Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет8/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

Қазақстан Республикасы Конституциясының 

5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 

«Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен 

өсіп-өркендеуінің негізі» атты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы, 

2000 жылғы 30 тамыз

«Біз, Қазақстан халқы...» – Конституциямызды 

ашатын  осынау  сөз  орамында  мемлекетті  қайта 

түлетуге, жаңа әділетті қоғам құруға талпынған 

көптеген ұрпақтың тарихи сабақтастығының бар 

тереңдігі тоқайласқан. Мемлекет дегеніміз тек қана 

аумақ, азаматтардың бірлігі, билік институттары 

емес, сонымен бірге өз беттерінде бұдан бұрынғы 

ұрпақтардың тәжірибесі мен жарқын болашаққа 

деген үміті ұласқан Конституция да. 



147

Біршама  қысқа  мерзімнің  ішінде  егемен 

Қазақстанда 2 бірдей Негізгі заң тарих қойнауына 

кетті. Біріншісі бізге мұра болып кеңес заманынан 

қалды,  1993  жылы  қабылданған  екіншісі  өткен 

мен ертеңнің арасындағы өзіндік 1 ымыра болды, 

оған  өзге  анықтама  табу  қиын.  Оның  ғұмыры 

қысқа  болатыны  әу  бастан-ақ  түсінікті  еді.  Эко-

номикадағы, саясаттағы, адам санасындағы түбе-

гейлі өзгерістердің тез жүзеге асқаны соншалық, 

жаңа Конституция қабылдаудың қажеттігі айдан 

айқын болды. Бұдан 200 жыл бұрын осы заманғы 

демократияның  негіздері  қаланған  тұста  заңдар 

мен  конституцияларға  жиі  өзгерістер  енгізудің 

жақтаушысы болмаған Т. Джефферсон: «Заңдар 

мен адами институттар адамның ақыл-ойындағы 

өрлеумен қоян-қолтық жүріп отыруға тиіс» деп 

жазған. 


Жаңа  Конституцияны  әзірлеуге    отандық  заң 

ғылымының бар әлеуеті атсалысып, басқа да бар-

лық шектес қоғамтану салаларының мамандары, 

сарапшы-практиктер тартылды. Сонымен қатар-

ластырыла  басқа  мемлекеттердің  конституция-

лары зерттеліп зерделенді. Сөйтіп ақыр соңында 

жалпыхалықтық  референдумда  бұл  күндері  біз  

5 жылдығын атап өтіп жатқан Конституция қабыл-

данды. 

Жұмыс  істеп  тұрған  қазіргі  Конституцияның 



ешқандай күмән-күдік туғызбайтын ашық сипа-

тын атап өткім келеді. Референдумның алдында 



148

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

жоба кеңінен талқыланды. Талқылау барысында 

азаматтар 30 мыңнан астам ұсыныстар енгізді. 

Арнайы құрылған және мен басқарған консуль-

тациялық кеңес әрбір ұсынысты мейлінше мұқият 

зерделеді, 1100 түзету мәтінді жетілдіру барысында 

ескерілді.  Азаматтардың  ұсыныстарына  сәйкес 

Конституция жобасындағы 99 баптың 55-і елеулі 

өзгерістерге ұшырады. 

Референдумға қатысқандардың 90 %-ға жуығы, 

ал бұл оған қатысуға құқығы бар 7 млн-нан астам 

азамат  жаңа  Негізгі  заңның  қабылдануына  үн 

қосты. Демек, оның авторы Қазақстан халқы деп 

толық  негізде  айтуға  әбден  болады.  Қазақтың 

мәтелі де «Көптің аузы киелі» демей ме! 

Халық  іс  жүзінде  қолданған  егеменді  құқық 

Конституцияны  қол  сұғылмайтындай  етіп,  оған 

жоғары заңдық күш қана емес, рухани-адамгер-

шілік күш те беріп, қазақстандық патриотизмге 

тәрбиелеудің негізіне айналдырды. 

Конституциялық  құрылыстың  сол  кезеңінде 

алдымызға  біз  қойған  міндеттер  төтенше  күр-

делі, алуан түрлі әрі өте жауапты болды. Бірін-

шіден,  жаңадан  құрылған  мемлекеттігімізді, 

мемлекеттік билік пен басқарудың бүкіл жүйесін 

барынша нығайту қажет еді. Екіншіден, экономи-

каны түбегейлі реформалаудың кезек күттірмес 

міндеттерін шешіп, оны тым терең дағдарыстан 

алып шығу керек-ті. Үшіншіден, сыртқы саясатты 

қалыптастыру  қажет.  Төртіншіден,  ішкі  саяси 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  шарт.  Сонымен, 



149

ақыр аяғында, өркениетті әлемде жаппай қабыл-

данған  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын 

орнықтыруға,  демократиялық  институттарды 

дамытуға  байланысты  міндеттердің  жиынтығын 

шешу керек болды. 

Қазір,5  жыл  өткеннен  кейін,  біз  алдымызға 

қойған міндеттердің бәрін орындадық деп анық 

айтуға  болады.  Бұған  көп  жағдайда  Негізгі  заң-

ның өзі жәрдемдесті. Оны жалпы «қатқыл» деген 

категорияға қосуға болады, өйткені оған өзгерту-

лер мен толықтырулар оның өзі белгілеп берген 

айрықша, қатаң тәртіпте ғана енгізіле алады. Бұл 

онда өзін ақтады, көкейкестілігін қазір де сақтап 

отыр.  Мемлекеттік  құрылыс,  экономикалық 

үлгілерді таңдау, басымдылықтарды айқындау ора- 

йындағы  пікірлердің  әралуандығы  тым  әлемет 

болды.  Саяси  құлшыныстар  да  мейлінше  қызу 

болып, оларды сындарлы арнаға түсірудің тек сая-

саттағы да, экономикадағы да «ойын ережелерінің» 

бірыңғайлығын анықтау арқылы мүмкіндігі туды. 

Конституция үшін дауыс беріп Қазақстан халқы 

соған дейін әділ қалыптасып үлгерген басқарудың 

президенттік түрін түбегейлі бекітті. Бұл таңдау 

кездейсоқ емес еді. Оны өткен тарих пен бүгінгі 

ақиқаттың  өзі,  бәз  1  әлеуметтік-экономикалық 

дағдарыстарға  немесе  биліктің  түрлі  тармақта-

рының арасындағы қайшылықтарға байланысты 

ешбір ауытқуға бармаған күшті де мығым билік 

жүйесінің қажеттігі айғақтап берді. 



150

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Басқарудың президенттік түрі аясында мемле-

кет басшысының мәртебесі «жағдайдан жоғары» 

тұруға  мүмкіндік  береді,  сол  арқылы  Қазақстан 

жағдайында  мемлекеттік  билік  органдарының 

келісілген  қызметі  қамтамасыз  етіледі,  қоғамды 

табысты да тағанды реформалау үшін барынша 

қолайлы  алғышарттар  жасалады.  Оның  үстіне 

күшті  әлеуметтік  жіктелу  шаң  беріп  отырған 

алуан  этносты  және  көпконфессиялы  қоғамда 

тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімнің  кепілі 

болуының өмірлік маңызы бар. Мұның өзі өзін таға- 

йындаған  халықтың  алдындағы  биліктің  жау-

апкершілігін  арттырудың  тиімді  құралы  болып 

табылады. 

Бізге мемлекет билікті заң шығарушы, атқарушы 

және сот тармақтарына бөлудің конституциялық 

күрделі  міндетін  шешудің  сәті  түсті.  1  жағынан 

– олардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз 

ететін, екінші жағынан – өзара ұстанымдылықты 

сақтап, Конституция мен заңдардың белгіленген 

бір-бірінің  құзыретін  алмастыруына  жол  бер-

мейтін тетік жасалды. Оған қоса биліктерді бөлу 

ұстанымы «бөлінген билік» сияқты ұшқарылыққа 

ұрынуына  жол  бермеу  керек,  себебі  ол  билік 

тармақтарының  арақатынасын  шиеленістіріп, 

қарама-қайшылық  туғызар  еді,  тіпті  биліктегі 

жекелеген  тұлғалардың  тайталасы  төбе  көрсе-

туі мүмкін. Өткен мерзім ішінде бізде үкіметтік 

немесе парламенттік дағдарыс болмағанын атап 

айтқым  келеді.  Биліктің  тұрақтылығы  реформа 



151

жүргізудің жоспарлылығын, сатылылығын және 

биліктің  әр  тармағы  саясатының  сабақтастығын 

қамтамасыз  етті.  Соның  нәтижесінде  қоғамдағы 

саяси тұрақтылық сақталды. 

Біз  үшін  мемлекеттік  биліктің  қайнар  көзі 

Қазақстан халқы болып табылатыны дәлелдеуді 

талап  етпейтін  айдай  ақиқатқа  айналды,  сон-

дықтан  билік  өз  мәнінде,  іс-әрекетінің  мақсат-

тылығында, халық мүддесіне қызмет етуде күшті 

де жинақы болуға тиіс. Мұның өзі әлемдік үрдіс-

терге сай келеді. 

Ең жаңа әлемдік тәжірибеде билік қатынастарын 

құрудың тың үлгісі барған сайын айшықтала түсуі 

тегін  емес.  Еуропа  кеңесінің  актілерінде  жария-

ланған қаржымен демеу ұстанымы билікті мем-

лекеттік, өңірлік және жергілікті деңгейде өзара 

толықтыру мен өзара ауыстыруды білдіреді. Жер-

гілікті өзін-өзі басқару хартиясы мен Аймақтық 

басқару хартиясының жобасы, мысалы, осындай. 

Сондықтан өзіміздің мемлекеттік құрылысымызда 

біз тың тұжырымдарды бейнелейтін тетік жасауға 

тырыстық. 

1995 жылғы Конституция экономикалық рефор-

маларға  соны  серпін  берді.  Үкімет  қызметінің 

заңнамалық арқауы мен заңнамалық өрісі жаса-

луын қамтамасыз етті, ал бұлар нарықтық қатына-

стардың талаптарына сәйкес келді, келе де бермек. 

Сөйтіп,  Конституция  мемлекеттік  секілді,  жеке 

меншікке де бірдей кепілдік береді. Біздің ел үшін 



152

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

жерді  жеке  меншікке  жатқызу  мүмкіндіктерін  

конституциялық тұрғыдан бекіту айрықша маңыз- 

ды. 

Ешбір  асырып  айтпай-ақ,  бүгінгі  таңда  біз 



әжептәуір  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткіздік. 

Басты  жетістіктердің  ішінде  макроэкономика-

лық тұрақтандыру, инфляцияны толық тұқырту, 

тиімді қаржы-кредит жүйесін жасау, жекеменшік 

қатынастарды  тәртіпке  келтіру,  кезең-кезеңімен 

ойдағыдай өткізілген жекешелендіру бар. Инве-

сторлардың  сенімін  айрықша  атап  көрсетуге 

болады.  Қазақстан  бүгінгі  күнде  ұлттық  эконо-

микаға  шетел  капиталын  тарту  жөнінен  жақсы 

көрсеткіштердің  біріне  ие  болып  отыр.  Өнер-

кәсіп  өндірісінің  тұрлаулы  өсуі  басталды,  ауыл 

шарушылығы оңалып келеді. Әлеуметтік реформа 

табанды да жоспарлы жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде Конституция мен заңдарымыз адамға 

жай ғана қызмет етіп жатқан жоқ, сонымен бірге 

оның шығармашылық, жасампаздық күш-қуатын 

еселеп, кәсіпкерлік бастамашылығын көтермелеп 

отыр деуге толық негіз бар. 

Жаңа  Конституцияда  азаматтардың  консти-

туциялық құқықтары мен бостандықтары нақты 

тұжырымдалып,  анық  кепілдендірілген.  Негізгі 

заңда адам құндылықтары, оның құқықтары мен 

бостандықтарының бекітілуі әрбір азаматты қорға-

уға  талпынумен  тиянақталады.  Бұл  талпыныс 

Қазақстан үшін әбден қисынды, себебі мұнда ерікті 

ұжымдастыру деп аталатын науқанның барысында 



153

миллиондаған қазақ қырылды, әртүрлі ұлттардың 

ондаған  мың  адамдары  атылды,  қуғын-сүргінге 

ұшырады, тұтас халықтар күштеп көшірілді. 

Нақтылы мүмкіндіктермен қамтамасыз етілме-

ген даңғаза декларациядан арылудың сәті түсті. 

Жұрттың  бәрін  және  әрқайсысын  «азғантай, 

теңестірілген» жалақымен қамтамасыз ету, жаңа 

нарықтық  қатынастар  саласында  ілгері  жылжу 

жолында бөгет болған денсаулық сақтау мен білім 

беруде  өзін-өзі  ақтамаған  мемлекеттік  патерна-

лизм жойылды. 

Басқа сөзбен айтқанда, Конституция азаматтар-

дың конституциялық құқықтары мен бостандықта-

рының  және  міндеттерінің  мәні  мен  мазмұнын 

қазіргі нарықтық экономиканың ұстанымдарына 

сәйкес тұжырымдап берді, ал бұның өзі тұлғаның 

санқилы мүдделерін қанағаттандыру мүмкіндігін 

оның  еңбек  қызметінің  барысындағы  нақтылы 

үлесіне  (нәтижесіне)  байланысты  қарастырады. 

Сонымен бірге мемлекет тегін әлеуметтік қызмет-

тің қажетті ең аз мөлшерін кепілдендіреді. 

Қазір қолданыста жүрген Негізгі заңның қабыл-

дануына орай Қазақстанда сапалық тұрғыдан жаңа 

құқықтық  кеңістік  қалыптасты,  азаматтардың 

өзін-өзі таныта білуі үшін қажет жағдайлардың 

бәрін қарастыратын құқықтық кеңістік қалыптас- 

тырды,  қоғамды  одан  әрі  демократияландыру 

үшін кең айдын ашылды. Экономикалық еркіндік, 

идеологиялық және саяси саналуандық, баршаның 

заң  алдындағы  теңдігі  Қазақстанның  құқықтық 


154

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

дамуының  негізгі  артықшылығы  болып  таны-

лады.  Сонымен  бірге  Конституция  конституци-

ялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған 

әрекеттерге,  республиканың  тұтастығын  бұзуға, 

мемлекеттің қауіпсіздігіне қастандық жасауға, әле-

уметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және 

рулық алауыздықты өршітуге тыйым сала отырып, 

демократиялық институттарды теріс пайдалануға 

жол беруге болмайтынын жариялайды. Осыдан 

Негізгі  заңның  конституциялық  заңдылықты, 

қоғамдағы  тұрақтылық  пен  құқықтық  тәртіпті 

қамтамасыз етуге бағытталған қорғаушылық қыз-

меті айрықша көрінеді. 

Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар-

дың міндетін біз Конституцияда негізі салынған 

қуатты  әлеуметтік  әлеуетті  ақырына  дейін  іске 

асыруынан көреміз. 

Қолданыстағы Конституция Шарль-Луи Мон-

тескьенің биліктерді бөлу туралы доктринасына 

шүбәсіз  емес  бағдарлық  сипат  бере  отырып 

жаңаша түсіндіреді. Мемлекеттің бірегей міндет-

терін  орындай  отырып,  оның  органдары  өзара 

әрекет етіп, бірін бірі толықтырып отыруы керек. 

Биліктің  монополиялы  тармақтары,  олардың 

қатаң бөлінуі болмайды, болуға тиіс те емес, өйт-

кені тежемелік әрі тепе-теңдік  маңызын жоғал-

тады. Билік біртұтас, тек оның міндеттерін және 

жүзеге асырудағы өкілеттіктерді бөлу ғана бар. 

Құрғақ пайымдаудан тыс бар жауапкершілікпен 

мынаны  мәлімдеуге  болады.  Конституциямыз-



155

дың  сыртқа  «қатаң»  боп  көрінетіні  мемлекеттік 

басқарудың нақпа-нақ жүйесін құруға мүмкіндік 

береді, демократиялық институттарға бөгет жаса-

май,  қайта олардың  дамуын  көтермелейді.  1998 

жылы Негізгі заңға енгізілген түзетулер де осыған 

бағытталған. Мұны биліктің жұмыс істеп тұрған 

институттарын демократияландыруға жатқызуға 

болады – Парламенттің өкілдігі ұлғайтылды, бас-

шылардың кейбір категориялары, соның ішінде 

өңірлік  басшылар  да  сайлап  қойылатын  болды, 

сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстардың 

қызметін азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің 

ел өміріне белсене араласуын көздейтін қызметі 

туралы да осылай деу керек. 

Мысал ретінде Конституцияға сәйкес қалыпта-

сқан қос палаталы Парламентті келтіруге болады. 

Әлбетте, өкілетті органның құқығы шексіз емес, 

ол  қоғамдық  қатынастың  барынша  маңызды 

салаларын қамтиды. Алайда бұл қатынастардың 

әралуандығы  соншалық,  іс  жүзінде  қоғам  мен 

мемлекеттің күллі өмірлік маңызы бар мәселелері 

заңмен реттеледі. 

Жоғары өкілетті орган, биліктің барлық тармағы 

сияқты, өзінің құзыреті мен заң шығару үдерісінің 

негіздерін орнықтырып реттеп отыратын Консти-

туцияның рухы мен әрпіне бағынады. 

Заң  шығару  рәсімдерінің  көпсатылығы  мен 

қатаң  реттелген  бірізділігі  жұмыс  сапасының 

қосымша  кепілі  болып  табылады.  Парламент 

өзінің айқын белгіленген дәргейімен елдің саяси 


156

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

жүйесін  парламенттік  республикаларды  жиі 

сілкіндіріп  тұратын  тұрақсыздықтан  арылтуға 

қабілетті  екенін  есте  ұстаған  абзал.  Басқаша 

айтқанда,  қазақстандық  Парламент  әлеуметтік 

тыныштық пен саяси күштер тепе-теңдігінің маңы-

зды құралы болып отыр. 

Конституцияға 1998 жылдың күзінде Парламент 

енгізген өзгертулер мен толықтырулар мемлекет-

тік билік жүйесіндегі жоғары өкілетті органның 

мәнділігін, рөлі мен орнын нығайта түсті. Дұрыс-

талған  конституциялық  нормалар  елдің  заң 

шығарушы органы қызметінің тиімділігін, оның 

депутаттарының кәсібилігін көтеруге бағытталған. 

Парламенттің  заңшығарушылық  құзыретінің 

көлемін  айқын  анықтау  заң  шығарушы  билік-

тің  тиімдірек  қызмет  атқаруы  үшін  алғышарт 

жасайды,  заң  шығару  жұмысының  пәрменділігі 

мен сапасын арттырады, оны қатаң конституци-

ялық  негізге  қояды.  Ал  бұл  өз  кезегінде  елдегі 

конституциялық заңдылық тәртібін нығайтады. 

Өркениетті  қоғамда  Парламенттің  қолында 

болатын ықпал мен бақылаудың ең күшті құрал-

дары тиімді заңдар қабылдау, мемлекеттік бюд-

жетті бекіту, Үкімет қызметінің бағдарламаларын 

мақұлдау немесе қабылдамау, осы бағдарлама бо- 

йынша оның Парламент алдында есеп беретіндігі, 

Премьер-министрді  тағайындауға  келісім  беруі, 

сенімсіздік вотумын білдіру, Парламент палата-

ларында Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау және 


157

оларды босату туралы Президентке ұсыныс жасау 

боп табылады. 

Оның үстіне негізгі кадр мәселесі, атап айтқанда, 

Ұлттық банк төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық 

қауіпсіздік комитетінің төрағасын, Жоғарғы соттың 

төрағасы мен судьяларын, Орталық сайлау комис-

сиясының  төрағасы  мен  мүшелерін,  сондай-ақ 

Конституциялық  кеңес  құрамының  көпшілігін 

Парламент пен оның палаталарының кесімді де 

шешімді  сөзінсіз  ешкім  тағайындай  алмайды. 

Демек, Қазақстан Парламентінің конституциялық 

өкілдігі қазіргі жағдайда тіптен қомақты.  

1995  жылғы  Конституцияның  бұрынғыға 

қарағанда айырмашылығы, ол жаңа институттар 

мен нормалар енгізді. Сөз Парламенттің қоспала-

талық құрылымын, Конституциялық кеңес құру, 

жұмыс істеп тұрған құқық көздерінің иерархия-

сын айқындау, соттардың біртұтас жүйесін жасау, 

биліктің сот тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз 

ету  үшін  олардың  жаңа  тәртібін  қалыптастыру 

жөнінде болып отыр. 

Құқықтық мемлекет қалыптастыру үрдісі бізде 

енді  ғана  күш  алып  келеді,  сондықтан  біз  үшін 

маңызы одан кем емес міндет құқықтық, соның 

ішінде сот жүйесінің тиімділігін арттыру болып 

табылады. Одан да зоры бұл үдерістер өзара бай-

ланысты және өзара септестірілген. 

Экономиканың  тиімділігінсіз,  жетілген 

құқықтық  арқаусыз  әділ  де  адал  соттың  болуы 

мүмкін  емес.  Өз  кезегінде  экономиканы  тек 


158

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

нарықтық құқықтық тәртіп орнатып және мемле-

кет аппараттарының, барлық азаматтар мен заңды 

тұлғалардың  Конституция  мен  заңдарды  қатаң 

орындауын бекітіп қана көтеруге болады. 

Заңға аялай қарамай, құқық пен сотты төбеге 

көтермей,  Қазақстанда  тиімді  экономика  бол-

майды. Бұл жұмыста бәрі де:  сайма-сай құқықтық 

база  жасау,  Конституцияның,  жеке  және  заңды 

тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қорғау күзетінде тұрған сотты заңдық пирамида-

ның биігінде ұшар бекіту, сондай-ақ тек заңға ғана 

бағынатын,  аясында  сот  шешімдері  бұлжытпай 

орындалатын, тек білікті, ақ ниетті адал қызмет-

шілер жұмыс істейтін сапалы сот жүйесін қалып-

тастыру.

Құқықтық мемлекетте азаматты қорғайтын Пре-

зидент те, аймақ жетекшісі – әкім де, министр де 

емес, сот болуы тиіс екеніне өз басым сенімдімін. 

Бүкіл сот және құқық қорғау жүйесі өзінің басты 

мақсаты – азаматтардың конституциялық құқығы 

мен бостандығын қорғауға және қамтамасыз етуге 

міндетті. 

Конституция  жұмыс  істеген  5  жыл  еліміздің 

Негізгі  заңының  арналы  қағидаларының  қисын-

дылығын, тұрлаулылығын, нарықтық және демо-

кратиялық  мәнін  айқын  дәлелдеп  берді.  Осы 

мерзімдегі қызметтің қорытындыларына әділ де 

сыни көзқарасты сақтай отырып, Конституцияда 

негізі  қаланған  орасан  зор  жасампаздық  әлеует 

әлі де іске нашар қосылып отырғанын айту керек. 



159

Өкінішке орай, көптеген мемлекеттік органдар 

мен лауазымды тұлғалар, соның ішінде соттар мен 

құқық қорғау органдары да күні осы уақытқа дейін 

Конституцияның мәнін айқындау үшін, ең бастысы 

– оның қағидаларын азаматтардың бәрі орындауы 

үшін қажеттінің барлығы бірдей жасалған жоқ. 

Ауқымды қоғамдық санада өміріміздегі Консти-

туцияның рөлі мен орны әлі дұрыс түсіндіріліп 

болған жоқ. Осыған байланысты құқықтық оқу мен 

білім беру бірінші дәрежелі маңыз алады. 

Бізде әлі құқықтық көзқамандық жойылып біт-

кен жоқ және министрліктер мен ведомстволардан 

бастап өз жұмысын реформаламаған, соның сал-

дарынан көптеген заңдар, Президент жарлықтары, 

Үкімет қаулылары зордың күшімен әрең орында-

лады, «Заңды білмесең, жауапкершіліктен құтыла-

сың» деген ұстаныммен өмір сүруге үйреніп кеткен  

жекелеген азаматтар да соның ішінде. 

Сондықтан да біздің бәріміз Конституциямызды 

бастан-аяқ білуге тиіспіз деп ескертуден танбай-

мын. Алайда ол жұртқа кең құқық пен мүмкіндік 

бере тұрып, азаматтық қолдау мен қорғауға ділгер. 

Ең бастысы – кімде-кім болсын әрбір адамның 

Конституция  нормаларын  қатаң  сақтауы.  Бар-

лығымыздың да заңдарды білуіміз өте маңызды. 

Ал оны орындауымыз одан да маңызды. Мұнсыз 

өркендеген мемлекет құруға деген күллі күш-жі-

геріміз босқа кетеді, ол аз болса, елде тәртіп орнату 

көрінеу көзге сәтсіздікке ұшырайды. 



160

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Мемлекеттік құрылыс үдерісі аялсыз, ол мем-

лекет өмір сүргенше жалғаса береді. Бәлкім, өмір 

бізден  бәз  1  түзетулер,  тіпті  конституциялық 

түзетулер  де  енгізуді  талап  ететін  шығар.  Әйт-

кенмен 1 нәрсе айқын – Қазақстан Республикасы-

ның қазіргі қолданыстағы Конституциясы өткен 

5 жылда өзінің қисынды да тиімді екенін, басты 

қағидаларының әлі күнге көкейкесті екенін негізі-

нен дәлелдеді. «Қазақстан – 2030» страгетиясында 

атап өтілгендей, бізге қосымша күш пен сенімді 

қиын-қыстау  кезеңде  мемлекеттігімізді  құрған, 

саяси және экономикалық реформалар жүргізген 

тәжірибеміз,  әлем  мен  оның  дамуын  білгеніміз, 

қазақстандықтардың  төзімділігі  мен  түсіністігі 

берді.  Саяси  тұрақтылық,  ұлтаралық  және  аза-

маттық келісім Конституцияның рухы ақиқатқа 

айналатынына кәміл сенуімізге жағдай жасайды. 

Елдің  Негізгі  заңы  біз  үшін  биік  мақсатымыз 

– экономикалық тұрғыдан кемелденген, әлемдік 

қоғамдастыққа кіріккен, өз азаматтарының игілігі 

мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін мем-

лекет  құруға  қарай  ілгері  басуымызды  реттеп 

отыратын негіз боларлық құжат. 


161

БҰҰ-ның мыңжылдық саммитінде 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

2000 жылғы 6 қыркүйек

Құрметті Төраға мырза! 

Құрметті Бас хатшы мырза! 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Жаңа мыңжылдықтың бізге жаһандық өзгері-

стер ғана әкеліп қоймай, адамзат тарихында бет-

бұрыс  кезең  туғанын  да  топшылататыны  айдан 

анық. 

Бірақ бүгінде жаңа әлемдік тәртіптің нобайын 



байқатып  отырған  жаһанданудың  прогресс 

162

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

құбылысына  тән  екені  күмәнсіз,  сонымен  бірге 

оның көптеген мемлекеттер үшін келеңсіз салдар-

лары болуы да кәдік. 

Бұл  көптеген  факторлардан  шаң  беріп  отыр, 

солардың бастысы әлемдік қоғамдастық елдерінің 

көзге  ұрып  тұрған  теңсіздігі  болса  керек,  сірә. 

Мұның өзі тіпті біздің күнделікті сөз саптауымы-

здан да көрінеді: бай мен кедей, өркендеген және 

экономикалық мешеу, ресурс әлеуеті бар немесе 

байлығын сарқып алған, т. б. осы теңсіздіктің үдеп 

бара жатқанын білдірмей ме. 

Егер  жаһанданудың  жетістіктері  мен  жемі-

стерінтек  жоғары  дамыған  елдердің  ат  төбелін-

дей  азғантай  тобы  көретін  болса,  онда  бұл, 

сөз  жоқ,  тайталасқа,  әлеуметтік  дүрбелең  мен 

жанжалдарға  соқтырады  және  бұл  соңғы,  оның 

алдындағы жүзжылдықта жер бетіндегі өркениет 

бастан кешіргеннен әлдеқайда ауыр болады. Әлем 

халықтары өз көшбасшылары мен БҰҰ жаһандық 

проблемаларды шешудің оңтайлы жолын табады 

деп сенеді. 

Осы орайда маған БҰҰ да, ұлттық үкіметтер де 

өзара міндеттемелер алуға тиіс сияқты көрінеді. 

Біріншіден, әрбір ел ықтимал келеңсіз құбылы-

старды көре біліп, оларды барынша залалсыздан-

дыру үшін жаһандану үдерістеріндегі өз бағдарла-

рын жауаптылықпен айқын анықтап алуы шарт. 

Екіншіден,  басым  міндеттерінің  бірі  ретінде  өз 

қызметін жаңғырту аясында БҰҰ, шартты түрде 


163

айтқанда,  үлес  тимей  қалған  барлық  елдердің 

мүддесін  барынша  ескеретін  жаһандану  үлгісін 

жасақтауды  өз  мойнына  ала  алар  еді.  Сонымен 

бірге ол дамыған елдердің көпшілік тұрғындары 

үшін де сайма-сай болуға тиіс, өйткені олардың 

арасында да халықтың жік-жікке бөлінуі шүбәсіз. 

Бұл үлгіде қауіпсіздіктің қазір бар жүйелерінің 

тиімділігін  арттыру  және  замана  талабына 

жауап беретін жаңаларын жасау жөнінде шара-

лар  қарастырылуы  тиіс.  Жасыратыны  жоқ,  зор 

жетістіктеріне қарамастан, БҰҰ бейбітшілік пен 

қауіпсіздікті  қолдау  міндетін  ұдайы  ойдағыдай 

атқара бермейді. Осы ретте бітімгершілік әлеуетін 

күшейтумен  қатар  БҰҰ  және  ең  алдымен  оның 

Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздіктің аймақтық жүй-

елерінің мүмкіндіктерін пайдалану және олармен 

өзара іс-әрекеттерді жолға қою әлдеқайда келе-

шекті іс болар еді. 

Олардың  ішінен  ЕҚЫҰ  немесе  өз  айшығын 

тауып  үлгерген  Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және 

сенім шаралары кеңесі, болмаса «Шанхай бестігі» 

сияқты ұйымдардың көп жағдайда өте нәтижелі 

іс атқаратыны күмән туғызбайды. 

Тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті  қолдау  үдері-

стеріне белсене атсалысу аймақтардағы «гумани-

тарлық  интервенцияның»  қауіптілігі  мен  қиын-

дықтарынан арылуға мүмкіндік береді. Солардың 

көмегімен  Қауіпсіздік  кеңесі  қолдағанда  көпте-

ген  дау-шарларды  егемен  мемлекеттердің  ішкі 



164

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

істеріне дөрекілеу түрде араласпай-ақ тындыруға 

болар еді. 

Мұндай тәсілдердің шұғыл қажеттілігін қазіргі 

кезде Азияда өріс алған үдерістер-ақ айғақтайды. 

Ауғанстан  ғаламшардың  «дертті  нүктелерінің» 

біріне айналды. Бұл елдің көп азап шеккен халқы 

кеңес әскерлері басып кірген 20 жылдан бері соғы-

стың барша сұмдығын бастан кешіріп отыр. Бұл 

елдегі  тұрақсыздық,  кедейшілік  оның  аумағын 

Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлем бойынша 

экстремизм, халықаралық терроризм таралатын 

алаңға  айналдырды.  Ауғанстанда  жыл  сайын  

3 мың тонна шикі апиын өндіріліп, сосын өңделген 

түрде Еуропа мен АҚШ-қа жеткізіледі. 

Жақында  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан 

және Тәжікстан басшылары Ресеймен бірге осы 

проблеманы талқылап, БҰҰ мен әлеми қоғамда-

стыққа үн қатып, жағдайды бірыңғайландыруға 

ықпал  жасауға  шақырды.  Жағдайды  тұрақтан-

дыруға  бағытталған  нақтылы  шараларға  талдау  

жасау  үшін  Ауғанстан  мен  Орталық  Азиядағы 

жағдайды  талқылауға  арналған  Қауіпсіздік 

кеңестің  арнаулы  мәжілісін  шақыру  қажет  деп 

санаймыз. 

Талқыланатын  мәселелердің  қатарына  ядро-

лық  қатердің  жойылуы  проблемасы  енгізілуі 

тиіс. Себебі ядролық қаруы бар кейбір елдердің 

тұрақты тайталасы төбе көрсетіп отыр. Аймақтың 

бірқатар елдері ядролық қаруды қолға түсірудің 


165

аз-ақ  алдында  тұр.  КСРО  ыдырағаннан  кейін 

Қазақстан  атом  қаруының  орасан  зор  әлеуетіне 

ие  болып  қалды.  Біздің  ел  бірінші  болып  осы 

арсеналдан  бас  тартуға  батыл  қадам  жасады. 

Сондықтан да бүгін біз барлық ядролық держава-

ларды ядролық қаруды жою жөнінде нақты қадам 

жасауға шақырамыз. 

Жаһандану дәуірінде БҰҰ қызметін жетілдіру 

бағытында  оның  құрамында  жағдайға  ғалам-

дық  тұрғыдан  талдау  жасайтын  институттарды 

дамыту,  өршігелі  тұрған  жанжалдар  жайында 

алдын ала ескертіп, жағдайға бастапқы кезеңінде 

араласу үшін ұсыныстар жасақтауға, дау-шарды 

әскери тәсілмен шешуге жібермейтін алдын алу 

дипломатиясын  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік 

туғызар  еді.  Олар  тұрақсыздықтың  көзі  болып 

табылатын әлеуметтік және экономикалық про-

блемаларды  шешудің  таптырмайтын  құралы 

болар еді. 




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал