Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет7/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Қадірменді отандастарым!

Әрбір буынның өзі өмір сүрген уақытты өзекті 

кезең санайтыны бар. Дегенмен мыңжылдықтар 

межесінде ғұмыр кешуді тарих тек біздің буын-

ның ғана маңдайына жазыпты. Бұл бүгінгі буын-

ның басына қонған бақ қана емес, сонымен қатар 

оның басына түскен уайымы да, бұл бізге берілген 


126

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

мүмкіндік қана емес, сонымен бірге бізге төнген 

қатер де. Соңғы 10 жылдың ішінде біз бастан кеш-

кен  уақиғалардың  шиыршық  атып  тұрғандығы, 

күнделікті өмірдің уайым-қайғысы мен қауіп-қа-

терінің шығанға шыққандығы сондай, кей-кейде 

көне тарихтың бел-белестері де, келешектің көк-

жиегі де көмескіленіп кете береді. Сонда да жүріп 

өткен жолымызды еске алып, таяу болашаққа ой 

көзімен үңілетін сәттеріміз де болып тұруға тиіс. 

«Өзіңнің өткеніңді ұмытсаң, ол болашақта алдыңа 

келеді» деген ғибратты сөз бар.

І. Тарих және тәуелсіздік

Осыдан мың жарым жылдай бұрын ұлан-бай-

тақ Еуразия даласының нақ кіндігінде көне түр-

кілердің ұлы империясы дүниеге келді, ол импе-

рия кейін мына шеті Қытайдан басталып, ана шеті 

Византияға тіреліп жатқан алып кеңістікті бағын-

дырып алған қуатты мемлекеттік бірлестіктерге 

айналды. Сол уақыттардан бері біздің бабалары-

мыз Солтүстік Еуразияның төсінде, тұрақ-мекенін 

ауыстырмай ғұмыр кешіп келді, қазір біз де тап 

сол өңірде өмір сүріп жатырмыз. 

Екінші мыңжылдықтың бас жағында даламыз 

моңғол  көшпенділерінің  шапқыншылығына 

ұшырап,  аса  жойқын  апатқа  тап  болмағанда, 

Қазақстанның тарихы басқаша түзілер еді. Алайда 

тарих болжам жасап, бал аша бергенді мойындай 

қоймайды,  сондай-ақ  ақ-қара  деп  қана  айыра 


127

салғанды да құп көрмейді. Монғолдардың шағын 

қолы жергілікті халыққа араласып, сіңісіп кетті, 

одан кейінгі Алтын Орданың, Ақ Орданың, Көк 

Орданың  тарихы,  шынтуайтына  келгенде,  түркі 

халықтарының тарихы болып табылады.

XV ғасырда алғашқы қазақ хандығының құрылуы 

халықтың  тарих  төсіндегі  уақыт  кеңістігіндегі 

өзіне тиісті бөлекше орынды алып тынғанын тия-

нақтады. Ұлы хандарымыз Керей мен Жәнібек оны 

саяси тұрғыдан бедерлеп берді. Ұлттық тарихымы-

здың соңғы 5 ғасыры халқымыздың өмір сүретін 

кеңістік үшін арпалысының тарихы болып табы-

лады. Біз өзіміздің өткендегі өмірімізге кілең 1 кез-

дейсоқ оқиғалар тізбегі деп қарамауымыз керек. 

Шұғыл өркендеп кеткен Еуропа мен дами түскен 

Қытай  ХVІ–ХVІІ  ғасырлардың  өзінде  көшпелі 

халықтардың мүмкіндіктерін күрт кемітіп, олар-

дың  бойындағы  күш-қуатын  бір-бірін  жойып 

жіберуге жұмсатып қойды. Қазақтар мен жоңғар-

лардың трагедиясы осылайша басталды. Ұлттың 

бойындағы  қуат  кернеуінің  күштілігі  сондай,  

біз сол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» 

да төтеп бере алдық, сөйтіп жеңіп шықтық. 1 бол-

сақ,  бізді  алар  жау  жоқ  деген  қарапайым  ғана, 

қарапайым да болса мәңгілік ақиқат ойға да сол 

тұста ден қойғанбыз. Елді қос өкпеден қысқан құр-

саудан халықтың басын қосқан айбынды ханымыз 

Абылайдың сөзі мен семсері құтқарып қалатыны 

да сол тұста болатын. Алайда ол жеңістің қызығын 



128

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

ұзақ  көре  алған  жоқпыз.  Біз  тарихи  тұрғыдан 

көштен қалып қойған халыққа айнала бастадық.

Ресей  империясының  құрамында  болған 

кезіміз  көшпеліліктің  тарихтағы  бағы  баянды 

еместігіне көз жеткізді. Абылай ханның немересі 

Кенесарының қияпатты тұлғасы, тәуелсіздік үшін 

арпалысқан басқа да ерлердің бейнесі біздің жады-

мызда жатталып қалады. Бұл трагедияның түйіні 

ержүрек номадтардан уақыттың өзі бетін бұрып 

алғанында болатын.

Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің 

сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты 

әлемдік  айдынға  алып  шығуға  нақты  мүмкіндік 

туды.  Ол  мүмкіндікті  туғызғандар  «Алаштың» 

ардақты азаматтары еді. Алайда енді басқа тра-

гедия – тоталитаризм трагедиясы алдан шығып, 

тарихымыздың 100 жылға жуық белесін жапты да 

тастады.  Тікелей  немесе  жанама  шығындардың 

кесірінен тек қазақтардың өзі айналасы бірнеше 

жылда халықтың 40 %-дайынан айырылып шыға 

келді.  Ондаған  млн  орыстар,  украиндықтар, 

еврейлер опат болды... Тоталитаризм ұлтқа қарап 

жатпайды. Этностың басына түскен осынау ақы-

рзаманда  ешқандай  ұлттың  кінәсі  жоқ  екенін, 

мұның өзі сол жүйенің табиғатынан туындағанын 

түсінетін шақ жетті. Ол жүйе тіпті тұяқ серпитін 

сәтінде  де  Алматының  алаңында  жігіттер  мен 

қыздардың қанына қол батырып қалудан шімірік-

кен жоқ...


129

Ұзақ жылдар бойы халықтың бойындағы қуат 

дамуға  емес,  өлместің  күнін  кешуге  жұмсалып 

жатты. Біз жаңа жүзжылдықтың табалдырығына 

қилы-қилы мұраны арқалап жеттік, сонымен бірге 

ұлттық тарихта бізге дейін ешқандай ұрпақтың 

қолына  тимеген  мүмкіндікті  де  ала  келдік. 

Қияметті де қияпатты соңғы онжылдықта бұған 

дейінгі жүздеген ұрпақтардың қолы жетпегенге 

қол жеткіздік: тәуелсіз мемлекет құра алдық. Бізді 

ешқандай тарих желі жер бетінен жойып жібер-

мейтіндігінің басты кепілі міне осы.



ІІ. ХХІ ғасырдың салар сынағы

Қатып-семіп қалған уақыттың құшағына қайта 

түспес  үшін  біз  нақтылы  ойлай  білуіміз  керек. 

ХХІ-інші ғасырдағы Қазақстан – әлемдік экономи-

калық және саяси кеңістіктің 1 бөлігі. 

Әлемнің  басқа  аймақтарындағы  дағдарыс 

Қазақстанды  да  шарпып,  шалдықтыра  кеткен 

шақта біздің бәріміз де жаһанданудың салмақ сал-

дарын сезіне алдық. Әлемнің бағыт-бағдары ұлт-

тардың да бағыт-бағдары болып барады. Бүгінгі 

оқшауланушылық  саясаты,  әсіресе,  Қазақстан 

үшін жеңіліспен тең. Ұлт пен мемлекеттің аман 

қалуының  жалғыз  жолы  –  экономиканы  ашық 

ұстау, әлемдегі қуатты экономикалық аймақтар-

мен ықпалдаса араласып-құраласу. 

Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық 

экономикада ғана емес, саясатта да жарға жықпай 


130

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

қоймайды.  Қазақстан  әлемдік  үрдістерге  қарсы 

тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз 

құруға болмайды. Бұл сапарда кідірістер де кез-

деседі, алайда, қандай саяси қажеттілік талап етсе 

де, Қазақстанда кері шегінуге жол жоқ. Монарх-

тардың, бас хатшылардың немесе президенттердің 

белден баса беретіні келмеске кетті. 

Алайда осынау міндеттердің бәрінің үдесінен 

шығу  елдің  қауіпсіздігіне  келіп  тіреледі.  Сонан 

да ХХІ-інші ғасыр біздің алдымызға ауыр сынақ 

тосқалы тұр. Екінші дүниежүзілік соғыс-тан бері 

әлемде кем қойғанда 170 рет соғыс өрті тұтанды. 

Қазір де 4 құрлықта 24 жерде соғыс сипатындағы 

қақтығыс орын алып отыр. 

Көршілес  жатқан  елдердегі  қарулы  қақтығы-

стар және олардың Қазақстанға ауысу қауіпінің 

бар екендігі – таяудағы жылдарда біздің қауіпсізді-

гімізге салынар басты сын-қатер. Бұл – құр тео-

рия емес, нақты қатер. Бұл қатер босқындардың 

баса-көктеп еніп кетуінің де, Қазақстанды қарулы 

қақтығыстарға ұрындыру мақсатымен жасалатын 

арандатушылықтан да, ел аумағында террорлық 

әрекеттер  жасаудан  да,  шекарадағы  жағдайды 

ушықтырудан да көрініс табуы мүмкін. 

Жаңа ғасырдың басында саяси және діни экс-

тремизмнің кеңінен таралуының қаупі де мұнан 

кем емес. Экстремизмнің неше атасы – өтіп бара 

жатқан ғасырдың қорқынышты «жаңалығы», оны 

ойда-жоқта шыға келген сұмдық деп қарауға бол-


131

майды. Оның бастау-бұлағы, себеп-салдары бар. 

Тек күш көрсетумен бұл мәселені шеше алмайсың. 

Күш көрсету күш көрсетуді туғызатыны тағы бар. 

Қазақстан  есірткі  тоқтаусыз  тасымалданатын 

белдеуде  жатыр.  Орналасқан  жеріне  байланы-

сты  Қазақстан  есірткі  бизнесінің  халықаралық 

құрылымдарының  мүддесі  үйлескен  аймаққа 

айналған.  Бұл  мәселенің  географиялық,  эконо-

микалық  тұрғыдан  қарағандағы  өлшемдерінің 

маңыздылығын  ескерумен  қатар,  есірткіге 

салынушылық  пен  есірткі  бизнесімен  күресті 

қазақстандықтардың  өздерінің  қолдауынсыз 

жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз. Про-

блеманың ауқымын мемлекет қана емес, тұтастай 

алғанда қоғамның өзі де шамалауға міндетті. 

Өкімет билігін Конституцияға жат әдістермен 

тартып  алуға  шақыратын  күштердің  қимылын 

қырағылықпен  қадағалап  отыруға  тиіспіз.  Иә, 

бәлкім,  біз  қателіктер  жіберетін  де  шығармыз. 

Біздің уақытымызға әділ бағаны тек болашақтың 

тарихшылары ғана бере алады. Алайда осындай 

өтпелі  кезеңдердің  бірінде  айтылған  «тозаққа 

барар  жолдың  да  ізгі  ниетпен  төселуі  мүмкін» 

деген ақиқат сөз де бар. Мемлекеттің айналасын-

дағы  жағдай  қазіргідей  өте  нәзік  те  тұрлаусыз 

күйде тұрған кезде іштен іріп жату дегеніңіз дәл 

тозаққа  барар  жол  болады  да  шығады.  Осыны 

түсінгісі  келген  адам  көршілеріміздің  қайғылы 

халіне көз салса жетіп жатыр. Немесе өткенімізге 

көз жіберсін – ұлттың басы бірікпеген кездеріне 


132

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

мысал жетіп артылады. Мұндай қателіктерді біз 

қайталамақ емеспіз. Өзінің мемлекеттілігіне қол 

жеткізген халықтың тағдырын ешкімнің де, мейлі 

олар қандай ұранды бетперде етіп ұстаса да, тәл-

кегіне түсіріп қоя алмаймыз. 

ІІІ. Ауытқымалы дүниедегі қауіпсіздік

Ғасыр соңында қауіпсіздіктің бүкіл халықара-

лық  жүйесінің  тас-талқаны  шығуға  шақ  қалды. 

Соғыста жеңіп шығу бейбітшілікке қол жеткізуден 

жеңілірек деседі. Ұлттық егемендіктің мызғымас- 

тығы қағидаттарына арқа сүйейтін халықаралық 

құқыққа  негізделіп  құрылған  бейбітшілік  «сыр 

бере» бастады. 

Таяудағы тарихтың «адамды адастырып жібе-

ретін  сипаты»  бізді  өзіміздің  қауіпсіздігіміздің 

мәселесіне айрықша ықылас қоюға мәжбүр етеді. 

Тәуелсіздік алғалы бергі Ресей біз үшін көп көр-

шінің бірі емес. Мына қарапайым жайды – алдағы 

ғасырда  Ресеймен  серіктестік  қарым-қатынаста-

рымыз біздің еліміздің стратегиялық қауіпсізді-

гін қамтамасыз ететін міндетті шарттардың бірі 

болатынын – түсінетін, мойындайтын шақ жетті. 

Өзінің  мыңжылдық  тарихында  Қазақстан 

тұңғыш  рет  Қытаймен  заңды  түрде  бекітілген 

шекараға ие болды. Ол шекара достық шекара-

сына айналды. Қытаймен тұрақты қарым-қатынас 

жасаудың  Қазақстан  үшін  мән-маңызы  ерекше. 

Осынау  ұлы  мемлекетпен  қатынастарымызды 


133

«Шанхай бестігі» шеңберінде нығайта түсу плане-

таның осы бөлігіндегі аймақтық қауіпсіздік негізі 

болмақ. 


Қазірдің өзінде Қазақстандағы инвестицияның 

үштен бірі Америка Құрама Штаттарына тиесілі, 

Американың  экономикасы  мен  саясатының 

Қазақстанға қатысын кеңейте түсу, демократиясы 

дамыған елдермен сан салалы байланыс жасау да 

біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің іргелі мәселесі. 

Орталық  Азияның  екінші  мыңжылдықтағы 

тарихы  құрлықтың  орталығында  орналасқан, 

әлемдік коммуникация жүйесіне шыға алмайтын 

халықтардың  болашағы  болмайтынын  көрсетіп 

берді.  Орталық  Азиядағы  барлық  халықтардың 

тарихы,  егер  жекелеген  жайларды  алып  тастар 

болсақ, біз әлемдік маңызы бар транспорт арнасы 

бола аламыз ба, әлде тағы да жолдың 1 жиегінде 

қалып  қоямыз  ба  деген  басты  мәселенің  қалай 

шешілетініне  байланысты.  Расында  да,  «әмір-

шілер келеді, кетеді, ал халықтар қала береді». 

Жаңа  ғасырдың  табалдырығында  тұрғанда 

Орталық Азия мемлекеттерінің саяси ұмтылысы 

мәселесінен гөрі, қауіп-қатерін де, мүмкіндіктерін 

де ішіне бүгіп жатқан мына әлемде ел болып қалу-

дың  стратегиясы  мәселесі  әлдеқайда  маңызды. 

Орталық  Азия  халықтарының  бір-біріне  сенімі 

мен өзара жақындаса түсуі біздің ортақ қауіпсізді-

гіміздің мүддесіне сай келеді. 


134

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Тағдырға  мойынсұнған  өмірден  құл  күй-

інде  өтеді  деген  сөз  бар.  Тағдырымыз  қаншама 

күрделі  күйде  қалыптасса  да,  белсене  әрекет 

етпейінше,  болашағымыздың  баянды  болмай-

тынын біз білеміз. Бұл арада әңгіме игі жемісін 

қазірдің  өзінде  көріп  отырған  біздің  диплома-

тиямыздың  белсенділігі  жөнінде  ғана  емес.  Біз 

ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясын бекітіп алдық.  

2000  жылдың  басында  жаңа  әскери  доктрина 

қабылданбақ,  онда  әскерді  жеткілікті  деңгейде 

қаржыландыру көзделетін болады. Ел басшылығы 

артық  шу  шығарып,  дабыра  жасамай-ақ  саяси 

және  діни  экстремизмнің  жолын  кесудің  нақты 

шараларын жүзеге асырды. Бұл бізге жаңа ғасыр- 

дың алғашқы онжылдығына аспай-саспай қадам 

басуға мүмкіндік жасайды. Жер көлемі жағынан 

әлемдегі  тоғызыншы  ел  болып  табылатын 

Қазақстанның шекаралары, қандай экономикалық 

қиындықтарға да қарамастан, таяудағы жылдар-

дың өзінде сенімді түрде бекітілетін болады. 

Дүниеде 2 дүлей күш бар, оның бірі – уақыт, 

енді бірі – жағдаят деген сөздің осыдан 2 ғасыр- 

дан  бұрын  айтылып  жүргені  тегін  емес.  Алда 

тұрған  уақыт  біздің  тарихымыздағы  онша  оңай 

уақыт  емес,  жағдаят  жақсы  боп  кетер  деп  үміт 

етудің де жөні жоқ. 

Уақыт деген зымиян, айтпай-ақ жетіп келеді. 

ХХІ-інші ғасыр табалдырыққа тақап қалды деу аз, 

ол ғасыр біздің тереземізді тықылдатып тұр. Біз 


135

жаңа ғасырға өзімізді өзіміз алдарқатпай, бірақ 

сонда да барша қазақстандықтардың жағдайының 

тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі 

деген сеніммен қадам басқалы отырмыз. 

Өткен  тарихымыз  бізге  талай-талай  ащы 

тағылым қалдырды. Халық өзекті өртер өкінішті 

сәттерді бастан кешудей кешті. Ал бүгін қазақстан-

дықтар өз тағдырына өздері ие болып отыр. Жаңа 

ғасыр келіп қалды. Мен бұл ғасыр Қазақстанның 

тарихындағы ең ғажап ғасыр болады деп сенемін. 

Бұл ғасыр біздің тарихымызға жасампаз іске толы, 

бейбіт өткен ғасыр болып енеді деп сенемін. 


136

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002



I Еуразия экономикалық саммитінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

2000 жылғы 26 сәуір

Құрметті мемлекет пен үкімет басшылары! 

Қадірлі қонақтар! Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан  топырағында,  ару  қаламыз  Алма-

тыда сіздермен шын жүректен сәлемдесуге рұқсат 

етіңіздер! 

Осында  қатысып  отырған  мемлекеттер  мен 

үкіметтер басшыларына, үкімет делегациялары-

ның  жетекшілеріне,  іскерлік  топтар  мен  қалың 

жұртшылық өкілдеріне осынау іс-шараға қатысуға 



137

уақыт  пен  мүмкіндік  тапқандары  үшін  риясыз 

көңілмен рахмет айтамын.

Бұл  іс-шараға  деген  ықыластың  тым  жоғары 

болуын атап өтудің өзі маған 1 ғанибет. 

Бұған қатысу үшін әлемнің 37 елінен 500 өтініш 

түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарының 200-ден 

астам өкілдері тіркелді. 

Бұдан 10 жыл бұрын Орталық Азия мен Кавказ 

елдерінің  алдында,  күллі  ТМД  мемлекеттерінің 

алдында  қиын  міндеттер  тұрды,  ол  –  тәуелсіз 

мемлекеттілігіміз бен егемендігіміздің кепілдігін 

жасау еді. 

Басқа да жаңа мемлекеттер сияқты, Қазақстанға 

да  тоталитарлық  идеологияны  қиратудың, 

нарықтық  экономика  қалыптастырудың,  қатаң 

шектеу қыспағында демократиялық институттар 

құрудың  қиындықтарын  бастан  кешіруге  тура 

келді. 

1990-шы жылдардың өн бойында біздің ортақ 



мақсатымыз  экономикалық  өрлеу  мен  саяси 

тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа экономи-

калық және саяси институттар құру болды. 

Жаһандану дәуірінің мына келген жаңа онжыл-

дығы күн тәртібіне тың тұрпатты тың міндеттер 

қояды. 


Біз жалпыәлемдік жүйенің өзара тәуелділігіне 

1 мезгілде жәрдемдесе отырып, өзіміздің ұлттық 

тәуелсіздігімізді  нығайтуымыз  керек.  Біз  өзіміз-

бен  көрші  мемлекеттерге  бөгет  жасамай,  қайта 



138

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

бір-бірімізге көмектесе отырып, ұлттық экономи-

камыздың өсуін барынша көтермелегеніміз абзал. 

Біз бірлесіп өңірлік ынтымақтастық тетіктерін 

қатар  дамыта  отырып,  өзіміздің  төл,  меншікті 

саяси институттарымызды құрып алуымыз керек. 

Өткен  жолымызды  шола  отырып,  біз  орасан 

зор  қиындықтарға  қарамай,  барлығымыз  бірге 

және  әрбір  ел  жеке-жеке  керемет  табыстарға 

әлден-ақ жеткенімізді көргенде мерейіміз тасиды. 

Тарихшылардың өткен 9 жылды бұл өңірдегі ғала-

мат қайта жаңғыру кезеңі атайтынына сенімдімін. 

Жолымыз  оңай  болған  жоқ,  алда  да  қыруар 

кедергілерді серпіп тастауымызға тура келеді. 

Орталық Азия бағзыдан бері Шығыс пен Батыс 

аралығындағы жолдардың түйіскен тұсы, Еуропа 

мен Азия, христиандық пен мұсылмандық аста-

сқан,  құрлықтар  жай  ғана  тоғысып  қоймай, 

мәдени  құндылықтар,  идеялар,  байлықтар  мен 

бұйымдар алмасып жататын жер деп саналған. 

Дәстүрлі  шекаралар  мен  кедергілер  су  жаңа 

шындық  –  қазіргі  коммуникациялар  жемісіне, 

жаңа  техникаға  орын  босатқан  жаһандық  инте-

грация  дәуірінде  геосаяси  жағдай  біздің  басты 

игілігіміз деуге болады. 

Таяу  болашақта  бізді  баяғыдан  байланысты-

рған Ұлы Жібек жолын әлемнің барлық елдерін 

бұрынғыдан  бетер  тоқайластырар  бас  желіге 

айналдыруға тиістіміз. 



139

Ұлы Жібек жолының 1 нұсқасы – Еуроазиаттық 

көлік  дәлізі,  Кавказ  бен  Орталық  Азия  елдері 

арқылы өтетін бұл желі белгілі 1 нәтижелер беріп 

те үлгерді. 

Картадағы  біздің  стратегиялық  орнымыз, 

табиғаттың өзі сыйлаған ұшан-теңіз байлығымыз 

салмағымызды  бұрынғыдан  да  арттыра  түседі. 

Әйткенмен әлемдегі қазіргідей жағдайда жалғыз 

ғана табиғи ресурстарға арқа сүйеуге болмайды. 

Қанша  ұшы-қиырсыз  болғанымен  олар  да 

сарқылады, сондықтан оларды капитал тарту және 

кадрлар даярлау үшін ақылмен екшеп жұмсауға 

міндеттіміз, сол арқылы өндірісті өркендету мен 

осы  заманғы  халық  шаруашылығының  техника-

лық базасын жасауға негіз қалауымыз керек.

Тәуелсіздікке  таяуда  қол  жеткізген  біздің 

елдеріміз  іштей  қысым  мен  сырттай  ықпалдық 

қандайлық қауіпті екенін жақсы түсінеді. 

Ғаламшардың басқа аудандарымен салыстыр- 

ғанда,  біздің  жерді  мекендеп  жатқан  жүздеген 

ұлыстар  мен  халықтар  жуық  мәнде  тұрақты 

жағдайда тыныш тұрып жатыр, солай өмір сүре 

де береді. Әлемнің талай аймағын азапқа түсіріп 

жатқан ұлтаралық алалықтың ұшқынын өшіріп 

отыру әйтеуір ұдайы біздің қолымыздан келді. 

Біз бұндай проблеманы одан әрі де болдырмау, 

ұлтаралық жарасым дәстүрлерін қалыптастыру, 

ынтымақтастықты дамыту үшін барынша күш-жі-

гер саламыз. 



140

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Біз болашақ жолындағы шайқастың тағдырын 

армиялар емес, білім деңгейі, танкілер емес, тех-

никаның даму деңгейі, зеңбіректер емес, компью-

терлер шешетінін түсінеміз. Жаңа технологиялар 

әлем елдерін дамыған және дамушы деп бөлетін 

байлық пен кедейлік арасында тарихи қалыптас- 

қан айырмашылықты түбірімен өзгертеді. 

Біз  үшін  өмірлік  маңыздысы  –  Орталық 

Азия  елдерінің  барлық  көрсеткіштер  бойынша, 

саяси, экономикалық, техникалық көрсеткіштер 

жағынан да тарихтың қажет жағалауынан көрінуі. 

Мақсаттарымызға жету үшін бізге шетел инве-

стицияларының құйылуы мен дамыған елдердің 

техникалық көмегі керек екенін біз білеміз. Міне 

сондықтан да бұл конференция біздің елдеріміз 

бен халықтарымыз үшін соншалық зор маңызға 

ие болып отыр. 

Орталық Азияның барлық басшылары атынан 

Давос  форумы  мен  оның  президенті  профес-

сор  Клаус  Швабқа  осынау  маңызды  кездесуді 

ұйымдастырғаны  үшін  алғыс  айтуға  және  атал-

мыш саммиттің ойдағыдай өтуі үшін демеушілік 

жасап,  белсенді  еңбек  еткен  жандардың  бәріне 

ризашылық білдіруге хақым бар ғой деп сенемін. 



Қадірлі ханымдар мен мырзалар! 

Шетел инвестицияларын аймаққа мүмкін-қа-

дерінше мол тарту мақсатымен біздің елдер бірі-


141

гіп және жеке-дара қабылдап жатқан шараларға 

пікірлеріңізді күтеміз. 

Біз  шетел  инвесторларының  сенімін  нығайту 

үшін,  атап  айтқанда  салық  және  экономи-

калық  тетіктерді  жетілдіру,  бәрін  қамтитын 

үйлесімді заңдық арқау жасау, саяси және әлеу-

меттік тұрақтылықты одан әрі нығайту саласында 

қосымша қадамдарға баруымыз керек екенін де 

білеміз. 

Инфрақұрылымдарымызды  үлгілендіруге 

қаржы сала отырып, біз болашаққа басқа да дай-

ындама жасауымызға тура келеді. 

Жоспарларымызбен  жұмыс  істей  отырып,  өз 

өңірімізде болашаққа қауіп төндіретін күштер бар 

екенін ұмытпауымыз керек. Біз әлемдік қоғамдас- 

тықтың,  БҰҰ  мен  ЕҚЫҰ-ның  назарын  күллі 

Еуразия  өңірінің  тұрақтылығына  басты  қатер 

болып табылатын Ауғанстандағы соғысты тоқтату 

жолында  барынша  белсенді  қызмет  атқаруға 

аударамыз. 

Біз жалпы күш-жігерімізді қорлықтың барлық 

түрінен,  терроризмтің,  есірткімен  сауда  жасау-

дың, кез келген пайымдағы экстремизмнің, ұялы 

қылмыс  пен  сыбайлас  жемқорлықтың  жолына 

тосқауыл қоюға жұмсауымыз керек. 

Қазір  бұл  қауіпті  күштердің  бәрі  өзгеру  мен 

даму сатысында тұрғанда, бізге білек қосып олар-

дың ізін бағып, жүгендеудің амалдары мен тетік-

терін жасақтау керек. 



142

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Орталық  Азия  мен  Кавказда  ынтымақтастық 

пен үдерістің келешегі зор және қазір қимылдай-

тын  уақыт  туды.  Жалпы  талпыныста  бүгін  бізді 

осында  алып  келгендей  мүмкіндіктерді  пайда-

ланып,  өткеннің  бұғауын  шығармашылықпен 

батыл үзуге тиіспіз. Не алға бірге аршындаймыз, 

не кейінге бөлшектеніп құлдыраймыз. 

Біз тиімді жұмыс істеп тұрған өңірлік тетіктер 

жасақтап,  өңірлік  келісімдер  жасау  жолымен 

ынтымақтастықты  нығайтып,  ұлғайта  беруге 

тиістіміз. 

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мысалына 

қарағанда, Еуропа қоғамдастығының өнегесі бізді 

бұрынғы бытыраңқылық мұрасы болашаққа деген 

жолымызды ұдайы жаба алмайтынына үйретті. 

Ынтымақтастықтың  пәрменді  тетігін  жасауға 

деген талабымыз ақиқатқа айналуы мүмкін және 

тиіс те. 

Бүгін  батылдықпен  бусанып  бас  қосқан  біз 

іске  бұрынғыдан  да  белсене  құлшына  кірісіп, 

алға  қарай  шапшаңырақ  жылжитынымызға 

сенімдіміз. Орталық Азия мен Кавказ мемлекет-

тері проблемалармен бірлесе жұмыс істеуге тиісті, 

әйтпесе оларды біздің қай-қайсымыздың да жеке-

дара шешуге шамамыз жетпейді. 

Бәске  көп  нәрсе  тігілді,  алайда  жемісі  еселеп 

қайтар дейміз. 

Біз Орталық Азия, Кавказ және Ресей Федера-

циясын қамтитын экономикалық ортақ кеңістікті 


143

негізге  ала  отырып  өңірлік  интеграцияны 

дамытқымыз келеді. 

Біз  бәсекеге  қабілетті  жоғары  технологиялық 

өнім шығаруды өрістетпекпіз. 

Біз  бейбітшілік  пен  тұрақтылық  жағдайында 

әлемдік экономикалық жүйенің бөлінбес бөлегі 

боларлық  ырықты  экономикалық  және  саяси 

тәртібі бар кемелденген мемлекеттер құрмақпыз. 

Және  біздің  тыныштық  пен  өркендеуге  деген 

бұл талабымызды жұрт ұғатын болады деп үміт-

тенеміз. 

Каспий  өңірін  игеруге  байланысты  кешенді 

проблемалар  айрықша  әңгімелеуге  тұрады. 

Сарапшылардың  бағасына  қарағанда,  ондағы 

тек қана мұнайдың қоры ондаған млрд тоннаны 

құрайды. 

Өңір әлемдік базарға мұнай мен газ экспортта-

ушылардың негізгілерінің біріне айналып келеді. 

Орталық  Азия,  Ресей,  Кавказ  өңірі  елдерінің 

мүдделері қазір осында тоқайласып тұр. Өздерінің 

жаһандық  мүдделері  тұрғысынан  Еуропа,  Аме-

рика  Құрама  Штаттары,  Қытай  да  Каспийге 

көбірек көңіл аудара бастады. 

Осыны ескере отырып, біздің барлығымыз бұл 

өңірді елдеріміз де, әлемдік қоғамдастық та ештеңе 

ұтпайтын тайталас торабына айналдырмас үшін 

Каспийді өркендетудің келісілген бағдарламасын 

жасауға  бар  күш-жігерді  жұмылдыруға  тиіспіз. 


144

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Шынтуайтқа келгенде, біз достық пен ынтымақ- 

тастық өңірі болуға міндеттіміз. 

Маңызы мұнан кем емес бағыт Еуразия елдері 

арасындағы  экономикалық  ынтымақтастық  деп 

санаймын мен. 

Еуразия құрлығының мемлекеттері тұрақтылық 

пайдасы  үшін  өз  ойларын  ортаға  батыл  салуы 

керек.  Біз  ядролық  қаруды  таратпау  жүйесін 

сақтап нығайтуға және қарусыздану қозғалысына 

тың серпін беруге тиіспіз. 

Біздің  ұжымдық  бітімгершілігіміздің  негізі 

қазіргі өңірлік қауіпсіздік жүйелері – еуропалық 

тараптан ЕҚЫҰ, азиялық тараптан Азиядағы өзара 

іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі болуға тиіс. 

Жаңа  жаһандық  трансеуразиялық  инфра-

құрылым нысандарын жасақтауға серпін беретін 

уақыт та келді. 

Сөз  біздің  өңір  арқылы  Еуропаны  Тынық 

мұхитпен  жалғастыратын  жаңа  магистралдық 

теңіз,  теміржол,  автомобиль,  әуе,  құбыр  тарту 

және энергетика жолдарының құрылысы жөнінде 

болып отыр. 

Біз сіздерден мейлінше көп нәрсе үйренуге тура 

келетінін білеміз. 

Міне,  сондықтан  да  өз  басым  сіздердің  біздің 

қалада бас қосқандарыңызға қуаныштымын, міне 

сондықтан да сіздердің пікірталастарыңызға асқан 

ынтамен  ден  қойғанымызға,  ой-пікірлеріңіз  бен 



145

ақыл-кеңестеріңізге барынша байыпты қарағаны-

мызға сендіргім келеді. Біз бұл форумды ұдайы 

жұмыс істейтін етуді және көктемгі көрікті күн-

дерде көрікті Алматыда өткізіп тұруды ұсынамыз. 

Осынау  орасан  зор  жауапкершіліктің  сал-

мағынан  әсте  де  кері  шегінбейміз.  Басқалардың 

тәжірибесінен үйреніп, содан сабақ алып, негізге 

ұстай отырып, біз төлтума мәдениетіміздің өзгеше 

сипатына жауап беретін өз амалдарымызды іздей-

тін  боламыз.  Алайда  біз  не  істесек  те,  өзіміздің 

төл мақсатымыз – экономикалық және саяси жаң- 

ғыртуларға, прогресс пен бостандыққа қарай бет 

алған жолдан таймаймыз. 

Бәлкім, бәз 1 кезде тарихшылар соншалық бай 

перспективалар ашқан осы сәтті, Орталық Азия 

көшбасшыларының  іске  білек  сыбана  кірісіп, 

өңірді  үшінші  мыңжылдықтың  экономика 

ошағына  айналдырып,  баяғы  даңқын  қайтарып 

әпергенін еске алар. 



146

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал