Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет5/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан  мұнайының  бүгін  аталып  отырған 

100  жылдық  мерекесі  біздің  алып  та  ұланғайыр 

жеріміздің иесі – Қазақстан халқының ғана емес, 

сонымен  бірге  бүкіл  дүниежүзілік  маңызы  бар 

осынау  ғаламдық  саланы  дамыту  ісінде  қазіргі 

таңда еңбек етіп жүрген баршаның мейрамы. 


91

Бүгін  Қазақстан  мұнайының  100  жылдық  ме- 

рейтойын,  менің  жүректен  шыққан  мерекелік 

құттықтауымды қабыл алыңыздар. Жаңа істеріңіз 

бен бастамаларыңызда сіздерге табыс серік болсын! 

Еліміздің  игілігі  мен  өркендеуі  жолында  бұдан 

былай да ерлік еңбек етулеріңізді шын жүректен 

тілеймін! 



92

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002



Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және 

Өзбекстанның мәдениет пен ғылым 

қайраткерлерінің халықаралық  

кездесуінде 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы, 

1999 жылғы 29 қыркүйек

Қымбатты достар!

Жаңа  мыңжылдық  қарсаңында,  осында,  ұлы 

Еуразия құрлығының ортасында, жаңа Қазақстан-

ның жаңа астанасында Орталық Азияның ғылым 

және шығармашыл зиялыларының жарқын өкіл-

дері. Олар – ұлт қаймағы, біздің бауырлас халықта-

рымыз мақтан тұтатын бетке ұстар азаматтары.


93

Қымбатты достар!

ХІІ  ғасырдағы  араб  тарихшысы  Фахретдин 

Мубаракшахта  Орталық  Азияны  мекендеген 

көптеген халықтардың ата-бабаларына қатысты 1 

тамаша сөз бар, оның ойынша олар «теңіз ұлуы-

ның  қабыршағындағы  інжу  тәрізді,  өз  ұясында 

жатқанда оның ешбір құны жоқ, ал қабыршағынан 

сыртқа шыққанда ол жарқылдап құлпырып сала 

береді».  Бүгінде  біз  бар  әлемге  ашықпыз,  бірақ 

бұл проблема туғызбай қоймайды. 

Орталық  Азия  аумағында  мыңдаған  жылдар 

бұрын да қуатты мемлекеттік бірлестіктер өмір 

сүрген. Тарихымыздың тереңдігі мен тұтастығына 

ешбір байыпты зерттеуші бүгінде таласа алмайды. 

Осынау ұбақ-шұбақ жүзжылдықтардың ішінде 

ұлы мәдениеттердің гүлдеуін де, әрқилы импери-

ялардың құрамында тірлік етуді де, тоталитариз-

мнің қатаң қысымын да бастан кешірген Орталық 

Азия халықтары ХХ ғасырдың аяғында сапалық 

тұрғыдан жаңа тарихи келешекке ие болып, ашық 

ғаламдық қоғам жағдайындағы ұлттық тәуелсізді-

гін алды. 

Әлемнің бұл өңірі, дүниежүзілік мәдениетта-

нуда  қашаннан  пайымдалып  келгендей,  Шығыс 

пен  Батыстың  ұлы  өркениеттерінің  арасын-

дағы  көпір  ғана  емес.  Тарихи  тұрғыдан  ол  өзі 

өзінше ғаламдық жаңартудың бастау көзі болып 

табылады.  Орталық  Азия  мен  оның  тәуелсіз 

мемлекеттерінің  күйреп  қираған  мемлекеттің  


94

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

кездейсоқ сынығы немесе өзінің тарихи келешегі 

бар – біртұтас өңір деп қаралу-қаралмасы мына 

сіздер мен біздерге байланысты. 

Тек қана біздің біртұтастығымыз қазіргі әлем-

дегі мәдени баршылықтың шарты болып табыла-

тыны айдан анық. Тек қана кіндік азиялық ортақ 

мәдени ұқсастығымызды қорғау арқылы біз ортақ 

ұлы бабаларымызға лайықты ұрпақ бола аламыз. 

Тек аймақ халықтарының күш-жігерін біріктіре 

білгенде ғана біз әлде 1 енжар біреу немесе жат 

саяси  һәм  идеологиялық  ойындардағы  қолжау-

лық болмай, әлемдік саясат пен мәдениетте нақты 

тұлға боламыз. 

Бізде  бірлесуге  алғышарттардың  бәрі  бар. 

Олардың,  тарих  бізге  үйреткендей,  қарапайым  

3 ақиқатын ғана атайын. 

Бірінші.  Орталық  Азия  халықтарының  бір-

біріне қарым-қатынастағы таптаурын келеңсіздік-

тердің көптігі, өңірдегі әр халықтың мәдениетіне 

оқшаулай осқырына қарау – сол 1 тоталитарлық 

идеологияның белгісі, етек алуы ұзаққа созылған-

дықтан да ол бұлтартпас ақиқат тәрізді қабылда-

нады. 

Бүгінде  біз  1920  және  1950  жылдардың  ара-



лығында  Орталық  Азия  ұлттық  зиялыларының 

сүт  бетіне  шығар  қаймағы  тегіс    құртылғанын 

түсінеміз,  өңірдің  саяси  және  мәдени  бірлігін 

солар жақсы сезінуші еді ғой. Олар большевик-

тер ұранын шын деп сеніп қалды. Өз халықтары 


95

ақырында бостан болып, өз мемлекеттерін құрады 

деп  сенді.  Ортақ,  Мұстафа  Шоқай  айтқандай, 

«қаны  1»  халықтардың  Түркістан  Республикасы 

да құрылды. Бірақ арман-мақсаты орындалмады. 

Олар сенгіштіктерінің құрбаны болды. 

Зиялылардың сол қаймағы қызыл қуғын-сүргін 

кезінде қырып-жойылғаннан кейін келесі ұрпақ 

негізгі тармағы Орталық Азияның келешек тарихи 

бірлігін  жоққа  шығару  болған  гуманитарлық  

әдістеме бойынша оқи бастады. 

Бүгінде біздің мәдени мәселелердегі орнымы-

зды  дербес  айқындауға  мүмкіндігіміз  бар.  Сон-

дықтан ұлтты  елден ерекше қою сияқты дерттен 

аулақ болу өте-мөте маңызды. Бұл арада керемет 

ұстамды әдептілік керек. Тіпті шығыс мақалында, 

«дұрыс көре алмайсың десең, соқыр да ренжиді» 

демей  ме.  Ал  тұтас  халықтың  ұлттық  сезімі 

жөнінде не айтуға болады. 

Екінші. Ұлтшылдықтың орасан күші баршаға 

белгілі. Ол арнасында әлемнің осы заманғы саяси 

картасын қалыптастырып жатқан қозғаушы күш 

болды. Демек, Орталық Азияның жас мемлекет-

терінде ұлттық сананың күрт өсуі әбден заңды. 

Алайда  мұнда  елеулі  қайшылықтар  болуы 

ықтимал. Жаңа мемлекеттердің дамуына сәйкес 

олардың ұлттық мүдделерінің ауқымы ұлғайып, 

оларды  келістіру  ресімі  күрделене  түседі.  Егер 

бізде  ұлттық  мүдделерді  келістіру  жүйесін 

жасауға деген саяси ерік-жігер болмаса, сөз жоқ, 



96

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделері арасында 

дау-дамай туады. Мұндайға жол бере алмаймыз. 

Орталық  Азия  елдерінің  басшыларында  ондай 

ерік-жігер бар. Оның мәдениет дегдарлары тара-

пынан көрінгені абзал. 

Үшінші.  Тәуелсіздік  дегеніміз  тарихтан  мәң-

гілікке кешірім-рұқсат алу емес және де халықтар-

дың мизамшуақ тыныш өміріне кепілдік те емес. 

Бұрынғы  ұлы  мемлекеттер  мен  ұлы  өркениет-

тердің мұрагерлері Таяу Шығыс елдерінің су жаңа 

тарихы  бізге  айқын  сабақ  береді.  1948  жылдан 

кейін-ақ Ұлыбритания мен Францияның мандат-

пен басқарылған аумағындағы Таяу Шығыс елдері 

бірінен соң бірі тәуелсіздік жариялады. Осы тұста 

араб елдері арасында, 1 ғана халық тұратын елдер 

арасында қанды қақтығыстар белең алды. 50 жыл 

өтті, ал Таяу Шығыс әлі де ғаламшардың «ыстық 

нүктесі» болып қалып отыр. Бұл елдердің бөлшек-

тенуі  кездейсоқ  емес  еді.  Оның  ішкі  де,  сыртқы 

да себептері бар. Бұл бөлшектенуді  қажет етіп  

отырған күштер бар. Бізге де аңғырт болуға бол-

майды. «Бөлшекте де билей бер» деген дүниенің 

өзіндей  көне  тәртіп  Орталық  Азиядағы  күрделі 

ойындар барысында әлі талай шаң беруі кәдік. 

Аймақтың  болашағы  этностық  қырқыстың 

қанды қасабына айнала ма, әлде өңірлік өркени-

етті  ынтымақтастықтың  үлгісінде  қалыптаса  ма 

– мұны өңірдің саяси және мәдени дегдар тобы 

шешуге тиіс. 


97

Тарихтың  да,  осы  заманның  да  сабағы  бар. 

Өкінішке орай, осы заман сабақтарының бірі – экс-

тремизм мен терроризмнің қатері. Орталық Азия 

терроризмнің  тәжірибе  алаңы  емес.  Болашақ 

бағдарсыздықтың бастапқы дүмпуін естімес үшін 

қанды тым көп көрген бұл жер. Саяси терроризм 

– бізге ХХІ ғасыр дайындауы мүмкін қатердің ең 

сұмдығы. 

Әлемнің  ең  құдіретті  мемлекеттері  ондаған 

жылдар бойы аракідік сәтсіз күресіп келе жатқан 

саяси терроризм өңірдің барлық елдерінің ұлттық 

қауіпсіздігіне төнетін басты қатерлердің бірі бол-

мақ. Сондықтан біздің өзіміз Тәжікстанда болған, 

бұл күндері Қырғызстанның оңтүстігінде өршіп 

тұрған оқиғаларға барынша байыпты қарауымыз 

керек. Саяси терроризм зардаптарының бәр-бәрін 

түсіндіруде Орталық Азия интеллигенциясының 

рөлі  мейлінше  зор.  Өйткені  қоғамның  білімдар 

төбетобының  бағдары  мемлекеттің  іс-әрекетіне 

моральдық негіздеме беріп, жалпыұлттық қолдау 

көрсетуге қабілетті. 

Интеллигенция  мен  билік  баррикаданың 

қарама-қарсы  жақтарында  жиірек  тұрады.  Ал 

біз  Қазақстанда  бұған  байыпты  қараймыз,  тіпті 

бұқаралық ақпарат құралдары мен интеллиген-

циямыздың жеке өкілдерінің ең өткір сынына да 

солаймыз. 

Алайда  мемлекеттіліктің  өмір  сүруінің  өзі 

қатердің  астында  болатын  да  жағдайлар  ұшы-

расады. Үйіне шақырылмаған қонақ баса-көктеп 


98

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

кіріп келгенде, оның өзін қалай атайтынының мәні 

жоқ. Оның бетін бірден қайтару керек. Әйткен-

мен, қайталап айтайын, істі насырға шаптырып, 

мұндай жағдайға жеткізбей, қиын мәселені саяси 

үнқатысу арқылы тындыру қажет. ХХ ғасырдың 

саяси  тарихы  бұл  болжамды  айдай  ақиқатқа 

айналдырды. 

Біз әрбір халықтың таңдауын құрметтеуге мін-

деттіміз.  Біздің  әрқайсымыз  өз  тәуелсіздігімізді 

нығайтуға  тиіспіз,  оған  жолды  бабаларымыз 

салып  берген,  ал  біздің  қасиетті  борышымыз  – 

соны  келешек  ұрпаққа  тапсыру.  Осы  саясатқа 

Қазақстан қашанда адал болады. Біздің бәз біреуге 

деген бәз 1 аумақтық және басқа да дау-дамайы-

мыз жоқ. Бұл тақырыпта біздің елдер арасында 

дау-шар  жоқ  және  ол  болуға  тиіс  те  емес.  Өйт-

кені бұл – сенімнің арқауы. Алайда, ұлы ғұлама 

Әлішер Науаи айтқандай, 1 қолмен алақан шапа-

лақтай  алмайсың.  Ынтымақтастыққа  бәріміз  де 

әзір болуымыз керек. 

Біз  интеграцияға  тәуелсіздікті  сақтау  мен 

нығайтудың ең 1 маңызды шарты деп қараймыз. 

Сол себепті де өңірлік және жаһандық интегра-

ция жағындамыз. Біз аймақтағы көршілеріміздің 

бәрімен,  Ресеймен  де,  Қытаймен  де  жақсы 

қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз және 

өрістете  түсеміз.  Біз  Азиядағы  өзара  іс-қимыл 

және сенім шаралары кеңесін шақыруды ұсына-

мыз және бірлестіру мен бейбітшілік сүйгіш сая-


99

сатты бұлжытпай жүргізетін боламыз. Және бұл 

саясат тиімді де. 

«Шанхай бестігі» шекарадағы сенім шаралары 

жөніндегі  Кеңестен  сауда-экономикалық  байла-

ныстарды жандандыру, инвестицияларды өзара 

көтермелеу,  кіші  және  орта  бизнесті  дамыту 

жөніндегі  іс-қимылдарды  үйлестіру  тәрізді  аса 

маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықтың 

дербес құрылымына айналғалы тұр. 

АӨСШК шақыру мәселелері бойынша сыртқы 

саяси  ведомстволары  басшыларының  Алматы 

кездесуі Азия қауіпсіздігі жүйесінің заңдық негізін 

қалап  берді.  Ұстанымдардың  бірлескен  Декла-

рациясының  қабылдануы  Азия  елдерінің  өзара 

қатынасындағы  құндылықтардың  жаңа  жүйесін 

айқындады. 

Мұның  өзі  –  әр  ұлттың  егемендігі  мен  өзге-

шелігін  құрметтеу.  Мұның  өзі  –  тікелей  және 

жанама күш қолдану мен күш қолданамын деп 

қоқан-лоқылаудан  бас  тарту.  Мұның  өзі,  дау-

шарды бейбіт реттеу. Мұның өзі – терроризмпен 

бірлесіп күресу. Мұның өзі – экономикалық, әлеу-

меттік, гуманитарлық, экологиялық, ақпараттық, 

ғылыми  және  мәдени  салалардағы  ынтымақта-

стық. 


Сайып келгенде, мұның өзі – адам құқықтары 

мен  бостандықтарын  құрметтеу,  қорғау  және 

қолдау. 7 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының 

мінбесінен  жарияланған  Қазақстан  бастамасы 

халықаралық  қолдау  ғана  емес,  сонымен  бірге 

нақтылы, сындарлы негіз де қалады. 



100

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Осыған орай Қазақстан Өзбекстан Президенті 

И. А. Каримовтің Орталық Азияны ядролық қару-

дан ада аймақ деп жариялау жөніндегі бастамасын 

толық қуаттайды. 

Мен бұл маңызды бастама бүкіл кіндіказиялық 

қоғамдастыққа  абырой  әпереді  деп  ойлаймын. 

Сол себепті біздің өзара қарым-қатынастарымыз 

әлемнің  көптеген  елдері  мен  өңірлеріне  өнеге 

болады деп ойлаймын. 

1993 жылғы мамырда Ордабасыда XVIII ғасы-

рдың  басында  ұлтты  құртып  жіберудің  сұмдық 

қатері алдында қазақтардың басын біріктіре білген 

3 ұлы биді ұлықтай отырып, біз халықтарымызды 

осынау аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің 

тарихи ерлігіне тағзым етуге шақырдық. Тарихтың 

тар жол, тайғақ кешуінде бірлігінен айырылған-

ның  тірлігінен  де  айырылатыны  жөніндегі  ұлы 

ақиқатты есте ұстау керек. 

Онда  ғой  Шығыстан  келген  жоңғарлар-

дың  шапқыншылығына  қарсы  күллі  бауырлас 

халықтардың жасақтары көтерілді. 

Иә,  біз  біріккен  кезде  кез  келген  дұшпанға 

қарсы тұра алдық, біз кез келген сынақтардан аман 

шығып, шыңдала түстік. Мақсат бірлігі мен мүдде 

ортақтастығы бізді бар заманда да біріктіріп келді. 

Бүгін де тәуелсіздікті нығайту үшін әрі лайықты 

болашақ жолында халықтарымыздың топтасатын 

сәті туды. 

Бұл  үшін  аз  жұмыс  жасалған  жоқ.  Соңғы 

жылдардың жүзінде Орталық Азия өңірі елдері 



101

халықтар  арасындағы  туысқандық  қатына-

старды  бекіте  түсетін  бірпара  шарттар  мен  екі 

жақты  келісімдер  жасады.  Бұл  1994  жылы  қол 

қойылған,  жаңа  экономикалық  қатынастардың 

негізін қалаған Бірыңғай экономикалық кеңістік 

жасау жөніндегі Шолпан-Ата шарты. Әлемде оны 

саясатшылар  ОАО  (Орталықазиялық  Одақ)  деп 

атады. 1998 жылдың наурызында оған Тәжікстан 

қосылды. 

1997  жылдың  10  қаңтары  тарихи  күн  болды. 

Сол күні Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан 

арасында  адамзат  тарихында  тың  мемлекетара-

лық қатынастар үлгісінің негізін қалаған мәңгілік 

достық туралы үш жақты шартқа қол қойылды. 

Сөйтіп,  Орталық  Азия  елдерінің  барынша 

тығыз  әрі  өзара  тиімді  ынтымақтастығы  үшін 

ешқандай  бөгет  жасалмайтын  болды.  Бұл  үшін 

қажет бүкіл құқықтық арқау жасалды. 

Сондықтан  да  өткен  10  жылдықтар  ішінде 

қарым-қатынастары  қордаланып  қалған  көпте-

ген проблемаларды шешудің тамаша мүмкіндігі 

туды.  Бұл  арада  саясаткерлер  мен  экономистер 

ғана емес, туысқан халықтарымыздың зияткерлік 

дегдар тобы үшін жұмыс ұшан-теңіз. 

Орталық Азияның экономикалық 

интеграциясы – замананың әмір-талабы 

Орталық  Азия  республикалары  ХХІ  ғасырға 

тәуелсіз мемлекеттер ретінде кіруге тиіс. Алайда 

бұл  геосаяси  және  геоэкономикалық  мәнде  біз 



102

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

біртұтас  өңір  бола  алмаймыз  дегенді  білдір- 

мейді. 


Бүгінде  біз  өтпелі  кезеңнің  қиындықтарын 

бастан  кешіріп,  дамудың  көптеген  проблемала-

рымен  бетпе-бет  келіп  отырмыз.  Сөйте  тұрып 

өз  күш-қуатымызды  сол  баяғы  1  мақсатқа  ғана 

шығындаймыз.  Күні  осы  уақытқа  дейін  маман-

дандыру  мен  қауымдасудың  қалыпты  деңгейіне 

жеткен  жоқпыз.  Біздің  ішкі  проблемалармен 

әуестеніп  кеткеніміз  соншалық,  кейде  тіпті 

ықпалдастықтың  экономикалық  әлеуеті  эконо-

микалық  стратегиялар  мен  даму  жоспарлары 

жөнінде ойланбаймыз. Бір-бірімізбен тауарларды 

әлдеқайда  арзан  алмастыруға  болатын  мүмкін-

дік  тұрғанда, әрбір елдің бәр-бәрімен өзін жеке 

дербес қамтудың қиын жолымен жүруінің қажеті 

не? Қазір біз қарыз алып біртектес зауыттар мен 

фабрикалар  салып  жатырмыз,  ал  ертең,  тіпті 

бүгіннің өзінде тауар өткізу, яғни қарыздан құтылу 

проблемасына душар болып отырмыз. 

Шығыста  «Таситын  ештеңең  болмаса,  арба-

ның қажеті қанша» деген мәтел бар. Тек бірлесу 

стратегиясы  ғана  ресурстарымызды  үнемдей 

жұмсап,  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  береді. 

Елдеріміздің  ресурс,  адам  және  табиғат  ресур-

старының әлеуетін біріктіру әлемнің экономика-

лық картасында байсалды таралу аймағы пайда 

болғаны,  оның  өңірлік  экономикалық  саясатқа, 

тіпті басқаларға әсер ете алатыны туралы айтуға 

мүмкіндік туғызады. 



103

Ал  бұл  әлеует  бізде  ұланғайыр.  Өздеріңіз 

саралап  көріңіздер.  Біздің  елдеріміздің  жалпы 

аумағы  4  млн-ға  жуық  шаршы  шақырым,  біз 

ғаламшардағы ең ірі өңірлердің бірі болып табы-

ламыз.  Біздің  өңірдің  адами  әлеуетін  55  млн-ға 

тарта кісі құрайды. Ауылшаруашылық бағыттағы 

ұшы-қиырсыз  жер  түріндегі  аграрлық  ресур-

старымыз  орасан  мол,  азық-түлік,  жеңіл  және 

тамақ өнеркәсібі үшін қажет ауылшаруашылық 

өнімдерімен  ірі  жабдықтаушы  ретінде  әлемдік 

базарға  шыға  аламыз  әрі  өзімізді  қамтамасыз 

етеміз. Қазірдің өзінде шаруа қожалықтарының 

жер  телімдерінің  жалпы  көлемі  22  млн  гектар-

дан астам, ол әлі ұлғаятын да болады. Біздің өңір 

энергия қуатына лықып тұр. Мұнай мен газдың 

жиынтық резерві келесі ғасырда біз әлемдік ең ірі 

энергетикалық орталықтардың санатына қосыла-

тынымыз жайында айтуға мұрсат береді. 

Әрине,  басты  экономикалық  және  геогра-

фиялық  басымдықтардың  бірі  –  көлік  ресурсы. 

Дегенмен,  оның  пайдасын  көру  үшін,  біз  бұл 

арада да бірлесіп, келісіп қимылдауға міндеттіміз. 

Біз Тынық мұхиттан Парсы шығанағына дейінгі 

Трансазиялық  темір  жолын  қалпына  келтірдік, 

ол  2001  жылдан  бастап  толық  қуатында  жұмыс 

істейді. Бірақ әркім тарифтер мен баж салығын 

көтере  отырып,  өз  учаскесіне  ағымдағы  мүдде 

тұрғысынан  қарайтын  болса,  онда  біз  бәсекеге 

қабілеттілігімізді,  жалпы  жүк  тасқынын  жоғал-

тып, пайдадан құр алақан қаламыз. 


104

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Көлік әлеуетімізді іске асырудың негізгі векторы 

–  Еуроазиаттық  көлік  дәлізі  жобасы,  яғни  Ұлы 

Жібек жолының тарихи маршрутын осы заманға 

сай үлгілендіру. Өткен жылы біздің елдер арқылы 

Франкфурт  пен  Шанхайды  жалғастырған  опти-

калы талшықтық  кабель тартылды. Біз үшін бұл 

әлемдік ақпарат кеңістігіне кірудің осы заманғы 

құралы  ғана  емес,  сонымен  бірге  трафиктен 

қосымша қаражат алу да. 

Тек  біз  әлемге  біртұтас  ерік-жігерімізді  паш 

еткенде  ғана,  аймағымыздың  біртұтас  даму 

жоспары болғанда ғана, тек әлеуетімізді іске асы-

рарлық  сауатты  да  шаруақорлық  қатынастарға 

жағдай  жасалғанда  ғана  өңірге  инвестициялар 

ағылып,  өндіріс  жанданады,  адамдарымыз  мол-

шылыққа кенеледі. 

Ал  инвестиция  бүгінде  Орталық  Азияның 

әрбір  еліне  қажет.  Бірақ  бізге  келген  кез  келген 

инвестор нақтылы 1 елде ғана емес, тұтас аймақта 

жұмыс істеуге есеп құратынын бәріміз де білеміз. 

Сол  себепті  оны  бізде  Бірыңғай  экономикалық 

кеңестіктің бар-жоғы қызықтырады. Интеграци-

яның экономикалық деңгейі қандай? Егер 5 елдің 

бар  аумағында  еркін  сауда  жасауға  мүмкіндік 

болса, қайталап айтсам, бұл дегенің 50 млн адамды 

қамтитын базар ғой, онда бізге ірі инвестор келеді. 

Біздің бәрімізге.  

Инвестордың тұрақтылығы берік, саяси тәуекелі 

жоқ жерге баратынын бәріміз білеміз. Келісім бар 

жерге барады. Ал егер қымбат уақыты мен күш-жі-



105

герін бірнеше елді шарпитын жобаларды келісуге 

шығындаса,  ол  елдерден  тіл  табыса  алмайтын, 

бағыты қарама-қайшы жергілікті бюрократияны 

кездестірсе, ол жалт бұрылып, ұзақ уақыт, тіпті 

ұшты-күйлі  қарасын  көрсетпей  кетуі  кәдік.  Ең 

жаманы – басқаларға бұлармен байланыспа деп 

ақыл беруі. Сонда біз жүзеге аспаған жобалармен 

және ешкімге қажеті жоқ менмендікпен мұрынға 

қол тығып оқшау қаламыз. 

Әрине, сөз тек шетел капиталы жөнінде ғана 

болмауға тиіс. Біз өзіміз бірлескен инвестициялық 

саясат жүргізуіміз керек. Алдағы жылы Қазақстан, 

Өзбекстан және Қырғызстан құрған Орталық Азия 

даму банкі біздің аймақта 50 млн доллардан астам 

сомаға 25 инвестициялық жобаларды жүзеге асыр- 

мақшы. Біздің елдердің әрқайсы бірпара қаржы 

үнемдеуге  қабілетті,  бұл  –  бір,  екінші  жағынан 

көршінің  аумағында  тауар  өткізетін  базарын 

сақтауға  тиіс.  Ал  тараптар  мүддесінің  ымыра-

ласу ұстанымы арнасында ақылға салып саралап 

бір-бірімізге сенген жағдайда аймағымыздың су, 

газ,  энергетика  проблемаларының  да  шешімін 

табамыз. 

Егер газ құбырын бөлек тартып, тұйықталған 

энергожелілер  мен  су  қоймаларын  жасасақ, 

қисапсыз  көп  шығынға  батамыз.  Оған  барсақ, 

достық жайында сөз қозғаудың өзі күлкілі. 

Қараңыздаршы,  өндірісті  ақылмен  ойлап 

мамандандыру  мен  бірлестіру  саясатында  қан-

дай мүмкіндіктер жатыр? Сапасы жақсы, бағасы 


106

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

қонымды  болса,  бұйымдарды  неліктен  ең  әуелі 

бір-бірімізден ғана сатып алмасқа! Сонда үнем де 

жасаймыз, жұмыс орнын да ашамыз ғой. 

Біз  иегіміздің  астында  тұрғанды  көбіне  ит 

арқасы қияннан іздейміз. Астық, ет, мақта, авто-

мобильдер мен ұшақтар, жеміс-жидек өнімдері, 

цемент,  шыны  ыдыстар,  минералдық  тыңай-

тқыштар, т. б. міне, тұрған жоқ па!

Ал  егер  әр  елдің  мүмкіндіктері  мен  қажет-

терін  мұқият  екшеп,  тиісті  бағдарлама  жасап, 

оны  жүзеге  асыратын  болсақ,  елдеріміздің  бар-

лығы үшін нәтижесі таңқаларлық болар еді. Әлгі 

елдердің әрбір азаматы өзінің күнделікті өмірінде 

пайданың дәмін түйсінер еді. Сонда ақыры эколо-

гиялық апаттың бетін қайтарып, аймақтың қуатты 

су  ресурстарын  қайта  қалпына  келтіріп,  Арал 

мәселесін бірлесіп шешудің мүмкіндігі туар еді. 

Келе жатқан жаңа ғасырда ғаламшар жаһандық 

және, айта кету керек, қатаң бәсекелестік жағдай-

ында  өмір  сүретін  болады.  Қазірдің  өзінде-ақ 

әлемдік ауқымда іс жүзінде барлық саладағы ірі 

компаниялардың бірігу үрдісі өршіп барады. Біз 

бәз  1  өнімді  өндіруде  небары  3–5  трансұлттық 

компания  және  аз  ғана  жетекші  мемлекеттер 

басым болатын жағдайға жақындап келеміз. Жеке 

дара, ең жаманы – өзара бәсекелестік жағдайында 

біз жаһандануға қарсы тұра аламыз ба? Әрине, 

жоқ.  Мұны  және  мойындамасақ,  бізді  шикізат 

шылауы  болып,  әлемдік  экономиканың  босаға- 


107

сында қалу қаупі төніп тұр. Әлбетте, бұл біздің 

өңірде ғана емес, күллі посткеңестік кеңістігінде 

болмақшы. 

Ал  егер  біз  ресурстарымызды,  күш-жігеріміз 

бен  саясатымызды  біріктірсек,  өзіміздің  бірлес- 

кен шикізат, көлік, азық-түлік қуатымыз арқылы 

жаһандандыруға әсер етіп, жаңа экономикалық 

дүниеден мүлдем жаңа өнеркәсіптік тауашамыз- 

ды  табар  едік.  Бұл  дегенің  біздің  стратегиялық, 

экономикалық мақсатымыз – Бірыңғай экономи-

калық  кеңестік,  біртұтас  сауда-кедендік  аймақ, 

біртұтас экономикалық стратегия қалыптастыру 

екенін білдіреді. 

Сөз  мемлекеттердің  интеграциясы  жайында 

болып отыр, ондай интеграция Батыс Еуропада 

қазірдің өзінде бар. Өзімнің «Тарих толқынында» 

атты  кітабымда  аталмыш  проблеманы  талдап, 

кезіндегі Еуропа елдеріне қарағанда біздің алғы-

шарттарымыз бекемірек екен деген қорытындыға 

келдім. Оған мынадай факторлардың ортақтығын 

жатқызуға болады, атап айтқанда, сыртқы қатер, 

мәдени-тарихи  тамыр,  дін,  экология  проблема-

лары  ортақ.  Оның  үстіне  КСРО-дан  бізге  ортақ 

экономикалық,  қаржылық,  экологиялық  және 

білім беру стандарттары қалды. Интеграция үшін 

қазірдің өзінде бізде бар мұндай алғышарттарды 

Еуропалық Одақ сәулетшілері тек армандай алар 

еді. Еуропа бірыңғай ақша да енгізді, алайда бір-

де-бір мемлекет мұны егемендікті бұзу деп сана-



108

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

майды.  Олар  интеграцияның  бүкіл  Еуропаның 

бәсекеге қабілетін арттыра түсетінін түсінеді. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал