Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет4/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

НАТО-ның 50 жылдығына арналған 

Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінің 

пленарлық отырысында  

«Құбылмалы әлемдегі Қазақстан» атты 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

АҚШ, Вашингтон қаласы,

1999 жылғы 25 сәуір

Президент мырза! 

Бас хатшы мырза! 

Ханымдар мен мырзалар!

Бүгінгі саммит әлемдік тәртіптің тайталасы жағда- 

йында  туған  Солтүстік  Атлантикалық  одақтың 

қазіргі саясаттың да дамуындағы маңызды фактор 

болып келе жатқанын асқан бейнелікпен айшықтап 

берді. 


72

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Солтүстік  Атлантикалық  одақ  50  жыл  бойы 

одақтастар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің күрмеуі 

қиын мәселелерін шешуге қабілетті екенін көрсетті. 

Бірақ бүгінде халықаралық қауіпсіздіктің өмірде 

бар жүйелері алдағыны орай қызмет етуге тиіс, 

әйтпесе Югославиядағыдай аса ауыр зардаптарға 

душар болуы мүмкін. 

Югославия  проблемасы  әлемді  соғыстан  не 

бөліп тұрғанын бар қырынан ашып берді. 

Сепаратизмнің қандай көрінісіне болсын дәйекті 

қарсылас бола отырып, біз Косово мәселесі Югос-

лавияның аумақтық тұтастық аясында шешілуге 

тиіс деп санаймыз. Сонымен бірге жаппай күш 

біріктіріп ондағы қантөгіс пен қиратуды тоқтату 

өте-мөте  маңызды,  сондай-ақ  Югославияны 

әскерін  Косоводан  алып  кетуге  көндіру  керек, 

албандықтарды қудалауды тыйып, бітімгершілік 

күштердің Югославиядағы азаматтық тыныштықты 

қалпына келтіруіне мүмкіндік беру керек. 

НАТО елдері Ресеймен және басқа да елдермен 

Косово проблемасын бейбіт шешу жолдарын іздес-

тіруде тығызырақ өзара іс-қимыл жасауға тиіс. 

Осынау  сын  сағатта  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 

Балқандағы әскери қақтығысты реттеуде шешуші 

рөл атқаруға тиіс. Бас хатшының БҰҰ-ның әскерге 

қабылдаушылар тобын басқара алатын Арнаулы 

елшісін тағайындайтын уақыт туды. Ол топ югос-

лав әскерлерін Косоводан шығаруды қамтамасыз 

етуі шарт. 


73

Балқандағы оқиғалардың басты сабағы халықа-

ралық  тәжірибедегі  мәселені  күшпен  шешу 

сияқты жаңа үрдісті ой елегінен қайта өткізу бол-

мақ.  Халықаралық  қауіпсіздіктің  жаңа  жүйесін 

құрып,  жетілдірудің  аса  маңызды  міндеттерін 

шешу үшін аталған үрдістерге терең талдау жасау 

қажет.  Аймақтық  және  жаһандық  қауіпсіздік 

жүйесін  жасақтатуды  жеделдеткен  маңыз- 

ды. Қазіргі әлемнің өскелең өзара тәуелділігі жағда- 

йында БҰҰ, НАТО, ЕҚЫҰ тәрізді беделді ұйымдар-

дың іс-қимылын тиімді үйлестірудің қажеттілігі 

айқын. Келесі жүзжылдық қарсаңындағы адамзат 

алдында  күн  тәртібінде  тұрған  кезек  күттірмес 

міндеттер осындай тәрізді. 

Біз  қауіпсіздіктің  ірі  проблемаларын  жедел 

шешуге қабілетті ұйым ретінде НАТО-мен ынты-

мақтастықты биік бағалаймыз. Этностық қақтығы-

старды  болдырмау,  терроризмпен,  жаппай 

қырып-жою құралдарын тарату қаупімен, есірткі 

бизнесімен, халықаралық қылмыспен күрес – біздің 

өзара іс-қимылымыз саласының тіптен толық емес 

тізімі осы. 

Президент Джон Кеннеди: «Кемеңгерлік үшін 

көрегендік керек», – деген. Әлемдік қоғамдастық 

Қазақстанның және тұтас алғанда Орталық Азия-

ның тек тарихи перспективада ғана емес, сонымен 

бірге қазірдің өзіндегі стратегиялық маңызын па- 

йдаланса,  кемеңгерлік көрсеткен болар еді. 

Ғасырлар бойы Орталық Азия әлемдік мәдениет 

пен сауданың түйісетін жері болды. Біздің кезімізде 


74

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

де халықтар арасындағы идеялармен, күштермен 

өзара әрекеттену осы өңірде белсене түсті. 

Қазақстанның  геосаяси  маңызын  айтқанда, 

еліміздің терістігіндегі уақытша экономикалық 

және саяси қиындықтарды бастан кешіп отырған 

ұлы ел Ресеймен шекарамыздың 3 мың мильге 

созылып жатқанын есте ұстаған абзал. Шығыстан 

қуатты  державаға  айналған  Қытаймен  шекара-

мыз мың мильге созылып жатыр. Шекарамыздан 

түстікке қарай жаппай қырып-жоятын қарулар-

дың  таралуын  күшейтіп  діни  фундаментализм 

мен терроризмнің алапат қойыртпағы жатыр. 

Біздің өңірде қиратып-бүлдіру күштері белең 

алмай,  тыныштық  пен  тұрақтылық  сақталған 

жағдайда ғана табысқа жетуге болатынын жақсы 

білеміз.  Балқандағы  қасірет  пен  ғаламшардың 

басқа өңірлеріндегі дүрбелең алаңсыз өрлеу мен 

өркендетуге ешқандай кепілдік жоқ екенін қатаң 

ескертер сабақ сынды. Осынау аудиторияда мына-

ларды мәлімдесем болар еді: 

Біз алда да ядролық қаруды таратпау жөніндегі 

өз міндеттемемізді бұлжытпай орындайтын бола-

мыз. 

Біз  экстремизмге,  терроризмге,  діни  экстре-



мизмге қарсы батыл күресетін боламыз. 

Біз  халықаралық  ұйымдарда,  БҰҰ,  ЕҚЫҰ, 

Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінде белсенді  

жұмыс істейтін боламыз. 

Біз шетел инвесторларын белсене тартып, Батыс 

пен Шығыс рыноктарына  қуат жеткізудің сенімді 



75

баламалы  көзі  құбырдың  тарам-тарам  желісін 

жасай отырып, өзіміздің орасан зор энергетикалық 

байлығымызды одан әрі игеретін боламыз. 

Біз «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдар-

ламасы бойынша алған міндеттемемізге басы бүтін 

берілгенбіз. 

Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздік 

тұрғысынан  көп  нәрсеге  қол  жеткізді.  Осы  мақ-

сатпен: 


Біз қуаты жөнінен ғаламшардағы төртінші ядро-

лық арсеналды жойып, әлемдегі ең ірі ядролық 

сынақ полигонын жаптық. 

Біз  жүзден  астам  түрлі  этностық  топтарды 

біртұтас ұлтқа біріктірдік. 

Біз  саяси  партияларды  нығайтып,  сайлау 

үрдісінің  баламалылығын  енгізіп,  мемлекеттік 

емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралда-

рын күшейтіп, әйелдерді белсенді қоғамдық және 

экономикалық  қызметке  тарту  бағдарламасын 

жүзеге  асыра  отырып,  азаматтық  қоғам  құруда 

едәуір ілгері бастық.



Бас хатшы мырза!

НАТО-ның әскери альянстан бүгін осы жина-

лыста өкілдері отырған 40-тан астам мемлекеттің 

көп сырлы, көп қырлы серіктестігіне дейінгі аса 

айшықты жолын қазақтың «Жалғыз жігіт би бол-

майды, жалғыз ағаш үй болмайды» деген мақа-

лымен сипаттауға болады. 

Зейін қойғандарыңыз үшін рахмет! 



76

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002



Астана қаласына ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» 

құрметті атағы берілуіне байланысты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы, 

1999 жылғы 6 тамыз

Қымбатты достар!

Астананың қазақстандықтарды ғана емес, өзінің 

қауырт өсуімен және сенімді қадамымен мойында-

тып, халықаралық зор беделге ие болуымен бүкіл 

әлемді таң қалдырып, қуанышқа бөлей отырып 

құлшына жоғары өрлеуі мені риясыз қуантады. 

Біздің  жаңа  елордамыз  өзінің  Қазақстандағы 

сияқты күллі Орталық Азия  өңіріндегі толыққанды 

саяси,  іскерлік,  ғылыми  және  мәдени  орталық 


77

екенін  қысқа  мерзімде-ақ  таныта  білді.  «Астана 

дауысы» деген түсініктің өзі бүгінде саяси катего- 

риялар тобына кірді. Бұл дауысты тыңдайды да 

оған иланады, ол батыл да сенімді естіледі. 

Астананың 2 жылдың ішінде өз дамуында қай-

таланбас, қуатты, күрт ұмтылыс жасағаны сонша-

лық, саясаткерлердің, қала құрылысы саласындағы 

мамандар мен жай ғана меймандарының таң-тамаша 

таңданысын туғыза отырып, күллі әлемдік қауым- 

дастықтың көзіне түсті. 

Осының  бәрі  астананы  көшіру  жөніндегі 

шешіміміздің  дұрыстығын  айғақтайтын  ең 

айшықты  дәлел  болса  керек:  оның  ел  өмірінің 

бар саласына қазірдің өзінде ықпал жасап отыр-

ғаны шүбәсіз сезіледі деп ойлаймын. Қалғаны өзі 

жаңаша, серпінді ырғақпен өмір сүріп жатыр. 

Астана тұрғындарының саны 40 мыңнан астам 

адамға өсті. Өткен 2 жылдың бағдарында бұрын 

бірнеше жылда қанша салынса, сонша тұрғын үй 

тұрғызылды, инфрақұрылымдар желісі ұлғайды, 

мәдениет  пен  спорттың  бірегей  нысандары  бой 

көтеріп  жатыр.  Қалада  іс  жүзінде  жұмыссыз-

дық  жоқ.  Оның  үстіне  Астананы  бүгінде  бүкіл 

ел салып жатыр. Жергіліктілерді есептемегенде, 

Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ге тарта 

компания  өз  қызметін  осында  өрістетті.  Инвес- 

тициялар  тасқыны  өлшеусіз  өсті.  Өз  серіктес- 

терімізге қаланы қалыптастыруға белсене қатыс-

қаны үшін дән ризамыз. 



78

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Осынау  игілікті  өзгерістерде  күллі  қазақстан-

дықтардың, ең алдымен сіздердің еңбектеріңіз бар, 

қымбатты астаналықтар, қаланы қайта құрудың 

қажеттігін жан-тәнімен, шын жүректен ұғынып, 

асқақ  сөзден  именбей  айтқанда,  шын  мәніндегі 

ұланғайыр  міндеттерді  шешуге  зор  жауапкер-

шілікпен кірісіп кеткен отандастарыма шын көңіл-

ден дән ризамын. 

Астанаға берілген ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік 

қаласы» құрметті атағы тек Қазақстан ғана емес, 

бүкіл Азия-Тынық мұхит аймағындағы ең алғашқы 

атақ, мұның өзі, әрине, елорда өміріндегі орасан 

зор  болса  да  тек  ішкі  өзгерістерді  ғана  мойын-

дау емес. Адамдар өмірінің әлеуметтік жағдайы 

да  едәуір  жақсарып,  кісінің  іскерлік  қабілеті 

ашылуына  қолайлы  негіз  қаланып,  экология  да 

сауықтырылу үстінде. 

Астана өзінің сенімді де қарышты қимылымен 

алға басып, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлі-

гінің нығаюына ықпал етіп отыр. Іс жүзінде мұнда 

жаңа руханилық, жаңа «бейбітшілік мәдениеті» 

орнай бастады. 

Өзінің  жаңа  биік  мәртебесі  арқылы  біздегі 

бұл болашақтың қаласы келешек мыңжылдықта 

Қазақстанның  адамгершілік  құндылықтарын 

қалыптастыру орталығына айналды. 

Алып  Азия-Тынық  мұхит  аймағының  басты 

қаласын  анықтағанда  ЮНЕСКО-ның  сүйенген 

негізгі өлшемдері осы болса керек, ал, сіздер, сол 


79

биік  мәртебеге  сай  екендеріңізді  толық  дәлел-

дедіңіздер. 

Астана  қауырт  өндірістік  ырғақта,  әлеуметтік 

мәселелердің  тиімді  шешімін  іздестіру  үстінде 

өмір сүріп қана қоймай, өңірдің көрнекті мәдени 

орталығы да болып келеді. Біздің елорда кешегі 

күллі  кеңестік  кеңістікте  алғашқылардың  бірі 

болып, ЮНЕСКО-ның жалпыға ортақ «Бейбітшілік 

мәдениет» мектебін ашу жөніндегі бағдарламасын 

жүзеге асыруға кірісті. Ол соғыс пен зорлық-зом-

былыққа, ұлттық алауыздық пен діни текетіреске 

қарсы ең сенімді құрал боп саналатын ұлы адамгер-

шілік мұраттарды өмірімізге орнықтыруы тиіс деп 

танылған. 

Астана  болашаққа  сеніммен  қарайды.  Қала-

лықтар елдің бас қаласының тұрғыны деген атақты 

мақтан тұтатынын көріп жүрмін. Өз қаласын және 

қандай  сүйіспеншілікпен  жасандырып  жатыр 

десеңізші! Мұнда адалдық қасиетті қалай  қастер 

тұтады десеңізші.  Былайынша, бұл ұсақ көріністер. 

Ал біздің жаңа ғасырда, келешек мыңжылдықта 

Адамға, оның құқықтары мен бостандығына дәл 

осы құрметтен әлемдік өркениет жолы басталады. 

Бүгін біздің мерекеге көптеген жастар қатысып 

отыр. Сондықтан мен, жас достар, сіздердің осынау 

игілікті де биік мұраттарды өмірлік бағдар тұтқан-

дарыңды қалар едім. 

ЮНЕСКО-ға, оның Бас директоры, біздің елдің 

үлкен досы Федерико Майор мырзаға елордамы-

зда  атқарылғанның  бәріне  жоғары  баға  бергені 


80

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

үшін дән разылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. 

Оның Астана Қазақстанның  жаңаруының жарқын 

символы болды деген сөзі елімізде болып жатқан 

оң өзгерістерді дәл ашып көрсетті. 

Қымбатты достар, мен сіздердің барлығыңызды 

Бейбітшілік  қаласының  жоғары  атағымен  құт-

тықтаймын.  Бұл  атақтың  бүгінде  бүкіл  елімізге 

тиесілі екеніне, мен оны Қазақстанның болашағы 

жайында еңбек етіп, өмір сүріп, жаңалық ашып 

жатқан отандастарымыздың бәрі бөлісетініне кәміл 

сенемін!


81

Қазақстан мұнайының 100 жылдығына  

арналған салтанатты жиналыста

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Атырау қаласы,

1999 жылғы 3 қыркүйек

Қымбатты мұнайшылар! 

Құрметті шетелдік серіктестер!

Бүгін  көне  Каспий  жеріне  ұлан-асыр  мереке 

келді. Жері байдың елі бай деп тегін айтылмаған. 

Бағзы-бақидан-ақ  ақындар  бұл  өлкені  жеріне 

ғаламат май жайылған «майлы қиян» деп жырға 

қосқан. 


Бұдан  мыңдаған  жылдар  бұрын-ақ  атышулы 

Кир мен Александр Македонский «Каспий өңірінің 



82

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

от шашқан тастарына» таң қалған екен. 2,5 ғасыр 

бұрын Әбілқайыр ханның қабылдауында болған 

ағылшын саудагері Гок жол-жөнекей Жем өзенінің 

бойынан су емес, мұнай бұрқылдап жатқан қай-

нарды көреді. 

Көнеден  жеткен  мағлұматтар  осындай.  ХХ 

ғасырдың қарсаңы жаңалықтарын ала келді. 1899 

жылы әйгілі өнертапқыш әрі өнеркәсіпші Альфред 

Нобель  1  қиырдағы  Қарашұңғыл  шатқалында 

бұрғы салған үңгімеден керемет мұнай фонтаны 

атқылапты. Осы оқиға Қазақстанның мұнай дер-

жавасы  атануының  ғасырлық  жолының  бастау 

мезеті болған.

Елімізде көмірсутегі шикізатын өндірістік игеру 

1911  жылы  басталды.  Бұл  қарекетке  жергілікті 

тұрғындар алғашқы күннен-ақ қосылды. Нақ осы 

Жем-Ембі  мұнайы  сахара  тұрғындарын  үлкен  

индустрия жолына бастады. Екінші дүниежүзілік 

соғыс  жылдарында  Ембі  шайқастағы  елімізді 

мұнаймен  нәрлендіруші  болған-ды.  Дұшпанды 

талқандау үшін аспанға көтерілген ұшақтар атақты 

Доссор мұнайын еш тазартусыз-ақ пайдаланған 

көрінеді. 

Өкінішке орай,  сол ардагер мұнайшылар бәрі 

бірдей бүгін осы залда отырған жоқ. Алайда біз 

Қазақстанның  100  жылдық  мұнай  тарихын  өз 

қолымен және еңбегімен жазғандардың көпшілігін 

осы салтанатқа шақыруға тырыстық. 

Балғаным Досбаева, Нәрен Имашев, Жолдасқали 

Досмұхаметов, Сафи Өтебаев, Халел Өзбекқалиев, 



83

Халил  Махамбетов,  Зайлағы  Есенов,  Салтанат 

пен  Мақаш  Балғымбаевтар,  Төреғали  Қадыров, 

Таумыш Жұмағалиев, Геннадий Шевченко, Иван 

Кочерало, Леонид Переверденцев, Сухан Камалов, 

Валентин Токарев, Сүйеген Салманов, Александр 

Еремин, Рахмет Өтесінов, Нұрлыхан Бекбосынов, 

Зейнолла Бөлекбаев, Эдгар Воцалевский, Ізімбер-

ген  Самжанов,  Балтабек  Қуандықов,  Нәсіпқали 

Марабаев, Сәдуақас Құрманов, Мұрат Саламатов, 

Төлеген Хасенов және басқалардың жанқиярлық 

еңбегіне құрмет көрсетуді биік борышым санай-

мын. 

Олардың  көпшілігі  мемлекеттік  наградалар-



мен және құрметті атақтармен марапатталды, ол 

туралы жарлыққа жуықта қол қойдым.

 Отанымыздың мұнай байлығын игеруге сіңір-

ген орасан зор еңбегі үшін олардың баршасына 

басымызды иеміз. Кен орындарын барлау, мұнай 

көзін бұрғылау мен оны өндірудің тың тәсілі солар-

дың күш-жігерімен игерілді, кадрлар даярланды. 

Қазақстанда  мұнай-газ  саласы  мамандарының 

нағыз  маңдайалдылары  қалыптасты.  Олардың 

өндірістік, ұйымдастырушылық, ғылыми әлеуеті 

әлемнің кез келген  еліндегі мұнай мектебінің абы-

ройын асырар еді. 

Әр жыл Қазақстанның мұнай аумағын кеңейте 

түсті. 1950–1960-шы жылдары Қазақстанның 4 ірі 

мұнай-газ  ауданы:  Оңтүстік  Маңғыстау,  Үстірт, 

Ақтөбенің  Орал  өңірі  мен  Батыс  Мұғаджар 

өңірінің  дәуірі  басталды.  Сол  жылдары  Теңге, 


84

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Тасболат,  Қарамандыбас,  Қамысты,  Құмкөл, 

Алтыкөл,  Таңатар,  Қараарна  тәрізді  мұнай-газ 

кен орындарының тұтас шоғыры ашылып, сала-

ның  дамуында  олардың  зор  маңызы  болды.  Ал 

1970-ші жылдардың аяғы мен 1980-ші жылдардың 

басында Қазақстан мұнайы хақында айдай әлем 

айта бастады. 

Қазақстан мұнайының тың беттері еліміз тәу-

елсіздік алғаннан кейін жазыла бастады. Мұнай 

отандық өнеркәсіптің маңызды саласы ғана болып 

қоймай,  сонымен  бірге  мемлекеттің  тәуелсіздік 

мәртебесінің нышанына, жарқын болашаққа деген 

сенімге айналды. Енді Қазақстан мұнайы Қазақстан 

халқының игілігіне қызмет етеді! 

Елдің  табиғи  байлығын  игеру  орасан  мол 

инвестициялар тартуды талап етеді. Каспий қай-

раңындағы мұнай кен орындарын игерудің жалпы 

күрделі шығындары 150 млрд доллар шамасында 

болады екен. Оның 10 млрд-қа жуығы барлау мен 

кен орнын бағалаудың бастапқы кезеңінде игерілуі 

тиіс. 1997 жылдан бері, тек 2 жылда ғана мұнай-

газ кешеніне 2,7 млрд доллар тікелей инвестиция 

жұмсалды.  Тек  былтырғы  жылы  ғана  біз  оны  

820 млн доллардан астам сомада алған болатынбыз. 

Осыған  байланысты  еліміздің  мұнай  саласын 

өркендетуге елеулі инвестициялар жасап үлгерген 

шетелдік компаниялар айрықша құрмет сезіміне 

лайық. 


Қазақстан жерінің байлығы көмірсутегімен ғана 

шектелмейді. Мыстың, қорғасынның, мырыштың, 



85

хромның,  шойынның,  алюминийдің  қисапсыз 

байлығын игеруге де орасан мол инвестициялар 

тарта алдық. 

Шетелдік  капиталды  тарту  көлемі  бойынша 

Қазақстан  ТМД  мемлекеттерінің  арасында  ғана 

емес, сонымен бірге бұрынғы барша Шығыс блогы 

елдерінің арасында да сөзсіз көшбасшылардың бірі 

болып  табылады.  Саяси  тұрақтылық,  нарықтық 

өзгерістердің бекем бағыты, демократияның дамуы 

Қазақстандағы оңтайлы инвестициялық ахуалды 

айқындап берді. 

«Шеврон»,  «Мобил»,  «Бритиш  газ»,  «Бритиш 

Петролеум»,  «Статойл»,  «Тоталь»,  «Аджип», 

«Шелл»,  «Тексако»,  Қытай  мұнай  компаниясы, 

«Инпекс»  және  басқа  көптеген  компаниялар 

Қазақстанға инвестициялар ғана әкеп қойған жоқ. 

Олардың  қатысуымен  Қазақтан  дүниежүзілік 

мұнай рыногының ажырағысыз бөлігіне айналып 

келеді. Экономиканың өндеу салаларында инвести-

циялар өсе түсуде. 

Шетел инвесторларының алуан қырлы қызметі 

құрметке лайық. 

Үкімет өзінің міндеттемелерін нақпа-нақ атқа-

рып,  заңдардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ете 

отырып, біздің әріптестеріміздің – ел инвесторла-

рының жұмысына барынша қолдау білдіруі керек. 

Сонымен бірге инвесторлар да мемлекет алдын-

дағы өз міндеттемелерін нақпа-нақ орындауы тиіс. 

Олар бізге өндірістік қана емес, сондай-ақ әле-

уметтік, экологиялық проблемаларды, жергілікті 


86

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

халықтың еңбекпен қамтылуы, инфрақұрылымды 

дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру мәселе-

лерін шешуге көмектесіп отыр.

Мысал  үшін,  «Шевронның»  неге  қол  жеткіз-

геніне көз жіберейікші. 5 жылғы жұмыста Теңіз 

кен орнында мұнай өндіру 2 есе өсті. Өндіру көлемі 

артуының  орташа  қарқыны  1  жылда  40 %-дан 

астам  болып,  үстіміздегі  жылы  9  млн  тоннадан 

асуы  тиіс.  Компания  Атырау  облысында  шағын 

және  орташа  бизнеске  қолдау  көрсету  жөнінде 

бағдарлама жасап, жүзеге асыруға кірісті. Жаңа 

жұмыс орындары ашылып, қызмет көрсету рыногы 

толыға түсті. 

«Теңізшевройлда»  3  мыңнан  астам  тұрақты 

қызметкер еңбек етеді, бұған қоса 7 мыңнан астам 

қазақстандық  мердігерлік  ұйымдарда  жұмыс 

істейді.  Денсаулық  сақтау,  білім  беру,  мәдениет 

және спорт салаларында, қайырымдылық ісінде 

көп  шаруа  тындырылды.  Компания  туберкулез 

диагностикасы және емдеу жөніндегі жылжымалы 

емхана сатып алып, толық қаржыландырып отыр. 

«Қазақстанкаспийшельф»  консорциумы  бізге 

Каспий қайраңының қазақстандық секторы туралы 

орасан зор ғылыми зерттеулер қалдырды, 19 млн 

долларға  жуық  соманың  жабдықтарын  берді, 

Каспийдің  экологиялық  ахуалын  сауықтыру 

бағдарламасын жүзеге асырды, жүздеген қосымша 

жұмыс орындарын ашты, қала мен ауылдардың 

инфрақұрылымын  дамыту  жөнінде  орасан  зор 

жұмыс жүргізді. 



87

Іс жүзінде барлық шетел инвесторлары осын-

дай жұмыс жүргізіп отыр. Соның ішінде бізге ең 1 

«жанды» мәселелерде көмек көрсетіп келеді. 

«Харрикейн Құмкөл Мұнай», мәселен, Қызылор-

даны абаттандыру мен көріктендіру жөнінде көп іс 

тындырды, осындағы ірі көп салалы аурухананың 

құрылысын салып бітіруге көмектесті. «Мобил» 

автомай  құю  стансаларын  салып,  ОКИОК  Бау-

тинодағы теңіз кемежайының жұмысына қолдау 

көрсетіп, «Бритиш газ» Батыс Қазақстан облысында 

денсаулық сақтау саласына қол ұшын беріп отыр. 

Мұның  бәрі  үшін  біз  әріптестерімізге  алғыс 

сезімін  білдіреміз.  Алайда,  әділдік  үшін,  жаса-

сылған келісім-шарттар толық көлемінде орындал-

май отырғанын айтуға тиіспін. Меніңше, жергілікті 

адам ресурстарын, әсіресе, ғылыми және кадр әле-

уетін әлдеқайда тиімдірек пайдалануға болар еді. 

Өкінішке  орай,  саланы  материалдық-техни-

калық және азық-түліктік жабдықтау бойынша 

тапсырыстарды қазақстандық өнеркәсіптен тыс 

жаққа орналастыру тәжірибесі жалғасып отыр. 

Ал осы кезде Атыраудың, Ақтаудың, Ақтөбенің, 

Оралдың  көптеген  зауыттары  мен  кәсіпорын-

дары жұмыссыз тоқтап тұр. 

Біздің  өзімізге  және  біздің  әріптестерімізге 

Каспий мұнайын игеруге бағытталған инвестици-

ялар – өзіндік мақсат емес, экономиканы дамыту-

дың және халықтың әл-ауқатын арттырудың тетігі 

екенін түсіну қажет. 



88

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Қазақстанның үлкен мұнайы Еуразия матери-

гінің  дәл  кіндігінде,  негізгі  тасымал  магистраль-

дерінен  алшақта  жатыр.  Оны  тасымалдауды 

оңтайландыру – көптеген мемлекеттердің мүддесін 

қозғайтын халықаралық мәні бар мәселе. 

Бүгінде Қазақстанның экспорттық мүмкіндік-

тері шамамен 10–15 млн тонна мұнайды құрайды. 

Алайда барланған және әзірленіп жатқан кен орын-

дарында өнім өндірудің артуы экспорттық мұнай 

құбырының қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін 

жеткізуді талап етеді. Ал қайраңдағы жобаларды 

дамыту бүкіл экспорттық жүйенің қуатын жылына 

70–120 млн тоннаға дейін ұлғайтуды қажет ететін 

болады. 


Сондықтан да қазірдің өзінде техникалық-эконо-

микалық негіздері талдап жасау және жүзеге асыру 

кезеңінде тұрған бірнеше маңызды жобалар бар. 

Олардың барынша болашақтысы Каспий құбыр 

тарту консорциумы – КҚК жобасы болып табы-

лады. 2001 жылдың маусымында КҚК жүйесімен 

жеткізілген қазақстандық мұнай тиелген алғашқы 

танкер Новороссийск айлағынан аттанып кетуі тиіс.

Біз  Самара  арқылы  мұнай  тасымалдау  мүм-

кіндігін кеңейтуге, Қарашығанақ газ конденсаты 

бойынша  Ресеймен  бірлесе  жұмыс  істеуге  үміт 

артамыз. Мұның бәрі Ресейдің аймақтарына да, 

сол секілді Қазақстанға да тиімді. Біз достарымызға 

сәттілік тілейміз. 



89

Алайда  Қазақстанның  үлкен  мұнайы  үшін 

жалғыз КҚК мүлде аздық етеді. Сондықтан да оны 

әлемнің түрлі аймақтарына жеткізудің баламалы 

жолдары да қауырт зерттелуде. 

Қазақстан, біздің геосаяси жағдайымызды негізге 

ала отырып, Каспий мұнайын әлемдік рынокқа 

тасымалдау жолдарының көп нұсқалылық қағи-

датын жақтайтын болады. 

Біз Қытай және Оңтүстік Корея бағыттарында 

да  белсенді  жұмыс  жүргізудеміз.  Бұл  Үкіметтің 

тұрақты назарын талап етеді. 

Талдап  жасалып  жатқан  мұнай  жобалары 

біз  үшін  тек  экономикалық  тұрғыда  ғана  мәнді 

емес.  Қазақстанның  мұнайға  байланысты  бола-

шағы қоғамдағы әлеуметтік үміттің жоғары дең-

гейін  айқындайды.  Сондықтан  да  біз  бұл  үміт 

нақтылыққа айналу үшін бәрін де істеуге тиіспіз. 

Шешілмеген мәселелер де аз емес. 

Жыл басынан бері шикі мұнайдың белгіленген 

бағасы сенімді түрде өсе түсіп, соңғы 1,5 жылдағы 

барынша жоғары мәніне жетті. Алайда, саланың 

экспорттық  әлеуеті  жақсарып  келе  жатса,  ішкі 

рыноктағы  үрдістер  алаңдаушылық  туғызады. 

Республика жалпы өндірілген өнім көлемінің елеу- 

сіз бөлігін ғана алды. Қазақстанның мұнай өңдеу 

зауыттары жеткілікті қуатында істеген жоқ. Сатып 

алу  сұранысы  өсуіне  қарай  сәйкес  ұсыныстың 

жоқтығы барлық 3 зауыттың бүкіл мұнай өнімдері 

түрлеріне бағаның өсуіне соқтырды. 



90

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Нарық  жағдайында  компаниялардың  табы-

стылығы  маңызды  өлшем  болып  табылатыны 

түсінікті, оның үстіне біз былтырғы жылғы баға 

төмендеуінің қиын кезеңін бастан өткіздік. Деген-

мен, қазіргі қалыптасқан бағаның өзі елдің ішінде 

де,  сондай-ақ  одан  тыс  жерлерде  де  жеткілікті 

кірістілік бере алады. 

Мұндай  жұмыс  жүйесіне  көшудің  барынша 

тиімді ынталандырылуын Үкімет қысқа мерзімде 

талдап жасауы тиіс. Үкімет бұл істе тәртіп орнатуы 

керек. Экспорттық квоталар отандық мұнай өңдеу 

зауыттарына өнім беруді қамтамасыз еткен компа-

ниялардың арасында ғана бөлінуі тиіс. 

Қазір біздің өсуімізді, соның ішінде мұнай-газ 

саласының дамуын тежейтін проблемалар білгір-

лікпен және жедел шешілуі керек. Сондықтан да, 

келіңіздер, бүгінгі мерекені жай салтанат деп қана 

емес, байыпты бетбұрыстың басы деп санайық. ХХІ 

ғасырға сала жаңа технологиялармен және жаңа 

менеджментпен енуі тиіс.

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал