Н. Б. Ахмадуллина (Жаппы генетика және цитология институты)




бет4/18
Дата22.04.2017
өлшемі3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
плютеустер  теңіз  толқынымен  біраз  жерлерге  таралады.  Сонымен  катар 
дернәсілдердің  белсенді  орын  ауыстыруы  да  олардың  бейімделу  мүмкіншілік- 
терін  жоғарылатады.  Дернэсілдер  белгілі  бір  дэрежеде  өзінің  мекені  үшін
қолайлы жерді таңдай алады жэне т.с.с.
Біркүндіктердің  жұмыртқасынан  жарып  шыққан  дернәсілдері  қоректенуге
маманданған  жэне  бірнеше  ай  бойы  өседі.  Ересек  формалары  (көбелектер) 
үптугя  жэне  көбеюге  бейімделген,  бірақ  ауыз  аппаратының  болмауынан  қорек- 
тене  алмайды,  соның  салдарынан  олар  бір-ақ  күн  тіршілік  етеді,  осы  бір  күн 
ішінде олар шағылысып та, жүмыртқа салып та үлгеруі керек.
Дернэсілдің  «еркін  өмір  сүретін  үрық»  ретінде  әдеттегі  ұрықтан  айырма- 
шылығы  онда  морфогенетикалық  гіроцестердің  баяу  жүретіндігінде.  Дернәсіл- 
дердің  морфологиясы  айлар  тіпті  жылдар  бойы  өте  болмашы  өзгереді,  ал 
ұрықтарға белсенді морфогенетикалық процестер тэн.
Кейбір  сүйекті  балықтар  мен  амфибияларда  дернәсілдік  кезеңі  өте  қысқа 
болуы  мүмкін,  оның  үзақтығы:  қоңыр  камбалада  (Lipsette  obscura)  -   екі  ай 
шамасы;  кэдімгі  тарбақада  (Pelobates  fuscus)  —  130  күннен  артығырақ; 
леопардреңді бақада (Rana pipiens) — 70-85 тэулік.
Өте  ұзақ  (1,5-2жыл)  дернәсілдік  кезеңімен  ерекшеленетін-еуропалық 
жыланбалығы-Л/7£И/7/а  anguilla.  Дернэсілдік  кезінде  ол  Саргасс  теңізінен 
Еуропа  өзендеріне  дейін  4000-7000  км  қашықтыкгы  жүзіп  өтеді.  Қарапайым 
құйрықты  амфибиялардың  бірінде-Жетісу  бақатісінің  (Ranadon  sibiricus) 
дернэсілдері ересек түріне өмірінің үшінші жылында ғана айналады.  Канаданың 
құйрықты  бақалары  мен  туытбақаның  дернәсілдік  даму  кезеңі  де  үш  жылға 
дейін  созылады.  Ал  минога  (Ammocoetes)  дернәсілі  метаморфозды  төртінші,не
болмаса тіпті бесінші, жылында өтеді.
Неотения  қүбылысы  аса  көңіл  бөлуді  талап  етеді.  Неотения  қүбылысында 
жануарлардьщ дернәсілдік сатысында дамуы тежеледі де жыныстық көбею қабілеті 
пайда  болады.  Неотения  қүбылысы  онтогенезде  тіршілік  ету  ортасы  ауысатын, 
сондай-ақ,  дернэсілдердің  тіршілік  ету  жағдайы  ересек  формаларга  қараганда 
қолайлы  және тұрақты  болатын  жануарлар  түрлерінде  жиірек  кездеседі.  Қолайлы 
және  үйреншікті  ортада  тіршілік  ететін  неотениялық  сатыдағы  дсрносілдің 
онтогенез інің кідірісі осы популяцияның тірі қалу мүмкіншілігін артгырады.
Неотения 
толы қ  жэне  жартылай  неотения  болып  бөлінеді.  Жартылай 
неотенияда  дернәсілдер  үзақ  уақыт  метаморфозга  үшырамай  өседі  эрі  дамиды, 
бірақ  көбею  қабілеті  болмайды.  Толық  неотенияда  жыныс  мүшелері  ересек 
организм  деңгейіне  дейін  дамиды,  ал  басқа  мүшелері  дернэсілдік  деңгейде 
сакталынады. 
Неотения 
қүбылысы  кейбір 
құрттарда,  шаянтәрізділерде, 
насекомдарда,  ал  омыртқалылардың  арасында-қосмекенділерде  байқалады. 
Аквариум  жануары  ретінде  жолбарысревді  амбистома  (Ambistoma  tigrinum) 
дернәсілі - аксолотль дернәсілдік мүшелерін сақтап кёбеюге қабілетті.

36
С. Т. Нуртазин,  Э.Б.  Всеволодов,  Б.Есжанов
Амбистомалардың  онтогенезі  жылы  жэне  таяз  өзендерде  метаморфоз 
арқылы  өтсе,  ал терең жэне салқын  өзендерде,  көбінесе,  неотения арқылы өтеді. 
Тритондардың  кейбір  түрлеріне  жартылай 
неотения  тән. 
Аксолотльде 
метаморфоздың  генетикалық  оқшауланған  тежегіш  бар  екені  анықгалған,  бұл 
жағдайда гипофиз гормоны немесе қалқанша безінің гормоны болмайды.
Европа  протейінде  эффекторлар  гормондарына  сезімділік  қабілетплігі 
жойылган  сияқты.  Сондықтан  неотения  құбылысы  осы  жануарларда байқалады. 
Протейлер  мен  сирендер  кейбір  белгісіз  саламандралардың  неотениялык 
дернэсілдері болуы мүмкін, олар ересек күйге айналу қабілеттерінен айьфылған.
Неотенияны педогенезден айыра білу керек.
Педогенез 
деп 
аталатын 
құбылыста  дернэсілдердің 
ұрықганбаган
жұмыртқаларынан  жаңа  ұрпақ дамиды  (партеногенетикалық).  Педогенез  кейбір 
қосқанатты  насекомдарда,  қоңыздарда,  бұтақмұртты  шаянтэрізділер  мен 
трематодаларда  суреттелген.  Педогенез  ересек  формалардың  аз  тұқымдылы- 
гының  орнын  толықтырып  отырады  деп  саналады.  Педогенетикалық  ұрпақтар 
метаморфоздан  кейінгі  ересек  аталықтар  мен  аналықтарды  беретін  эдеттегі
ұрпақгармен кезектесіп отырады.
3.3. М етаморфоз
М етаморфоз  деп  арнайы  гормондардың  әсерінен  айтарлықтай  өзгеріс-
термен өтетін дернәсілдің ювенильдік формага айналуын айтады.
Метаморфоз  барысында  мынадай  маңызды  морфогенетикалық  қайта 
кұрылу  өтеді:  провизорлық  дернэсілдік  мүшелердің  бұзылуы;  дернэсілдік  жэне 
ересек  кезде  қызмет  атқаратын  мүшелердің  жартылай  бұзьшуы  мен  қайта 
құрылуы; 
деф инитивтік  (соңгы,  ересек  формаларга  тэн)  мүшелердің  жаңадан 
құрылуы. 
-  /   • * * • 
• 
: 
5*
Сонымен,  метаморфоз  мүшелерді  бұзу,  редукциялау  процестерімен  қоса, 
форма  түзуші  процестерін  қамтиды.  Егер,  осы  процестер  біртіндеп  жүрсе, 
метаморфозды 
эволитивтік деп  атайды.  Әдетге,  метаморфоздьщ  осындай  түрінде 
дернәсілдері  ювенильдік формага  айналганда,  мекендеу  ортасын  күрт өзгертпейтін 
түрлерде де  кездеседі  (мысалы,  камбала дернәсілінде ортаның негізгі  параметрлері 
сақгалады, тек пелагикальщ тіршілігі су түбіндегі тіршілікке ауысады).
Егерде  особьтің  құрылысының  қайта  құрылуы  өте  қарқынды,  қысқа 
мерзімде өтсе, онда метаморфоз 
катастроф икалы қ (апатты) деп аталады.
Егерде  метаморфоз  ерекше  терең  өзгерістер  мен  мүшелердің  дегенера- 
циясымен,  ягни  біркатар  жүйелердің  жойылуымен  сипатталган  жагдайда, 
мысалы,  амфибиялардың  дернәсілдерінің  ересек  түрге  айналуы, 
некробиоти- 
к а л ы қ   типті  деп  аталады.  Асцидиялардың  некробиотикалық  метаморфозы 
дернәсілдік 
мүшелердің  толық  бұзылуымен  және  жануардың  белсенді 
қозғалыстарының тежелуімен сипатталынады.
Су  организмінің  толық  немесе  жартылай  құрылықга  тіршілік  етуге 
ауысуына  байланысты  қосмекенділердің  метаморфозын  мысал  ретінде  қарас- 
тырамыз.  Құйрықты  қосмекенділердегі  өзгерістер  қатарына:  жүзу  құйрыгының, 
сыртқы  желбезектердің  жойылуын,  терісінің  құрылысындағы  өзгерістерін 
жатқызамыз.  Құйрықсыз  қосмекенділердің  (бақалар  жэне  құрбақалар)  мета-

морфозы  маңыздырақ (бұл түрлердің эрбір мүшелері өзгерістерге ұшыраған)  (6- 
суреһг).  Бақашабактың  құйрығы,  сыртқы  желбезегі,  желбезек  доғасы,  мүиізді 
тістері  регрессияға  ұшырайды,  бүйір  сызығы  жүйесі  жойылады,  өсімдіктекті 
қореккё  бейімделген  ішек  қысқарады.  Дэл  осы  кезде  аяқтары  дамиды,  ауамен 
тыныс алатын  мүшелері (өкпе жэне респираторлы-моторлы  аппарат),  есту, көру 
мүшелері  қалыптасады,  тері  жабыны,  етті  қорекпен  қоректенуге  бейімделген 
ауыз,  жакгар,  тілі  мен  ішек  қайта  қалыптасады.  Метаморфозға  байланысты 
бірқатар  кардинаш»ды  биохимиялық  өзгерістер  болады.  Бақашабақтың  көзінің 
торлы  қабыгындагы  фотопигмент  -   порфиропсин  бақада  құрлық  жэне  теңіз 
омьфтқалыларына тэн  фотопигмент  родопсинге,  бақашабақ  гемоглобині  ересек 
бақаның  гемоглобиніне  ауысады;  қос  тотықгы  көміртегі  мен  аммиактан 
мочевина түзілуге қажетті ферменттер синтезделінеді жэне т.б.
А 
Ә 
Б 
В
Г 
Д 
Б  
Ж
6-сурепи
 Бақаньің дамуы. А,Ә,Б,В- дернэсшдік кезең;
ГД,Е,Ж-метаморфоз (Witschi бойынша)
Метаморфоз 
кезіндегі 
барльщ 
эртүрлі 
морфофункционалдық 
жэне 
биохимиялық  өзгерістер  қалқанша  безі  шығарган  секрециялық  гормондары- 
тироксинмен,  эсіресе,  трийодтиронинмен  іске  асады.  Қалқанша  безі  алынып 
тасталган  бақашабақгарда  метаморфоз  жүрмейді.  Олардың  антогонистері  болып 
табылатын  аденогипофиз  өндіретін 
прол актин 
гормоны  дернәсілдік  өсу 
гормоньшың қызметін  атқарады  жэне  метаморфозды  басады.  Метаморфоз  кезінде
«
і

38_____________
С. Т.  Нуртазин,  Э.Б.  Всеволодов,  Б. Есжанов
тиреоидты  гормоңдардың  концентрациясы  артып,  бақашабақтардьщ  бақаға 
айналуын  жэне  құйрықты  қосмекенділердің  құрылыкга  тіршілік  етуге  көшуін 
қамтамаеыз  етеді.  Құйрыкгы  қоемекенділердің  онтогенезінде  тироксиннен  кейін 
пролактин  гормонының  басымдылығы  басталып,  ересек  организмді  жыныс 
өнімдерін  шашу  үшін  суға  оралуына  мэжбүр  етеді.  Осыған  орай  кейбір  құйрыкты 
қосмекенділердің  екі  метаморфоздан:  біріншісі  -  тироксин  арқылы,  екіншісі  - 
пролактин  арқылы  өтуіне  тура  келеді.  Осы  гормондарды  жасанды  жолмен  егу 
арқылы  метаморфоздың  сипатын  реттеуге  болады.  Өзен  бақасьшың  жетілмеген 
бақашабағьш  қой  немесе  ірі  қара  малдың  қалқанша  безінен  жасалған  фаришен 
азықтандырсақ,  метаморфоздьщ  тез  өтуіне  жағдай  жасалынып,  көлемі  шыбын 
сияқты өте кішкентай бақаны алуға болады.
Әртүрлі  мүшелер  мен  ұлпаларга  гормондардың  эсері  эрқалай.  Агар-агары 
бар  ыдысқа  бақашабақтардың  құйрықтарын  орналастырып,  жасанды  ортага 
гормондарды  үстемелесек,  тиреоидты  гормондардың  деңгейі  жогарылап, 
бақашабақтьщ  құйрыгы  резорбцияланады.  Осы  кезде  тиреоидты  гормондардың 
қозуының  салдарынан  пролактин  гормоны  құйрықтың  регрессиясын  басады 
(Brown, Frye,  1969).  Керісінше, тиреоид гормоны арқылы  бауырга эсер етсе 4 сагат 
ішінде  белок  синтезі  100  есе  артады  (Cohen  et  al.,  1978).  Бақашабақтың  құйрық 
бұлшықеті  клеткаларындагы  белок  биосинтезінің  деңгейінің  томендеуінен 
құйрықтың 
регрессиялануы 
басталады, 
кейін 
ол 
жерде 
лизосомалық 
ферменттердщ мөлшері артады.  Эпидермисте, хордада жэне жүйке баганасының 
клеткаларындагы  гликозидазаның, 
фосфотазаның, 
коллагеназаның, 
ДНҚ- 
азаның,  РНҚ-азаның,  протеазаның  мөлшері  кобееді.  Олар  цитоплазмага  шыгып 
клетканың  өліміне  себепші  болады.  Құйрық  аймагындагы  клеткалардьщ  өлімі 
генетикалық  багдарланган  болып  табылады  жэне  өзінің  протеолитикалық 
ферменттерінің  көмегімен  дебристі  қорытатын  макрофаггар  жинақгалады 
(Kaltenbach  et  al.,  1979).  Адамдарда  эмбриональдық  дамудьщ  4-ші  аіггасында 
құирықтың  дегенерациялануы  жэне  басбармақ  пен  сұқ  саусақтьщ  арасындагы 
клеткалардың регрессиясы ұлпа регрессияларьша мысал бола алады.
Айта  кететін  нәрсе,  дегенерация  процесі  мен  метаморфоз  кезіндегі 
мүшелер  мен  ұлпалардың  дамуы  нақты  үйлесімделген.  Мұндай  үйяесімнің 
непзіне  әртурлі  гормондардың  арасындағы  сандық  айырмашылықгары  жатады
3.4. Ю венильдік кезең
I   Ювенильдік  кезе«   метаморфоз  аяқгалғаннан  бастап  жыныстық  жетілүге 
деиінгі  уақытты  қамтиды.  Тура  дамитын  жануарлардың  ювенильдік  кезеңі 
организмнің  жұмыртқадан  шыгуынан  немесе  туылуынан  бастау  алады 
Жануарлардьщ  эр  бір  түрлерінщ ¥рпақтары туылуы  немесе  жұмыртқадан  шыгу 
барысында  бф-біршен  жетшу  дәрежесі  бойынша  ерекшеленеді.  Мысалы 
қапталы  сүткореюгшердщ  ұрпагы  туьшу  мезгілінен  ерте  оуылады  да,  олардьщ 
арьі  қараи  жетілуі  ана  кұрсагының  тері  қатпарында  өтеді.  Керісінше,  кейбір 
Embiotocidae  тұқымдасына  жататьш  тірі  туатын  балықгардьщ  аталыктары
уылдырықтардан  шыққаннан  кеиш  бірден  жетіледі,  яғни  бұл  балыкгардьщ 
онтогенезде ювенильдік кезеңі болмайды. 
ғ

Кейбір  авторлардың  пікірінше  морфофизиологиялық  тұрғыда  жетшмеген 
жана  туылғандардың  ювенильдік  кезеңінің  басы  көз  қабағы  ашылған  сэттен
бастаЛацы (Шмидт,  1968).
кЬвенильдік кезең морфология жагынан қарқынды өсуімен сипатталынады, 
нэтижесінде  организмнің дене  көлемі  жэне  пропорциясы  ересек  особьтың дене 
көлсмі  мен  пропорция  көрсеткіштерімен  теңеседі,  қаңқа  -   бұлшықет  жүйесінің 
қалыптасуы  аяқталады,  жыныс  бездері  мен  тері  жабыны  дамиды,  ал 
дифиодонтгы  жаңуарлардьщ  сүт  тістері  тұрақты  тістерге  ауысады,  ересек
жануарға тән эндокриндік ретгеу жүйесі қалыптасады.
Әрбір түр арасындагы ювенильдік кезеңнің ұзақтыгы эртүрлі болып келеді. 
Мысалы,  кейбір  тоқалтістердің  аналықтарының  жыныстық  жетілуі  13-18  күнге 
созылады.  Ал  анагұрлым  кеш  жетілетін  омыртқапылардың  (қортпа,  калуга, 
қолтырауын,  альбатрос,  піл) жыныстық жетілуі  18-22 жылға дейін созылады.
Адам мен  жануарлар организмінде жыныстық жетілуі барысында бір-бірімен 
тыгыз  байланысты  алғашқы  жэне  екіншіпік  жыныс  белгілері  пайда  болады  жэне 
жетіледі.  Алгашқы  жыныс  белгілері  генетикалық  тұргыда  қалыптасады,  ягни 
эмбриональдық маскулинизацияга немеее феминизацияга жауапты  (аталық жыныс 
безінің немесе аналық жыныс безінің жіктелуі) бірнеше гендер табылған. Екіншілік 
жыныс белгілері-гонадалардың типіне жэне одан бөлінетін жыныс гормондарының 
түрлеріне тәуелді, ягни  олар жыныс  жолдарының жэне  сыртқы  гениталий типінің, 
сонымен  қатар парасексуальдық белгілерін  аныктайтын белгілер.  Алгашқы жыныс 
белгісі генетикалық деңгейде, ал екіншілік жыныс белгісі - жыныс гормондарының 
эсерінен қалыптасады деп есептеледі.  Жыныстық жетілу барысында қарқынды өсу 
байқалып,  психика  мен  мінез-құлыкга  терең  өзгерістер  байқалады.  Бүл  қайта 
қалыптасу процесі жыныс стероидтарының секрециясын және жьгаыс мүшелерінің 
дамуына  жагдай  жасайтын  гипоталамо-гипофизарлы  гонадотропты  жүиесінің 
жетілуінің  тура  немесе  жанама  нәтижесі  болып  табылады.  Дэл  осы  кезенде  дене 
пішіні  айтарлықгай  өзгеріске  ұшырап,  жыиыстық  диморфизмі  қалыптасады. 
Мысалы,  жыныстык  жетілудің  бастапқы  кезеңінде  ұл  бала  мен  қыз  баланың 
бұлшықетінің,  қаңқасының,  теріасты  майларыньщ  салмагы  бірдей  арақатынаста 
болады.  Ал  жыныстык  жетілудің  соңында  ұл  баланың  қыз  балаға  Караганда 
қаңқасының  жэне  бұлшықетінің  салмагы  1,5  есе  артса,  қыз  балада  үл  балага
Караганда 2 есе май көп жиналады.
Үл  бала  мен  қыз  балада  қалыптаскан  жыныс  бездері  арқылы  бөлінетін 
гормондардьщ  негізінде,  аталық  жэне  аналық  жыныс  фенотиптеріне  тэн  екінші 
жыныс  белгілері  дамиды.  Жыныс  гормондарының  эсері  эмбриогенез  кезінде,  ең 
алдымен,  гонадапардың  жэне  жыныс  жүйесінің  мүшелерінің  даму  барысында 
байқала  бастайды.  Қыз  балаларда  анапық жыныс  безінің  клеткаларынан  бөлінетін 
эстроген  гормонының  әсерінен  сүг  бездерінің  дамуы  басталады.  Ал  ұл  балаларда 
аталық жыныс  безінің клеткаларынан  бөлінетін  тестостерон  гормонының  әсерінен 
сыртқы аталық шагылыс жыныс мүшесі жэне аталық безі дамып жетіпеді. Шат пен 
қолтық асты түктерінің дамуы ер адамда жыныс безінен, ал эйел адамда бүйрекүсті 
безінен  бөлінетін  тестостерон  гормонының  эсерінен  іске  асады.  Осыдан  келіп  ер 
адам  мен  әйел  организмінде  бір  уақытга  аталық  жэне  аналық  гормондардың 
болатыны, бірақ екі жыныста да олардың арақатынасы эртүрлі екені анықталды. Үл 
бапаның  жас  кезіндегі  дауысы  жуан  жэне  томен  болатындыгы  көмекейдегі 
шеміршек пен бұлшык етгің гипертрофиясына экелетін тестостеронга тэуелді.

40
С.Т.  Нуртазин,  Э.Б.  Всеволодов,  Б.Есжанов
Сондықтан  жыныстық  жетілудің  негізгі  сатылары  пубертаттық  (не 
пубертальдық)  кезеңде  болады.  Қыз  балаларда  алғашқы  етеккірдің  келуі  пісіп 
жетілген  жұмыртқаны  аналық  жыныс  безінен  босатуды  қамтамасыз  ететін 
жыныс  циклының  жаңа  интеграциясының  дэлелі  бола  алады.  Ал  бозбаланың 
жыныстық  жағынан  толығымен  жетілуі  сперматоциттердің  мейоз  жолымен 
бөлінуі  басталып,  спермалардың  жыныс  безінен  уретраға  шығатын  тұқым 
шығару өзегінің шығарғыш түтік қалыптасуынына байланысты.
Жыныстық  жетілудің  гормональдық  негізі  метаморфоздың  гормональдық 
негізіне өте ұқсас.  Қосмекенділерде,  насекомдарда да метаморфоз өзгерістері  ми 
нейрогормондарымен  (РФ-ТТГ  жэне  ПТТГ  сэйкес)  бөлінетін  гормондардың 
нэтижесінде  басталады.  Адамның  екі  жыныстық  өкілінде  де  жыныс  жетілу 
процессі  гипоталамус  клеткалары  синтездейтін  жэне  гипофиздің  алдыңғы 
бөлігіне түсетін лютеинді  гормонның рилизинг-факторы арқылы басталады  (РФ- 
JIT).  Осы  факторлардың  эсерінен  аденогипофизден  екі  түрлі  гонадотропты: 
(еркек  пен  әйелдің  гонадаларына,  ал  жануарларда  аталық  пен  аналыққа  эсер 
ететін)  лю теинді  (JTT)  жэне  ф олликуластим улдауш ы   (ФСГ)  гормондар 
бөлінеді.  Осының  нэтижесінде  гонадалар  жыныс  гормондарын:  тестостерон 
(аталық жыныс безінен бөлінеді) мен эстроген (аналық жыныс  безінен  бөлінеді) 
боле  бастайды.  Аталган  гормондар  эртүрлі  ұлпа-нысандарга  түрліше  эсер  етуі 
мүмкін,  сондықтан  да  организмде  эртүрлі  морфофункционалдық  жэне  мінез- 
құлықтық  озгерістері  байқалады.  Жыныстық  жетілу  барысында  метаморфозға 
ұқсас  жыныстық  жетілуді  қамтамасыз  ететін  гормон  болады.  Бұндай  гормонга 
мелатонин гормоны жатқызылуы мүмкін.
Ювенильдік  кезеңнің  аягында  жьшыстьщ  жетілу  мен  көбею  басталады. 
Омыртқалылардың  копшілігінде  бұл  екі  процесс  уақытқа  байланысты  эр  кезде 
болуы  мүмкін,  мысалы, тұяқтылардың аталықтары жыныстық жетілудің бірінші 
жылында  күйлеуге  қатыспайды,  себебі,  бұл  кезде  мұндай  эл-қуаттық  жүктеме- 
лерге дайын емес. 
'  _7 гТ-.;.  •
3.5. Көбею кезеңі (кәм елеттік ж асқа жету)
Бұл  кезеңнің  ұзактыгы  мен  ерекшеліктері  түрдің  көбею  биологиясымен 
байланысты.  Омыртқалы  жануарлардың  көпшілігінде көбею  кезеңі  айтарлыктай 
ерте,  өмірінің  бірінші-екінші  жылдарьгада  (тышқандарда,  егеуқұйрықгарда, 
атжалмандарда  5-8  апталық  жастан)  басталып,  өліммен  аяқталады.  Жыныстық 
жетілу уақыты  жэне  жыныс белсенділігінің бәсеңдеуі  эр түрлерде түрліше жэне 
олардың өмір сүру ұзақтыгына байланысты болады.
Әдетте,  омыртқалылардың  көпшілігінде  өмір  сүру  ұзақтығы  кобею 
ерекшеліктерімен 
байланысты, 
осыган 
орай 
барлық 
омыртқалыларды 
(Vertebrata)  екі  топқа  белуге  болады:  1)  өмір  бойы  бір  рет  көбейетіндер;  2)  өмір 
бойы  көп  рет  көбейетіндер.  Біріншілерге  көптеген  дөңгелекауыздылар  мен 
бальпсгар  жатады,  мысалы,  өзен  миногасы,  еуропа  жьшанбалыгы,  қиыршығыс 
албырттары.  Аталган  түр  окілдері  бір  уылдырық  шашқаннан  кейін,  өлімге 
ұшырайды. 
.,  •
Өмір  бойы  коп  рет  көбейетін  түрлер  үшін  ұялас  төл  санының  үлкен 
маңызы  бар.  Әдетте,  ол  анағұрлым  коп  болса,  согұрлым  түрдің  өмір  ұзақтыгы

Жеке даму биологиясы
41
кысқа  болады.  Көбею  кезеңінде  жануарлардьщ  өсуі  өте  сирек  кездеседі  (үнемі 
өсётіндер  балықтар, рептилиялар),  эдетге жеке дене бөлімдерінің  (мүйіз,  шошақ 
тістһер, жал және т.б.) өсуі жүреді.
3.6. Қартаю кезеці
Онтогенездің  эртүрлі  кезеңдерінде  байқалатын  организмдегі  күрделі 
морфофункциональдық  жэне  биохимиялық  өзгерістердің  барлығы  берік 
дэлелденген  геномда  жазылып  қойылған  жэне  эпигенетикалық  факторларға 
тәуелді  болады.  Онтогенездің  ең  соңгы  кезеңі  қартаю  кезеңі  болып  саналады. 
Қартаю  процесін,  қатал  гендік  детерминацияланған,  организмде  көптеген 
морфофункциональдық  өзгерістермен  және  барлық  тіршілік  қызметінің 
әлсізденуімен  суреттеуге  бола  ма?  деген  сұрақтар  туындайды.  Кейбір  түрлер 
үшін  бұл  сұрақ  дүрыс.  Мысалы,  біркүндіктер  мен  албырт  балықтарда  қартаю 
процесі  өте  шапшаң  өтіп  кетеді  де,  олар  өлімге  тез  ұшырайды.  Ал,  басқа 
түрлерде,  адамдарда  қартаю  процесі  біртіндеп  жүреді  жэне  олар  сыртқы  жэне 
ішкі  факторларға  тәуелді  болады.  Мутациялардың  да  әсері  бар,  мысалы, 
прогерия  ауруында  (Хатчинсон-Джилфорд  синдромы)  ерте  қартаю  процесі 
жүреді  де  адам  бала  немесе  жасөспірім  кезінде  өлімге  үшырайды.  Бір  ортадағы 
эртүрлі  особьтардың  өмір  сүру үзақтылыгының эртүрлі  болуы  да  кездейсоктық 
жагдай, кейбір жанұялардың мүшелері  өмірінің ұзақтылыгымен ерекшеленсе, ал 
кейбіреулерінде бұл көрсеткіш керісінше 35-55 жылмен шектеледі.
Соңғы  жылдарда  ұзақ  өмір  сүретін  жэне  орташа  өмір  суретін  жануарлар 
мен  адамдардың  өмір  сүру  ұзақтылығына  себепші  болатын  гендердің 
идентификациясы негізінде зертгеу жұмыстары өте қарқынды жүруде.
Калифорния  университетінің  профессоры  М.  Роуз  дрозофиланың  басқа 
особьтарына  қарағанда  екі  есе  ұзақ  өмір  сүретін  линиясын  шығарган.  Осы 
жолмен  алынган дрозофила  шыбындарынан  арнайы  антитотықтырғыш  фермент 
супероксиддисмутазаның  активті  формасы  табылган  жэне  оның  генетикалық
коды модификацияланган.
Осындай  ұқсас  нәтижелер  баска да  омыртқасыздар  мен  омыртқалылардан 
алынган.  Сонымен  қатар,  өмір  сүру  ұзақтылығына  қоршаған  ортаның  әсерінде 
ескерген  жөн.  Зиянды  қолайсыз  ортаның  үзақ  уақыт  бойы  тым  жоғары 
физикалық  және  психоэмоционалдық  ауыртпашылықтары  организмнің  ерте
қартаюына жэне өліміне экеледі.
Қазіргі  кезде көптеген  жастық психоэмоциональдық жэне  морфофизиология- 
лық өзгерістер сипатталган.  Организмдегі  барлық мүшелердің,  клеткалардың жэне 
ұлпалардың  қартаюы  барысындағы  өзгерістер  коллаген  молекулаларындагы 
биохимиялық  қайта  қүрылудан  бастап  иммундық  деңгейінің  төмендеуіне  дейінгі 
жастық  өзгерістері  туралы  көптеген  материалдар  жиналған.  Жылдар  бойы  ДНҚ 
құрылымының  бүзылуы  жогарылап,  клеткаларда  (мембрананың  бұзылуын 
туғызатын)  отгегінің  бос  радикалдарының  жэне  эртүрлі  катаболиттердің 
концентрациясы  жоғарлайтыны  анықталган.  Өсу  факторлардың  жэне  гормон- 
дардың  синергизімі  бүзылады,  белоктьщ  биосинтезінің  жаңылуы  көбейеді, 
клеткалык рецепторлардьщ саны азайып, олардың сезімталдыгы төмендейді.
Қартайган  сайын  көптеген  клеткалар  эндогеңщ  жэне  экзогенді  клеткалық

42
С.Т.  Нуртазин,  Э.Б.  Всеволодов,  Б.Есжанов
бөліну  реттегіштерге  әлсіз  жауап  беретіні  белгілі,  өйткені  оларда  «қартаю  гені 
немесе  гендері»  бар  болуы  мүмкін.  Табиғи  ортада  жануарлардың  көпшілігі 
онтогенезінің  соңғы  -  қартаю  кезеңіне  дейін  сирек  өмір  сүретінін  айтып  кеткен 
жөн.  Себебі,  қартайған  организмнің  тіршілік  жағдайларына  бейімделу  мүмкін- 
шілігі  төмендеп,  ол  жоғары  физикалық  белсенділігін  тұрақты  деңгейде  ұстап 
тұра  алмайды,  инфекциялық  жэне  жұқпалы  емес  ауруларға  шыдамдылығы 
әлсірейді,  қоректің тапшылыгында жэне қатал  бәсекелестікте қорегін тауып жей 
алмайды,  сонымен  қатар  қолайсыз  ортаға  шыдамдылығы  бәсеңдейді  жэне 
ықтималдықтар  теориясы  бойынша  жануарлар  үнемі  экстремальды  жағдайлар- 
мен  ұштасып тұратындықтан,  олардың ұзақ өмір  сүру  мүмкіншілігі төмендейді. 
Нәтижесінде  жабайы  табиғатта  «қартайған»  жануарлар  болмайды,  ал  арлан, 
«кэрі» қасқырлар, доңыздар, аюлар туралы суреттеп жазған кезде, олардың жасы 
адамның  жасымен  салыстырғанда  28-38  жастағы  жануарларға  сай  келеді. 
Әрине,  бұл  жағдайдың ерекшелігі де бар,  егер қолайлы  ортада қоректік пирами- 
даның  ең  жоғары  деңгейінде  орналасқан  немесе  жаулары  аз  болатын  түрлердің 
көбеюін  тоқтатқан  кэрі  особьтары  ұзақ  уақыт  өмір  сүреді,  ал  хайуанаттар 
парктерінде,  зоологиялық  бақтарда,  қорықтарда  жабайы  жануарлардың  өмірі 
біршама  ұзақ  болады.  Мысалы,  О.В.Башенинаның  мэліметтері  бойьгаша 
тоқалтістілердің  табиғатта  омір  сүруі  бір  жылға  жетпейтін  болса,  ал  виварий 
жағдайында  олар  шамамен  4-4,5  жыл  өмір  сүреді.  Үй  және  ауыл  шаруашылық 
жануарларының  өмірлерінің  ұзақгығы  адамның  оларға  қолайлы  жағдайларды 
жасауына жэне олардың белгілі бір күйде күтілуіне байланысты.
Барлығымызға  мэлім  адам  өмірінің  орташа  ұзақтылығы  ұдайы  өсуде,  ал 
дамыған  елдерде  (Жапония,  Скандинавия)  бұл  көрсеткіш  біршама  ұзақ,  шама­
мен  80  жыя  (әйелдер  еркектермен  салыстырғанда  5-10  жьіл  ұзақ  өмір  сүреді). 
Алайда  максимальды  омір  сүру  ұзақтығы  120-122  жылға  дейін  созылатындығы 
толыктай дэлелденіп отыр.
Ө зін -ө зі 
тексеру сұрақтары : 
.., -,< ,
1.  Омыртқалы жануарлардың онтогенезінің негізгі сатылары
2.  Омырткалылар онтогенсзінің кезендері 
^
3.  Эмбриональдық кезеңнің жалпы сипаттамасы
4.  Факультатавтік және облигаттық диапаузалар, олардың себептері
5.  Әртүрлі таксон өкілдерінің жұмыртқадан шығу және тірі туу ерекшеліктері
6.  Дернэсілдік кезеңге тән беягілер 
ү;>м 

7.  Толық жэне жартылай неотения. Педогенез
8.  Метаморфоз, оньщ типтері
9.  Амфибиялар метаморфозының ерекшеліктері жэне оның гормональды бақылануы
10.  Ювенильді кезеңнің негізгі белгілері. Жыныстьпс жетілуге байланысты өзгерістер
11.  Көбею (кэмелеттік жасқа толу)  кезенінің ерекшеліктері мен узақтығы
12.  Қартаю кезеңінде организмде жүретін жастық өзгерістерге жалпы сипаттама

4-тарау. ОНТОГЕНЕЗГЕ СЫРТҚЫ 
ОРТАНЬЩ ӘСЕРІ
Фенотипті қалыптастырудағы гендер белсенділіп. Даму ырғағыныц нускалары. 
Дамуды  аны ктайты н  орта  факторлары.  Адам  фенотипіне  эсер  ететін  факторлар. 
Эндогенді  жэне  зкзогенді  факторлар.  Тератогендер,  оны  туғызатын  себептер. 
Фокомелия. Г омеобокс
Барлыгымызга  мәлім  эрбір  фенотиптің  қалыптасу  процесі  геннің  диф- 
ференциалданган  экспрессиясының  күрделі  механизмдерімен  реттелінеді,  ягни 
даму  факторлары  ұрықтың  өзінде  болады.  Ал  бұл  жағдайда  сыртқы  ортаның 
рөлі  қандай  жэне  ол  бар  ма?  деген  сұрақ  туады.  Бір  генотиптен  эр  түрлі 
фенотиптердің пайда болуы  мүмкін бе?  Қазіргі  уақытта генотип пен  фенотиптің 
аралыгында  қатал  детерминация  болмайды  жэне  геном  бірнеше  фенотиптер 
қатары  арқылы  жүзеге  асуы  мүмкін  деген  көптеген  мәліметгер  жинақталған. 
Басқаша  айтқанда,  даму-накты  өзгергіштікке  (фенотиптік  ыргактылық  деп 
аталатын) қабілетті.
Даму  ырғағының  екі  нұсқасын  ажыратамыз.  Біріншісі,  ортаның  эртүрлі 
әсерлерінен  фенотиптің  үздіксіз  спектрінің  пайда  болуы.  Мысалы,  біртипті  6 
айлық  бұзауларға  эртүрлі  рационды  жем  берсек,  жарты  жылдан  кейін  олардан 
дене  салмағы  бойынша  бір-бірінен  5-100  кг  аралығында  айырмашылығы  бар 
таналар  өседі.  Осы  спектр  немесе  қалыпты  реакция  геном  ерекшеліктерін 
анықтайды.  Бірдей рационмен  азықтанған етті Герефорд тұқымының бұзаулары 
африкалық  Тутси  тайпасының  асыл  тұқымды  мүйізді  ірі  қара  малымен 
салыстырғанда  жылдам  өседі.  Даму  ырғагының  екінші  нұсқасы  — полифения 
немесе  дискретті  фенотиптер.  Температурага  тәуелді  полифенияның  мысалы 
ретінде,  эртүрлі  маусымда  қуыршақтан  шыққан,  бір-бірінен  қанаттарының  түсі 
арқылы  ажыратылатын  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал