Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет6/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Орталық Азияның мәдени бірлігіндегі 

интеллигенцияның рөлі

Біздің мемлекеттеріміздің қазіргі басшылары-

ның  еншісіне  осал  сыбаға  тиген  жоқ,  мойнына 

тым  ауыр  жауапкершілік  түсті.  Соны  сіздер 

сезінулеріңіз керек. Мәселе олардың елді күрделі 

кезеңде басқаруына тура келгенінде ғана емес. Ең 

бастысы, президенттердің бүгінгі жауапкершілігі 

стратегиялық  таңдау  жауапкершілігі  екенінде. 

Дегенмен  олар  да  бұл  таңдауда  әрі  оны  жүзеге 

асыруда қолынан бәрі келетін құдірет иелері емес. 

Бізге қолдау қажет. Бәрінен бұрын халықтың қол-

дауы қажет.

Сондықтан  да  біз  өз  мемлекеттеріміздің  дәс-

түрлі түрде жұрттың ақыл-ойын билейтін шығар-

машылық дегдар тобына иек артамыз. 

Бүгінгі таңда әр елде-ақ бізді осы бағытымыздан 

басқа  жаққа  бұрғысы  келетін  саясатшылар  бар. 

Тәуелсіздікті нығайту бағытынан бұрғысы келеді 

олар.  Жауапсыз  саясатшылар  демократиялан-

дыруды  халықтың  болашағы  емес,  тек  қарақан 

басының  қам-қарекетін  ғана  ойлау  үшін  туған 

мүмкіндік деп түсінеді. Дәл осы себепті де таңдау 

өздеріңізде: халықтарымызды түрлі тарихи жол-

дарға түсіріп жіберетіндей баяу жарылатын бомба 

қоясыздар  ма,  әлде  ақпараттық  төңкерістердің, 


109

жасанды  зияткерлік  пен  гендік  инженерияның 

жаңа ғасырында Орталық Азияның мәдени дара-

лығын  сақтауға  мүмкіндік  беретін  рухани  және 

мәдени  ықпалдастыққа  алғышарттар  жасайсы-

здар ма – еріктеріңіз.

Бұл сіздерге де алапат тарихи жауапкершілік 

жүктеледі деген сөз. Сондықтан да зияткер қауым-

ның саясаткерлер қолындағы ойыншыққа айна-

луға құқы жоқ. Интеллигенция саясаткерлер көр-

мейтінді де көре білуге тиіс. Ал мәселеге байыпты 

қарау Орталық Азия аумағында біртұтас мәдени 

кеңістік құру  арқылы және біздің мәдениетіміз, 

философиямыз, тіліміз бен діліміз әлемдік асси-

миляцияға  түсіп,  жойылып  кету  қаупіне  қарсы 

тұра алатынын көрсетеді.  

Иә,  бұл  кездесуге  Орталық  Азия  елдерінің 

президенттері – біз ынта білдірдік. Біз халықта-

рымыздың бір-біріне сенімі мен бауырмалдығы, 

достығы мәңгілік болуын шын жүректен қалай-

мыз. Халықтарымыздың, аймақтың әрбір адамы-

ның осылай ойлап, өмір сүргені, қарекет қылғаны 

маңызды-ақ. Бұл арада біздің елдердің бетке ұстар 

зиялылары сіздер мен әріптестеріңіз аса көрнекті 

рөл атқара алар еді. Сіздерге біз сенеміз.

Сөз жоқ, ғылым, мәдениет пен өнер саласында 

сіздермен біздің бөлісетін, өзара байысатын нәр-

селер  баршылық,  бұл  арада  және  біз  өзімізді 

халықаралық  қоғамдастықтың  толық  құқылы 

тұлғасы ретінде көрсете аламыз. Өнер, әдебиет, 

білім  беру,  денсаулық  сақтау,  баспасөз,  радио, 


110

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

кино мен теледидар, туризм, спорт саласындағы 

алмасуларды ұлғайта түсу ләзім. Шығармашылық 

өтілімдер өткізу, мамандар алмасу, өнер ұжымда-

рының  Орталық  Азия  аймағының  қалаларына 

халықаралық  гастрольдік  сапары  сияқты  шара-

ларды ұйымдастырып, халықаралық фестиваль-

дар  өткізу  –  ұлттық  өнердің  осы  заманғы  және 

классикалық  үлгілерін  насихаттаудың  жақсы 

түрлерінің бірі. 

Туысқан  халықтардың  ғылым,  әдебиет  пен 

өнер  саласындағы  жетістіктерін  зерделеу  үшін 

Орталық Азияның аса көрнекті қайраткерлеріне 

мемлекеттеріміздің басшылары беретін гранттар 

жүйесін  неге  тәжірибеге  енгізбейміз?  Мәселен, 

қазақ  ғалымы  жыл  бойы  Өзбекстанда  немесе 

Тәжікстанда  тұрып,  әріптестерімен  бірге  жер-

гілікті материалдарды зерттеп, конференциялар 

өткізсе,  жоғары  оқу  орындарында  сөйлесе  несі 

бар? Мұның өзі тәжірибелік тұрғыдан ғалымда-

рымыз  бен  жазушыларымыздың  рухани  өзара 

баюына жәрдемдесіп, мәдени интеграция тұрғы-

сынан баршамызға жақсы қызмет көрсеткен болар 

еді. Әзір біз бір-бірімізге томаға-тұйықпыз. 

Бүгінде өз халықтарымыздың ұлы қайраткер-

лері:  қырғыз  Қалығұл,  тәжік  Садриддин  Айни, 

түрікмен Мақтымқұлы, өзбек Мұқыми, қарақал-

пақ Бердақ, қазақ Абайды толық мәнінде бағала-

уға мүмкіндік алдық. Жоғарыдағы тізімді жалға-

стыра түсуге де болады. 


111

Қол жеткізгендерді сақтап қана қоймай, жаңа 

есімдерді қолдап, көтермелеп отыру керек. Ғылым 

мен мәдениет саласындағы аса көрнекті табыстар 

үшін Орталық Азия президенттерінің сыйлығын 

неге  белгілемеске?  Бұл  ұсыныс  назар  аударуға 

тұрады ғой деп ойлаймын. 

Егер  сіздер  қолдасаңыздар,  мұны  прези-

дент-әріптестерімнің қарауына ұсынамын. Менің 

ойымша,  сыйлыққа  біздің  барлық  халықтары-

мыздың  игілігі  болып  табылатын  Әбу  Насыр 

әл-Фарабидің  есімін  берген  абзал.  Сыйлықтың 

қоғамдық мәртебесі жоғары, материалдық мөл-

шері  қомақты  болуға  тиіс.  Мысалы,  ғылым  мен 

мәдениет саласында 100 мың долларлық 2 сыйлық 

белгіленіп, 2 жылда 1 рет беріліп, оны мемлекет 

басшылары тапсырса деймін. 

Ғылыми ізденісті интернациоландыру – уақыт 

талабы. Оның өзі ғылыми-техникалық проблема-

лар ауқымының ұдайы өсуінен, ғылыми-техника-

лық шешім талап еткен міндеттердің күрделене 

түсуінен туып отыр.

Бүгін  таңда  әлемнің  бірде-бір  елінің  ғылыми 

ізденістің  бар  майданында  зерттеу  жүргізуге 

шамасы келмейді, себебі ғылым саласы қаржылық, 

материалдық  және  адами  ресурстарды  барған 

сайын көбірек талап ете бастады.

Ұсынылған бағыттардың іс жүзінде жасақталуы 

үшін мемлекетаралық ғылыми-зерттеу институт-

тарын ұйымдастыруға болады. 



112

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Басты  міндеті  өңіріміздің  ең  маңызды  эконо-

микалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеу 

болатын Орталық Азия институтын ұйымдасты-

рған дұрыс деп санаймын. 

Атақты  Абдус  Салам  атындағы  Теориялық 

физика жөніндегі халықаралық орталықтың орта-

лықазиялық филиалын ұйымдастыру жайындағы 

ЮНЕСКО-ның  бастамасына  оралған  абзал.  Ол 

1990-шы жылдардың экономикалық қиындықта-

рына байланысты уақытша жүзеге аспай қалды 

ғой. 

ЖОО-аралық  үнқатысуды  жандандыру  шарт. 



Істің практикалық жағы туралы айтудың қажеті 

жоқ, ұсыныстарды, мамандар, сіздер берулеріңіз 

керек.

Ұйымдастыру тұрғысынан көмектесу жөн. Қазіргі 



кезеңде қалған күллі жұмысты жолға қоятын орган 

ретінде Орталық Азия  университеттері ректорлары- 

ның  одағы  қажет.  Студенттер  мен  оқытушылар 

алмасуды  ұлғайтқан  жөн.  Біздің  жастар  бір-

бірімен  достасып,  сол  арқылы  болашақтағы 

мызғымас достықтың негізін қалауы керек. 

Бұл арада сондай-ақ Орталық Азия инноваци-

ялық  қорын  құрудың  да  мүмкіндігін  қарастыру 

қажет.  Оның  негізгі  міндеттері:  инновациялық 

қызметті  қаржы  тұрғысынан  қолдаудың  мемле-

кеттік  бағдарламаларын  жасақтап,  жүзеге  асы-

руға атсалысу, ғылыми-техникалық өнім нарығын 

қалыптастыру; техникалық орталықтар мен тех-

нопарктер құруға ықпал ету; сараптамалық, кон-



113

сультациялық, оқу-әдістемелік, лизингілік, инно-

вациялық  қызмет  саласындағы  басқа  нарықтық 

құрылымдарды дамыту, бәсекелік негізде инно-

вациялық бағдарламаларды мақсатты несиелеу, 

инновациялық қызмет тұлғаларының несие алуы 

үшін кепілдік беру. 

Бірлесіп пайдалануда ғылыми-зерттеу, тәжірибе 

полигондары  да,  ақпарат  жүйесі,  кітапханалар 

мен  ғылыми-техникалық  инфрақұрылымның 

басқа нысандары болады. Бірлесіп пайдаланатын 

ғылыми-технологиялық нысандардың қаржылан-

дырылуы  мен  пайдаланылуы  шарттық  негізде 

жүзеге асырылады. 

Біз  ақпарат  технологияларының  үстемдігіне 

байланысты  болашаққа  көз  салуымыз  керек,  ал 

бұл  дәл  сол  сала,  әзір  онда  бәріміз  үйренуші 

ғанамыз, бара-бара бұл сала тығыз ғылыми және 

мәдени  ұжымдасудың  алаңына  айналуға  тиіс. 

«Орталық  Азия  өркениеті»  жобасы  жайында 

ойлануды  ұсынамын,  онда  тарихқа,  мәдени 

мұраға,  әдебиет  жәдігерлеріне,  өткен  ғасырдың 

археологиялық  іздестіру  материалдарына  баға 

берілген болар еді. 

Осындай ортақ жоба идеясы барлық елдерден 

қолдау  тауып,  тікелей  бірлескен  мемлекеттік 

қаржыландыруға ие болады ғой деп ойлаймын. 

Оның  жүзеге  асырылуы  ең  алдымен  үнемі 

толығып  отыратын  жалпы  электрондық  сер-

вер  сияқты  көрінеді,  ол  біздің  әлемге  кеңінен 

танылуымызға және шетелдердің ғалымдарымен, 


114

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

мәдениеттанушыларымен кері байланысымызға 

мүмкіндік  береді.  2001  жылы  немесе  одан  ерте-

рек  елдеріміздің  бірінің  астанасында  электрон 

тасымалшыларына арналған бұл жобаның тұса-

укесерін  өткізуге  болар  еді,  ал  содан  соң  оның 

арқауында «Орталық Азия өркениеті» энцикло-

педиясы жасалады. 

Форумға  қатысушылардың  біздің  бауырлас 

халықтарымызды  қауіпсіздік  пен  өркендеудің 

ортақ  мақсаты  жолында  жақындастыра  түсетін 

тағы басқа құнды ұсыныстар жасайтынына кәміл 

сенемін. 

Жаңа мыңжылдыққа дейін 100 күннен аз қалды. 

Тарих қана емес, жеке адам өмірі үшін де бұл 1 

сәттік  қана  мезет.  Біздің  бүгін  осында  мәдениет 

мәселелерін талқылауға жиналып отырғанымы-

здың терең бейнелік мәні бар. Себебі ХХІ ғасыр 

белгілі мәнінде мәдениет ғасыры болмақ. 

Тек  мәселе  оның  1  мезгілде  әмбебап  немесе 

көптеген  мәдени  тасқындардан  құралған  қоспа 

ғасыр болуында. 

Біз  лезде  өзгеріп  отырған  әлемде  өз  бет-бей-

немізді  сақтап  қалуға  мүмкіндік  беретін  екінші 

жолды қалаймыз. Көп жағдайда бет-бейнеміздің 

сақталуына  барын  салатын  адамдардың  басын 

қосып отырған бұл форумға шын көңілмен табыс 

тілеймін.  


115

Қазақстан Республикасы Парламентінің 

сайлауына байланысты Қазақстан халқына 

ҮНДЕУІ

Астана қаласы, 

1999 жылғы 8 қазан

Қадірменді қазақстандықтар!

Соңғы 12 айда еліміз елеулі тарихи оқиғаларды 

бастан  өткерді.  Осы  кезеңде  сайлау  заңнамасын 

өзгерту жөнінде жүргізілген жұмыс та үлкен. 

1999 жылғы қазанның 10-да  өткізілетін Мәжіліс 

пен  мәслихаттардың  сайлауы  саяси  партиялар 

қатарын көбейтуді көтермелеуге бағытталған біздің 

күш-жігеріміздің  нәтижелі  болғанын  көрсетіп 

отыр. 9 партия сайлау округтері мен партиялық 


116

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

тізімдер бойынша жаңа Мәжілістегі орындар үшін 

күресу  үстінде.  Ұлттық  теледидар  арқылы  сөз 

алғанда, олар еліміздің болашағына деген өз көзқа-

растарын  білдірді.  Мәжіліс-тегі  671  мандаттық 

орыннан 559 кандидат үміткер болып отыр, орта 

есеппен 1 орынға 8 кандидаттан келеді. Мәслихат-

тардағы орындар үшін 7 мыңнан аса кандидат бақ 

сынауда. Бұл жексенбіде сайлау бюллетеньдерін 

толтырған  кезде,  Қазақстан  азаматтарының  ба- 

йыпты таңдау жасауға мүмкіндігі мол. 

Халықаралық  демократиялық  үлгілерге  сай 

келетін сайлау жүйесін сомдау үшін біз халықара-

лық ұйымдармен тығыз байланысты жұмыс істедік. 

Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 

ұйымы байқаушыларының толық делегациясын 

жібергені үшін, ал АҚШ Ұлттық демократиялық 

институты  мен  Сайлау  жүйелерінің  халықара-

лық қорының 10 қазандағы сайлауға қатысу үшін  

2,5  мыңнан  аса  жергілікті  байқаушыларды 

оқытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. 

Өткен  жылдың  ішінде  Президент,  Мәжіліс, 

Сенат және Орталық сайлау комиссиясы сайлау 

жүйемізді реформалау жолында көп күш-жігер 

жұмсады.  Бірақ  біздің  демократиямыз  үлкен 

сыннан байтақ еліміздің әр облысында, әр қала-

сында, әр ауылы мен әр ауданында нақ осы жолы 

өтуге  тиіс.  Демократия  өлшемінің  қаншалықты 

биікке  қойылары  барлық  деңгейдегі  әкімдерге 

байланысты. Сіздер атқарушы органдар партия-


117

лар мен депутаттыққа кандидаттардың қызметіне 

араласпауға тиіс дейтін қағидатты қатаң ұстануға 

міндеттісіздер. 

Қазақстан  Республикасында  бұрынғы  уақыт-

тағыдай біртұтас ресми саяси партия жоқ. Жек-

сенбі күні барлық 9 партия бірдей жағдайда сайыс- 

қа  түседі.  Өз  міндеттерін  атқарған  кезде  әрбір 

үкімет қызметшісі, құқық қорғау мен қауіпсіздік 

органдарының әрбір қызметкері барынша бейта-

рап қалуға әрі барлық кандидаттар мен партиялар 

өкілдерінің өздерінің демократиялық құқықтарын 

толығымен іске асыруын қамтамасыз етуге тиіс. 

Біздің әрқайсымыз өзіміздің әрекетіміз арқылы 

сайлау нәтижесінің Үкіметтің ықыласы мен іш тар-

туына емес, халықтың дауыс беруіне байланысты 

екенін айқын көрсетуіміз керек. Мен сіздерді дәл 

осы жексенбі күні демократияның нақ осы іргелі 

принципін  еліміздің  әр  түкпірінде  шындыққа 

айналдыруға шақырамын. 

Сонымен  қатар  сіздер  сайлау  урналарының 

қолсұғылмастығын мүлтіксіз сақтауға тиіссіздер. 

Сіздер  демократиялық  үдерістің  айқындығын 

қамтамасыз етудегі жергілікті және халықаралық 

байқаушылардың  маңызды  міндетін  қастерлеу-

леріңіз  қажет.  Сіздер  байқаушылардың  сайлау 

учаскелеріне  кедергісіз  келуін  қамтамасыз  етуге 

міндеттісіздер.  Бұл  Президенттің  нұсқауы,  бұл 

заң, сіздер оны мүлтіксіз басшылыққа алуларыңыз 

қажет. 


118

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Президенттің бұл сөзі әр мемлекеттік қызмет-

шінің,  құқық  қорғау  органдарының  әр  қызмет-

керінің жадында болсын. Қазақстан халқы сайлау-

дың: еркін әрі ашық, айқын әрі бәсекелі, байқаулы, 

әрі толық есепті, әрі әділетті нәтиже беретін сайлау 

боларына үмітті, әрі солай болуын талап етеді. 

Талап осы, оның мүлтіксіз іске асуы үшін сіздер 

жауаптысыздар. 

Мен сіздерді бар ниетіммен 10 қазанның біздің 

жылнамамызға Қазақстан Республикасында көп 

партиялы демократия дүниеге келген күн ретінде 

жазылуын қамтамасыз етуге шақырамын. 



119

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

ұйымының саммитінде 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласы,

1999 жылғы 18 қараша

Төраға мырза! 

Ханымдар мен мырзалар!

ЕҚЫҰ басшылығы мен саммитке барлық қаты-

сушыларды шын жүректен құттықтаймын! Сон-

дай-ақ Түркия Президенті мен Үкіметіне дәстүрлі 

қонақжайлылығы мен саммит жұмысын тамаша 

ұйымдастырғандары үшін ризашылығымды біл-

діремін. 


120

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Оны өзара түсіністік пен өркениет үнқатысуын 

бейнелейтін Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында 

тұрған елде өткізудің терең бейнелік мәні бар. 

Үшінші мыңжылдық шебіне адамзат өмірдің бар 

саласындағы  білім  мен  мүмкіндіктің  ұланғайыр 

әлеуетін жинап келді. Болмыстың сапалық жаңа 

сипаты  экономика  мен  саясаттың  жаһандануы 

болды. 


Жалпыеуропалық  кездесулердің  қорытынды-

лары ғаламдық үдерістерге ықпал ететіні шүбәсіз 

және халықтарымыз бізден әлемдік дамудың жаңа 

үрдіс-терін дәлме-дәл көрсететін нақтылы шешім-

дер күтуге қақылы. Ыстамбұл саммиті ХХІ ғасырға 

бағдар ұстаған елдеріміздің жаңа ынтымақтастығы-

ның негізін қалауға тиіс. 

Ұжымдық  даналық  бізді  әлемдік  ықпалдың 

соны салаларына бөлшектеуге тырысудан, жаңа 

қайшылықтар туғызудан сақтайды. Біз бұрынғы 

көне таптаурын түсініктерден арылып, шынайы 

ғаламдық серіктестіктің іргетасын қалауға тиіспіз. 

Дәл осындай амалды қолдану бүгінде жаһандық 

тұрақтылыққа  қатер  төндіріп  отырған  ең  өткір 

проблемаларды шешуде табысқа жеткізеді. 

Мен этностық, ұлттық және діни жанжалдардың 

жымысқылықпен  таралуын ескеріп отырмын. 

Бұл  қатерлі  құбылыс  қауіпсіздіктің  жалпы 

нұсқасының  саяси  немесе  әскери  қырлары  ғана 

бар екенін білдірмейді. Оның бөле-жармайтындай 

құрамдары әлеуметтік-экономикалық, гуманитар-

лық һәм экологиялық мәселелер болып отыр. 



121

Бұл тезис Орталық Азия үшін айрықша көкей-

кесті.  Ондағы  шешілмеген  экономикалық  және 

экологиялық  мәселелер  мен  кейінгі  кезде  шаң 

берген жаңа қатерлер, радикалдық-агрессияшыл 

идеологияның күшеюі, діни экстремизм, халықара-

лық терроризм, есірткілердің таралуы, бақылаусыз 

қару-жарақ тасқыны мен заңсыз көші-қон біздің 

өңірдің ғана емес, тұтас алғанда Еуразия кеңісті-

гінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. 

Дәл сол үшін де біз ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия-

дағы қызметі кешенді сипат алып, барлық бағыт-

тарды қамтитынына сенеміз. 

ЕҚЫҰ басшылығының Орталық Азияға сапары, 

өңір елдерінде Ұйымның орталықтары ашылуы, 

ынтымақтастық  туралы  меморандумдарға  қол 

қойылуы мен нақтылы жобалардың жасақталуы, 

біздіңше, ЕҚЫҰ тарапынан аймақты зерттеп-зер-

делеудің сапалық тұрғыдан нақты іс-қимыл мен 

интеграцияны тереңдетуге көшкенін айқындайды. 

Қазіргі жағдайда ЕҚЫҰ әсіресе экономикалық 

және  адами  өлшемдердің  қауіпсіздігі  үшін  сал-

мақты тәуекелшілдікті мүмкін-қадерінше ертерек 

ашуға міндетті. 

Біздің кәміл сенімімізше, ЕҚЫҰ-ның әмбебап-

тығымен еуропалық қауіпсіздік хартиялары өңір-

лік өзгешеліктермен барынша сіңісіп кетеді. 

Біздің өңірде ЕҚЫҰ аймақта жүріп жатқан эко-

номикалық  реформаларға  нақты  халықаралық 

ықпал етудің реттегіші бола алады және болуға да 

тиіс. Мейлінше қатерлі проблемаларды шешудің 


122

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

аймақтық  амалдарын  жасап,  тереңдете  түсуге 

жәрдемдеседі. 

Бұл трансшекаралық су  ресурстарын,  энерге-

тикалық  байлықтарды  орынды  басқару,  теңізге 

шығар жолы жоқ біздің аймақтың көлік-транзит 

әлеуетін тиімді дамыту деген сөз. 

Өңірлік интеграцияны нығайту және бұл сала-

ларда тұрақсызданудың ықтимал кәдігінен арылу 

ЕҚЫҰ-ның біздің аймақпен жемісті ынтымақта-

стығының кепілі болар еді, адами өлшем, демо-

кратиялық  реформалар  тәрізді  басқа  маңызды 

салалар да солай. 

Демократия  бойынша  жинақтаған  қорымыз 

болмаса да, оған қарамай, біз саналы түрде бұл-

тармас таңдауымызды жасадық. 

Біз  демократия  мен  кемелденген  азаматтық 

қоғам жағына қарай алған бағытымыздан қайтпай-

тынымызды мәлімдейміз. 

Бұл жолдың қиын-қыстау екенін сезінеміз, сондық- 

тан қателіктерден де, уақытша өкініштерден де ада 

емеспіз. Мұны Қазақстанда жақында өткен парла-

мент сайлауы айқын көрсетті. Ол демократиялық 

өсуіміздің өте маңызды белесі болды. 

ЕҚЫҰ-ның тиісті институттары Орталық Ази-

яның демократиялық дамуының қиындықтарын 

барынша ескерді ғой деп топшылаймын. Халықа-

ралық институттардың, бәрінен бұрын ЕҚЫҰ-ның 

бағасы  күдік  сеппей,  демократиялық  үдерісті 

ынталандыруға тиіс. Бағадан іріктеушілік, әділдікке 

ала-құла қарау байқалса, ол қолайсыз. 



123

Мұның  өзі  өңірде  ЕҚЫҰ-ның  беделі  өсуіне 

жәрдемдеспейді. ЕҚЫҰ-ның толық құқылы мүше 

мемлекеті ретіндегі бізге деген сенім арқылы ғана 

білек қосып табысқа жете аламыз. 

Біздің адами өлшем саласындағы ЕҚЫҰ стан-

дарттарын  орындауға  деген  амалымыз  «жоға-

рыда» әсіресе сырттан әншейін ғана мәжбүрлеу 

емес, қоғамға ұзақ мерзімді ықпалдың қажеттігі 

арқылы қабылданады. 

Ежелгі  грек  демократиясының  негізін  қала-

ушылар айтқандай, «жақсылықты күштеп жаса-

майды».

Ең сұмдық режимдер халықты жарқын бола-



шаққа  шойын  қолмен  айдап  тығудан  туған. 

Фашизм мен коммунизм шежіресі күллі адамзат 

үшін қасіретке айналды. 

Тек  Канттың  демократия  әлемді  тәрбиелейді 

деген идеясын осы мағынада ғана қабылдай ала-

мыз. 


Біз  демократиялық  институттарды  дәйекті 

дамытуға адамның төл кісілік сезімін, қоғамның 

жоғары саяси мәдениетін қалыптастыру жолымен 

жүріп келеміз. 



Төраға мырза!

Еуропа  мен  Азияның  түйіскен  жеріне  орна-

ласқан  Қазақстан  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуге деген еуроазиаттық көзқарастың 

дамуына айрықша мән береді. 


124

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Біздің  еуропалық  векторымыз  ЕҚЫҰ,  НАТО 

тәрізді  беделді  халықаралық  еуроатлантикалық 

құрылымдармен  белсенді  ынтымақтастықты 

дамытуға бағытталған. Азиялық бағытымыз болса, 

ол 1992 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамбле-

ясының 47-ші сессиясында мен ұсынған Азиядағы 

өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  кеңесін 

шақыру жөніндегі Қазақстан бастамасын 1 бастан 

жүзеге асыру. 

Оның  мәні  –  Азия  құрлығында  қауіпсіздікті 

қамтамасыз етудің әмбебап әрі тиімді құрылымын 

жасауға талпыныста жатыр, Еуропадағыдай емес, 

мұнда бұл тетік әлі қалыптаспаған. 

Үстіміздегі  жылдың  қыркүйегінде  Азияның  

16 мемлекетінің сыртқы саяси ведомстволарының 

басшылары  Алматыда  бас  қосып,  АӨСШК-ға 

мүше мемлекеттер арасындағы Өзара қарым-қа-

тынастарды реттейтін ұстанымдар туралы декла-

рацияға қол қойды. 

Қазақстан  алда  да  ХХІ  ғасырда  туып  қала-

тын  сын-қатерлерге  барабар  қайрат  көрсетуге 

қабілетті әмбебап форум – ЕҚЫҰ-ның іс-қимыл-

дарының ұлғаюы мен нығаюы үшін еңбек етуге 

бел байлайды. 



125

«Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен 

қауіпсіздігі» атты Қазақстан халқына

ЖОЛДАУЫ

Астана қаласы,

1999 жылғы 15 желтоқсан



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал