Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет14/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

Генералдар мен офицер мырзалар!

Өткен  жылдар  өз  аясына  көп  нәрсені  сый-

ғызды.  Бұл  мерзімнің  ішінде  армия  ұйымдасу 

және  қалыптасу  кезеңінен  өтті.  Бүгінде  Қарулы 

Күштерді  сапалық  тұрғыдан  қайта  құру  үшін 

берік негіз қаланды. Әскери доктринаны жүзеге 

асыруға бағытталған әскери саладағы реформалар 

армияның жауынгерлік әлеуетін недәуір арттырып, 

оны күшті де осы замандық етуге, ал әскери кәсіпті 

тартымды да мәртебелі қылуға мүмкіндік береді. 

Бүгін  сіздердің  алдарыңызда  сөйлеп,  сөзімді 

елдің офицерлер корпусының өкілдеріне арнай-

мын. Әскери реформаның пәрменді жүзеге асы-

рылуы көп жағдайда сіздердің іскерлігіңізге, жігер-

леріңіз бен кәсібиліктеріңізге байланысты. 

2001 жыл белсенді іс-қимылдың жылы, көздел-

ген жоспарлардың мақсатты орындалатын жылы, 

армиямыздағы  жағдайдың  тұрақтанатын  жылы 

болатынына кәміл сенемін. 


297

Норвегия халықаралық қатынастар 

институтында 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Норвегия Корольдігі, Осло қаласы

2001 жылғы 3 сәуір

Құрметті директор мырза! 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Саясат – тарихтың перзенті, ал тарих – геогра-

фияның перзенті» деген. Осынау қағиданы біздің 

жедел жаһанданып жатқан дүниеде кезекті «терра 

инкогнито», яғни беймәлім елмен кезіккен сайын 

еске түсіресің.  

Қазақстан  –  аумағы  жөнінен  әлемнің  тоғы-

зыншы мемлекеті. Келмеске кеткен империяның 



298

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

шалғай  шетінен  ол  бірте-бірте  ғаламшардың 

танымал бөлігіне айналып келеді. Елдің қазіргісі 

жайында  айтпас  бұрын  табиғат  пен  адамның 

тарих  аталатын  таңғажайып  әрі  қарама-қайшы 

үйлесімі жайына дерек келтіре кетейін. 

Қазақстан  жазираларында  адам  ең  алғаш 

жылқыны  қолға  үйреткенін  біреу  білсе,  біреу 

білмес,  мұнда  металл  Иса  пайғамбар  туғаннан 

әлдеқайда  бұрын  балқытылғанын  да  білетіндер 

аз болар, бабаларымыздың арбаға әлемде бірінші 

болып доңғалақты жаппай қолданғанын жұрттың 

көбі  білмеуі  мүмкін.  Дәл  солай  Қазақстанның 

апшысын аптап қуырған даласынан осыдан 40 жыл 

бұрын 1961 жылдың 12 сәуірінде адам ең алғаш 

ғарышқа қадам басты, 10 жыл бұрын Қазақстан 

әлемдегі төртінші ядролық арсеналдың иесі болып 

тұрды,  әлемдік  нарыққа  уран  жеткізушілердің 

бастыларының  бірі  де  Қазақстан,  өткен  жылы 

тура осы елде соңғы 30 жылдағы дүниеде ең үлкен 

мұнай кен орны ашылды. 

10 жыл бұрын сан ұрпақтың қуатымен лықсып 

тұрған «тәуелсіздік» сөзі халқымыз үшін ақиқат 

шындыққа айналды. Осы жылдары 130 этностық 

топтар  өмір  сүретін  елде  бірде-бір  ұлтаралық 

қақтығыс  болған  жоқ.  Ешқашан  көппартиялық 

жүйе,  кәсіби  парламент,  ашық  оппозиция,  тәу-

елсіз баспасөз, ақиқат ар-ождан бостандығы мен 

тәуелсіз  кәсіподақтар  болмаған,  үкіметтік  емес 

ұйымдар  деген  тіпті  ұғымда  жоқ  елде  бірнеше 

жылдың  ішінде  Еуропада  ондаған,  жүздеген 



299

жылдар  бойы  құрғандай  институттар  ашылды. 

Тек  1990-шы  жылдары  ғана  біз  ауқымды  жеке-

шелендіру  шараларын  жүзеге  асырып,  мүлдем 

жаңа экономикалық жүйе жасап, қаржы мен банк 

жүйесін құрдық, шетел инвестицияларын тарта 

бастадық.  Міне,  бүгінде  алға  қойған  мақсатқа 

негізінен қол жетті. 

Өткен  жылы  Еуропа  одағы  бізге  «нарықтық 

экономика елі» деген мәртебе берді. Қазақстан-

дағы жекеменшік секторында өнімнің 75 % шыға-

рылады, онда еліміздегі жұмыс істейтін тұрғын-

дардың  төрттен  үші  еңбек  етеді.  Елде  меншік 

иелерінің жаңа табы пайда болды. Бізде 100 мың- 

нан астам жекеменшік кәсіпорын бар, бұл жалпы 

тіркелген  кәсіпорындардың  80 %-ынан  астамын 

құрайды. Біздің ел ТМД мемлекеттері арасында 

шетел инвестицияларын тарту жөнінен талассыз 

көшбасшы  болды.  Инвестициялардың  жалпы 

мөлшері  9  млрд  доллардан  асты.  Сіздердің  аса 

көрнекті отандасыңыз Генрик Ибсен айтқандай, 

«Қарыз  бен  борышқа  арқа  сүйеген  үй-ішінің 

өмірінде еркіндік те, сұлулық та болуы тиіс емес». 

Мемлекетіміздің дәулеті қаптал екеніне Халықа-

ралық валюта қорының алдындағы қарыздарымы-

зды біздің былтырғы жылы-ақ өтеп тастағанымыз 

айқын айғақ қой деп санаймын. Біздің экономи-

када өсу үрдісі айқын байқалады. Мәселен, 2000 

жылы өнеркәсіп өрлеуі 14,6 % болса, экономика-

лық өсу 10 % дерлік. 



300

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Алайда күрделі геосаяси жағдайда азамат соғы-

сынсыз, қантөгіссіз бейбіт жолмен өткен осынау 

«тыныш  төңкеріске»  қарамастан,  Қазақстанға 

тікелей  қатысты  халықаралық  қауіпсіздік  үшін 

мейлінше мәнді 1 фактор бар. 

Соңғы  онжылдықтағы  ғаламдық  ілгерілеу 

қалыптастырған  геосаяси  ландшафта  «жеңген-

дер»  де,  «жеңілгендер»  де  толысқан  тарихтың 

алаңында осыған дейін елеусіз болып, ХХІ ғасы-

рдың  басына  дейін  қақпайланып  келген  тұлға-

лардың ішінен шыққан үшінші жақтың белсене 

бастағаны байқалды. 1998 жылдың 11 және 13 ма- 

мырында  Покхаран  ядролық  полигонында  үнді 

әскерилері  5  ядролық  құрылғының  жерасты 

сынақтарын өткізді. Сол айда, яғни 28 және 30 ма- 

мырда, Чагай-Хиллз полигонында пәкстандықтар 

қуаты жоғарыдағыдай 6 ядролық зарядты жарды. 

Алайда  өздерінің  ядролық  жоспарларын  ашық 

мәлімдеген Үндістан мен Пәкстаннан өзге ядролық 

шамшылдығы айқын тағы да 6 жаңа ел бар. Және 

бәрі де әлемнің жарылыс қаупі бар өңірлерінде. 

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт барған 

сайын атақты «рокфор» ірімшігін еске түсіретін 

болды. Бірқатар деректер ядролық қатерге қатыс- 

ты жағдай ең келеңсіз сценарий бойынша өрісте- 

йтінін аңғартады. 

Бұдан  20  жыл  бұрынғыдай  емес,  ядролық 

қаруды  қолға  түсіру  асу  бермес  техникалық 

қиындықтарға  тап  қылмайды.  Қиындығы  әбден  

байытылған  уранның  немесе  плутонийдің  жет-



301

кілікті  мөлшерін  алу  ғана.  Сондықтан  ядролық 

материалдардың контрабандасы аңыз емес, үрей-

лендірер ақиқатқа айналды. Оның үстіне Үндістан 

мен Пәкстанның ядролық қару жасап, оны ашық 

пайдалануы басқа елдерге үлгі болып, ядролық 

қаруды өндіру бақылауға бақпайтын ашық үрдіске 

айналып кетуі кәдік. 

Биполярлық орнын әсте де бірполярлық немесе 

көпполярлыққа берген жоқ. Ол орнын аймақтық 

тұрақсыздыққа  берді.  Өңірлердегі  қақтығысты 

аймақтардың басым бөлігі тактикалық ядролық 

қаруды пайдалану үшін таралу аймағын жасауда.

Ақыр аяғында терроризм ұйымдардың шұғыл 

белсенділеніп  кеткен  көшбасшылары  ядролық 

қаруды иелену тілегін ашық айта бастады. Мәсе-

лен, атышулы Усама бен Ладен бірде бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  шағын  ядролық 

бомба жасауға қажет кейбір құрамдарды алу үшін 

1,5 млн доллар төлеуге әзір екенін мәлімдеді. 

Мұндай  жағдайда  ядролық  державалардың 

ғаламдық  текетіресін  бағдар  тұтқан  ядролық 

қауіпсіздіктің  халықаралық  жүйесі  жалтақтап, 

ядролық  қаруды  таратпау  үдерісін  қолдауға 

қабілетсіз болып отыр. Мәселе мынада – бүгінде 

дәстүрлі ядролық державалар мен ядролық қару 

жасап «табалдырық» деңгейінде тұрған елдердің 

арасында  жаңа  текетірес  басталғалы  тұр.  Ішкі 

қайшылықтарды,  сандық  сәйкессіздікті  реттеп, 

бірте-бірте  бір  жақты  атомдық  теңдестікке  қол 



302

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

жететін  қарама-қарсылығы  болар-болмас  қысқа 

кезең де өтер. Бірақ бұл ерте ме, кеш пе аймақтық 

ядролық  жанжал  шығатын  халықаралық  қаты-

настардың  шиеленісуіне  әкеп  соғады.  Ядролық 

құбыжық  басқа  жақтан,  артқы  есіктен  кіреді. 

Ядролық қарудың күші мен қуаты сондай, жаһан-

дық қатерді оның саны емес, қолда бары туғызады. 

Міне,  сондықтан  да  Қазақстанның  ядролық 

қарусыздану сабағы жай ғана тарихты еске түсіріп 

қою  емес.  Бұл  барған  сайын  жардың  шетіне 

жақындай  түскенді  еске  салатын  үдерістерге 

ақиқат балама. Өйткені 20 жылдан кейін ядролық 

дүниенің  сырт  пішіні  Кафканың  «Қамалының» 

ерсілігін еске салатын болады. Дәл сол себепті де 

Қазақстан жариялап қана қоймай, жүзеге асырған 

шаруа өзінің көкейкестілігі мен ғаламдық мәнін 

жоймақ емес. 

Біздің  елдің  аумағында  1991  жылы  жаппай 

қырып-жоятын  қарудың  орасан  зор  арсеналы: 

құрлықаралық  баллистикалық  зымырандарға 

арналған 1040 оқтұмсық, әуеге негізделген қанатты 

зымырандарға арналған 370 оқтұмсық болды. Бұл 

өзінің көлемі жөнінен әлемдегі төртінші ядролық 

арсенал болатын, ал қуаты жөнінен Ұлыбритания 

мен Францияның ядролық күштерінен асып түсіп, 

тек  Ресей,  АҚШ  және  Қытайдан  ғана  қалатын. 

Біздің аумақта бұл қаруды қажет жеріне жеткі-

зетін  қуатты  құралдар  орналасты,  оның  ішінде 

құрлықаралық  СС-18  баллистикалық  зымыран-

дар  мен  ТУ-95  МС  стратегиялық  бомбалағыш 



303

ұшақтар  бар.  Қазақстан  ядролық  қарудың  бел-

сенді  құрамы  үшін  қажет  ресурстардың  орасан 

зор қорына ие боп келді, ие бола да береді. 20 кен 

орнында  барланған  уранның  қоры  жөнінен 

Қазақстан әлемде алдыңғы орындардың бірінде. 

Оның  еншісіне  уранның  әлемдік  қорының  25 % 

тиеді.  Қазақстанның  аумағында  сондай-ақ  атом 

өнеркәсібінің  табиғи  уранды  өңдеп,  байытатын 

ірі кәсіпорындары бар. 

Осыған орай Қазақстанның мәртебесі, бірінші-

ден, ядролық қару мен оны жеткізетін құралдар 

орналасқан аумақ ретінде, екіншіден, атом өнер-

кәсібінің жұмысы үшін ресурс базасы ретінде бізге 

шын мәнінде алдыңғы қатарлы ядролық держава 

сипатын берді. Ядролық қарудан бас тарту төңіре-

гіндегі жағдай оңай болған жоқ. Қазақстан қоға-

мында ядролық қаруды сақтап қалудың жақтас-

тары  ұшырасты.  Бұл  арада  мынандай  дәлелдер 

келтірілді. 

Біріншіден, тек ядролық арсенал ғана арынды 

басу  құралының  міндетін  тиімді  атқара  алады 

деген  дәлел.  Бұл  пікірді  жақтаушылардың 

ойынша,  тек  Қазақстан  ядролық  қаруы  қолда 

тұрғанда  ғана  ықтимал  қарсыластың  шамшыл 

дәмесіне тосқауыл қойып, тоқтау салады. 

Екіншіден, Қарулы Күштердің саны мен әдет-

тегі  қару-жарақ  саласындағы  әскери  әлеуеттің 

үйлесімсіздігінің орнын толтырады. Бұл дәлелді 

жақтаушылардың пікірінше, ядролық күштерді 

сақтау  Қазақстанда  орын  алған  қару-жарақтың 


304

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

әдеттегі  түрлерінің  сапалық  кемістігінің  орнын 

толтырады. 

Үшіншіден,  ядролық  қару  өз-өзінен-ақ 

Қазақстанға  өңірдегі  үстем  держава  мәрте-

бесін әпереді деген тезис кең тарап кетті. Саяси 

қысымның белгілі 1 кезеңінен кейін халықаралық 

қауымдастық республиканың ядролық мәртебесін 

тиесілі  ретінде  мойындауға  мәжбүр  болады, 

мұның  өзі  біздің  аймақтық  салмағымызды  арт-

тыра түседі дегенді желеу етті. 

Төртіншіден, ядролық кешенді сақтаудың ғылы-

ми-техникалық әлеуетті, іргелі және қолданбалы 

ғылымды дамыту үшін маңызының зорлығын атап 

көрсетті. 

Бесіншіден,  Қазақстанда  ядролық  қаруды 

ядролық тойтарыс үшін жететіндей етіп сәл-пәл 

ықшамдалған  күйінде  сақтауға  экономикалық 

негіздер жеткілікті екенін атап көрсетті. Мұндай 

«мәртебені» едәуір ұзақ мерзімге, әрі салса 20–30 

жылға  дейін  сақтауға  болар  еді.  Бұл  мерзімде 

Қазақстан жеріндегі ядролық қарудың проблема-

сын түбегейлі анықтауға да болар еді. 

Ядролық «әзәзілдің» астарында байсалды негіз-

демелер жеткілікті еді. Сол себепті ядролық қару 

мәселесі бойынша қоғамдық пікір қақ жарылды. 

Біз азапты күмән-күдік пен түйткілді толғанысты 

бастан  кешірдік.  Қазақстан  өзінің  төл  еркімен 

ядросыз  мемлекет  болды.  Неліктен  біз  бұндай 

шешім қабылдадық? 


305

Біріншіден,  ядролық  қарудан  бас  тарту 

Қазақстанның  1990-шы  жылдардың  басындағы 

қауіпсіздіктің  күллі  әлемдік  жүйесінің  солқыл-

дақтығын  жете  түсінуінің  нәтижесі  болды.  Ол 

кезде әлемнің саяси картасында мұншалық қуатты 

жаңа  ядролық  мемлекеттердің  кенеттен  пайда 

болуы әлемдік ядролық тепе-теңдіктің бұзылуына 

түрткі болар еді. Тарих біздің елді өз тарихындағы 

ең маңызды таңдаудың алдына қойды. Өз басым 

халқымыздың өзіне жүктелген тарихи міндеттің 

биігінен көрінгенін мақтан тұтамын. 

Екіншіден,  аталмыш  шешімді  айқындаған 

маңызды фактор айналадағы ортаны қорғау және 

қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мәселе-

лері болды. 

Қазақстанда  барлығы  450-ден  астам  ядролық 

сынақ өтті. Онда ядролық сынақтардың зардабын 

қай түрінде болсын тартпаған бірде-бір өңір жоқ. 

Радиоактивті  сәулелердің  әсеріне  қай  деңгейде 

болсын  шарпылған  қазақстандықтардың  саны  

1,5 млн-нан астам адамды құрайды. Қазақстан же- 

рінде 40 жылдан астам тайраңдаған ядролық та- 

рихқа ақыры нүкте қойылды. 1995 жылдың 25 ма- 

мырында  бұрынғы  Семей  полигонында  ақырғы 

ядролық  заряд  жойылды.  2000  жылдың  29  мау-

сымында бұрынғы Семей ядролық сынақ поли-

гонында  ядролық  сынақтарға  арналған  соңғы 

штольня да жойылды. 

Үшіншіден,  ядролық  қарудан  бас  тарту 

Қазақстанның  Азиядағы  сенім  шаралары  мен 


306

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

қауіпсіздік жүйесін дамытуға деген айқын таңда-

уына  байланысты.  Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

мәселесі  3,5  млрд  адам,  яғни  күллі  адамзаттың 

жартысынан  астамы  тұратын,  әлемдік  жалпы 

ұлттық өнімнің 55 %-ына жуығы өндірілетін, бүкіл 

әлем  саудасының  40 %-ға  жуығы  шоғырланды-

рылған  Азия  үшін  айрықша  көкейкесті.  Ғалам-

шардың халық ең тығыз орналасқан, төл мәдениеті 

мен  этностық  әралуандығы  қайран  қалдыратын 

осынау өңірінің тұрақтылығы мейлінше нашар. 

Алғаш  Азиядағы  қауіпсіздіктің  жаңа  үлгісін 

жасау  жөніндегі  ұсынысты  мен  1992  жылы 

Нью-Йоркта  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-ші 

сессиясында  жасағанмын.  Мен  Азиядағы  өзара 

іс-қимыл  және    сенім  шаралары  кеңесін  шақы-

руды  ұсынғанмын.  АӨСШК  шақыру  жөніндегі 

бастама әу бастан-ақ барлық Азия мемлекеттері-

нен іс жүзінде қолдау тапты, оны сондай-ақ бірқа-

тар  халықаралық  форумдар,  ең  алдымен  Бірік-

кен  Ұлттар  Ұйымы  қуаттады.  АӨСШК  аясында 

қауіпсіздікті қамтамасыз етудің Қазақстан ұсынған 

үлгісінің мәні неде? 

Ядролық  күштерге  негізделген  стратегиялық 

тойтарыс  ұстанымы  қазіргі  кезде  халықаралық 

қауіпсіздіктің  кепілі  бола  алмайтын  боп  қалды. 

Қазір  аумалы  әскери  әлеует,  ішінде  ядролығы 

да  бар,  әлем  елдерінің  көпшілігінде  шоғырлан-

дырылған. Жаппай қырып-жою қаруы енді жан-

жалдарды шектеуші емес, реттеуші болып шыға-

тынына тәуекел басым. Мұндай жағдайда халық- 



307

аралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды 

амалы мемлекеттер арасындағы сенімді ұлғайту 

ұстанымы болуға тиіс. Дәл осы сенім ұстанымы 

күні осы уақытқа дейін үстемдік жанжалды өңір-

лердегі тойтарыс ұстанымын ауыстыруы керек. 

Белгіленген ұстанымдар АӨСШК-ның негізіне 

қаланып,  осы  халықаралық  ұйымның  арналы 

құжаттарында,  атап  айтқанда,  Азиядағы  өзара 

іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске 

қатысушы  мемлекеттер  арасындағы  қарым-қа-

тынастарды реттейтін Декларациядан да көрініс 

тапқан. 1999 жылдың қыркүйегінде Алматы қала-

сында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара-

лары кеңесіне қатысушы мемлекеттердің сыртқы 

істер  министрлерінің  кездесуінде  қол  қойылған 

аталмыш Декларацияның мәтінінде ең алғаш Ази-

ядағы сенім доктринасының арнасында халықара-

лық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті қағи-

далары тұжырымдалды. Оның арқауы: қатысушы 

мемлекеттердің егемендігі мен құқықтарын құр-

меттеу, аумақтық тұтастығын сақтау, бір-бірінің 

ішкі істеріне араласпау, дау-шарларды бейбіт рет-

теу, күш қолданудан бас тарту, қарусыздану және 

қарулануға бақылау жасау, әлеуметтік сауда-эко-

номикалық және мәдени-гуманитарлық салалар-

дағы  ынтымақтастық,  БҰҰ-ның  ұстанымдарына 

сәйкес адамның негізгі құқықтарын және халықа-

ралық  құқықты  құрметтеу.  Тұтас  алғанда  сенім 

доктринасын жүзеге асырудың өзіндік айқын тетігі 

бар, бұл – әскери саясаттың ауыспалығы, шекара 


308

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

ауданында  қарулы  күштерді  қысқарту,  шекара 

ауданында  қарусыздандырылған  аймақ  құру, 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде 

өзара консультациялар ұйымдастыру, бірлескен 

әскери жаттығулар өткізу, т. б. 

Қазіргі  кезде  АӨСШК-ның  мүше  мемлекет-

тері  Ауғанстан,  Әзірбайжан,  Египет,  Үндістан, 

Иран, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкстан, 

Палестина,  Тәжікстан,  Түркия  және  Өзбекстан, 

ал бақылаушы мемлекеттер – Австралия, Индо-

незия,  Жапония,  Корея,  Монғолия,  Украина, 

АҚШ, Ливан, Вьетнам, Таиланд, Малайзия. Бізді 

бірлескен күш-жігермен Азиядағы қауіпсіздік пен 

ынтымақтастықтың сенімді жүйесін жасауға деген 

бекем талпыныс және қауіпсіз әлемді тек бірлесе 

отырып  қана  жасауға  болады  деген  ортақ  пікір 

біріктіріп  отыр.  Осы  жылдың  күзінде  АӨСШК-

ның маңызды саммиті өтеді, аталмыш бірлестікті 

құрушы  бірқатар  мемлекеттердің  басшылары 

өзекті  келісімдерге  қол  қою  үшін  Қазақстанға 

жиналады. Өз басым уақыт өте келе АӨСШК Азия 

құрлығындағы  қауіпсіздіктің  ақиқат  факторына 

айналатынына сенемін. 

Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелерінің 

алғы күндерге қызмет ететіні бүгін айқын болды. 

Әйтпесе Югославияда болғандай өте ауыр зардап-

тарға тап болуымыз кәдік еді. Тек осындай жүйе 

жасау  ғана  адамзат  әлденеше  мыңжылдықтар 

бойы жете алмай келген өркениеттер арасындағы 

қажетті, тұрақты әрі бейбіт үндесуді қамтамасыз 



309

етеді.  Қазақстанның  күш-жігері  осындай  жүйе 

жасауға бағытталған, сондықтан мен осыншалық 

құрметті әрі кәсіби аудитория алдында өз көзқа-

расымды ортаға салу мүмкіндігіне ие болғаныма 

қуаныштымын. 

Ынта қойғандарыңызға рахмет. 


310

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002



Түркі тілдес мемлекеттердің VII саммитінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласы

2001 жылғы 26 сәуір

Қадірменді мырзалар!

Жаңа кірген ХХІ ғасырдағы біздің бірінші кезде-

суімізге қатысушылардың бәрін құттықтау маған 

шынайы қанағат сезімін сыйлайды. 

Осы форум бастарын қосып отырған елдеріміздің 

барлығы жаңа ғасырға сеніммен қадам басты, про-

гресс  пен  өркендеу    жолында  едәуір  ілгеріледі, 


311

жария  еткен  мұраттарынан  жаңылған  жоқ  деп 

арнайы атап өткім келеді. Біздің бүгінгі асыл мұра-

тымыз бен іс-қимылымыз тұрақтылықты сақтауға, 

азаматтардың бейбіт жағдайда өмір сүруін және 

ата-бабаларымыз мирас еткен тұтастықты, эконо-

микалық әрі мәдени өрлеуді қамтамасыз етуге, осы 

бағытта  бүкіл  әлемдік  қоғамдас-тықпен  жемісті 

қарым-қатынас орнатуға бағытталған. 

Өзара қарым-қатынастарымыздағы үміт артар-

лық 1 үрдіс – сауда-экономикалық және мәдени 

салалардағы байланыстарымыздың барған сайын 

жанданып ұлғая түсуі. Біздің іскерлік байланыста-

рымыз  бен  серіктестік  қарым-қатынастарымыз, 

бір-бірімізге көрсетілетін көмегіміз қоғамдастықты 

дамыту,  бірлескен  іс-қимылдарымызды  ұлғайту 

үшін  жақсы  негіз  қалайды.  Өзіміздің  осындай 

бағыт ұстануымызға бүгінгі қалыптасқан жағдай 

да ықпал етіп отыр, өйткені біз ұшырасып отырған 

көптеген проблемалардың жаһандық мәні бар. 

Ғасырлар тоғысында адамзаттың мұң-мұқтажы 

мен жан ауыртатын мәселелері барынша айқын 

бой көтерді. Бұл дегеніңіз әлеуметтік-экономика-

лық дамудағы сәйкессіздіктен туындайтын толып 

жатқан зардаптар, ядролық қару-жарақ пен оны 

жеткізу  құралдарын  таратудың  қаупі,  өршіген 

ұлттық  және  діни  радикализм,  заңсыз  есірткі 

айналымы мен халықаралық терроризмнің қатері 

Еуразия құрлығының көптеген нүктелерінде, оның 

ішінде өз қоғамдастығымызға кіретін мемлекет-

тердің  шекарасына  таяу  тұстарда  шиеленістің 


312

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

біртіндеп  күшейіп  бара  жатқаны  байқалады. 

Аймаққа ағылған қару-жарақ тасқыны үдеп, мұның 

өзі жаңа заманға төнетін қауіп-қатерге қарсы қай-

рат көрсетуді қиындата түсті. Техногендік апат пен 

стихиялық  қатердің  зардаптарын  жою  жөнінде 

бірлескен шешім қабылдаудың қажеттігі жиі бой 

көрсетіп  жүр.  Соған  сәйкес  қарым-қатынастар 

орнату, еш кідіріссіз бірлескен, келісілген белсенді 

іс-қимылға кірісу әбден орынды болар еді. Мұның 

өзі  нысаналы  бағдарлама  жасақтау,  сол  сияқты 

қауіпсіздік саласындағы нақты жобаларды жүзеге 

асыру талаптарын алға тартады. 

Біздің аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың кең 

ауқымды халықаралық стратегиясын жасақтауға 

қосқан бірлескен әрі елеулі үлесіміз, шартты түрде 

айтқанда, «Түркі бастамасы» болар еді. Азиядағы 

бейбітшілік пен тұрақтылық хартиясын жасау қада-

мымыз біздің ұлан-байтақ аумақты алып жатқан 

елдеріміз бен халықтарымыздың ізгілікті жолдағы, 

жаһандану үдерістері туғызған жаңа тайталастар 

алдындағы біртұтастығымызды қамтамасыз етуге 

тиіс. Осынау қадамның, қысқа қайырғанда, мақ-

сатты нұсқауы мынадай секілді. ХХІ ғасырда Азия 

құрлығындағы елдерде орасан зор адами, табиғи 

және рухани-парасаттық әлеует шоғыр-ланды. Бұл 

әлеует  ұланғайыр  табысқа  кенелтетін  өркендеу 

мен жетілудің ең жоғары деңгейіне көтеретін әрі 

ортақ тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз 

ете алатын қоғамдастық құруға қабілетті күш. Бұл 

ретте әралуан елдер мен аймақтардың өзіне тән 



313

жеке нұсқаларын бағамдай отырып, тұрақты даму-

дың ортақ ұстанымы назарға алынуы керек. Бар-

шамызға, әсіресе саяси санаткерлерге идеология 

мен тұрлаулы даму тәжірибесі ұлттық және діни 

радикализмге, саяси және экономикалық тұрақсы-

здыққа қарсы тұра алатын бірден-бір балама екенін 

түсінген маңызды. Мұндай біріктіру идеясы 1 сәттік 

пайда мен мүдде тұсындағы түсінбестікті жоюға да 

жәрдемдеседі. Әлбетте, оны жүзеге асыру БҰҰ мен 

ЕҚЫҰ-ның, сондай-ақ бәріміз бірге немесе мемле-

кеттеріміз дербес кіретін халықаралық ұйымдар-

дың және интеграциялық бірлестіктердің әлеуетін 

пайдалануға үлкен ықпал етеді. 

Мұндай көңіл ауаны Азиядағы өзара іс-қимыл 

мен сенім шаралары жөнінде Кеңес шақырудың 

қазақстандық идеясына үндес, бұл ниетті жүзеге 

асыру сіздердің атсалысуларыңыз бен қолдаула-

рыңыздың арқасында шырқау биігіне қарай бет 

алды. АӨСШК-ға қатысушы мемлекеттер басшы-

ларының қауіпсіздіктің аймақтық құрылымының 

және  қордаланып  қалған  мәселелерді  шешудің 

тетігін  талқылайтын  кездесу  биылдың  өзінде 

өткізілмек. 

Баршаны  толғандырып  отырған  жәйттердің 

жуан ортасында, әрине, Ауғанстан мәселесі тұр. 

Әлемдік қоғамдастық та, халықаралық ұйымдар 

да Ауғанстанға «6+2» формуласын ұсынғанымен, 

аймақтағы әскери-саяси дағдарыс тоқтамай қойды. 

Әлемдік қоғамдастық өз іс-қимылында кенже-

леп отырғандықтан, Азиядағы 4 мемлекет өзара 


314

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

ынтымақтасуы  керек  екенін,  халықаралық  тер-

роризм  мен  экстремизмнен,  соның  ішінде  діни 

экстремизмнен күш біріктіріп қорғану үшін бір-

лесетін уақыт болғанын білді. Таяуда Ташкентте 

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан 

түрлі  қауіп-қатерге  қарсы  бірлескен  іс-қимылға 

баруды көздеген 4 жақты келісімге қол қойды. 

Өз  әріптестерімнің  алаңдаушылығын  бөлісе 

отырып, олардың ұмтылысын барынша қолдап, 

аталмыш келісімге барлық түркі мемлекеттерінің 

қосыла алатынына, ал келешекте басқалардың да 

кез келген сыртқы қол сұғушылыққа қарсы біртұтас 

майдан  құратынына  үміт  артамын.  Сонда  шын 

мәнінде терроризмді, экстремизмді, ұялы қылмы-

сты, есірткі бизнесін ауыздықтау бағытындағы бір-

лескен, нысаналы іс-қимылымыз үшін құқықтық 

негіз кеңейе түседі. 

Осы арада аталған үдеріс іс жүзінде ТМД, «Шан-

хай  бестігі»  және  Орталық  Азия  экономикалық 

қоғамдастығы аясында жалғасып жатқанын ескер-

ген ләзім. Бұл бірлестікке кіретін елдердің көпшілігі 

халықаралық терроризмге қарсы орталық құруға 

атсалысып  жатыр.  Осы  Орталықтың  жұмысына 

бұдан бірнеше күн бұрын Қытай да өзінің ықылас 

білдіріп отырғанын ресми жариялады. Осы орайда 

Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық хартиясы 

ұсынған терроризм және экстремистік әрекеттерге 

қарсы іс-қимылдың ұлтаралық шартын жасақтау 

орынды болар еді. Біз үшін басқа 1 аса маңызды 

мәселе – әр елдің мүддесін ескере отырып, сауда- 



315

экономикалық және әлеуметтік салалар бойынша 

қарым-қатынасты одан әрі өрістету. 

Қазақстан  Ұлы  Жібек  жолын  түлетуді  бел-

сене  қолдайды,  оны  энергетика,  құрлықаралық 

көлік жүйесі мен телекоммуникациялар тәрізді 

3 тұғыр арқылы ойдағыдай әрі тиімді дамытуға 

болады.  Бұл  үрдістің  арқауы,  әлбетте,  энергия 

ресурстарын игеру, оларды тасымалдау жөніндегі 

ортақ мүддемізден көрініс берері заңды, өйткені 

мұның бүкіл Орталық Азия аймағының, Каспий 

атырабының,  Кавказ  бен  Қара  теңіз  өңірінің 

интеграциясын  ынталандыруға  жәрдемдесетіні 

шүбәсіз.  Біз  барлық  елдеріміз  үшін  интегра-

цияның  ағымдағы  және  келешектегі  барынша 

қолайлы  бағыттарын  таңдап,  өзара  іс-қимылды 

үдетуіне  кең  өріс  ашылды  деп  санап  келеміз, 

санай да береміз. Кедендік одақтың орнына келген  

Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастықтың 

тәжірибесі де белгілі 1 пайдасын тигізер еді. Ол 

интеграцияны  Еуроодақтың  негізгі  параметр-

леріне  жуық  недәуір  жоғары  деңгейге  көтерері 

айқын. 

Қазақстан  Каспийдің  құқықтық  мәртебесін 



реттеу мәселесін ілгері жылжытуда да дәйектілік 

танытып  келеді,  мұның  өзі  теңіздегі  көмірсутегі 

қорын ескерсек, Каспий жағалауы елдері үшін ғана 

емес, басқа оған қатысты елдер үшін де едәуір күр-

делі мәселеге айналып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс 

одан әрі жалғастырылу үстінде. Біз және «Каспий 

қатынастарын»  ғаламдық  мәселелердің  ортақ  


316

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

жүйесіндегі  маңызды  буын  ретінде  қарастыра- 

мыз. 


Жақында  Ақтау  теңіз  кемежайының  паром 

терминалы қайта жаңғыртылды. Бұл келешекте 

Қазақстанның  3  мұхиттың  айдынына  шығатын 

қақпасы болады. Осы орайда «Еуропа – Кавказ – 

Орталық Азия» көлік дәлізінің келешегі «Атлан-

тика  бағытына»  қарай  ойысады.  Каспий  құбыр 

тарту консорциумына (КҚК) келетін болсақ, осы 

бағыт  бойынша  Қазақстан  мұнайы  тиелетіні 

мәлім,  көп  ұзамай  алғашқы  танкерлер  мұнай 

таси бастайды. КҚК жобасы ендігі жерде кестеге 

сәйкес  іске  асырыла  береді.  Баршаны,  ең  әуелі 

түрік  достарымыз  бен  әріптестерімізді  Босфор 

мен Дарданелл бұғаздары арқылы өтетін мұнай 

тасқыны барынша үдетілгенімен де, КҚК жобасын 

іске асыру жүк тасымалын қауіпті шектен асыр-

майтынына сендіремін. Оның үстіне КҚК, «Ақтау – 

Баку  –  Джейхан»,  «Батыс  Қазақстан  –  Қытай», 

«Қазақстан  –  Иран  –  Парсы  шығанағы»  жоба-

лары басқа да жобалар секілді тек экономикалық 

жағынан ғана емес, әрі ғаламдық мәселелерді және 

біздің қауымдастыққа кіретін барлық мемлекет-

тердің, тұтас аймақтың қауіпсіздігін түсінісуге де 

пайдалы. 

Бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  нығайтудың, 

экономикамыз бен ішкі нарығымызды кемелден-

діру мен қорғаудың, барша сыртқы әлеммен тиімді 

ынтымақтастық  жасаудың  маңызды  факторы 

болып  табылатын  аса  бай  табиғи  ресурстарды  



317

игеру  біздің  мүддемізге  сай  және  оған  күшіміз 

жетеді де. Қазақстан саммиттер аралығында көкей-

кесті мәселелерді қарап, кездесулерімізді анықтап 

отыратын құрамына көрнекті мемлекет қайрат-

керлерінің  ішінен  әр  елден  1  өкіл  сайланатын 

«Ақсақалдар алқасын» құруды ұсынады. «Ақсақал-

дар алқасының» қызметі таза ұсыныс, кеңес беру 

мақсатында  болады.  Біз  түркі  тілдес  мемлекет-

тердің осы бірлестігін құрудың бастауында тұрған 

белгілі  саяси  қайраткер,  аса  қадірлі  Сүлеймен 

Демирел мырзаға «Ақсақалдар алқасын» басқару 

турасында өтініш жасау жөнінде ұсыныс енгіземіз. 

Парламентаралық  кеңістіктің  де  келешегі 

айқындалды.  Қазақстан  түркі  тілдес  мемлекет-

тердің  Парламентаралық  ассамблея  түріндегі 

парламентаралық байланыстар институтын құру 

идеясына  қосылады.  Депутаттардың  бұл  ерікті 

бірлестігі  біздің  мемлекеттер  парламенттерінің  

заң шығару қызметінде тәжірибе алмасып отыру 

үшін ұйымдастырылады. Алайда ол АӨСШК мен 

ЕурАзЭҚ қатысушылары үшін әубастан-ақ ашық 

болуы  керек.  Елдеріміздің  ынтымақтастығының 

келешегі  мен  көптүрлілігі  олардың  арқауында 

бұдан былай да өзін толық ақтаған ұстамды көзқа-

рас жататыны үміт ұялатады. Бойымызда ізгі ниет 

барында,  ойымызда  туысқандығымыздың,  тағ-

дырымыздың ортақтығын терең пайымдау сезімі 

барында бұл мәселелерді шешуге біздің күш-жі-

геріміз толық жетеді деп топшылаймын. 



318

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002




1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал