Н. А. Тулкинбаев мамандықҚа кіріспе дəрістер жинағы введение в специальность курс лекций



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/14
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ
Н.А. Тулкинбаев
МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ДƏРІСТЕР ЖИНАҒЫ
ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ
КУРС ЛЕКЦИЙ
Костанай 2016

2
ОƏЖ  378 (042)
КБЖ 74.58
Т 78
Басуға ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының
Ғылыми кеңесімен ұсынылды
Пікір бергендер:
Берденова  С.Ж. – А. Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік
университеті  əлеуметтік-гуманитарлық  факультетінің  деканы, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент
Табулденов  А.Н. – ҚР  ІІМ  Ш. Қабылбаев  атындағы  Қостанай
академиясының  бөлім  бастығы, тарих  ғылымдарының  кандидаты, полиция
майоры
Тулкинбаев Н.А.
Т 78  Мамандыққа  кіріспе: дəрістер  жинағы = Введение  в  специальность:
курс  лекций / Н.А. Тулкинбаев – Қостанай: ҚР  ІІМ  Ш. Қабылбаев
атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 158 б. – Қазақша, орысша.
ISBN 978-601-7551-49-0
Дəріс жинағы болашақ мамандардың кəсіби білім жүйесін қалыптастыру
мақсатында  тыңдаушыларды  əлеуметтік  жұмыстың  маңызды  түсініктерімен,
теориялық мəселелерімен, сонымен қатар негізгі бағыттарымен таныстырады.
5В050905 «Əлеуметтік  жұмыс» мамандығы  бойынша  курсанттарға
арналған.
Курс  лекций  знакомит  слушателей  с  важнейшими  понятиями,
теоретическими  проблемами, а  также  основными  направлениями  социальной
работы  с  целью  формирования  у  будущих  специалистов  системы
профессиональных знаний.
Рекомендуется  для  курсантов  по  специальности 5В050905 «Социальная
работа».
ОƏЖ 378 (042)
КБЖ 74.58
ISBN 978-601-7551-49-0
©
Тулкинбаев Н., 2016

3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .................................................................................................................... 5
1-ДƏРІС. ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК МАМАНДЫҚ РЕТІНДЕ............................................ 7
1. Əлеуметтік жұмыс кəсіптік қызметтің түрі ретінде ................................. 7
2. Əлеуметтік жұмыс ғылым ретінде .......................................................... 12
3. Əлеуметтік жұмыс оқу пəні ретінде ........................................................ 17
2-ДƏРІС. СОЦИУМ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР
ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ПƏНДІК САЛАСЫ РЕТІНДЕ ............................ 20
1. Əлеуметтік жұмыстың категориалды-ұғымдық аппараты .................... 20
2. Əлеуметтік жұмыстың əдістері ............................................................... 31
3-ДƏРІС. ƏЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ КƏСІБИ БЕЙНЕСІ ....................... 40
1. Əлеуметтік қызметкердің рухани адамгершілік қасиеттері .................. 40
2. Əлеуметтік қызметкердің кəсіптік құндылықтары ................................ 46
4-ДƏРІС. ƏЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ................ 50
1. Тұрғындарға əлеуметтік көмек
көрсету жұмыстары, əлеуметтік қорғау ................................................................ 50
2. Əр түрлі топтармен жүргізілетін əлеуметтік жұмыс .............................. 51
5-ДƏРІС. ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖƏНЕ
ƏЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ ................................. 64
1. Əлеуметтік жұмыстың объектісі мен субъектісі .................................... 64
2. Əлеуметтік жұмыстың қағидалары ......................................................... 71
ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ....................................... 75

4
СОДЕРЖАНИЕ
ВВЕДЕНИЕ ............................................................................................................ 80
ЛЕКЦИЯ 1. СОЦИАЛЬНАЯ РАБОТА
КАК НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ СПЕЦИАЛЬНОСТЬ .................................... 81
1. Социальная работа как общественное явление. ..................................... 81
2. Социальная работа как наука.
Социальная работа как учебная дисциплина ........................................................ 88
ЛЕКЦИЯ 2. ИСТОРИЯ И ТЕОРИЯ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ ......................... 94
1. Процесс формирования и развития специальности
«Социальная работа» в Казахстане ....................................................................... 94
2. Из опыта организации социальной работы зарубежных стран ............. 97
ЛЕКЦИЯ 3. ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ПОРТРЕТ
СОЦИАЛЬНОГО РАБОТНИКА ......................................................................... 109
1. Профессионализм в социальной работе. ............................................... 109
2. Профессиональные требования к личности
специалиста по социальной работе ..................................................................... 113
3. Социальная работа в профессиональной деятельности
сотрудников различных служб уголовно-исполнительной системы ................ 119
ЛЕКЦИЯ 4. ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ ......... 124
1.Социальная защита, оказание социальной работы населению ............. 124
2. Социальная работа с семьей, инвалидами,
пожилыми людьми и молодежью. ...................................................................... 128
ЛЕКЦИЯ 5. ОБЪЕКТ, СУБЪЕКТ, МОДЕЛИ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ ........ 141
1. Понятие «объекта» и «субъекта» социальной работы ......................... 141
2. Модели социальной работы ................................................................... 146
ОСНОВНЫЕ ПОНЯТИЯ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ ........................................ 152
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ .................................................................................... 159

5
КІРІСПЕ
Əлеуметтік  жұмыс  бұл  өте  ерекше  қызмет, оның  мақсаты  əлеуметтің,
жеке  тұлғаның, топтардың  сұраныс  жағдайын, əл-ауқатын  жақсартуға
бағытталған. Қайырымдылық, көмек  көрсету  деген  мағыналар  əлеуметтік
жұмысқа сай келеді.
Əлеуметтік жұмыстың жеке кəсіби қызмет түрінде пайда болуына еңбек,
еңбектің  түрлері  жəне  еңбектің  өзара  мазмұны  мен  мінезіне, кəсібіне, арнайы
бағытқа  салуды  жəне  т.б. ықпал  етеді. Адам  баласы  өзінің  өміріне  керек
нəрсесін еңбек құралдары, еңбек арқылы табиғатқа əсер келтіре отырып алады.
Еске  сала  кетейік, адам  баласының  шарықтап  дамуына  еңбек  əсер  келтірді.
Еңбек  жасау  барысында  өзіне  мынадай  компоненттерді  қосады: ол  еңбектің
мақсаты, еңбектің  мағынасы  жəне  еңбек  құрал-жабдықтары. Бүгінгі  күнде
адамдар  əр  түрлі  еңбектерді  атқарады: ол  қолмен  атқарылатын  жұмыс,
механикалық, автоматикалық, қиын  жəне  жеңіл, дене  қимылы  мен  ақыл  ой
арқылы  жасалынатын  жұмыстарды  атқарады. Осыған  орай  қазіргі  заманда
кейбір  мəліметтер  бойынша  дүниежүзінде 30 мыңға  жуық  маман  мен  қызмет
түрлері  бар  дейді. Əлеуметтік  жұмыс  қазіргі  жағдайда  мамандандырылған
немесе  мамандандырылмаған  қызметтердің  арасындағы  үлгісі  ретінде
қаралады.
Адам  баласының  бастапқы  қалыптаса  бастаған  кезінде  еңбек  мүлдем
басқаша  болды. Ол  əрине  түсінікті. Адам  ол  кезде  даму  үстінде  болды. Сол
кездегі еңбек жай қарапайым ағаш, тас, сүйектен жасалынған еңбек құралдары
арқылы  атқарылды. Бірте-бірте  еңбек, еңбек  құралдары  əр  алуан  жəне  түрлі
салаларға бөлініп, дами түсті.
Əлеуметтік  жұмыс – тұрғындардың  əлеуметтік  қамтамасыз  ету
мəселелерін  шешуде, көп  аспектілі  əр  түрлі  профильдегі  əлеуметтік
мекемелердегі  қызметті  іске  асырады. Əлеуметтік  саладағы  əлеуметтік
кадрларды  дайындауды  əлеуметтік  жұмыстың  негізгі  бағыттарынсыз,
ерекшеліктерінсіз оқыту мүмкін емес. Сол себепті, Мемлекеттік жоғары кəсіби
білім беру стандартындағы «Əлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша міндетті
түрде «Мамандыққа кіріспе» курсын оқыту енгізілді.
«Мамандыққа  кіріспе» курсының  мақсаты – əлеуметтік  жұмыс
ғылымының  негізгі  ұғымдарын  меңгеру, əлеуметтік  жұмыстың  басты
ерекшелігі  мен  міндеттерін  талдап  көрсету, адамның  дамуы  мен
қалыптасуындағы  əлеуметтік  жұмыстың  шешуші  ролін  көрсету. Болашақ
əлеуметтік  қызметкерлерді  маман  ретінде  атқаратын  іс-əрекеттерінің  негізгі
бағыттарымен  таныстыру, оларды  əлеуметтік  қызметкер  мамандығына
байланысты теориялық, практикалық білімдермен қаруландыру.
«Мамандыққа кіріспе» курсының міндеттері:
- болашақ мамандарға кəсіби қызметтің ғылыми негізін беру;
- курсанттардың өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру;
- курсты  оқу  барысында  тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын
тереңдете оқытуды түрлендіру;
- курсанттардың болашақ  білікті  маман  ретінде  моральдық-адамгершілік

6
сапаларын қалыптастыру.
«Мамандыққа  кіріспе» курсын  оқу  нəтижесінде  курсант  мынадай  білім
алу керек:
- «əлеуметтік  жұмыс», «əлеуметтік  қызметкер», «əлеуметтік  жұмыс
бойынша  маман», «əлеуметтік  қорғау», «əлеуметтік  көмек» негізгі
ұғымдарының пайда болуы туралы;
- əлеуметтік қорғау мекемелер іс-əрекетінің бағытталуы туралы;
- əлеуметтік құбылыстардың қазіргі жағдайы жəне оны реттеу туралы;
- əлеуметтік саладағы маманның квалификациялық сипаттамасы туралы.

7
1-ДƏРІС. ƏЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК
МАМАНДЫҚ РЕТІНДЕ
Жоспар:
1. Əлеуметтік жұмыс кəсіптік қызметтің түрі ретінде
2. Əлеуметтік жұмыс ғылым ретінде
3. Əлеуметтік жұмыс оқу пəні ретінде
1. Əлеуметтік жұмыс кəсіптік қызметтің түрі ретінде
Əлеуметтік жұмыстың мəн мағынасын, мазмұнын, құрылымын, деңгейін
түсіну үшін – қарапайым «қызмет» – түсінік анықтамасын түсіну керек.
Қызмет – бұл  тіршілік  жəне  даму  мен  əлеуметтік  болмысы, əлеуметтік
белсенділік  əрекетін  бейнелеп  жəне  қайта  құрылуы. Оған  лайықтылығы
қоғамның саналық өнімділігі мен қоғамның сипаты.
Əлеуметтік қызметті екіге бөлуге болады ол тəжірибелік жəне рухани бұл
екеуі бір-бірін толықтырып отырады
Əлеуметтік  жұмыс  бұл  өте  күрделі  жүйе  ретінде  экономикалық,
əлеуметтік, саяси жəне т.б. салаларға байланысты болып келеді.
Ерте  заманнан  бастап  адамдар  бір-біріне  көмек  көрсетуінің  арқасында
əлеуметтік  жұмыскерлер  пайда  бола  бастады  деп  айтуға  болады. Мысалы;
бақсы, сиқыршылар, дін иелері жəне т.б. ретінде пайда бола бастады.
Тарихшылардың  айтуы  бойынша  əлеуметтік  жұмыс 1750 ж. б.э. дейін
Вавилонда пайда болды дейді. Сол заманнан бастап жоғарғы дəрежелі адамдар
төменгі дəрежелі адамдарға, науқастар мен қайыршыларға көмектерін көрсетіп
отырған.
Əлеуметке  жəрдем  көрсету  жəне  əлеуметтік  жұмыс  əр  мемлекетте
түрліше  жəне  əр  түрлі  уақытта  пайда  болды. Əлемдік  практикасы  бойынша
əлеуметтік  көмектің  көңіл  бөлінуін  бірнеше  формаларға  бөліп  көрсетуге
болады. Ол  қайырымдылық, тұрмыс  жағдайы  төмен, əлеуметтік  жағынан
қорғанбаған  жəне  т.б. Қысқаша  айтқанда  қайырымдылық  ол  əлеуметтік
жағдайы  төмен  топтарға, қиын  жағдайға  түскен  адамдарға  материалдық,
рухани, қаржылай жеке немесе ұжымдық көмек көрсету.
Қайырымдылық – ерте заманнан қалыптасқан, жағдайы төмен адамдарға
көмек көрсетудің басты формасы ретінде қаралады. Қайырым, қайырымдылық
берушіге  тікелей  байланысты. XX ғ. қайырымдылық  көптеген  мемлекеттер
жүйесіне кіргізілді, мысалы халыққа көмек көрсету түрінде.
Ал, Қазақстанға  қарағанда  Еуропа, АҚШ  елдерінде  əлеуметтік  жұмыс
жақсы дамыған. Əсіресе, батыс Еуропада мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан
əлеуметтік жұмысы жақсы дамыған.
Əлеуметтік  жұмыстың  тарихын  қарастыру  барысында  практикалық
қызметіне  көп  назар  аударылады. Əлеуметтік  жұмыстың  элеметтерінің  бірін

8
ғылым  жəне  оқу  тəртібі  ретінде  қарастыруға  болады. Оның  түсініктемесі  екі
себептен  тұрады. Біріншіден, бірде  бір  ғылым  өз  бетінше  бостан  босқа  пайда
болмайды  оның  ғылым  ретінде  пайда  болу  үшін  жеке  бір  немесе  бірнеше
бағыттық  қызметі  жəне  мақсаты  болуы  тиіс. Екіншіден, əлеуметтік  жұмыс
өзінің  практикалық  қызметінде  бір  неше  кезеңдерінен  өтіп  жəне  медицина,
психология, педагогика жəне т.б. ғылымдары мен өте тығыз байланыста.
XIX ғ. Батыс  елдерінде  жəне  Қазақстанда  ғылыми-теориялық  жағынан
əлеуметтік  жұмысты  көмек  көрсетушілерге, көмек  көрсету  формасы  ретінде
қаралды. Бұл адам  өмірімен  əлеуметтік  проблемаларға  тікелей қатысты болып
келді, мысалы, адам  өмірінің  жағдайы, бостандық, теңдік  жəне  əділдік  нақты
айтқанда қазіргі əлеуметтік жұмыстың бағыты.
Шет елдерде əлеуметтік жұмыстың ғылым теориясы ретінде шығу көзінің
идеясы  қоғам, азаматтық  қоғам, құқықтық  мемлекет, адам  жəне  тұлға, əділдік
пен  əділетсіздік, əлеуметтік  теңдік  жəне  теңсіздік  жəне  т.б. Осы  идеяны
көрсеткендер О. Копт, Г. Спансер, Э. Дюркейм, К. Маркс, Ф. Энгельс жəне т.б.
XIX ғ. соңы XX ғ. басында  Еуропа  жəне  Америка  ғалымдары  əсіресе,
З. Фрейд, Б.Ф. Скиннер, К. Левин, Л. Кули, Ф. Хайдер, Р. Мертон, Р. Кантер
жəне  т.б. ғалымдарының  жұмыстарында (экономикалық, психологиялық,
медициналық, педагогикалық  жəне  т.б.) əлеуметтік  салаларды  əр  түрлі
əлеуметтік  көмек  аспектісі  ретінде  қарады. Əлеуметтік  жұмыс  тəжірибесінің
талдауы  мен  теориялық  қорытынды  жасауда  келесі  əйел-ғалымдардың
еңбектері  ерекше  роль  атқарады: Д. Лауэлл, М. Ричмонд, Д. Адамс,
Б. Рейнолде.
Көмек күтушілерге көмек көрсету адамдардан кəсіби дайындықты қажет
етеді. Осыған  байланысты, ХIХ  ғ. 90 ж. Ұлыбританияда  лондондық
қайырымдылық  қоғамы  қызметімен  байланысты  дəрістер  ұйымдастырылып,
тəжірибелік  жұмыстар  жүргізілді. 1899 ж. Амстердамда  əлеуметтік
жұмыскерлерді  дайындайтын  институты  жəне XX ғ. басында  Еуропа  жəне
Америка  да  əлеуметтік  жұмыскерлерді  дайындайтын 14 мектеп  жұмыс  істей
бастады. Бұл  əлеуметтік  жұмыстың  бастапқы  институциялылығы  жəне
əлеуметтің  қажетті  қызметі  түрінде  еді. Бірте-бірте  əлеуметтік  жұмыс  қоғам
өміріне  қажетті  ғылыми-теориялық  жəне  практикалық  қызмет  түрінде  əсер
келтіре  бастады. Егер  де  ең  алдыменен  логикалық  жағынан  қарағанда,
əлеуметтік 
жұмыстың 
реттік 
компонентеріне, біздің 
көзқарасымыз,
субъектілер, оның  қажетілігіне  қарамастан, белгілі  объектімен  бір  мөлшерде
байланыста болуы.
Шын  мəнінде  əлеуметтік  жұмыстың  объктісі  объективті  түрде
қалыптасып  сол  немесе  басқа  қоғамның  өмір  сүру  жағдайы  əлеуметтік –
экономикалық əсерінен пайда болады. Субъектілер, объективтік əсерінен пайда
болған  жағдайына  қарамастан  саяси  жəне  басқа  да  əлеуметтік  əлеуметтік
институттар мен қалыптасады.
Обьектілердің  алға  жоспарын  қою  олардың  мінездемелеріне, обьектіде
бар  қиын  мəселелердің  шешімін  табуға  бағыттардың  міндеттерімен
анықталады. Субъектілер (əлеуметтік  қызметтер) осы  негізде  қалыптасады
жəне ұйымдасады.

9
Сондықтан да кейбір авторлар мақсатты түрде осы əлеуметтік жұмыстың
компоненттерін «субьект-обьект» бірізділігімен қарастырады.
Сонымен қатар, əлеуметтік жұмыстың субъектілерінің мінездемесін оның
барлық аспектілерін – іс-əрекеттің тəжірибелік түрлері ретінде, ғылым ретінде,
оқу  пəні  ретінде  қарастыру  керек. Олардың  барлығы  іс-əрекеттің  бір  түрлі
қоғамдық  өмір  феноменімен  тығыз  байланысты. Осы  көзқараста  субъектілер
«Əлеуметтік жұмыстың теориясы» оқулығында (бірінші рет) талқыланады.
Осыған  байланысты «объект» жəне «субъект» ұғымдарына  қысқаша
философиялық-əлеуметтік талқылама берілген.
Объект – субьектіге қарама-қарсы, заттық-тəжірибелік жəне танымдық іс-
əрекеті  бойынша  деп  талқылауға  келеді. Ол  обьективті  шындыққа  ұқсас  қана
емес, ол субьектімен байланыс жасайтын, бір бөлігі болып табылады.
Субъект – заттық-тəжірибелік іс-əрекеттің жəне танымның иесі (индивид,
əлеуметтік топ), обьектіге бағытталған белсенділік бастауы.
Объект, субъект, əлеуметтік  жұмыс  ұғымдарын  ашатын  үш  сəтті  айта
кетейік: олардың ерекшеліктері, органикалық əрекеттесуі, байланысы, олардың
орындарымен ауыса алу қабілеттіліктері.
«Объект» ұғымы «субъект» жəне  пəн  ұғымдарымен  байланысы  бар.
Объективті-субъективті 
қатынастар 
əлеуметтік 
жұмысты 
іс-əрекеттің
тəжірибелік түрі ретінде сипаттайды.
Əлеуметтік  жұмысты  ғылым  ретінде  қарастырғанымызда  объективті-
заттық  қатынастарды  қарастырамыз. Бұл  жағдайда  объект  əлеуметтік  іс-
əрекеттің  тəжірибелік  түрі, ал  пəні  ретінде  осы  объектінің  жағы (жақтары)
(клиенттің, индивидтің, отбасының, қоғамның, топтың  əлеуметтік  жағдаяты)
немесе (жиі) əлеуметтік жұмыстың заңдылықтары ретінде қабылданады.
Əлеуметтік  жұмысты  оқу  пəні  ретінде  талдауда (оқу  үрдісі) объект
ретінде (көп  жағдайда) студенттер, тыңдаушылар, ал  субъектілер –
оқытушылар, ғалымдар болып табылады. Бұл жағдайда объективті-субъективті
қатынастар  жылдам  жүреді, əсіресе  студенттердің (тыңдаушылардың) өз
бетінше, ғылыми-зерттеу жəне басқа да  іс-əрекеті (сонымен қатар тəжирибесі)
жайлы сөз қозғағанда.
Əлеуметтік  жұмыстың  объектілері  кең  мағынада  барлық  адамдар  болып
табылады. Бұл барлық тұрғындардың  деңгейлерінің  жəн  топтарының  өмірлері
қоғам  дамуының  деңгейіне, əлеуметтік  сфераның  жағдайларына, əлеуметтік
саясаттың  мазмұнына, оның  жүзеге  асу  мүмкіндіктеріне  байланысты
екендігімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар əр адам əр кезде, өмірінің əр уақытында өз қажеттіліктері
мен  қызығушылықтарын  қанағаттандыру  мүмкіндіктеріне  ие. Өмірінің  əр
кезінде олар бірдей қанағаттандырылмайды: бай адам денсаулығын сақтау мен
нығайтуды, стрестік  жағдаяттарды  тудырмайтын  тыныштықты  қажетсінеді;
дені сау адам кедей, өзінің əр түрлі ұстанымдарын іске асыра алмайтын болады;
əр  отбасында  ерлі-зайыптылар  арасында  немесе  ата-аналар  мен  балалар
арасында (көбінесе бұл қоғамда дағдарыс болған кезде көрініс табады) қарым-
қатынастар бұзылуы мүмкін, яғни, əр адам көмек көрсетуді, қорғанышты талап
етеді.

10
Тұрғындар əр түрлі негізде құрылған жəне олар қиын өмірлік жағдаятпен
тап  болғанда  өзінің  əлеуметтік  жəне  басқа  да  қиын  жағдайларын  мүлде  шеше
алмайтын  немесе  бір  бөлігін  ғана  шешетін  адамдарды, топтарды  жəне
деңгейлерді  бөледі. Сондықтан  да  əлеуметтік  жұмысты  тар  мағынада
қарастырғанда  біз  обьект  ретінде  осы  топтар, тұрғындар  деңгейінің  бөлек
индивидтерін қарастырамыз.
Бұл  обьектілер  өте  көп, оларды  топтастырғанда  маңыздылығына  қарай
топтастырып көрейік:
Өмірлік  қиын  жағдайларды  шешуге  мүмкіндік  бермейтін денсаулық
жағдайлары.
Бұл тұрғындардың келесі топтары: мүгедектер (ересектер жəне балалар),
рационалды  əрекетке  түскендер, мүгедек  балалары  бар  отбасылар,
психологиялық  қиындықтары, стресс, суицидтік  мінез-құлықтары  көрініс
табатын үлкендер мен балалар.
Эксперименталды əлеуметтік жағдайдағы қызмет пен еңбек.
Бұл  топқа  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  жəне  осы  топқа
теңестірілгендер, Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  еңбек  еткендер (қартайғанда
өмірлік  жағдайлары  жəне  денсаулықтары  төмендеп  кеткендер), Ұлы  Отан
соғысында  жəне  бейбітшілік  жылдары  балаларынан  жəне  жарларынан
айырылғандар, фашистік концлагерьде болған жеткіншектер жатады.
Қарт, зейнеткерлік жастағы адамдар, қиын өмірлік жағдайды басынан
кешіріп  жатқандар – зейнеткерлерден  тұратын  жалғыз  басты  адамдар  жəне
отбасылар (жасына  байланысты, мүгедектігіне  жəне  басқа  да  негіздеріне
байланысты).
Əр түрлі жəне түрлі формадағы девиантты мінез- құлықтар.
Бұл  категорияға  девиантты  мінез-құлықты  балалар  мен  жеткіншектер
жатады. Зорлық-зомбылықты  басынан  кешіретін  балалар: дамуы  мен
денсаулығына қауіп төніп, қиын жағдайға тап болғандар, арнайы оқу-тəрбиелік
мекемелерден, бас  бостандығынан  айырылған  жерлерден  келгендер, ішімдікті
пайдаланатын  жəне  нашақорлықпен  айналысатын  отбасы  мүшелері  бар
отбасылар.
Қиын, жағымсыз категориядағы отбасылар.
Бұл  топқа  отбасында  жетім  балалары  бар  жəне ата-анасынан  айырылған
балалары  бар  отбасылар, толық  емес  отбасылар, айырылысқан  отбасылар,
жағымсыз  психологиялық  ахуалды, келіспеушіліктері  бар, ата-аналарының
педагогикалық сауатсыздығы бар отбасылар жатады.
Балалардың ерекше жағдайы (жетімдік, қаңғыбастық жəне т.б.).
Бұл негізде мақсатты түрде келесі топтарды бөледі: өз бетінше өмір сүріп
жатқан  балалар, балалар  үйінің  жəне  мектеп-интернатының  түлектері
(материалдық бостандыққа жəне əлеуметтік жетілгендікке қол жеткізбегендер),
жетім  немесе  ата-анасының  қарауынсыз  қалған  балалар, қараусыз  қалған
балалар жəне жеткіншектер.
Қаңғыбастық жəне үй-күйсіз қалғандар.
Бұл  топқа  нақты  тұратын  жері  жоқ  адамдар, тіркелген  қашқындар,
күштеп жер аударғандар жатады.

11
Жүктілік алдындағы жəне туғаннан кейінгі жағдайдағы адамдар.
Бұған  жүкті  немесе  балаларын  емізетін  аналар  жəне  балаларын  күтуге
арналған демалыстағы аналар жатады.
Құқықты (осыған байланысты əлеуметтік) адамдар, саяси  репрессияға
ұшырап содан соң реабилитацияланғандар.
Ұсынылған топтар ғана емес, басқа да топтар бар. Көрсетілген топтарды
нақтырақ  немесе  керісінше  одан  да  кең  категорияда  бөлуге  болады. Ол
зерттеудің  мақсат  пен  міндеттеріне, тəжірибелік  міндеттердің  шешілуіне
байланысты.
Əлеуметтік  жұмыс  алдында  тұрған  мəселелер  мен  міндеттерді  шешуші
(шешетін) əлеуметтік  жұмыс  субьектілері, мекемелер, ұйымдар, əлеуметтік
институттарды  əр  түрлі  негіздерін  есепке  ала  отырып  бөлуге  болады:
тəжірибелік іс-əрекетіне, ғылымға жəне оқу үрдісіне байланысты бөлеміз.
Əлеуметтік жұмыстың субьектілері болып:
1. Бірінші  кезекте, қоғамның  əлеуметтік  институттары, ұйымдар,
мекемелер:
Əр  деңгейдегі: заң  қабылдаушы, орындаушы  жəне  шешім  қабылдаушы
құрылымдағы мемлекет. Бұл құрылымда басты рөлді еңбек пен əлеуметтік даму
министрлігі, сонымен  қатар  аймақтық  деңгейдегі (облыстардың, аймақтардың,
республиканың  əлеуметтік  қорғаныс  бөлімдері) қалалық, жергілікті
əкімшіліктегі əлеуметтік жұмыстың басқарылуын орындау бөлімдері.
- Əр  түрлі  əлеуметтік  қызметтер: балалар  мен  отбасыларға  əлеуметтік
көмек  көрсетудің  территориялық  орталықтары; кəмелетке  толмағандарды
əлеуметтік-реабилитациялау  орталықтары; ата-аналар  қамқорлығынсыз  қалған
балаларға  көмек  көрсету  орталықтары; мүмкіндіктері  шектелген  балалар  мен
жасөспірімдерді  реабилитациялау  орталықтары; балалар  мен  жеткіншектерге
арналған  əлеуметтік  жетімдер  баспанасы; тұрғындарға  психологиялық-
педагогикалық  көмек  орталықтары; телефон  арқылы  тез  арада  психологиялық
көмек көрсету орталықтары;
- Мемлекеттік  кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, ЖОО  жəне  т.с.с
əкімшіліктері жəне оның бөлімшелері;
2. Қоғамдық, қайырымдылық  жəне  басқа  да  ұйымдар  мен  мекемелер:
Балалар Фондтарының бөлімдері, Қызыл крест қоғамы, жеке меншік əлеуметтік
қызметтер мен ұйымдар жəне т.б.
3. Қоғамдық  бастамаларда  немесе  əлеуметтік  жұмысты  тəжірибелік
түрде  жүргізетін  адамдар. Олар  көрсетілген  екі  əлеуметтік  жұмыс
субьектілерінің  адамдары  болып  табылады. Оларды  екі  топқа  бөлуге  болады:
ұйымдастырушы-басқарушылар  жəне  орындаушылар, біз  қарастырып  өткен
əлеуметтік  жұмыс  обьектілерінің  клиенттеріне  көмек, əлеуметтік  қорғаныс
қамтамасыз ететін тəжірибелік əлеуметтік жұмысшылар.
Кейбір  деректерге  сүйенсек  əлемде 500 мыңға  жуық  əлеуметтік
жұмысшылар бар екен.
Дипломдары  жоқ,
əлеуметтік  жұмыспен  айналысатын  адамдар
«əлеуметтік  жұмысшы» мамандығын  жаңа  ғана  енгізіп  келе  жатқан  елдерде
(соның ішінде Қазақстан да бар) өте көп.

12
Қоғамдық  бастамаларда  əлеуметтік  жұмыспен  айналысатын  адамдар
қанша екені нақты белгісіз, бірақ олар өте көп (бір əлеуметтік жұмысшы 10-15
адамға қазмет көрсетеді).
Əлеуметтік  жұмысшылар – бұл  ерекше  топ, өйткені  олар  іскерлік  жəне
рухани-адамгершілік қасиеттерге ие болулары керек;
4. Білім, біліктілік  дағды  қалыптастыруға  көмектесетіндер,
оқытушылар; əр  түрлі  ұйымдарда, мекемелерде, əлеуметтік  өнеркəсіптерде
студенттердің  машықтануының  өтуіне  мүмкіндіктер  жасайтын  студенттік
машықтанудың жетекшілері, əлеуметтік жұмысшылар, ұстаздар;
5. Əлеуметтік  жұмысты  зерттеушілер.  Ғалымдар  əлеуметтік
жұмыстың  жағдайын  талдайды, олар  əр  түрлі  əдістерді  қолдана  отырып,
ғылыми 
бағдарламаларды 
жүзеге 
асырады, осы 
саладағы 
басым
тенденцияларды тіркейді, əлеуметтік жұмыс мəселесіне байланысты мақалалар,
кітаптар, ғылыми есеп берулерді баспадан шығарады.
Қорытынды:  Қазақстанда  əлеуметтік  жұмысты  зерттейтін  бірнеше
мектептер бой  көтергендігін  атап кету  артық болмайды. Олар: философиялық,
əлеуметтік  жəне  психологиялық. Олардың  оқытушылары  əлеуметтік  жұмыс
мəселелерін шығаруда, олардың бөлек бағыттарына назарын аударуда.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал