Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 3.69 Mb.

бет1/31
Дата27.01.2017
өлшемі3.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Т

АҢДАМАЛЫ СӨЗДЕР

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Т

АҢДАМАЛЫ 

СӨЗДЕР

Астана – 2014

IV том

1 кітап

1999–2002

ISBN 978-601-277-190-9 (Т. IV (1))            © Назарбаев Н. Ә., 2014

ISBN 978-601-277-183-1 

         © «Сарыарқа» баспасы, 2014

 

 



 

 

 



УДК 342.5

 

 



 

 

 



ББК 67.400

«Н. Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының 

төртінші томында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көпшілік 

алдында сөйлеген өзекті сөздері ұсынылған, оларда елдің тұрақты 

экономикалық  өрлеу  арнасына  шығуы,  саяси  жүйенің  одан  әрі 

демократиялануы және АӨСШК, Еуразия медиа-форумы, Әлемдік 

және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты ірі халық- 

аралық бастамалардың сыртқы саяси деңгейде жүзеге асуы сипат-

талады. 

Томға енген сөздердің көлемі елеулі екені ескеріле отырып, кітап 

екі бөлімге бөлінді. 

Бұл кітап төртінші томның бірінші бөлімі болып табылады, ол 

1999–2002 жылдарды қамтиды. 

УДК 342.5

ББК 67.400

     Н 17

Қазақстан Республикасының  

Мәдениет және спорт министрлігі  

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша жарық көрді



Н 17

Назарбаев Н. Ә. 



Таңдамалы сөздер. 

– Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2014. 

ISBN 978–601–277–183–1

Т. ІV (1). – 1999–2002 жж. – 668 б.

ISBN 978-601-277-190-9


7

ӨРЛЕУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Прези-

денті Н. Ә. Назарбаевтың «Таңдамалы сөздерінің» 

төртінші томы еліміздің тұрақты экономикалық 

даму  арнасына  түскені,  саяси  жүйенің  одан  әрі 

демократиялануы және АӨСШК, Еуразия медиа- 

форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас-

шыларының съезі сияқты ірі халықаралық баста-

малардың  сыртқы  саяси  деңгейде  жүзеге  асуын 

сипаттайды. 

Аталмыш  том,  оған  енген  сөздер  санының 

көпті-гіне орай, 2 кітапқа бөлінді. Бірінші кітап 

1999–2002 жылдар шегіндегі, екіншісі 2003–2005 

жылдар  шегіндегі  оқиғаларды  бейнелейді. 

Осындай оймен мұнда қолданылған диптих әдісі 

бесінші томда да пайдаланылған. 



* * *

Бірінші  кітап  Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан 

Республикасы Президентінің қызметіне кірісуіне 

арналған 1999 жылдың 20 қаңтарындағы салтанатты 

рәсімдегі сөзімен ашылады. 

1999  жылғы  10  қаңтардағы  президент  сайла-

уының  1998  жылғы  конституциялық  реформаға 


8

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

сәйкес баламалы және көппартиялы негізде өтіп, 

ол реформаны жүзеге асырудың алғашқы нақтылы 

қадамдарының бірі болғаны белгілі. 

Тұтас  алғанда  1998  жылдың  қазан  айында 

Президенттің бастамашылығымен жасалған кон-

ституциялық реформа ауқымында саяси жүйені 

одан әрі демократияландыру мақсатымен Негізгі 

заңға енгізілген 19 түзетуде Парламенттің Үкіметті 

бақылау өкілдігін ұлғайту; тұрғындардың аудандық 

және қалалық әкімдерді сайлауы; алқа билер сотын 

құру, Парламент депутаттарының санын арттыру 

және олардың өкілеттік мерзімін ұзарту; Мәжіліс- 

ке сайлаудың мажоритарлық-тепе-теңдік аралас 

жүйесіне көшу; тепе-тең уәкілдік негізде партия- 

лық тізім бойынша сайлану үшін саяси партия-

ларға 10 орын беру, тағы басқалар көзделген. 

Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Н. Ә. Назар-

баев өзі ұстанған бағыттан таймайтынын тағы да 

растай түсті, ол былай деді: «Саясатта күннің ғасы-

рдан ұзақ созылатын кезеңдері тым сирек. Сондай 

күн  еліміз  үшін  де,  өзім  үшін  де  1999  жылдың  

10 қаңтары болды. Қазақстанда бұл мезет қанды да 

қасіретті ХХ ғасыр мен үміт пен сенімге толы ХХІ ға- 

сырдың  аралығындағы  суайырығы,  шекаралық 

желі тәрізденді...

Бүгінде  менің  алдымда,  сырттай  қарағанда, 

қарапайым көрінетін 2 міндет тұр. Алайда тарих 

оларды ең күрделі міндеттер деп үйретеді. Бұрынғы 

бабаларымыздың билеушіге деген ең биік бағасы: 

«Ол өз халқын жақсы бақты» болатын. Сондықтан 



9

бастапқы міндет халықтың игілігі болуға тиіс. Әр 

нәрсенің өз уақыты бар. Реформа жүргізетін де, 

оның  жемісіне  шүйгитін  де  уақыт  болуы  керек. 

Алдағы  7  жылда  халық  реформалар  жемісін  өз 

дастарқаны мен өз қалтасынан көруі қажет. 

Екінші  міндет  –  елде  демократияны  дамыту. 

Биылғы жылы біз Парламент сайлауын жаңа са- 

йлау заңы бойынша өткіземіз. Барлық партиялар 

мен  ұлттық  топтар  бұл  күреске  қатыса  алады. 

Жаңа мыңжылдыққа дейінгі 49 аптада еркіндікке 

еш балама жоқ. 

Мен  әлгінде  ғана  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  антын  бердім.  Мен  бұл  антым-

нан  ешқашанда  қайтпаймын.  Өткендегі  даңқты 

шежіремізден қуат ала отырып, біз жаңа ғасырға  

қарай қуатты қадаммен алға басамыз!»

Ел Президентінің осынау бағдарламалық мақ-

сат-міндеттеріне  сәйкес  ең  алдымен  қоғамды 

демократияландыру  жөнінде  ауқымды  жұмыс 

құлаш жайды. Ол жылдардың саяси күн тәртібін 

мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, са- 

йлау институттарын жетілдіру, сайлау заңнамасын 

ырықтандыру,  өкілетті  органдардың  уәкілдігін 

ұлғайту, партиялар, ҮЕҰ, БАҚ арқылы азаматтық 

қоғам институттарын нығайту сияқты мәселелер 

құрады. 

Билік  деңгейлері  арасындағы  қызмет  мін-

деттерін  айқын  шектеу  және  бюджетаралық 

қатынастарды  жетілдіруді көздеген мемлекеттік 

билікті орталықсыздандыру мәселесі ол тұста ең 


10

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

өзектілердің бірі болды. Осыған орай Президент 

өз  жарлығымен  Мемлекеттік  қызмет  міндеттері 

мен  бюджетаралық  қатынастарды  орталық-

сыздандыру  мәселелері  жөнінде  мемлекеттік 

комиссия құрып, оған тиісті тұжырымдама жасау- 

ды тапсырды, бұл жұмыс 2003 жылдың ақпанында 

аяқталды. 

2001  жылы  жергілікті  басшыларды  сайлау 

арқылы  қоюға  көшу  бағдарламасы  ойдағыдай 

бастау алды, оның басты мақсаты жергілікті жерде 

билікті  жұрт  алдында  барынша  жауапты  етіп,  

адамның  күнбе-күнгі  мәселелері  мен  қам-қаре-

кетіне жақындату еді. 

Әкімдерді  сайлау  арқылы  қою  алғаш  мемле-

кет басшысының Қазақстан халқына 1998 жылғы 

Жолдауында  жария  етілгенін  атап  өткен  абзал. 

Алғашқы іс жүзіндегі қадам сол жылы жасалды да, 

тәжірибе ретінде Алматы облысының Шамалған 

ауылында  жергілікті  әкімнің  сайлауы  өтті.  

2001  жылдың  қазан  айында  тәжірибе  едәуір 

ұлғайып, 28 ауылдық округті (әр облыстың 2 ау- 

данын) қамтыды. 

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қи-

мыл аясында саяси партияларға, үкіметтік емес 

ұйымдар  мен  БАҚ-қа  қатысты  бірқатар  елеулі 

қадамдар жасалды. 

Конституциялық  өзгерістерге  сәйкес  ең  әуелі 

партиялардың партиялық тізім бойынша тепе-тең 

өкілдік  негізінде  парламент  сайлауына  қатысуы 

қамтамасыз етілді. 1999 жылғы 10 қазанда өткен 



11

сайлаудың қорытындысы бойынша партияларға 

берілген 10 орынды «Отан», Азаматтық, Аграрлық 

һәм Коммунистік партиялар өзара бөлісті. 

Парламент  сайлауы  қарсаңында  Қазақстан 

халқына арнаған өз Жолдауында Н. Ә. Назарбаев 

былай деп атап өтті: «Мәжіліс пен мәслихаттар 

сайлауы  біздің  саяси  партиялар  санын  өсіруді 

ынталандыру  жөніндегі  күш-жігеріміздің  табы-

сын паш етті. Жаңа Мәжілістегі орын үшін сайлау 

округтары мен партиялық тізім бойынша 9 партия 

күресіп жатыр. Олар ұлттық теледидарда еліміздің 

болашағын өздері қалай көз алдына келтіретінін 

жайып салды. Мәжілістегі бірмандатты 67 орынға 

559 кандидат, орташа 1 орынға 8 кандидат күресу 

үстінде. Мәслихаттардағы әрбір орынға 7 кандидат 

таласулы. Осы жексенбіде Қазақстан азаматтары-

ның сайлау бюллетендерін таңдап толтыруға кең 

мүмкіндігі бар.

...Мен  сіздерді  10  қазанның  жылнамамызға 

Қазақстан Республикасында көппартиялы демо-

кратияның туған күні болып жазылуын қамтама-

сыз етуге табандылықпен шақырамын». 

Оның үстіне Президенттің бастамашылығымен 

Үкіметтің  жанынан  Одан  әрі  демократиялан-

дыру  және  азаматтық  қоғамды  дамыту  жөнін-

дегі  тұрақты  қызмет  атқаратын  кеңес  құрылды. 

Кеңес азаматтық қоғам институттарын қатыстыра 

отырып, республикада маңызды басқарушылық 

шешімдер қабылдау үдерісін келісіп алудың жаңа 

ақылдасу тетігі қалыптасуын бастап берді. 


12

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Сондай-ақ қалың халықтың нақты қолдауына 

ие ірі партиялар құру арқылы партиялық жүйені 

нығайтуға бағытталған «Саяси партиялар туралы» 

жаңа Заң қабылданды. Елді өркендету қисыны мем-

лекетті бірыңғай дамыту мен нығайтуға қоса саяси 

партиялардың өсіп, өркен жаюын да табанды түрде 

талап етті, осы арқылы қоғамның саяси және азамат-

тық сана-сезімі толысуына жәрдемдесу керек. Дәл 

осы тұста саяси сахнаға реформашыл 3 партияның 

арқауында құрылған «Отан» партиясы шықты, ол 

Қазақстан Халық бірлігі, Қазақстан Либералдық 

қозғалысы және Қазақстан Демократиялық парти-

яларының бірігуге шешім қабылдауынан туды. 

Үкіметтік емес ұйымдар қауырт өрлеп, олардың 

саны 2002 жылға қарай 5 мыңның табалдырығын 

аттады. 


Бұл  кезең  сондай-ақ  қоғам  мен  мемлекет 

өмірінде БАҚ-тың рөлі едәуір артуымен де есте 

қалды.  2002  жылғы  наурызда  Н. Ә. Назарбаев 

Қазақстан  журналистерінің  І  Конгресіне  қатыс- 

ты.  Конгрестің  мәнді  қорытындыларының  бірі 

мемлекет  басшысының  бастамашылығымен  ел 

Президенті жанынан Бұқаралық ақпарат құрал-

дары жөнінде қоғамдық кеңестің құрылуы болды. 

Кеңеске мемлекеттік ақпарат саясатын қалыптас- 

тыруда Президентке ықпал ету, БАҚ саласындағы 

қоғамдық қатынастарды жетілдіру, БАҚ-тың мүд-

делері мен заңды құқықтарын қорғау, масс-медиа 

саласында ақпараттық дау-дамайлар мен басқа да 


13

жанжалды жағдайлардың шешім табуына қатысу 

мәселелері жүктелді. 

Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қамта-

масыз ету саласында да елеулі ілгерілеулер болды. 

Мәселен, 2002 жылы Қазақстан үшін тың Адам құ- 

қықтары жөніндегі Мемлекеттік уәкілдік инсти-

тут  (Омбудсмен)  құрылып,  пенитенциарлық 

жүйе  Ішкі  істер  министрлігінен  алынып  Әділет  

министрлігінің  құзырына  берілді.  Президент-

тің  2002  жылға  20  қыркүйектегі  Жарлығымен 

Қазақстан Республикасы Құқық саясатының тұжы-

рымдамасы бекітілді. 

Осынау кезеңде елде қанат жайған демократи-

ялық үдерістердің алғашқы қорытындыларының 

қысқаша ғана тізбесі тек осылар. 



* * *

Әлеуметтік-экономикалық  салада  да  жүзеге 

асырыла бастаған маңызды реформалар әсте олқы 

емес. Мемлекеттің негізгі күш-жігері ең алдымен 

елді Азиялық қаржы дағдарысының келеңсіз сал-

дарынан барынша қорғау болды. Сонымен бірге, 

жағдайдың барынша күрделілігіне қарамай, Пре-

зидент  әлеуметтік  саладағы  –  денсаулық  сақтау, 

білім  беру,  мәдениет,  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық, зейнетақы жүйесін экономикалық 

реформалаудың негізгі бөлігін аяқтауға кірісті. 

Бұл  саладағы  реформалар  адамдар  мүддесін 

тікелей қозғайтын болғандықтан, олар тұрғындар 

тарапынан  барынша  көп  наразылық  туғызады. 



14

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Солай бола тұрғанмен нарық заңы осыны талап 

етеді.  Өйтпесе  Қазақстанның  жаһандық  дүние-

дегі бәсекелестік артықшылығы туралы сөз етуге 

де  болмас  еді.  Сондықтан  да  Үкімет  1990-шы 

жылдардың аяғына таман жанға тисе де түбінде 

жақсылығы бар қайта жаңғыртуды бастады. Жеңіл-

діктер қолма-қол ақшаға айналдырылып, зейнет- 

ақы  жүйесін,  білім  беруді,  денсаулық  сақтауды, 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты рефор-

малау жүзеге асырылды, ал көрші мемлекеттердің 

көпшілігі әлеуметтік наразылықтан қауіптеніп бұл 

реформаларды белгісіз мерзімге ысырып қойған 

еді.  

Осы  кезеңде  билік  пен  бірқатар  ірі  отандық 



қаржыөнеркәсіптік  топтардың  арасында  елеулі 

алауыздық шаң бергенін атап өткен ләзім, соңғы-

лар әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында 

өз ахуалының нашарлауына орай ұлттық эконо-

миканың арналы салаларындағы меншікті қайта 

бөлуді және өздерінің тар топтық мүдделері үшін 

ел дамуының стратегиялық артықшылығын қайта 

қарауды талап етті. 

Бұл  арада  ұлттық  «олигархия»  өзінің  шын 

пиғылын  либералдық  даурықпамен  бүркемеле-

уге тырысты. Дау-шар экономикалық аядан саяси 

арнаға  ауысып,  бірқыдыру  қаржы-өнеркәсіптік 

топтардың өкілдері Назарбаевтың «авторитарлық» 

бағытымен келіспейтінін ашық мәлімдеді, олардың 

пікірінше бұл бағыт қоғамды одан әрі демокра-

тияландыруға бөгет жасайды-мыс. Шын мәнінде, 



15

халықаралық  қоғамдастықтың  қолдауына  сүйе- 

ніп, билікке қоқан-лоқы көрсетуге тырысты, ол әре-

кеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін саяси жүйені 

түбегейлі ауыстыруға тікелей шақыру басталды. 

1990-шы  жылдардың  ортасындағыдай,  басында 

бұрынғы Жоғарғы Кеңес тұрған кертартпа комму-

нистік қанатпен тайталас кезеңі сияқты реформа-

ларды нақты тұйықтау қаупі төнді. 

Қалыптасқан  жағдайда  Президент  мызғымас 

мемлекеттік  бағдар  ұстады  және  елдің  халыққа 

қарсы шын мәнінде «олигархиялық капитализм» 

жағына қарай шегінуіне жол бермеді. 

Тұтас  алғанда  мемлекет  қолданған  шаралар 

Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарыстың 

елеулі зардаптарын шектеуіне мүмкіндік туғызды. 

Тіпті 1999 жылдың өзін ІЖӨ көп болмағанмен де 

5,3 % өсуімен аяқтады. Өнеркәсіп өндірісі 0,5 %-ға 

артты. Дәнді дақылдардан рекордты 15,9 млн тон- 

на  өнім  жиналды  (салыстыру  үшін  1998  жылы  

7,5 млн тонна өнім алынғанын ескеріңіз). 

Ол аз десеңіз, сол жылы «Стандарт энд Пурс» 

жетекші  халықаралық  рейтинг  агенттігі  ұзақ 

мерзімді  несие  рейтингін  берді,  ал  2002  жылы  

ТМД  елдері  арасынан  1-інші  болып  Қазақстан 

нарықты  экономика  елі  мәртебесіне  ие  болды. 

Осылардың бәрі біздің экономиканың мүмкіндікте- 

ріне деген өскелең сенімнің айғағы. 

Мына 1 жайтты жеке атап өтуге де болады. Пре-

зидент Н. Ә. Назарбаевтың өзі тікелей бас болуымен 

Ұлттық  және  Тұрақтандыру  қорлары  құрылды. 


16

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Елді болжаусыз  дағдарыстар мен қиындықтардан 

қауіпсіздендіруге межеленген шикізат ресурстарын 

өткізуден түсетін қаржыдан қалыптасады ол қорлар. 

Кейін 2007 жылы ушыға түскен әлемдік экономика-

лық дағдарыс жағдайында дәл осы Ұлттық қордан 

бөлінген 10 млрд доллар Қазақстанды шын мәнінде 

құтқарып қалып, күні осы уақытқа дейін «суға салса 

батпас» атанып, ғасырлар бойы жасап келген ақшалы 

империяларды да күйреткен жүгенсіз экономикалық 

хаостың зарарын тартқызбай, азаматтардың жақсы 

тұрмысына демеу болды. 

* * *

Қазақстанның  халықаралық  беделінің  артуы 

елімізге  Еуразия  кеңістігіндегі  қауіпсіздік  пен 

ынтымақтастықты  қамтамасыз  ету  үдерісіне 

айбарлы қатысушылардың бірі мәртебесін әділетті 

түрде алып берді. Сөйтіп бұл мәртебеде Қазақстан 

өзін сенімді, жауапты және ынталы серіктес ретінде 

көрсетті. 

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйы-

мының 1999 жылғы 18 қарашада Ыстамбұлда өткен 

саммитінде сөз сөйлеп, Н. Ә. Назарбаев былай деді: 

«...Ұжымдық  даналық  біздерді  ықпалдың  жаңа 

өрісіне әлемді қайта бөлшектеп, тың тайталастар 

туғызуға тырысудан сақтап қалды. Біз ескі таптау-

рын ұғымдардан батыл арылып, ақиқат жаһандық 

серіктестіктің іргетасын қалауға тиіспіз. 

Тап осындай тәсілді қолдану бүгінде жаһандық 

тұрақтылыққа  қатер  төндіретін  аса  өткір  проб- 



17

лемаларды  ойдағыдай  шешуде  табысқа  жеткі-

зеді. Мен бұл арада этностық, ұлттық және діни 

жанжалдардың жайылып бара жатқанын айтып 

отырмын. 

Осы  1  қатерлі  құбылыс  қауіпсіздіктің  ортақ 

үлгісінің саяси немесе әскери қырлары ғана бар 

емес  екенін  айқын  көрсетеді.  Оның  бөлінбес 

құрамдары  әлеуметтік-экономикалық,  гумани-

тарлық һәм экологиялық мәселелер болып отыр. 

Бұл тезис әсіресе Орталық Азия үшін көкейкесті, 

онда шешімін таппаған экономикалық және эколо-

гиялық мәселелер мен соңғы кезде күшейіп кеткен 

радикалды-агрессиялық идеология, діни экстре-

мизм,  халықаралық  терроризм,  есірткілердің 

таралуы, қару-жарақтың бақылаусыз тасқыны және 

жасырын көші-қон сияқты жаңа қатерлер біздің 

өңірге ғана емес, тұтас Еуразия кеңістігіне елеулі 

қауіп төндіріп отыр. 

...Біздің өңірде ЕҚЫҰ аймақта жүзеге асырылып 

жатқан реформаларға және апатты дүмпуі ықти-

мал мәселелерді шешуге деген өңірлік тәсілдердің 

орнығуына нақты халықаралық ықпал жасаудың 

қозғаушы  күші  болуға  тиіс.  Бұл  дегенің  транс-

шекаралық  су  ресурстарын,  энергетикалық  ба- 

йлықтарды ұтымды басқару, теңізге шығар жолы 

жоқ біздің өңірдің көлік-транзит әлеуетін тиімді 

пайдалану деген сөз. Өңірлік интеграцияны нығай-

тып, бұл саладағы ықтимал тұрақсыздандыруды 

сілкіп тастау ЕҚЫҰ-ның біздің өңірмен басқа да 

маңызды сала – адами өлшем мен демократиялық 


18

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

реформалар аясындағы ойдағыдай ынтымақтас- 

тықтың кепілі болар еді. 

...Біз бұл жолдың соқтықпалы-соқпақсыз екенін, 

сондықтан қателіктер мен уақытша өкініштерден 

ада-күде бола алмайтынымызды мойындаймыз. 

Мұны  Қазақстанда  таяуда  өткен  парламент  са- 

йлауы айқын паш етті. Ол демократиялық өрлеу- 

іміздің өте-мөте маңызды кезеңі болды. 

ЕҚЫҰ-ның тиісті институттары Орталық Азия- 

дағы  демократиялық  дамудың  қиындықтарын 

барынша  ескереді  ғой  деп  ойлаймын.  Бәрінен 

бұрын ЕҚЫҰ-ның халықаралық институттарының 

бағасы  демократиялық  үдерістерді  еш  күдіксіз 

ынталандыруға тиіс. Әділдікті бөле-жарып, ірік-

теуге  іш  тарту  баға  беруде  бой  көрсетсе,  ол  өте 

қолайсыз. 

Бұл өңірде ЕҚЫҰ-ның беделін өсіруге жәрдем-

деспейді. Тек бізге деген сенім арқылы ЕҚЫҰ-ның 

мүшесі  –  толық  құқылы  мемлекет  ретінде  ғана 

табысқа бірлесіп жете аламыз. 

Адами өлшем саласындағы ЕҚЫҰ стандартта-

рына деген біздің көзқарасымыз жай ғана жоғары-

дан, әсіресе сырттан мәжбүрлеу емес, қоғамға ұзақ 

мерзімді ықпал етудің қажеттігін түсіну арқылы 

қабылдануға тиіс.  

...Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орна-

ласқан Қазақстан тұрақтылық пен қауіпсіздіктің 

еуразиялық тәсілін дамытуға айрықша мән береді. 

Біздің еуропалық белгілі бағытымыз ЕҚЫҰ мен 

НАТО сияқты беделді халықаралық еуроатланти-



19

калық  құрылымдармен  белсенді  ынтымақтасты 

дамытуды бетке алған. Азиялық бағытымыз болса, 

ол – ең алдымен 1992 жылдың қазан айында БҰҰ Бас 

Ассамблеясының 47-ші сессиясында мен ұсынған 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары 

кеңесі шақыру туралы Қазақстан бастамашылығын 

жүзеге асыру.

Мұның  мәні  Азия  құрлығында  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  жөнінде  тиімді  де  әмбебап 

құрылым жасақтауға талпынуда жатыр, Еуропаға 

қарағанда онда бұл тетік ресімделмеген. 

Қазақстан  алда  да  ХХІ  ғасырда  туындайтын 

қарсылықтарға  орай  сайма-сай  әрекет  жасауға 

қабілетті әмбебап форум – ЕҚЫҰ-ның іс-қимылын 

нығайтып, ұлғайта түсуге ұмтылады». 

Оқиғалардың  одан  арғы  барысы  Н. Ә. Назар-

баевтың  осынау  сөзі  Қазақстанға  деген  сенімнің 

рейтингін  көтеріп,  2007  жылғы  1  желтоқсанда 

ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министр-

лерінің кездесуінде Қазақстанның ЕҚЫҰ Төрағасы 

боп сайлануының, сосын оның осы өкілдік міндетті 

орындауға жігерлене кірісуінің бастамасы болға-

нын көрсетіп берді.  

Асыра сілтемей-ақ айтқанда, Н. Ә. Назарбаевтың 

2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында 

БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сессиясы аясын-

дағы мыңжылдық саммитінде сөйлеген сөзі келе-

шекті кемел көре білушілік болды, онда ол Ауған-

станның өз іші мен төңірегіндегі кейінге қалдыруға 

болмайтын  жанайқайлық  мәселелерге  назар  


20

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

аударып,  оны  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің  күн 

тәртібіне  қоюды  ұсынды.  БҰҰ  құрылымында 

жағдайды  жаһандық  тұрғыдан  талдай  отырып, 

жақындап қалған жанжалдарды алдын-ала ескер-

тіп, әр сатыдағы жағдайға араласу үшін ұсыныстар 

жасақтайтын, алдын-ала сақтандырар дипломати-

яны тиімді пайдаланып, жанжалдарды шешудің 

әскери  әдістерінің  бетін  қайтаратын  институт-

тарды дамытудың қажеттігін айтты. Олар тұрақ-

сыздықтың көзі боп табылатын әлеуметтік және 

экономикалық күрмеуі қиын мәселелерді шешудің 

таптырмас құралы болар еді, деді. 

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған 

қайғылы  оқиғадан  кейін  шетел  журналистеріне 

берген  сұхбаттарының  бірінде  Н. Ә. Назарбаев 

былай деді: «11 қыркүйектегі оқиғалар мен кейін 

ізінше Ауғанстанда өткен терроризмге қарсы опе-

рацияға қатысты үнқатысуларда біздің ел алғашқы-

лардың бірі болып антитеррорлық коалицияны 

жақтап пікір білдірді және операцияның табысты 

болуы үшін қажетті аэродромдарды, техниканы, 

ақпаратты, гуманитарлық және басқа көмек беруге 

әзір екенін айғақтады. Қазақстанның терроризмге 

қарсы күресті 11 қыркүйектен әлдеқайда бұрын 

бастағанын атап айту керек. Мәселен, Мыңжылдық 

саммитінің  мінберінен-ақ  мен  әлемдік  қоғамда-

стықты Азиядағы шиеленістің өршіп бара жатқаны 

туралы  да,  Ауғанстандағы  жағдай  туралы  да, 

халықаралық терроризмнің таяп қалғаны туралы 


21

да ескерткенмін. Өкінішке  орай, ол  кезде  менің 

сөзім  құлақтарға жетпеді.  

...Соңғы жылдардың оқиғалары ең әуелі адам-

дарды  терроризмге  итермелейтін  себептердің 

түп-тамырын жоюдың қажеттігін тағы да дәлел-

деп  отыр.  Ал  бұны  мемлекеттердің  белгілі  дең-

гейде өзара келісіп қадағалау мен бақылау үшін 

ашықтығы  мен  айқындығы  жағдайында  жүзеге 

асыруға болады». 

Терроризмге  қарсы  операция  басталысымен 

Қазақстан, әскери қимылдарға қатысудан қалыс 

қалып,  Ауғанстанға  гуманитарлық  көмек  көр-

сетті. Қазақстан және оған азаматтық мамандар 

(дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, инже-

нерлер, т. б.) жіберуге әзір екенін білдірді, ал БҰҰ 

шақырған жағдайда Ауғанстандағы халықаралық 

бітімгершілік миссиясына «Қазбат» бітімгершіл 

батальонының күштерімен қатысуға дайын екенін 

мәлім етті. 

2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғалар 

Н. Ә. Назарбаевты  өркениетаралық  үнқатысуды 

жолға қоюдың қажеттігіне бұрынғыдан бетер сен-

діре түсті. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың 

бірі Рим-католик шіркеуінің басшысы Иоанн Павел 

ІІ-нің негізінен мұсылман мемлекеті Қазақстанға 

сапары  болды.  Сапар  Нью-Йорк  қаласындағы 

терактіден кейін тұп-тура 10 күн өткенде Қазақстан 

Президентінің шақыруымен ұйымдастырылды. 

Бұл  сапар  шын  мәнінде  2  жылдан  кейін,  

2003  жылдың  қыркүйегінде,  Астана  қаласында 


22

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы-

ларының І съезінің бастамасы болды. 

Тұтас  алғанда,  жаңа  мыңжылдықтың  басы 

Қазақстан  үшін  бірпара  табысты  халықаралық 

бастамалармен  аталып  өтті,  олар  елдің  таным-

дылығының жаңа деңгейге көтерілуін және беделді 

халықаралық форумдар өткізудің орталығы ретінде 

орнығуын қамтамасыз етті. 

Осы қатарда да алдымен 2000 жылдың 26–28 сә- 

уірінде  Алматы  қаласында  Давос  форумының 

аясында өткен І Еуразиялық экономикалық сам-

митті  бөліп  айтуға  болады,  оған  әлемнің  40-тан 

астам мемлекетінен саясаткерлер мен кәсіпкерлер 

қатысты, сондай-ақ 2002 жылдың 25–27 сәуірінде 

Алматы қаласында өткен І Еуразия медиа-фору- 

мы  оның  жылда  өтетін  дәстүріне  бастау  ашып 

берді. 

Алайда Қазақстан дипломатиясының 10 жыл-



дан астам уақыт бойы табандылықпен бетке алған 

нағыз бетбұрысы 2002 жылғы 4 маусымда Алматы 

қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім 

шаралары  кеңесінің  І  саммиті  болды.  Оны  аша 

тұрып  Қазақстан  Президенті  форум  идеясын 

қуаттаған елдің ұшан-теңіз ресурс әлеуетіне баға 

берді.  «Мен  жоғары  деңгейде  Кеңес  шақыруды 

күллі Азия аумағының 90 %-ын алып жатқан мем-

лекеттердің қолдағанын ризашылық сезіммен атап 

өтемін», – деді ол. – Олардың халқын 3 млрд-қа 

жуық адам, яғни жер шары тұрғындарының тең 

жартысы құрайды. 



23

Азия мемлекеттерінің жиынтық экономикалық 

әлеуеті жаһандық экономиканың салмақты фак-

торы болып табылатыны да әсерлендіреді. Азия 

елдерінің ішкі жалпы өнімі доллармен есептегенде 

13 трлн-ға жуық. 

АӨСШК-ға мүше мемлекеттер жер шарындағы 

«қара алтынның» 40 %-ын құрайтын мұнай қоры 

жөнінен  әлемде  жетекші  орындарды  сеніммен 

ұстап отыр. Субқұрлығымыздың көлік-коммуни-

кациялық мүмкіндіктері де орасан зор. 

Таяудағы азиялық дағдарыстың Азия елдерінің 

экономикасы үшін елеулі зардабы болды, бірақ 

олардың негізін шайқалта алмады. Азия өзін-өзі 

реттеуде, жаһандану жағдайында экономикалық 

үдерістерді қалпына келтіруге қабілетті екенін тағы 

да паш етті». 

Саммиттің жұмысына АӨСШК-ға мүше 16 ел- 

дің,  БҰҰ,  ЕҚЫҰ  сияқты  халықаралық  ұйымдар-

дың, Араб мемлекеттері Лигасының бақылаушы 

елдердің делегациялары атсалысты. Мемлекетіміз 

басшысының өзі Азия мемлекеттері басшылары-

ның басын қосқан саммитті «Қазақстанның дипло-

матиялық доктринасының квинтэссенциясы» деп 

атады. 

Азия құрлығында халықаралық қатынастарды 



дамытудың жаңа кезеңін әйгілеп берген АӨСШК 

саммиті  ХХІ  ғасырдың  басында  дүниеге  келген 

халықаралық қатынастар мен қауіпсіздіктің жаңа 

архитектурасы  идеологтарының  бірі  ретіндегі 



24

IV (1)  ТОМ.  1999––-2002

Қазақстанның  зияткерлік  және  ұйымдасты-

рушылық әлеуетін әлемге паш етті. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал