Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет2/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

* * *

Елдің мәдени өміріндегі жарқын да мәнді оқиға-

лар да тізбектеліп, лек-легімен Қазақстанның ішкі 

саяси, әлеуеттік-экономикалық һәм халықаралық 

жетістіктерінің мәнді қатарына ажырағысыз аста-

сып енді. 

Олардың  санатында  Қазақстан,  Қырғызстан, 

Тәжікстан және Өзбекстан мәдениеті мен ғылымы 

қайраткерлерімен халықаралық кездесу, Түркістан 

қаласының  1500  жылдығын,  Тараз  қаласының  

2000 жылдығын, Кенесары ханның 200 жылдығын 

мерекелеу,  Дүниежүзі  қазақтарының  II  құрыл-

тайын өткізу бар. 

Алайда ең басты қоғамдық-саяси және мәдени 

оқиға, сөз жоқ, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жыл-

дығы болды. Өткен жылдар ішіндегі ел дамуының 

өзекті қорытындыларына баға беріп, келешектің 

күн тәртібін қалыптастыра отырып, Н. Ә. Назар-

баев қазақстандықтарды мына мәселелер төңіре-

гінде ойлануға шақырды: 

«Тәуелсіздік  дегеніміз  не,  бізге  ол  не  берді? 

Біз нені сақтап, неден құтылуымыз керек? Ақыр 

аяғында, бізді алдан не күтіп тұр? 

Бұл сұрақтар қиын да күрделі, өйткені оларға 

берілер  жауап  біздің  әрқайсымызға,  сондай-ақ 

ортақ тағдыр бас құратқан бүкіл халыққа, Қазақстан 

азаматтарына қарата айтылуы керек. Өз қолымен 


25

шаңырағын көтеріп жатқан еліміздің, болашағы-

мызды байланыстырып отырған еліміздің азамат-

тарына. 


...Егер біз дұрыс шешім таппасақ, ал бұл көп-

теген  мемлекеттер  мен  халықтардың  қолынан 

келмеген, онда біз әлемдік дамудың жол жиегінде 

қаламыз. Сондықтан,  келіңіздер қимылдайық!» 



* * *

Қорыта келгенде мына жайды атап айтқымыз 

келеді. Тәуелсіз Қазақстанның 1999–2002 жылдар-

дағы  уақыт  аясы  айрықша  бейнелік  мазмұнмен 

дараланып  тұр,  өйткені  бұл  кезең  әлеуметтік- 

эволюциялық мәнде отаршылдық-тоталитарлық 

тәуелділік  пен  большевизмнің  халыққа  қарсы 

тәжірибесінің алапат қысталаңына  айналған ХХ 

ғасырдан тәуелсіз мемлекеттілікті, нақты егемен-

дікті қалпына келтіру, халықтың шынайы саяси, 

рухани, мәдени қайта түлеу, демократия мен ашық 

нарықтық бәсекеге негізделген сапалық тұрғыдан 

жаңа қоғамдық құрылыс жағдайында қауырт та 

жан-жақты үлгілеу уақыты – ХХІ ғасырға орасан 

зор формациялық көшуімізбен атап өтілді. Жас 

республика үшін бұл расында да аман қалу стра-

тегиясынан  өрлеп-өсу  стратегиясына  көшудің 

бетбұрыс кезеңі болды. 



26

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002



Қазақстан Республикасы Президентінің 

қызметіне ресми кірісуіне байланысты 

салтанатты ұлықтау рәсімінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы,

1999 жылғы 20 қаңтар

Құрметті отандастар! 

Құрметті қонақтар!

Саясатта  күннің  ғасырдан  ұзақ  созылатын 

кезеңдері тым сирек. Сондай күн еліміз үшін де, 

өзім  үшін  де  1999  жылдың  10  қаңтары  болды. 

Қазақстанда бұл мезет қанды да қасіретті ХХ ғасыр 

мен үміт пен сенімге толы ХХІ ғасырдың аралығын-

дағы суайырығы, шекаралық желі тәрізді көрінді. 

Неліктен  осынау  қыстың  суық  күні  отандық 

тарихымызға жас дербестігіміз аталатын жылдар-


27

дың  қысқа  ғана  тізбегіне  ең  ыстық  нүкте  болып 

енгелі тұр? 

Өйткені  біз  өзіміздің  көпғасырлық  ұлттық 

тарихымызда мемлекет басшысының баламалы, 

бәсекелі,  демократиялық  сайлауын  алғаш  рет 

өткіздік.  

Иә,  кейбіреулер  үшін  бұл  баяғыда-ақ  өткен 

белес. Иә, біз сайлау демократиясының қылаусыз 

үлгісінен әлі алшақпыз. Иә, біз бұл жолда өзіміздің 

не істеуіміз керектігін жақсы білеміз. Алайда біз 

санғасырлық тоталитаризмнен енді ғана құтылған 

халқымыздың демократияны да өзектен өткізуге 

тиіс екенін де білеміз. 

Біз нарықты экономикасы бар демократиялық 

қоғам құрудың ұстанымдарына адалдығымызды 

мәлімдейміз. Біз басталған реформаларды жалға-

стырамыз.  Біздің  ішкі  және  ұлттық  саясатымыз 

бұлжымайды. 

Бірақ 1 нәрсе даусыз. Миллиондаған қазақстан-

дықтар Президентті тұңғыш рет бірнеше канди-

даттың арасынан таңдап алды. Оларға өз ақыл-ойы 

мен  ар-ожданына  өзге  ешкім  де  салмақ  салған 

жоқ. Бұдан 1,5 ғасыр бұрын былай айтылған екен: 

«Тәжірибе – сабағы үшін қымбат сұрайтын ұстаз. 

Алайда ешкім одан артық оқыта алмайды». Біз сол 

тәжірибені таптық. Және бұл тәжірибе табысты да. 

Бүгін атап өтіп отырғанымыз 1 адамның ғана 

жеңісі емес. Бұл – жалпыға ортақ жеңіс. Бұл жеңіп 

шыққан  кандидаттың  салтанаты  емес,  идеяның 



28

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

салтанаты. Бұл саяси топтардың табысы емес, сая-

саттың табысы. 

Өз басым, мен үшін отандастарымның айқын 

басымды    көпшілігі  дауыс  бергеніне  мақтана-

мын.  Бұл  «жерде  жұмақ  орнатамын»  деп  уәде 

бермей,  таяу  жылдары  әлемдік  экономикалық 

дағдарыспен  астасатын  қиындықтар  жайында 

көбірек айтқаныма да айрықша құнды. Әйткенмен, 

басқа кандидаттар үшін дауыс берген қазақстан-

дықтарға да разымын. Солардың арқасында шын 

бәсекелі сайлау өткендіктен ғана емес, мемлекет 

басшысының  100  мыңдаған  отандастарымыз- 

дың қиындықтары мен қайғы-мұңы туралы қатаң 

да адал дабылына ден қойғаны үшін де разымын. 

Мен  сайлау  науқаны    барысындағы  пікірта-

ластың  әдептен  озбай  өркениетті  болғаны  үшін  

өзімнің бәсекелестеріме де ризамын. Дәл осыған 

орай халық өз таңдауын тырнақ астынан кір іздеп, 

бедел  төгуге  бармай,  мазмұнды  бағдарламалар 

арнасында жасады. 

Мен жағдайды әділ де адал талдаған отандық 

қана емес, шетелдік журналистер мен бақылаушы-

ларға дән разымын. 

Сайлаудағы жеңісіммен құттықтаған шет мем-

лекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  жетек-

шілеріне, басқа елдердің бүгін осы залда отырған 

делегация басшыларына және күллі меймандарға 

алғыс айтамын. 

Осы айларда ұшан-теңіз жұмыс жасаған өзімнің 

мыңдаған жақтастарыма да мың 1 алғыс. 



29

Алайда, ең алдымен, барша отандық саясаткер-

лерге тәлімді тағылым берген Қазақстан халқына 

алғысым ерек. 

Бұл тағылымның 1-інші бөлігі соңғы 3 жүзжыл-

дықта қанды айқастардан опат болған ата-баба-

ларымыздың арманынан, ғасыр басында «Алаш» 

партиясының қайраткерлері сұмдық құрбандыққа 

барып,  бас  тартпаған  арманынан  арна  тартқан 

қазақтың  ұлттық  тұтастығы  ақиқатқа  айналды. 

Қазақтарды  ұлт  ретінде  ыдырату  бұрын  да 

ешкімнің қолынан келмеп еді, енді ондай дәменің 

қарасы  мүлдем  батты.  Көзге  көрінбес  арналар, 

көзге түспес күш-қуат арқасында ұлтымыз тәуел-

сіздік жылдары нақтылы қарекет-қимылымен ең 

алғаш  рет  әлемге  және  өзіне  мызғымас  бірлігін 

танытты. Егер бұл сайлау болмағанда, оны ақиқат-

тың дәл осы мезеті үшін ойлап табуға болар еді!

Бұл тағылымның екінші бөлігі ұлтына, дініне, 

нәсіліне  қарамай, саяси ұраннан саяси шындыққа 

айналған Қазақстан халқының бірлігінен тұрады. 

Бақытымызға  қарай,  сайлау  кезіндегі  тайталас 

топтардың қазақтар мен орыстардың, түркілер мен 

славяндардың, мұсылмандар мен христиандардың 

жік-жікке бөлінуі туралы қауесеті қауесет болып 

қана қалды. Мен үшін бұл болашақтың маңызды 

белгісі, халқымыздың келесі ғасырдағы тыныш та 

бейбіт өмірінің нышаны. 

Бүгінде менің алдымда сырттай қарағанда қара-

пайым көрінетін 2 міндет тұр. Алайда тарих оларды 

ең күрделі міндеттер деп үйретеді. Бұрынғы баба-


30

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

ларымыздың билеушілерге деген ең биік бағасы: 

«Ол  халқын  жақсы  бақты»  болатын.  Сондықтан 

бастапқы міндет халықтың игілігі болуға тиіс. Әр 

нәрсенің өз уақыты бар. Реформа жүргізетін де, 

оның  жемісіне  шүйгитін  де  уақыт  болуы  керек. 

Алдағы  7  жылда  халық  реформалар  жемісін  өз 

дастарқаны мен қалтасынан көруі шарт. 

Екінші  міндет  –  елде  демократияны  дамыту. 

Биылғы жылы біз Парламент сайлауын жаңа сай-

лау заңы бойынша өткіземіз. Барлық саяси партия-

лар бұл күреске қатыса алады. Жаңа мыңжылдыққа 

дейінгі 49 аптада еркіндікке еш балама жоқ. 

Мен  әлгінде  ғана  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  антын  бердім.  Мен  бұл  антым-

нан  ешқашанда  қайтпаймын.  Өткендегі  даңқты 

шежіремізден  қуат ала отырып, біз жаңа ғасырға  

қарай қуатты қадаммен алға басамыз. 


31

Қазақстан халықтары Ассамблеясының  

V сессиясында «Ұлттық келісім – Қазақстанның 

тұрақтылығы мен дамуының негізі» 

тақырыбында 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Астана қаласы, 

1999 жылғы 21 қаңтар

Құрметті Қазақстан халықтары! 

Ассамблеясының мүшелері! 

Қымбатты қонақтар!

Бүгін мен осы мінберден айрықша толғаныспен 

сөйлеп  тұрмын.  Бұрынғылар  «көпірге  жетпей 

тұрып  өттім  деме»  деген  екен.  Осыдан  10  күн 

бұрын біз осындай өзіндік 1 көпір болған еліміздегі 

тұңғыш  балама  сайлаудан  өттік.  Сөйтіп,  ғасыр-

лар тоғысының алдындағы жыл менің 7 жылдық  


32

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

президенттік  мерзімім  басталатын  жыл  болып 

отыр. 


Сайлау бәйгесінің бірнеше айы ішінде орасан 

зор  интеллектуалды  және  ұйымдастырушылық 

қолдау көрсеткендері үшін осы залда отырғандарға 

шын жүректен ризашылық білдіремін. 

Саяси іш тарту жасалды деген кінә артылмауы 

үшін сайлау аяқталғанға дейін Ассамблея сесси-

ясы әдейі шақырылмады. Ассамблеяның міндеті, 

ең  алдымен,  көп  ұлтты  еліміздегі  бейбітшілік 

пен татулыққа қолдау көрсету болып табылады. 

Биылғы және мемлекет басшысы болып сайланған 

келесі жылдар ішіндегі алғашқы саяси іс-шараны 

сіздермен кездесуден бастап отырғаным да кездей-

соқ емес. Бұрын айтуға болмай келген жәйттерді 

бүгін айту қажет болып тұр. 

Өткен сайлаудың 2 бірдей ұлттық қатері болды. 

Біріншісі – ұлттық белгі бойынша жік түсуі. Екін-

шісі – ұлттың өз ішіне жік түсуі. Біз «Жеңілгендерді 

зар еңірету үшін оларға тек көз жасын ғана қал-

дырамыз» деп мәлімдеген Бисмарктің қанқұйлы 

қағидасын ұстанудан аулақпыз. Мен өзіме қарсы 

дауыс  берген  қазақстандықтардың  таңдауын  да 

құрметтеймін, өйткені олар мемлекетіміздің аза-

маттары болып табылады, ал мен олардың мүд-

делерін  қорғауға  міндеттімін.  Бұл  жерде  әңгіме 

басқада – бас пайдасын көздеген саяси міндеттерге 

қол жеткізу үшін ұлттық мүдделерді де саудаға 

салуға тырысу туралы болып отыр. Мұндай саясат-

шыларға біздің қоғамымызда орын жоқ. 



33

ХХ ғасырда көптеген жас тәуелсіз мемлекеттер 

егемендік алғаннан кейін кенет өзара соғыс бастаға-

нын немесе қолдары енді ғана жеткен бостандықтан 

айрылып  біткенге  дейін  одан  әрі  бөлшектеніп, 

мұның  өзі  азамат  соғыстарына  ұласқанын  біз 

тарихтан жақсы білеміз. 

Тарихтан тағылым алмаған жұрт мұның өтемін 

өз  қанымен  төлейді.  Біз  барлық  азаматтардың 

құқықтарын қамтамасыз ететін тәуелсіз де қуатты 

мемлекетті сақтап қалу тек ұлттық тыныштықты 

сақтау арқылы ғана мүмкін екендігі туралы айдай 

ақиқатты мойындауға тиіспіз. Сондықтан біздің 

осы  сессиямыздың  өзегіне  «Ұлттық  келісім  – 

Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» 

деген ұран алынып отыр. 

Бұл әлдебір тылсым тұжырым немесе қатып-

семіп қалған саяси қағида емес, бұл шын мәнінде 

біздің  ішкі  саясатымыздың  негізі.  Бірақ  ол  күн 

сайын нақты да көрнекі әрекеттермен қуатталып 

отыруға тиіс. Осыған байланысты барлық ұлттық 

қауымдастықтарға  Ұлттық-мәдени  орталықтар 

туралы заңның жобасын талқылау қажет. Әрине, 

бұл  заң  барлық  проблемаларды  бірден  шешіп 

бере қоймайды, бірақ бұл бүкіл ТМД аумағындағы 

бірегей құжат және сіздердің ескертулеріңіз бен 

ұсыныстарыңыздың  арнасында  осындай  арқау 

тұтарлық  құжат  дайындап,  оны  Парламентке 

берген жөн болар еді. Бұл – Ассамблея 1999 жылы 

жүзеге асыруға тиіс болатын ауқымды да маңызды 

заң шығару жұмысы. 


34

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Мен КСРО ыдырағаннан кейін неше түрлі себеп-

тер  мен  жағдайларға  байланысты  Қазақстаннан 

көшіп кеткен адамдардың бәріне өзіміздің ортақ 

Отанымызға қайта оралыңдар, есігіміз ашық және 

біз бірлесе қимылдағанда ғана күшейе түсетініміз 

анық, деп үн қатамын. 

Қазақтардың  тұтас  ұлт  ретіндегі  бірлігінің 

маңыздылығы  тек  тарихтың  сабақтарынан  ғана 

туындамайды. Мен тағы да халықтың кемеңгер-

лігіне көз жеткіздім. Адамдардың нақты таңдауы, 

нақты мінез-құлқы кез келген теориялық үлгіден 

әлдеқайда маңызды да сенімді. 

Бұл не экономикада, не саясатта терең негіздері 

жоқ кей кертартпалардың сүт бетіне шығарлары-

ның 1 бөлігін қатты мазалайтын, шынайы өмірге 

3  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын  дәмсіз  әңгіме-

лерінен, қазақтың қай-қайдағы рулық жікшілдігі 

туралы, шешілуі қиын қайшылықтар мен басқа 

да  этнографиялық  ерекшеліктер  туралы  толға-

ныстарынан әлдеқайда маңызды. Қоғамда жүріп 

жатқан  үдерістерге  байыпты  талдау  жасаудың 

орнына кімнің бабасы қай жерде туғанын есептеп 

шығару  әлдеқайда  оңай.  Егер  бұл  тайыз  ойлы 

тайқы  маңдайлардың  тапқаны  болса,  онда  күні 

өтіп кеткен мұндай әуестікке таңданып қана қояр 

едік. Ал, егер бұл кез келген тұрпатта саясатқа да 

енгізіле бастаған қағидат болса, онда мұндай қай-

раткерлерге мемлекеттік қызметте орын жоқ. 

Біздің Конституциямыз сословиелік және рулық 

алауыздықты насихаттауға тыйым салған, мұндай 



35

пікірді  өрбітушілерге  қатысты  тиісті  шаралар 

қабылданып та жатыр. 

Сайлау барысында халық өзінің жалпы ұлттық 

міндеттерді  түсіну  тұрғысынан  да,  ХХІ  ғасырда  

ауызбірлігі мықты ұлт құруға дайын екендігі жағы- 

нан  да  жекелеген  кертартпа  шенеуніктерден 

әлдеқайда биік тұрғандығын айқын көрсетіп берді. 

Бірақ бар гәп тек сайлау алдындағы шайқастарда 

ғана  жатқан  жоқ.  Өтпелі  кезеңнің  буырқанған  

10  жылы  ішінде  жас  мемлекеттің  ұлттық  саяса-

тында тұйыққа тірер жолға түсіп кетудің төмен-

дегідей қауіптері болған еді. 

Бірінші – ұлттық эгоизм. Біз, «халық жоқ болса, 

проблема  да  жоқ»  деген  қағидатты  ұстанып,  аз 

ұлттар өкілдерінің эмиграциясын қолдау жолына 

түсуге мүмкіндігіміз бола тұра, 1 ұлттан тұратын 

мемлекет құру жолын қабылдамай тастадық. 

Неге бұл жол тұйыққа апарып тірейді? Ұлттық 

эгоизм саясатын жүргізбегеннің өзінде біз қазір 

эмиграцияның  салдарынан  халқымыздың  эко-

номикалық тұрғыдан белсенді бөлігінің жетіспе-

ушілігін  сезініп  отырмыз.  Бірұлтты  мемлекет 

құру елімізге үлкен зиян келтіретін еді, өйткені 

Қазақстанда қалуға шешім қабылдаған қазақ еме-

стердің көп өкілдері ақыр аяғында көшіп кетуге 

мәжбүр болар еді. 

Бұл мәселенің басқа да қырлары бар. Мысалы, 

көшіп  келушілерді  қабылдауға  дайындығы  жоқ 

көрші мемлекеттерге жаппай эмиграция жасалуы 



36

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

біздің геосаяси айналамыздағы тұрақсыздық дең-

гейін күрт көтеріп жіберер еді. 

Сонымен қатар, егер ХХ ғасырдың бірінші жар-

тысы  үшін  империялардың  күйреуі  тән  болып, 

ұлттық  тұйықталуға  деген  қажеттілік  табиғи 

құбылысқа  айналса,  қазір  ықпалдастық  үдеріс-

терінің  күшейтілуі  және  мемлекеттен  жоғары 

тұрған  құрылымдарды  белсенді  түрде  жүйелеу 

жағдайында ұлттық оқшауланудың тарихи бола-

шағы жоқ. 

Біз ұлттардың өзіндік ерекшеліктері жойылып, 

1 ұлттың екінші ұлтқа, 1 мәдениеттің басқа мәде-

ниетке жұтылып кетуіне қарсымыз. Иә, біз қазақ 

тіліне  мемлекеттік  мәртебені  қайтарып  бердік. 

Бірақ біздің арыны басылмаған сыншыларымыз 

бұл тұрғыдан басқа ұлттар мен олардың тілдерінің 

құқықтары мен мүдделеріне қысым жасалмаған-

дығын байқамайды немесе байқағысы келмейді. 

Қазір орыс тілі Қазақстанда толыққанды қолда-

нылып отыр. 

Біз  қазақтан  басқа  ұлттардың  мүдделеріне 

қысым  көрсетудің  тікелей  немесе  жасырын  сая-

сатын  жүргізіп  отыр  деп  айыптаушылардың 

ой-өрісін  Пайғамбардың  күйеу  баласы  Әли 

имамның  сөзімен  «Ақымақтан  ірге  ажырату 

ақылдымен  қоңсы  қонғанға  тең»  деп  бағалау- 

ға болады. Ендеше біз былай істейік, ақымақтар-

дың ықпалынан арылып, «Қазақстан – халықтар 

достығының  лабораториясы»  деген  сөздің  шын 

мәніне қайта оралайық. 



37

Екінші тұйық жол: мемлекеттің ұлтаралық про-

блемаларды шешуден толық тартынуы.  

Біздің  мемлекеттікті  дамытудың  ұлттан  тыс 

үлгісін де таңдап алуымызға болар еді. Біз үшін 

бұл нені білдіре алар еді? 

Біріншіден,  бұл  жағдайда  байырғы  этностың 

өзін-өзі  ұлттық  тұрғыдан  бағамдауы  міндетінен 

мемлекет бойын аулақ салар еді. Мұндай бейта-

раптық көп жағынан егемендігіміздің мәнін жойып 

жібереді. Ондай жағдайда біз ыдыраған импери-

яның сұрықсыз 1 сынығы, бұрынғы отарлаушы ел 

қажет  етпегендіктен  ғана  дербестікке  ие  болған 

сұрқай да дәрменсіз ел болып қала берер едік. 

Екіншіден, бұл – мемлекет этностардың өзара 

қарым-қатынасын  реттеуден  шеттеп  қалатынын 

білдіреді. Мұндай жағдайда «өз қазанында өзі қай-

наған» ұлттар мен ұлыстар бір-бірінен қашықтай 

түсіп, өмірдің барлық салаларында өзара бәсеке-

лестікке түсер еді. Іс жүзінде бұл өзінің ұлттық 

бірегейлігінің әртүрлі қорғаныс тетіктерін күшей-

туге бағытталған стихиялы үдерістердің дамуына 

әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекет 

мұндай  қарым-қатынастарға  араласуға  мәжбүр 

болар еді. Бірақ мұндай араласу кешігіп қалар еді, 

өйткені әлгі үдерістер қоғамды өзара қарсы тұруға 

әкеп соқтырар еді де, оны бейбіт жолмен шешу 

әлдеқайда қиындай түсер еді. 

Үшіншіден, көрер көзге ғана бар теңдік неғұр-

лым саны көп этностың қоғамдық өмірдің барлық 

салаларындағы  ықпалының арта түсуіне әкеледі. 


38

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Іс жүзінде бұл ұлттардың құқықтары бұзылуына 

әкеп соқтырады. Осы орайда 2 мемлекеттің бұрын 

ортақ  болып  келген  атышулы  флотын  бөлісуі 

туралы әзіл еске түседі. Бір Президент екіншісіне 

«Кел, флотты туыстарша бөлісейік» десе, екіншісі 

«Жоқ, дұрысы тепе-тең бөліскен ғой» деп жауап 

беріпті. 

Үшінші ықтимал тұйық жол: қазақ халқының 

ұлттық мүдделерін қорғаудан бас тарту. Тарихта 

еш халық ешқашан да тәуелсіздігінен ерікті түрде 

бас  тартпаған.  Қазақтар  да  осындай  екендігі 

түсінікті. 

Қазақ  халқының  ұлттық  тәуелсіздікке  деген 

ішкі қажеттілігіне сөз жеткізу қиын. Қазақтар ел 

халқының басым көпшілігін құрайды және өзінің 

тарихи-этностық аумағында тұрып жатыр. Өзінің 

жалғыз  тарихи  Отанын  қашанда  қорғай  білген 

қазақ  халқының  арқасында  басқа  ұлт  өкілдері 

болып табылатын қазақстандықтар да аумағының 

көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын 

мемлекетте өмір сүріп отыр. 

Генетикалық тұрғыдан осы аумақта қалыптасқан 

қазақ мәдениеті қазіргі сәтте өзінің толыққанды 

дамуы үшін қажет құралдардың бәріне ие және 

дүниежүзілік  мәдени  үдерістерге  барған  сайын 

белсенді түрде араласып келеді.  

Ел халқының басым көпшілігін құрайтын қазақ 

халқының ұлттық мүдделерін қорғаудан бас тарту 

мүмкін еместігіне сенімдімін. 


39

Сөйтіп, жоғарыда айтылған жәйттердің жалпы 

қорытындысы мынадай болатындығы көрініп тұр, 

жоғарыда аталған тұйыққа тірейтін 3 нұсқаның, кез 

келгенін іске асырудың нәтижесі тек 1 ғана нәрсеге 

– ішкі және сыртқы тұрақсыздыққа және осылар-

дың  салдары  ретінде  болмай  қоймайтын  елдегі 

ұлтаралық жанжалға әкеп соқтырар еді. 

Баяғыда  ағылшынның  1  жазушысы  «мәселе 

дүниеәлемнің нашарлап кеткенінде емес, болып 

жатқан оқиғаларды бейнелеудің әлдеқайда жақ-

сарып кеткенінде» деген екен. Шынында да, Жер 

серігі арқылы таратылатын теледидар хабарлары, 

Интернет,  жүріп-тұру  еркіндігі,  жастар  мәде-

ниеті,  жарнаманың  әлемдік  стандарттары,  өмір 

сүру  салтының  бірізділікке  түсіп  келе  жатқаны 

тәрізді факторлар ұлттық ерекшеліктер мен айыр-

машылықтарды  бұрынғы  өткен  соғыстар  мен  1 

халықты екіншісінің жаулап алуының бәрінен де 

мың есе тезірек шайып жібере алатын себептерге 

айналып отыр. Бұл локомотивтің жолында тұру 

еш мағынасыз әрі қауіпті – таптап өтіп кете береді.  

Бұрынғы мемлекетіміздің жедел де жайсыздау 

түрде  күйрегенін  осыдан  8  жыл  бұрын  бастан 

кешкен біз үшін бұл құбылыстар әбден түсінікті. 

Құндылықтардың қирауы қашанда ауыр соғады. 

Ал, ол ең ізгі қасиетті – ұлттық сезімді қозғайтын 

болса, бұл айрықша қиын тимек. Бірақ осының 

бәрінің  астарында  тек  жаулардың  әрекеті  ғана 

емес, қазіргі заман деп аталатын аса күрделі себеп-

тер  мен  жағдайлардың  астасып  кетуі  де  жатыр.  


40

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

2 ғасыр мен 2 мыңжылдықтың аралығында тұрған 

біз бұл жағдайда не істей аламыз? Қазіргі заман-

ның соңынан қуамын деп жүріп өзіміздің ұлттық 

ерекшеліктерімізді жоғалтып алмау, қазақ – қазақ 

болып, орыс – орыс күйінде, татар – татар ретінде 

қала беруі үшін не істеу керек? 

Бұл  үшін  бірнеше  жәйтті  білген  дұрыс.  Сон-

дықтан  бәріміз  бірдей  осы  жәйттерді  зерделей 

алуымыз  керек.  Оларды  заңда  жазуға,  қолымен 

ұстап көруге болмайды, бірақ олар жаңа мыңжыл-

дыққа дейін санаулы айлар қалғаны тәрізді нақты 

нәрселер. 

Бірінші.  Ұлттық  рухты  сақтап  қалу  үшін  ең 

бастысы – сырттан жау іздеу емес, өзіңнің ұлттық 

мазмұныңды байыту. 

Екінші.  Біз  өзгелерден  оқшауланбай,  аса  зор, 

әлемдік қоғамда өмір сүріп отырғанымызды жете 

түсінуіміз, 10 шақты жыл бұрынғы қағидаларды 

малданбауымыз қажет. Ұлттық сана үшін негізгі 

қауіп-қатерлердің бәрі түсі мен түрі басқалау көр-

шімізден емес, осы ауқымы зор қоғам тарапынан 

төнеді. 


Үшінші. Жаңа  ақпараттық технологиялармен 

және басқа қазіргі заманның нышандарымен күре-

судің еш пайдасы жоқ. Оларға бейімделу қажет. 

Бұл  Қазақстанның  ішкі  саясатын,  соның  ішінде 

ұлттық саясатты басқарудың да жаңа технология-

лары болуын талап етеді. 

Төртінші. Ауқымды тұрғыдан алғанда, біздегі 

ұлттық  келісім  қазақстандықтардың  өздері-



41

нен басқа ешкімге де керек емес. Соңғы 10 жыл 

ішінде біз бүкіл Жер шары бойынша алуан түрлі 

бітімгершілік миссиялардың тиімділігі жоққа тән 

екендігін  байқадық.  Өкінішке  қарай,  асқынып 

тұрған проблеманы күш қолдану арқылы шешуге 

ұмтылыс жиі кездеседі. Бұл – дұрыс шешім емес, 

оның елесі ғана, ал өрттен қалған күлдің астында 

қашан да осы жолы жеңіп шыққан тарапқа деген 

өшпенділік жатады. Біз жанға жаға қоймайтын,  

қатал, бірақ адал да нақты сабақты ұғынуға тиіспіз: 

егер  Қазақстанда  ұлтаралық  қақтығыс  шығып, 

қан төгілетін болса, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы 

да, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

ұйымы да, басқалар да ұзақ уақытқа дейін тоқтата 

алмайды. Балаң қиялдан бас тартатын кез жетті. 

Нақты жағдайды түсіне білу қажет. 

Осы залда отырған сіздер мен біздер және біздің 

соңымыздан ергендер, қоғамымыздың саламатты 

күштері,  қырағылықты  1  сәтке  де  жоғалтпауға, 

әрқашан сергек тұруға тиіспіз. Нақ сіздердің және 

сіздерді  қолдаушылардың  күш-жігері  арқылы 

елімізде тұрақтылық сақталып отыр. Мемлекет бас-

шысы ретінде мен сіздерге шын жүректен ризамын. 

Осының  бәрінен  қорытынды  жасау  қажет. 

Өзінің  ұлттық  ерекшелігін,  ұлттық  мұраттарын 

сақтап қалу тек қазақтардың ғана мәселесі емес. 

Бұл – елімізді мекендейтін барлық ұлттық топтар-

дың мәселесі. Сондықтан мемлекеттік ұлт саясаты 

туралы  айтқан  кезде  біз  халықтар  арасындағы 

бейбіт және тұрақты қарым-қатынастарды сақтап 


42

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

қалуды ғана емес, сонымен қатар ұлт мәдениет-

терін сақтау мен дамытуды да айтамыз. 

Мынадай  қисын  ұсынамын.  Тұтас  алғанда 

еліміз  туралы  әңгіме  болғанда  және  елден  тыс 

жерде жүрген кезде біздің бәріміз бірінші кезекте 

қазақстандық болып табыламыз. Ал ұлттың ішкі 

өмірі  туралы  әңгіме  болған  кезде,  әрбір  ұлттық 

топ  өз  тілін,  мәдениетін,  салт-дәстүрін  аялауға 

құқылы және бұған ешкім де кедергі келтірмеуі 

керек. Мұның маңызды болатындығы Қазақстан 

шын мәнінде біздің ортақ Отанымыз екендігінен 

туындайды. «Мен – қазақстандықпын» деген сөзді 

әркім де мақтана айтуы үшін біздің бәріміз аянбай 

еңбек етуге тиіспіз. 

1999  жыл  Бірлік  пен  ұрпақтар  сабақтастығы 

болып  жарияланғаны  белгілі.  Әлеуметтік  мін-

деттермен,  қазақстандықтардың  аға  ұрпағының 

алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен 

қатар мұнда өзгеше 1 стратегиялық идея да бар. 

Кез келген ұлт мәдениетінің өзегі, ұлт рухының 

өзегі – халықтың салт-дәстүрі екендігі белгілі. Ал 

салт-дәстүрді бойына сіңіріп, кейінгіге жеткізуші 

буын – ұрпақ болып табылады. Бірақ уақыт пен 

ұрпақ байланысы үзілсе, ұлт мәдениеті мен адам-

ның ұлттық ерекшелігі де қара құрдымға жұтылып 

жоқ болады. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы 

–  салт-дәстүрді  келер  ұрпаққа  жеткізудің  әдісі. 

Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  –  жасырын 

ширығу  мен  мазмұн  қайшылықтарына  толы 


43

әлемде өз қалпынан айнымау, өзінің ұлттық жаны 

мен мінезін сақтап қалу тәсілі. 

Сондықтан осы жылдың басты идеясы аға ұрпақ 

жинақтаған адамгершілік және әлеуметтік тәжіри-

беге аялай қарау болып табылады. Бұл мемлекет 

пен  дәулетті  азаматтардың  шаруасына  жататын 

белгілі 1 қаржы көздерін ғана талап етіп қоймайды, 

сонымен  қатар,  қоғамда  белгілі  1  адамгершілік 

ахуал қалыптастыруды да талап етеді. 

Көпэтносты мемлекеттің қазақстандық үлгісіне 

тән  сипат  қандай?  Біріншіден,  ұлт  саясатының 

арқаулық  элементтерінің  бірі  басқа  ұлттардың 

дамуы  үшін  барлық  жағдайды  жасай  отырып, 

қазақ ұлтының мәдениетін мақсатты түрде дамыту 

болып табылатындығын мойындау қажет. 

Ең 1 қиын да қысылтаяң сынақтардан қайыспай 

өте білген қазақтар бұл үшін басқа халықтарды 

кінәламайды. Сонымен қатар ол өзінің ұлттық кең 

пейілділігін,  сенімі  мен  достыққа  адалдығын  да 

сақтап қалды. Бұл еліміздегі ұлтаралық қатынас- 

тардың тұрақтылығының негізі болып табылады. 

Өзге  халықтардың  өкілдері  өз  ана  тілінде 

сөйлеу және өзгеге түсінікті болу құқығын әрқа-

шан  өздерінде  қалдыра  алды.  Бірақ  қазақ  тілін 

Қазақстандағы  ұлттық  топтардың  барлығы  да 

үйренетін  болуы  тиіс.  Бірақ  мұның  өзі  ол  тілді 

күштеп үйрету саясатынан аулақ болуды одан әрі 

жалғастыра берсек қана мүмкін болады. Бұл ретте 

күш  қолдану  немесе  баса-көктеп  шапшаңдату 

шаралары қажет емес. Алайда, қалай дегенде де, 


44

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

дәл ол, біздің білім беру бағдарламамызда, ақпа-

раттық  саясатымызда  қазақ  тілін  оқып-үйрену 

бағыты  әдептілікпен,  бірақ  бұлжымастай  етіп 

ұсталатын болады. 

Мен  өзімді  қазақтардың  ғана  емес,  сонымен 

қатар барлық өзге халықтар өкілдерінің де дұрыс 

түсінуін қалар едім. Өйткені мұның өзі тап қазақ 

этносының  өзін  өзі  түсінуіне  қолдау  көрсетуге 

ерекше қажет. Орыстармен, немістермен, украин-

дықтармен, татарлармен, кәрістермен және басқа 

ұлт өкілдерімен салыстырғанда қазақтардың өзін-

дік айырмашылығы олардың қандай да болсын өзге 

1 мемлекеттің тап осындай міндеттер қоя алаты-

нына үміт арта алмайтындығында. Сонымен қатар 

бұл мәселенің ойдағыдай шешілуінің кепілдігі мен 

шарты – көпэтносты Қазақстандағы барлық өзге 

ұлттардың нақты тең құқықтығының заң арқылы 

бекітілуі. 

Екіншіден, біздің мемлекеттік ұлттық саясаты-

мыздың маңызды ерекшелігі оның саналы түрде 

қостілді  саясаты  болып  табылатындығы.  Уақыт-

тың өзі көрсеткеніндей, Қазақстанда біз мейлінше 

кең тараған 2 тілдің – қазақ және орыс тілдерінің 

өздеріне лайықты орын табуын неғұрлым айқын 

көрсете  білдік.  Соның  нәтижесінде  бізде  сол 

тілдерде  сөйлейтін  адамдардың  арасында  саяси 

шиеленіс пайда болған жоқ, өйткені біз бұл 2 тіл-

дің өзімізде тұрып жатқан барлық халықтардың 

өмірінде  барынша  нақты  маңыз  алатындығын 

айқын сезіндік. 



45

Өзге  халықтардың  тілдері  біздің  көпұлтты 

елімізде  өгей  баланың  көретін  күніндей  күйкі 

жағдайға душар болған жоқ және душар болмайды 

да. Біз бұрынғысынша барлық халықтардың ұлттық 

тілдерінің сақталуы және қайта өрлеуі саясатын 

жалғастыра беретін боламыз. 

Бұл  ретте  сіздер  елеулі  рөл  атқардыңыздар. 

Тап қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі және 

мектеп  жасындағы  балалардың  жүздеген  меке-

мелерінің  жұмыс  істеуі,  оларда  Қазақстандағы 

ондаған халықтардың тілінде тәрбие берілуі және 

оқытылуы  көп  жағдайда  Ассамблея  қызметінің 

арқасында мүмкін болды. Оның үстіне, елімізде 

Қазақстанның  неміс,  кәріс,  ұйғыр,  поляк,  түрік, 

өзбек сияқты басқа да халықтардың тілінде оқы-

тушылар даярлау шаралары қолға алынған. 

Үшіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ұста-

нымдарына адал болып келеді және содан айнымай 

қала береді. 1 мемлекеттің шеңберінде әртүрлі кон-

фессиялардың болуы ондағы тұратын халықтар-

дың рухани байлығын арттыруға ізгі ықпал етеді. 

Қоғамның тарихи жағдайда қалыптасқан дәстүрлі 

діни ықпалын ескермейінше, онда ұлттық келісім 

мен  бейбіт  өмірді  қамтамасыз  етудің  мүмкін 

еместігі – кез келген парасатты саясаткерге айдай 

айқын нәрсе. 

Қазір республикада мемлекет пен дін арасын-

дағы және өзара қарым-қатынастардағы ортақ тіл 

табылды және ол республиканың конфессиялық 

ортадағы  болып  жатқан  үдерістерді  баршаның 


46

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

бірдей ұғынуына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 

мемлекет  пен  діни  қауымдастықтардың  ынты-

мақтастығының 2 ортақ нүктесі бар. 

Біріншісі – бейбіт өмір мен азаматтық келісімді 

уағыздау. Мұның өзі біздің күнделікті өміріміздің 

ең  қасиетті  қазынасы  және  жалпы  сипаттамасы 

болып табылады. 

Екіншісі – мәдениеттің дамуы мен қайта өрлеуі. 

Ұлттық және діни мәдениеттерді бір-бірінен ажы-

ратудың өзі оңай емес. Бүгінгі таңда халықтары-

мыз  атап  өтіп  жүрген  Рамазан  немесе  Наурыз, 

Пасха немесе Рождество мерекелерінің қайсысы 

ұлттық  немесе  діни  мереке  екендігін  айқындау 

біздің қай-қайсымызға да оңай емес. 

Адамзат  дамуының  қазіргі  кезеңінде  дін  ата-

улының  қай-қайсысы  да  ұлттық  мәдениеттерді 

сақтап қалудың нақты тетігіне айналды. Ұлттық 

және діни қазыналардың бір-бірімен қақтығысатын 

кезі әлдеқашан өтті. Қазір біз зайырлы мемлекет 

болған кезде тәуелсіз мемлекетіміздің дамуындағы 

осындай ең жаңа үдерістерді  ескеруге тиіспіз. 

Оның үстіне, біз Қазақстанды зайырлы мемлекет 

деп жарияладық. Сондықтан да діни артықшылық 

идеологиясын насихаттаудың кез келген әрекет-

теріне қарсы күрес жүргізіп отырмыз және күрес 

жүргізе  береміз.  Әрбір  азаматтың  өзіндік  діни 

нанымды еркін таңдауға құқы  бар. Алайда осындай 

жағдайдың өзінде де мемлекет діни экстремизмнің 

кез  келген  түріне  қарсы  қатал  күрес  жүргізетін 

болады. 


47

Төртіншіден, біздің ұсынатын үлгіміздің ерек-

шелігі Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени 

орталықтарын мақсаткерлікпен құру және диас- 

поралардың  өз  тарихи  отандарымен  байланыс 

жасауына,  сондай-ақ  Қазақстан  халықтарының 

Ассамблеясы  сияқты  органның  жұмыс  істеуіне 

қолдау көрсету болып табылады. 

Этностар өмірінің алуан түрлі салаларын көр-

сету үшін 11 ұлттық газет, 12 тілде хабар тарататын 

44 телестудия, 6 тілде хабар беретін 18 радиостудия 

жұмыс істейді. Белгілі 1 ұлыстың жинақы тұра-

тын аймақтарында олардың өз тілдерінде хабар 

беріледі. 

Ұлы француз жазушысы Виктор Гюго айтқан-

дай,  «Адамның  ұлылығы  оның  бойының  ұзын-

дығымен  өлшенбейтіндігі  сияқты,  халықтың 

ұлылығы  оның  санының  қанша  екендігімен 

өлшенбейді». Үлкен немесе кіші халықтар деген 

ұғым  жоқ.  Тәуелсіз  Қазақстанда  барлық  халық 

өз  құқықтары  мен  мүмкіндіктері  жөнінен  тең 

құқықты  –  біздің  ұлт  саясатымыздың  ең  басты 

принципі,  міне,  осындай.  Осыған  байланысты 

мен  өз  елімізде  русофобиялық,  антисемиттік 

немесе антиисламдық карта ойындарымен айна-

лысушылардың өз саяси мақсаттарына жетуіне 

ешқашан жол бермеймін. 

Қазақстан халықтары Ассамблеясының еліміз-

дегі  қоғамдық-саяси  өмірде,  ұлттық  мәдениет-

тердің қайта өрлеуі мен дамуында атқарып отырған 

рөлі жоғары. 


48

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Бүгінгі  Ассамблея  –  республикамызда  тұрып 

жатқан барлық этностар мен ұлттық топтардың 

мүдделерін көздейтін ондаған қоғамдық бірлестік-

тер, өткізілген жүздеген конференциялар, «дөңге-

лек үстелдер», фестивальдар, байқаулар, қайырым-

дылық шаралары, ағарту бағдарламалары болып 

табылады.  Атап  айтқанда,  өткен  мерзім  ішінде 

этностық топтар жастарының Ассамблея квотасы 

бойынша жоғары оқу орындарына түсу практи-

касы кеңінен етек алды. Соңғы 4 жылдың өзінде 

ғана  этностық  аз  топтардың  осындай  квотамен 

жоғары оқу орындарына түскен өкілдерінің саны 

8 мыңдай адамға жетті. 

Жергілікті жерлерде Қазақстан халықтарының 

шағын ассамблеялары зор жұмыс атқаруда, олар 

өздерінің қызметін жергілікті ерекшеліктер мен 

айырмашылықтарды ескере отырып жүргізеді. 

Бүгінгі таңда Ассамблеяның мемлекет басшысы 

жанындағы консультациялық кеңес органы ретінде 

орныққанын толық құқықпен айтуға болады. Ол тә- 

уелсіздігіміздің  алғашқы  жылдарындағы  мін-

деттерді ойдағыдай орындады және жаңа қоғам 

орнату ісіне лайықты үлес қоса білді. Ассамблея 

Қазақстанның  көпұлтты  халқын  топтастырудың 

нақтылы институтына айналды. 

Қазақстан халықтары Ассамблеясына Алматы-

дағы Достық үйін беруді ұсынамын. Мұның өзі ең 

жақсы символдық ишарат болар еді. 



49

Өзім  Президент  қызметін  атқаратын  алдағы  

7 жыл ішінде біздің ұлттық саясатымыз бұрынғы-

сынша мызғымайды.  

Өз  басым  болашағымызды  болжауда  опти-

мист болып қала беремін. Біздің Шығыстағы көр-

шілеріміздің  арғы  ата-бабалары  «жүзінде  күлкі 

үйірілмеген адамның сауда дүкенін ашуға құқығы 

жоқ» деген екен. Мұның өзі біздің қазіргі жағдайы-

мызда әңгіме қандай мемлекеттік саясатты таңда-

уымыз қажет екендігіне байланысты болып отыр. 

Менің өз еліміздің керемет ұлы болашағы жөнін-

дегі кәміл сенімім адамдарымызға, Қазақстанның 

көпұлтты халқына сенетініме негізделген. 



50

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал