Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет3/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Қазақстан Республикасы Парламенті 

палаталарының бірлескен отырысында 

«Демократия – біздің таңдауымыз.  

Демократия – біздің тағдырымыз» тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы,

1999 жылғы 31 наурыз

Құрметті депутаттар! 

Құрметті қонақтар! 

Ханымдар мен мырзалар!

1998  жылғы  қыркүйекте  Қазақстан  халқына 

жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен ел 

өмірінде саяси және экономикалық ырықтандыру-

дың жаңа кезеңін бастауға уәде берген едім. Содан 

бері өткен мерзім ішінде әлемдегі және біздің өңір 



51

елдеріндегі жағдайдың тұрақсыздануы жаңа про-

блемалардың тууына әкеліп соқты. 

Алайда  біз  өз  таңдауымыздан  айнымаймыз. 

Экономикада  біз  еркін  бағдарды  таңдап  алдық. 

Саясаттағы таңдауымыз – демократия. Саяси және 

экономикалық  прогресті  бір-бірінен  бөле-жару 

мүмкін емес екенін біз түсінеміз. 

Алдымызда күрделі міндеттер тұр. Сондықтан 

да мен сіздермен қайта кездесіп, күллі қазақстан-

дықтарға сөз арнауды өз борышым санадым. 

Экономикалық жағдай: жаңа дабылдар,  

жаңа сын-қатерлер 

Кейінгі кезде жұртпен кездескенімде мен ағым-

нан ақтарылып, жуықтағы 2–3 жылда бізді ауыр 

сынақтар күтіп тұрғанын ескертіп жүрмін. 

Бұл туралы мен, кеңесшілерімнің қарсылығына 

қарамастан, сайлауалды науқанында да ашық айт-

тым. Жауапты саясаткер, тыңдауға жағымсыз болса 

да, әрдайым шындықты айтуы керек деп санаймын, 

санай да берем. 

Алайда  баршамызға  түскен  ауыртпалықты 

жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. 

Өкінішке орай, әлемдегі және айналамыздағы 

жағдай содан бері әлі де оңғарылған жоқ. 

Менің тапсыруым бойынша Үкімет Ресей оқиға-

лары  шаң  бергенге  дейін-ақ  дағдарысқа  қарсы 

шаралардың дестесін қабылдап қойды. 



52

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Әлем және ішкі экономикалық жағдайдың бета-

лысын жедел талдау мақсатымен Экономикалық 

саясат жөнінде кеңес құрылды. 

Қаржының  қатты  тапшылығына  қарамастан, 

біз төменгі зейнетақы мөлшерін недәуір көтердік. 

Қазақстанды аяғынан тік тұрғызған әкелеріміз бен 

аталарымыз алдындағы борышымызды өтеу үшін 

мүмкін болғанның бәрін жасауға тиіспіз, өйткені 

олар  сол  үшін  жан-тәнін  аямай,  тіпті  өмірін  де 

қиды емес пе. 

ТМД-да  бюджеттегілер  мен  зейнеткерлердің 

ақшасын  уақытында  төлеуге  тырысатын  біз  іс 

жүзінде  жалғыз  ғанамыз.  Бұл  бізге  орасан  зор 

еңбекке  түсіп,  жүйкеге  жүк  салды.  Менің  жеке 

өзіме жағдайдың түзелуін Үкімет пен әкімдерден 

қатаң талап етуге тура келді. Жалақы мен зейне-

тақының мөлшері шамалы екенін, көп кісілердің 

күнкөріске  қаржыны  әрең  жеткізетінін  жақсы 

білемін. Десе де шындық салыстырудан туады – 

біздің деңгей ТМД-да ең жоғары. 

Қыстан  қалыпты  өттік.  Жылу  мен  жарыққа 

байланысты бірде-бір ірі қиындық кездескен жоқ. 

Ауыл шаруашылығына, жұмыссыздар мен әл- 

ауқаты нашарларға мүмкін-қадерінше көмек көр-

сетілді. 20 млн-нан астам азаматқа, негізінен әйел-

дерге тарихымызда алғаш рет 400 доллар көлемінде 

шағын несие берілді. Балаларды жаппай вакцина-

циялау басталды. Осының арқасында балалардың 

өлімі азайды. Барлық қаржы көздері есебінен 4 мың 

мектеп компьютерлендірілді. 



53

Менің  бастамашылығыммен  тұрмысы  төмен 

азаматтарды қолдау жөніндегі жалпыұлттық қор 

құрылып, 1998 жылы оған 750 млн теңге түсті, оның 

41 млн-ы дивиденд есебінде. 

1998 жылы шағын несиелеу мен жаңа жұмыс 

орындарын жасауға 306,6 млн теңге бөлінді. Жалпы 

сомасы 244 млн теңге болатын 8 мың шағын несие 

беріліп, бұл 11513 адамның жұмыс табуына мүм-

кіндік берді. 175 млн теңге көлемінде қаржылай 

көмек  көрсетілді.  34  мың  адам  30  млн  теңгелік 

көмекті  тауармен  және  азық-түлікпен  алды.  

1999 жылдың 1 наурызына дейін 733 адам тағы да 

сомасы 40 млн теңге несиеге ие болды.  

Биылғы жылдың жағдайы қаншалықты күрделі 

екенін  түсіне  отырып,  мен  Үкіметтің  алдына  ең 

бастысын, ең басымын іріктеп үстеме міндет қой-

дым. Жалақы мен зейнетақыны уақытында төлеп, 

жұртқа жарық пен жылу беру, астығын сатып алу 

арқылы  шаруаларға  жәрдемдесіп,  ақша  бөліп, 

импорт алмастыру бағдарламасын орындауға тиіс. 

Бұлар ағымдағы сипаты бар міндеттер еді, бірақ 

бірқатары  ойлағандағыдай  орындалмады.  Бұл 

туралы турасын айту керек. 

Халық  сайлаған  Президент  ретінде  және  мен 

мынандай сауалдар қоюға хақылымын. 

Қаржы деген өте-мөте тапшы ауыр шақ туғанын 

бәріміз де түсінеміз. Ақша кейін ысыруға еш бол-

майтын қажеттерге жетпейді. Жағдай әдеттегідей 

емес, ал егер өз атымен тура атар болсақ – төтенше. 

Ал оған сәйкес шаралар да әдеттен тыс, төтенше 


54

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

болуы керек. Бірақ біз бұндайды Үкіметтен көрмей 

отырмыз. 

Үкімет кіріс пен салықтың аз жиналуына қашанғы 

көз  жұмып  отыра  беруі  керек?  Борышқорлар 

қашанға дейін кеуде қағып, мемлекетті алдай бер-

мек? Елдің шаруашылық тұлғалары неге салықтан 

жалтаруға тырысады? Жемқорлармен неліктен тек 

Президент қана күреседі? Үкімет қайда қарайды? 

Осындай қиындықтарды өзімен бірге билік те 

бастан кешіп отырса, жұрттың бұған шыдамай-

тынына сенемін. Әкімдер мен олардың аппараты 

жалақысын  өз  өңірінде  зейнетақы  қаншалық 

кешіктіріп төленетіндей тәртіппен алатын тәртіп 

орнатқан да дұрыс болар еді. Мемлекеттік аппа-

ратты  ұстауға  жұмсалатын  шығынды  қысқарту 

қажет және сол мүмкін де. 

Ұлттық компаниялар басшыларының 10 орын-

басардан ұстауына, мейлінше қымбат джиптер-

мен жүруіне, жұмысты өз кабинеттерін жөндеу-

ден бастауына қалайша ерік берілген? Олардың 

көпкісілік  дербес  күзеті  болуы  қандай  заңмен 

белгіленген? Күзеті болуға тиіс адамдардың тіз-

бесі бар, ол Конституцияда айқындалған. Жалпы 

оларды кімнен күзету керек өзі? Ұлттық компа-

нияларда референт-хатшылардың жалақысының 

көлемі неліктен министрліктердің, тіпті Президент 

Әкімшілігінің жауапты қызметкерлерінің түсіне де 

кірмейтіндей көп? Ал олардың бәрі мемлекеттік 

қызметкер, бәрі де 1 заңмен өмір сүруде. Ұлттық 


55

компаниялар  мемлекет  ақшасын  осылай  рәсуа 

етіп отыр.

Жоғары оқу орындарында ақша жетпейді деседі. 

Ал  ректорлардың  қандай  машинамен  жүйткіп 

жүргенін қараңдаршы. 

Егер  Үкімет  осымен  шұғылданса,  халықтан 

үлкен абырой алар еді. 

АҚШ  сияқты  аса  бай  елдің  басшылығында 

мемлекеттік құпияларға қатысты 14 адамның ғана 

көлігіне жүргізуші ұстауға  хақысы бар. Ал бізде 

ше? Біздің министрлер арзан машинаны менсін-

бейді. Комиссия құрып, осының бәрін нақтылап 

қарау керек. 

Мемлекеттік қызметкерлердің салық деклара-

циясы берілді. Енді олардың шын мәнінде қалай 

өмір сүріп жатқанын тексеру қажет. 

Көптеген  адамдарымыз  аса  қиын  жағдайда 

тұрып жатыр. Көпшілігі не істеуді, қалай қарекет-

тенуді білмейді. Бұл арада Үкімет пен әкімдер қол 

ұшын беруге тиіс. Үкіметтің немен айналысып оты-

рғанын, қандай шаралар қабылданып жатқанын, не 

үшін қабылданып жатқанын жұртқа кім түсіндіруі 

керек? Үкімет түсіндіру жұмысын нашар жүргізеді. 

Ал,  құрметті  Үкімет  мүшелері,  астық  сатып 

алуды қалай ұйымдастырдыңыздар, енді қызмет 

бабын  теріс  пайдаланып,  қиянат  жасағандарды 

тексеріп жатырмыз ба? 

Өнеркәсіп бағдарламасы мен импорт ауыстыру 

жөнінде жарты жылдан бері айтып келеміз. Қаржы 

бөлінді,  ал  іс  жоқ.  Шынтуайтқа  келгенде,  бұл  – 


56

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

басты міндет. Жұртқа жұмыс беріп, сол арқылы 

салық базасын ұлғайту шарт. 

Денсаулық сақтау бағдарламасы қалай орында-

лып жатыр? Жұрт оны білмейді. 

Бұрынғысынша ірі кәсіпорындар мәселесі жедел 

шешілмей отыр. Бұрынғысынша шағын кәсіпкер-

лікті дамытуға көңіл жеткілікті бөлінбейді. Осы 

уақытқа дейін көліктегі тариф саясаты мен өнер-

кәсіп саясатын өзара байланыстырудың әдістемесі 

жоқ. Күні бүгінге дейін табиғи монополияларға 

бақылау жеткіліксіз. 

Маған біздің Үкіметте ішкі тәртіп жоқ-ау деген 

ой келеді. Үкімет бағытымен келіспеген кісі Консти-

туцияға сәйкес өз қызметінен кетуге тиіс. Бірақ бұл 

үшін Үкіметтің барлығы бірдей еретіндей бағдары 

болу керек. Қазір білек біріктіріп бірлесе қимыл-

дайтын  уақыт.  Кейбір  Үкімет  мүшелері  өзара  

қатынастарын  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы  айқындап  алумен  әуестенеді.  Олардан 

корпоративтік  мүдделері  мен  топшылдығының 

рухы есіп тұр. 

Басшылыққа мен жас технократтардың 1 тобын 

саналы түрде әкелдім. Бұл дұрыс жасалды ғой деп 

ойлаймын. Бізге жаңа басқару элитасын жасақтау 

қажет. Бірақ ең бастысы олар еліміз бен халқы-

мызға  қызмет  етуге  тиіс,  олардың  болашағы  – 

өздерінің де болашағы. Бұлардың реформаларды 

жеріне сауатты жеткізетініне өз басым сенемін. Өз 

ұрпағына деген сенімге селкеу түсірмей олардың 

бұл сенімді ақтағаны абзал болар еді. 



57

Жоғарыда айтылғандардың бәріне де қарамай, 

мен  Үкіметтің  жұмысын,  оның  дағдарыстан  аз 

шығынмен  шығуға  деген  күш-жігерін  қолдауға 

бейілмін. Премьер-министр мен Үкімет мүшелері 

өз аттарына айтылған бүгінгі сыннан қорынтынды 

жасайтынынан үміттімін. 

Үкімет өзінің барлық ресурсын жұмылдыруы 

және жұрттың қысыр әңгіме емес, жігерлі қимыл 

күтіп  отырғанын  білуі  тиіс.  Мен  өзім  Үкіметтің 

нақты ісіне ретсіз араласуға бармаймын, ол дер-

бес  жұмыс  істейді.  Тапсырылған  іс  үшін  дербес 

жауап береді. Алайда мен алға қойған міндеттер 

жауапкершілікпен  орындалуға  тиіс  әрі  оларды 

орындатпай тынбаймын!

Биылғы  жылы  Үкіметтің  алдында  тұрған 

басты-басты 3 міндет: әлемдік қаржы дағдарысы 

шеңберіндегі іс-әрекет, елдің қабылданып та қой-

ған  қысаң  бюджетінің  орындалуы,  реформаны 

жалғастыру. 

Мен  сөзімді  депутаттар  мен  Үкіметке  қарата 

айтамын.  Дағдарыстар  келеді  де  кетеді.  Дүние 

жүзінің біраз елдері мен халықтары осындай дағда-

рысты бастан кешіп отыр. Барлығы да оны еңсеруге 

тырысады, біз де бұл дағдарысты еңсереміз. Сон-

дықтан байбаламға салынудың қажеті жоқ. 

Бізге білек біріктіріп жұмыс істеп, бар күш-жі-

герімізді  еліміз  бен  халық  алдында  тұрған  про-

блемаларды шешуге жұмылдыру керек. Әркім өз 

игілігі үшін, халық игілігі үшін еңбек ететіндей қып 

ұлтты  оптимизммен  шамырқандыру  шарт.  Бұл 


58

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

үшін биліктің барлық тармақтары нақтылы іс-қи-

мылдың өнегесі болуы тиіс, мен соған шақырамын. 

Елімізде  дағдарыстан  шығудың  бірден-бір 

жолын  бұранданы  қатайтып,  бұрай  түсу  деп 

білетін күштер де бар. Олар мұнысын экономи-

калық келеңсіздіктер жағдайын желеу етіп,  саяси 

реформаларды  жайына  жинап  қойған  кейбір 

мемлекеттер үкіметтерінің тәжірибесіне сілтейді. 

Әйткенмен жаңа тарих мына 1 жалпылама заң-

дылықты құптайды: экономикалық тұрақсыздық 

пен саяси қуғын-сүргін бір-біріне дем беріп, қол 

ұстасып қатар жүретін көрінеді.

Ал  Қазақстанда  біз  осы  әзәзіл  байланысты 

аластауға бел будық. «Өмірлік күшті сілкіністер 

ұсақ  үрейден  айықтырады»,    деген  Бальзак.  Біз 

демократияны таңдап алдық, қазір оған адалмыз 

және дәйім адал боламыз және біз үшін экономика-

лық сілкіністер кері серпілуге себеп бола алмайды. 

Демократияны дамыту – соларды еңсерудің бір-

ден-бір жолы. 



Біздің демократияның кезекті қадамдары

Инаугурация күні халықты мен біздің қазақстан-

дық демократия одан әрі де дамиды, бұл жолдан 

біз және таймаймыз деп сендірдім. 

Сайлаушылардың жаңа мандатын ала отырып, 

мен  президент  лауазымындағы  жаңа  мерзімді 

біздің демократияның үнді ұрандардың жиынтығы 

болып қалмауына жұмсаймын. 



59

Халқының  этностық  құрамы  соншалық  сана-

луан, білім деңгейі мен саяси белсенділігі жоғары 

ел үшін демократия – тағдырдың өзі белгілеп бер-

ген жол. 

Еркін нарық пен азат адами рух – міне, Қазақстан 

тағдырының қос қыры осы. Бұл – өзіміз адал беріл-

ген әрі ешқашан таймайтын біздің жол. 

Өзімнің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан 

халқына Жолдауымда арнасында сайлау жүйесі 

реформасы  жатқан  саяси  жүйені  ырықтандыру 

бағдарламасы туралы мәлімдеген болатынмын. 

Біз тұңғыш рет президент сайлауын баламалы 

негізде өткіздік. Мұның өзі саяси өмірді ырықтан-

дырудың  қыркүйек  бағдарламасына  елеулі  сын 

болды. Сайлау Қазақстан демократиясы дамуының 

жаңа кезеңі болып, қоғамның тың құндылықтарды 

қабылдауға әзір екенін танытты. 

Көппартиялық  негіздегі  парламент  сайлауы 

 бізде конституциялық тұрғыдан бекітілді. «Қазақ-

стан Республикасындағы сайлау туралы», «Респу-

бликалық референдум туралы» заңдар әзірленіп, 

Парламентке  енгізілетін  болады.  Сайланбалы  

лауазымдарға кандидаттар ұсыну талабы жеңіл-

детіліп, оңайланады. Мәжілістегі «жалпыұлттық» 

депутаттық  орын  үшін  тепе-тең  өкілдік  жүйесі 

енгізілмек. 

Президенттік  кандидаттар  үшін  сайлау  жар-

насы 10 есе азайып, ең аз еңбекақының мыңеселік 

көлемінен 100 есеге түсті. Сенат пен Мәжіліс депу-

таттығына кандидаттардың жарнасы 2 есе кеміді. 


60

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Дауыс беруге 50 %-дан астам сайлаушы қатыс-

қанда  ғана  сайлау  өтті  деп  есептеу  жайындағы 

құқығы  бәз  біреудің  дауыс  беру  құқығы  жүзеге 

асыруына тәуелді болмайды. 

1998 жылғы қыркүйекте саяси партиялар мен 

қозғалыстардың  ел  өмірінің  барлық  саласына 

барынша кеңірек қатысуының қажеттігі жөнінде 

мәлім еткенмін.

Биылғы жылдың күзінде өтетін Мәжіліс сайлауы 

біздегі көппартиялық жүйеге елеулі сын болмақ. 

Біз Конституцияны қатаң ұстанамыз. 

Мәжілісте депутаттар алғаш партиялық тізім 

тәртібімен сайланатын орындар болады. Бұл тең 

өкілдік  жүйесін  пайдаланудың  Орталық  Азия 

елдеріндегі тұңғыш оқиғасы болғалы тұр. 

Саяси партияларда өз қызметін белсендіре ете 

түсудің  қуатты  құлшынысы  пайда  болды.  Жаңа 

партиялар мен бірлестіктер тіркеуден өтіп жатыр. 

Олардың еркін жұмыс істеп, алдағы науқанға алаң-

сыз дайындалуына мүмкіндік мол. Алдағы сайлау 

біздің  халық  пен  мемлекетіміз  үшін  ірі  тарихи 

асулы кезең болғалы тұр. 

Бүгіннен бастап Орталық сайлау комиссиясы-

ның тағы 1 міндеті саяси партиялар өкілдерімен 

сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оқу семи-

нарларын жүргізу болмақ. 

Біз мүдделі халықаралық ұйымдар мен мемле-

кеттерден байқаушылар қабылдауға дайынбыз. 

2000 жылдан бастап біз төменгі деңгейдегі әкім-

дердің сайлауына кірісеміз. Орталық пен өңірлер 



61

арасында  бюджет  бөлінгеннен  кейін  әкімдердің 

сайланбалық қағидаты ұлғая түседі. Әкімдердің 

сайланбалығын бүгіннен бастап-ақ енгізу туралы 

дауыстар шығып та жатыр. Бұл конъюнктуралық 

әншейін  әңгімелер,  шын  мәнінде  бағдарсыздық 

пен дағдарысқа шақыру. Әзір біз бюджетті бөлуге 

жетпейінше, ал әкім өз аймағындағы қаржылық, 

шаруашылық және әлеуметтік жағдайға басымен 

жауап бермей, орталыққа алақан жаюмен жүр-

генде, қандай да 1 сайланбалық жөнінде сөз ете 

алмаймыз. 

1998  жылғы  қыркүйекте  мен  Парламенттің 

мәртебесі мен рөлін көтерудің қажеттігі, Үкімет-

тің тәуелсіздігі мен дербес жауапкершілігі туралы 

мәлімдегенмін. 

Конституцияға  енгізілген түзету арқылы Пар-

ламент  бірқатар  министрлерді  тағайындау  мен 

орнынан алу жөнінде жаңа өкілдіктерге ие болды. 

Президент, Парламент, Қазақстан Республикасы 

Парламентінің  комитеттері  мен  комиссиялары, 

Үкімет республикалық референдум туралы заңдар 

мен  өзімнің  Қазақстан  халқына  Жолдауымда 

ұсынған  билік  тармақтарының  өзара  қатынас 

тетіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл 

заңдарда  Премьер-министрге  министрлердің 

жұмысы  үшін  толық  жауапкершілік  жүктеледі, 

министрлердің өз қызмет міндеттерін атқарудағы 

өкілдігі ұлғайтылады, жұмысты ақсатқаны, қаре-

кетсіздігі мен Үкімет жасақтаған саяси бағыттан 

жалтарғаны  үшін  жауаптылығы  күшейтіледі;  


62

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

бюджеттік  және  стратегиялық  жоспарлаудың 

бірлігіне қол жеткізіледі, мемлекеттік басқару дең-

гейлерінің әрқайсысының өкілдіктері мен жүргізу 

салалары  нақпа-нақ  айқындалады,  мемлекеттік 

қызмет жүйесі реформаланады. Заңдар Сенат пен 

Мәжілістің тәуелсіздігін, Қазақстандағы биліктің 

орнықтылығы    мен  сабақтастығын  қамтамасыз 

етеді. 


Мен 1998 жылғы қыркүйекте азаматтық қоғам 

қалыптастыруға  бағытталған,  бәрінен  бұрын 

үкіметтік  емес  ұйымдарды  қалыптастырып, 

дамытуды  және  қызметін  жандандыруға  ықпал 

ететін  шаралар  туралы  айтқанмын.  Үкіметтік 

емес ұйымдарды тіркеу мен қызмет рәсімдерін біз 

недәуір оңайлаттық. Қазір елімізде 2 мың үкіметтік 

емес ұйымдар бар – бұл Орталық Азиядағы мем-

лекеттердің кез келгеніндегіден көп.

«Қайырымдылық қызмет және қайырымдылық 

ұйымдары туралы» жаңа Заң қабылдауды ұсына-

мын.  Ол  үкіметтік  емес  ұйымдарға,  қайырым-

дылық  қорларына,  медициналық  және  мектеп 

жасына  дейінгі  мекемелерге,  оқу  орындарына 

аса  маңызды  әлеуметтік  мәселелерге  қаржыны 

белсендірек  тартуға  мүмкіндік  береді.  Бүгінде 

Қазақстанда  Сайлау  жүйелерінің  халықаралық 

қорымен бірлесіп азаматтық ағарту бағдарламасы 

енгізіліп жатыр. 

1998  жылғы  қыркүйекте  мен  сот  жүйесі  тәу-

елсіздігінің  кепілдіктерін  дамытудың  қажеттігі 

туралы мәлімдегенмін. 



63

Оның реформасы жалғастырылады. Ол да жоға-

рыдағылардан  басталуы  шарт.  Жоғарғы  соттың 

төрағасы  мен  оның  алқаларының  төрағаларын 

Сенат сайлайды. Өздеріңіз білетіндей, мен Жоғары 

сот кеңесі төрағасының міндетін өзімнен түсірдім. 

Құқықтық реформаны қазір жалғастырып жаты-

рмыз. 


1998 жылдың қыркүйегінде мен тәуелсіз бұқара-

лық ақпарат құралдарымызды дамытудың қажет-

тігі туралы да мәлімдегенмін. 

Бүгінде  Қазақстанда  цензура  жоқ,  сондықтан 

қоғамымыздың қай жерінің болсын бар көрінісін 

журналистердің еркін үні әйгілеп тұрады. Соның 

өзінде  де,  сөз  бостандығы  мен  журналистердің 

құқығы қорғалуға тиіс. 

Сол  себепті  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары 

туралы» жаңа либералдық заң әзірленді. 

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім мини-

стріне заңның бұзылуы жөніндегі назар аударар-

лық арыз-шағымдарды тікелей қадағалап, жедел 

тергеу бастауын тапсырдым. Біз еркін сөз бен еркін 

баспасөзге қысым жасаудың кез келген түрін той-

тарып отырамыз. 

Демократия дегеніміз заңдарды қатаң сақтау. 

Мұның өзі оларды бұлжытпай орындауды талап 

етеді. 

Ал заңдар жаңа жағдайларға және алдымыздан 



ашылған мүмкіндіктерге байланысты жетілдіріліп 

отыруға тиіс. Менің тапсырмам бойынша Үкімет 

жуық арада Парламенттің қабылдауына жоғарыда 


64

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

аталған аса маңызды, демократия кеңістігін кеңейте 

түсетін заңдар жобасының дестесін енгізеді. Пар-

ламенттен  сол  заң  жобаларын  жедел  қарауын 

сұраймын.  

1998  жылғы  қыркүйекте  мен  мемлекетімізді 

жаңа 1 кеңауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға 

үндеген болатынмын. Оның мақсаты – Қазақстан 

әйелдерінің елдің саяси, экономикалық һәм қоғам-

дық өміріне белсене қатысуын қамтамасыз ету. 

Отбасы  және  әйелдер  ісі  жөніндегі  Ұлттық 

комиссия  белсене  қимылдай  бастады.  Барлық 

деңгейдегі басшылық лауазымдарында әйелдердің 

өкілдігі едәуір өсті. 

Бізде қазір 15 әйел Парламент депутаты, үшеуі 

комитеттерді  басқарады,  екеуі  министр,  біреуі 

Агенттік төрайымы, 10 әйел вице-министр, агент-

тіктер  мен  комитеттер  төрағаларының  орынба-

сарлары.  Еліміздің  Ұлттық  ғылым  академиясы-

ның президенті де әйел. 5 әйел облыс әкімдерінің  

орынбасары  болды.  Бұл  жұмыс  жалғастырыла 

бермек. 

Әкім орынбасарлары басқаратын тиісті комис-

сиялар  құрылған  облыстарда  белсенді  жұмыс 

басталып та кетті. 

Біз әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті ынталан-

дыру бағдарламасының алғашқы кезеңін жүзеге 

асыруға  кірістік.  Мұның  мақсаты  бүкіл  елде 

әйел-кәсіпкерлердің  қалың  легі  пайда  болуына 

жәрдемдесу.  Әйелдерге  шағын  кредитке  арнап 


65

бөлінген  100  млн  теңге  олардың  меншікті  ісін  

ашуға көмектеседі. 

Мен  әйелдерді  тәни  зорлықтан,  тұрмыстық 

кемсітушіліктен қорғаудың қажеттігі жөнінде де 

айтқанмын. Қылмыстық және қылмыстық іс жүр-

гізу кодекстерге енгізілетін әйелдерге қарсы қыл-

мыс үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін 

өзгерістер мен толықтырулар әзірленді. Ішкі істер 

министрлігі жүйесінде әйелдерге қатысты зорлық 

жасау  көріністерімен  күрес  жөнінде  айрықша 

бөлімшелер құрылды. 

30 қыркүйекте мен демократиямызға ең қауіпті 

қатер болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  күресті  қатайта  түсудің  қажеттігі  туралы 

айтқанмын.  Биылғы  жылы  сыбайлас  жемқор-

лыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  заң  қабылданып, 

арнайы бағдарлама жасақталды. Елімізде сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы күрес ымырасыз сипат 

алып отырғанын жұрттың барлығы есте ұстауға 

тиіс. Осыған байланысты былтыр халыққа арнаған 

үндеуімді еске сала кетейін. Ешкім үшін де кешірім 

болмайды, жеңілдік жасалмайды. Және біз халық 

сенімін ақтамағандарды заңның бар қаталдығымен 

жазалайтын боламыз. 

Тек өткен жылы ғана 1511 сыбайлас қылмыстың 

беті ашылды. Заң қабылданғаннан кейінгі кезеңде 

ғана 271 қылмыс әшкереленді. Тек үстіміздегі жыл-

дың 2 айында ғана республика соттары 92 кісіге 

қатысты  сыбайлас  жемқорлық  жөнінде  77  қыл- 

мыстық іс қарады. Айыпталғандардың ішінде Ішкі 


66

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

істер  министрлігінің  –  29,  кеден  қызметінің  –  6, 

салық  органдарының  –  5,  прокуратураның  –  2, 

соттың – 2 қызметкерлері және 3 әкім бар. 1998 жы- 

лы 76 мемлекеттік қызметші сотталса, соңғы 2 ай 

бағдарында 40 шенеунік бас бостандығынан айы-

рылды. 


Кезінде Гете «Жазалауға қабілеті жоқ қазы түптің 

түбінде  қылмыспен  сыбайлас  болып  шығады» 

деген еді. Таяуда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес  туралы»  Заңның  қабылданғанына  1  жыл 

толады.  Турасын  айтсам,  өз  басым  жүргізілген 

жұмысқа қанағаттанбаймын. Құқық қорғау орган-

дарымыздың жұмысына да көңілім толмайды. Жыл 

қорытындысы кімнің міндетін орындағанын кімнің 

орындамағанын көрсетеді.  

Баршаңызға ескерткім келеді. Мен халыққа бұл 

бәлекетпен  ымырасыз күресемін деп уәде берген-

мін. Сол уәдемді орындау үшін барлық шараны 

қолданамын. 

Ведомствосында  заң  бұзушылық  белең  алған 

министрдің  жұмысын  қалай  оңды  деп  бағала-

уға болады? Төңірегінде ашкөз алымқорлар мен 

жемқорлар  алаңсыз  жұмыс  істеп  жүрген  әкім-

дердің жұмысын қалай оңды деп бағаларсың? Мен 

қазақстандықтарға  тағы  да  айтамын.  Үн-түнсіз 

отыруға болмайды. Бұл бәлекетпен күллі қоғам 

болып күресу керек. 

Сонымен, бізде 2 басты әрі нақты проблема бар. 



67

Біріншісі  –  салық  жинау.  Зейнетақы  мен 

жалақыны  уақтылы  төлеу-төлемеуіміз  осыған 

байланысты. 

Екіншісі – жүргізілетін реформаларға жұрттың 

сенімін  жоятын  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес. 

Біріншісін Үкімет әзір еңсере алған жоқ, екін-



шісімен атымен шұғылданбай отыр. 

Маған ай сайын осы мәселелер бойынша Үкімет 

пен барлық әкімдердің есебін тыңдауға тура келеді. 

Алғашқы есеп сәуірдің екінші жартысында тыңда-

лады. 

Мемлекеттік кірістер министрлігі мен Сыбайлас 



жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі Прези-

дент жанындағы комиссия өзін сыйлатып, өзінен 

аяқ тарта жүруге мәжбүрлеуге тиіс. Мен оларды 

бұл ретте қолдап, көмектесіп отырамын. 

Демократиялық  реформалардың  айтақырда 

өрістемейтінін әрқашан есте ұстауға тиіспіз біз. 

Небәрі 7 жылдың ішінде тоталитарлық тәртіптің 

қиратындысын аршып, дәл мәніндегі жаңа елдің 

шаңырағын көтердік. 

Барлығы  бізге  қарсы  болды.  Көпшілігі  бізден 

ештеңе шықпайды, деп бәс тікті, саяси тұрғыдан да, 

экономикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғы-

дан да бұлар егемен тірлікке қабілетсіз деп көкіді. 

Біз еркін нарыққа бет алған бағытымызда жолы-

мызды кесуге тырысқан әзәзілдіктің ырқына көн-

бедік, алда да көнбеуге бел будық. Таңдауымызды 



68

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

біз түбегейлі жасадық және ешқандай дағдарыс 

одан бас тартқыза алмайды. 

Біздің  демократияға  шамалы  ғана  мүмкіндік 

берді.  Венгрия,  Чехия,  Польша,  Румыния  және 

Балтық маңы елдері сияқты мемлекеттерден айыр-

машылығымыз – Қазақстанда біз арқа сүйер демо-

кратиялық дәстүр ешқашан болған емес. 

Айналасы 7 жылдың ішінде: 

–  біз  инфляцияны  3000 %-дан  10 %-ға  дейін 

азайттық; 

– біз валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ете 

білдік; 


– біз әрбір тұрғынға шаққанда шетел инвестици-

яларын тартудан бұрынғы шығыс бөлігі елдерінің 

ішінде алдыңғы қатардамыз

–  біз  либералдық  заңнама  жасап,  демократи-

ялық  бостандық  енгізіп,  саяси  партиялардың, 

қозғалыстар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың 

қалыптасуына  жәрдемдесе  отырып,  саяси  және 

азаматтық  белсенділіктің  дәстүрлерін  дамытуға 

қол жеткіздік;

– бізде барлық конфессиялар үшін дін ұстану 

бостандығына кепілдік берілген

– біз тарихтағы өзінің ядролық арсеналын толық 

жойған бірінші мемлекет болдық;

– біз еліміздің тарихында бұрын болып көрме-

ген  баспасөз  бостандығы  мен  тәуелсіздігіне  қол 

жеткіздік. 



69

Бүгінде осының бәрі өз-өзінен белгілі сияқты. 

Алайда осының бәр-бәрі бізде ешқашан болмаған 

еді  ғой.  Соншалық  қысқа  мерзімде  жүзеге  асы-

рылған алып ауқымды істерге баға бере отырып 

мен  болашаққа  зор  құлшыныспен  қараймын 

және елді реформалар мен жаңару жолы арқылы 

бұрынғыша бастай беруге қайратым кәміл. 

Қытай тілінде дағдарысты білдіретін сөз 2 ие- 

роглифтен тұрады екен. Оның бірі қатерді бейне-

лесе,  екіншісі  сәтті  мүмкіншілікті  айшықтайды. 

Экономикалық  дағдарысқа  қарамастан,  саяси 

ырықтандыруды жалғастырамыз және өз мүмкін-

шілігімізді жібермейміз. 

Бізде сыншылар болған, бола да береді. Біздегі 

реформалардың  барысы  үшін  шынымен  жаны 

ауырып,  Қазақстандағы  демократияландыру 

қарқынын шапшаңдатуға асығып отырған Баты-

стағы достарымызды да түсінеміз. Алайда бүкпесіз 

ашығын айтайықшы. Батыс тұрпаттас демократия 

жасау 1 күн, 1 апта емес, тіпті ондаған жылдарды 

талап етеді. 

Америкалық  саяси  жүйе  223  жылды  артқа 

салғанмен,  әлі  күнге  дейін  ұдайы  жетілдіріліп 

келеді. Бағзы болсын, жас болсын кез келген басқа 

демократия үшін де осыны айтуға болады. Біз алға 

шапшаң жылжыдық, ал биылғы жылы реформа-

ларымыздың қарқынын тағы да жеделдете түсеміз. 

Алайда  біз  демократияның  қарыштап  дамуын 

анархия дәуірінің алмастыруына жол бермейміз. 

Біз  бұлтармай  алға  жылжитын  боламыз  және 


70

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

сақтықпен жылжимыз. Дұрыс жолдан жалтармай, 

біртіндеп ілгерілейміз. Бізге саяси революцияның 

қажеті жоқ. Бұл ғасырдың аясында ондайларды 

бастан  жеткілікті-ақ  кешірдік.  Біз  өзіміз  таңдап 

алған бағытты бағдарламалық сатылы демократи-

яландыру деп атауға дайынбыз. 

Бернард  Шоу  «Демократия  сайлаушылары 

жасаған адами материалдың деңгейінен жоғары 

тұра алмайды» деп айтқан. 

Біз  бостандық,  әлеуметтік  бағдардағы  нарық, 

ұлтаралық  және  конфессияаралық  төзімділік, 

әлеуметтік ынтымақтастық ұстанымдарына арқа 

сүйейтін  күшті,  өміршең  демократиялық  қоғам 

құруға  белді  бекем  байладық.  Ол  әсемдік  пен 

ақылға  сыйымды  тұтастық  астаса  келіп,  ұлттық 

дәстүрлер мен демократиялық ұстанымдар қалып-

тастыратын еркін қоғам. 

Осындай  қоғам  қалыптастыруда  Қазақстан 

өнеге болуға тиіс, өнеге болмақ та. Заңнан заңға, 

сайлаудан сайлауға бірте-бірте қадам басқан сайын 

демократия біздің топыраққа сіңе береді. 

Ортақ міндеттер мен ортақ талпыныстар басы-

мызды біріктіріп, үшінші мыңжылдыққа, кәнекей, 

батыл қадам басып кірейік! 



71


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал