде ұлтын 

ұйытып, жорғасын жолға түсіре алатындай киелі 

орындарда бір-бірімен айқұшақ қауышып, баста-

рын  түгендесетін.  «Кесір  тезірек  кетсін!»  –  деп, 

«Кемшін тезірек толсын!» – деп, «Кемел тезірек 

келсін!»  –  деп,  тәубаға  келіп,  өткенге  өреуіл, 

қалғанға салауат айтысатын. Ашу-аразды қойып, 

ауызбірлікке ұмтылысатын. Жолдары сосын оңға-

рылып, жұлдыздары сосын жанатын. 

Біз  де  –  сондай  өтпелі  кезеңді  бастан  кешіп 

жатқан қоғамбыз. Түркістан да – осындай киелі 

орынымыз. 

Күні ертеңдері егемендік алғанымызға, келесі 

күзде  тәуелсіздік  алғанымызға  10  жыл  толады. 



181

Осындай  жоралы  жылда  ұлан-байтақ  еліміздің 

жер-жерінде рух тазартып, ар арылтар, пейіл ке- 

ңейтіп, мерей өсірер жаппай жарастыққа жұмыла 

алсақ құба-құп. Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықты 

береке көбейтер бірлікпен, ырыс көбейтер ынты-

мақпен  бастағанымыз  ләзім.  Дәл  осынау  киелі 

Түркістан  төрінде,  әулие  Әзірет  Сұлтанның 

іргесінде өтіп жатқан ұлы думан сондай жалпы 

ұлттық жарастықтың, жаппай арылу мен тазару-

дың жиынына айналып, жақсы бастаманың басы 

болғай!


Бүгінгі  думанда  бар  болмысымен  жарқырай 

көрінген  тату-тәтті  көршілестігіміз,  туысқандық 

бірлігіміз, ізгі ниетті ықпалдастығымыз бен ынты-

мағымыз баянды болғай!

Ойлағанымыз  оңынан  оралып,  көздегеніміз 

көкейден шыға бергей!

Мен 1 кезде ежелгі Шығыстың ең қастерлі киелі 

орыны,  бүгінде  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің 

аса  мәртебелі  тарихи  жәдігерлігі  ретінде  ЮНЕ-

СКО  деңгейінде  тойланып  жатқан  Түркістан 

қаласының  мың  жарым  жылдық  салтанатына 

қатысушыларды,  күллі  отандастарымызды  тағы 

да шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, 

бастарына бақыт тілеймін. 

Жан-жағымыз тыныш, Отанымыз аман, орта-

мыз бүтін, заманымыз бейбіт болғай! 

Қуанышымызға  атсалысып,  ізгі  тілектерін 

білдіріп  жатқан  мемлекеттер  мен  халықтардың 



182

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

барлығына  да  бақ-береке  тілейміз.  Басымызды 

иіп, алғысымызды айтамыз. 

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Киелі Түркістан дүние тұрғанша тұрсын!

Той тойға ұлассын! 


183



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал